«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы №202-v заңы


Екінші санаттағы рұқсаттар ТІЗБЕСІ



жүктеу 2.26 Mb.
бет7/11
Дата07.03.2018
өлшемі2.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Екінші санаттағы рұқсаттар


ТІЗБЕСІ

 


Р\с №

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асырылуы үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызметтің (әрекеттің) атауы

Ескертпе

1

2

3

4

1-сынып - «қызметке берілетін рұқсаттар»

1.

 


Автовокзалдарды, автостансаларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін тізілімге қосу

Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің өкімімен құрылған комиссияның автовокзалдарды, автостансаларды және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін тізілімге қосу туралы шешімі

 

2.

Ұйымдарды энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу

Энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу туралы куәлік

 

3.

Энергия үнемдеу және энергияның тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін артыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік

 

4.

Нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы өтінішті қарау

Монополияға қарсы орган басқармасының нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу (тыйым салу) туралы қаулысы

 

5.

Егер сатып алғанға дейін мұндай тұлға (тұлғалар тобы) нарықтың осы субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне, пайларына) иелік етпесе немесе көрсетілген нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес немесе одан аз пайызына иелік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестердің, пайлардың) жиырма бес пайызынан астам үлесін пайдалануға құқық алатын, тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) сатып алуы бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы қолдаухатты қарау

Монополияға қарсы орган басқармасының, егер сатып алғанға дейін мұндай тұлға (тұлғалар тобы) нарықтың осы субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне, пайларына) иелік етпесе немесе көрсетілген нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес немесе одан аз пайызына иелік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестердің, пайлардың) жиырма бес пайызынан астам үлесін пайдалануға құқық алатын, тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) сатып алуы бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы қаулысы

 

6.

Егер мәміленің (өзара байланысқан мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарының және материалдық емес активтерінің баланстық құнының он пайызынан асып түссе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) басқа нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін меншікке алу, оларға иелік ету және пайдалану, соның ішінде жарғылық капитал есебінен төлеп алу (беру) бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы қолдаухатты қарау

Монополияға қарсы орган басқармасының, егер мәміленің (өзара байланысқан мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарының және материалдық емес активтерінің баланстық құнының он пайызынан асып түссе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) басқа нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін меншікке алу, оларға иелік ету және пайдалану, соның ішінде жарғылық капитал есебінен төлеп алу (беру) бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу (тыйым салу) туралы қаулысы

 

7.

Нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне оның орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) сатып алу бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы қолдаухатты қарау

Экономикалық шоғырлануға келісу;

Нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне оның орындауына мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құқықтарды (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) сатып алу бойынша экономикалық шоғырландыруға тыйым салу туралы хабарлама-хат



 

8.

Бірдей жеке тұлғалардың екі немесе одан көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, байқаушы кеңестеріне немесе басқа басқару органдарына көрсетілген жеке тұлғалар осы субъектілерде олардың кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындаған жағдайда қатысуы бойынша экономикалық шоғырландыруға келісу туралы қолдаухатты қарау

Экономикалық шоғырлануға келісу;

Бірдей жеке тұлғалардың екі немесе одан көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, байқаушы кеңестеріне немесе басқа басқару органдарына көрсетілген жеке тұлғалар осы субъектілерде олардың кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындаған жағдайда қатысуы бойынша экономикалық шоғырландыруға тыйым салу туралы хабарлама-хат



 

9.

Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу

Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктерді аккредиттеу туралы куәлік

 

10.

Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарының тізіліміне енгізу

Жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі оқу ұйымдарын тізілімге енгізу туралы шешімі (бұйрығы)

 

11.

Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлайтын оқытушыларды, өндірістік оқыту шеберлерін және білім беру процесі кезінде жүргізуді үйрету шеберлерін тізілімге енгізу

Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлайтын «оқытушы», «өндірістік оқыту шебері» және «білім беру процесі кезінде жүргізуді үйрету шебері» біліктілігі тағайындалатын біліктілік куәлігі

 

12.

Көлік құралына халықаралық қатынастағы қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік беру

Көлік құралына халықаралық қатынастағы қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік

 

13.

1, 6 және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат беру

1, 6, және 7-санаттағы қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсат

 

14.

Жүк көлік құралдарына салмақ өлшеудің халықаралық сертификатын беру

Жүк көлік құралдарының салмағын өлшеудің халықаралық сертификаты

 

15.

Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

 

16.

Кредит тарихын қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы актіні беру (кредит тарихы субъектісін қоспағанда)

Кредит тарихын қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы акт (кредит тарихы субъектісін қоспағанда)

 

17.

Уәкілетті органның жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және дайындау жөніндегі арнайы оқу орталығын айқындауы

«Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және дайындау жөніндегі арнайы оқу орталығын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы

 

18.

Табыстарды, шығындарды және іске қосылған активтерді бөлек есепке алуды жүргізу әдістемесін табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша келісу

Әдістемені келісу туралы хат

 

19.

Қазақстан Республи-касының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымал-даушылардың тұрақты рейстерінің кестесін бекіту

Қазақстан Республи-касының халықаралық авиамаршруттарындағы шетелдік авиатасымал-даушылардың тұрақты рейстерінің кестесі

Иеліктен шығарылмайтын

20.

Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруын уәкілетті органмен келісу

Ұлттық компанияның күзет ұйымын құруға келісу-хат

 

21.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

22.

Азаматтық әуе кемесін пайдаланушының шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарланған мақсаттағы өнімді тасымалдау үшін халықаралық ұшуын келісу

Азаматтық әуе кемесін пайдаланушының шет мемлекеттердің әскери құралымдарын, қару-жарағын және әскери техникасын, сондай-ақ қосарланған мақсаттағы өнімді тасымалдау үшін халықаралық ұшуына рұқсат

 

23.

Халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге рұқсат берілмеген, әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуларды орындайтын азаматтық әуе кемелерін қабылдауға, шығаруға және оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру

Халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге рұқсат берілмеген, әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуларды орындайтын азаматтық әуе кемелерін қабылдауға, шығаруға және оларға қызмет көрсетуге рұқсат

 

24.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 

25.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 

26.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік

 

27.

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік

 

28.

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік

 

29.

Микроқаржы ұйымдарын есептік тіркеу

Микроқаржы ұйымының микроқаржы ұйымдарының тізіліміне енгізілгені туралы хабарламасы

Мерзімсіз рұқсат; конкурс рәсімін қолдануға келмейді; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағының бірінші бөлігінің және 26-бабының 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды

30.

Мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке, қайта есепке қою

Мерзімді баспасөз басылымдарын және ақпараттық агенттіктерді есепке, қайта есепке қою туралы куәлік

 

31.

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою

Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік мерзімді баспасөз басылымдарын есепке, қайта есепке қою туралы анықтама

 

32.

Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою

Отандық теле-, радиоарналарды есепке, қайта есепке қою туралы куәлік

 

33.

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік

 

34.

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат карточкасын беру

Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және автокөлік құралына рұқсат карточкасы

 

35.

Куәландырушы орталықты аккредиттеу

Куәландырушы орталықты аккредиттеу туралы куәлік

 

36.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

37.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 

38.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

39.

Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру

Авиация персоналының қолданыстағы куәлігі бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігі

 

40.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

41.

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру

Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік

 

42.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

43.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

44.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

45.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

46.

Табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру

Табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім берілгені туралы хат

 

47.

Қоршаған ортаға эмиссияларға экологиялық рұқсат беру

Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат

 

48.

Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру

Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат

 

49.

Кешенді экологиялық рұқсат беру

Кешенді экологиялық рұқсат

 

50.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

51.

Кеден одағының кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтардың транзитіне Кеден одағына мүше мемлекеттердің уәкілетті органының қорытындысы

Қорытынды

 

52.

Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу

Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы шешім

 

53.

Кедендік өкілдер тізіліміне енгізу

Кедендік өкілдер тізіліміне енгізу туралы шешім

 

54.

Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін тағайындау

Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік

 

55.

Уақытша сақтау қоймаларын иеленушілер тізіліміне енгізу

Уақытша сақтау қоймаларын иеленушілер тізіліміне енгізу туралы шешім

 

56.

Кедендік қоймаларды иеленушілер тізіліміне енгізу

Кедендік қоймаларды иеленушілер тізіліміне енгізу туралы шешім

 

57.

Бажсыз сауда дүкендерін иеленушілер тізіліміне енгізу

Бажсыз сауда дүкендерін иеленушілер тізіліміне енгізу туралы шешім

 

58.

Бос қоймаларды иеленушілер тізіліміне енгізу

Бос қоймаларды иеленушілер тізіліміне енгізу туралы шешім

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет