Алматыдағы қонақүйді сатып алу туралы келісімшартты Қайрат Сатыбалды тергеу изоляторында отырып жасасқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде жеке компания басшысының өкілі Асқар Өтешов оңтүстік астанадағы қонақүйді рейдерлік басып алу туралы айтып берді.

"Жаңа Қазақстанда тіпті 20 жыл бұрын жасалған қылмыстарға орын болмауға тиіс. 2018 жылы ЖШС (Утешов өкілі болып отырған адамның компаниясы) Алматыда қонақ үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін банктен (Капитал банк) несие алды. Құрылыс аяқталғаннан кейін ЖШС несиені толықтац төлеп тұрды. Өкінішке қарай, банк қарызын қайтару мерзімін ұзартуға рұқсат бермей, несиені толық қайтаруды талап етті. Осыдан кейін банк істі коллекторлық агенттікке тапсырып, шарт жасасады. Қалай екені белгісіз сол жерде "Казаэронавигация" бар болып шығады. Мемлекеттік кәсіпорын банк шоттарына шамамен 14 млрд бюджет қаржысын салғаны белгілі болады. Банктегі жағдай нашарлай бастағаннан кейін кәсіпорын басшысы ақшаны қайтаруды сұрады. Ақша қайтарылған жоқ.

Қылмысты жасыру үшін банк келісімшарт жасасады және оны азаматтық-құқықтық мәмілемен жасырады. Коллекторлар сауда-саттық жариялағанымен, ол өткізілмеді деп танылды. Содан кейін ол қауіпсіз түрде компания мүлкін өзі иеленіп алады. Бір айдан кейін оны Қайрат Сатыбалдымен байданысы бар компанияға сатады. 2021 жылғы желтоқсанда Сатыбалды қонақ үйге көптеген нөкерімен келеді. Олар қонақ үйді қоршап алды, директорға барды, орталық серверлерді өшірді. Осыдан кейін ғимаратты қарап, тексеру басталды. “Бізде кафе бар, бізде бар бар” деп дайыстайды. Қонақ үй қызметкерлеріне “бұған дейін қалай жұмыс істеп жүрген болсаңдар, солай істей бересіңдер. Бұл оқиға тек иесіне қатысты” деп айтқан", – деді Өтешов.

Бұдан әрі қаржылық мониторинг агенттігіне рейдерлік басып алу туралы арыз жазылып, 2022 жылы қылмыстық іс қозғалып, ол 11 ай бойы зерттелген екен. Осы уақыт ішінде Асқар Өтешовтің сенім білдірушісі жәбірленуші деп танылды. Қазір қонақ үй 11 миллиардқа бағаланып отыр. Коллектор бұған дейін 5 миллиардқа, банк 9 миллиардқа бағалаған екен.

“Тергеу барысында мүлікке тыйым салу туралы өтініш жазылды. Сөйтіп Алматы ПД тергеушісі жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жасалған барлық мәмілелерді тоқтата тұру туралы қаулы шығарды. Біраз уақыттан кейін тергеуші қаулысының күшін жоятын хат келеді”, – деп атап өтті кәсібінен айырылған азаматтың өкілі.

Содан кейін Қайрат Сатыбалды қонақ үйді тергеу изоляторында отырып-ақ сатып алған көрінеді. 

“Қайрат Сатыбалды "Қазақтелеком" ісі бойынша ұрлық жасағаны үшін сотталды. Сол кезде үкім күшіне енген еді. Сатыбалды Астананың тергеу изоляторында болды. Бір күні нотариус тергеу изоляторына барып, Сатыбалды мен оның сенімді уәкілдеріне мәміле жасасу құқығын беретін сенімхатты куәландырады. Кейін келісім жасалады, келісімге сәйкес Сатыбалды қонақ үйді сатып алады, содан кейін оны сыйға тартады. Үкім заңды күшіне енген кезде тергеушілер мүлікті, оның ішінде қонақүйді тәркілеуге береді. Сатыбалды "қонақ үйдің заңды иесі" атанып, оны мемлекетке аман — есен береді", – деді Өтешов.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекетке 44,6 млрд теңгені қайтарғанын хабарлаған еді. .


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.