Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астаналық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2024 жылдың 21 ақпанына дейін ұзартты.

Еске салайық, қазанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Марат Бекетаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растаған болатын.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.