Ертең сағат 12:55-те Қазақстанның барлық қаласында дабыл жүйесін тексеру үшін электр сиреналары қосылады. Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарды сабырға шақырып, үрей мен қауесеттерге сенбеуін сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: dzen.ru

Ведомствоның хабарлауынша, 8-9 ақпан аралығында елімізде "Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау" тақырыбы бойынша "Көктем-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. 

Әлемдегі ең үлкен кеме алғашқы саяхатына аттанды: Экологтар дабыл қағуда

 

Жер сілкінісі кезінде Алматыда неліктен дыбыстық дабыл қосылмады – ТЖД жауап берді

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Ақтөбеде орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

"Баршаның назарына!" дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында 2024 жылғы 8 ақпанда, сағат 12.55-де (Астана уақыты бойынша) барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. Тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз”, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткен еді. Жиын барысында Тоқаев жер дүмпуі кезінде дабыл қосылмағаны жөн болғанын жеткізді. Айтуынша, дабыл қосылса дүрбелең туындаушы еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.