С. Қ. Мемешов. Топырақтану практикумы



жүктеу 2.07 Mb.
бет10/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тапсырмага түсініктеме.

Карталар, картограммалар мен оларға түсініктеме материалдар (талдау мәліметтері, өнімділік, топырақ түзілу жағдайлары т.б.) негізінде шаруашылық топырақтарын агрономиялық сипаттау тапсырмасын орындаудан бұрын, бұл материалдарды мына тәртіппен мұқият зерттейді:

1) Гранулометриялық құрамын, топырақ түзуші жыныстар сипаты мен ауданын көрсете барлық топырақтар қатарын құрады;

2) Топырақтарды ылғалдану жағдайы (автоморфты, жартылай гидроморфты, гидроморфты, жайылмалық) бойынша бөледі;

3) Мелиоративтік шараларды қажет ететін топырақтарды бөледі (батпақтану, тұздану, кебірлену, тастардан тазалайтын бөліктер).

Бұдан кейін топырақтарды нақты бағалауға кіріседі. Топырақтарды агрономиялық бағалау негізінде тип, типшелерге бөлумен анықталатын генетикалық ерекшеліктері бірінші кезекте болады. Тип және типше ішінде топырақтардың гранулометриялық құрамы, орта реакциясы, гумус мөлшері қарашірікті қабат қалыңдығы әртүрлі болуы мүмкін, топырақтарды нақты агрономиялық бағалауда су-ауа, жылу және қоректік режимдерімен тығыз байланысты топырақ жағдайлары, сонымен қатар ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру ерекшеліктері ескеріледі.

Топырақтарды агрономиялық сипаттау материалдарын жүйелеуде барлық топырақ аймақтарын агрономиялық бағалауда колданылатын жалпы топырақ қасиеттерін және жекеленген аймақтарда ғана болатын аймақтық ерекшеліктерді бөледі.

88

Топырақтарды агроөндірістік топтауда агрономиялық қасиеттері мен ауылшаруашылығында қолдану ерекшеліктері ұқсас топырақ түрлері мен түршелерін ірі аймақтық топтарға біріктіреді. Оны топырақ очеркінде, арнайы картограммаларда береді.



Агроөндірістік топтауды өсірілетін дақылдар ерекшеліктерін ескере топырақтарды нақты агрономиялық сипаттау негізінде жүргізеді, шаруашылықтың даму болашағы да ескеріледі. Агроөндірістік топқа ең алдымен генезисі (бір генетикалық типке, типшеге, тегке, түрге жату) ұқсас топырақтарды біріктіреді.

Топырақтарды агрономиялық сипаттау негізінде бірнеше түр немесе түршелерде бірдей болатын көрсеткіштерді анықтайды. Оларға мынадай көрсеткіштер жатады:

1) топырақтардың гранулометриялық құрамы, қалыптасуы, қарашірікті қабат қалыңдығы және топырақтардың геоморфологиялық, гидрологиялық орналасу жағдайлары негізінде қалыптасатын су-ауа және жылу касиеттерінің ұқсас болуы;

2) қоректену режимі, сонымен қатар тыңайтқыштарды қолдану жағдайларын сипаттайтын жағдайлардың ұқсас болуы;

3) топырақтарды өңдеуді анықтайтын қасиеттер көрсеткіштерінің ұқсас болуы: байланыстылығы, иленгіштігі, жабысқақтығы, ісінуі, қыртыс түзуі, пісу уақыты, жырту қабатының терендігі;

4) мелиорациялық шараларға қажеттілік, топырақтардың батпақтану дәрежесін, гранулометриялық кұрамын, кебірлілігі мен кебірлер кескінінің қалыптасу ерекшеліктерін, сортаңдануын, орта реакциясын бағалау негізінде анықталады. Гидрологиялық режим мен жер бедері жағдайлары да ескеріледі;

5) Топырақ кескінінде өсімдіктер үшін зиянды заттардың болуы;

6) Эрозияға ұшырау сипаты.

Бір агроөндірістік топқа біріктірілген топырақтардың қолданылу бағыты мен дақылдарды өсірудегі агротехникалық шаралар да ұқсас болады. Агроөндірістік топтау ауылшаруашылығының практикалық сұрақтарын шешкенді топырақтарды ең тиімді қолдануға мүмкіндік туғызады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Карталар мен атластар ауылшаруашылығында қалай қолданылады?

2. Картограмма дегеніміз не?

3. Шаруашылық топырақтарын агрономиялық сипаттауда қандай материалдар қолданылады?

4. Топырақтарды агрономиялық бағалауда бірінші кезекте қандай ерекшеліктер ескеріледі?

5. Ауылшаруашылығында қолдану ерекшеліктері ұқсас топырақ түрлері мен түршелерін ірі аймақтық топтарға қандай себептермен біріктіреді?

89
ТОПЫРАҚ БОНИТИРОВКАСЫ
Сабақтың мақсаты: Топырақ бонитировкасы мазмұны және міндеттерімен танысу, топырақтың бонитировкалық ұпайын есептеу әдістерің меңгеру.

Тапсырма:

1. Топырақ бонитировкасы мазмұны және міндеттерімен танысу.

2. Солтүстік Қазақстан топырақтары бонитировкалық ерекшеліктерін және негізгі бонитировкалық белгілерін анықтау.

3. Топырақтың бонитировкалық ұпайын есептеу.



Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақ бонитировкасы - бұл топырактың сапалық белгісі құнарлылықты сандық көрсеткішпен бағалау.

Бонитировка мақсаты - бір топырақтың екінші топырақтан өз қасиеттері бойынша артық не кемдігін ұпай түрінде көрсету.

Топырақ кұндылығын салыстыру, оның құнарлылығын сандық бағалау ең алдымен жер ауыл шаруашылығындағы негізгі өндіргіш құрал. Сонымен қатар өз қасиеттерінің әртүрлілігімен ерекшеленетін болғандықтан қажет. Бұл маңызды жұмысты атқару үшін топырақ жайында нақты ғылыми білім, оны тиімді пайдалану үшін жердің потенциалды қорлары туралы топырақ жамылғысы туралы статистикалық мәліметтер қажет.

Мұның бәрі біздің елімізде топырақ бонитировкасын жүргізуді қажет етеді.

Топырақ бонитировкасы көрсеткіштері мыналарды анықтауға мүмкіндік тудырады.

1. Әрбір шаруашылықтың топырақ жамылғысының сапасын өндірістік мүмкіншіліктерін бағалау.

2. Әр түрлі облыстардың, аудандардың, шаруашылықтардың егістік алқаптарының сапасын салыстыру.

3. Әртүрлі ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін қолайлы топырақтарды анықтау.

4. Топырақтық-климаттық жағдайларды ескере отырып, ауыл шаруашылығын орналастыру және мамандануының қолайлы жағдайларын анықтау.

5. Топырақ сапасының негізінде ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігін жоспарлаудың ғылыми негізін қамтамасыз ету.

6. Жеке аудандардың, шаруашылықтардың, шаруашылықтық әрекетіне баға беру.

7. Шаруашылықтық әрекетке жер бөлудің тиімділігін жоғарылату.

Қазақстанда топырақ бонитировкасының бірнеше әдісі ұсынылған. Ғылыми мекемелердің зерттеуімен, соның ішінде Солтүстік Қазақстан топырақтарының бонитировкасының әдістемесі жасалынған. Бұл әдістеме бойынша бағалау объектісі болып топырақ әртүрлілігінің бонитировкалық ұпайын белгілі жағдайда ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігіне ықпалы жоғары касиеттері және белгілерінің сандық көрсеткіші негізінде есептейді Солтүстік Қазақстан топырақтары үшін ондай қасиеттер мыналар.

90

I. Қарашірікті қабаттың қалыңдығы А+В1 см



2. А+В1 қабатындағы қарашірік қоры т/га

3. Механикалық құрамы (А қабатындағы физикалық балшық мөлшері)



4. Топырақтың кебірлену дәрежесі

5. Карбонаттылығы

6. Тұздануы

Топырақ әртүрлілігінің бонитет ұпайын есептеу 1 таблица бойынша жүргізіледі. Таблицаға топырақ әртүрлілігін жазады. Сәйкес бағасын және олардың сандық сипаттамасын бағаланатын жер аумағының ең жақсы топырағын қарашірінді горизонты қалыңдығы бойынша А+В горизонтын-дағы қарашірінді қоры бойынша механикалық құрамы бойынша 100 үпай деп алып, басқа топырақ әртүрліліктерін осыған салыстырмалы түрде есептейміз.

Мысалы. А+В1 горизонты калыңдығы эталон топырақта 60см 100 ұпай деп бағаланады, А+В1-50см болатын топырақ әртүрлілігінің бонитет балы мынаған тен.

60 см - 100 ұпай

50 см – х х=50* 100/60=83 ұпай

Осындай жолмен А+В1 горизонтындағы қарашірінді қорының т/га бонитет ұпайын есептейді. Топырақ зерттеу деректерінде қарашірінді мөлшері процент есебімен көрсетіледі, ал бонитет ұпайын оның т/га есебіндегі қорымен шығарады. т/га есебінде қарашірінді мөлшерін есептеу үшін формула қолданылады:

I=h*v*p

Мұнда: I - берілген горизонттағы т/га-мен қарашірінді коры



һ - горизонт калыңдығы, см

v – көлемдік массасы г/см3 осы горизонттың

р - қарашірінді мөлшері %

Қарашірінді корын т/га жеке А горизонтына және В1 есептейді.

Механикалық құрамын бағалау топырақтағы жоғарғы горизонтындағы физикалық балшық мөлшерімен жүргізіледі. Физикалық балшық мөлшері 52% топырақ 100 ұпай деп бағаланады. Осы эталоннан (52%) физикалық балшықтың 1%-ке жоғарылауы не кемуі бағалау ұпайын 2-ге кемітеді. Мысалы: бағаланатын топырақтың А горизонтында физикалық балшық 60%, яғни эталон топырақтан 8%-ке жоғары механикалық құрамы бойынша ұпайы 100-(8*2)=84 ұпай.

Топырақтағы А горизонтында физикалық балшық 42%, яғни эталон топырақтан 10%-ке төмен ұпай саны 10-(10*2)=80 ұпай. Үш көрсеткіш бойынша топырақтың ұпай санының орташа көрсеткішін былай есептейміз. Мысалы. Горизонт калыңдығы бойынша 100 ұпай карашірінді мөлшері бойынша 98 ұпай механикалық құрамы бойынша 96 ұпай

100+98+96/3=98 ұпай

Кебірленуін түзету коэфициентін ендіру арқылы шығарамыз.

Сәл кебірленген түзету коэфициенті 0,9

Орташа кебірленген - 0,8

Жоғары кебірленген - 0,6

91

Карбонатты топырақтар үшін түзету коэфициенті 0,95



Тұзданған топырақтар үшін түзету коэфициенті төмендегідей.

Сәл тұзданған - 0,8

Орташа тұзданған - 0,6

Тұздануы жоғары - 0,3

Сорлар - 0,1

Топырақ әртүрлілігінің нақты ұпай саны орташа ұпай санын түзету коэфициентіне көбейту арқылы шығарамыз.

Ауданның, шаруашылық топырақ бүркеуін бағалау үшін мына формуланы қолданамыз.
Ворташа1Р12Р2+Т.С.С.12+Т.С.С.

Мұнда: Ворташа- топырақ бүркеуінің орташа бағалық ұпайы

В1 топырақ әртүрлілігінің бонитет ұпайы

Р1 топырақ әртүрлілігінің ауданы


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақ бонитировкалық ұпайын есептеудің мақсаты қандай?

2. Бонитет ұпайын анықтауда қандай көрсеткіштер алынады?

3. Бонитет ұпайын анықтау қандай жолмен жүргізіледі?

92


ТОПЫРАҚТАНУ ПӘНІНЕН ТЕСТТЕР
1.

Генетикалық топырақтанудың негізін калаған кім:

a) Вильямс В.Р.

b) Сибирцев Н.М.

c) Костычев П.А.

d) Докучаев В.В

e) Тюрин Р.И.
2.

Топырақ агрегаттарының қандай мөлшері макро құрылымды:

a) 10 мм-ден жоғары

b) 10-0,25 мм

c) 0,25-0,01 мм

d) 0,01-0,001 мм



e) 0,001 мм-ден жоғары
3.

Топырақтар қандай тау жыныстарында түзіледі:

a) магмалық

b) метоморфтық

c) шөгінді

d) интрузивті

e) эффузивті
4.

Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін көрсет:

a) кұрылысы; калыңдығы

b) құрылысы; калыңдығы; боялуы, құрылымы, механикалық құрамы

c) құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы

d) кұрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы, механикалық құрамы, қалыптасуы, жаңа жарандылар мен кіріспелер

e) құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы, механикалық құрамы, қалыптасуы, жаңа жарандылар мен кіріспелер, кеуектілік,
5.

Өзендердің жайылуы нәтижесінде шөккен топырақ түзуші жыныстар қалай аталады:

a) элювий

b) делювий

c) пролювий

d) аллювий

e) морена

93
6.

Тау жыныстарының бұзылуының қандай түрлері бар:

a) химиялық, физикалық

b) химиялық, физикалық, биологиялық

c) химиялық, антропогендік, биологиялық



d) биологиялық, физикалық

e) химиялық, биологиялық,


7.

Физикалық балшыққа жататын бөлшектердің мөлшері қандай:

a) 0,0001 мм-ден кіші

b) 0,001 мм-ден кіші

c) 0,01 мм-ден кіші

d) 0,1 мм-ден кіші

e) 1мм
8.

Мөлшері қандай топырақ элементтері тастар деп аталады:

a) 3 мм-ден ірі

b) 3-1 мм

c) 1-0,05

d) 0,05-0,0005 мм

e) 0,0005-0,0001 мм
9.

Тау етегінде қысқа мерзімді күшті су және сел тасқындарынан кейін шөккен жыныстар қалай аталынады:

a) элювий

b) делювий

c) пролювий

d) аллювий

e) морена
10.

Физикалық құмға жататын топырақ бөлшектерінің мөлшері қандай:

a) 0,001 мм-ден ірі

b) 0,01 мм-ден ipi

c) 1 мм-ден ipi

d) 2 мм-ден ipi

e) 10 мм-ден ipi


11

Мұз жылжуымен орын ауыстырған әртүрлі жыныстардың бұзылу өнімдері қалай аталынады:

а) элювий

94

b) делювий



c) пролювий

d) аллювий

e) морена

12

Механикалық құрамы қандай топырақтардың су ұстау қабілеті төмен:

a) құмды, құмайт

b) жеңіл құмбалшық, орташа құмбалшық

c) жеңіл балшықты, орташа балшықты

d) ауыр кұмбалшықты

e) ауыр балшықты


13.

Топырақтың органикалық заттарының негізгі көздерін көрсет:

a) микроорганизмдер қалдықтары

b) топырақ фаунасы қалдықтары

c) топырақ фаунасы және микроорганизмдер қалдықтары

d) жасыл өсімдіктер қалдықтары

e) жасыл өсімдіктер, микроорганизмдер, топырақ фаунасы қалдықтары
14.

Қарашіріктің құрамына қандай заттар енеді:

a) фульвоқышқылдары, гуминқышқылдары

b) гуминқышқылдары және гумин

c) фульвоқышқылдары, гумин қышқылдары, гумин

d) фульвоқышқылдары, гумин қышқылдары, гумин және гиматомелан қышқылы

e) фульвоқышқылдары және гумин
15.

Топырақ кеуектілігі жақсы жырту қабатын көрсет:

а) жеңіл кұмбалшықты қара топырақ

b) жеңіл балшықты қара топырақ

с) құмдақ қара топырақ

d) жеңіл кұмбалшықты қоңыр топырақ



е) құмдақ қара топырақ
16.

Топырақ құнарлығындағы құрылымның маңызын терең зерттеген ғалым

a) Докучаев В.В.

b) Костычев П.А.

c) Вильямс В.Р

d) Гедройц К.К.

e) Качинский П.А.

95

17.



Топырақтың кеуектілігі қанағаттанарлық жырту қабатын көрсет:

a) 70 %-тен жоғары

b) 65-55 %

c) 55-50%

d) 50-40%

e) 40 %-тен төмен


18.

Мегақұрылымға жататын топырақ агрегаттары мөлшерін көрсет:

a) 10 мм-ден жоғары

b) 10-0,25 мм

c) 0,25-0,01 мм

d) 0,01 мм-ден төмен

e) 0,001 мм
19.

Топырақ құрылымының жел эрозиясына төзімді мөлшерін көрсет:

a) 1 мм-ден жоғары

b) 0,1 мм-ден жоғары

c) 0,01 мм-ден жоғары

d) 0,001 мм-ден жоғары

e) 1 мм-ден төмен
20.

В.В.Докучаев топырақ түзілудің қандай факторларын атап көрсетті:

a) климат, жер бедері, өсімдіктер

b) климат, жер бедері, өсімдіктер, топырақ түзуші жыныстар

c) климат, жер бедері, өсімдіктер, топырақ түзуші жыныстар, уақыт

d) климат, жер бедері, өсімдіктер, топырақ түзуші жыныстар, уақыт, адамзаттың өндірістік әрекеттері

e) климат, өсімдіктер
21.

Топырақтың негізгі қасиетін көрсет:

a) тығыздық

b) кеуектілік

c) сіңіру касиеті

d) химиялық қасиеттері

e) құнарлылық
22.

Моос шкаласы бойынша ең жұмсақ минерал:

а) тальк

96

b) гипс



c) апатит

d) корунд

e) алмаз
23

Сыртқы механикалық әсерге минералдың кедергі жасау дәрежесі:

a) түсі

b) жылтырлығы



c) жымдастығы

d) каттылығы

e) карбонаттылығы
24.

Өзен шөгінділері қалай аталады:

a) аллювий

b) делювий

c) эллювий

d) морендік

e) лесстар
25.

Желмен жиналған шөгінділер:

a) лесс

b) флювиогляциальдік



c) эолдық

d) морендік

e) аллювий
26.

Иллювиальды немесе аралық қабат

a) А

b) В


c) С

d) Д


e) Е
27.

С.А. Захаров бойынша құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр үш ось бойымен қалыптасқан құрылым:

a) куб тәріздес

b) призма тәріздес

c) плита тәріздес

d) қабыршақты

e) бағаналы

97

28.



Құрамындағы физикалық балшық мөлшері 70 % топырақ:

a) құмдақ



b) құмбалшық

c) жеңіл балшықты

d) орташа балшықты

e) ауыр балшықты


29.

Топыраққа қара, күңгірт, сұр бояу беретін заттар:

a) қарашірік

b) темір қосындылары

c) кремний қышқылы

d) натрий

e) магний
30.

Топырақтың коллоидтық қасиеттерін терең зерттеп, олардың дақылдар үшін маңызын көрсеткен ғалым:

a) Докучаев В.В.

b) Костычев

c) Глинка

d) Коссович

e) Гедройц
31.

Топырақтанудың биологиялық бағытын құрған ғалым:

a) Глинка

b) Коссович

c) Вильямс

d) Гедройц

e) Прянишников
32.

Жердің температуралық режимінің 99,5% жылу көзі:

a) күн сәулесі

b) планетаның қойнауынан көтерілетін жылу

c) ай сәулесі

d) вулкан

e) химиялық реакциялар
33.

Жыныспен бір уақытта жер қыртысының терең қабаттарында түзіліп, өзгеріссіз сақталған минералдар:

98

а) бастапқы



в) туынды

c) авгит


d) кристал

e) аралас


34.

Топырақтың дамуы неше кезеңдерден өтеді:

a) 2

b) 3


c) 4

d) 6


е) 10
35.

Механикалық элементтердің 3 мм-ден ірі фракциялары:

a) тастар

b) киыршықтас

c) құм

d) тозаң


e) лай
36.

Топырақтың сіңірі қабілетін күшейтетін ұсақ түйіршіктер

a) минералдар

b) коллоид

c) аллювий

d) сильвинит

e) магма
37.

Коллоидтар түзілуінің неше түрлі жолы бар

a) 2

b) 4


c) 6

d) 8


e) 10
38.

Коллоидтардың топырақтағы қоймалжың ерітінді түріндегі күйі

а) гель

b) золь


c) пептизация

d) коагуляция

e) седиментация

99

39.



Коллоидтардың топырақтағы қоймалжың тұнба түріндегі күйі

a) гель


b) золь

c) пептизация

d) коагуляция

e) седиментация


40.

Топырақ ауасының атмосфера ауасымен газ алмасу процесі

a) пептизация

b) коагуляция

c) седиментация

d) нитрификация

e) аэрация
41.

Топырақ ауасы топырақта қандай күйлерде болуы мүмкін

a) бос, адсорбцияланған, ерітінді

b) газ, ерітінді; қатты

c) бос, сығылған

d) адсорбцияланған, ерітінді

e) байланысқан, адсорбцияланған, ерітінді
42.

Ауа режиміннің тәуліктік динамикасында ауа құрамының өзгеруі қанша процент

a) 5-10%

b) 10-15%

c) 15-20%

d) 20-30%

e) 40-50%
43.

Топыраққа енген және топырақтан шығарылған жылу арасындағы айырмашылық

a) температура режимі

b) альбедо

c) диффузия

d) радиациялық баланс

e) жылу өткізгіштік
44.

Топырақ қыста 5 айдан артық уақытқа қатады, жылу режимі типі

100

а) тоңды


b) ұзақ мерзімді

c) мерзімді

d) қоңыржай

e) қатпайтын


45.

Мына топырақтар ерітіндісінде осмостық қысымы ең жоғарысы

a) нағыз қаратопырақ

b) сілтісізденген қаратопырақ

с) кәдімгі қаратопырақ

d) коңыр топырақ

e) сортопырақ
46.

Тотығу жағдайы абсолюттік басымдылықтағы топырақтар

a) шөлейт, дала топырақтары

b) тайгалы орман топырақтары

c) батпақтар мен гидроморфты кебірлер

d) шымды күлгінді, күлгінді

e) автоморфты кебірлер
47.

Топырақ ерітіндісіндегі минералды және органикалық бөлік салыстырмалы түрде тең топырақ

a) қаратопырақ

b) қышқыл топырақ

c) тұзданған топырақ

d) кебір


е) күлгін топырақ
48.

C.K. Гедройц сіңіру қасиетінің неше түрін бөліп көрсетті

а) 3

в) 4


с) 5

d 6


е) 7
49.

Катиондық алмасу сиымдылығы дегеніміз не:

а) топырақтағы алмасу күйіндегі Са катиондарының ең жоғары мөлшері

Ь) топырақтағы алмасу күйіндегі Na катиондарының ең жоғары мөлшері

c) топырақтағы алмасу күйіндегі катиондарының ең жоғары мөлшері

d) топырақтағы алмасу күйіндегі аниондардың ең жоғары

е) топырақтағы алмасу күйінде сіңірілген су мөлшері

101


50.

Қандай процесс топырақ құрылымының түзілуіне және сақталынуына жағымсыз ықпал етеді:

a) коагуляция

b) пептизация

c) седиминтация

d) барлық жоғары аталғандар

e) нитрификация
51.

Қандай механикалық құрамдағы топырақтың су өткізгіштігі жоғары:

a) орташа балшықты

b) жеңіл балшықты

c) ауыр құмбалшықты

d) орташа құмбалшықты

e) жеңіл құмбалшықты
52

Топырақтың 0-100 см қабатындағы тиімді ылғалдың жақсы қорын көрсет:

a) 160 мм-ден жоғары

b) 160-130 мм

c) 130-90 мм

d) 90-60 мм

e) 60 мм-ден төмен
53.

Қандай аралықта топырақ ылғалдылығының өсімдіктер үшін пайдаланымдығы жоғары:

a) максимальды гигроскопиялықтан солу ылғалдылығына дейін

b) солу ылғалдылығынан капиллярлық үзілу ылғалдылығына дейін

c) капиллярлық үзілу ылғалдылығынан ең аз су сиымдылығына дейін

d) 5-10%


e) 20-30%
54.

Топырақтың ең жақсы су өткізгіштігін көрсет:

a) 1000-500 мм/сағ

b) 500-100 мм/сағ

c) 100-70 мм/саг

d) 70-30 мм/сағ

e) 30 мм/сагаттан төмен

55.

Төмендегідей құрғақ қалдықты топырақтардың қайсысы күшті тұзданған:

а) 0,3%-тен төмен

b) 0,3-0,5 %

c) 0,5-0,7 %

d) 0,7-1,0%

e) 1,0 %-тен жоғары


56.

Минералды және органикалық кышқылдарда еритін гумусты қосылыстар тобы

a) фульвоқышқылдары

b) гумин қышқылдары

с) гуМИН

d) гиматомелан

е) қарашірік
57.

Судың беттік керілуі мен қатты бөлшектерді ылғалдандыруға негізделген күштер:

a) сорбция

b) капилярлық

c) осмостық

d) гравитациялық

e) хемотерапия
58.

Өсімдік тамыр жүйесінің copy күші:

a) 1,0х102кПа(10 атм)

b) 1,5х103 кПа(15 атм)

c) 20кПа

d) 20 атм

e) 2,1х104кПа(30атм)
59.

Топырақ ылғалының әртүрлі категориялары пайда болуын сипаттайтын ылғалдың маңыздылық шекаралары:

а) еркін ылғал

Ь) гигроскопиялық ылғал

c) гидротациялық ылғал

d) гидрологиялық константа

e) адсорбциялық константа

60.

Көлдете суарудан кейін гравитациялық ылғалдылық ағып, жер асты суларының тірек әсері болмаған жағдайда топырақта қалатын ылғал мөлшері:

а) максимальды гигроскопиялық

103

b) максимальды молекулярлық ылғал сиымдылық



c) толық ылғал сиымдылық

d) қаныққан далалық ылғал сиымдылық

e) солу ылғалдылығы
61.

Өсімдіктер тамырлары мен микроорганизмдер тіршілігіне байланысты сіңіру түрі

a) биологиялық сіңіру

b) механикалық сіңіру

c) химиялық сіңіру

d) физико-химиялық

e) физикалық сіңіру
62.

Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері

a) топырақ тығыздығы, топырақ қатты фазасы тығыздығы, кеуектілік

b) кеуектілік, қаттылық, гранулометриялык құрам

c) топырақ тығыздығы, ауа режимі, су режимі

d) топырақ қатты фазасы тығыздығы, жабысқақтық, су өткізгіштік

e) ауа өткізгіштік, су өткізгіштік, жылу өткізгіштік
63.

Жылдық орта жауын шашын жиынтығы жылдық орта булануға тең болғандағы су режимі типі

a) тоңды

b) шайылма

c) қайта шайылма

d) шайылмайтын

e) жіпсу
64.

Топырақ ортасының қышқыл, сілті, т.б. әсерінен өзгермеу қасиеті

a) бонитировка

b) буферлілік

c) биотит

d) биолит

e) гальмиролиз
65.

1 г немесе 1 см топырақты 1° С жылытуға жұмсалатын жылу колориясымен сипатталады

a) жылу сиымдылық

b) жылу өткізгіштік

c) жылу сіңірімділік

104


d) жылу шағылыстыру

e) жарық шағылыстыру


66.

Қай уақытта топырақтағы көмір қышқыл газы ең төмен мөлшерде болады

a) көктемде

b) көктемде және жазда

c) қыста және күзде

d) жазда


e) таң алдында
67.

Температураның жылдық өзгеруінің жазғы кезеңінде топырақта жылу калай жылжиды

a) өзгеріссіз

b) оңтүстікке

c) солтүстікке

d) жоғары қабаттардан төменгі қабаттарға

e) төменгі қабаттардан жоғары қабаттарга
68.

Температураның тәуліктік өзгеруінде қай уақытты жер беткейінде температура ең төмен болады

a) таң алдында

b) күн батар кезде

c) 13.00 сағ

d) 18.00 сағ

e) 21.00 сағ
69.

Топырақтанушы ғалымдардың қайсысы топырақ құнарлығы туралы ғылымның дамуына зор үлес қосты:

a) Докучаев В.В.

b) Сибирцев Н.М.

c) Костычев П.А.

d) Гедройц К.К.

e) Вильямс В.Р.
70.

Төмендегі аталған топырақ кұнарлығы факторларының қайсысы Қазақстанның далалы аймағында өнімнің қалыптасуында жетекші орын алады:

a) қоректік режим

b) су режимі

c) тотығу-калпына келу режимі

d) температура режимі

105

е) топырақтың физикалык режимі


71 .

Топырақтарды атмосфералық ылғалдану режимі мен есімдіктер типіне карай бөлу:

a) ендік аймақтылық

b) бойлық аймақтылық

c) климаттық белдеу

d) топырақтық-биоклиматтық облыстар

e) топырақ фракциясы
72.

Температуралық режиміне, мерзімдік ылғалдануына қарай зона бөлшегі:

a) климаттық белдеу

b) топырақ зонасы

c) топырақ фракциясы

d) топырақ провинциясы

e) зона тармағы
73.

Белгілердің айқын білінуіне қарай топырақ фациясы бөлігі:

a) климаттық белдеу

b) топырақ зонасы

c) топырақ фракциясы

d) топырак провинциясы

e) зона тармағы
74.

Топырақ классификациясының негізгі таксономиялық бірлігін көрсет:

a) тег

b) түр


c) түрше

d) тип


e) типше
75.

Қандай таксономиялық бірлік топырақтың жоғарғы қабаттарының және топырақ түзуші жыныстардың механикалық құрамы бойынша анықталады:

a) тег

b) түр


c) түрше

d) тип


e) типше
76.

106


Қандай таксономиялық бірлік қарашірік мөлшері және карашірікті қабат

қалындығы бойынша анықталады:

а) тип

b) типше



с) тег

d) түр


e) түрше
77.

Құнарлылықтың қандай түрлерін айырады:

a) табиғи, жасанды

b) табиғи, экономикалық

с) биологиялық, ТИІМДІ

d) жасанды, тиімді

е) табиғи, жасанды, биологиялық
78.

Қара топырақтар қандай аймақтарда таралған:

а) тайгалы-орман, орманды дала

Ь) далалы және кұрғак далалы

с) орманды далалы және далалы

d) құрғак далалы

e) шөлейт
79.

Қазақстанның қай аймағында сұр орман топырақтары бар:

a) шөлейт

b) кұрғақ аймақты

c) далалы

d) орманды далалы

e) кұмды

80.

Қара топырақтың қай типшесі терең қарашірікті кескінге ие 190-120 см және жоғары:

a) күлгінденген

b) сілтісізденген

c) нағыз


d) кәдімгі

e) оңтүстік


81.

Қара топырақтың орташа калыңдықты түрін көрсет:

a) А+В1=120 см-ден жоғары

b) А+В1=120-80 см

107

c) А+В1=80-40см



d) А+В1=40-25 см

e) А+В1=25 см-ден төмен


82.

Нағыз қара топырақтың кескінінің құралуын көрсет:

a) Ад-А-В12

b) Ал-А-В12к

c) АД-А-АВ12 2

d) А-В-С


e) А1В12
83.

Қара топырақтағы қарашіріктің жоғары деңгейін көрсет:

a) 10 %-тен жоғары

b) 6-10%


c) 4-6%

d) 2-4 %


e) 2 %-тен төмен
84.

Сұр орман топырағының кескінінің құралуын көрсет:

a) А0122В-В-С

b) Ао1АіА2-ВА2-В-ВС-С

c) Ад-А-В12

d) АД-А-В1В2К

e) А112
85.

Кебірлердің кескінінің құралуын көрсет:

a) А-В-С

b) А112-ВС-С

c) А0122В-В-С

d) А11к

e) Ад-А-В12
86.

Қара-қоңыр топырақтың кескінінің құралуын көрсет:

a) Ад122В-В-С

b) А011А22В-В-С

c) Ад-А-В12

d) Ад-А-В1В2к

e) А112
87.

108


Топырақтың қай тегі А кабатында HC1 қайнайды:

a) қалыпты

b) кебірленген

c) сорланған

d) карбонатсыз

e) карбонатты


88.

Құрғақ далалы аймақта қандай топырақ аймақтық типті топырақ болып табылады:

a) қара топырақтар

b) қара-коңыр топырақтар

c) сұр топырақтар

d) құба топырақтар

e) тақырлар
89.

Қандай топырақ типінде кескіннің беткейінен бастап көп мөлшерде суда еритін тұздар бар:

a) солодтар

b) кебірлер

c) сорлар

d) сұртопырақтар

e) тақырлар
90.

Солодтың кескіннің құралуын көрсет:

a) А-В-С

b) А,-В12

c) А0-А,-А22В-В (В1В2)-С

d) А-В1к

e) А0-А-В12
91.

Қандай топыраққа нашар су өткізгіштік, иллювиальді қабатында жоғары тығыздық, ылғалданғанда созылымдылық және жабысқақтық тән:

a) кебірлерде

b) қоңыр топырақтарда

c) қара топырақтарда

d) сұртопырақтарда

e) сорларда
92.

Қандай топырақтың иллювиальді қабатында сіңірілген күйінде көп мөлшерде Na кейде Mg бар:

109

a) сорлар



b) солодтар

c) кебірлер

d) сұр топырақтар

e) тақырлар


93.

Сор топырақтың кескіннің құралуын көрсет:

a) А-В-С

b) А112

c) Ао122В-В-С

d) А-В1к

e) А0-А-В1В2
94.

Аллювиальді шабындық топырақтарының кескіннің құралуын көрсет:

a) А-В-С

b) А11 –В2

c) А11к

d) А-В1к

e) Ад11В2g-Сд
95.

Төмендегі аталған ғалымдардың қайсысы жайылымдарда топырақ түзілу ілімінің негізін қалады:

a) Докучаев В.В.

b) Сибирцев H.M.

c) Вильямс В. Р.

d) Гедройц К.К.

e) Качинский П.А.
96.

Сұр топырақтың кескінінің құралуын көрсет:

a) А-В-С

b) A|-B1-B2-C

c) А11к

d) A-B1BK-C

e) А-А|12д
97.

Солтүстіктен оңтүстікке жылжығанда топырақ типтерінің біртіндеп өзгеру заңдылығы:

a) ендік аймақтылық

b) бойлық аймақтылық

c) климаттық белдеу

110


d) топырақтық-биоклиматтық облыстар

e) топырақ фракциясы


98.

Құрылық топырақтарының климаттық термиялық ерекшеліктеріне карай бөлінуі:

a) ендік аймақтылық

b) бойлық аймақтылық

c) климаттық белдеу

d) топырақтық-биоклиматтық облыстар

e) топырақ фракциясы
99.

Қарашірікті қабат калындығы 60 см, қара топырак түрін анықта:

a) өте аз қалыңдықты

b) аз қалыңдықты

c) орташа қалыңдықты

d) калың


e) өте қалың
100.

Қарашіріктің мөлшері 7 %, қара топырақ түрін анықта:

a) өте аз қарашірікті

b) аз қарашірікті

c) орташа қарашірікті

d) жоғары қарашірікті

e) өте жоғары қарашірікті
101.

Кескіні А В1 В2 В3 С қарашірікті қабатында бос карбонаттар жоқ. А-қабатының қалыңдығы 30-50 см, қара топырақ типшесін анықта:

a) күлгінденген

b) сілтісізденген

c) нағыз

d) кәдімгі

e) оңтүстік
102.

Жер асты сулары 2-5м тереңдікте болғанда түзілетін қара топырақтар:

a) шалғындық қара топырақтар

b) қара топырақты шалғынды

c) кәдімгі

d) оңтүстік

e) сілтісізденген
111

103.

Жер асты сулары 6 м-ден теренде болғанда қалыптасатын кебірлер типі:

a) автоморфты

b) жартылай гидроморфты

c) гидроморфты

d) шалғынды

e) нағыз
104.

Қарашірікті А+В1 қабатының қалыңдығы 40см қара-коңыр топырақ түрі:

a) өте қалың

b) қалың

c) орташа қалыңдықты

d) аз қалыңдықты

e) өте аз қалыңдықты


105.

Кебір үсті А1 горизонты қалындығы 3-10 см кебір түрі:

a) қабыршақты

b) жұқа


c) орташа

d) терең


e) өте терең

106.

Беткейінен бастап жеңіл еритін тұздардың көп мөлшері болатын топырақтар

a) аллювий

b) құба топырақ

c) сор


d) кебір

e) сортаң топырақ


107.

Сорлар неше типке бөлінеді

a) 2

b) 4


c) 6

d) 8


e) 10
108.

Сор топырақ типтері

a) сілтісізденген, күлгінденген

b) карбонатты, терең қайнайтын

c) шымды, шалғынды

112


d) автоморфты, жартылай гидроморфты, гидроморфты

e) автоморфты, гидроморфты


109.

Кебір топырақтар құрамындағы сіңірілген натрийдің орнын сутегі басуы нәтижесінде қалыптасқан топырақтар

a) күлгін топырақ

b) тақыр


c) кұба топырақ

d) солод


e) cop
110.

Тауларда топырақтардың дұрыс орналаспау құбылысы

a) топырақ зоналары инверсиясы

b) топырақ зоналары интерференциясы

c) шалғынды орманды белдеу

d) топырақ зоналары фациясы

e) топырақ зонасы провинциясы

111.

Тауларда қалыпты зоналар қатары жүйесінде жекеленген топырак зоналары түсіп қалуы

a) топырақ зоналарды инверсиясы

b) топырақ зоналары интерференциясы

c) шалғынды орманды белдеу

d) топырақ зоналары фациясы

e) топырақ зонасы провинциясы


112.

Өзен арнасының бойындағы тасқын сулармен жиі басылатын бөлігі

a) шалғын

b) сор


c) кебір

d) сортаң

e) жайылма
113.

Жайылманың өзенге ең жақын бөлігі

a) арна бойындағы жайылма

b) орта немесе өзен бойы

c) терраса бойы

d) шалғын

e) кебір

113


114.

Жайылманың өзеннен ең алыс бөлігі

a) арна бойындағы жайылма

b) орта немесе өзен бойы

c) терраса бойы

d) шалғын

e) кебір
115.

Құрылымын-генетикалық қабаттарын бұзбай, табиғи жағдайда қашап алған топырақ кескінінің арнаулы ағаш жәшікке салынған улгісі

a) агрегат

b) монолит

c) солод

d) терраса

e) бонитировка
116.

Өсімдіксіз, беті кеуіп жарылып кеткен ойдым жер

a) шым

b) шалғын



c) тақыр

d) терраса

e) монолит
117.

Кескіні А0 –A1 – А1А2 -ВА2 -В(В1В2)-ВС-С қабаттарынан кұралған топырақ

a) сұр орман топырағы

b) жайылма

c) кебір

d) сортаң

e) тақыр
118.

Қандай механикалық құрамдағы топырақтар жел эрозиясына жылдам ұшырайды:

a) ауыр балшықты

b) орташа балшықты

c) жеңіл балшықты

d) құмбалшықты

e) құмайт
119.

114


Ауыр топырақтарда желдің жылдамдығы қандай болғанда эрозияга ұшырауы басталады:

a) 5м/сек-тан жоғары

b) 10м/сек-тан жоғары

c) 12м/сек-тан жоғары

d) 15м/сек-тан жоғары

e) 20м/сек-тан жоғары


120.

Жеңіл топырақтарда желдің жылдамдығы қандай болғанда эрозияға ұшырауы басталады:

a) Зм/сек-тан жоғары

b) 6м/сек-тан жоғары

c) 9м/сек-тан жоғары

d) 10м/сек-тан жоғары

e) 15м/сек-тан жоғары
121.

Жел эрозиясынан топырақты қандай өңдеу тәсілдері қорғайды:

a) сыдыра жырту

b) тырмалау

c) аудармалы өңдеу

d) жазық тілгіш кұралдармен өңдеу

e) жылтыр тегістегіштермен тығыздау
122.

Топырақ бонтировкасы дегеніміз не?

a) топырақтарды жер аумағына қарай салыстырмалы түрде бағалау

b) топырақтарды карашірінді мөлшеріне қарай салыстырмалы түрде бағалау

c) топырақтарды өндіргіштігіне қарай салыстырмалы түрде бағалау

d) топырақтарды механикалық құрамына қарай салыстырмалы түрде бағалау

e) топырақтарды ауыл шаруашылығында қолдануына қарай топтау
123.

Солтүстік Қазақстан топырақтары бонтировкасында қандай бонитет белгілері ескеріледі:

a) орта реакциясы, қарашірінді мөлшері

b) қарашірінді мөлшері, механикалық құрамы

c) карашірінді коры, карбонаттылық

d) орта реакциясы, карашірінді қоры, карбонаттылық

e) карашірінді коры, карашірінділі горизонт қалыңдығы, механикалық құрамы, кебірлігі, карбонаттылығы, тұздануы
124.

Топырақ пен борпылдақ тау жыныстарының түйірлерін жел үрлеп үшыруы

115

a) десукция



b) дешиффрлеу

c) диабаз

d) дефляция

e) диагенез


125.

Топырақты жақсарту шаралары

a) бонитировка

b) агроөндірістік

c) кадастр

d) гравитация

e) мелиорация

116



Мемешов Сансызбай Қойшыбайұлы
ТОПЫРАҚТАНУ ПРАКТИКУМЫ

(Оқу құралы)

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университінің редакциялық-баспа бөлімі

15.05. 2009 ж. баспаға қол қойылды. Көлемі 7,4 б.п.

Таралымы 500 дана. Тапсырыс № 32. Қағаз көшірмелі. Ризография.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған.

Отпечатано в типографии Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова


Мекен жайымыз: Қазақстан , Ақмола обл., Көкшетау қаласы,

Абай көшесі 76, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ РБҚ



e-mail: universi@kokshetau.online.kz

Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет