Руководство по охране репродуктивного здоровья в Казахстане. Н. А. Каюпова. Алматы, 1999 Программа воз «Безопасное материнство»



жүктеу 113.89 Kb.
Дата21.09.2017
өлшемі113.89 Kb.
түріРуководство

1. Сабақтың тақырыбы:Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері.

2. Сағат саны

3. Сабақ түрі тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты

оқыту:оқушыларды операция алды дайындыққа үйрету, операциядан кейінгі кезеңде күтім жасауға үйрету:

тәрбиелік: гинекологияның маңызды мәселелерін білу:

дамыту: пациенттермен жұмыс жасауға үйрету:



5. Оқыту әдісі теориялық, пациенттің курациясы:

6. Материалды техникалық жабдықталуы

а) техникалық құралдар медициналық инструментарий

б) көрнекі және дидактикалық құралдар : кестелер, жатыр муляжы

в) оқыту орны гинекология бөлімі, оқу бөлмесі



7. Әдебиеттер Негізгі

Мемлекеттік тілде:

1. Раисова А.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық. «Акушерия және гинекология», - Алматы 2006

2. .Көзденова Р.С., Сейтмәмбетова Н.Қ., оқулық «Гинекология» - Алматы 2000

Негізгі Орыс тілінде:


  1. Акушерство и гинекология И.К. Славянова Ростов на Дону, «Феникс», 2007

  2. Гинекология : Г.С.Василевкоая, В.И.Грищенко, Н.А. Щербина. Ростов – на- Дону, «Феникс», 2007

  3. Акушерство и гинекология, неотложная помощь. Под ред. Г.К. Степанковской, Б.М. Венцковского М., Эксмо, 2008

  4. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. – М., 2009.-256с

5. Гинекология практикум. В.Б. Цхай, Т.А. Макаренко, Е.К.Маламова, И.О.Ульянова.- Ростов – на –Дону,

- Алматы 2006

6. Гинекология детского и подросткового возраста. К.Ж. Кульбаева, Ю.А.Гуркин.- Астана 1999

7. Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии. Краткое руководство. Под.ред. В.Н.Серова.-2-е издание, испр и доп..- М., 2008.-256с

8. Руководство по охране репродуктивного здоровья в Казахстане. Н.А.Каюпова.-Алматы, 1999

9. Программа ВОЗ «Безопасное материнство», 2008



8. Ұйымдастыру кезеңі 8мин

- оқушылардың қатысуын тексеру;

- оқушылардың дайындығын тексеру;

- сабақ мақсаты мен міндетін хабарлау.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 20м

Аналық без кистасының анатомиялық аяқшасының құрамына кiрмейдi:

| түтiкше

| түтiкше жамбас байламы

| аналық бездiң меншiктi байламы

| мезовариум

| тамырлар

Аналық бездiң фолликулярлы кистасында консервативтi емi көмек бермеген

жағдайда ... жасалынады

| кистаны алып тастау

| аналық бездi түтiкшемен бiрге алып тастау

| жатырды қосалқыларымен алып тастау

| екi жақтан қосалқыларды алып тастау

| зақымдалған аналық бездi алып тастау

Аналық бездiң ретенционды кистасындағы операция көлемi:

| аналық бездiң зақымдалған бөлiгiнiң резекциясы

| қосалқыларды алып тастау

| аналық бездi алып тастау

| жатыр мойнының жоғарғы ампутациясы

Оперативтi емге көрсету:

| аденокарцинома

| аденомиоз

| эндометрийдiң бездi-кистозды гиперплазиясы

| эндометрий полипi

| эндометрийдiң бездi гиперплазиясы

Жоспарлы гинекологиялық операцияларды жасауға ... қолайлы.

| етеккiр тоқтағаннан кейiнгi бiрiншi аптада

| етеккiр күндерi

| овуляция күндерi

| етеккiр алдында

| етеккiр циклының аяғында

Куыстық гинекологиялық операцияға дайындаудағы iс-шаралар:

| операция қарсаңында түнде тазалау клизмасын жасау

| операция алдында 3-4 рет сифонды клизма жасау

| жатыр қуысын қыру

| қою тамақ жеу

| дезинтоксикациондық терапия

Паровариалды кистада операция көлемi:

| кистаны алып тастау

| зақымдалған жақтағы қосалқыларды алып тастау

| зақымдалған жақтағы аналық бездi алып тастау

| зақымдалған жақтағы аналық бездiң резекциясы

| екi аналық бездi резекциялау

Эндометрий қатерлi iсiгiнiң 2 сатысындағы операция көлемi :

| кеңейтiлген жатыр экстирпациясы

| қосалқыларсыз жатырдың қынап үстiлiк ампутациясы

| қосалқыларымен жатырдың қынап үстiлiк ампутациясы

| жатырдың биiк ампутациясы

| қосалқыларсыз жатыр экстирпациясы

Жатыр мойнының эрозиясында диатермокоагуляция ... жасау керек.

| етеккiрден 4-5 күн бұрын

| етеккiр күндерiнде

| етеккiрден 12 күн кейiн

| овуляция кезеңiнде

| етеккiрге 10-12 күн бұрын

Әйелдер жыныс мүшелерiнiң қабыну ауруларының тарау жолдары:

| төменнен жоғарылау бойынша

| ауа-тамшылық жолмен

| иньекция арқылы

| трансмиссивтi

| парентеральды

Жыныс мүшелерiнiң қабыну ауруларының қыз балаларда жиi кездесетiн түрi:

| вульвовагинит

| пельвиоперитонит

| эндометрит

| кольпит

| сальпингоофорит

Саңырауқұлақтық кольпитке тән:

| iрiмшiк тәрiздi бөлiнулер

| ақ көпiршiктi iрiңдi бөлiнулер

| қанды бөлiнулер

| көп мөлшерлi кiлегейлi бөлiнулер

| ақ сұйықтық бөлiнулер

Миомада қолданылатын консервативтi операция:

| миомэктомия

| қосалқысыз қынапүстiлiк жатыр ампутациясы

| қынапүстiлiк жатырдың түтiкшелерiмен қоса ампутациясы

| қосалқыларсыз жатыр экстирпациясы



| қосалқыларымен жатыр экстирпациясы

10. Жаңа сабақты түсіндіру 40м

Аналық без рагі. Аналық без рагі біріншілік, екіншілік және метастатикалық болуы мүмкін. Біріншілік рак 4-5%, метастатикалық ісіктер аналық бездің барлық қатерлі ісіктері ішінде 20% жағдайда кездеседі. Крукенберг типті метастатикалық рак және емшек бездері рагінің аналық безге метастаз жиі кездеседі. Клиникалық белгілері мен емдеу әдістерін таңдау негізгі ауруға байланысты. Шын мәніндегі қатерсіз ісіктен аналық бездің екіншілік рагінің клиникалық маңызы зор.Аналық без рагінің 4 сатысы бар; 1-ші сатысы – ісік аналық безбен шектелген, 1а- сатысы ісік бір аналық безбен шектелген. 1б – сатысы ісік екі безбен шектелген.2сатысы – ісік бір неекі безді зақымдап, жамбас маңайына өсіп кетеді. 2а – сатысы – біріншілік және екіншілік зақымдану хирургиялық жолмен алынады. 2б- сатысы – біріншілік және екіншілік зақымдану хирургиялық жолмен алуға келмейді. 3 сатысы – ісік бір не екі безді зақымдайды, таралған метастаздар тән, жарым-жартылай алуға келеді. 3а – сатысы метастаздың абдоминальды тарауы. 3б – сатысы - іш қуысының тыс алыстағы метастаздар. 4 сатысы - ісік бір неекі безді зақымдайды, түгелдей операцияға алынбайды .Клиникасы. Аналық без рагінің алғашқы сатысында клиникалық белгілері білінбейді, ісіктің капсуласы жарылғанда, не аяғына оралғанда іштің төменгі бөлігінде шаншу пайда болады. Процесстің таралуында науқастың жалпы жағдайының бұзылуы және кіші жамбас мүшелері қызметтері бұзылуы байқалады. әлсіздік, терлегіштік, жүдеулік, тез шаршағыштық пайда болады, үнемі іштің төменгі жағы ауырады, іші кернейді, іште сұйықтықтың жиналуына байланысты, кеуде қуысына сарысудың жиналуына сәйкес ентікпе пайда болады, іштің көлемі үлкейеді, іші қатады. Жатырдан ациклды қан кету байқалады.Анықтау жолдары. Алғашқы сатысында анықтау қиындау, өйткені клиникалық белгілері толық білінбейді. Ісік көп жағдайларда алдын-алу қарау жұмыстарында анықталынады. Гинекологиялық зерттеу кезінде аналық безде консистенциясы қатты, үсті кедір бұдырлы қимылы шектелген ісік анықталады. Қынаптың артқы күмбезі арқылы ісік сезіледі. Аурудың 3-ші және 4-ші сатыларында асцит және гидроторакс болады. Іштің жоғарғы бөлігінде қатты, кедір-бұдырлы үлкен шарбы сезіледі, көп жағдайларда ісік шарбыға метастаз береді, метастаз іш қуысының барлық бөлігін, тіпті бауыр маңында зақымдайды. Аналық бездің рагы пайда болуының жоғарғы қауіпті тобына: жатыр қосалқысының қайталанатын ұзаққа созылатын қабыну процесстері, жатырдын көп миоматозды түйіні, ретенционды кистасы, ішкі жамбастағы түсініксіз ісіктері бар науқастар жатады. Дифференциялық анықтау кезінде қосымша әдістер ( рентгенопельвиография, лапороскопия, УДЗ) қолданылады. Ісіктің таралу сатысын толық анықтау үшін міндетті түрде қарын-ішек және несеп жолдарын тексеру керек.Емі. Үйлесімді әдіс қолданылады( оперативті шара және химиялық ем). Жатыр қосалқысымен қосажатырға экстрипация және үлкен шарбыға резекциясы жасалынады.Процестің кең таралған түрінде мұндай көлемдегі хирургиялық шара жасау техникалыұқ жағынан мүмкін емес. Мұндай жағдайларда негізгі ісікті алып тастайды. Химиялық ем (Тиотэф, циклофосфан, сарколизин, фтороразил және т.б.) операцияға дейін және операциядан кейін қолданады. Көп қолданылатын химиялық ем кең көлемде қолданылады. Аналық бездің рагын жүйелі түрде емдеуде андроген препараттары қолданылады.Алдын алу. Қатерлі ісіктің алдын алуда 30 жастан және одан жоғары әйелдерді көпшілік алдын алу қаралуынан өткізудің маңызы зор (жылына 2 рет). Бұл жұмыстар әйелдер консультациясында, өндіріс мекемелерінде, сонымен қатар поликлиниканың қарау кабинеттерінде өткізіледі. Үлкен көлемде жұмысты қарау кабинеттерінде аяжан жүргізеді. Жатыр мойны каналынан алынған жұғындының колькоскопиялық және цитологиялық зерттеуден өткізілуі тиіс. Қарын және емшек бездерінің рагымен ауырған әйелдерді, аналық бездің метастатикалық рагының алдын алу мақсатында міндетті түрде гинеколог дәрігерге көрсету қажет. әйел жыныс мүшелерінің рагын алдын алуда, рак алдыңғы ауруларда анықтаудың, мезгілінде және дұрыс емдеудің, диспансерлік қадағалаудың маңызы зор. Осыған байланысты әйел жыныс мүшелерінің ісіктерінің дамуының қауіпті тобын бөлу, осы топ ауруларын диспансерлік қадағалау және емдеу көзделген.

Әйел жыныс мүшелерінің рагы 5 топқа бөлінеді:

1-ші топ – сыртқы жыныс мүшелері рагының дамуы мүмкін әйелдер (вульва краурозасы, лейкоплакиясы, вульва және қынап эритроплакиясы).

2-ші топ – жатыр мойны рагының дамуы қауіпті топ. Жатыр мойнының эктопиясы, эктропионды эрозиясы, эритроплакиясы, қайталанатын полипі, лейкоплакиясы және дисплазиясы бар әйелдер.

3-ші топ – жатыр денесі рагының дамуы мүмкін әйелдер тобы. Ауыр онкологиялық тұқым қуалаушылығы бар, нейроэндокринді – зат алмасу, овуляция бұзылулары, эндометрийндің гиперпластикалық процестері, жатыр миомасы, аналық бездің гормонды- белсенді ісігі бар әйелдер.4-ші топ – аналық без рагының дамуы мүмкін әйелдер ауыр онкологиялық тұқым қуалаушылығы бар, аналық безге жасалған операциядан кейінгі, аналық бездің кистасы бар, жатыр қосалқысының созылмалы қабынуы, жатырдың көп миомасы, аналық бездің дисфункциясы, аналық бездің қатерсіз ісігі бар әйелдер.5-ші топ – жатыр түтікшесі рагының дамуы мүмкін әйелдер ( жатыр қосалқысының қайталанатын созылмалы қабынуы бар әйелдер)әйел жыныс мүшесінің рагының алдын алуда әңгіме, лекция түрінде жүргізілген тазалық ағарту жұмыстарының маңызы зор. Бұл жұмыстардың жиі орта медицина қызметкерлері өткізеді. Босану процессін ұқыпты өткізу жатыр мойнының жарақатын, эктропион дамуының жиілігін төмендетеді. Ісікке дейінгі ауырулар немесе жыныс мүшесінің ісігі анықталған әйелдер арнайы емханаларға тексерілуге және емделуге жіберіледі.Әйелдің жыныс мүшесінің қатерлі ісігіндегі еңбекке бейімділік экспертизасыҚатерлі ісікте уақытша еңбекке жарамсыздық науқасты тексеру кезеңіндегі диагнозды анықтау және бүкіл емдеу кезеңінде оперативті және консервативті қойылады. Тиімді ем және оның қолайлығында уақытша еңбекке жарамсыздық 4-6 айға созылады. Ол ВТЭК -дәрігерлік- еңбек – эксперттік комиссиясының шешімімен бекітіледі. Емханадан шыққаннан кейін науқас 6 ай көлемінде ауыр физикалық жұмыстан босатылады.

Аналық бездің қатерлі ісіктері.

Аналық бездің ісіктері әр түрлі, өйткені аналық без өзінің құрылысына сәйкес барлық үш ұрық қабатының элементтерінен тұрады.

Аналық без ісіктерінің гистологиялық топтастырылуы.

1.Эпителиальді ісіктер.

а/ цистаденома және папиллярлы цистаденома

б/ бет жағындағы аденома.

в/ аденофиброма және цистаденофиброма.

2. Шекаралық.

а/ цистаденома және папиллярлы цистаденома.

б/ бет жағындағы папиллома.

в/ аденофиброма және цистоаденофиброма.

3. Қатерлі.

а/ аденокарцинома, папиллярлы аденокарцинома.

б/ бет жағындағы папиллярлы карцинома.

в/ қатерлі аденофиброма және цистоаденофиброма.

Б. Муцинозды ісіктер.

1.Қатерсіз. а/ цистаденома.

б/ аденофиброма, цистоаденофиброма.

2.Шекаралық. а/ цистоаденома.

б/ аденофиброма, цистоаденофиброма.

3.Қатерлі ісік. а/аденокарцинома,цистоаденокарцинома.

б/ қатерлі аденофиброма,цистоаденофиброма

В.Эндометриоидты ісіктер.

1.Қатерсіз. а/ аденома, цистоаденома.

б/ аденофиброма, цистоаденофиброма.

2.Шекаралық. а/аденома, цистоаденома.

б/ аденофиброма, цистоаденофиброма.

3.Қатерлі. а/ карцинома, аденокарцинома, қатерлі аденофиброма.

б/ эндометроидты стромалы саркома.

в/ мезодермальді аралас ісіктер.Г.Ашық клеткалы.

1.Қатерсіз. аденофиброма.

2.Шекаралық.

3.Қатерлі; карцинома, аденокарцинома.Д. Бреннер ісігі.

1.Қатерсіз.

2.Шекаралық.

3.Қатерлі.Е.

Аралас зпителиальді ісік.Ж. Дифференцияланбаған карцинома.З. Топтастыруға келмейтін эпителиальді ісіктер.Аталған ауруға шалдыққан кезде адамның салмағы азайып, әлсіздік пайда болады. Тіпті аурудың алғашқы сатысы білінбеуі мүмкін, яғни  ешбір белгі бермей өрши береді. Сондықтан да «жатыр мой­нындағы қатерлі ісік» деген диаг­ноз әйелдер үшін қашан да болса төбеден тас түскендей болатыны рас.  Дегенмен жаңадан пайда болған қатерлі ісік бірден ұлғайып кетпейтінін ескерсек, бұл аурудан айығуға болады. Бұған қазіргі  медицинаның құдіреті жетеді. Дәрігерлер мұндай жағ­дайда ауру әйелді мұқият тексеруден өткізіп барып, дертін анықтағаннан кейін емдеу жұ­мыс­тарын бастайды.Жалпы аталған аурудың пайда болу себептері көп. Жыныстық қатынасқа ерте түсу, 18 жастан кейін, яғни ерте босану немесе 28 жастан кейін жүкті болу аталған дерттің пайда болуына әсерін тигізеді. Сондай-ақ жатыр мойнының жаралары мен жыныс жолдарының инфекциялары және темекі шегу қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін. Егер ауруды асқынбай тұрып анықтаса, толық айығуға мүмкіндік бар.Жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдықпау үшін өз денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Жыныстық жолмен берілетін түрлі инфекциялардан және кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану керек. Түсік жасату да қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін. Папиломавирусты инфекцияға қарсы егілу керек. Жыл сайын міндетті түрде цитологиялық тексеруден өткен жөн. Сондай-ақ иммунитетті нығайтып, құнарлы тамақтанып жүру керек.Қаланың барлық амбулаторлық емханаларында  акушер-гинекологтар жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу үшін скрининг жүргізіп жатыр. Сондай-ақ 35-40-45-50-55-60 жастағы әйелдер ақысыз түрде кольоноскопия және онноцитология арқылы тексеріле алады.

11. Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 47

1.Гинекология бөлімшесінде тақырып бойынша науқасты курациялау, тәжірибелік дағдыны игеру:

2.Қатерлі ісігі бар науқастарды анықтап, емдеу жоспарын құру:

3.Жүргізу және емдеу жоспарын тұжырымдап, оперативті емдеуге көрсеткішін тұжырымдау:

4.Медициналық құжаттарды толтыру дәптеріне толтырылған құжаттар жайлы жазып отыру:

5.Оқытушы оқушының тексеру көлеміне ем нәтижелерінің дұрыс жүргізуіне назар аударады,ем нәтижесіз болса оперативті ем көрсетіледі.Операциядан кейінгі кезеңді жүргізуді үйрету.



12. Жаңа тақырыпты бекіту 14м

Кроссворд шешумен жүргізіледі. Қойылатын сұрақтар:

1.Әйел жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктерін ата?

2. полиптердің емдеу әдістерін ата

3. эрозиялардың емдеу әдістерін ата?

4. қатерлі ісіктердің емдеу әдістерін ата?

5. қатерлі ісіктердің этиологиясы?

6. қатерлі ісіктердің патогенезі?

7. себептері мен диагностикасы?

13. Cабақты қорытындылау 4 мин

. Оқушылардың білім деңгейін бағалау



. Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау

14. Үй Үйге тапсырма беру 3 мин


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет