16 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы Австралия ашық чемпионатының жартылай финалына өте алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
 

Cурет Australian Open жарысынан

Ширек финалда Әмір Омархановтың қарсыласы голландиялық 16 жастағы Мес Ротгеринг болды. Ол ересектер арасында ATP рейтингінде тұр.

Бірінші сетте қарсылас Әмірдің сервисіне амал тауып, ерте брейк жасап, ойында 2:6 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Екінші сет Омархановтың сервіндегі үзіліспен басталды. Әмір ойында жеңіске жетуге бір қадам жақындаған еді. Алайда кейін қатарынан екі ұпай жоғалтып алды. 0:3 есебінен соң қазақстандық теннисші медициналық үзіліс сұрады.

  • Мбаппе жаңа клубқа ауысады: Жалақысы мен атауы қандай

  • Қазақстан чемпионаты әлемдік футбол рейтингінде 50 саты жоғарылады

Әмірдің туыстарының айтуынша, алдыңғы ойында алған буынының жарақаты осы жолы кедергі келтірген. Нәтижесінде ол жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Ротгеринг бұл турнирде бірде-бір сетте жеңілмей, чех теннисшісі Кан Кумстатпен жартылай финалға шықты.

Бұған дейін Қазақстан теннисшілері Австралияда өткен жасөспірімдер арасындағы турнирде ширек финалға шыққан емес.  

Еске салсақ, 16 жастағы қазақстандық Australian Open жарысының ширек финалына шыққанын хабарлаған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.