Құрметті студент! 2016 жылы



жүктеу 421.35 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі421.35 Kb.


Құрметті студент!
2016 жылы «Құқық - 1» бағытындағы мамандықтар тобының бітіруші курс студенттеріне Оқу жетістіктерін сырттай бағалау 4 пән бойынша өткізіледі.

Жауап парақшасын өз мамандығыңыздың пәндері бойынша кестеде көрсетілген орын тәртібімен толтырыңыз.




Мамандық шифры

Мамандықтардың атауы

Жауап парағының 6-9 секторларындағы пәндер реті

5B030100

«Құқықтану»

1. Мемлекет және құқық теориясы

2. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

3. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы

4. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы


1. Сұрақ кітапшасындағы тестер келесі пәндерден тұрады:


1. Мемлекет және құқық теориясы

2. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

3. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы

4. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы




  1. Тестілеу уақыты - 180 минут.

Тестіленуші үшін тапсырма саны - 100 тест тапсырмалары.


  1. Таңдаған жауапты жауап парағындағы пәнге сәйкес сектордың тиісті дөңгелекшесін толық бояу арқылы белгілеу керек.




  1. Есептеу жұмыстары үшін сұрақ кітапшасының бос орындарын пайдалануға болады.




  1. Жауап парағында көрсетілген секторларды мұқият толтыру керек.




  1. Тест аяқталғаннан кейін сұрақ кітапшасы мен жауап парағын аудитория кезекшісіне өткізу қажет.

7. - Сұрақ кітапшасын ауыстыруға;

- Сұрақ кітапшасын аудиториядан шығаруға;

- Анықтама материалдарын, калькуляторды, сөздікті, ұялы телефонды қолдануға



қатаң тиым салынады!
8. Студент тест тапсырмаларында берілген жауап нұсқаларынан болжалған дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда студент ең жоғары 2 балл жинайды. Жіберілген қате үшін 1 балл кемітіледі. Студент дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қателік болып есептеледі.

Мемлекет және құқық теориясы




1. Салалық заң ғылымдары:

A) азаматтық құқық

B) саяси-құқықтық ілімдер тарихы

C) сот медицинасы

D) криминалистика

E) азаматтық іс жүргізу құқығы




2. Алғашқы қауымдық қоғамдағы мононормалардың түрлері:

A) Кодекстер

B) Діни нормалар

C) Демократиялық нормалар

D) Жарғылар

E) Адамгершілік нормалар

F) Техникалық нормалар

G) Құқықтық-техникалық

H) Әдет-ғұрыптар


3. Формациялық көзқарас бойынша мемлекет типтері:

A) Социалистік

B) Құқықтық

C) Құлиеленушілік

D) Федеративті

E) Феодалдық

F) Әлеуметтік

G) Унитарлы

H) Автократиялық


4. Саяси режиміне байланысты мемлекеттер бөлінеді:

A) Федеративтік

B) Дамыған

C) Либералды

D) Демократиялы

E) Африкалық

F) Республикалық

G) Біртұтас

H) Тоталитарлы


5. Заңсыз мінез-құлықпен байланысты құқықбұзушыға қатысты заңды жауапкершіліктің түрі мен шарасын анықтауға арналған қызмет анықтамасына сәйкес ұғым:

A) Заңды мінез-құлық

B) Бұл тұлғаларда қалыптасқан түсініктер мен идеялардың жиынтығы

C) Құқық қорғау, құқық қолдану қызметі

D) Құқық қорғау қызметі

E) Адамдардың құқықтарға қатысын білдіретін түсініктері мен сезімдерінің жиынтығы

F) Құқықтық сезіну

G) Құқық қолдану қызметі

H) Жекелей нақтылы белгілей шығару


6. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптерін көрсетіңіз:

A) Адамдардың құқықтарға қатысын білдіретін түсініктері мен сезімдерінің жиынтығы

B) Заңдар құқықтың үстемдігі идеясына сай болуы керек

C) Мемлекет өміріндегі аса маңызды мәселелерді демократиялық әдістермен шешу

D) Құқықтық сезіну

E) Бұл тұлғаларда қалыптасқан түсініктер мен идеялардың жиынтығы

F) Қоғамдық татулық және саяси тұрақтылық

G) Барлық азаматтар заңды құрметтеуі тиіс

H) Халық игілігін көздейтін экономикалық даму


7. Республика Конституциясының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін жариялаған:

A) Дамушы

B) Үстем

C) Зайырлы

D) Демократиялық

E) Парламенттік

F) Құқықтық

G) Авторитарлы

H) Дамыған


8. Құқық функциясы:

A) Құқықтық аксиомалар

B) Нақты жеке тұлғаға әсер етудің бағыттары

C) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қағидалары

D) Қоғамның белгілі бір нақты жекелеген тобына әсер ету

E) Мемлекет органдардың қызметін қамтамасыз ету механизмі

F) Қоғамдық қатынастарға адамдардың жүріс-тұрысына әсер етудің негізгі бағыттары

G) Қоғамдық қатынастарды реттеудегі құқықтың рөлін айқындайтын құқықтық әсер етудің негізгі бағыттары

H) Қоғамдық қатынастарға әсер етудің негізгі бағыттары


9. Формациялық саяси жүйелер:

A) шығыстық

B) азиялық

C) еуропалық

D) буржуазиялық

E) аралас

F) батыстық


10. Романо-германдық құқықтық жүйенің өзіне тән ерекшеліктері:

A) сот прецедентінің кең қолданылуы және оның құқықтың қайнар көзі ретінде танылуы

B) судьялар мемлекет қабылдаған нормативтік құқықтық акт негізінде ғана шешім, үкім шығарады

C) құқықтық жүйенің жариялық және жеке болып бөлінуі

D) заңнаманың кодификацияға ұшырамауы

E) судьялар құқық жасайтын субъект ретінде танылады

F) құқықтық жүйенің жалпы және әділет құқығы болып бөлінуі

G) мемлекетте міндетті түрде ең жоғарғы күші бар Конституцияның болуы

H) құқықты жасаушы жаратушы болып табылады, оны қабылдау, орындау бәріне міндетті


11. Мораль белгілері:

A) Әділетілік пен әділетсіздік, жақсылық пен жамандық тұрғысынан адамдардың жүріс-тұрысын реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі

B) Мемлекет пен қамтамасыз етіліп кепіл берілуі

C) Қоғамдық санада болады, қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі

D) Жүйелілік

E) Формальды анықтылық

F) Мемлекеттің еркін, оның жалпыадамзаттық және таптық сипатын көрсететін ережелер жүйесі

G) Бағалаулы сипатқа ие, ішкі психологиялық тетіктер арқылы әрекет етеді

H) Жалпыға міндетілік


12. Заңға бағынышты актілерге жатпайды:

A) Үкімет қаулылары

B) Министрліктердің актілері

C) Конституция

D) Заңдар

E) Әкімдердің шешімдері

F) Халықаралық келісім шарттар

G) Президент жарлықтары

H) Жергілікті билік және басқару органдарының актілері


13. Құқықтық нормалардың мазмұнына қарай бөлінуі:

A) міндеттеуші нормалар

B) рұқсат беруші нормалар

C) өндірістік нормалар

D) арнаулы нормалар

E) тыйым салушы нормалар

F) жалпылама нормалар

G) реттеуші нормалар

H) қорғаушы нормалар


14. Кодекс заңи түсінік бойынша:

A) Жекелеген құқық салалары бойынша құқықтық нормалардың жүйесі

B) Сенімі бірлердің арасындағы қатынастарды реттеуші ереже

C) Заң шығарушы органдармен қабылданатын кез-келген акт

D) Моральдық нормаларды қамтитын ережелер жинағы

E) Бірнеше заңдарды біріктіретін ірі нормативтік құқықтық акт

F) Заңшығарушылық ұстанымдарды нақтылау үшін заңдар негізінде шығарылатын акт

G) Біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін кешен

H) Қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің қатынастарын реттейтін жүріс-тұрыс ережесі


15. Құқық салаларына кіреді:

A) қылмыстық-атқару құқығы

B) конституциялық құқық

C) құқықтық норма

D) саясаттану

E) құқықтық бөлім




16. Құқықтық сананың деңгейі бойынша бөлінеді:

A) реттеушілік

B) кәсіби

C) болжамдық

D) ғылыми

E) бағалаушылық




17. Құқық санасының құрылымдық элементтері (бөліктері):

A) Құқықтық идеология, құқықтық психология

B) Құқықтық тану

C) Меніз-құлықтық элементтер

D) Бұл тұлғаларда қалыптасқан түсініктер мен болжамдардың жиынтығы

E) Құқықтық идеология

F) Құқықтық нормалар

G) Құқықтық психология

H) Адамдардың құқықтарға қатысын білдіретін түсініктері мен ұсыныстардың жиынтығы


18. Азаматтық құқықтың субъектілері:

A) бағалы қағаздар

B) заңды тұлға

C) жануарлар

D) мемлекет

E) адам өмірі

F) заттар

G) көліктер




19. Құқық қолдану актілерінің нысандары:

A) қорғаушылық

B) айыппұл салу актілері

C) реттемелік

D) мемлекеттік

E) мемлееттік емес

F) резолюция

G) хаттама




20. Доктриналды талқылауды береді:

A) азаматтар

B) заңгер ғалымдар

C) тергеуші

D) прокурор

E) ғылыми мекемелер

F) адвокат

G) судья



21. Құқықтық ынталандырудың түрлерге бөліну себептері:

A) белгілері бойынша

B) көлемі бойынша

C) мақсаты бойынша

D) субъектісі бойынша

E) еріктілік сипаты бойынша

F) әрекет ету уақыты бойынша


22. Әлеуметтік маңыздылығына байланысты қажетті сай жүріс-тұрыс:

A) азаматтық

B) әлеуметтік

C) заңдарды орындау

D) салық төлеу

E) әскердегі қызмет

F) конституциялық

G) әкімшілік




23. Материалдық теріс қылық үшін қолданылады:

A) заттың құнын өтеу

B) түзеу жұмыстары

C) лауазымы бойынша төмендету

D) ескерту

E) сөгіс


F) келтірілген шығынды өтеуге міндеттеу

G) жалақының бір бөлгін ұстап қалу




24. Заңдылықтың экономикалық кепілдіктерінің мәні:

A) меншіктің көп нысандылығы

B) билік құрылымының айқын жұмысы

C) нарықтық қатынас

D) қоғамдағы саяси тұрақтылық

E) заңды билік

F) құқықбұзушылықтың алдын алу

G) адамдардың құқықтарын қорғау




25. Құқықтық мәртебенің түрлері:

A) мемлекеттің құқықтық мәртебесі

B) соттардың құқықтық мәртебесі

C) арнаулы құқықтық мәртебе

D) әкімдердің құқықтық мәртебесі

E) жалпылама құқықтық мәртебе

F) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі

G) ғалымдардың құқықтық мәртебесі

H) депутаттардың құқықтық мәртебесі

Мемлекет және құқық теориясы

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы




1. Конституциялық құқық институтына кіреді:

A) қоғамдық бірлестіктердің құрылтай құжаттары

B) саяси партиялардың құрылтай құжаттары

C) нормалар жүйесі

D) басқа мемлекеттер Конституциясы

E) біртекті конституциялық қатынастарды реттейтін нормалар жыйынтығы

F) заңды тұлғалар жарғысы

G) конституциялық құқықтық нормалар топтары

H) әдет-ғұрып нормалары


2. Конституциялық құқық нормалары бекітілген:

A) Президент актілерінде

B) Конституциялық заңдарда

C) Басқа мемлекеттер Конституцияларда

D) Салт-дәстүр нормаларымен

E) Әдет-ғұрып нормаларда

F) Құқық теориясымен

G) Діни нормаларда

H) Конституцияда


3. Қазақстан Республикасының Конституциясы:

A) 1995 жылы 30 тамызда қабылданды

B) 1993 жылы 30 тамызда жалпы халықтық референдуммен

C) 1995 жылы ҚР Президентінің бастамасымен конституциялық қайта құру қажеттілігіне негізделіп жалпы халықтық дауыс беру арқылы қабылданды

D) 1998 жылы қазан айындағы конституциялық реформамен

E) 2007 жылы 21 мамырда

F) Қазақстан Президенті, Парламенті мен Үкіметінің бірріккен отырысына 1993 жылы 28 қаңтарда қабылдаданды

G) 1995 ж. жалпы халықтық референдуммен қабылданды

H) 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Парламентімен


4. Бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму принципінің сабақтастығы Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген:

A) Мемлекеттің экономикаклық дамуын бір партиялық жүйе қорғайды

B) Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негізде жеке меншікте де болуы мүмкін

C) Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамытуға қамқорлық жасайды

D) Мемлекет діни бірлестіктерге экономикалық қолдау көрсетеді

E) Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық

F) Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады

G) Бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму принципі тек салалық заңнамада көрініс тапқан

H) Қазақстан азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады


5. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық принципінің сабақтастығы ҚР Конституциясында бекітілген:

A) Конституцияға сәйкес бір партиялы жүйе ғана әрекет етеді

B) Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет еркіндігі

C) Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады

D) Қазақстан мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қатынас жасау саясатын жүргізеді

E) Заң тек ҚР азаматтарын ғана қорғайды

F) Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең

G) Республикада мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы Президент

H) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – үштұғырлы


6. Қазақстан Республикасының азаматтылығына байланысты қатынастардың нормативтік негізі болып келесі актілер жатады:

A) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1993 ж. 20 желтоқсандағы Президент Жарлығы

B) Азаматтық мәселесі заңға бағынышты актілермен реттеледі

C) Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы

D) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 ж. 1 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы мен 1993 ж. Конституция

E) Азаматтылық мәселесін реттейтін ратификациаланған халықаралық құқықтық актілер мен шарттар

F) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы

G) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 ж. 20 наурыздағы Үкімет қаулысы

H) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы


7. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің элементі ретінде азаматтықтың түсінігі:

A) жеке тұлғаның мемлекетке байланысты бір жақты жауапкершілігін тудыртады

B) азаматтық-мемлекет пен жеке тұлға арасындағы саяси-құқықтық байланыс

C) азаматтық-жеке тұлғаға егеменді мемлекеттік биліктің таралуы мен мемлекеттің қорғауында болуын қамтамасыз етеді

D) жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің нашарлауына себеп болады

E) азаматтық жеке тұлғаға белгілі құқықтар мен бостандықтарға ие болуға мүмкіндік беретін құқықтық жағдай

F) азаматтық жағдай жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің өзгеруіне ешқандай әсер тигізбейді

G) азаматтық жеке тұлғалардың қоғам алдындағы тұрақты міндеттерін тудырады

H) азаматтық - халықаралық нормалармен реттелетін қатынас


8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сай саяси партия ұғымы:

A) Құрылу мақсаты коммерциялық мүдделерді көздейтін мемлекеттік емес ұйымдар

B) Мемлекеттің бастамасымен құрылатын қоғамдық ұйымдар

C) Сайлау комиссиялары

D) Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруда құрылатын бірлестіктер

E) Қазақстан Республикасының саяси партиялар ұғымы қалыптаспаған

F) Азаматтардың, әр түрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы органдарында бiлдiру мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Республика азаматтарының ерiктi бiрлестiгi

G) Мақсаты саяси билікке жетуді көздейтін қоғамдық бірлестіктер

H) Халықаралық деңгейде экономикалық қызметпен айналысатын ұйымдар


9. Республиканың Орталық сайлау комиссиясы:

A) Қылмыстық қудалауды жүзеге асырушы орган

B) Облыстық аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары

C) Дауыс беруге арналған учаскелердiң бiрыңғай нөмiрленуiн белгiлейдi

D) Республика Президенттiгiне үміткерлерді тiркейдi

E) Сайлау туралы заңдардың атқарылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады

F) Республиканың аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады

G) Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады

H) Округтiк сайлау комиссиялары сайлау oкругтерiнде мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етедi


10. Учаскелiк сайлау комиссиялары:

A) саяси партия функцияларын жүзеге асырады

B) тиiстi сайлау учаскесiнде сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды

C) сайлау өтетін жерi туралы сайлаушыларды хабарландырады

D) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенаттың және мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастырады

E) мәслихаттар депутаттарын сайлауды ұйымдастырады

F) сайлау туралы заңдардың атқарылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады

G) сайлау учаскесiнде депутаттардың және өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi

H) дауыс беруге қатысқан адамдардың іс әрекетке қабілеттілігін анықтайды


11. Республикалық референдумда қарастырылмайтын мәселелер:

A) Мемлекет өмірінің маңызды мәселелері

B) Республика заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

C) Бюджет саясатның мәселесі

D) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелері

E) Конституциялық заңдар қабылдау

F) Заңдар қабылдау

G) Қазақстанның біртұтастығына байланысты мәселелер

H) Конституция қабылдау


12. Өз өкілеттігі шегінде мемлекет атынан билік жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдар:

A) Республика Премьер - Министрiнiң Кеңсесi

B) Сенаттың тұрақты комитеттері

C) Жергілікті өзін-өзі басқару органдары

D) Мемлекеттік кәсіпорындар

E) Үкімет

F) Мәжіліс Бюросы

G) Парламент

H) Өзге де мемлекеттік органдар


13. Қазақстан Республикасы Президентіне тиесілі өкілеттіктер:

A) Республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдау

B) Соғыс және бітім мәселелерін шешу

C) Заңдардың конституциялығын тексеру

D) Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру

E) Республикалық бюджетті бекіту

F) Қазақстан халқы Ассамблеясын құру

G) Азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асыру

H) Рақымшылық жасау


14. Республика Президентiнiң өкiмдерiмен жүзеге асырылады:

A) Кәмелет жасқа толған азаматтарды әскер қатарына шақыру

B) Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдау арнау

C) Конституциялық мәртебесi жоқ лауазымды тұлғаларды қызметке тағайындау және босату

D) Үкімет мүшелерін қызметінен босату

E) Саяси партия мүшелерін тағайындау

F) Парламентті тарату

G) Жедел және жеке сипаттағы мәселелердi шешу

H) Әкiмшiлiк - өкiмдiк сипаттағы мәселелердi шешу


15. Заң жобасы Парламент Сенатында қабылданады:

A) Жалпы санының көпшiлiк даусымен мақұлдағаннан кейін

B) Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен

C) Отырысқа қатысып отырған депутаттардың кем дегенде 85 пайызымен

D) Заң жобасы Парламентке енгізілгеннен бастап 1 ай ішінде

E) Заң жобасы Мәжіліске енгізілген күннен бастап 1 жыл ішінде

F) Заң жобасы қайтара енгізілген жағдайда

G) Заң жобасы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болса

H) Заң жобасы Сенатқа түскен мезгілден бастап 60 күн ішінде


16. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті тұрақты комитеттері құрылады:

A) Заңдарға қол қою үшін

B) Комиссиялардың жұмысын үйлестіру үшін

C) Заң жобаларының жұмысын жүргiзу үшін

D) Үкіметке сенімсіздік білдіру үшін

E) Президентке қарсы айып таққаны үшін

F) Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарау үшін

G) Президенттің қарсылықтарын қарау үшін

H) Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшiн


17. Парламент депутатының өкілеттігі:

A) Республика азаматтығын беру мәселесін шешу

B) Сессияның күн тәртiбi жөнiнде ұсыныстар мен ескертпелер енгiзу

C) Палатаның үйлестiрушi органына сайлау және оған сайлану

D) Соғыс мәселесін шешу

E) Саяси баспана беру мәселесін шешу

F) Республика аумағында төтенше жағдай енгізу

G) Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру

H) Заңда белгiленген тәртiппен депутаттық сұрау салу


18. Үкiмет мүшелерінің орнынан түсуiне негіз болады:

A) Парламентте оның енгізген заң жобасының қабылданбауы

B) Парламент отырысына өз қызметі жөнінде есеп беруге келмеуі

C) Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы

D) Өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санауы

E) Ғылыми қызметпен шұғылдануы

F) Парламенттің таратылуы

G) Саяси партияның мүшесі болуы

H) Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспеуі немесе оны жүргiзбеуі


19. Республика Үкiметi қаулылар шығарады:

A) Конституцияға қайшы заңдардың күшін жою үшін

B) Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін

C) Республика заңдарының негiзiнде және оларды орындау үшiн

D) Конституциялық қадағалауды жүзеге асыру үшін

E) Президент актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн

F) Соттардың шешімдерінің негізінде және оларды жүзеге асыру үшін

G) Республика Конституциясының негiзiнде және оны орындау үшiн

H) Халықаралық актілерді орындау үшін


20. Конституциялық Кеңес шешiмiне Республика Президентінің қарсылық енгізуі:

A) Қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелерi көпшілік даусымен еңсерiлуі мүмкін

B) Қарсылық Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде енгiзiлуi мүмкiн

C) Конституциялық Кеңес шешіміне тек қана Президент қарсылық келтіруіге құқылы

D) Президенттің қарсылығы түпкілікті болып табылады, яғни ол еңсеруге жатпайды

E) Президенттің қарсылығы Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiлуі мүмкін

F) Қарсылықты алдымен Парламент қарайды, содан кейін барып Конституциялық Кеңестің қарауына беріледі

G) Қарсылық Конституциялық Кеңес өз шешімін қайта қараған жағдайда ғана енгізіледі

H) Қарсылық шешім қабылданған күннен бастап он бес күн ішінде енгiзiледi


21. Конституциялық бақылауды жүзеге асырудың үлгілері:

A) монархиялық үлгі – монархтың жүзеге асыруы

B) жалпы юрисдикциялық соттардың жүзеге асыруы

C) прокурорлық үлгі – прокуратураның жүзеге асыруы

D) саяси партиялардың жүзеге асыруы

E) үкімет мүшелерінің жүзеге асыруы

F) арнайы құрылған сот органдарының жүзеге асыруы

G) халықтық үлгі – халықтың жүзеге асыруы

H) сот жүйесіне жатпайтын арнайы құрылған органдардың жүзеге асыруы


22. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының мәртебесі:

A) Қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын өкілді орган болып табылады

B) Барлық мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтың сақталуына бақылау жасайтын сот органы

C) Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын жоғары сот органы

D) Заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында жергілікті және басқа соттардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады

E) Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қылмыстық істерді қарайтын орган

F) Сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi

G) Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін орган

H) Жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады


23. Облыстық соттың органдары:

A) есеп комитеті

B) әкімдік

C) апелляциялық сот алқасы

D) жеке дара отырыс сот алқасы

E) тұрақты комитеттер

F) бірлескен комиссиялар

G) тексеру комиссиясы

H) жалпы отырыс


24. Мәслихаттың тексеру комиссиясының мәртебесі:

A) республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау үшін құрылады

B) жергілікті жерлерде конституцияның жоғарылығын қамтамасыз етеді

C) жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн құрылады

D) төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады

E) жергілікті органдардың құрылуы мен қызметінің заңдылығын қарайды

F) тексеру комиссиясының мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi

G) жергілікті әкім тексеру комиссиясының төрағасы болып табылады

H) құрамына бөлек әкім және тәуелсіз сарапшылар кіреді


25. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы шақырылады:

A) Республика Президенті шақырады

B) Орталық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады

C) Парламент Мәжілісінің ұсынысы бойынша

D) Парламент Сенатының ұсынысы бойынша

E) Сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша

F) Кезектен тыс сессияны мәслихат сессиясының төрағасы шақырады

G) Жергілікті ішкі істер бөлімінің басшысының ұсынысы негізінде

H) Әкiмнiң ұсынысы бойынша

Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы




1. Азаматтық іс жүргізу құқығы келесі саладағы қоғамдық қатынастарды реттейді:

A) Шаруашылық іс жүргізу

B) Әкімшілік іс жүргізу

C) Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүргізу

D) Іс-қағазын жүргізу

E) Қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүргізу




2. Заңда көзделген келесі жағдайларда істі қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады:

A) Тараптарға құрметтеушілік таныту

B) Заңдылықты қамтамасыз ету

C) Халықаралық міндеттемелерді орындау

D) Коммерциялық құпияны сақтау

E) Тәртіпті сақтау

F) Жеке, отбасылық құпияларды сақтау

G) Бала асырап алу құпиясын сақтау




3. Іске қатысушы тұлғалардың құрамына кiредi:

A) мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзін-өзі басқару органдары

B) судья

C) маман


D) прокурор

E) тараптар




4. Азаматтық ic жүргізудегi тараптар:

A) азаматтық ic жүргізудiң негiзгi субъектілері, оларсыз талап қоюмен ic жүргізу мүмкін емес

B) сот iciн жүргізуге қатысатын көз келген адамдар

C) дербес талаптарын мәлімдейтін үшіншi тұлғалар

D) тұлғаның өкiлдерi

E) дербес талаптарын мәлімдемейтін үшіншi тұлғалар




5. Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғаның құқығы болып табылмайды:

A) бітімгершілік келісімін жасау құқығы

B) қарсылықтарын мәлімдеуге құқығы

C) іс материалдарымен танысуға құқығы

D) талап қоюдан бас тарту құқығы

E) жазбаша түсініктемелер беруге құқығы

F) іске қатысушы адамдарға сұрақтар қоюға құқығы

G) өтініш жасауға құқығы

H) талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту құқығы


6. Прокурордың талап қоюдағы мiндеттерiнiң негiзгi мақсаты:

A) атқару парағын толтыру

B) заң бұзушылықты жоюға сот тәртібімен уақытылы және тиiмдi шара қолдану

C) соттың шешiмiн орындау

D) сотпен бiрге шешiм шығаруға

E) сот отырысының хаттамасын толтыруына нұсқау беру

F) азаматтық істі қарап, шешу


7. Өкілдің арнайы өкілеті:

A) қарсылық жасау

B) сотқа түсініктемелер беру

C) істі аралық сотқа тапсыру

D) жарыссөздерге қатысу

E) дәлелдемелерді зерттеуге қатысу

F) өтінім жасау

G) талап қоюды тану

H) сот қаулысын мәжбүрлеп орындатуды талап ету


8. Сот шығындарының құрамы:

A) Мемлекеттiк баж және ic жүргізуге байланысты шығындар

B) Приставтың жалақысы

C) Алименттер мен өндiрiп алу туралы талап қою

D) Әкелiктi тану туралы талап

E) Азаматтар мен заңды тұлғалардың тиесiлi құрылыстарға меншiк құқығы.

F) Неке бұзу және әкелікті тану туралы талаптар


9. Ведомстволық бағыныстылықтың түрлерi:

A) ерекше ведомстволық бағыныстылық

B) балама ведомстволық бағыныстылық

C) аудандық соттарға ведомстволық бағыныстылық

D) аумақтық ведомстволық бағыныстылық

E) жалпы аумақтық ведомстволық бағыныстылық

F) калалық соттарға ведомстволық бағыныстылық


10. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызылатын азаматтық істер:

A) жылжымайтын мүлiкке құқықтар туралы талаптар

B) дербес талабын мәлімдейтін үшіншi тұлғаның талабы

C) қылмыстық істен туындайтын талап

D) бiр арызға бiрiктiрiлген, әртүрлi соттардың соттауына жататын талаптар

E) жалақыны өндіріп алу туралы талаптар

F) некені бұзу туралы талаптар, талап қоюшының денсаулық жaғдайы бойынша талап қоюшының жауапкер тұратын жерге баруы ол үшiн қиындық кeлтipeтiн жaғдайда

G) тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы талаптар




11. Дәлелдеуге жатпайтын фактілер:

A) Жеке


B) Анықталды деп ұйғарылған фактілер

C) Жанама

D) Негізгі

E) Тікелей

F) Туынды


12. Талаптың элементтері болып табылады:

A) Пәні


B) Құрылымы

C) Нұсқаулық

D) Диспозитив

E) Негізі




13. Талап арызға қоса тiркелетiн құжаттар:

A) жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшiрмесi

B) сарапшының қорытындысы

C) соттың ұйғарымы

D) талапкер өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар, егер көшiрмелер оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшiрмелерi

E) прокурордың қорытындысы

F) соттың шешiмi

G) мемлекеттiк баж төлеудi растайын құжат




14. Істі сотта қарауға әзірлеудің мақсаты:

A) Шешiмдi орындауды кейінге қалдыру немесе оның мерзiмiн ұзарту туралы сұрақты шешу

B) Сот актілерінің заңдылығы мен негiздiлiгiн көрсету

C) Ic жөнiнде сот шығындарын бөлу туралы cұрақтарды шешу

D) Істің дұрыс шешуiн қамтамасыз ету

E) Сот актiлерiн уақытылы орындау

F) Істі уақытылы шешудi қамтамасыз ету

G) Ic жөнiнде дәлелдеме жинау және сот актiлерiн уакытылы орындау




15. Соттың бiрiншi сатысындағы сот отырысы келесі бөлiмдерден тұpaды:

A) әзірлеу бөлімі

B) хаттама толтыру бөлімі

C) ұйғарым шығару бөлімі

D) сот жарыссөздерi және прокурордың қорытындысы бөлімі

E) iсті мәні бойынша қарау бөлiмi

F) сараптама жасау бөлімі

G) өкім шығару бөлiмi




16. Дереу орындалуға жататын шешімдер:

A) Сайлау құқығын қалпына келтіру туралы

B) Азаматтық хал актілерін жазуда қателікті анықтау туралы

C) Жалақы алып беру туралы

D) Әрекетке қабілетісіз деп тану туралы

E) Жұмысқа қайта орналастыру туралы

F) Алимент алып беру туралы


17. Сырттай ic жүргізу тәртібі бойынша ic қарау үшін қажет негiздемелер:

A) талап қоюшы мен жауапкер сот отырысына келген жағдайда

B) ic бойынша талап қоюшы қарсы болмауы

C) жауапкер тиiстi түрде сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы хабарланса

D) жауапкер өзiнiң, келмей калуының себептерiн хабарлаған болса

E) жауапкер емханада жатқанын хабарланатын болса

F) жауапкер келмеген жағдайда


18. Ерекше ic жүргізу тәртібімен қарайтын істер:

A) Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардын актiлерi мен ic- әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жугiнуi

B) Жергiлiктi атқарушы органдардың азаматтардың алкаби ретінде қылмыстық сот iciн жүргізуге катысу құқықтарын бұзатын шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне дау айту жөнiндегi арыздар бойынша ic жүргізу

C) Жылжымалы затты иесiз деп тану және жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану туралы

D) Мемлекеттiк өкімет, жергiлiктi өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiц, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлскеттiк қызметшілердің шешiмдерi мен әрекеттеріне (немесе әрекетсiздiгiне) дау айту туралы iс бойынша ic жүргізу

E) Бала асырап алу туралы

F) Нотариаттык әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша


19. Сот бұйрығы шығарылатын талаптар:

A) Құқық туралы даудың болуы

B) Мүлікті даулау туралы

C) Талап төленбеген вексельге негізделсе

D) Талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе

E) Талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса




20. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіздер:

A) Соттардың тәуелсіздігі қағидасының бұзылуы

B) Істі бұйрық арқылы іс жүргізуде қарау

C) Істің сырттай қаралуы

D) Материалдық нормалардың бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы

E) Іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі

F) Істің заңсыз қаралуы

G) Сарапшы қорытындысының жалғандығы




21. Кассациялық сатыдағы сот өз өкілеттіктері шеңберінде құқылы:

A) Бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге

B) Істі қарауды кейінге қалдыруға

C) Бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырып, апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының күшін жоюға

D) Бірінші немесе апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің, қаулысының және ұйғарымының толық немесе бір бөлігінде күшін жоюға

E) Дәлелдемелерді зерттеудің тәртібі мен шектерін белгілеуге




22. Материалдық-құқықтық нормаларды бұзу немесе дұрыс қолданбау:

A) Қолдануға жатпайтын заңды қолдану

B) Іс үшін маңызды мән-жайларды анықтамау

C) Соттың өрескел заң бұзушылығы

D) Қолданылуға тиісті заңды қолданбау

E) Дәлелдемелерді объективті зерттемеу

F) Жаңа дәлелдемелерді зерттемеу

G) Заңды бұрмалаушылық




23. Заңды күшіне енген шешiмдердi, ұйғарымдар мен қаулыларды жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қараудың негiздерi:

A) сот приставы соттың шығарған шешiмiн негiзсiз деп есептесе

B) сот отырысының хатшысы судьяның шығарған шешiмiн заңсыз деп таныса

C) арыз берушiге белгiлi болмаған және белгiлi бола алмаған ic үшін елеулi мән-жайлар

D) дербес талаптарын мәлiмдейтiн үшінші тұлғалар соттың шешiмiмен келiспесе

E) заңды күшіне енген сот үкімімен белгiленген, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың, не олардың өкiлдерiнiң қылмысты әрекеттері немесе судьялардың сол iсті қарау кезiнде жасаған қылмыстық әрекеттері

F) жауапкер соттың шығарған шешiмiне келiсiм бермесе

G) талап қоюшы соттың шығарған шешiмiне келiспесе




24. Шетелдік тұлғалардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері:

A) шетелдік азаматтардың іс жүргізуде ешқандай міндеттері болмайды

B) азаматтығы жоқ тұлғалардың істерін қарау Қазақстан Республикасының соттарының қарауына жатпайды

C) шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ азаматтар құқықтарын қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқылы

D) шетелдік тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады

E) азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының заңымен қудаланбайды

F) азаматтығы жоқ адамдарға іс жүргізуде шектеулер қойылады


25. Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындаудың тәртібі:

A) Шетелдік соттың немесе төрелік соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап бір жыл ішінде мәжбүрлеп орындауға берілуі мүмкін

B) Шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін танудың және орындаудың шарттары мен тәртібін ҚР Парламенті белгілейді

C) Тараптар арасындағы келісім-шартпен белгіленеді

D) Шет мемлекеттің заңында қарастырылған болса

E) Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шартында өзара түсіністік негізінде танылады және орындалады

F) Шетелдік соттың немесе төрелік соттың шешімі заңды күшіне енген кезден бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындауға берілуі мүмкін

Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы




1. ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу құқығы бұл:

A) ҚР-ның қылмыстық құқығының бөлімі

B) Криминалистика ғылымының тарауы

C) Криминология ғылымының саласы

D) Қылмыстық құқық бұзушылықты тергеуге, зерттеуге бағытталған әрекеттердің жиынтығы

E) Сот пен алдын ала тергеудің қызметі

F) Сотқа дейінгі және сотта істі қарау сатыларында процессуалдық әрекеттердің жиынтығы

G) Сот пен алдын ала тергеу қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы




2. Қылмыстық іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдар:

A) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңы

B) Жер туралы заңнамамен

C) Қазақстан Республикасының Конституциясы

D) Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

E) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі




3. Қылмыстық процестің қағидаттары:

A) Ақтау институты

B) Кінәсіздік презумпциясы

C) Бұлтартпау шаралары

D) Куәлiк айғақтар беру мiндетiнен босату

E) Дәлелдемелер

F) Заңдылық

G) Тергеу әрекеттері




4. Қылмыстық процесте іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар:

A) Қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуіне орай

B) Адамның жұмыс істейтін, тұратын жері бойынша жазбаша хабарлама жолданылса

C) Сот сарапшысының тәуелсіздігі қағидатын бұзбай, сот сараптамасы объектілерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсе

D) Егер жасаған іс-әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықтың күшін жоятын заң қолданысқа енгізілген болса

E) Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымы болса




5. Қылмыстық процесте моральдық зиянның зардаптарын жою дегеніміз:

A) БАҚ-да бір айдың ішінде қажетті хабар жасау

B) Адамның жұмыс істейтін, тұрғылықты жері бойынша заңсыз шешімдердің күші жойылғаны туралы жазбаша хабарлама жіберу

C) Жабық сот мәжілісін өткізу

D) Тегін адвокаттық көмек беру

E) Ресми түрде кешірім сұрау міндетті

F) Әскери шендерін қайтарып беру

G) Дипломатиялық дәрежесін қайтару




6. Қылмыстық істі шешу барысындағы соттың мақсаты:

A) Қылмыстардың алдын-алу

B) Қылмыстық істі тергеу

C) Азаматтық талапты қолдау

D) Ақиқатқа жету

E) Шындықты тану

F) Заңды шешім қабылдау


7. Анықтау органдары болып табылады:

A) Нотариат

B) Жедел іздестіру органдары

C) Қылмыстық ізге түсу органдары

D) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары

E) Шекаралық қызмет органдары

F) Ішкі істер органдары


8. Аудармашыға қарсылық білдіру туралы мәселені шешеді:

A) Прокурор

B) Сот приставы

C) Сезіктінің жақын туысы

D) Айыпталушы

E) Тергеуші




9. Сот талқылауына қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

A) Қауіпсіздік шарасы тек алқабиге қолданады

B) Тараптарға бет бояу, даусын өзгертетін аппарат қолдану

C) Жабық сот отырысын өткізу

D) Заңмен мұндай жағдай реттелмеген

E) Сотталушыны сот отырыс залынан шығару

F) Қауіпсіздік шарасы тек, сотқа дейінгі сатыда қамтамасыз етіледі

G) Сот талқылауында қауіпсіздік шарасы қамтамасыз етілмейді




10. Дәлелдеу пәніне жатпайды:

A) Айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән жайлар

B) Адаммен өзінің қызметтік міндеттерін білуі

C) Қылмыс жасаған адамның кінәсі

D) Оны дәлелдейтін құжат ұсынбаған адамның арнайы дайындығы немесе білімінің жоқтығы

E) Қылмыстың құрамы

F) Әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән жайлар


11. Дәлелдемелер жарамсыз деп танылады:

A) Криминалистикада танылған тактикалық әдістер арқылы алу

B) Іс жүзіндегі деректердің шынайылығына әсер етпейтін мәліметтер

C) Заманауи ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану

D) Дәлелдемелерді алу ережелерін едәуір өзгерткен жаңа заңсыз қабылдануы

E) Егер анықталған қайнар көзден алынса

F) Адамның жаңылысуы


12. Жақындауға тыйым салуда қолданылатын шектеулер:

A) Сот ақшалай өндіріп алуды шектейді

B) Қарым-қатынас жасауын шектеу

C) Мүлiкке тыйым салуды шектеу

D) Бұлтартпау шараларын қолдануға шектеу

E) Олармен телефон арқылы сөйлесуін шектеу

F) Жәбірленушіні іздестіруге шектеу


13. Қылмыстық іс жүргізуде азаматтық талапкер деп тану:

A) Қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген мүліктік зиянды өтеуді талап еткен заңды тұлға

B) Айыптау үкімі

C) Соттың шешімі

D) Тікелей қылмыспен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талап қойған жеке тұлға

E) Тікелей қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы талап қойған жеке тұлға




14. Сотқа дейінгі тергеп- тексеру жүргізілетін жер:

A) Тергеу әрекеттері жүргізілетін орын

B) Күдіктi немесе куәлардың көпшiлiгi тұратын жерде

C) Жауап алынған жер

D) Қылмыстық құқық бұзушылық анықталған орын бойынша

E) Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде




15. Бостандықта жүрген күдіктіні жауап алуға шақырту жолдары:

A) жеделхат арқылы

B) сот приставы барып, оны жауап алу үшін алып келуі тиіс

C) телефон арқылы хабарласып, шақыртады

D) анықтаушы барып, оны жауап алу үшін алып келуі тиіс

E) жазбаша хабарлама-шақыру қағазы арқылы

F) телефоннан хабар жіберу (sms) арқылы

G) тергеуші барып, оны жауап алу үшін алып келуі тіис




16. Қашықтықтан жауап алу мына жағдайларда жүргізіледі:

A) Куә мен жәбiрленушiге олардың айғақтар беруден бас тартқан кезде

B) Адамдардың көрсетулерінде қайшылықтардың себептерін анықтау үшiн

C) Адамдардың айғақтарында елеулi қайшылықтар болса

D) Адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болатын

E) Адамның денсаулық жағдайына тікелей келуі мүмкін болмаса

F) Күзетте ұсталуына байланысты

G) Адамның мүліктік жағдайына байланысты келуі мүмкін болмаса




17. Басты сот талқылауының дайындық бөлімі кезеңінде жүргізілуі тиіс әрекеттер:

A) сотталушының айғақтарын жария ету

B) куәларды сот отырысы залынан шығару

C) дәлелдемелердi ұсыну мен зерттеу

D) куәлардан жауап алу

E) сотталушыдан жауап алу




18. Сот, үкім шығару кезінде, негізгі мәселелерді шешіп, мынадай қосымша мәселелерді шешуге көшеді:

A) Жәбірленушінің кәмелетке толмаған балаларын орналастыру туралы

B) Қылмысты жасауға әсер ететін мән-жайлар туралы

C) Сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы

D) Сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәлілігі туралы

E) Заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы




19. Үкімді орындауды кейінге қалдыру туралы мәселені сот қай тұлғалардың өтініш жасауы бойынша шешеді:

A) Сотталушының

B) Айыпталушының

C) Сезіктінің

D) Прокурордың

E) Азаматтық талапкердің

F) Сотталушының заңды өкілінің

G) Сотталушы қорғаушысының

H) Күдіктінің


20. Апелляциялық сатының қылмыстық процесте, азаматтық талап қоюды қарауы кезінде сот құқылы:

A) Шағымды тергелуі немесе сотталуы бойынша беруге

B) Шағымды өзінің іс жүргізуіне қабылдауға

C) Үкімнің азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыруға

D) Үкімнің азаматтық талап қою бөлігін өзгертуге

E) Сотталушыны кінәсіз деп тану




21. Бірінші сатыдағы соттың қаулысы мына жағдайларда заңды күшіне енеді және орындалады:

A) Жазаны өтеу мекемелері хабарланғаннан кейін

B) Жекеше шағым жасалған жағдайда, істі жоғары тұрған сот қарағаннан кейін

C) Қадағалау сатысында қарастырылғаннан кейін

D) Сот приставымен

E) Жедел-іздестіру органдарымен

F) Облыс прокурорымен

G) Наразылық келтірілген жағдайда істі жоғары тұрған сот қарағаннан кейін




22. Үкім (қаулы) істің нақты мән-жайына сәйкес келмейді деп танылады,

егер:


A) Қылмыстық іс жүргізу заңы едәуір бұзылса

B) Сот өз тұжырымдарына едәуір ықпал ете алатын мән-жайларды ескермесе

C) Заң бойынша өткізілуге міндетті сараптама жүргізілмесе

D) Сот тергеуі біржақты және толық емес болса

E) Қылмыстық заң дұрыс қолданылмаса

F) Елеулі мәні бар құжаттар немесе заттай дәлелдемелер сұратылмаса




23. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкiн:

A) Айыпталушы ретінде тарту туралы қаулы

B) Істi тоқтату туралы қаулы

C) Тергеу іс әрекетінің хаттамасы

D) Айыптау үкiмi

E) Қадағалау тәртібімен қабылданған шешім

F) Ақтау үкiмi

G) Мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы қаулы

H) Қылмыстық істі өз өндірісіне алу туралы қаулы


24. Депутатқа шара қолдануға келісім алу үшін, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламенттің Сенатына немесе Мәжілісіне ұсыныс енгізеді:

A) Күзетпен ұстауға

B) Куәгер болып, жауап беруге

C) Маман ретінде тергеуге қатысуға

D) Қылмыстық жауаптылыққа тартуға

E) Қылмыстық іс материалдарымен таныстыруға

F) Жұмыстан босатуға


25. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде істі сотта талқылау процесінде мәселелер зерттелуі және шешілуі тиіс:

A) Адамның дертті психикасы бұзылуы оның өзі үшін қауіпті ме

B) Сараптама ҚІЖК-нің ережелеріне сай жүргізілді ме

C) Ісі қаралып отырған адам әрекетті есі кіресілі-шығасылы күйде жасады ма

D) Қатысушылар дәлелдемелерді сот отырысында зерттеуді талап етті ма

E) Сотталушының көңіл - күйі



F) Сотталушы сотта айғақ беруден бас тартты ма

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы

ПӘНІ БОЙЫНША СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ





Каталог: upload -> iblock -> 8d8
iblock -> 017 ж қаңтар 31 қаңтар дсұ санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
iblock -> 2016 жыл. 19 шілде №395 Әділет департаменті 2016 ж. 22 шілде №3905
iblock -> 7 қазан күні сағат 17: 00-де Қр тұңғыш Президент аудиториясында Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновтың шығармашылық кеші өтеді
iblock -> Құрметті студент! 2016 жылы «Гуманитарлық ғылымдар 2»
iblock -> Пресс-центр
8d8 -> Информация о банковской карте


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет