С. Қ. Мемешов. Топырақтану практикумы



жүктеу 2.07 Mb.
бет6/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қазіргі кезеңдегі топырақ классификациясы қандай принциптерге сүйене құрылған?

2. Қандай таксономикалық бірлік топырақ классификациясының негізгі, ерекше бірлігі болып саналады?

3. Топырақ тегі, түрі, түршесі, разряды қандай көрсеткіштермен аныкталады?
ТАЙГАЛЫ ОРМАН АЙМАҒЫ ТОПЫРАҚТАРЫ
Аймақтың топырақ жабыны негізінен күлгіндену, шымдану және батпақтану процестерінің әсерінен қалыптасады. Шығыс Сибирде топырақтар түзілуінде тоңдану процестерінің үлкен ықпалы бар. Игерілген топырақтарда ауылшаруашылығында колдану тәсілдерінің әсерінен қалыптасқан өзгерістер байқалады.

Аймақтың барлық топырақтарын мынадай негізгі типтерге біріктіруге болады: күлгін, шымды-карбонатты, шымды-глейлі, шымды-күлгінді. батпақтық, батпақты-күлгінді және тоңды-тайғалы топырақтар тобы.


КҮЛГІН ТОПЫРАҚТАР
Сабақтың мақсаты: Күлгін топырақтар классификациясымен.

морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.



Тапсырма:

1. Монолиттер мен жэшіктегі үлгілерді пайдаланып күлгін

топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Күлгін топырақтар классификациясымен танысу.

3. Күлгін топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.

Тапсырмаға түсініктеме.

Күлгін топырақтар қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты-қылқанды мүкті, бұталы-мүкті немесе әбден солған ағаш қалдықтары астында қалыптасқан. Жер шарының солтүстік жартысында кең таралған, тайгалы ормандар астында түзілген.

Тың топырақтарға генетикалық қабаттардың мынадай қатары тән: А0-АоА1 1А22 –А2В- В12-ВС-С; игерілгең топырақтарда - Аж2- А2В- В12-ВС-С.

Аймақтық топырақ түзілу жағдайларына байланысты күлгін топырақтар күлгін және глейлі күлгін болып бөлінеді.



Күлгін топырақтардың беткейінде қалыңдығы 3-6 см А0 қабаты болады. Оның астында нашар дамыған қарашірікті-элювиальды қабат А0А1 орналасады. Төменде ағарған, ашық-сұр немесе жалын түсті А2 күлгінденген (элювиальды) қабат орналасады. Бұл қабат тақталанған-жапырақты құрылымды немесе құрылымсыз болуымен сипатталады. Темірмаргенецті түзілістер, кейде таттанған дақтар, ал глейлі күлгін топырақтарда - глейленген ақтаңдак дақтар кездеседі. Бұлар төмен орналасқан қабатқа тілшелер түрінде еніп, ауыспалы А2В қабатын түзеді.

Ауыспалы қабаттан кейін қоңыр, сары-қоңыр немесе қызыл-қоңыр түсті, жиі тығыздалған иллювиальды (В) қабат орналасады. Құмбалшықты және балшықты механикалық құрамда өткір қырлы жаңғақты-призмалы құрылымды бөлшектер анық байқалады, олардың қырларында жылтырлық, жұғын, күлгіндену іздері байқалады. Осы белгілердің байқалуына қарай В1 В2 және ВС қабатшаларына бөлінуі мүмкін. Біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.

Жылы фация күлгін топырақтары қабаттарға анық бөлінуімен және кескіннің жоғарғы бөлігінде қышқыл реакциялы (рНKCl 2,9-3,5) болуымен сипатталады.

Суық фация күлгін топырақтары сәл күлгінденген, бүкіл кескін бойында күшті қышқылды және қышқылды реакциялы (рНКСl 3-3,8) болуымен сипатталады. Баяу еріп жылынады, топырақ кескінінен т-мен көпжылдық тондану кездеседі. Батыс Сибир, Краснояр өлкесі, Иркутск облыстарында таралған.

¥зақ мерзімді қататын фациядағы күлгін топырақтар қалыңдығы 50-100 см, күшті кышқыл реакциялы (рНКСl <4). Төселуші жыныстарда тоңдану жыл бойы немесе вегетациялық кезеңнің басым белігінде байқалады. Байкал көлі мен Охот теңізінің жағалауында кездеседі.

Глейлі күлгін топырақтар күлгін топырақтардың белгілерін сақтайды, сонымен қатар анық байқалатын глейлену және 10-15 см-ге дейін торфты төсеніштің болуымен сипатталады. Олардың топырақ кескіні мынадай: Ao-A28-A2Bg-B-BC.

Глейлі күлгін топырақтар күлгіндену дәрежесіне қарай бөлінуімен қатар, глейлену дәрежесіне қарай да бөлінеді.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Күлгіндену процесі күлгін топырақтар кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?

2. Күлгін топырақтардың құрылысы, қасиеттері, классификациясы?

3. Климаттық жағдайлар, жер бедері, аналық жыныстар мен ағаштардың күлгіндену процесіне әсері?
ШЫМДЫ ТОПЫРАҚТАР
Сабақтың мақсаты: Шымды топырақтар классификациясымен,

морфологиялық белгілерімен, қасиеттерімен танысу.



Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып шымды топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Шымды топырақтар классификациясымен танысу.

3. Шымды топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.

53

Тапсырмаға түсініктеме.

Шымды топырақтар шалғынды өсімдіктер жиынтығы, шөптесін немесе мүкті-шөптесін өсімдікті ормандар астында карбонатты жыныстарда, кальций мен магнийдің силикатты формаларына бай жыныстарда, темірге бай бұзылу өнімдерінде немесе кермек жер асты суларымен ылғалдану жоғары болған жағдайларда түзіледі. Оларда қарашірікті қабат жақсы жетілген, гумус мөлшері жоғары, кесекті –дәнді құрылымды, орта реакциясы сәл қышқылды немесе бейтарапқа жуық, сіңіру сиымдылығы мен негіздермен канығу дәрежесі жоғары. Түзілу процесі ерекшеліктеріне қарай шымды топырақтар бірнеше топтарға бөлінеді: шымды-карбонатты; шымды литогенді; шымды-глейлі.



Шымды-карбонатты топырақтардың кескіні мынадай қабаттардан кұралған: А01- A1B 1А2) - В-СКК).

Тың топырақтарда шым немесе тесеніш қабаты А0 болады, оның астында сұр немесе күңгірт-сұр түсті кесекті-дәнді құрылымды қарашірікті А, қабаты орналасады. Ол аз карашіріктенген ауыспалы қабат А1В немесе А қабаты күлгінденгенде А1А2 қабатына ауысады. Қарашірікті қабаттың (А1+ А1В) астында ауыспалы қабат В орналасады, біртіндеп аналық жынысқа Ск немесе төселуші жынысқа Дк ауысады. Мынадай типшелерге бөлінеді: шымды-карбонатты типті, шымды-карбонатты сілтісізденген, шымды-карбонатты күлгінденген.

Шымды-карбонатты типті топырақтар әкті жыныстардың аз қалындықты эллювиінде қалыптасады. Кескін қалыңдығы 30-50 см. 10% НСІ-дан қайнауы беткейінде немесе A1 кабатында байқалады.

Шымды-карбонатты сілтісізденген топырақтар элювий-делювийлі карбонатты жыныстардың қалың кабатында калыптасады, кескін қалыңдығы 60-100 см. 10% НСІ-дан қарашірікті қабаттан төмен қайнайды.

Шымды-карбонатты күлгінденген топырақтарда күлгіндену белгілері В қабатында болады.

Шымды (шірінділі) литогенді топырақтардың кескіні мынадай кабаттардан құралған: Aq-Ai- А1В - В-С (Д). Мынадай типшелерге бөлінеді: шымды қаныққан, шымды қышқыл, шымды күлгінденген.

Шымды-глейлі топырақтар шымды топырақтардың белгілерін сақтайды және анық байқалған глейлену мен шымтезекті төсеніш, шірінділі кабаттың болуымен сипатталады. Кескін кұрылымы: Ao-A1(A|g)- В g -С (С g). Мынадай типшелерге бөлінеді: шымды-беткейлі-глейлі, шірінділі беткейлі-глейлі. шымды-грунтты-глейлі, шірінділі грунтты-глейлі.

Шымды топырақтардың түрлерге бөлінуі қарашірік мөлшері бойынша: шірінділі- 12%-тен жоғары, орташа қарашірікті- 5-12%, аз карашірікті- 3-5% және қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша: аз қалыңдықты - 15 см-ден жұқа және орташа калыңдыкты - 15 см-ден қалың.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Шымдану процесі шымды топырақтар кескінінің қалыптасуы туралы казіргі көзқарастар?

2. Күлгін топырақтардың құрылысы, қасиеттері, классификациясы?

2 Су режимі, аналық жыныстар мен өсімдіктер жабынының шымдану

процесіне әсері?


ШЫМДЫ-КҮЛГІН ТОПЫРАҚТАР
Сабақтың мақсаты: Шымды-күлгін топырақтар классификациясымен, морфологиялык, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып шымды-күлгін топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Шымды-күлгін топырақтар классификациясымен танысу.

3. Шымды-күлгін топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Шымды-күлгін топырақтар оңтүстік тайга аймақшасында шөптесін немесе мүкті-шөптесін өсімдікті ормандар астында қалыптасқан. Бұл топырақтардың қасиеттері мен белгілері күлгіндену және шымдану процестерінің әсері нәтижесінде қалыптасқан. Шымды-күлгін топырақ-тардың беткі қабаты қалындығы 3-5 см шым (Ag) немесе төсеніш (Ао). Төменде 5 см-ден қалың қарашірікті-элювиальды (шымды), ашық-сұр немесе күңгірт сұр түсті, кесек құрылымды А1 қабаты орналасады. Оның астында элювиальды күлгін (А2) қабат орналасады, одан кейін алмасу (А2В) және біртіндеп аналық жынысқа ауысатын иллювиальды (В) қабат орналасады.

Генетикалық қабаттардың белгілері күлгінді топырақтардағыдай. Екі типшеге бөлінеді: шымды-күлгінді және шымды-жалынды-күлгінді.

Шымды-жалынды-күлгінді топырақтардың сипатты морфологиялық ерекшелігі күлгінді қабатының жалын түсті болуы.

Шымды-күлгінді топырақ типшелерінде күлгінді топырақтардағыдай топырақ тегтері кездеседі, айырмашылығы шымды-күлгінді топырақтарда екінші қарашірік қабатты топырақ тегі қосылады. Бұл топырақ тегіне А1 қабатымен салыстырғанда күңгірт түсті екінші қарашірікті кабаттың Аһ болуы және В қабатындағы жоғары ылғалдылық тән.

Шымды-күлгінді топырақтар шымдану және күлгіндену процестерінің байқалу дәрежесіне қарай түрлерге бөлінеді. А1 қабатындағы қарашірік мөлшері бойынша аз карашірікті - тың топырақтарда 3%-ке дейін, игерілген топырақтарда 2%-тен аз; орташа қарашірікті - тың топырақтарда 3-5%, игерілген топырақтарда 2-4%; жоғары қарашірікті - тың топырақтарда 5%-тен жоғары, игерілген топырақтарда 4%-тен жоғары.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Шымды-күлгін топырақтар кескінінің калыптасуы туралы қазіргі көзқарастар?

55

2. Шымды-күлгін топырақтардың құрылысы, касиеттері?



3. Шымды-күлгін топырақтардың классификациясы?
БАТПАҚТЫҚ ТОПЫРАҚТАР
Сабақтың мақсаты: Батпақтық топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Батпақтық топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Батпақтық топырақтар классификациясымен танысу.

3. Батпақтық топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Батпақтық топырақтар жоғары ылғалдану жағдайында әртүрлі топырақты-климаттық жағдайларда қалыптасады. Тайгалы-орман және тундралы аймақтарда ең көп таралған. Оңтүстікке қарай орналасқан аймақтарда бұл топырақтар негізінен батпақтық жайылма дала топырақтары, батпақтық қоңыр орман топырақтары, сұр топырақты аймақ пен субтропиктік облыстардын батпақтық топырақтары түрінде болады.

Барлық батпақтық топырақтар Т торфты қабат пен G минералды глейлі кабаттың болуымен сипатталады, олардан төмен С аналық жыныс орналасады.

Тың топырақтардың торфты қабатында мынадай қабаттарды айырады: А0 орман төсеніші, оның астында ыдырау дәрежесі бойынша қабаттарға бөлінетін торфты қабат орналасқан: қоңыр немесе қоңыр-сұр түсті сәл ыдыраған Т, қабаты, кұрамында жартылай ыдыраған есімдік қалдықтары көп, оның астында күңгірт-сұр немесе қара түсті құрамында жартылай ыдыраған (шірінділі-торфты) Т2 қабаты орналасады. Торфтың астында жасылдау-көгілдір немесе кіршең-көгілдір глейлі G қабаты орналасады. Глейлі қабат біртіндеп аналык жынысқа ауысады.

Батпақтық топырақтар, батпақтық жоғарғы топырақтар және батпақтық төменгі топырақтар болып екі типке бөлінеді.

Батпақтық жоғарғы топырақтардың кескіні қабаттарға нашар жіктелген, ашык қоңыр немесе қоңыр түсті, сәл ыдыраған.

Батпақтық төменгі топырақтар, кермек жер асты суларымен ылғалдану жоғары болғанда түзіледі. Бұл топырақтардың торфы жақсы ыдыраған қара немесе күңгірт-сұр түсті.

Батпақтық топырақтар мына белгілері бойынша түрлерге бөлінеді.

1. Органогенді қабат қалыңдығы бойынша: торфтанған-глейлі - торф калыңдығы 20-30 см, торфты-глейлі - 30-50 см, торфты жұқа торфтарда - 50-100 см, торфты терең торфтарда - торф қабатының қалыңдығы 200 см-ден жоғары.

2. Торфтың ыдырау дәрежесі бойынша: торфты - 25%-тен аз, шірінділі­торфты - 25-45%, шірінділі - 45%-тен жоғары болып бөлінеді.


БАҚЫЛАУ С¥РАҚТАРЫ:
1. Батпақтық топырақтар түзілу жағдайы, кескінінің қалыптасуы туралы қазіргі көзкарастар?

2. Батпақтық топырақтар кескінінің құрылысы, касиеттері?

З.Батпақтық топырақтарды классификациялау қандай белгілер бойынша жүргізіледі?
ОРМАНДЫҚ ҚОҢЫР ТОПЫРАҚ
Сабақтың мақсаты: Ормандық қоңыр топырақ классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып қоңыр орман топырақтарының морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Ормандық қоңыр топырақ классификациясымен танысу.

3. Ормандық қоңыр топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Ормандық қоңыр топырақтар Карпатта, Қырымда, Кавказда және Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігінде жалпақ жапырақты, аралас немесе сирегірек қылқан жапырақты ормандар есетін жердегі қоңыржай жылы-ылғалды климат жағдайында түзілген топырақ.

Ормандық қоңыр топырақтардың кескіні мынадай қабаттарға бөлінеді: Ао1-В-С.

Орманның қоңыр топырағы қабаттарға нашар жіктелген, тек гумусты-элювиальды А1 сұр-қоңыр немесе күңгірт қоңыр түсімен анығырақ байқалады. Кескіннің қалған бөлігіне біркелкі қоңыр немесе сұр-қоңыр түске боялу тән. В және С қабаттарының төменгі бөлігінде жиі бастапқы жыныстардың сынықтары кездеседі.

Тың топырақтарда А1 қабатының қалыңдығы 5-30 см, кесекті-жаңғақты немесе дәнді-жаңғакты құрылымды. В қабаты тығыздалған, анық байқалған жаңғақты немесе кесекті-жаңғақты құрылымды. Бұл қабаттың түзілуі балшықтық майда түйірлердің жоғарыдан төмен қарай жылжуы, лессиважға байланысты. Біртіндеп аналық жынысқа ауысады.

Ормандық қоңыр топырақтар мынадай типшелерге бөлінеді: ормандық қоңыр типті, ормандық қоңыр күлгінденген, ормандық қоңыр глейленген, ормандық қоңыр глейленген күлгінденген.



Ормандық қоңыр типті топырақтар жоғарыда келтірілген барлық белгілерді сақтауымен сипатталады.

Ормандық қоңыр күлгінденген топырақтар А1 қабатының ашық түсті қалыңдығы азырақ болуымен және А1 қабатынан төмен сұрғылт-

57

түсті, кесекті немесе тозаңды-кесекті құрылымды гумусты-күлгінденген А1 А2 қабатының болуымен ерекшеленеді.



Ормандық қоңыр глейленген топырақтар кескінінде бозғылт және татты дақтардың болуы, темір-марганецті түйіршектердің болуымен сипатталады. Бұл топырақтардың глейленуі беткейлік және жер асты суларының әсерінен болуы мүмкін. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: AоAi-A1 А2 - A2Bg -Bit(g)-C.

Ормандық қоңыр глейленген күлгінденген топырақтар глейленген және күлгінденген топырақтардың жиынтық белгілерін сақтайды, олардың кескінінде A2g кабаты бөлінеді.

Ормандық қоңыр топырақтардың типшелері мынадай тегтерге бөлінеді: калыпты, қалдық-карбонатты, қызыл түсті, шала жетілген.

Қалыпты ормандық коңыр топырақтар тығыз элювий- делювий шөгінді және магматикалық жыныстарда, сонымен қатар құмды және құмбалшықты шөгінділерде қалыптасады, жоғарыда сипатталған типшелердің барлық белгілерін сақтайды.

Қалдык-карбонатты ормандық қоңыр топырақтар карбонатты жыныстарда калыптасады, олардың кескіні күңгірт-қоңыр немесе сұр-қоңыр түсті. Құрамындағы гумус мөлшері жоғары (10-12%), қарашірікті-аккумулятивті қабаттың дәнді немесе ұсақ жаңғақты-дәнді құрылымы анық байқалады.

Қызыл түсті ормандық коңыр топырақтар ежелгі қызыл түсті элювий және делювийлі шөгінділерде қалыптасады. Кескінінің түгелдей қызыл немесе қызғылт-қоңыр түсті болуымен сипатталады.

Шала жетілген ормандық қоңыр топырақтардың кескіні аз қалыңдықты, нашар жетілген. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралган: А0А11 -Bt-С.

Ормандық қоңыр топырақтар мынадай белгілері бойынша түрлерге бөлінеді: а) қарашірік мөлшері бойынша: жоғары қарашірікті (>10%), орташа карашірікті (5-10%), аз қарашірікті (<5%); б) күлгіндену дәрежесі бойынша: сәл күлгінденген – A1A2 қабатында ақшыл дақтар бар, орташа күлгінденген –А1А2 қабаты түгел ақшылданған, күшті күлгінденген - ағарған А2 қабаты бөлінеді; в) глейлену дәрежесі бойынша: глейленген және глейлі.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Орманның қоңыр топырағы қандай аймақтарда таралған?

2. Орманның қоңыр топырағының негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?

3. Орманның коңыр топырағының классификациясында қандай тип тармақтарына, туыстықтарға, түрлерге бөлінеді?
ОРМАНДЫҚ С¥Р ТОПЫРАҚ

58

Сабақтың мақсаты: Ормандық сұр топырақ классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.



Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып ормандық сұр топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Ормандық сұр топырақ классификациясымен танысу.

3. Ормандық сұр топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Орманды далалы аймақтың негізінен солтүстік бөлігінде таралған. Солтүстік Қазақстанда ормандық сұр топырақ көктерек пен қайыңды шоқ орман өсетін жерде, элювий-делювийлі саз жыныстарда, қоңыр салқын, ылғалдылығы орташа ауа райы жағдайында қалыптасқан. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: A0-A1-A1 А2- ВА2 -В (В1 В2) - ВС -С.

Тың топырақтарда орман төсеніші қабаты А0 немесе шымды қабат Ад болады. Оның астында қарашірікті (А11А2) қабат орналасады, оның түсі ашық-сұрдан күңгірт-сұрға дейін. Орманды дала топырақтарының басты морфологиялық ерекшелігі – қарашірікті қабаттың екі қабатқа анық бөлінуі: гумусты қабат А1 - гумус мөлшері жоғары үстіңгі бөлігі және ауыспалы A1A2 немесе қарашірікті-күлгінденген гумуспен боялумен қатар кремнезем себіндісі түріндегі күлгіндену белгілерінің болуымен сипатталады. А1А2 қабаты кремнезем себіндісі мол жаңғақты немесе жаңғақты-призмалы құрылымды ВА2 қабатына ауысады. Қырларында гумус жұғындысы мен жылтырлық байқалатын жаңғақты немесе жаңғакты призмалы құрылымды, кремнезем себіндісі бар тығыздалған иллювиальды В қабатына біртіндеп ауысады. Осы белгілердің байқалуына қарай В қабаты В1, В2 қабаттарына бөлінуі мүмкін. В қабаты біртіндеп С аналық жынысқа ауысады, аналық жыныста 120-200 см тереңдікте салалы орналасқан карбонаттар болады.

Ормандық сұр топырақтардың классификациясы кестеде берілген.


22-кесте - Ормандық сұр топырақтар классификациясы


Типше

Тегі

Түрі

Ормандық ашық- сұр

Ормандық сұр Ормандық күңгірт-сұр



Қалыпты

Екінші гумус қабатты

Түйіспелі-шалғынды

Қалдық-карбонатты



а) Қарашірікті қабат (А11А2) қалыңдығы бойынша: қалың (>40 см), орташа қалыңдықты (20-40 см), аз қалыңдықты <20 см),

б) Қайнау тереңдігі бойынша: жоғары қайнайтын (100 см-ден жоғары) және терең қайнайтын (100 см-ден терең)




Ормандық ашық-сұр топырақтар морфологиялық белгілері мен

59

қалыңдықты (15-20 см және аз), нашар байқалатын кесекті-жапырақты құрылымды, ашық-сұр түсті, игерілген топырақтарда Аж кұрылымсыз және тозаңданған. Алмасу қабатында (А1А2) күлгіндену белгілері анық байқалады ақшыл реңді, қабыршақты, тақталы немесе тақталы-жаңғақты құрылымды, кремнезем себіндісі мол.



ВА2 қабаты анық байқалған, жекеленген гумус ақпалары бар, жаңғақты-призмалы немесе жаңғақты тақталы құрылымды, кремнезем себінділі. В қабаты күшті тығыздалған, жаңғақты-призмалы құрылым қырларында кремнезем себіндісі мен жылтырлық байқалады.

Ормандық сұр топырақтар қарашірікті қабатының калың (25-30 см) болуымен ерекшеленеді. Күлгінденген (А1А2) қабаты, ашық-сұр топырақтармен салыстырғанда гумуспен қою боялған, кремнезем себінділі жаңғақ құрылымды Кейде ВА2 қабаты болмайды. Иллювиальды В қабатының жаңғақты-призмалы құрылым бөлшектері қырларында мол кремнезем себіндісі мен гумус жұғындылары болады.

Ормандық күңгірт-сұр топырақтар белгілері және қасиеттері бойынша күлгінденген қара топырақтарға ұқсас. Қарашірікті А1 қабаты қалың (30-35 см), күңгірт-сұр түсті, кесек құрылымды. A1A2 қабаты гумуспен қою боялған қырларында кремнезем себінділері бар жаңғақты-призмалы құрылымды. ВА2 қабаты болмайды. Иллювиальды қабат күңгірт-қоңыр түсті, тығыздалған. жанғақты-призмалы құрылым анық байқалады.

Екінші гумус қабатты ормандық сұр (ашық сұр және күңгірт-сұр) топырақтарда күлгінденген А1А2 қабатынан төмен күңгірт, күлді-сұр немесе күлді-қара түсті, кремнезем себінділі ұсақ жаңғақты немесе тақталы жаңғақты құрылымды екінші гумус кабаты (Аһ) орналасады. Біртіндеп гумус ақпалы қоңыр түсті, кейде глейлі дақтар бар жаңғак кұрылымды иллювиальды В қабатына ауысады.

Қалдык-карбонатты ормандық сұр (сұр және күңгірт-сұр) топырақтар карбонатты жыныстардың бұзылу өнімдерінде түзіледі. Олардың ерекшелігі -гумус мөлшері жоғары, күлгіндену белгілерінің болмауы немесе сәл байқалуы және карбонаттардың жақын орналасуы.

Түйіспелі-шалғынды ормандық сұр топырақтардың түйісу шекарасында глейленген қабатша болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Орманның сұр топырағы қандай аймақтарда таралған ?

2. Орманның сұр топырағының негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?

3. Орманның сұр топырағының классификациясында қандай тип тармақтарына, тегтерге, түрлерге бөлінеді?

60
ҚАРА ЖӘНЕ ШАЛҒЫНДЫ - ҚАРА ТОПЫРАҚТАР.


Сабақтын мақсаты: Қара топырақтар классификациясымен, морфологиялық, белгілерімен, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып қара топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Қара топырақтар классификациясымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан қара топырақтардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет