Қазақстанда соттағы алқабилер институты реформаланбақ. Мәжіліс қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару кодекстеріндегі өзгерістер мен толықтырулар жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Mavink

Түзетулерге сәйкес, 11 алқаби судьяның қатысуынсыз кеңесу бөлмесінде шешім қабылдайды, содан кейін судьяға өз отырысының дайын хаттамасын ұсынады. Сол бойынша судья шешім қабылдауы керек.

"Норма азаматтардың құқықтарын қорғау басымдығын қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр", – делінген ведомоствосында.

  • Неліктен Бишімбаев алқабилер сотын сұратты? Оларды сатып алу мүмкін бе? Сот процесі туралы сұрақтарға жауап береміз
  • Салтанат Нүкенованың ағасы алқабилер сотына қатысты ойын айтты

Қазіргі уақытта Қазақстандағы сот алқасы 10 алқабиден және алқабилердің талқылауына қатысатын судьядан тұрады.

Түзетулер Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ мемлекет. Бір халық. Гүлденген қоғам" атты жолдауындағы тапсырмасына сәйкес әзірленді. Сонымен қатар мемлекет басшысы сот процестеріне мемлекеттің қатысуын азайту және сот төрелігін жүзеге асырудың жоғары сапасын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін сот Бишімбаевтың істі алқабилер сотында қарау туралы өтінішін қанағаттандырған еді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.