Құтқарушылар үйінді астынан газ жабдығы бар көлікті тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қарағанды облысы ТЖД

15 ақпанда таңертең Теміртаудағы Ватутин көшесінде екі қабатты дүкен ғимаратында газ жарылды. Құтқарушылар қирандыларды тазалап жатыр. Дүкеннің бірінші қабатында, гараждан көліктер табылды. Олардың бірінде газ жабдықтары болуы мүмкін деген болжам бар.

“1993 жылғы зардап шеккен адамның сауалнамасы бойынша, оның дүкенге кіріп, оттық сатып алғаны анықталды. Тексеру үшін ол оттықты жағып көрген, содан кейін 2-3 секунд ішінде жарылыс болып, ғимарат құрылымдары құлаған. Осыған байланысты газ-ауа қоспасының жарылуы нұсқасы қарастырылып жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық кодекстің 292-бабы 2-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) сәйкес тергеу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, бұған дейін Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылғаны туралы жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.