Жаңа төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов бұл салада тәжірибесі болмағандықтан өзіне қойылған міндетті атқара алмайды дейтіндерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте журналистер министрліктегі ардегерлер Чингис Ариновтің тәжірибесіне күмәнмен қарайтынына назар аударды. Олар ведомствода күрделі мәселелер, оның ішінде пәтер мен жемқорлық мәселесі жиналып қалғанын, жаңа министрдің оны шешуге шамасы жетпеуі мүмкін екенін айтты. 

“Ол адамдардың пікіріне келер болсақ, бәрін уақыт көрсетеді. Нақты нәтиже алты айдан кейін көріне бастайды. Сол кезде өздеріңіз де, олар да шешім шығарады. Пәтер мәселесі әлеуметтік-техникалық қамтамасыз ету бойынша күн тәртібінде бірінші кезекте тұр. Мен бұл бағытта өте қатаң алдын алу жұмыстарын жүргізем. Осы жағынан бұған дейін атқарған ведомстводағы жұмысым көп септігін тигізеді деп ойлаймын. Оған күмәнім жоқ”, – деді Чингис Аринов. 

  • Тоқаевтың күзет қызметінің бұрынғы бастығы енді төтенше жағдайлар министрлігін басқарады
  • Майқайыңдағы автобус апаты: Шұңқыр түбінде ойық пайда болғандықтан іздеу жұмыстары уақытша тоқтатылды

Ол мұндай жағымсыз әрекеттердің жолын тез арада кесіп отыратынын атап өтті. 

Чингис Аринов төтенше жағдайлар министрі атанғанға дейін ҚР мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары – ҚР президенті күзет қызметінің басшысы болғанын айта кетейік. 

Бұған дейін ТЖМ Алматыда зілзала болған кезде тұрғындарды қабылдауға тиіс кей пунктер жабық болса, кейбірі адамдарды ішке кіргізбегенін айтқан еді. Төтенше жағдайлар министрлігі кей қызметкерлерді тәртіптік жазаға тартуды жоспарлап отыр.

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.