С. Қ. Мемешов. Топырақтану практикумы



жүктеу 2.07 Mb.
бет4/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

1. Топырақтың органикалық заттары құрамына қандай қосылыстар енеді

2. Қарашіріктік заттарды топтарға бөлу оның құрамындағы қосылыстардың қандай қасиеттеріне негізделген ?

3. Қарашірік құрамындағы қандай топ заттарының топырақтың басты құнарлылық көрсеткіштерін жоғарылатуға ықпалы жоғары ?

4. Гумин қышқылын, фульво қышқылын топырақтан бөліп алып зерттеу қандай жолдармен жүргізіледі?
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚТАҒЫ ҚАРАШІРІК БАЛАНСЫ
Жұмыс мақсаты: Топырақ құнарлығындағы органикалык заттардың маңызын анықтау. Топырақтағы қарашірік балансын есептеу және оны кадағалаудың жолдарын қарастыру.

Тапсырма:

31

1. Топырақ құнарлығы түрлерімен танысу және топырақ кұнарлығын қалпына келтіру өндірісінің толық емес, қарапайым және кең ауқымды ұғымдарымен танысу.



2. Кестелерді қолдана отыра қарашірік балансын мына дақылдар үшін есептеп шығару бидай, жүгері және көп жылдық шөптер.

3. Органикалық тыңайқыштардың қарашірік мөлшерін бірқалыпты ұстап тұру үшін қажет мөлшерін анықтау.



Тапсырмаға түсініктеме.

Құнарлық - бұл топырақтың өсімдіктерді қалыпты жетілу үшін қоректік элементтер, су, жылу және қолайлы физико-химиялық ортамен камтамасыз ету қасиеті.

Құнарлық -топырақты тау жыныстарынан айыратын, айрықша сапалық қасиеті. Топырақ құнарлығы - табиғи топырақ түзілу процесінің нәтижесі, ал ауыл шаруашылығында өңдеу процесі. Топырақ құнарлығының факторлары мен жағдайларын айырады. Факторларға өсімдік қорегінің күлдік элементтері азот, су, ауа, жылу, өсу және жетілу факторлары жатады.

Жағдайлары - қасиеттер мен режимдер жиынтығы олардың күрделі қарым қатынасы өсімдіктің факторлармен қамтамасыз етілу мүмкіншілігінен тұрады.

Құнарлық деңгейіне тәуелді болатын басты өлшемдер топырақ режимінің нақты көрсеткіштері: температуралық, ауа, су, қоректік, физико-химиялык, биохимиялық, тұз және тотығу-тотықсыздану. Құнарлықтың мынадай түрлерін айырады: табиғи құнарлық және жасанды құнарлық, тиімді немесе экономикалық құнарлық потенциальды құнарлық деген де ұғым бар.

Топырақ кұнарлығын қалыптастыру кезінде құнарлық бастапқы деңгейден төмен болса толық емес деп аталынады. Топырақ құнарлығын қалыптастыру кезінде бастапқы деңгейге теңелсе ол қарапайым деп аталынады. Топырақ құнарлығының бастапкы деңгейден жоғарылауы кең ауқымды қалыптастыру деп аталады.

Мәдени топырақ түзілу процесінің дамуы адам әрекетінің саналы мақсатты бағытталған жағдайында жүрсе, онда жақсарып құнарлығы артады.

Бұл принциптің бұзылуы топырақ құнарлығының жойылуына әкеліп соғуы мүмкін ( эрозияның дамуы, тұздану процесі, гумустың жоғалуы және

т.б.)

Топырақты тиімді пайдаланудың бастапқы міндеті -топырақ құнарлығын қең ауқымды қалыптастыруды қамтамасыз ету, яғни тиімді және потенциалды құнарлықтың бір уақытта артуы.



Қарашірік балансын есептеу мына формуламен шығарылады.

Б = A*Q -20У*Н

Мұнда: Б - қарашірік балансы, кг/га

А - тамырлар және басқа қалдықтар, ц/га

Q - изо қарашіріктік коэффициент

У - негізгі өнім, ц/га

Н - негізгі өнімнің 1 ц-мен шығарылатын азот

20 - топырақтан карашіріктің шығындалуын ескеретін коэффициент.

32

14-кесте — Карашірік балансын есептеу үшін бастапқы мәліметтер


Изоқарашіріктік коэффициент: өсімдік қалдықтары үшін-18;

көң үшін-30;

сабан үшін-18.

Органикалық тыңайтқыштардың ендірілу нормасын мына формуламен анықтайды:

0= БП/75


Бұнда: О - егістік айналымындағы көңнің ендіру нормасы.

Б - қарашірік балансы кг/га

П - егістік айналымдагы танаптар саны

75 - көңдегі құрғақ зат құрамын ескеретін коэффициент және Изоқарашіріктік коэффициент.

Болжамдағы қарашірік балансын мына формуламен есептейді.

Бп = A* Q + 75 * О - 20 Уп * Н

мұндағы: Бп - болжамдагы қарашірік балансы, кг/га

Уп - болжамдағы өнім, ц/га

О - егістік айналымының әр танабына шаққандағы органикалық тыңайтқыш нормасы, т/га

33

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


1. Топырақ кұнарлығының қандай түрлері бар, құнарлықты анықтаушы факторлар?

2. Мәдени топыраұ түзілу процесінің дамуы адам әрекетінен қалай өзгеруі мүмкін?

3. Топырақтағы қарашірік балансын есептеудің маңызы қандай және ол қандай жолмен жүргізіледі?
ТОПЫРАҚ КОЛЛОИДТАРЫНЫҢ ПЕПТИЗАЦИЯСЫ

ЖӘНЕ КОАГУЛЯЦИЯСЫ
Жұмыс мақсаты: Топырақ коллоидтарының пайда болу жолы, құрылысы, касиеттері және коллоидтардың пептизация, коагуляция кұбылыстарымен танысу.

Тапсырма.

1. Топырақ колллоидтарының құрылысы мен қасиеттеріне сипаттама беру.

2. Топырақтан минералды коллоидтарды алып, қасиеттерін зерттеу.

3. Топырақтан органикалық коллоидтарды бөліп алу.

4. Әртүрлі электролиттердің әсерімен коллоидтардың пептизация, коагуляция құбылыстарын зерттеу.
Қажетті құралдар мен материалдар: Қара топырақ, алюминий стакан, диаметрі 1мм торкөздер, 250 мл колбалар, воронкалар, қағаз сүзгі, электр плитка, дистилденген су, 0,1 Н NaOH, 0,1 Н H2S04
Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақ күрделі табиғи дене, бір—бірімен тығыз байланысқан қатты, сұйык және газ тәрізді фазалардан құралған, топырақтың қатты фазасы электронды микроскоп арқылы ғана көрінетін бөлшектерден құралған. Бөлшектердің жеке топтары минералдық, химиялық құрамы және физикалық касиеттерімен ерекшеленеді. Күлдік қоректің көпшілік маңызды элементтері ұсақ фракцияларда шоғырланған. Майда фракциялар маңызды дәрежеде топырақтың басты қасиеттерін анықтайды. Бұлардың ішінде коллоид бөлшектер маңызды орын алады, бұлардың мөлшері (Гедройц К.К. бойынша) 0,2 микроннан ұсақ (0,0002 мм).

Топырақ коллоидтары органикалық, минералдық және органо-минералдық болуы мүмкін. Органикалық коллоидтарға гумин қышқылдары және фульвоқышқылдары жатады. Минералдық коллоидтарға—балшыктық минералдар (гидрослюда, каолинит, монтмориолинит және т.б.) темір гидрототығы және алюминий гидрототығы жатады.

Топырақта коллоидтар ірі бөлшектердің ұсакталуы немесе молекулярлық деңгейде ұсақталған заттардың қосылуы нәтижесінде пайда болады.

34

Ұсақталған дене дисперсиялық орта құрады (бөлшектерден жиналған сұйық, газ тәрізді немесе қатты заттар). Топырақ ерітіндісі топырақта дисперсиялық орта болып табылады. Ұсақталған коллоид бөлшектер электрлік зарядка ие. Негізінен барлық топырақ коллоидтары теріс зарядты, тек темір және алюминий гидрототықтары оң немесе теріс зарядты болулары мүмкін.



Егер коллоид бөлшектер үлкен көлемде (топырақ ерітіндісі) біркелкі таралып бір—бірінен дараланып тұрса, онда коллоидтардың мұндай күйі золь деп аталады. Бұл мысалда су дисперсиялық орта деп, ал онда таралған қатты бөлшектер—дисперсиялық фаза деп аталынады.

Коллоид бөлшектердің дараналып тұруы электрлік зарядтың және бөлшектер бетіндегі су қабыршағының болуына байланысты. Электрлік заряд олардың тебілуіне, ал су қабыршағы жабысып қалуына кедергі жасайды.

Кептіру, тұздар қосу, қыздыру нәтижесінде коллоид бөлшектердің заряды және су қабыршагы кішірейеді, олар бірігіп үлпілдек тұнба түзуі мүмкін. Коллоид жүйе золь күйінен келесі күй гельге ауысады. Коллоид бөлшектердің бірігу коагуляция деп, ал оның соңынан жүретін тұну— седиментация деп аталынады.

Коагуляция жүретін тұздардың ең төмен концентрациясы коагуляция шекарасы деп аталынады, катиондар әртүрлі коагуляциялық қасиетке ие, ол валенттілікпен атомдық салмақтың жоғарылауымен артады. Коагуляциялық қасиетіне қарай катиондарды мынадай қатар түрінде көрсетуге болады: Na+, К+, NH4+, Mg+, Са+, Н+, Ge+++, Al+++, мұнда Na ең әлсіз, ал алюминий ең күшті коагулятор болып табылады. Гель—ден зольға айналу қайтарма процесі пептизация деп аталынады.

Егер коллоидтар гель күйінен золь күйіне айнала алмаса коагуляция кайтарымсыз деп аталынады. Егер коллоидтар золь-дан гель-ге айналып қайтадан бастапқы күйіне келе алатын болса, онда мұндай коагуляция қайтарымды деп аталынады.

Коллоид бойындағы су мөлшеріне қарай оларды екі топқа бөледі: гидрофильді және гидрофобты.

Гидрофильді коллоидтарда су мөлшері көп, сондықтан олардың коагуляциясы үшін коллоидтардағы су мөлшерін азайту қажет.

Гидрофобты коллоидтардың су қабыршағы жұқа, олардың коагуляциясын әлсіз концентрациядағы тұздармен жүргізуге болады.

Гидрофильді коллоидтарға органикалық коллоидтар жатады, гидрофобтыға—темір гидрототығы, каолинит тобындағы минералдар жатады.

Топырақта коллоидтар негізінен коагуляцияланған түрде болады. Ылғалды топырақта коллоидтардың тек аз ғана бөлшегі золь күйінде болады. Егер гель суда ерімесе золь күйіне айналмаса, онда оларды ұсақтағандағы құрылымдық бөлшектер суға төзімді деп аталынады. Суға төзімді құрылымға көпшілік қара топырақтар ие. Егер гель суда золь күйіне ауысса, онда топырақ бөлшектері ыдырап өзінің бастапқы формасын жоғалтады.

Лабораториялық жұмысты орындау кезінде студенттер:

35

1. Минералды коллоидтар алуға.



2. Органикалық және минералды коллоидтардың коагуляция және пептизация құбылыстарымен танысуға және бұл процесстерге әртүрлі катиондардың әсерімен танысуға тиісті.
I тәжірибе.
Минералдық коллоидтарды алу.

Топырақта коллоид күйінде темірдің және алюминийдің гидрототығы болуы мүмкін. Темір гидрототығының коллоид ерітіндісін алу үшін әйнек стаканға (100 мл) 50 мл 0,1Н FeCl3 ерітіндісін құямыз. Түсін анықтаймыз және лакмус қағазымен орта реакциясын анықтаймыз, содан кейін ерітіндіні электроплиткада қайнағанынша қыздырамыз. Түсінің, мөлдірлігін және орта реакциясының өзгеруін бақылаймыз. Нәтижесін және реакцияны дәптерге жазыңыздар.


II тәжірибе.
Органикалық коллоидтар коагүляциясы.

7 пробиркаға бірдей мөлшерде органикалық коллоид құямыз, барлық пробиркаға 5 мл ден төмендегі электролиттер ерітіндісін құямыз.

NaCl, KC1, NH4C1, HC1, MgCl2, СаС12, FeCl3 (ерітінді концентрациясы 0,1Н). Пробиркалардағы ерітінділерді шайқап коагуляцияны бақылап кестеге жазамыз.

16-кесте- Органикалық коллоидтар коагуляциясы




№ пробирка

Коллоидтар

Электролит

Коагуляция

1.

Органикалық коллоидтар

КС1




2.

Органикалық коллоидтар

NaCl




3.

Органикалық коллоидтар

НС1




4.

Органикалық коллоидтар

NH4CI




5.

Органикалық коллоидтар

MgCl2




6.

Органикалық коллоидтар

СаС12




7.

Органикалық коллоидтар

FeCl3



Нәтижесін, әртүрлі катиондардың коагуляциялау қасиетін дәптерге жазыңыз.


III тәжірибе.
Әртүрлі катиондардың топырақ коллоидтарына коагуляциялау және пептизациялау әсері.

Үш стаканға бірдей мөлшерде Са катионды қара топырақ салынған 50 мл ден төмендегі реактивтерді құямыз.

36

17-кесте- Әртүрлі катиондардың топырақ коллоидтарына коагуляциялау және пептизациялау әсері.




№ стакан

Топырақ

Электролит

Пептизациясы немесе коагуляция

1

қара топырақ

Н2О




2

қара топырақ

Na2C03




3

қара топырақ

CaCl2+CaS04



Келесі үш стаканға сондай мөлшерде кебір топырақ саламыз (топырақ Na катиондарымен каныққан), сол реактивтерді құямыз.

18-кесте- Әртүрлі катиондардың кебір топырақ коллоидтарына коагуляциялау және пептизациялау әсері.


№ стакана

Топырақ

Электролит

Пептизациясы немесе коагуляция

1

кебір топырақ

Н2О




2

кебір топырақ

Na2C03




3

кебір топырақ

CaCl2+CaS04



Стакандарды жақсылап шайқап бір тәулікке қоямыз. Нәтижесін кестеге толтырып қорытынды шығарамыз.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақтың қандай қасиеті коллоид бөлшектермен анықталады ?

2. Топырақ коллоидтары қандай жолдармен пайда болады?

3. Коллоидтардың пептизация және коагуляция құбылыстары қандай жағдайлармен анықталады?

4. Коагуляция шекарасы дегеніміз не?


ТОПЫРАҚТЫҢ СІҢІРУ ҚАСИЕТІ
Жұмыс мақсаты: Топырақтың сіңіру қасиеті ілімін, сіңіру қасиеті түрлерін ұғыну.

Тапсырма.

1. Топырақтың механикалық, физикалық, физика-химиялық, химиялык, биологиялық сіңіру қасиеті түрлерін зертханалық тәжірибелер жүргізу арқылы зерттеп нәтижесін қорытындылау.



Қажетті құралдар мен материалдар: Қара топырақ, қиыршық тас, құм, балшық алюминий стакан, диаметрі 1мм торкөздер, 250 мл қолбалар,

37

воронкалар, қағаз сүзгі, электр плитка, дистелденген су, молекулярлық сия, 0,1 Н NaOH, 0,1 Н H2S04.



Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақ өз бойымен молекулаларды, иондарды, еріген заттарды, газдарды, коллоидтарды және қатты заттарды сонымен қатар тірі организмдерді ұстап калу қасиетіне ие. Топырақтың бұл қасиеті сіңіру касиеті деп аталады.

Сіңіру құбылысы өте күрделі және әрқилы. К.К. Гедройц іліміне байланысты сіңірудің бес түрі бар: 1. Механикалық, 2.Физикалық, З.Физика-химиялық, 4. Химиялық, 5. Биологиялық.

Механикалық сіңіру—бұл топырақтың су құрамындағы мөлшері топырақтың түтікшелерінен диаметрі ірі заттарды ұстап қалуы. Сіңірудің бұл түрі топырақтың механикалық құрамымен байланысты.
1-тәжірибе.

Екі үлкен воронка алып, екеуіне де қиыршық тас салыңдар, үстіне біреуіне жұқа етіп құм, екіншісіне балшық салыңдар.

Жеке колбаға ұсатылған қара топырақ салып су құйып жақсылап араластырамыз. Суспензияны дайындалған воронкалардан өткіземіз. Тәжірибе нәтижесін дәптерге жаз және түсіндір.
Физикалық сіңіру—топырақтың қатты фазасының өз беткейімен еріген заттармен газдарды ұстап қалу касиеті, бұл заттар топырақ кұрамына кірмейді. Бұл кұбылыс топырақтың еркін беткейлік энергиясының болуымен түсіндіріледі. Механикалық және физикалық сіңірудің маңызы мынада. Топырақтан ұсақ бөлшектер және көпшілік еріген заттар жуылып кетпейді.
2-тәжірибе.

Бірінші тәжірибедегідей воронкалар дайындаймыз, біріншісінде-қиыршық тас + құм, екіншіде—қиыршық тас + құм + балшық, бұлар арқылы молекулярлы сия ерітіндісін өткіземіз. Тәжірибе нәтижесін дәптерге жаз және түсіндір.



Физика-химиялык сіңіру—Топырақтың иондарды физика-химиялық немесе алмаса сіңіруі. Ерітінділер иондары топырақта көбінесе теріс зарядты коллоид бөлшектермен сіңіріледі. Мұнда қанша катион сіңірілсе сонша катион коллоид бөлшектерден ығыстырылады, алмасу эквивалентті қатынаста жүреді.

Топырақта сіңірілген күйде мына иондар болуы мүмкін: Са, Mg, Н, К, NH4. Топырақтың әрбір типіне өз алмасу катиондары тән. Сіңірілген негіздердің маңызы зор. Олардың құрамынан құрылым түзу, ауа касиеттері, топырақ минералының бұзылу жылдамдығы, топырақ реакциясы т.б. байланысты.



38

3-тәжірибе.

Екі колбаға 20 г-нан қара топырақ саламыз. Бір колбаға 50 мл I Н KC1 ерітіндісін құямыз. Екі колбаны да 3 минут шайқаймыз. Таза колбаға сүземіз. Филтратта Са++ катионы барлығын анықтаймыз. Ол үшін фильтратқа NHt (С2 Р04 ) құямыз, егер Са+ болса ақ тұнба немесе ерітіндінің лайлануы байқалады. Нәтижесін түсіндір.



Химиялық сіңіру - бұл топырақтың ерітінділері аниондары және катиондарымен жаңа нашар еритін қосындылар түзуі.

Топырақта көбінесе Н2Р04 тұздары Са (РО 4) 2 түрінде сіңіріледі.

Фосфор қышқылының топырақпен қатты сіңірудің жағымсыз жағы фосфаттар өсімдіктер үшін сіңірімсіз болып қалады. Бірақ топырақтан жуылудан сақталады.
4 тәжірибе.

Қағаз сүзгілі воронкаға ұсатылган I мм ситодан өткізілген қара топырақ саламыз топырақ арқылы еппен тамшылатып 0,05 Н концентрациялы (NH4 ) С2 Оз өткіземіз.

Фильтратта және воронкаға құйылатын ерітіндіде С03 анионын анықтау. Ол үшін 10% Ва С12 ерітіндісін құямыз.

Биологиялық сіңіру - топырақтың өн бойындағы микроорганизмдер тіршілік әрекетімен кейбір заттарды сіңіруге қабілетті.

Биологиялық сіңіру нәтижесінде топырақта қоректік элементтер жиналады.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақтың механикалық сіңіру қасиеті қандай жағдаймен анықталады?

2. Топырақтың қатты фазасының өз беткейімен еріген заттарды, газдарды ұстап қалу қасиеті калай аталады ?

3. Топырақта физика-химиялық сіңіру қалай жүреді ?

4. Топырактағы химиялық сіңірудің жағымды жақтары қандай ?

5. Топырақтың өн бойындағы микроорганизмдердің тіршілік әрекетімен кейбір заттарды сіңіруге қабілеті қалай аталады?

ТОПЫРАҚТЫҢ ҚАТТЫ ФАЗАСЫНЫҢ

ТЫҒЫЗДЫҒЫ МЕН КЕУЕКТІЛІГІН АНЫҚТАУ


Жұмыс мақсаты: Топырақтың қатты фазасының тығыздығы мен кеуектілігін анықтау әдістерін меңгеру.

Тапсырма:

1. Пикнометрлік әдісті қолданып, топырақ үлгісінде қатты фазасының тығыздығын анықтау.



2. Алынған топырақтың қатты фазасының көрсеткіштерін қолданып, топырақтың кеуектілігін есептеп шығару. Топырақ кеуектілігі (көлемдік масса) 1,05; 1,21; 1,32; 1,12; 1,45 г/см3 болганда, үлгілердің кеуектілігіне қарай агрономиялық бағалау.

39

Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, 100 мл пикнометрлер, қайнатылған су, қара топырак, 1 мм елеуіш, таразылар, электроплитка.



Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақтың қатты фазасының кеуектілігі деп, құргақ күйіндегі қатынасын айтады. Бұл көрсеткіш топырақ құрамына енетін минералды және органикалық заттардың мөлшеріне байланысты.

Орта есеппен көпшілік топырақтарда қатты фазасынын тығыздығы 2,5-2,65 г/см3 -ке тең және көрсетілген себептерге байланысты өзгереді. Топырақ кұрамындағы қарашірік мөлшері көп болса, қатты фаза тығыздығы согұрлым төмен. Мысалы, кұрамындағы қарашірік мөлшері 10% қара топырақ қатты фазасының тығыздығы шамамен 2,4 г/см3, ал құрамында 2,5% қарашірік бар шымды күлгін топырақ қатты фазасының тығыздығы шамамен 2,6 г/см3.

Топырак катты фазасы тығыздығының көрсеткіші топырақтың кеуектілігін шығару үшін қажет. Топырақтың көлем бірлігіндегі түтікшелердің жиынтық көлемі топырақ кеуектілігі деп аталады.

Жалпы кеуектілік қылтүтікті кеуектілік және қылтүтікті емес кеуектілік (аэрация қуыстары) болып бөлінеді.

Қылтүтікті емес қуыстар негізінен топырақ ауасымен толтырылған. Оларда су гравитациялық күшпен ұсталынып тұрмайды. Қылтүтікті қуыстар суға толтырылған оларда су беттік керілу (минискілік) күштермен ұсталынып тұрады.

Жалпы кеуектілікті қатты фазаның тығыздығымен және топырақ тығыздығынан есептеп шығаруга болады.

_а у

РЖ = (I- d )*100
Рж— жалпы кеуектілік % көлемімен

d - қатты фазаның тығыздығы

ay – топырақ тығыздығы
Құмбалшықты және балшықты топырақтардың жалпы кеуектілігін бағалау үшін Н.А. Качинский, төмендегі шкаланы ұсынады.

70 - шамадан тыс кеуектілік

55-65- өте жақсы

50 - жарамсыз жырту қабаты үшін

40-25 - шамадан тыс төмен, тығызданған иллювиальді қабаттар үшін сипатты. Қатты фазаның тығыздығын пикнометрлік әдіспен анықтайды. Есептеу үшін қатты фазаның көлемі мен массасын білу қажет. Пикнометрлік әдісте қатты фазаның көлемін алынған топырақ өлшемі мен суды ығыстыру арқылы анықтайды.

Анықтау жолы:

1. Колбаға 250 мл қайнатылған су құйып, одан еріген оттегіні шығару үшін жарты сағат кайнатамыз және үй температурасына дейін суытамыз.

40

2. 100 мл пикнометрге белгіге дейін қайнатылып суытылған су құйып температурасын өлшеп аналитикалық таразыларда салмағын анықтаймыз.



3. Миллиметрлік елеуіштен өткізілген құрғақ топырақтан аналитикалық таразы көмегімен әйнек ыдысқа 9-10г өлшеп саламыз. Бір уақытта гидроскопиялық ылғалдылығын өлшеу үшін үлгі аламыз.

4. Өлшенген пикнометрден жартысынан жоғары суды төгіп өлшенген топырақты саламыз. Ішінде топырақ болған ыдысты қайта өлшеп салынған ыдыспен бос ыдыстың арасындағы айырмашылық арқылы топырақ массасын шығарамыз.

5. Пикнометрдегі топырақ пен суды 30 минут қайнатамыз, құрамындағы ауаны шығару үшін үстінен дистилденген су құйып отырамыз. Қайнатқаннан кейін пикнометрді бөлме температурасына дейін суытамыз үстіне белгіге дейін қайнатып суытылған су құямыз, сыртын сүзгі қағазбен сүртеміз де аналитикалық таразыларда өлшейміз.

Қатты фазаның тығыздығын мына формуламен есептейміз:



A___

D = (B+A)-C


Мұнда:

d – топырақтың қатты фазасының тығыздығы, г/см 3.

А - құрғақ топырақ өлшемі.

100а

А = 100+W


Мұнда: А – құрғақ топырақ өлшемі,г.

W - гидроскопиялық ылғалдылық,%

В - су толтырылған пикнометр салмағы.

С - су және топырақ салынған пикнометр салмағы, г.


БАҚЫЛАУ С¥РАҚТАРЫ:
1. Топырақ құрамындағы қарашірік мөлшері топырақ тығыздығына қалай әсер етеді ?

2. Топырақтың көлем бірлігіндегі түтікшелердің жиынтық көлемі қалай аталады ?

3. Топырақтың жалпы кеуектілігі қандай жолмен анықталады ?

4. Топырақ қатты фазасының тығыздығы қандай жолмен анықталады ?


СУ ЕРІТІНДІСІН ТАЛДАУ
Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет