АҚШ конгресінің өкілдер палатасы ел аумағында TikTok-қа тыйым салатын заң қабылдады. Құжат сенатқа жолданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Егер заң жобасы қабылданса, TikTok-тың қытайлық ByteDance компаниясынан бөлініп шығуына шамамен бес ай уақыт беріледі. TikTok қытайлық компаниядан бас тартпаған жағдайда, әлеуметтік желіні АҚШ аумағында қолдануға тыйым салынады.

Заңды жобасын әзірлеушілердің айтуынша, TikTok ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді. Себебі Қытай билігі өзінің барлау туралы заңдарын ByteDance-ке қарсы пайдаланып, аталмыш әлеуметтік желіге тіркелген АҚШ азаматтарының деректеріне қол жеткізуі мүмкін.

Қытай сыртқы істер министрлігі өкілдер палатасының әрекетіне жауап беріп, оны "қорқыту әрекеті" деп атады.

TikTok-қа тыйым салынуы 170 миллион американдық пайдаланатын әлемдегі ең танымал әлеуметтік желілердің бірі үшін үлкен қиындық әкелмек. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.