С. Қ. Мемешов. Топырақтану практикумы



жүктеу 2.07 Mb.
бет2/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Минералдардың негізгі қасиеттерін сипаттап беріндер.

2. Химиялық құрамы бойынша минералдар қандай топтарға бөлінеді ?

3. Минералдардың маңызы және топырақ қасиеттеріне әсері қандай?
ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ
Жұмыс мақсаты: Тау жыныстары ұғымымен танысу. Мағмалық, метаморфтық және шөгінді тау жыныстарының қасиеттері мен классификациясын зерттеу.
Тапсырма.

1. Тау жыныстарының негізгі сыртқы белгілерін сипаттау, зерттеу нәтижесі бойынша тау жыныстарының үлгілік коллекциясын топтарға бөлу (магмалық, метамофтық, шөгінді).

2. Магмалық, метаморфтық, шөгінді тау жыныстарын классификациялау негізімен танысу (1, 2, 3 кесте).

3. Тау жыныстарының коллекция үлгілерін сипаттап беру, кестелерді қолдану және тау жыныстарының сыртқы белгілерін ажырату.

10

Қажетті құралдар мен материалдар: Бастапқы және туынды минералдардың коллекциясы.

Тапсырмаға түсініктеме.

Тау жынысы - дегеніміз, жер қыртысын құраушы минералдық бір тектес заттар. ПЕТРОГРАФИЯ - тау жыныстарын зерттейтін ғылым.

Жер қабаттарын құрайтын барлық тау жыныстары үш топқа бөлінеді: магмалық, метаморфтық, шөгінді тау жыныстары.

Магмалық жыныстар. Магмалық жыныстар дегеніміз, жер астынан -балқып шықкан тас заттардың, яғни магманың қатаюынан пайда болған тау жыныстары.

Жыныстардың морфологиялық белгілері. Минералдар құрамы бойынша жыныстар былайша бөлінеді:

• Мономинералдар - құрамында бір гана минерал бар (мысалы, мрамор құрамында кальцит минералы ғана бар);

• Полиминералды - құрамында бірнеше минерал кіреді.
3 кесте – Магмалық жыныстардың классификациясы


Химиялык құрамы

Пайда болу жағдайы

Минералдық құрамы

(басты минералдар)

Интрузивтік

Эффузивтік

Қышқылдық

Гранит Пегматит

Липарит

Обсидиан


Пемза

Ортоклаз, кварц, альбит, мүйіз алдамшасы

Орташа

Сиенит Диорит

Трахит Андезит Обсидиан Пемза

Ортоклаз, кварц, альбит, мүйіз алдамшасы және басқа түсті минералдар андезит, мүйіз алдамшасы

Негізді

Габбро Диабаз Лабродорит

Базальт

Обсидиан


Пемза

Лабрадор, ангит, мүйіз алдамшасы

Ультра-негізді

Дунит Пироксенит




Оливин, авгит


Құрылысы. Магмалық тау жыныстарының (заттың кристалдану дәрежесі, құрамына кіретін кристалдың пішіні және көлемі) құрылысы төмендегідей болады:

• Түйіршікті, немесе толық кристалданған;

• Афаниттік - қарусыз кезбен көрінетін, кристал түйіршіктері жоқ;

• Шыны тектес - аморфты, кристалданбаған зат (вулкандық шыны);

• Порфирлік шыны тектес немесе жасырын кристалды зат жеке кристал

түйіршіктерінің бедері байқалады;

• Пегмативтік - қосындының екі компонентінің біз мезетте

кристалдануынан пайда болады. Минералдар өскін тәрізді болып

көрінеді.

11

Түсі. Құрамындағы минералдардың түсіне байланысты. Тay жынысының түсін құрамындағы минералдың басым реңімен анықтайды.

Шығу және қатаю жағдайына қарай магмалық жыныстар тереңдік немесе интрузивтік, салалы (аралық), төгілме немесе эффузивтік болып бөлінеді:

• Тереңдік (интрузивтік) егер магма жердің ішкі қабатында қалатын болса, ол келешекте бірте-бірте суынады да, оның жақсы кристалдануына мүмкіншілік туады, сондықтан тереңдік магмалык жыныстарда түйіршік кристаллы кұрылыстар пайда болады;

• Салалы - магма бұрын пайда болган тау жыныстарының жарықшақтарында суынып қатайғанда пайда болады (пегматиттер);

• Төгілме (эффузивтік) егер магма жер бетіне төгілсе, ол тез салқындайды да, көбінесе кристалсыз шыны немесе порфир құрылыс түзіледі. Олардан төгілмелі жыныстардың вулкандық түрлері пайда болады.



Шөгінді тау жыныстары. Шөгінді тау жыныстары-дегеніміз механикалық, физикалық, химиялық, биохимиялық әсерлердің әрекетінен бұзылып шөккен магмалық жыныстар.

Өздерінің жаратылысына қарай шөгінді жыныстар үш түрге бөлінеді:

1. механикалық шегінділер

2. балшық тектес шөгінділер (0,01 мм ұсақ)

3. химиялық және биохимиялық шөгінділер
4 кесте - Шөгінді тау жыныстары классификациясы


п/п

Тау жыныстары

Бөлшектер диаметрі,

мм

Жыныстардың атауы

Бос күйінде

Кіріккен

Жұмыр-

ланбаған

Жұмыр- ланған

Жұмыр-

ланбаған

Жұмыр-ланған

1

2

3

4

5



6

7

1

Кесек

шегінділер

(псефитер)

100-10


Тоң кесек- тер ұсатыл –ған тас

қиыршық


Қойтас



конгло-

мерат


2

Орташа

шөгінділер

(сынықтар)

2-0,05


құм




кұмтас

құмтас

3

Шаң

тәріздес


(алевтиттік)

0,05-0,01



Лесстер, лесстектес кұмбалшықтар, Вулкан күлдері (алевриттер)

Алевро-

литтер.


12

• Механикалық жолмен (үгілу, ұсатылу әсерінен) пайда болған кесекті шөгінділер механикалық болып саналады. Мысалы құм, қиыршықтас, малтатас, қойтас және осы айтылғандардың біріккен түрі құмтас, женттас, конгломерат т.б. механикалық шөгіндіге жатады;

• Балшық тектес диаметрі 0,01 мм-ден кіші түйіршіктерден құралган. Физикалық әсерлерден шағылып немесе химиялық іруден пайда болады;

• Химиялық және биохимиялық шегінді жыныстар, химиялық бұзылудан және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекетінен бұзылып шөгеді. Химиялық құрамына қарай былай бөлінеді:

• Карбонаттық (известняк, доломит);

• Кремний тектес (диатомиттер, трепельдер);

• Күкірт қышқыл (мирабилит, гипс, ангидрит);

• Темір тектес (сидерит, темір рудалары, пирит);

• Фосфатты (фосфориттер);

• Көміртектес, немесе жанғыш, қазбалар (торф, қазба көмірлер, жанғыш

тақта, мұнай)

Метаморфтық тау жыныстары. Метаморфтық жыныстар-магмалық және шөгінді жыныстардың әртүрлі өзгерістерге ұшырып, - өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтуы, сонымен қатар минералдық және химиялық құрамының өзгеруінен пайда болады.

Барлық метаморфтық тау жыныстарының құрылысы кристалданған. Түйіршіктер пішіні жапырақ, қабықша және ине тәріздес болуы мүмкін.

Текстура. Жыныстың құралуы, яғни жыныс құрамына кіретін минералдардың орналасу тәртібі және тығыздық дәрежесі төмендегідей болады:

• Жолақты - минерал құрамы, қалындығы әртүрлі жолақтардың кезектесін орналасуы;

• Талшықты - көпшілік талшық тәріздес кристалдардың түйісіп-айқасып орналасу;

• Қомақты - беріктігі жақсы тығыз минерал түйіршіктері;

• Тақталанған - созыңқы пішінді минералдардың параллель орналасуы.
5 -Кесте -Метаморфты тау жыныстарының классификациясы


Текстура

Атауы

Алғашқы тау тынысы

Минералдық құрамы

Жолақты

Гнейс

Гранит, сиенит, шөгінді жыныстар

Дала шпаты слюда, мүйіз алдамшасы

Тақталан-ған

Сланец

Балшықтектес

Тальк, слюда, мүйіз алдамшасы, кварц

Қомақты

Мрамор Кварцит

Известняк, доломит кұмдақ кварцты

Кальцит

Кварц және қосындылар



13
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Тау жыныстарының сыртқы белгілерін атап беріңіздер?

2. Тау жыныстарының кұрылысының және текстурасының негізгі

түрлерін сипаттап беріңіздер?

3. Магмалық, метаморфты, шөгінді тау жыныстары қандай жолдармен

пайда болады?

ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЖЫНЫСТАР
Жұмыс мақсаты: Негізгі топырақ түзуші жыныстармен танысу, қасиеттерін, классификациясын және өз бойында дамушы топырақтардың сапасына әсерін анықтау.

Тапсырма.

1. Топырақ түзуші жыныстардың классификациясы негізімен танысу (6 кесте);

2. Жыныстар коллекциясымен және анықтағышпен танысу, кесте қолданып қасиеттерін сипаттау.

3. Қазақстанның негізгі топырақ түзуші жыныстарын анықтап атау.



Қажетті құраллар мен материалдар: Топырақ түзуші минералдар коллекциясы.

Тапсырмаға түсініктеме. Топырақ түзуші жыныстар классификациясы кұралуы бойынша топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:

• біртекті (шығу тегі және механикалық құрамы бір);

• қостекті (2 қабаттан кұралған);

• көптекті (шығу тегі және механикалық құрамы әртүрлі 2-ден артық

қабаттан құралған);

Құралуы және қабаттардың орналасу тәртібі өңбойымен ылғалдың жылжуына және қабаттарға бөлінуіне көп әсер етеді. Біртекті жыныстар да ылғалдың таралуы бір қалыпты болады.

Химиялық құрамына қарай топырақ түзуші жыныстар былайша бөлінеді:

• карбонатты (НСІ-нан қайнайды);

• лезде еритін тұздармен қаныққан;

• гипсті (құрамында созыңқы сары кристалл түріндегі гипс бар);

• глейленген (өте ылғалды, байланысты, көк жасыл түсті балшық топырақ оның түсі құрамында темірдің шала тотық тұздарының көп болуына байланысты);

• карбонатсыз (НСІ-нан қайнамайды).

Механикалық құрамы бойынша топырақ түзуші минералдар (құмды, құмайт, құмбалшықты, балшықты, тастық) шығу тегіне қарай сипатталуын алтыншы кестеден қараңыз.

14

6-Кесте -Топырақ түзуші жыныстарды анықтағыш




Пайда болу

жолы

Жынысқа тән

ерекшіліктері

Таралуы және топырақ

қасиеттеріне әсері

1

2

3

Аллювий

Өзен

шөгінділері (жиындылары)



Минерал түйіршіктер жақсы жұмырланған, қабаттары айқын байқалады. Механикалық құрамы әртүрлі өзен ағысының жылдамдығына байланысты. Өзен арнасының төменгі жағында жоғарыға қарағанда бөлшектер ұсақ келеді. Жайы-лым аллювиі ұсақтау-балшықты, құмбалшықты; арна жағасы аллювиі-құмды; арна аллювиі қиыршықтасты-қүмды және құмды.

Жағалау топырақтары құмды аллювий қоректік элементтер аз, тұщы, эрозияға ұшыраған. Аллювиалды сазды шөгінділер органикалық заттарға, қөректік элементтерге бай. Топырағы ащыланбаған жағдайда құнарлылығы жақсы.

Делювий

Бұзылу зат-тары уақытша пайда болған

ағыстармен орын ауыстырған



Сәл ғана байқалатын қабатты-лық беткейге параллель, мате-риалдың жіктелуі байқалады. Механикалық құрамы әртүрлі көбінесе құмбалшық делювий құрамы күрделі және әртүрлі. Ол бастапқы жыныстардың сипатымен тығыз байланысты

Су айыру беткейінің төменгі жағын жауып тұрады. Делювий топырағы тұзды болмаса құнарлылығы біршама жақсы.

Эллювий

Бұзылу затта-ры ешқайда

жылжымай сол орнында қалған



Құрамы бастапқы жыныс құрамына байланысты. Негізгі жыныстар эллювиі әрқашан қиыршық тасты жіктелуі нашар. Бос жыныстардың эллювиінің механикалық құрамы біртектес болып келеді.

Су айрықтарында кездеседі. Негізгі жыныстар эллювиі беріктілігі нашар, қиыршық тасты, тұзды емес, эрозияға ұшыраған.

15
6- кестенің жалғасы

1

2

3

Мөрендік

Сынық

материалдар, мұз көшкінімен орын ауыстырған



Балшықтан, құмнан, қиыршық-тастан, қойтастан құралған мате-риал механикалық құрамы әртүр-лі-әртекті. Жиі қойтасты құмды құмбалшықтармен балшықтар кездеседі. Қойтастар саны, олар-дың көлемі және құрамы арқылы карбонатты және карбонатсыз морендер деп ажыратады.

Бір кезде мұз астында болған жерлерде кең таралған. Ауыр қойтасты балшықты және құмбал-шықты морен шөгінділе-рінде қойтастылығы және батпақтылығы жоғары топырақтар түзіледі. Жыныстарда карбонаттар-дың болмауы топырақ қасиеттеріне жағымсыз әсер етеді, топырақ күлгінденеді. Жеңіл құмды карбонатсыз морендерде жетілген топы-рақтың қоректік элементте-рі өте аз. Карбонатты морендерде түзілген топырақ құнарлы болады.

Флювиогляциальдік

Мұздың еріген суларымен орын ауыстырып қайта шөккен

Жіктелуі жақсы және қабатты. Негізінен карбонатсыз құмды және кұмды малтатасты түрлер басым. Мұз шетінде малтатастар және ірі түйіршікті құмдар, құмдақтар жиналған одан ары шаң балшық бөлшектер қалған.

Түзілген топырақтар кұна-ры төмен, гумус және қо-ректік элементтер аз, ылғал сиымдылығы нашар. Флю-виогляциальдік үйінділер-дің беткі қалыңында құм-балшықтар мен балшықтар болуы жыныс түптерінде судың жылжымай тұрып қалуын тудырады.

Мұзды - көлдер шөгіндісі




Көл - мұздар шегінділерінде қабаттылық лента тәріздес бал-шық түрінде орналасқан. Қысты күні шөккен қара қошқыл жіңішке балшықты тұздар жазда шөккен ақшыл құм қабаттарымен алмасып отырады.

Көбінесе ылғалдылығы жоғары батпақты топырақ түзіледі

16

6- кестенің жалғасы

1

2 3

Лесстар

Генезисі әрқылы

Қуаңсары немесе коңыр-қуаң-сары, карбонаттық ірі шаң құм балшық, механикалық құрамы біртекті, 50% және жоғары ірі шаң бөлшектердең құралған (0,05-0,01 мм) бірігуі кеуекті жақсы микроқұрылысты, су өткізгіштігі жақсы. Жыныс өсімдіктердің өсіп жетілуіне қолайлы.

Шығыс Европада және Солтүстік Қазақстанда кең таралған

Лесстектес

Жабын

құмбалшық-тар



Лесстарға ұқсас жыныс, қоңыр- сары біртекті, айырмашылығы механикалық құрамы әрқилы: ауыр-, орташа - және жеңіл құмбалшықты; карбонаттығы аздау, микроагрегаттар мен кеуектілігі сәл ғана дамыған.

Белоруссияда, Россияның орталық қара топырақты зонасында, жазық далалы жерлерде, батыс сибирде кең таралған, құнарлы топырақ түзілуге қолайлы

Көлдер шөгіндісі

Көлдер

қоймасының

шөгіндісі


Материал жақсы жіктелген, глейленуі бар. Механикалық құрамы әртекті: балшықты, кұм-балшықты, құмдақ, құмды, малтатасты. Көл лайы түрінде болуы мүмкін және мергел сапропель түрінде органикалық қабаттар жиі байқалады.

Тұщы көлдер шөгінділерінде қоректік элементтерге бір-шама бай топырақ түзіледі, бірақ жер асты суларының жақын жатуына байланысты тез лайланады ащыланған көл шөгінділеріне сортаң топырақ түзіледі.

Теңіздік шөгінділер

Теңіз

шөгінділері



Шөгінділердің жік-телуі өте жақсы, тым ащы, анық глейленген, қабат-тылық және теңіз жануарларының қалдықтары байқалады. Жағалауда құмдар басым, малтатас шөгінді-лерінің кездесуі де сирек емес, жағалаудан ұзаған аймақта балшықты.

Кездесуі: солтүстік теңіз жағалауларында алдыңгы Каспий ойпатының терри-ториясында үштік дәуір балшығы түрінде тарал-ған, физика механикалық қасиеттері ңашар. Теңіз шөгінділерінде сортаңдау топырақ тузіледі

17
6-кестеніц жалғасы

1

2

3

Эолдық шөгінділер

Желмен жиналған

Жақсы жіктелуі, нашар жұмырлануымен сипатталады. Бұларға төбе, сусыма құм, шағыл түріндегі құм үйінділері немесе шаң және балшық жиындылар жатады.

Эолдық құмдар Дон, Днепр қоймасында, алдыңғы Каспий ойпатында және Орта Азияда кездеседі. Эолды жиындылардың коректік элементтері өте аз, эрозияға қатты ұшыраған, бұларды ағаш отырғызуға, бақша дақылдарын отырғызуға, жайылымға, шөп шабуға қолданады


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Қандай жыныстар топырақ түзуші деп аталады? Олардың

классификациясына не негіз болады?

2. Олар топырақ қасиеттеріне қалай әсер етеді, олардың химиялық

құрамы құралуы?

3. Аллювиальды, эолды, элювиальды жыныстардың негізгі

ерекшеліктері қандай?

4. Топырақ дамуына қандай жыныстар қолайлы, неліктен?

5. Қазақстанда кездесетін негізгі топырақ түзуші жыныстарды атап

беріңіздер.

18

II ТАРАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ТОПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

Жұмыс мақсаты: Топырақтың морфологиялық белгілерімен танысу.

Тапсырма.

1. Морфологиялық белгілерді білудің құндылығын анықтау.

2. Монолитті сипаттауға дағдылану.

Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, монолиттер, топырақ құрылымы үлгілері.

Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, монолиттер, топырақ құрылымы үлгілері, Захаровтың бояу түсі үшбұрышы, кестелер.

Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақты зерттеудің маңызды бөлімі топырақ кескінін морфологиялық (сыртқы) белгілеріне қарай сипаттау.

Морфологиялық белгілері арқылы топырақты жыныстан, бір топырақты басқа топырақтардан айыруға және топырақ түзілу процесінің бағытын, оның байқалу дәрежесін ажыратуға болады.

Топырақтың құрылысы - топырақтың генетикалық қабаттарының вертикал бағытта кезектесіп орналасуы. Топырақтың генетикалық қабаттарының геологиялық қабаттардан айырмашылығы олардың бір-бірімен тығыз байланыстылығында. Топырақ қабаттарында ауа, су, жылу, еріген тұздар және газдар бір қабаттан екінші қабатқа өтіп жиі алмасып отырады. Мынадай генетикалық қабаттарға бөледі.



Ао _ оргонегендік қабат, жерге түскен жапырақтардың органикалық калдықтарынан және өлі өсімдіктердің сабақтану байламынан құралған. Тың жерлерде болады.

А - органикалық заттардың жиналу қабаты, кескіннің жоғарғы жағында қальштасады. Бұл қабатты сипатына қарай былай ажыратады: А - қарашірікті аккумулятивтік қабат. Бұл қабатта органикалық (қарашірік) және қоректік заттар ең көп жиналған, минералдық заттардың бұзылуы және сілтісізденуі байқалмайды. Бояуы басқа қабаттармен салыстырғанда күңгірт болады. Аг қарашірікті- элювиальды қабат. Қарашірік жиналуымен қатар минералдар-дың бұзылуы және бұзылған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжып түруымен сипатталады. А2 - элювиальды қабат. Бұл қабатта топырақ түзілу процесінде бірқатар заттар төменгі қабатқа немесе топырақ кескіні астына шайылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.

В- иллювиальді немесе аралық қабат. Бұнда жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда қанығуы жоғары рельефтерден жер асты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжыған заттарға байланысты иллювиальды қабат әртүрлі қосындылармен байытылуы мүмкін: гумуспен (Вһ), лаймен (Bі), карбонаттармен (Вк), темір қосындыларымен (Bfe). Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы болмаса В-қабаты иллювиальды немесе аралық қарашірікті аккумулятивтік қабаттан аналық жынысқа алмасу қабаты деп аталынады.

19


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет