Қызыордада бассейнде суға батып бара жатқан баланы құтқару сәті видеоға түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Кадрларда жасөспірімнің бассейнге секіріп, жүзе бастағаны көруге болады. Бір кезде ол тоқтап, бір орында дірілдей бастайды. Бұл уақытта басқа келушілер жасөспірімнің суға батып бара жатқанын байқамай жанында жүзіп жүре береді.

Осы кезде отбасымен бассейнде жүрген ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев суға батып бара жатқан жасөспірімнің айғайлаған дауысын естіген. Әйел су астындағы қара жерді нұсқаған, бассейн түбінде жасөспірімнің жатқанын байқаған Есенкелдиев бірден суға секіріп, баланы сыртқа алып шыққан. Жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Фото: polisia.kz/Шаймерден Есенкелдиев

“Бар ойым бассейннен баланы аман-есен алып шығу болды. Бала көкпеңбек болып, демала алмай жатты. Жедел жәрдем келем дегенше жасанды тыныс алу жаттығуларын жасап, алғашқы медициналық көмек көрсеттім. Содан соң есін жиған жасөспірімді жедел-жәрдем қызметкерлері облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Жағдайын хабарласып біліп отырдым. Мен бұл әрекетімді ерлік деп санамаймын. Өзім де әкемін, 8 балам бар. Бұл бала тоғызыншы балам болады”, – дейді ҚАЖД бастығы Шаймерден Есенкелдиев. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.