Руководителю соц



бет10/16
Дата19.09.2017
өлшемі1.34 Mb.
#1265
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16



Қорғаныстық жайттар


Әсер ету тетіктері

  1. Шырыш және бикарбонаттық аниондар




  • Шырышты қабат эпителиоциттерімен өндіріледі, жасушаның pH артериалық қанның pH – ына сәйкес ұстап тұрады.

  1. Эпителиоциттердің апикалды мембранасының электрөткізгіштігінің төмендеуі

  1. Эпителиоциттердің базолатералды мембранасы арқылы протондардың шығарылуы

  • Протондардың асқазан кеңітігіне түсуінің тежелуі, соған сәйкес асқазан сөлінің озбырлығының азаюы.

  1. Қалыпты микроциркуляция




  • Қорғаныстық шырышты қабаттан өткен протондарды асқазан қабырғасынан қанға шығарылуы

5. асқазанның простагландиндері

6. Регенерация

  • Гастродуоденаллы аймақтың эпителийінің толық жаңаруы 2 – 6 күн ішінде өтеді. Шырышты қабаттың аздаған бүлінісі 15 –30 минут ішінде жасушалардың көбеюінен емес, олардың без қатпарларынан тіректі мембрана бойымен жылжуынан және зақымданған эпителий аймағында ақауды жабуы арқылы жүзеге асады.

Көрсетілімдік материал: лекциялардың мультимедиялық көрсетілімі
Әдебиеттер

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», 2010. –Б. 519-558

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 519-555.

  3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2010 том 2., с.315-353 .

  4. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538

  5. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 172- 192

Қосымша

  1. Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 427-432 с Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 598-623.

  3. Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Тәбеттің бұзылу түрлері
2. Асқазанның ойық жара ауруы қорғаныстық жайттары

15 тақырып. БҮЙРЕК ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ



Мақсаты: бүйрек қызметтерінің бұзылыстарының этиологиясы мен патогенезінің сұрақтары бойынша білімін қалыптастыру

Дәріс жоспары:

  1. Бүйрек шумағы қызметтері бұзылыстарының этиологиясы, патогенезі

  2. Бүйрек өзекшелері қызметтері бұзылыстарының этиологиясы, патогенезі

  3. Бүйрек шумағы мен өзекшелері қызметтері бұзылыстары (диурез, зәрдің сапалық құрамының, зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері,) көріністерінің патогенезі

  4. Бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі

  5. Уремия, көріністерінің патогенезі.


Дәріс тезистері

Шумақтар қызметінің бұзылыстары:

  1. Шумақтық сүзілудің азаюы мыналардың нәтижесінде дамиды:

а) Дәрменді сүзілулік қысымының төмендеуі (Дәрменді сүзілулік қысымының әсерінен шумақта сүзілу үрдісі басталады ДСҚ= ГҚ – (ОҚ + ҚҚ) ГД - гидростатикалық қысым, ОҚ - онкотикалық қысым, ҚҚ - Боумен-Шумлянский қапшығындағы қысым)

  • гипотензия (АҚ 80 мм с.б. төмен, сілейме, коллапс)

  • бүйрек ишемиясы

  • қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

  • алғашқы несеп қысымының жоғарылауы (зәрдің ағып кетуінің қиындауы)

б) қызмет атқаратын шумақтар санының азаюы

в) сүзілулік мембрананың өткізгіштігінің төмендеуі


Шумақтық сүзілу жылдамдығын клиренс арқылы есептейді, яғни бүйректе белгілі уақытта тазартылған заттың плазмадағы мөлшеріне қатынасы.Бұл зат алғашқы зәрден кері сіңірілмеуі және эпителий жасушаларымен өндірілмеуі тиіс, тек бүйректік сүзгіден қтуі керек. Осы мақсатта практикада эндогенді креатининді анықтау қолданылады.

Клиренс – белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір заттан бүйрек арқылы тазаланатын плазма көлемі C = (U/P) x V



  • С – клиренс

  • U - заттың зәрдегі мөлшері

  • P – заттың қандағы деңгейі

  • V – минуттық диурез

  • Дені сау адамның эндогенді креатинин клиренсі бойынша шумақтық сүзілу жылдамдығы 80 – 120 мл/мин


2. Шумақтық сүзілудің көбеюі мыналардың нәтижесінде дамиды:

а) Дәрменді сүзілулік қысымның жоғарылауы:



  • Шумақтан шығатын артериолалардың күш-қуаты жоғарылауы (катехоламиндер, ангиотензин, вазопрессин әсерінен)

  • Шумаққа келетін артериолалардың күш-қуаты төмендейді (кининдер, простагландиндер А, Е әсерінен)

  • Қанның гипоонкиясы

б) шумақтардың сүзгі беттерінің өткізгіштігі күшейгенде

Каталог: wp-content -> uploads -> 2012
2012 -> Распоряжение
2012 -> № исх: 1399 от: 30. 11. 2011 Қазақстан Республикасы
2012 -> «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
2012 -> № қаулысымен
2012 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2012 -> Универсиадалардың жүлдегерлерiн және оларға қатысушыларды және Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерi үшiн көтермелеу мөлшерлерiн бекiту туралы
2012 -> Стратегиялыќ жјне баєдарламалыќ
2012 -> Кредо қОҒамдық бірлестігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет