Құрметті студент! 2016 жылы «Ауылшаруашылығы ғылымдары 2»



жүктеу 318.2 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі318.2 Kb.



Құрметті студент!
2016 жылы «Ауылшаруашылығы ғылымдары - 2» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.

Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.




Мамандық шифры

Мамандықтардың атауы

Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті

5В080400

«Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

1. Гидробиология

2. Ихтиология

3. Аквакультура

4. Балық аулау


1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:


1. Гидробиология

2. Ихтиология

3. Аквакультура

4. Балық аулау




  1. Тестілеу уақыты - 180 минут.

Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.


  1. Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.




  1. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.




  1. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.




  1. Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.

7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;

- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;

- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға



қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.


Гидробиология



1. Гидробиология ғылымы оқытады:

A) Су қоймалардағы тіршілік туралы

B) Суқоймалардағы гидротехнологиялық құрылғыларды

C) Су организмдерін өндіру және өңдеу

D) Сүтқоректілер жайлы

E) Су организмдерінің популяциясын

F) Гидробионттар жайлы


2. Су қоймалардың түріне байланысты планктондар бөлінеді:

A) Борсальды

B) Теңіздік

C) Жылы сулы

D) Бассейнді

E) Тропикалық

F) Тұщы сулы


3. Биологиялық мағынасына қарай миграция бөлінеді:

A) Көктемдік

B) Азықтық

C) Күздік

D) Жаздық

E) Мезгілдік




4. Планктондардың биотопқа тәуелділік деңгейі бойынша бөлінуі:

A) Уақытша

B) Жоғарылау

C) Әртүрлі

D) Кездейсоқ

E) Бағдарлау

F) Баяу

G) Қарқынды




5. Энергия алмасудың танымал деңгейлері:

A) Баяу

B) Стандарттық емес

C) Гипербелсенді

D) Негізгі

E) Белсенді




6. Гидробионтардың газ алмасуы іске асады:

A) Өкпе арқылы

B) Жүзбе қанатымен

C) Жүрек арқылы

D) Бүйрек арқылы

E) Бауыр арқылы

F) Трахеялар арқылы


7. Топырақта сұйық фазадағы су кездеседі:

A) Топырақтық

B) Пленкалық

C) Капиллярлық

D) Қысымсыз

E) Қысымды

F) Гидологиялық

G) Артезиандық




8. Ұйымдастыруына байланысты шаруашылықтың түрлері:

A) Тауарлық

B) Толық жүйелі

C) Тұщы сулы

D) Көлдік

E) Суық сулы

F) Өсіру


9. Бахтах пен ақсақа балығы тіршілік ететін көлдер:

A) Мезо-олиготрофты

B) Мезотрофты

C) Гипертрофты

D) Явритрофты

E) Эвтрофты

F) Явритермді


10. Қышқылдық ортаның жоғарылауына сезімталдығы бойынша ішкі суқоймалар сипатталады:

A) Хлоридтердің аз мөлшерде болуымен

B) Гидрокарбонаттардың көп мөлшерде болуымен

C) Жоғарғы лайлылығымен

D) Гидрокарбонат-иондары төмен болуымен

E) Хлоридтердің көп мөлшерде болуымен

F) Төменгі тұздылығымен

G) Жоғарғы тұздылығымен




11. Қышқылданудың сезімталдығы анықталады:

A) Азықтық тұздардың санынан артуымен және көлдің ластануымен

B) Жарықтың маусымдық өзгеруімен және шағылысуымен

C) Бассейндерді шаюда органикалық қышқылдардың жинақталуы, көлдің морфометриясы және суқойманың ерекшелігімен

D) Түскен қышқылдарды нейтралдауға бассейндердің түрінің және топырақтың қабілеттілігімен

E) Су жүйесіндегі нейтралдаушы агенттер және процестермен




12. Популяцияның генеративтік құрылымы дарақтардың ара қатынасымен анықталынады:

A) Моноқұнарлы

B) Кейінгі құнарландыру

C) Қайта құнарландыру сатылары

D) Мегақұнарлы

E) Алдын-ала құнарландыру

F) Құнарлы


13. Мекен ететін популяциясының кеңістігіне байланысты дарақтардың бөлінуі:

A) Жазық


B) Біркелкі

C) Толқынды

D) Ретсіз

E) Шұбар



14. Балдырлардың сандық динамикасы мен биомассасы анықталады:

A) Судың тұздылығымен

B) Жарықтың нашар түсуімен

C) Судың вертикальды температурасының тұрақтылығымен

D) Судың мөлдірлігінің төмендеуімен

E) Судың рH ортасының өзгеруімен

F) Жарықтың маусымдық өзгерістерімен

G) Қоректік тұздардың санымен

H) Химиялық құрамының бұзылуымен


15. Жыртқыштың және құрбанның қарым-қатынасының тұрақтануына ықпал ететін фактор:

A) Жыртқыштар санының өсуі

B) Жыртқыштың төмен тиімділігі

C) Құрбанның жоғарғы жылдамдығы

D) Жыртқыш пен құрбанның тұрақты өмір сүруі

E) Экспериментті жануарлардың қозғалысының баяу болуы

F) Құрбандарын санының өсуі


16. Сутүбі жануарларының биомассаның және сананың маусымдық ауытқуы байланысты:

A) Фитопланктонға

B) Зоопланктонға

C) Көбею ерекшеліктеріне

D) Өсуі мен жайылымына

E) Планктонға




17. Су экожүйесіндегі заттардың дұрыс айналымы:

A) Фитобентос-зообентос-нектон

B) Бактериялар-зообентос-фитобентос

C) Нектон- зоопланктон-плейстон

D) Фитопланктон-зоопланктон-бактериялар

E) Бактериялар-зообентос-микропланктон

F) Бактериялар-зоопланктон-перифитон

G) Фитопланктон-зоопланктон-нектон




18. Судың улы металдармен ластануының өзекті мәселелері анықталынады:

A) Ішкі теңіздер жағалауындағы аудандарда органикалық қоспалардың пайда болуы

B) Экожүйенің абиотикалық компонентіне кіретін жоғары улы металоорганикалық кешендердің пайда болуымен

C) Металдардың гидробионттармен аз мөлшерде жиналуы және жойылуы

D) Ішкі суқоймалар бейорганикалық заттардың еруі

E) Мұхит жағалауындағы коллоидты бөлшектердің жиналуы




19. Көп мөлшерде бенз(а) пирена ластануы тән:

A) Тоғандарға

B) Шарбақтарға

C) Көлдерге

D) Бұлақтарға

E) Жабық және жартылай жабық бассейндерге

F) Құйылмаларға

G) Шығанаққа




20. Жаз мезгіліндегі ашық сулардағы зоопланктондардың биологиялық ерекшеліктері:

A) Биомассаның ең жоғарғы жылдық көрсеткіштерге жетуі

B) Биомассаның ең төменгі жылдық көрсеткішке жетуі

C) Жаздық генерация кезінде зоопланктондардың өсу кезеңінің басталуы

D) Жоғарғы су қабатындағы үлкен концентрациялардың болуы

E) Биомассаның төмендеуі немесе мүлде жойылуы

F) Жаздық генерация кезінде зоопланктондардың жас шабақтарының жаппай пайда болуы

G) Кезеңнің соңында түрдің көтерілуі немесе төмендеуі




21. Трофикалық жағдайда суқоймаларды бағалау үшін қолданылатын ұғымдар:

A) Фитобентос

B) Қоректік база

C) Азықпен қамтамасыздық

D) Судың түбкі қабатындағы өсімдіктер

E) Фотопланктон

F) Жемдік қор

G) Қоректік тізбек




22. Симбиотрофты азықтану кездеседі:

A) Циклоптарда, наиплиустарда, хирономидтерде

B) Коралдар, кірпікшелі құрттар, қосжақтаулыларда

C) Төменгі шаянтәрізділерде, сақиналы құрттарда

D) Кірпікшелілер мен фораминиферлерде, асцидияларда

E) Гидроидтар, сифонофорлар, сцифомедузаларда




23. Су экожүйелеріне әсерін тигізетін судың физика-химиялық қасиеттері:

A) Жылу өткізгіштік аз және жылу тұрақсыздығы

B) Төмен тұрақтылық және оттегі концентрациясы төмен

C) Мөлдірлігі жоғары және РН мәні қышқыл

D) Үлкен тығыздығы

E) Жоғары жылу өткізгіштік және үлкен жылу тұрақтылығы




24. Ағынды суларда тіршілік ететін және қалдықтарды өңдеу барысында қатысатын организмдер:

A) Мезосапробионттылар

B) Олиготрофтылар

C) Олигосапробионттылар

D) Мезотрофтылар

E) Макрофиттарлар

F) Микробалдырлар

G) Катаробионттылар




25. Трофикалық жағдайда суқоймаларды бағалау үшін қолданылатын ұғымдар:

A) Қоректік тізбек

B) Фотопланктон

C) Қоректік база

D) Қоректік қажеттілік

E) Судың түбкі қабатындағы өсімдіктер

F) Фитобентос

Гидробиология

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Ихтиология




1. Дәнекер ұлпадан тұратын тері жабынының ішкі қабаты:

A) эпидермис

B) кориум

C) қаңқа фибрилласы

D) кутикула

E) фулькра

F) кутис


2. Ауамен тыныс алу жүзеге асады:

A) ішектің көмегімен

B) қарынша арқылы

C) торсылдақтың көмегімен

D) бауыр арқылы

E) азық жолы арқылы

F) бірінші бүйрек арқылы


3. Балықтар бөлінеді:

A) Аралас қоректенетін

B) Сарыуызды қоректенетін

C) Шабақтық қоректенетін

D) Экзогенді қоректенетін

E) Эндогенді қоректенетін




4. Жартылай өткінші балықтар:

A) жыланбалық

B) албырт

C) тыран


D) бекіре

E) шоқыр



5. Мақсатына қарай балықтардың белсенді көшіп-қонуы болады:

A) азықтық

B) жаздық

C) күздік-қыстық

D) қыстық

E) өрістеуші




6. Балықтардың түрішілік қарым-қатынастарының түрлері:

A) эпифиттілік

B) топтасу

C) мутуализм

D) үйір

E) популяция




7. Бір түрге немесе екі түрге де зиян келетін түраралық қарым-қатынастың түрі:

A) комменсализм

B) жыртқыштық

C) нейтрализм

D) симбиоз

E) паразитизм

F) аменсализм


8. Балықтардың түраралық қарым-қатынастарының түрлері:

A) отбасы

B) мутуализм

C) ауру


D) комменсализм

E) паразитизм

F) популяция


9. Балықтарда жоғары жылдамдық қозғалу болады:

A) шартәрізді дене пішінді балықтарда

B) жебетәрізді дене пішінді балықтарда

C) торпеда тәрізді дене пішінді балықтарда

D) жылантәрізді дене пішінді балықтарда

E) қысыңқы дене пішінді балықтарда




10. Қоршаған ортаның осматикалық қысымының деңгейіне қатысты балықтар бірнеше топтарды құрайды:

A) Теңіз суына қарағанда денесінің тұздық концентрациясы төмен, осмотикалық қысым мүлде болмайды

B) Теңіз суына қарағанда денесінің тұздық концентрациясы және осмотикалық қысымы жоғары

C) дене сұйықтығы қоршаған ортаға қарағанда изотонды

D) Денедегі осмотикалық қысым қоршаған ортаның осмотикалық қысымына тең емес

E) Қоршаған ортаға қарағанда дене сұйықтығы қысымын үнемі өзгертіп отырады

F) Денедегі сұйықтық қоршаған ортаға гипертониялы


11. Сыртқы орта көрсеткіштерінің өзгеру төзімділігіне байланысты балықтар бөлінеді:

A) біруақытты және мөлшерлеп уылдырық шашатын

B) Эвритермды және стенотермды

C) нектондық және бенто-пелагикалық

D) шеміршекті және сүйекті

E) өткінші және жартылай өткінші




12. Балықтардың өміріне тікелей және жанама әсер ететін су массаларының қозғалыс түрлері:

A) турбулентті ағындар

B) сағат тілі бойынша

C) сағат тіліне қарама - қарсы

D) вертикальды циркуляция

E) ауысымды

F) толқындану

G) ағын



13. Балықтардың өрістеуінің басталуы байланысты:

A) су температурасына және тұздылығына

B) қажетті азықтың болуына

C) күннің бұлттылығына

D) өрістеу субстратының болуына

E) иерархия орналуына




14. Уылдырықтардың сыртқы қабығы:

A) бастапқы

B) екіншілік

C) жабысқақ

D) полисахаридті

E) әкті


F) майлы

G) созылмалы




15. Балықтардың өсуінің ерекшеліктері:

A) жыныстық жетілгеннен кейін балықтың сызықтық өсуі тоқтайды

B) жыныстық жетілгеннен кейін тек салмақтық өсу байқалады

C) жыл бойындағы өсуі біркелкі емес

D) жыныстық жетілгенге дейін жоғары өсу қарқыны байқалады

E) жыл бойы біркелкі өседі

F) ассимиляцияның диссимиляцияны басуы

G) диссимиляцияның ассимиляцияны басуы




16. Балықтардың өмірлік циклының биологиялық процестері:

A) Өмірінің бастапқы жылдарында салмақтық өсімі ғана артады

B) Өмірінің бастапқы жылдарында сызықтық мөлшерлердің тез өсуі жүреді

C) Балықтардың өмір бойы сызықтық және салмақтық өсуі біркелкі артады

D) Жыныстық жетілгеннен кейін сызықтық өсуі өте баяулайды, азық тек өмірлік процеске ғана жұмсалады

E) Жыныстық жетілгеннен кейін сызықтық өсуі артады, ал салмақтық өсуі тоқтайды

F) Жыныстық жетілгеннен кейін сызықтық және салмақтық өсу қарқыны төмендейді


17. Азық іздеуде балықтар сезім мүшелерін қолданады:

A) планктофагтар – негізінен көру мүшесін

B) бентофагтар – негізінен көру мүшесін

C) перифитонофагтар - көру мүшесін және бүйір сызығын

D) тұщы сулы күндізгі жыртқыштар – көру мүшесін және бүйір сызығын

E) планктофагтар – негізінен бүйір сызығын

F) бентофагтар – жанасу және дәм сезу мүшесін


18. Анадромды балықтар:

A) бақтақтар

B) албырттар

C) бекірелер

D) бұзаубастар

E) жыланбалықтар

F) ақсақалар

G) тез жүзгіш




19. Балықтардың түрішілік қарым-қатынастарының түрлері:

A) эпифиттілік

B) конкуренция

C) паразитизм

D) симбиоз

E) отбасы




20. В.Н.Беклемишевтің жіктеуіне сәйкес биоценозда түраралық қарым-қатынас болады:

A) Фабрикалық байланыс

B) Уақытша байланыс

C) Тікелей байланыс

D) Топикалық байланыс

E) Симбиотикалық байланыс

F) Кездейсоқ байланыс


21. Балықтардың денесінің сипаттамасы:

A) шабуыл жасайтын балықтардың дене пішіні жебектектес, артқа жылжыған жүзбе қанаттары және соңғы ауыз болады

B) денесі шартектес, кейде алдыңғы бөлігі сүйекті сауытпен қапталған, жақсы жүзеді, ұзақ миграцияға төзімді

C) су түбінде тіршілік ететін балықтар жақсы жүзе алмайды

D) балықтардың денесі лентатәрізді, сыртқа ұзарған және бүйірінен жалпақ, кіші арақашықтықта жоғары жылдамдықта жүзеді

E) денесі жылантектес, дөнгеленген, көлденең тіліктерінде сопайған, жұп жүзбе қанаттары болады

F) балықтардың денесі торпедаға немесе ұршыққа ұқсаған, анық байқалған, бүйірінен аздап қысылған және құйрығы жіңішкерген, ұзақ миграция жасай алады

G) сутүбілік балықтар жақсы жүзеді және жіптәрізді құрсақ қанаттары болады




22. Сүйекті балықтардың бас қаңқасының висцеральды бөліміндегі сүйектер:

A) невральдық доғадан

B) желбезек жапырақшаларынан

C) желбезек қақпағынан

D) дене омыртқасынан

E) тіласты және бес желбезек доғасынан

F) желбезек тілшегерінен

G) өскіннен




23. Сорғыш бетін ұлғайту үшін балықтардың ішегінің ерекшеліктері бар:

A) Ретикуярлы талшықтар

B) Пилорикалық өскіндер

C) Қатпарланған ішкі беті болады

D) Тегіс сыртқы беті

E) Бұжырланған сыртқы беті

F) Эпителийлі ұлпалар

G) Спиральды қақпақ




24. Балықтардың есту мүшесінің ерекшелігі:

A) есту мүшесі бүйір сызық болып саналады

B) есту мүшесі жоқ

C) естімейді және дыбыс шығармайды

D) астыңғы жақ сүйектері арқылы дыбыстарды қабылдайды

E) денесінің барлық бетімен дыбыстарды қабылдайды

F) құлақ қалқаны, құлақ тесігі және ұлуының болмауы


25. Судағы сутектік иондардың мөлшерінің балықтарға әсері:

A) балықтарға сутектік иондардың мөлшері маңызды емес

B) сутектік иондардың мөлшерінің өзгеруі балықтардың оттектік табалдырығына әсер етпейды

C) көптеген балықтарға қолайлы бейтарапқа жақын рН мәні

D) судағы рН өзеруі жіті тыныс алуға және оттек табалдырығана алып келеді

E) көптеген балықтарға тыныс алуына қолайлы сілтілік рН мәні

F) көптеген балықтарға тыныс алуына қолайлы қышқыл рН мәні

G) рН-тың қышқылдық және сілтілік ортаға қатты ауысуқанда тыныс алу қиындайды, оттектік табалдырық артады, қоректену интенсивтілігі төмендейді



Ихтиология

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Аквакультура




1. Аквакультураның нысандары:

A) балықтар

B) су өсімдіктері

C) су омыртқасыздар

D) құстар

E) рептилиялар

F) жануарлар


2. Балық өсірудегі судың сапасына қойылатын талаптар:

A) кальцийді жоғарғы концентрацияда қамтамасыздандыру

B) қышқылдығын ұлғайту арқылы сутектік көрсеткішінің үлесін жоғарылату

C) түрді және өсімталдылықты сақтау үшін арнайы нормаларды қолдану

D) табиғи азық базасын қажеттілік деңгейде қамтамасыздандыру

E) балықтарды көп мөлшерде отырғызу




3. Жылысулы тоған шаруашылығының объектілері:

A) ақбалық

B) ақ дөңмаңдай

C) көкшұбар

D) ақсаха

E) пеляд



4. Балық шаруашылықтарының типтері:

A) албырт тұқымдас балықтарын өсіретін суық сулы шаруашылықтар

B) екі жылдық

C) ақсаха тұқымдас балықтарын өсіретін суық сулы шаруашылықтар

D) бір жылдық

E) үш жылдық

F) жылы сулық


5. Жасанды өсіріп-көбейтетін ақсаха тұқымдас балықтар:

A) жайын


B) шұбар дөңмаңдай

C) сазан

D) пеляд

E) көкшұбар

F) ақсаха


6. Албырт балығының уылдырығын инкубациялауда қолданылатын аппараттар:

A) Чаликов аппараты

B) Амур аппараты

C) Вильямсон аппараты

D) Сес-Грин аппараты

E) Ющенко аппараты




7. Тұқы балығының уылдырығын зауыттық жағдайда инкубациялауда қолданылатын инкубациялық аппараттар:

A) Амур аппараты

B) Вейс аппараты

C) Вильямсон аппараты

D) Шустер аппараты

E) Сес-Грин аппараты

F) Кост аппараты


8. Аталық балықтың шәуетінің сапасын сипаттайтын көрсеткіштер:

A) шәуеттің қозғалысы

B) шәуеттің консистенциясы

C) абсолюттік өсімталдылығы

D) жеке өсімталдылығы

E) табиғи өсімталдылығы

F) салыстырмалы өсімталдылығы

G) жұмыс өсімталдылығы




9. Алакөл көлдер жүйесінде келесі түрлер аборигендер болып келеді:

A) күміс мөңкесі

B) теңбіл талма балық

C) торта


D) ақ дөңмаңдай

E) тыран


F) қара балық

G) сазан




10. Екі жылдық айналымдағы шаруашылықта бірінші жылы алынатын өнімі:

A) жас толықтырғыштар

B) бір жылдықтар

C) ұрықтандырылған уылдырық

D) екі жылдықтар

E) тауарлы балықтар

F) үш жылдықтар


11. Үш жылдық балық өсірудің жағымсыз жақтары:

A) балықтар екі рет қыстайды

B) тасымалдауға берілмейді

C) құнарлы заттары құрамында азырақ болады

D) балықтар реализацияланбайды

E) жеуге жарамсыз бөліктерінің қарымқатынасы жоғары болады

F) сату мерзімі келмейді


12. Тиляпия көбейеді:

A) бассейндерде

B) шарбақтарда

C) күбілерде

D) науаларда

E) каналдарда және аквариумдарда




13. Балықтарды селекциялау барысында қолданылатын сұрыптаудың формалары:

A) ұрпақтық

B) әртекті

C) тұрақтандырушы

D) топтық

E) дизруптивті

F) ұялас-топтық

G) бағытталған




14. Тұқы-үйрек шаруашылықтарға қойылатын талаптар:

A) үйректерді бас тоғандарда өсіру

B) үйректерді қыстау тоғандарда өсіру

C) үйректерді отырғызу тығыздығы 20...30 дана

D) үйректерді отырғызу тығыздығы - 200..250 дана/га

E) өндірушілерді дайындауды жүргізу

F) су өсімдіктері жоқ тоғандарда өсіруді жүргізу


15. Балықтармен бірге өсіруде үйректердің отырғызу тығыздығы:

A) 250 дана/га

B) 200 дана/га

C) 140 дана/га

D) 100 дана/га

E) 130 дана/га

F) 120 дана/га

G) 150 дана/га




16. Суағызғыш құрылғылардың қажеттілігі:

A) қажетті ағындылықты жасау үшін

B) балық аулау үшін

C) суды бөгеу үшін

D) суды тәулік сайын ауыстыру үшін

E) суды уақытша тоқтату үшін

F) суды мелиорациялау үшін

G) суды бір деңгейде ұстау үшін




17. Көлді мелиорациялаудың ағымды шаралары:

A) артық су өсімдіктерін жою

B) гидротехникалық құрылғыларды құру

C) көлді аэрациялау

D) кішігірім таяз сулы көлді тереңдету

E) көлді тыңайту




18. Көл шаруашылығы негізделеді:

A) арнайы құрылған суқоймалар жүйесінде

B) жасанды суқоймаларда

C) табиғи суқоймаларда

D) жартылай экстенсивті қоректендіруде

E) экстенсивті қоректендіруде




19. Көлдерді лимнологиялық жіктелуі:

A) мезотрофты

B) олиготрофты

C) отырғызылған

D) гидрокарбонаттық

E) мұздық

F) гидрогендік

G) эвтрофты




20. Каналды жайынның өндірушілерін шарбаққа отырғызу тығыздығы:

A) 60 дана/м3

B) 80 дана/м3

C) 40 дана/м3

D) 100 дана/м3

E) 25 дана/м3

F) 50 дана/м3

G) 20 дана/м3




21. Бахтах балықтарының шабақтарына арналған шарбақтарды орналастырады:

A) тереңдігі 7 м жоғары

B) 0,2-10 м/с судың ағысының жылдамдығымен

C) тереңдігі 10 м жоғары

D) 0,3-0,5 м/с судың ағысының жылдамдығымен

E) жағалаудағы өсінділерден 50 м қашықтықта

F) жағалаудағы ну өсінділерден 150 м қашықтықта


22. Тұқының дернәсілдерін бассейнге отырғызу тығыздығы:

A) 2 мың дана /м3

B) 50 мың дана /м3

C) 12 мың дана /м3

D) 10 мың дана/м3

E) 18 мың дана /м3

F) 35 мың дана /м3

G) 25 мың дана/м3




23. Ақуызға бай өсімдік тектес азықтар:

A) балдырлар ұны

B) қылқан жапырақты ұн

C) бұршақ

D) үрме бұршақ

E) арпа


F) жүгері


24. Күрделі көмірсудың түрлері:

A) гликоген

B) фруктоза

C) крахмал

D) галактоза

E) рибоза




25. В3 дәрумені жетіспеуінен балықта пайда болатын аурулар:

A) анемия, тері астында қантамырдың жарылуы

B) тері ойылымы

C) балықтардың қозғалуының тежелуі

D) желбезек эпителиясының өсіпкетуіне

E) қанаттарының сынуы



Аквакультура

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Балық аулау




1. Кәсіптік балық аулауда акустикалық өрісті аз қолдану себебі:

A) акустикалық өрістің балық үйіріне әсерінің аз болуы

B) балықтарға жағымсыз әсер етуі

C) дыбыстық толқындардың әлсіз өшуі

D) жекелеген балықтарға төмен деңгейде ықпал жасауы

E) су қоймаларда табиғи акустикалық дыбыстардың кедергі келтіруі




2. Балықтың орын ауыстыру жылдамдығының түрлері:

A) құлаштау

B) ұмтылу

C) дыбыстан жылдам

D) максимальді

E) крейсерлік




3. Балық үйірлерінің негізгі түрлері:

A) тынығып жататындар

B) қыстап қалатындар

C) түнгі үйірлер

D) уылдырық шашатындар

E) көшіп-қонатындар




4. Аулау құралдарының торкөздерінің көлемін таңдауға қажетті балықтардың биометриялық көрсеткіштері:

A) көзінің көлемі

B) тұмсығының ұзындығы

C) денесінің ұзындығы

D) денесінің толықтығы, ұзындығы және олардың қатынасы

E) желбезек қақпақшаларынан балық денесінің орамы




5. Ілмектік аулау құралдарының жұмыс істеу принципі:

A) балықтардың аулау құрылғыларынан босап шығуын қиындату

B) жеммен бірге ілмекке іліну

C) торлы матамен балықты қармап аулау

D) торлы қабырғамен балықтарды қоршау

E) балықтарды сумен бірге сорып алу




6. Қалталы жылымдарды біріктіретін аулау құралдары:

A) қапсырмалы жылымдар

B) сүзетін

C) су түбі жылымдар

D) құрма жылымдар

E) лақтырма




7. Аулау құралдарына инвентаризация жүргізу жағдайлары:

A) тозу салдарынан бағасының көтерілуі

B) жұмыс орнында еңбек жағдайына баға беру және талдау жасау

C) ау құралдарын ұзақ уақыт пайдалануға жағдай жасау

D) аулау құралдарының пайдалану және сақтау жағдайына талдау жасау

E) ау құралдарын жіктеу

F) қоймадағы ау құралдарының жағдайын анықтау


8. Аулау құралдарының сапа көрсеткіштері:

A) негізгі жұмысының

B) гидрохимиялық

C) гидродинамикалық

D) сенімділік

E) ақауларының көрсеткіші

F) технологиялық


9. Құрма аулардың түрлері:

A) алтықабырғалы

B) онқабырғалы

C) үшқабырғалы

D) бесқабырғалы

E) екіқабырғалы

F) бірқабырғалы

G) сегізқабырғалы




10. Ығызба ауды дайындауға пайдаланылатын материалдар:

A) арқандар

B) моножіптер

C) синтетикалық арқандар

D) метал арқандар

E) синтетикалық жіптер

F) жібек маталар

G) капрон




11. Бірінші қатардағы сигналдарға жататын балықтардың мінез – құлықтары:

A) көбею


B) жыртқыштық

C) қоректік

D) бағыттық

E) жыныстық

F) агрессивті қорғаныс


12. Желбезекті аулармен аулаудың принципі:

A) қозғалыс алдыға торкөз көлемімен, ал артқа желбезек қақпақшаларымен шектеледі

B) балықтарды қаппен бірге қармап алып, оны судан бөліп алады

C) тығыз шоғырланған пелагиалдық балықтарды қармап алады

D) балықтарды төменнен жоғары қарай сүзіп алып, оларды кеме бортына көтереді

E) балықтар торлы матада шырмалып қалады




13. Сүзетін балық аулау құралдары:

A) құрма ау

B) жылым

C) балықсорғы

D) өзендік жүзбе ау

E) трал


F) қақпандар

G) ілмектік




14. Ғылыми-іздеу экспедицияларының негізгі жұмыс кезеңдері:

A) мұнай пайда болу жерлерін зерттеу және жасау

B) аулау өнімдерін зерттеу әдістемелерін жасау

C) кәсіптік объектілердің тіршілігіне қолайлы аудандарды іздеу

D) міндетті рейдтік жұмыстарды жасау

E) шектен тыс аулаулармен күресу

F) аулау құралдарын оптимизациялау


15. Тозуға баға берудің деңгейі:

A) ұзақ уақытқа жарамсыздығы

B) қарсылық көрсетуінің жойылуы

C) ыдырау

D) полимеризация

E) кәсіптік жарамдылығы

F) кәсіптік бағасы

G) тозу

H) беріктілігінің жойылуы


16. Құрма аулардың тиімділігін арттыратын факторлар:

A) ау жіптерінің иілгіштігін жоғарылату

B) құрма ауларды белгілі бір маусымда пайдалану

C) жоғарғы мөлдірліктегі моножіптерді қолдану

D) аулардың тозуын қадағалау

E) ауларды сұр түске бояу

F) аудың терең емес учаскесін таңдау

G) қауіпсіздік техникасын сақтау

H) құрма ауларды тек зәкірлерге орналастыру


17. Өзендік ығызба аулармен аулау технологиясының операциялары:

A) ауларды жинақтау

B) судың бетіне шығу

C) ауларды зәкірлерге құру

D) ауларды жөндеу

E) ауларды шығару

F) ауларды құрғату

G) балықты іздеу

H) ауларды сатып алу


18. Дрифтерлі аулармен аулау орындарын таңдауда ескерілетін факторлар:

A) құрал-саймандардың мықтылығы

B) желдің және судың ағыс күші мен бағыты

C) шуақ күнді және жылы ауа-райы

D) су қойманың гидрологиялық режимі

E) маусымдық факторлар

F) қоректердің су қоймада таралуы


19. Тастама жылымдармен аулаудың тиімділігін жоғарылату жолдары:

A) акустикалық дыбыстар

B) жаңа мамандарды жұмысқа тарту

C) жасанды жарықты пайдалану

D) балық аулайтын команданың біліктілігін жоғарылату

E) торкөздердің көлемін таңдау

F) жаңа торлы маталарды сатып алу

G) аулайтын орынды таңдау

H) команданың техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуін жақсарту


20. Тастама жылымдармен аулау барысында балықтардың үйірі табылған кезде жасалынатын іс-әрекеттер:

A) үйірдің қозғалу бағытын анықтау

B) аулар жиналған екі қайық бортқа қатарынан қою

C) желдің бағыты анықтау

D) ауланған жердің жоспарын оқып үйрену

E) су қойманың ихтиофаунасын оқып-үйрету

F) балықтарды еліктіру

G) ау ширату, қайықтар тарқап кеткенде және балықты қоршап алу

H) тереңдігі өлшеу


21. Майшабақты балық сорғымен аулаудың тиімділігі:

A) ауланымның жоғары мөлшерінің қамтамасыз етеуі

B) балық сорғымен аулау арқылы кильканың тағамдық көрсеткіші жақсарады

C) балық сорғымен аулауда торлы аулардың қажеті жоқ

D) балық сорғымен аулау ең арзан әдіс

E) балық сорғымен аулау үзіліссіз жүруі

F) ауланған балықтың көп мөлшері зақымдалмайды

G) балық сорғымен аулау энергияны көп қажет етпейді

H) балық сорғыны эксплуатациялау режимі қарапайым


22. Балықты жасанды жарықпен аулауға пайдаланылатын ақ түсті шамның тиімділігі:

A) балықтың басым бөлігінің ақ түске көп шоғырлануы

B) интенсивті ақ түс беру мүмкіндігі

C) ақ түсті шамды пайдаланудың салыстырмалы арзан болуы

D) жарыққа тек жоғары құнды балықтардың жиналуы

E) судың терең қабаттарына енуі

F) балық аулау мөлшерін арттыруға белсенді қатысуы

G) ақ түстің жарық беруі тұрақты түрде 500-2000вт құрайды




23. Су қойманың температуралық көрсеткіштері әсер етеді:

A) горизонтальді және вертикальді көшіп-қонуы

B) аулау аумағындағы балықтардың көру қабілетіне

C) аулау құралдарының анық көріну қашықтықтарына

D) балықтардың суда бағдарлануы, бағыттануына

E) аулау құралдарының жұмыс істеу режиміне

F) аулау құралдарының элементтеріне балықтардың реакциясына

G) балықтардың суда қозғалуы мен таралу деңгейіне




24. Дрифтерлі аулардың техникалық сипаттамасы:

A) Дрифтерлі аулардың ұяшықтарының мөлшері аулау нысанының мөлшеріне байланысты

B) Өзендік жүзбелі аулар

C) Тор жіптердің диаметрі торкөздердің фабрикалық өлшемдеріне 0,01—0,02 тең болады

D) Негізінен әуесқой балық аулауға қолданылады

E) Дрифтерлі торлы ауларды жоғарғы және төменгі бекіткіштерге бекітеді, орнықтыру коэффициенті 0,5-0,67 болады

F) Аулар қалытқылармен және жүктемелермен жабдықталмаған

G) Құрылымның беріктілігі үшін көптүйінді өру әдісі қолданылады

H) Дрифтерлі аулардың ұяшықтарының мөлшері аулау нысанының мөлшеріне байланысты емес


25. Жүктелген балықсорғының сипаттамасы:

A) компрессордың сыртына ұлулар орнатылады

B) жүктелген балықсорғылар жылымдардан балықтарды жоғары бортты кемелерден аулауға тиімді

C) балықсорғымен аулау өнімділігі балықсорғы қондырғысының түріне байланысты сағатына 25-50 т

D) стационарлы балықсорғылардан кіші габариттерімен және сору шлангыларының болмауымен сипатталады

E) ауа тығыз болғандықтан, ауа цилиндрге фиктирленген көлем ретінде енеді

F) шығарушы коллектор арқылы өткеннен кейін ауа цилиндрге кіреді

G) балықсорғымен аулау кезінде балық өнімділігі сағатына 100 т құрайды



H) цилиндрдің ішіне кіре алатын ауа мен судың көлеміне қуаттылық пропорционалды

Балық аулау

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ







Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет