С. Қ. Мемешов. Топырақтану практикумы



жүктеу 2.07 Mb.
бет5/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жұмыс мақсаты: Топырақта еріген заттардың мөлшерін және сапалық құрамын анықтау.

Тапсырма:

1.Топырақтың су ерітіндісі ұғымына түсінік беру.

41

2. Суда еритін минералды және органикалық заттардың жалпы мөлшерін аныктау.



3. Топырақта еріген тұздардың сапалық құрамын анықтау.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Топырақ үлгілері, 250 мл колбалар, дистилденген су, қара топырақ, І мм елеуіш, таразылар, электроплитка, реактивтер.



Тапсырмаға түсініктеме.

Су ерітіндісі органикалық, минералды заттардың суда еритін қарапайым тұздарының топырақтағы мөлшерінен түсінік береді.

Су ерітіндісін талдау - бұл топырақ ерітіндісін талдаудың бір жолы, себебі су ерітіндісі - бұл сумен араластырылған топырақ ерітіндісі.

Су ерітінділері нәтижесі топырақтағы суда еритін заттардың сандық кұрамы туралы салыстырмалы дерек береді.

Су ерітіндісін топырақтағы есімдіктерге зиянды тұздарды анықтау үшін, қоректік режимін анықтау үшін және басқа практикалық сұрақтарды шешу үшін колданады.

Судың топыраққа әсері, топырақта барлық жеңіл еритін қосылыстардың еруінен тұрады.

Жеңіл еритін тұздар - хлоридтер: NaCl, Mn CI, Са СІ.

Сульфаттар: Na2 S04 және Mn S04 бикарбонаттар: NaHC03. Са (HC03) 2 және натрий карбонаты : Na2 C03. нитраттар, нитриттер, аммоний тұздары, натрий гуматы және фульваты.

Суда еритін тұздар өсімдіктерге зиянды болуы мүмкін В.А. Ковда жеңіл еритін тұздардың зияндық дәрежесіне қарай мынадай қатар құрады:

Барлық тұздардың ішіндегі ең зияндысы сода Na2C03 оның 0,005% мөлшері өсімдіктің өлуін тудырады.



Су ерітіндісін дайындау. Техникалық таразыларда алдын ала үгітілген және 1 мм торкөзді сито арқылы өткізілген 50 г құрғақ топырақ аламыз, өлшендіні 250 мл колбаға салып, 5-есе мөлшерде дистилденген су қүямыз. Содан кейін топырақпен суды 3 минут бойы шайқап келесі колбаға қағаз сүзгі арқылы сүземіз. Ерітіндіні талдауды сүзгі арқылы барлық су өтіп болғасын ғана бастаймыз, себебі сүзіндінің бастапқы және соңгы мөлшерінде кейбір компоненттерде айырмашылық болуы мүмкін.

Талдауды жеңіл еритін тұздардың жалпы мөлшерін анықтаудан бастаймыз (құрғақ қалдык).



Ерітіндінің құрғак қалдығын анықтау. Ерітіндінің құргақ немесе тығыз қалдығы суда еритін органикалық және минералды қосылыстардың жалпы мөлшерін көрсетеді. Құрғақ қалдық топырақтың тұздану дәрежесін көрсетеді. Тұзданған қабаттар деп құрамындағы суда еритін тұздар мөлшері 0,3%-тен жоғары топырақтарды айтамыз. Топырақтардың тұздану дәрежесін құрамындағы тұздардың сапалық құрамына қарай айырады (19-кесте).

42

19-кесте - Тұздану дәрежесі және сапасы бойынша топырақтар классификациясы



Топырақтардың тұздауына қарай топтары

Топырақтардың тұздану типтері, құрғақ қалдық, %

Хлоридті және

сульфатты-

хлоридті


Сульфатты

және хлоридті

- сульфатты


Содалы және

аралас



Тұзданбаған

0,2

0,3

0,1

Сәл тұзданған

0,2-0,3

0,3-0,6

0,1-0,3

Орташа тұзданған

0,3-0,5

0,6-1,0

0,3-0,5

Тұздануы жоғары

0,5-1,0

1,0-2,0

0,5-0,7

Сорлар

1,0

2,0

0,7

Құрғақ қалдықты анықтау үшін 50 мл су ертіндісін алып, алдын ала кұрғатылған және өлшенілген аллюминий бюкске құямыз. Егер 50 мл бюкске симайтын болса, құрғатуды бөлшектеп жүргіземіз: алдымен 25мл құйып құрғап болган соң сол бюкске қалган 25 мл құямыз, колбадан су ерітіндісін сыйымдылығы 25 мл өлшеуіш пипеткалармен аламыз.

Су ерітіндісі бар бюксті жабық спиральды электроплиткада құрғағанша қайнатамыз, қайнату кезінде ерітіндінің қатты қайнап шашырамауын қадағалайды.

Қайнату аяқталған соң бюксті құрғату шкафында 105° температурада 3 сағат бойы құрғатады. Сонан соң эксикатарда суытады және өлшейді. Дәптерге жазуды мына тәртіппен жүргізеді:


форма -1

Кес-

кін


Топырақ үлгісі

тереңді-гі, см



Топы-рақ өлше-мі

Ерітінді

- нің жалпы

көлемі


Бос

бюкс


салма

-ғы


Құрғақ

қалдық-


ты бюкс салмағы

Құрғақ

қалдық


Кептіруден

кейінгі


бюкс

салмағы


1

2

3

4

5

6

7

8

Топырақтағы құрғақ қалдық мөлшерін %-пен формула бойынша есептейді: Х=а*10

Мұнда Х= құрғақ қалдық, %

а = құрғақ қалдық салмағы, г

10-50 мл ерітіндіні 10г топыраққа ayдару коэффициенті

43

Су ерітіндісін сапалық талдау. Су ерітіндісін сапалық талдау топырақтағы тұздардың сапалық құрамын анықтау үшін жүргізіледі.

Су ерітіндісінде негізінен хлорид , сульфат және карбонаттар болғандықтан, ең бірінші аниондарды сонан соң кейбір катиондарды анықтайды.

С023 _анионын анықтау. Еритін карбонаттар топырақта негізінен Na НСО, (сода) түрінде болады. Na2СОз болуы топырақта сілтілік реакция тудырады. Сондықтан С03 ионын анықтауды фенолфталеин көмегімен жүргізеді: сілтілік реакцияда ол қызғылт реакция береді. Су ерітіндісіндегі С023 барын анықтау үшін пробиркаға аз ғана су ерітіндісін құйып 2 тамшы фенолфталеин қосамыз. Егер ерітінді кызғылт түске боялса топырақта С023 анионы болғаны. Егер ерітінді түссіз қалпында қалса, онда топырақта С023 анионы жоқ.

СІ анионын анықтау. СІ анионын анықтау үшін таза пробиркаға су ерітіндісін құйып 2-3 тамшы азот қышқылын қосамыз, сонан соң бірнеше тамшы азотқышкыл күміс қосамыз. Егер топырақта хлоридтер болса, мысалы натрий хлориді онда реакция мына төңдеумен жүреді:
NaCl + АдNОз HNO — Ag CI + Na N03

Хлорлы күміс ақ іркіт тәрізді тұнбага түседі.


S023_ aнионын анықтау. Таза пробиркаға су ерітіндісін құйып 2 тамшы 10% НСІ ерітіндісімен қышқылдандырамыз, сонан кейін 2-3 тамшы 5% ВаСl2 ерітіндісін қосамыз, реакция мына теңдеумен жүреді:

CaS04 +ВаСІHCl _ BaS04+ СаСІ2

Күкірт қышқыл барийдің ақ тұнбасы түзіледі.

Қышқылдандыру барийдің карбонаттарын б9зу үшін жүргізіледі, барий С023 және НС03 аниондарымен де қиын еритін тұздар түзеді, бірақ тек сілтілік және бейтарап ортада. Қышқыл ортада бұл тұздар еріп кетеді.



Са2+ катионын аныктау. Аниондардан басқа су ерітіндісінде Са, Mg, Na және тағы басқа катиондар болады.

Су ерітіндісіндегі Са2+ катиондарын анықтау үшін, су ерітіндісі бар пробиркаға 1-2 тамшы 10% сірке қышқылын және 2-3 тамшы 4% (NH4)2 C2 04 кұйып араластырамыз. Реакция тендеуі:


CaS04 + (NH4)2C204 СНз4СООН CaC2o4 + (NH4 )2S04
Кальций оксалатының ұсақ кристаллы ақ түнбасы түзіледі.

Mg2+ катионын анықтау. Су ерітіндісіндегі магний катионын анықтау үшін бірнеше тамшы NH4OH (аммиак иісі білінгенше) және 2-3 тамшы NH4CI ерітіндісінен фосфорқышқыл магний аммонидің ақ кристаллы тұнбасын түзеді.

Mg СО3 + Na2P04 + NH4C1 + NН4OH - Mg H4P04 + Mg C03+Na2HP04+

NaCl+NaOH
Тұзданған топырақтарда көбінесе Na+ катионы мөлшері көп, Na мөлшерін жиі аниондар және катиондар жиынтығы арасындағы айырмашылықпен анықтайды немесе жалынды фотометрде натрий ионы газ жандырғыны жалыны сары түске бояйды. Су ерітіндісіндегі натрийді

44

сапалық анықтауды да жалын түсінін өзгеруі бойынша анықтауға болады. Топырақтың тұздану типін топырақтағы әртүрлі катиондар мен аниондар мөлшеріне қарай арнаулы кестелермен анықтайды.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақ ерітіндісінің құрғақ қалдығы мөлшерін білу арқылы топырақтың қандай көрсеткішін анықтаймыз ?

2. Топырақ ерітіндісінің сапалық құрамы қандай жолмен анықталады ?

3. Топырақ ерітіндісі құрамындағы С023, CI, S023, Са2+, Mg2+ аниондары қандай реакциялар көмегімен анықталады ?

ТОПЫРАҚТЫҢ СУ ӨТКІЗГІШ ЖӘНЕ

СУ КӨТЕРГІШ ҚАСИЕТТЕРІ
Жұмыс мақсаты: Топырақтың су өткізгіштік және су көтергіш қасиеттерінің механикалық құрамнан, топырақ түзуші жыныстардың құралуынан, қарашірік мөлшерінен, сіңірілген негіздер құрамынан қалай байланыстылығын талқылау.

Тапсырма:

1. Топырактың су өткізгіштік және су көтергіш қасиеттері ұгымына түсінік беру.

2. Бірінші тәжірибені жүргізу арқылы топырақтар мен жыныстардың су өткізгіштік көрсеткіштерін анықтау.

3. Екінші тәжірибені жүргізу арқылы топырақтар мен жыныстардың су көтергіш көрсеткіштерін анықтау.



Қажетті құралдар мен материалдар: Топырақ үлгілері, түтіктер, штативтер, Петри шашкалары, стакандар, елшегіш цилиндрлер, құмбалшық, құрылымы бұзылған (үгітілген) қара топырақ, құрылымы бұзылған кебір топырақ.

Тапсырмаға түсініктеме.

Топырақтың негізгі су қасиеттері: су ұстау қасиеті, су өткізгіш қасиеті, су көтергіш қасиеті.

Су ұстау қасиеті сорбциялық және капиллярлық күштер әсерімен қалыптасады. Әртүрлі күштермен топырақта ұсталынып тұратын ылғалдың ең жоғары мөлшері ылғал сиымдылық деп аталынады. Топырақтың бу тәрізді ылғалды сіңіруі гигроскопиялық деп аталынады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100%-ке жақындағанда топырақ максималды гигроскопиялыққа дейін қанығады.

Адсорбциялық күштермен ұсталынатын тығыз байланысқан ылғалдың ең жоғары мөлшері максималды адсорбциялық ылғал сиымдылық деп аталады. Сорбциялық немесе молекулярлық тартылу күштерімен ұсталынып тұратын бос байланысқан ылғалдың ең жоғары мөлшері максималды молекулярлық толғандағы ылғалдың ең жоғары мөлшері толық

45

ылғал сиымдылық деп аталады. Көлдете суарудан кейін гравитациялық ылғал ағып жер асты суларының тірек әсері болмаған жағдайда топырақта қалатын ылғал мөлшері ең аз немесе каныққан-далалык, ылғал сиымдылық деп аталады. Капиллярлардағы толған ылғалдылық үзіктерге бөлінуіне сәйкес ылғалдылық капиллярлардың үзілу ылғалдылығы деп аталынады. Жер асты суларының үстіндегі капиллярлық тірек ылғалының ең жоғары мөлшері капиллярлық ылғал сиымдылық деп аталынады.



Су өткізгіштік - топырактың суды сіңіру және өткізу қасиеті. Топырақтың сумен толық қаныққандағы судың ауырлық күшімен төмен қарай жылжуы фильтрация деп аталады. Су өткізгіштік уақыт бірлігінде топырақ беткейін аудан бірлігінен өтетін су келемімен түтіктердің жалпы ауданына, мөлшеріне тәуелді. Сондықтан жеңіл механикалык топырақтарда су өткізгіштік жоғары.

Н.А.Качинский су өткізгіштігіне қарай топырақ градациясын ұсынған. Егер топырак 10°С температурада 5 см ағыста бір сағатта 1000 мм-ден жоғары су өткізсе, су ұстауы жоқ болып саналады. 1000-нан 500мм-ге дейін шектен тыс жоғары, 500-ден ІООмм-ге дейін ең жаксы, 70-30 қанағаттанарлық, ЗОмм-ден төмен қанағаттанымсыз.

Суды жоғары көтергіштік қасиеті - топырақтың капиллярлар арқылы жоғарыға су өткізгіштігі жатады. Ол топырақ құрылымына, механикалық құрамына, органикалық зат мөлшеріне байланысты. Суды ең жақсы көтеретін топырақтарға құрамында ірі шан бөлшектері көп құмбалшықты топырақтар жатады. Капиллярлармен су көтеру арқылы топырақ кұрғақшылық жерлерде өсімдіктерді сумен қамтамасыз етіп отырады.
I тәжірибе. Су өткізгіштік

Түбі сүзгімен қапталған ішіне аздап құм салынған бес әйнек түтікшеге қалыңдығы 8 см етіп келесі жыныстарды салу қажет: біріншісіне - құм, екіншісіне - құмбалшық, үшіншісіне — құрылымды құмбалшықты қара топырак, төртіншісіне - үгітілген құмбалшықты қара топырак, бесіншісіне -үгітілген кұмбалшықты қара топырақ.

Түтікшелерді толтырғанда топырақтармен жыныстар біркелкі таралу үшін айналдырып аздап соққылап отыру қажет. Барлық түтікшелерге 1 см. қалындықта құм себіңдер. Бес колбаға 100 мл су кұйыңдар. 1-ші және 3-ші түтікшелер арқылы 100 мл су өткізіңдер (түтікшелерді стакан үстінде ұстап тұрыңдар). Сүзіндінің басталу және аяқталу уақытын белгілеңдер.

Былай жазыңдар: 100 мл су кұм арқылы ... минута сүзілді, құрылымды кара топырақ аркылы ... минута сүзілді.

Сонан кейін қалған үш түтікшеге су қүйындар (құм үстіндегі су бағаны 2 см). 20 минут бойы әрбір 2 минут сайын ылғалдану тереңдігін белгілеп отырыңдар. Алынған көрсеткіштерді 20-шы кестеге толтырыңыздар.

46

20- кесте - Жыныстар мен топырақтардың су өткізгіштігі




Топырақ және жыныс



Су өткізгіштік, см

2 4 6 8 10 12 14 16 18 20

Құмбалшық




Үгітілген құмбал-шықты қapa топырақ




Үгітілген құмбалшықты кебір топырақ



2- тәжірибе. Топырақтың суды жоғары көтеру қасиеті

Бес әйнек түтікшелерге қалындығын 10 см етіп келесі топырақ түрлерін салындар: біріншісіне - құм, екіншісіне - үгітілген құмбалшықты қара топырақ, үшіншісіне - үгітілген құмбалшықты кебір топырақ, төртіншісіне - құрылымды құмбалшықты қара топырақ, бесіншісіне - 6 см қалыңдықта құмбалшық, І см қүм, 1 см құмбалшық, І см құм, 1 см құмбалшық.

Түтікшелер Петри чашкаларында тұру қажет. Барлық чашкаларға бір мезгілде су құйыңыздар. Судың кетуіне қарай толтырып отырыңыздар. Судың көтерілу жылдамдығын әрбір 2-минут сайын 20 минут бойы кадағалаңыздар. Алынған көрсеткіштерді 21- кестеге толтырыңыздар.


21- кесте - Топырақтардың су көтергіш қасиеті

Топырақ және жыныс



Су өткізгіштік, см

2 4 6 8 10 12 14 16 18 20

Құмбалшық




Үгітілген құмбал-шықты қара топырақ




Үгітілген құмбалшық -ты кебір топырақ




Құрылымды құмбал-шықты қара топырақ




6 см қалыңдықта құм-балшық, Ісм құм, 1см құмбалшық, Ісм құм, 1 см құмбалшық





БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Каналдардағы су шығынын қалай азайтуға болады?

2. Қайталап сорлануды тоқтату үшін жер асты суларының көтерілу биіктігін қалай азайтуға болады?

3. Су өткізгіштік құрылымға қалай бағынышты?

4. Су өткізгіштік механикалық құрамға қалай бағынышты?

5. Су өткізгіштік сіңірілген катиондар құрамына қалай бағынышты?

47

6. Судың көтерілу жылдамдығы механикалыұ құрамға қалай бағынышты?



7. Топырақ құрылымы судың көтерілуіне қалай әсер етеді?

8. Сіңірілген Са2+ жэне М2+ судың көтерілуіне қалай әсер етеді?

9. Ылғалданған топырақтарда жырту қабатына судың көтерілуін қалай тоқтауға болады?

48
V ТАРАУ. ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙМАҚТЫЛЫҚҚА ӘСЕРІ


Топырақ генезисі (пайда болу және дамуы) топырақтанудың жеке бөлімі ретінде топырақ түзілу факторлары, топырақ түзілу процесстерінің механизмдерін топырақ кескіні қалыптасуын анықтайтын энергия мен масса алмасуды, олардың қасиеттері мен құнарлығын, топырақтың генетикалық қасиеттерін зерттейді.

Топырақ классификациясы деп топырактарды басты қасиеттері, пайда болуы мен кұнарлық ерекшеліктеріне қарай топтауды атайды.

В.В.Докучаев, Н.М.Сибирцев топырақты қоршаган ортамен тығыз қарым-қатынаста дамитын ерекше табиги органо-минералды дене деп танитын көзқарасты бекітті. Олар топырақтың генетикалық типтері туралы ілімді қалыптастырды.

Топырақтың географиялық таралу заңдылықтары жер беткейінде табиғи жағдайлардың әртүрлі орналасуымен анықталады. Осы таным топырақ географиясының келесі басты бөлімдерінің дамуында жатыр: ендік аймақтылық, бойлық аймақтылық, топырақтық климаттық фациялар мен провинциялар, топырақ жабынының құрылымы мен әртүрлілігі.

Топырақтар аймақтылығы туралы ілім В.В. Докучаевтың топырақ түзілу табиғи тарихи концепциясының соңгы бөлімі. В.В. Докучаев алғашқы рет орыс жазықтығында топырақтардың орналасуындағы аймақтылықты зерттеуі солтүстіктен оңтүстікке жылжығанда топырақ түрлері біртіндеп өзгеріп отырады. Тундра топырақтары, күлгін, орман сұр, қара топырақтар, қара-қоңыр топырақтар, қоңыр топырақтар, шөлейт топырақтары.

В.В. Докучаевтың топырақтардың орналасуындағы жалпы принципі кең мағыналы болып терең бекіді, бірақ ендік аймақтылықта біраз өзгерістер де енгізілді.

Қазіргі кезде құрылық топырақтарын климаттық термиялық ерекшеліктеріне қарай топырақтық климаттық белдеулерге бөледі (полярлық, бореальды, суббореальды, субтропиктік, тропиктік). Топырақтық климаттық белдеулерді атмосферлік ылғалдану режимі өсімдіктер типіне қарай топырактық-биоклиматтық облыстарға бөледі. Мынандай областарды айырады: ылғалды орманды, тайгалы немесе тундралы өсімдік жабынды; аралық далалық, ксерофитті орманды және саваналы өсімдік жабынды, құрғақ шөлейт және шөл өсімдік жабынды.

Топырақтық-биоклиматтық облыстар тұрақты болғанымен бірнеше топырақ типінен құралады, сондықтан оларда 2-3 топырақ зонасын айырады.

Топырак зонасы бір немесе екі топырақ типі ішінде орналасқан интрозональды топырақтардан тұрады. Топырақ зонасын топырақ тип тармақтарының зона аймақтарына бөледі.

Топырақ фациясы - температуралық режиміне мерзімдік ылғалдануына қарай зона бөлшегі.

Топырақ провинциясы - белгілердің айқын білінуіне қарай топырақ фациясы бөлігі. Топырақ провинциясы округтерге, округ аудандарға бөлінеді.

49

В.В. Докучаевтың Кавказда жүргізілген зерттеулері нәтижесінде тауларда топырақтардың бойлық аймақтылық ілімі құрылды. Бойлық аймақтылық құрылымы келесі факторлармен анықталады: таулы мекеннің ендік топырақ зонасында орналасу орны, тау биіктігі, ауа массасының басты қозғалысына қарай таулы мекеннің орналасуы, температуралық инверсиялардың болуы, яғни жыл мерзіміне қарай суық ауаның тау беткейімен жылжуы.


ТОПЫРАҚ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ПРИНЦИПТЕРІ ТАКСОНОМИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕР
Жұмыс мақсаты: Топырак классификациясы принциптері және таксономикалық бірліктерімен танысу.

Тапсырма:

1. Негізгі таксономикалық бірліктерді оқу.

2. Қазақстан топырақтары классификациясымен танысу.

Тапсырмага түсініктеме.

Табиғатта топырақтар әр алуан болып келеді. Топырақтарды зерттеу және тиімді пайдалану оларды нақты анықтағанда ғана мүмкін яғни классификация.

Топырақ классификациясы деп топырақтарды олардың басты касиеттеріне, шығу және құнарлық ерекшеліктеріне қарай топтарға біріктіруді атайды.

Қазіргі классификацияны құрғанда мына негізгі принциптерге сүйенеді:

1. Топырак классификациясы мыналарға сүйенуге тиісті: негізгі қасиеттерге және топырақ режимдеріне және міндетті түрде оларды құрушы процесстерді ескеру, яғни кең ауқымда мағынада генетикалық болуға тиісті экологиялық, морфологиялық және эволюциалық қарастарды біріктіруге тиісті.

2. Классификация таксономикалық бірліктердін қатаң ғылыми жүйесіне негізделе кұрылуға тиісті.

3. Классификацияда шаруашылық әрекетінен пай да болған топырақтын белгілерімен касиеттерін ескеру қажет.

4. Классификация топырақтың өндірістік ерекшеліктерін ашып көрсетіп оларды ауыл шаруашығында орман шаруашылығында тиімді пайдалануға жол ашуы керек.

5. Қазіргі классификация топырақ кескінінің морфологиялық және микроморфологиялық құрылымын, топырақтың құрамы мен касиеттерін, басты топырақ түзу процесстерін, және экологиялық жадайларын толық ескеру кажет. Органикалық заттардың сапалық құрамы, заттардың биологиялық айналым ерекшеліктер де ескеріледі.

6.Бұлар топырақтың негізгі генетикалык ерекшеліктері терең түсініп, кұнарлылығын бағалау агрономиялық сипаттама беруге мүмкіншілік туғызады

Таксономиялық бірліктердің қазіргі жүйесі 1958 жылы мекеме аралық номенкалатура, топырақ жүйесі және классификациясы жөніндегі ғылыми академия комиссиясымен бекітілді.

50

Қазіргі топырақ классификациясының ерекше таксономикалық бірлігі болып генетикалық топырак типі табылады.



Әрбір топырақ типі біртекті биологиялық, климаттық және гидрологиялық жағдайларда дамып негізгі топырақ түзілу процесінің айқын байқалуымен сипатталады.

Топырақ типіне тән белгілер:

1. Органикалық заттардың топыраққа ену және олардың өзгеру бұзылу процесстерінің біртектілігі.

2. Минералдық массаның ыдырау процесінің біртекті комплекс және минералдық органо-минералдық жаңа жарандылардың, заттардың миграциясымен аккумуляциясының бір типтік сипаты.

З.Топырақ кескінінің біртекті құрылымы.

4. Топырақтың құнарлық деңгейін ұстап тұру және көтеруге бағытталған шаралардың біртектілігі.

Топырақ типінен төмен мынадай таксономикалақ бірліктер бөлінеді: типше, тег, түр, түрше, разряд.


ТИП




ТИПШЕ




ТЕГ




TYP







ТҮРШЕ

Типше тип ішіндегі бірлік. Негізгі топырақ түзілу процесін анықтайтьн белгінің байқалуындағы сапалық өзгеріске байланысты топырақ тобы және типтер арасындағы аралық саты болып табылады.

Тег типше ішінде бөлінеді, олардың сапалық, генетикалық ерекшеліктері жергілікті жағдайлармен анықталады: топырақ түзуші жыныстар құрамы, жер асты сулары химиялық кұрамы.

Түр туыстық ішінде бөлінетін бірлік топырақ түзілу процестерінің даму дәрежесімен ерекшеленеді ( тұздану дәрежесі, карашірік мөлшері, қарашірікті қабаттың қалыңдығы).

Түрше жоғарғы топырақ қабаттарының және топырақ түзуші жыныстардың механикалық құрамымен анықталады.

Разряд топырақ түзуші жыныстардың генетикалық қасиеттерімен анықталады.

51


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет