Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры мен бас инженері қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: anpz.kz 

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жанжалға байланысты құрылған комиссия жұмысының нәтижесін жария етті.

"Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаев пен бас директордың орынбасары – бас инженер Әділет Шошанбасовты қызметтерінен босату туралы шешім қабылданды. Бас директордың міндетін атқару әрі қарай шешім қабылданғанға дейін Атырау мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары – техникалық директор Олег Александрович Лызловқа жүктелетін болады", – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Зауыт мұнай өнімдерін өндіруді және жөнелтуді штаттық режимде жалғастырып жатыр.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.