Желіде Маңғыстау облысының аумағындағы жерге салынған геоглиф таңбалардың бейнесі тарады. Таңбалар картадан қарағанда жоғарыдан айқын көрініп тұр. Көпшілік олардың қалай пайда болғанына қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет lada.kz

Таңбаларды Google Earth бағдарламасы арқылы көруге болады. Мұнда үлкен аумақта алақан тәрізді геометриялық фигуралар, ат садақшы, шаңырақ бейнеленген. Геоглифтер Айрақты-Шоманай таулы алқабында орналасқан.

Сурет lada.kz

Маңғыстау облысында алғаш рет 2017 жылы геоглифтер галереясы құрылған. Оларды Маңғыстау археологы және тарихшысы Андрей Астафьев жасаған. Олар әртүрлі мөлшерде, ең үлкені 350-ден 270 метрге дейін жетеді. Бұл бейнелер туристерді тарту мақсатында жасалған.

Сурет lada.kz

“Геоглифтерді салу идеясы екі жыл бұрын Адай Ата тарихи-мәдени орталығы мен Отпан Тау шыңына келушілерді көбейту керек деген кезде пайда болды. Бірақ қандай идея керек екені түсініксіз болды. Кейін Наска шөлінің бейнелері көз алдымызға келді. “Сол сияқты біздің аймақта да неге геоглифтер жоқ? Неліктен оларды Айрақты-Шоманай алқабында жасамасқа?” деп осындай шешімге келдік. Бірінші міндет – дұрыс суреттерді таңдау. Екіншісі дұрыс техниканы таңдау болды”, – деді археолог.

Сурет lada.kz

Айрақты-Шоманай таулы алқабында бес геоглиф бар.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.