Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова шығармашылық кеші кейінге қалғаны туралы жалған ақпарат тарап жатқанын айтып,  ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Продюсер тұңғыш рет “Queen show” атты шығармашылық кешін бермек. 30 жылға жуық шоу-бизнесте жүрген өнер иесі осы күнге дейін есеп беру концертін өткізбеген. 

“Көрерменді қандай шоу күтетінін өзім де білмеймін. Бірақ ерекше концерт болғалы тұр. Қанша кешті көріп жүрсем де, мұндай кешті бұрын-соңды еш жерден кездестірмедім. Келген халық аузы ашылып, керемет концерт тамашаласа екен деген ниеттемін. Әрбір сахна таңғалдырады деп сенемін. Қонақтар ең сәнді образда келсе екен. Бәріңізді күтемін”, – деп еді продюсер бір сұхбатында. 

  • "Ақша шешіп алған": Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі алаяқтарға алданып қалды

  • "300 мың АҚШ долларын бердім": Дильназ Ахмадиева алаяқтарға алданып қалған сәтін еске алды

Алайда өнер иесі концертіне санаулы сағат қалғанда жалған ақпарат тарап жатқанын айтып, дабыл қақты. 

“Бүгін көптен күткен концерт. Қаншама күн дайындалып, қыруар жұмыс атқарып, осы күнге жеттік. Бірақ мені мына хабарлама қатты шошытты. Міне, сіздердің алдарыңызға бір көзімді боямастан шығып отырмын. “Шоу-концерт кейінге қалды” деген сыңайда жалған ақпарат тарап жатыр екен. Фейк ақпаратқа сенбеңіздер! Онлайн жүйесі арқылы билет алған адамдардың барлығына сілтеме барыпты. Бұл – мені және менің атқарған жұмысымды көре алмайтындардың тірлігі. Біз мұны жылы жауып қоймаймыз. Бәріңізді Алматы театрында күтемін!”, – деп видеоүндеу жолдады продюсер. 

Еске салайық, Баян Мақсатқызы сүйікті әншілерінің есімін атағанын жазған едік. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Bayan Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.