С. Қ. Мемешов. Топырақтану практикумы



жүктеу 2.07 Mb.
бет3/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

С - аналық жыныс. Өзгермеген немесе топырақ түзілу процестерінің сәл әсері болған жыныс.

Топырақты қабаттарға бөлгенде қабаттар алмасуына көңіл бөлу керек. Бір қабаттан екінші қабатқа алмасу сипатына қарай түзу, түзу емес, біртіндеп, анық және бірден деп бөлінеді. Бір қабат бояуының екінші қабат бояуына алмасуы 5 см созылса біртіндеп алмасу, 2-5 см анық, 2 см ге дейін бірден алмасу деп аталынады.

Топырақ түсі көзге ең бірінші байқалатын морфологиялық белгі. Басқа белгілерді ескере отыра топырақ түсі топырақтың типін анықтайтын негізгі белгі. С.А. Захаровтың анықтауы бойынша топырақ бояуы негізінен төмендегі қосындылардың үш тобына байланысты: 1) гумус; 2) темір қосындылары; 3) кремний қышқылы, көмір қышқыл әк пен каолин. Гумусты заттар қара, күңгірт сұр және сұр бояу береді.

Топырақ құрылымы - топырақ белшектене алатын түйіршіктер (агрегаттар). Олар бір-бірімен байланысқан механикалық элементтер және ұсақ агрегаттар. С.А. Захаровтың анықтауынша, негізгі үш құрылым типі бар: 1) Куб тәріздес - құрылым бөлшері бір - біріне перпендикуляр үш ось бойымен қалыптасқан; 2) призма тәріздес - бөлшектер негізінен вертикаль ось бойымен қалыптасқан; 3) тақта тәріздес - бөлшектер негізінен горизонталь екі ось бойымен қалыптасқан (7-кесте).
7 кесте - Құрылым классификациясы


Тегі

Түрі

Мөлшері

1

2

3

I — тип Куб тәріздес

Тоң кесекті — дұрыс емес және тегіс емес пішінді

Ірі тоң кесекті ¥сақ тоң кесекті

> ІОсм

10 — 1 см



Кесекті — дұрыс емес доғал пішінді, омыры-лу беті тегіс емес, бұдырлы қырлары байқалмайды

Ірі кесекті

кесекті


ұсақ кесекті тозаң тәріздес

10 — 3 мм

3 — 1 мм

1 — 0,25мм

< 0,25 мм


Жаңгақ тәріздес — сәл дұрыс пішінді, қырла-ры жақсы білінеді беті тегіс, қабырғалары өткір

Ірі жаңғакты жаңғақты

Ұсақ жаңғақты



> 10 мм

10 — 7 мм

7 — 5 мм


Дәнді-түйіртпекті — пішіні сәл дұрыс, кейде домаланған, қырлары жақсы білінеді. Беті бірде бұдырлы, бірде тегіс, жылтыр.

Ірі түйіршікті (бұршақ тәріздес) түйіршікті ұсақ түйіршікті

5 — 3 мм

3 — 1 мм

1 — 0,5 мм


1 2 3

II — тип Призма тәріздес

Бағана тәріздес- бөл-шектер нашар пішін-денген, қырлары түзу емес, қабырғалары домаланған.

Ірі бағана тәріздес

бағана тәріздес ұсақ бағана тәріздес



> 5 см

3 — 5 см


< 3 см

Бағаналы — дұрыс, жақсы жетілген вертикальды қырлы және жоғарғы жағы дөңгелене біткен, төменгі жағы тегіс пішінді.

Ірі бағаналы
Ұсақ бағаналы

5 — 3 см
< 3 см

Призмалы - қырлары жақсы жетілген, тегіс жылтыр бетті, өткір қабырғалы.







III — тип Тақта тәріздес

Тақталанған (қат-парлы) — келденең жетілген қатпарлы жымдастық

Тақталанған Плиткалы Пластинкалы Жапырақты

> 5мм

5 — 3 мм

3 — 1 мм

< 1 мм


Қабыршақты - мөл-шері үлкен емес көлденең жымдас-тық, жиі өткір қырлы.

Жұмыртқа қабыршақты ірі қабыршақты ұсақ қабыршақты

> 3 мм

3 — 1 мм



< 1

Бірігуі — тыгыздықпен кеуектіліктің сыртқы байқалуы. Ол механикалық құрамына құрылымына топырақ фаунасының әрекеті және тамыр жүйесінің жетілуіне байланысты. Тығыздық дәрежесіне қарай топырақтарды былай бөледі: құйма, тығыз, қопсынды, бытыраңқы.

Кеуектілік құрылым бөлшектерінің ішіндегі және олардың арасындағы түтіктердің көлемі мен мөлшеріне байланысты.

Жаңа жарандылар — пішіні және химиялық құрамы әртүрлі заттардың жиналуы. Физикалық, химиялық, биологиялық процесстердің әсерінен және өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету әрекетінен химиялық және биологиялық текті жаңа жарандылар жиналады.

Химиялық жаңа жарандыларды пішініне қарай былай бөлшектейді:

1. Жарғақтар мен қонымдар — топырақ бетіне жұқа пленка түрінде шықкан химиялық заттар.

2. Қабыршақтар, жұғындар — топырақ бетінде немесе жарықшақта-рында жұқа қабат түрінде болады.

3. Арна, түтікше — құрт жолдары мен тамырлар жолдарына толған химиялық заттар.

21

4. Қабаттық — қабаттарда көп мөлшерде жиналады.Топырақтағы жаңа жарандылар арқылы генезис және агрономиялық қасиеттерін бағалауға болады.



Егер жаңа жарандылар — топырақ түзілу процесі кезінде емес жаңа түзілген болса, онда ол агрономиялық қолайсыз касиеттерге нұсқайды.

Кіріспелер — топырақ қалыптасу процесіне қатыссыз органикалық және минералдық заттар. Бұларға өсімдік қалдықтары, көң, жануарлар сүйектері, жыныстар сынығы, археологиялық қазбалар, кірпіш, көмір тағы сол сияқты заттар жатады.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Топырақты қандай негізгі морфологиялық белгілер сипаттайды?

2. Топырақ кескіні дегеніміз не?

3. Топырақтың құрылым классификациясы?

4. Жана жарандылар топырақ касиеттеріне қалай әсер етеді?

22
III ТАРАУ. ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ГРАНУЛОМЕТРИЯЛ ЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ


Жұмыс мақсаты: Топырақтар мен жыныстардың гранулометриялық құрамын танап басында анықтау әдістерін (құрғақ, ылғалды әдістер) үйрену,

зертханалық талдаулар көрсеткіштерінің көмегімен гранулометриялық құрамын анықтауға дағдылану.



Тапсырма.

1. «Гранулометриялық элемент», «гранулометриялық элементтер фракциясы» -деген үғымдарға анықтама беру.

2. Фракциялар құрамына енетін гранулометриялық элементтерді (топырақ қаңқасы, ұсақ топырақ, физикалық балшық) ұғыну;

3. Зертханалық талдау негізінде жазық жерде түзілген топырақ пен кебір топырақтың (9-кесте) гранулометриялық құрамын анықтау, гранулометриялық құрамына байланысты классификациялау.

4. Қасиеттеріне байланысты жеңіл құмбалшықты және балшықты топырақтарды айыра білуге үйрену.

5. Кестелерді қолдану арқылы топырақтың гранулометриялық құрамын танап басында қолданылатын әдістер арқылы анықтау.



Қажетті құралдар мен материалдар: Гранулометриялық құрамы құм, құмбалшық, топырақ үлгілері. Топырақ түзуші минералдар коллекциясы.

Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақ және топырақ түзуші жыныстардың қатты фазасы әртүрлі көлемді бөлшектерден құралған бұлар гранулометриялық элементтер деп аталынады.

Гранулометриялық элементтер топырақтарда бос немесе агрегаттарға біріккен күйінде болады. Гранулометриялық элементтерді сандық анықтау гранулометриялық талдау деп аталады.

Гранулометриялық элементтердің касиеттері мөлшеріне тәуелді өзгереді. Мөлшері немесе қасиеттері жақын бөлшектерді фракцияларға біріктіреді. Мөлшері бойынша бөлшектерді фракцияларға топтау гранулометриялық элементтер классификациясы деп аталынады.

Н.А.Качинский бойынша келесі фракцияларды айырады (8-кесте).

Мөлшері 0,01 мм-ден ұсақ барлық гранулометриялық элементтер қосындысын физикалық балшық деп атайды, ал 0,01 мм-ден ірі бөлшектерді физикалық құм деп атайды. Сонымен қатар 1 мм-ден ірі барлық бөлшектер топырақтың қаңқа бөлігі деп аталады, 1 мм-ден ұсақ бөлшектер топырақтың ұсақ белігін құрайды.

Жеке фракциялар топырақтар мен жыныстардың қасиеттеріне әртүрлі ықпал етеді. Бұл фракциялардың әртүрлі минералогиялық, химиялық құрамымен, олардың әртүрлі физикалық, физика-химиялык қасиеттерімен түсіндіріледі.

23

8-кесте – Топырақтың гранулометриялық элементтерін ірілігіне қарай классификациялау



Фракция

Фракция мөлшері, мм

Тастар

>3

Қиыршык тас

3-1

Құм: ірі

1-0,5

орташа

0,5-0,25

ұсақ

0,25-0,05

Тозаң: ірі

0,05-0,01

орташа

0,01-0,005

ұсақ

0,005-0,001

лай: ірі

0,001-0,0005

майда

0,0005-0,0001

коллоидтер

0,0001

Салыстырмалы түрде топырақ немесе жыныстағы гранулометриялық элементтер құрамы гранулометриялық құрам деп аталынады (9-кесте).


9 - кесте - Топырақтарды гранулометриялық құрамы бойынша классификациялау


Топырақ атауы



Құрамындағы физикалық балшық мөлшері %

(фракция қосындысы 0,01 мм )

Далалық типтегі түзілген топырақтар

Кебір және кебірлеу

топырақтар

құмды

0-10

0-10

кұмдақ

10-20

10-15

жеңіл кұмбалшық

20-30

15-20

орташа құмбалшык

30-45

20-30

ауыр кұмбалшық

45-60

30-40

жеңіл балшықты

60-75

40-50

орташа балшықты

75-85

50-65

ауыр балшықты

>85

>65

Қандай фракцияның басым болуына тәуелді 10-кестеде көрсетілген топырақ атауына, сол фракция атауы қоса айтылады. Мысалы: Кәдімгі қара топырақтың құрамында 60,7% физикалық балшық (0,01 мм ұсак гранулометриялық элементтер) бар. Топырақ атауы: орташа құмбалшықты қара топырақ.

24

10- кесте - Құрамындағы гранулометриялық элементтер мөлшері % топырақтың құрғак массасынан

Топырақ гранулометриялық құрамының барлық топтарын бірқатар белгілер бойынша анықтауға болады. Бұл белгілерді білу және жеткілікті машықтық болғанда, танап басында топырақтың гранулометриялық құрамын жылдам және нақты анықтауға мүмкіндік туады.



«Құрғақ» әдіс. Бір шымшым құрғақ топырақты алақанға салып саусақпен жақсылап үгітеміз. Топырақтың гранулометриялық құрамын үгіту кезіндегі саусақпен сезіну арқылы 11- кестеге сәйкес анықтаймыз.
11-кесте - Топырақтың гранулометриялық құрамының органолиптикалық белгілері

25

«Ылғалды» әдіс. Алақанға шамамен 0,5- l,0 г топырақ салыңыз, сумен сулап қамыр тәріздес масса болғанға дейін жақсылап араластырыңыз. Пайда болған массадан жуандығы 3 мм жіп жасаңыз, одан диаметрі 20-30 мм шығыр жасаңыз, 12-кестені қолданып механикалық құрамын анықтаңыз.


12-кесте – Топырақтың гранулометриялық құрамын ылғалды әдіспен анықтау



БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Гранулометриялық элементтер жеке фракцияларының топырақ касиеттеріне ықпалы қандай ?

2. Қандай фракциялардың ылғалды ұстауы, су өткізгіштігі, коагуляцияға қабілеттілігі, топырақта жүретін құрылым түзілу, физико-химиялық процесстерге қатысуы жақсы ?

3. Топырақ гранулометриялық құрамы классификациясы қандай бөлшектер мөлшерімен анықталады ?

4. Топырақтар мен жыныстардың гранулометриялық құрамы зертханалық жағдайда және танап басында қандай жолдармен анықталады ?

26

IV ТАРАУ. ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ҚҰРАМ БӨЛІКТЕРІ ЖӘНЕ



ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
ТОПЫРАҚТАР МЕН ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЖЫНЫСТАРДЫҢ

ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Жұмыс мақсаты: Топырақ минералдарымен танысу.

Тапсырма.

1. Минералдардың морфологиялық белгілерін және физикалық

қасиеттерін зерттеу.

2. Тау жыныстарын түзуші минералдарды және агрорудаларды ажырату

және минералдардың кейбір қасиеттерін сипаттау.

Қажетті құралдар мен материалдар: Алғашқы және туынды

минералдардың коллекциясы.



Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақтың минералды бөлігі тау жыныстары мен жер қыртысы беткі бөлігі минералдарының әртүрлі түрленулері нәтижесінде қалыптасқан. Жер қыртысының негізгі элементтері оттегі, кремний, аллюминий және темір - 88,7 % құрайды. Олардың топырақтағы мөлшері де сол шамады (92,9%), яғни жер қыртысы мен топырақ минералды бөлігінің құрамы жуықтас (13-кесте). Айырмашылық 4,2 %, осы 4 элементтің құрамына абсолюттік көзкараспен бұл айырмашылық елеусіз.


13-кесте - Литосфера мен топырақтағы химиялық элементтер мөлшері % (А.П. Виноградов)

Бірақ берілген мәліметтер құрамындағы ұқсастықты ғана емес терең айырмашылықты да көрсетеді. Тірі ағзалар ықпалымен жер қыртысымен салыстырғанда, топырақтағы көміртек 20 азот мөлшері 10 есе ұлгайды. Бұл өсімдік биологиялық маңызды элементтер құрамының артуына ықпал ететіндігін дәлелдейді. Бірақ бұл процесс табиғатта өте баяу жүреді. Тыңайтқыштар және дұрыс құрылған агротехника көмегімен бұл процесті тездетуге болады.

Химиялық элементтер топырақта әртүрлі қосылыстар түрінде болады.

27

Өттегі көптеген бастапқы және туынды минералдардың құрамына кіреді, органикалық заттар мен судың негізгі элементтерінің бірі.



Кремний. Топырақта кең таралған кремний қосылысы - кварц (Si02). Кремний силикаттардың құрамына да кіреді.

Алюминий. Топырақта органо-минералды кешендер түрінде бастапқы, туынды минералдардың құрамында және сіңірілген күйінде (қышқыл топырақтарда) болады.

Темір. Топырақта бастапқы және туынды минерал-силикаттар құрамында, гидрототықтар мен тотықтар, қарапайым тұздар түрінде, сіңірілген күйінде, сонымен қатар органо-минералды кешендер құрамында кездеседі.

Азот. А.П.Виноградов мәліметі бойынша азоттың жер қыртысындағы мөлшері 2,3 *10-2 салмақтық процентті құрайды, жалпы қоры ондаған миллиард тоннаны құрайды. Топырақтағы азоттың негізгі бөлігі күрделі органикалық қосылыстар түрінде біраз мөлшері алюмосиликаттық минералдардың кристалл торшаларында аммоний иондары түрінде бекиді. Жырту қабатында (0-25 см) азот мөлшері үлкен аралықта ауытқиды. Орташа топырақ массасының 0,1 процентін құрайды.

Өсімдіктер жалпы азоттың суда еритін амидтер және аминқышқылдары түріндегі аз мөлшерін шамамен 1% ғана сіңіреді. Сондықтан есімдіктің азотпен қамтамасыз етілуі минерализация жылдамдығына тәуелді.



Фосфор топырақта органикалық минералды қосылыстар түрінде болады. Органикалық фосфор фитин, нуклеин қышқылдары, нуклепротейдтер, фосфатидтер түрінде, минералды фосфор ортофосфор қышқылының кальций, магний, темір мен алюминий тұздары түрінде болады. Фосфор топырақта апатит, фосфорит пен вивианит құрамына кіреді, сонымен қатар фосфат-анион түрінде сіңірілген күйінде болады. Апатит көптеген магматикалық жыныстарда болады және жер қыртысындағы фосфордың 95 % құрайды.

Күкірт топырақта сульфат, сульфиттер түрінде және органикалық зат құрамында болады. Органикалық заттар ыдырағанда, сульфиттер тотыққанда сулфаттар түзіледі. Сульфаттар, әсіресе калий, натрий, магний сульфаттары суда жақсы ериді, S04 түрінде топырақтармен нашар сіңіріледі және оларда құрғақ климат жағдайында ғана жиналуы мүмкін.

Калий негізінен топырақтың минералды бөлігінде болады. Калий топырақта: 1) бастапқы және туынды минералдардың кристалл торшаларында болады (оның негізгі бөлігі); 2) коллоид бөлшектерде алмасатын және алмаспайтын күйде сіңірілген (едеуір бөлігі); 3) шірінді тамыр қалдықтары мен микроагзалар құрамында; 4) топырақ ерітіндісінің минералды тұздары ретінде (карбонаттар, нитраттар, хлоридтер және т.б.), бұл жалпы қордың өте аз бөлігін құрайды.

Кальций мен магний топырақта минералдардың кристал торшаларында, алмаса-сіңген күйде және қарапайым тұздар түрінде болады.

Микроэлементтер. Топырақтағы микроэлементтер мөлшері бастапқы топырақ түзуші жыныстардағы мөлшерімен және топырақ түзілу процесінің олардың таралуына ықпалымен анықталады. Гумус аккумулятивтік процесс қарқынды жүргенде олар топырақтың беткі қабатында жиналады; элювиальды процестер қарқынды дамығанда топырақтың беткі қабатында олардың мөлшері аз болады.

28

Топырақ радиоактивтілігі. Топырақ радиоактивтілігі құрамында радиоактивті элементтер болуына байланысты. Табиғи және жасанды радиоактивтілікті бөледі.

Табиғи радиоактивтілікті топырақтар мен жыныстар құрамында әрдайым әртүрлі мөлшерде болатын табиғи радиоактивті элементтер тудырады.

Жасанды радиоактивтілік атомдық термоядролық жарылыстар кезінде, атомдық өнеркәсіп қалдықтары түрінде немесе атом станцияларындағы апаттар кезінде түзіліп топыраққа енеді. Атомдық жарылыстар кезінде түзілген радиоактивті заттар ауа ағыстарымен үлкен қашықтықтарға жылжып біртіндеп қонып, жасанды радиоизатоптар топырақтар мен табиғый суларды ластауы мүмкін.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақта қандай элементтер басым, олардың қосылыстары жалпы қоры?

2. Топырақтар мен жыныстар химиялық құрамының топырақ түзілуіне әсері ?

3. Топырақтың табиги және жасанды радиоактивтілігі қалай туындайды?

ТОПЫРАҚТЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРЫ
Жұмыс мақсаты: Топырақтың органикалық бөлігі құрамымен танысу. Топырақтан (қара топырак) қарашірік заттарын бөліп алып, олардың негізгі қасиеттерімен танысу.

Тапсырма.

1. Топырақтың органикалық құрамы мен гумусты заттар топтарын сипаттау.

2. Тәжірибе жүргізу арқылы қарашірік қышқылдарының және олардың тұздарының суда еруін бақылау.

3. Тәжірибе жүргізу арқылы қарашірік заттардың сілтілерде еруін бақылау.

4. Тәжірибе жүргізу арқылы қарашірік қышқылдарын бөліп алу.

5. Тәжірибе жүргізу арқылы Гумин қышқылдарының еруін анықтау. Қажетті құралдар мен материалдар: Қаратопырақ, алюминий стакан, диаметрі 1мм торкездер, 250 мл колбалар, воронкалар, қағаз сүзгі, электр плитка, дистелденген су, 0,1 Н NaOH, 0,1 Н H2S04



Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақтың органикалық белігі—бұл топырақ қабатындағы тірі организмдермен байланысын үзген барлық органикалық қосылыстар мен заттар. Топырақтың органикалық бөлігі ыдырап болмаған өсімдіктер мен жануарлар қалдығынан жалпы органикалық заттың 5-10% құрайда, және қарашіріктен құралады.

Қарашірік—бұл топырақтың органикалық затының негізгі ерекше әрі аса маңызды бөлігі. Алғашқы топырақ түзу процесінің дамуы және аналық жыныстан топырақтың түзілуі, қарашіріктің пайда болуы және жиналуымен

29

сипатталады. Қарашірікпен топырақтың көпшілік касиеттері байланысты, қоректік элементтер қоры, топырак ерітіндісі реакциясы.



Қарашірік кұрамында карашіріктік заттар және басқа да өсімдіктер мен жануалардың калдықтарынан құралған органикалық заттар бар. Қарашіріктік заттар карашіріктің 80—90% құрайды оларды бір—бірінен қасиеттеріне және ең алдымен қышқылдар мен сілтілерде еруіне қарай 3 ірі топқа бөледі.

1. Гумин қышқылдары.

2. Фульво қышқылдары.

3. Гумин.

Әрбір аталған топ заттары таза немесе топырақ минералдарымен қоспа күйінде болуы мумкін.

Гумин қышқылдары—бұл жоғары молекулярлы азот құрамды органикалық цикл құрылысты қышқылдар. Олар күйдіргіш сілтілердің әлсіз ертінділерінде жақсы ериді (натрий пирофосфаты). Олардың ерітінділер түсі шие-сұрдан қараға дейін. Суда және минералдық қышқылдарда ерімейді. Топырақтан бөлініп алынған гумин қышқылдары препараттары сұр немесе қара түсті.

Гумин қышқылдарының негізгі бөлігі кез-келген топырақта гель түрінде болады және әртүрлі сілтілермен әсер еткенде пептизация оңай жүріп молекулярлы және коллоид ерітінділер түзеді.

Аммоний катиондарымен, сілтілік металдармен эсер еткенде гумин қышқылдары гумат—тұздарын түзеді. Аммоний және натрий гуматтары суда жақсы ериді, коллоид және нағыз ерітінділер түзеді, атмосфералық жауын шашынмен топырақтан оңай жуылады. Кальций және магний гуматтары суда ерімейді, суда суга төзімді гель түзеді, олар топырақтың минерал бөлшектерін жұқа қабыршақпен қаптап кіріктіріп тастайды.

Фульвоқышқылдары—суда, қышқылдарда, күйдіргіш және көмірқышқыл сілтілердің әлсіз ерітінділерінде аммиактың судағы ерітіндісінде, натрий пирофосфатында жақсы ериді. Топырақтан бөлініп алынған фульвоқышқыл препараттары ашық қоңыр түсті ал олардың ерітінділері сабан сары түсті. Минерал бөлікпен араласқанда фульвоқыш-қылдар әртүрлі органо-минералды қосындылар түзеді. Аммоний катиондарымен, сілтілік металдармен фульват-тұздарын түзеді. Аммоний және сілтілік металдар фульваттары суда кез келген реакцияда ериді, сілтілік жер металдардың фульваттары қышқыл және әлсіз сілтілік реакцияларда ериді. Жартылай тотықтармен еритін және ерімейтін комплексті түздар түзеді.

Фульвоқышқылдар топырақтың минерал бөлігін тез бұзады. Фульвоқышқылдардың бұзу дәрежесі фульвоқышқылдардың әсерін төмендететін гумин кышқылдары мөлшеріне байланысты.

Қарашіріктік заттарды топырақтан алып, оларды топтарға бөлу әдісі негізіне гумин, фульвоқышқылдарының және олардың тұздары гумат, фульваттардың суда және сілтілерде еру қасиетіндегі айырмашылық алынған.

30

I—тәжірибе қарашірік қышқылдарының және олардың тұздарының суда еруін бақылау.



1.250 мл колбаға 1 алюминий стакан, үгілген және торкөздер диаметрі І мм торшадан өткізілген топырақ саламыз (тәжірибеге қарашіріктің көп бөлігі гумин қышқылы түріндегі қара топырақ аламыз).

2. Осы колбаға 150 мл дистилденген су құйып 5 минут бойы шайқап қағаз сүзгі арқылы өткіземіз.

Орындау жолын және нәтижесін дәптерге жазындар.

II —тәжірибе қарашірік заттардың сілтілерде еруін бақылау.

1. 250 мл колбаға 1 алюминий стакан топырақ саламыз.

2. Осы колбаға 150 мл 0,1 Н NaOH (ыстық) құямыз, 5 минут бойы шайкап қағаз сүзгі арқылы өткіземіз.

3. Бірінші және екінші тәжірибелердің нәтижелерін салыстырамыз (сүзінділерді келесі тәжірибелерге сақтау қажет).

III —тәжірибе қарашірік қышқылдарын айыру.

1. 2—тәжірибеде алынған сүзіндісі бар колбаға тұнба пайда болғанша 0,1 Н H2S04 ерітіндісін құямыз 5 минут тұндырамыз.

2. Қағаз сүзгі арқылы тұңбаны сүзіп аламыз.

Тәжірибенің орындалу барысын жазып нәтижесін түсіндіріңіз.

IV—тәжірибе. Гумин қышқылдарының еруі.

1. Тәжірибедегі сүзгілі воронканы таза колбаға ауыстыр.

2. Сүзгідегі тұнбаны 0,1 Н NaOH (ыстық) ерітеміз.

3. Түсі бойынша 3-ші тәжірибеден кейінгі сүзіндімен салыстырыңыз.

Қарашірік қышқылдары және олардың тұздарының еруі туралы қорытындыны дәптерге жазыңыз.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет