Белгілі актриса, әнші Жарқынай Ханайым қыз тәрбиесі туралы айтып, оқырман қауыммен ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/jarkynaijarkinai/

Актрисаның айтуынша, балабақшада қызға тиіскеннен-ақ дабыл қағу керек. 

“Қызы бар аналар, осыдан кейін "Күйеуге ти, күйеуге ти!" деп қалай қайтасыздар? Ұл тәрбиелеп отырғананалар, қыздарымызды аяңдаршы! Дәл сіздің ұлыңыз менің қызымның ортасы, жігіті, сыныптасы, күйеуі болуы мүмкін. Айланам үшін кімнің баласы болса да, түртіп қалса, быт-шытын шығарам, өзім-ақ! Аямаймын! Бұл ескерту! Ұлыңыз Айланаммен бірге бақшада, мектепте деп естігеннен ұлдарыңызға ескертіңіздер! Құрметті қызы бар аналар, қандай да ұл бала қыздарыңызға жағымсыз сөз айтып, шашынан тартқанын мектепте, аулада, балабақшада болсын естісеңіз, бірден дабыл қағыңыз! Шешелеріне ескеру болсын! Біреудің ұлының тәрбиелі болуын айқай шығарып болсын, мектептен, балабақшадан болсын талап етейік, тәрбиелейік! Басқа амалымыз жоқ!”, – деп жазды әнші. 

  • "Жарқынайдың жан құрбысы": Айдар Асқарбекпен қол ұстасқан блогер ару желіні шулатты

  • Жарқынай Ханайым Димаш Құдайбергенге тұрмысқа шығу туралы ойын бөлісті

Сондай-ақ, өнер иесі көпшілікті қызға қамқор болуға шақырды. Тіпті, қыз баласына күзетшімен жүретіндей жағдай жасаса да артық болмайтынын айтты. 

“Сенен басқа қыз тумағандай жазбашы” дейтіндер айтарым! Ия қыздың анасы болу – ең үлкен бақыт. Бірақ ең үлкен қауіп болып тұр қазіргі заманда. Түсінбей осы жазбамды даттаған аналардан қорқыңдар! Қыздарымыздың қасында күзет жүретіндей жағдай жасайық, аналар! Менің мақсатым – сол.
“Сақ болсаң сақтаймын” дейді! Сенгеннен, сенбеген абзал заман болды. Еліміздегі жағдай жаныма қатты батты”, – деп ойын тарқатты өнер иесі. 

Айта кетейік, Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуі, қызының әкесі Айдар Асқарбекпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты.

Одан кейін, өнер иесі Баян Мақсатқызының экс келіні дегендерге жауап берген еді.  


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.