Құрметті ұстаздар қауымы



Дата16.12.2018
өлшемі11.78 Mb.
#57036
түріСабақ

4 сынып

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: С. Мұратбеков «Жусан иісі»

Сабақтың мақсаты:

1) оқушыларға мәтінді түсініп оқуға, жүйелі мазмұндауға үйрету, негізгі идеяны түсіндіру.

2) Оқушыларға қиын кезеңдер туралы білуге, ой-өрісін, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденістерін шыңдауға ықпал ету.

3) Адамгершілігі мол, қайратты, ұлттық рухы жоғары азамат етіп тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, тапсырма және интерактивті тақтамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Автор туралы мәлімет, суреттер, тірек-сызбалар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа әзірлеу.



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау және бағалау

«Алғашқы көмек», авторы Бедел Тұрсынбаев

Бөлімдері: 1. Қансонарға дайындау;

2. Қансонарға шығу;

3. Күдік пен үміт;

4. Отбасының қуанышы.



Қосымша тапсырма «Ойлан, тап».

  1. Қансонар дегенді қалай түсінесің? Оның пайдасы мен зияны қандай?

  2. «Егер әкем түк әкелмесе, сонда біз не болдық?» ойды жалғастырып көр.

  3. Ел басындағы ауыртпалықты әңгіменің қай сөздерінен аңғаруға болады?

  4. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Еңбектің наны тәтті»

Бұл мақалдардың мәтінге байланысы бар ма?

  1. Әңгіменің «Алғашқы көмек» деп аталу себебін түсіндір.



ІІІ. Жаңа сабақ. «Жусан иісі». Авторы: Сайын Мұратбеков





Кіріспе

  1. Слайдталған тақырыптық суреттер көрсету арқылы әңгімелеу

  2. 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтан үш жарым миллион қазақ халқы аштан қырылды.

3) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы

Автор Сайын Мұратбековтың өмір деректері мен еңбектері туралы айту. Осындай ауыртпалық жылдардағы халықтың, елдің көрген қиындықтары «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аянның тағдыры арқылы баяндалады.


Оқулықпен жұмыс

1) Оқушыларға мәтінді бөліп оқыту

2) Оқыған бөлімдерінің мазмұнына сәйкес ат қою



Бөлімдері : 1. Соғыстың қасіреті;

2. Қаралы қағаздың келуі;

3. Аянның интернатқа кетуі;

4. Аянды сағыну.
Соңын өзім оқып беріп, түсіндіремін. Жусанды төбе – ауыл, жусанның иісі.

Топтарға тапсырма:

  1. Аян қаралы қағазды алғанда не істеді?

Үнсіз қабылдады, ежектеп оқыды, төрт бүктеп ішкі қалтасына салды, солқылдап жылады, жымиып күлді.

  1. Елге әкелген соғыстың зардабы қандай еді?

тұншығардай қапас

тымырсық (ауа жоқ)

Қора іші қандай? тастай қараңғы



балапан мен кұжынаған шыбын

  1. Аянның достары кімдер? Есікбай, Садық

Аянмен қоштасқандағы достарының көңіл күйлері қандай болды?

Шындығында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала тірі болуы тиіс. Мұндай бала лдына нендей мақсат қойса да жетеді. Ал тірі болса, Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!

Жусанның ісін сағынбауы мүмкін емес қой.

Әңгімені өз ойыңша жалғастыр.



Аян бұл күнде қайда болуы мүмкін?

Болжау кестесі _____________________________________

Шындығында не болды деп ойлайсың?

Қамқорлыққа алынды, тәрбие алды, мақсатына жетті.

Тапсырмалар:


  • Әңгіменің «Жусан иісі» деп аталу себебін түсіндір.

  • Кейіпкерді анықта.

  1. «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге кешегіден де қызық ертегі айтамын»;

  2. «Ерік-жігері мықты, сабырлы ....»;

  3. «Ер жігіт елі үшін өледі, ...»;

  4. «Мың досың болса да, біреуінің орны бөлек ...»;



Тапсырма: Аянға хат жаз.

Мақалды жалғастыр:

Туған жердей жер болмас, ....

Туған жердің түтіні де тәтті,

Туған жердің қадірін ....

Досыңның қадірін ....

Аққуды атпа, ....





Біздің тілегіміз: Енді соғыс болмасын!

Соғысты сүймес адамдар

Бақытты болсын балалар!
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін».

ІҮ.Өзін - өзі бағалау парағы.

Ү.Сабақты аяқтау,

Үйге тапсырма беру.

1) С.Мұратбековтың «Жусан ісі» әңгімесін түсініп оқу, бөлім бойынша мазмұндау, суретін салу;

2) Аянға мінездеме жазу;

3) Отан, ерлік, батылдық, туған жер туралы мақал-мәтел жазып келу.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> География пәнінен облыстық олимпиада
2015 -> Сыздыкова Гульжанар Каримовна карабаева Самал Сериковна Исетова Венера Мухаметжановна Список граждан, допущенных к собеседованию на объявленный конкурс
2015 -> Ибраев Жомарт Омашұлы; Результат конкурса по осуществлению отбора кандидатов на занятие
2015 -> Географиядан теориялық тур сұрақтары ( 9 сынып) Аудандық олимпиада 2014 – 2015 оқу жылы
2015 -> Биографическая справка
2015 -> Bala Turkvizyon 2015» Түрік әлемі әндерінің Ұлттық іріктеу турының ережесі Байқауды ұйымдастырушылар: «Bala Turkvizyon 2015» Ұлттық Түрік әлемі әндері байқауының (ары қарай Байқау) ұйымдастырушылары «rimas televiziyon Radyo Produksyon A


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет