«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-v заңы


Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың)



жүктеу 2.26 Mb.
бет5/11
Дата07.03.2018
өлшемі2.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бірінші санаттағы рұқсаттардың (лицензиялардың)

ТІЗБЕСІ

 


Р\с №

Лицензияның және оны жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызмет түрінің атауы

Оны жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етілетін қызметтің кіші түрінің атауы

Ескертпе

1

2

3

4

Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау

1.

Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия

 

Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

Мәдениет саласындағы қызметті лицензиялау

2.

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия

 

Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау

3.

Білім беру қызметімен айналысуға лицензия

1. Діни білім беру бағдарламалары.

2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.

3. Негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.

4. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары.

5. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары.

6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.

7. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары

8. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары.

Иеліктен шығарылмайтын;

1-сынып


Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметті лицензиялау

4.

Іздестіру қызметіне лицензия

1. Инженерлiк-геодезиялық жұмыстар, оның iшiнде:

1) геодезиялық орталықтарды салу және қалау;

2) жоспарлы-биiктiк түсiру желiлерiн құру;

3) жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-нан 1:200-ге дейінгі масштабтағы түсiрулер, сондай-ақ жерасты коммуникациялары мен құрылыстарын түсiрулер, жердегi желiлiк құрылыстар мен олардың элементтерiн трассалау және түсiру);

4) инженерлiк-геологиялық әзiрлемелердi, геофизикалық және басқа да iздестiру нүктелерiн бекiту арқылы нақтыға көшірумен байланысты байланысты геодезиялық жұмыстар.

2. Инженерлiк-геологиялық және инженерлiк-гидрогеологиялық жұмыстар, оның iшiнде:

1) геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсiру;

2) жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер



Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

5.

Жобалау қызметіне лицензия

1. Қала құрылысын жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарында қала құрылысын қалпына келтiру үшiн жобалау құқығымен) және жоспарлау, оның iшiнде:

1) жоспарлау құжаттамасын (аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елдi мекендердiң бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, орамдарды, жекелеген учаскелердi егжей-тегжейлi жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);

2) елдi мекендердiң (елдi мекендер шекараларының шегiнде орналасатын көше-жол желiлерi мен қалаiшiлiк және сыртқы көлiк объектiлерiнің) және қонысаралық аумақтардың (елдi мекендердiң көше-жол желiсiнен тысқары орналасатын сыртқы көлiк объектiлерi мен коммуникацияларының) көлiк инфрақұрылымын дамыту схемаларын;

3) құрылыс салу жүйесiнде жылу энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын;

4) ауыз су және (немесе) техникалық су көздерiн орналастыра отырып және су ағызарларды трассалай отырып, елдi мекендердi сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi сумен жабдықтау схемаларын;

5) тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесiн, бас тазартқыш құрылыстарды, сарқынды суларды буландырғыштар мен қайта генерациялау объектiлерін орналастыруды қоса алғанда, елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердiң кәрiз схемаларын;

6) қонысаралық аумақтарда орналасатын елдi мекендер мен өндiрiстiк кешендердi газбен жабдықтау схемаларын;

7) құрылыс салу жүйесiнде электр энергиясын өндiру және тасымалдау объектiлерін орналастыра отырып, елдi мекендердi электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi электрмен жабдықтау схемаларын;

8) инфрақұрылым объектiлерi мен ақпарат көздерiн орналастыра отырып, елдi мекендер үшiн телекоммуникация және байланыс схемаларын әзiрлеу.

2. Ғимараттар мен құрылыстар үшін сәулеттiк жобалау (тарих және мәдениет ескерткiштерiндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын қоспағанда, сәулеттiк-реставрациялау жұмыстары үшiн жобалау құқығымен), оның iшiнде объектiлердiң бас жоспарларын, аумақтың инженерлiк дайындығын, жер бедерiн көркейтуді және ұйымдастыруды

3. Құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделi жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшiн жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшiн конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның iшiнде:

1) негiздер мен iргетастарды;

2) бетон және темір-бетон, тас және арматура-тас конструкцияларды;

3) металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды.

4. Инженерлiк жүйелер мен желiлердi, оның iшiнде:

1) жылытудың iшкi жүйелерiн (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетудi, кондиционерлеуді, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

2) су құбыры (ыстық және суық су) мен кәрiздiң iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың қосалқы объектiлерi бар сыртқы желiлерiн;

3) тогы әлсiз құрылғылардың (телефондандырудың, өрттен қорғау дабыл құралының) iшкi жүйелерiн, сондай-ақ олардың сыртқы желiлерiн;

4) iшкi және сыртқы электрмен жарықтандыру, 0,4 кВ-ға дейiн және 10 кВ-ға дейiн электрмен жабдықтау жүйелерiн;

5) 35 кВ-ға дейiн, 110 кВ-ға дейiн және одан жоғары электрмен жабдықтауды;

6) магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау.

5. Тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның iшiнде:

1) мектепке дейiнгi білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелерiне, сауда (дәрiханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (ауруларды емдеу және олардың профилактикасы, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығулар, демалыс пен туризм кәсiпорындарына, сондай-ақ түрлi қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;

2) көлiк инфрақұрылымына (халыққа тiкелей қызмет көрсетуге арналған) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлiк құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ өзге де өндiрiстiк-шаруашылық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).

6. Өндiрiстiк мақсаттағы, оның iшiнде:

1) энергетика өнеркәсiбiне арналған;

2) жеңiл және тамақ өнеркәсiбiн қоса алғанда, өңдеу өнеркәсiбiне арналған;

3) ауыр машина жасауға арналған;

4) медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсiбiне арналған;

5) бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстарды;

6) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi конструкцияларды;

7) көтергіш-көлiктiк құрылғылар мен лифтiлерге арналған объектiлердi технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).

7. Көлiк инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның iшiнде:

1) автомобиль, электр, теміржол және өзге де рельстi, әуе, су көлiгi түрлерiн қоса алғанда, қалаiшiлiк және сыртқы көлiкке;

2) жергiлiктi байланыс, радио-, телекоммуникация желiлерiне;

3) жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс (спутниктiк байланысты қоса алғанда) желiлерiне және өзге де телекоммуникация түрлерiне қызмет көрсету объектiлерiн технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).

8. Мыналарды:

1) теміржол көлiгi қатынасы жолдарын;

2) барлық санаттағы автомобиль жолдарын;

3) қалалық электр көлiгінiң көше-жол желiсiн;

4) көпiрлер мен көпiр өткелдерiн, оның iшiнде көлiк эстакадалары мен көп деңгейлi жолайрықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлiк құрылысы жобаларының технологиялық бөлiгiн әзiрлеу).

9. Өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлiгiн әзiрлеу)



Иеліктен шығарылмайтын;

1-сынып


6.

Құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия

1. Жер қабатындағы арнаулы жұмыстар, оның ішінде:

1) іргетас негіздерді орналастыру;

2) жер қабатындағы бұрғылау жұмыстары;

3) суасты-техникалық жұмыстар мен теңiз қайраңындағы жұмыстар.

2. Объектілерді күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде:

1) металл конструкцияларды монтаждауды;

2) мұнара және дiңгек үлгiсiндегi құрылыс конструкцияларын, түтiн мұржаларын монтаждауды;

3) көпiрлер мен көпiр өткелдерiнiң тiрек конструкцияларын монтаждауды;

4) гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттердi, дамбаларды;

5) түтiн мұржаларын, күш түсетін құрылыстарды, градирняларды, шахта үстiндегi тоқпақтарды;

6) тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзгілеуге қарсы қалқаларды орналастыруды;

7) көтергіш құрылғылардың (лифтiлердiң, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергiштерiнiң, аспалы жолдар мен көтергіш құрылыстардың басқа да конструкцияларын) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;

8) монолиттi конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрамабетон және темiр-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырғалар мен аралық қабырғалардың жеке элементтерін қалауды және ойықтарды толтыруды;

9) шатыр жабу жұмыстарын қамтитын ғимараттар мен құрылыстардың (оның iшiнде көпiрлердің, көлiк эстакадаларының, тоннельдер мен жол өткізгілерінің, өзге де жасанды құрылыстардың) тiрек және (немесе) қоршау конструкцияларын салу.

3. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын желілік құрылыстарды, оның ішінде:

1) қысыммен жұмыс iстейтiн не жарылу-өрт қаупi бар немесе өзге де қауiптi (зиянды) сұйық немесе газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (ыдыстарды);

2) мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсiпшiлiк және магистральдық желiлерiн, сондай-ақ мұнай өнiмдерi құбырларының магистральдық желiлерiн;

3) кернеуi 35 кВ-ға дейiнгi және 110 кВ-ға дейiнгi және одан жоғары кернеулі электр беру магистральдық желiлерiн;

4) жалпыреспубликалық және халықаралық байланыс және телекоммуникация желiлерiн салу бойынша арнаулы құрылыс және монтаж жұмыстары.

4. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның iшiнде:

1) теміржол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желiлерiн, әуе көлiгi кәсiпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желiлерiн;

2) газбен жабдықтаудың жоғары және орташа қысымды, тұрмыстық және өндiрiстiк газбен жабдықтаудың төмен қысымды желiлерiн, газбен жабдықтаудың iшкi жүйелерiн;

3) суық және ыстық сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау желiлерiн, тұрмыстық, өндiрiстiк және жауын-шашынның сарқынды суларының орталықтандырылған кәрiзiн, су құбырының, жылу беру мен кәрiздiң iшкi жүйелерiнiң құрылғысын;

4) электрмен жабдықтау желiлерiн және сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандырудың және электрмен жылытудың iшкi желiлерiн қамтитын инженерлiк желiлер мен жүйелердi орналастыру.

5. Күрделі жөндеу мен реконструкциялауды қамтитын автомобиль және теміржол құрылыстарын, оның ішінде:

1) темір жолдарға арналған негiздерді және оның беткi құрылыстарын;

2) I және II техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелетін қозғалыстың қалаiшiлiк магистральдық жолдарының, үздiксiз және реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;

3) III, IV және V техникалық санаттағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елдi мекендер көшелерiнiң көлiк жүретiн бөлiгiнiң негiздерi мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстары мен оларды жайластыруды;

4) аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тiкұшақ алаңдарының негiздерi мен жабындыларын салу.

6. Мыналарға:

1) гидротехникалық және мелиоративтiк құрылыстарға;

2) құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндiруге;

3) театр-ойын-сауық, білім беру, спорт мақсатындағы объектiлерге;

4) байланысқа, авариядан қорғауға, бақылау және дабыл жүйесiне, көлiкте, электр энергетикасы және сумен жабдықтау объектiлерiнде, тiршiлiктi қамтамасыз ететiн өзге де объектiлерде оқшаулауға, сондай-ақ өндiрiстiк мақсаттағы есепке алу және бақылау аспаптарына байланысты технологиялық жабдықты монтаждау, iске қосу-оңдау жұмыстары.



Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

7.

Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын ғимараттар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия

 

Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

Мұнай және газ саласындағы қызметті лицензиялау

8.

Мұнай және газ саласындағы тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия

1. Мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру

2. Көмірсутекті шикізат кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу (кәсіпшілік зерттеулер, сейсмикалық барлау жұмыстары; геофизикалық жұмыстар)

3. Мұнай; газ; газ конденсаты; айдау ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары

4. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды құрлықта; теңiзде; iшкi су айдындарында бұрғылау

5. Кен орындарында ұңғымаларды жерасты жөндеу (ағымдағы; күрделі)

6. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды цементтеу; сынау; игеру; сынаудан өткізу

7. Көмірсутекті шикізат кен орындарында ұңғымаларды консервациялау; жою

 8. Мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардың өнiмдiлiгiн ұлғайту

9. Құрлықтағы; теңiздегі көмірсутекті шикізат кен орындарында мұнайдың төгiлуiн болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар

10. Мұнай-химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану

11. Көмірсутекті шикізат кен орындарына арналған жобалардың жобалық құжаттарын, технологиялық регламенттерін, техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау

12. Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану



Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

Өнеркәсіп саласындағы қызметті лицензиялау

9.

Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия

1. Қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндiру

2. Қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашық және жерасты тәсiлдерiмен ашу және әзірлеу

3. Кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргізу

4. Пайдалы қазбаларды өндіру үшін жару жұмыстарын жүргізу

5. Кенiштер мен шахталарды жабу жөніндегі жою жұмыстары

6. Ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, жабдықты және агрегаттарды кері монтаждау, ұңғымалар көтергішін орнату

7. Ұңғымаларды жөндеуден кейін сынау

8. Ұңғымаларды шаю, цементтеу, сынаудан өткізу және игеру

9. Химиялық өндірістерді пайдалану


Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

10.

Заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және өткізу жөнiндегi қызметiн жүзеге асыруға лицензия

 

Иеліктен шығарылмайтын;

1-сынып


11.

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия

 

Иеліктен шығарылмайтын;

1-сынып


Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қызметті лицензиялау

12.

Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия

1. Қалааралық телефон байланысы

2. Халықаралық телефон байланысы

3. Спутниктік жылжымалы байланыс

4. Ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып)



Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

Есірткінің, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті лицензиялау

13.

Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия

1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою

2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру



Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы

3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы

1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды; 1-сынып


3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою

Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; 1-сынып

4. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау

Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; лицензия беру кезінде осы Заңның 25-бабы

3-тармағы бірінші бөлігінің және 26-бабы

1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды;

1-сынып


5. Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктерді және шөптерді өсіру, жинау, дайындау

Иеліктен шығарылмайтын;

қолданылу мерзімі - 5 жыл;

1-сынып


6. Денсаулық сақтау саласындағы есірткінің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке

Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 5 жыл; 1-сынып

14.

Үшінші елдермен сауда жасауда Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды экспорттауға және (немесе) импорттауға лицензия

 

Иеліктен шығарылмайтын; 3-сынып

Денсаулық сақтау саласындағы қызметті лицензиялау

15.

Медициналық қызметке лицензия

1. Жедел медициналық көмек және/немесе санитариялық авиация

2. Ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша амбулаториялық емханалық көмек:

 алғашқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге дейінгі, білікті көмек;

консультациялық диагностикалық көмек:

 диагностика: радиоизотоптық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық;

зертханалық диагностика: бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер;

акушерлiк және гинекология;

педиатрия;

неонатология;

инфекциялық аурулар;

терапия;

невропатология;

кардиология;

ревматология;

гастроэнтерология;

нефрология;

пульмонология;

эндокринология;

аллергология және иммунология;

гематология;

кәсіптік патология;

жалпы дәрігерлік практика;

жалпы хирургия: торакалдық, абдоминалдық, колопроктология;

трансплантология;

кардиохирургия;

ангиохирургия;

пластикалық хирургия;

жақ-бет сүйегi;

нейрохирургия;

оториноларингология;

офтальмология;

трансфузиология;

урология;

травматология-ортопедия;

анестезиология және реаниматология;

дерматовенерология (дерматокосметология);

психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;

фтизиатрия;

онкология;

стоматология;

дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлекстік терапия, фитотерапия және табиғатта жаралған заттармен емдеу;

медициналық реабилитология, қалпына келтіретін емдеу: физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология;

медициналық генетика;

сәуле терапиясы;

спорт медицинасы.

3. Ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша стационарлық көмек және (немесе) стационарды алмастыратын көмек:

диагностика:

радиоизотоптық, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, функционалдық, эндоскопиялық; патологиялық анатомия;

зертханалық диагностика:

бактериологиялық, биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер, адамның иммун тапшылығы вирусының зертханалық диагностикасы (АИТВ-диагностикасы), жалпы клиникалық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер;

акушерлiк және гинекология;

педиатрия;

неонатология;

инфекциялық аурулар;

терапия;

невропатология;

кардиология;

ревматология;

гастроэнтерология;

нефрология;

пульмонология;

эндокринология;

аллергология және иммунология;

гематология;

кәсіптік патология;

жалпы дәрігерлік практика;

жалпы хирургия: торакалдық, абдоминалдық, колопроктология;

трансплантология;

кардиохирургия;

ангиохирургия;

пластикалық хирургия;

жақ-бет сүйегi;

нейрохирургия;

оториноларингология;

офтальмология;

трансфузиология;

урология;

травматология-ортопедия;

анестезиология және реаниматология;

дерматовенерология (дерматокосметология);

психиатрия: наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология;

фтизиатрия;

онкология;

стоматология;

дәстүрлі медицина: гомеопатия, гирудотерапия, мануалдық терапия, рефлексотерапия, фитотерапия және табиғатта жаралған заттармен емдеу;

медициналық реабилитология, қалпына келтіретін емдеу:

физиотерапия, массаж, емдік дене шынықтыру, курортология;

спорт медицинасы;

токсикология;

перфузиология;

сәуле терапиясы.

4. Қан мен оның құрауыштарын дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау және өткiзу

5. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және (немесе) сот-наркологиялық сараптама

6. Еңбекке уақытша жарамсыздық пен кәсiби жарамдылық сараптамасы



Иеліктен шығарылмайтын; 1-сынып

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет