С. Қ. Мемешов. Топырақтану практикумы



жүктеу 2.07 Mb.
бет7/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тапсырмаға түсініктеме.

Қара топырақтар далалы және әртүрлі шөптесін далалық өсімдіктер астында қалыптасып органикалық заттардың үлкен қоры болуымен сипатталады. Қарашірікті қабаты қалың 50-100 см қарашірік мөлшері 4-10 пайыз.

Қара топырақтар кескінінде: А0, А, В1, В2, С генетикалык қабаттарын айырады. Ао- дала шымы, тың топырақтарда ғана кездесіп шөптесін өсімдіктердің қалдық байламынан құралған. А- қарашірікті аккумулятивті қабат қалыңдығы 20-50 см. Бұл қарашірікті қабаттың қою боялған қарашірікке бай күңгірт-қоңыр немесе қара түсті жоғарғы бөлігі, анық байқалған дәнді немесе кесекті-дәнді құрылымды.

В1- қарашірікті алмасу қабаты. Бұл қарашірікті қабаттың төменгі бөлігі, А қабатымен салыстырғанда ашықтау түсті, төменгі бөлігіне қарай анық байқалатын қоңырлау ренді. Қабат құрылымы дәнді-кесекті немесе кесекті, топырақ кескінінің төменгі жағына қарай біртіндеп кесекті құрылым бөлшектердің мөлшері артады.

Қара топырақтардың кейбір тип тармақтарында (нағыз, оңтүстік) В қабатында карбонаттардың бөлінуі байқалады. Келесі қабатқа өту тілшелер (ақпалар) түрінде.

В2- қарашірік ақпалары бар алмасу қабаты, боялуы біркелкі емес, құрылымы кесекті немесе кесекті-призмалы. Псевдомицелий, ақ көзшелер түрінде кальций карбонаттары бар (күлгінденген және күшті сілтісізденген топырақтардан басқаларында).

С - аналық жыныс, көп мөлшерде псевдомицелий, ақ көзшелер түрінде карбонаттар кездеседі.

Қара топырақтар кескінін сипаттауда НСІ дан қайнау тереңдігі олардың маңызды диагностикалық көрсеткіші болып табылады.

Қара топырақтардың типше, тегі, түрлері бойынша классификациясы 23-кестеде берілген.

Сонымен қатар қара топырақтар қарашірікті (A+Bt) қалыңдығы бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

25 см жұқа өте аз калыңдықты;

25-40 см аз қалыңдықты

40-80 см орташа қалыңдықты

80-120 см қалың

61

120 см жоғары өте қалың



Қарашірік мөлшері бойынша: аз қарашірікті - 6% төмен, орташа қарашірікті - 6-9%, жоғары қарашірікті - 9% жоғары.
23-кесте - Қаратопырақтар классификациясы


Типше

Тегі

Түрі

Күлгінденген

Қалыпты

Құйма


Сәл күлгінденген

Орташа күлгінденген



Сілтісізденген

Қалыпты

Жеңіл жыныстарда

сілтісізденген

Қүйма


Сәл сілтісізденген

Орташа сілтісізденген

Күшті сілтісізденген


Нағыз

Қалыпты

Карбонатты

Терең қайнайтын Солодтанған

Сәл солодтанған

Орташа солодтанған


Кәдімгі

Қалыпты

Карбонатты

Кебірленген

Кебірлі-сорлы

Солодтанған


Сәл кебірленген

Орташа кебірленген

Күшті кебірленген

Сәл солодтанған

Орташа солодтанған



Оңтүстік

Қалыпты

Карбонатты

Кебірленген

Кебірлі-сорлы

Солодтанған


Сәл кебірленген

Орташа кебірленген

Күшті кебірленген

Сәл солодтанған

Орташа солодтанған




Күлгінденген қара топырақтар. Қарашірікті қабатында кремнезем ұнтағының болуымен сипатталады. Ол негізінен ақшыл зең түрінде В1 қабатында құрылым бөлшектерінде көрініс береді, күлгіндену жоғары болғанда ақшыл зең А қабатында да байқалады.

Қарашірікті А қабаты күңгірт-сұр түсті, В қабаты ашық түсті. Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 70-100 см ден (жылы оңтүстік европа фациясы) 30-50

62

см дейін (суық батыстық және орта сибир фациясы) ауытқиды. Карбонатты қабат, қайнау сызығы қарашірікті қабаттан едәуір терең орналасқан (1,0-1,5 м тереңдікте). Сондықтан күлгінденген қара топырақтарда қарашірікті қабаттан кейін иллювиальды тығыздалған сілтісізденген қабат орналасқан, жаңғақты немесе призмалы құрылымды, анық жылтырлық байқалады, қырларында гумус жығындылары мен кремнезем себінділері бар. Біртіндеп бұл белгілер азайып, қабат әк түтікшелері түріндегі құрамында карбонаттар бар жынысқа айналады.



Сәл күлгінденген қара топырақтар да кремнезем себіндісі В1 қабатының төменгі жағында және В2 қабатында байқалады. Орташа күлгінденген қаратопырақтарда кремнезем себіндісі қарашірікті қабатта түгел таралған, сонымен қатар төменгі қабаттарға (В2 және В3) таралған.

Сілтісізденген қаратопырақтар. Күлгінденген қара топырақтардан айырмашылығы карашірікті қабатында кремнезем себіндісінің болмауы. Басты морфологиялық ерекшелігі — қарашірік қабатында бос карбонаттардың болмауы. Қарашірікті қабат астында қалыңдығы әртүрлі карбонаттардан сілтісізденген В2 қабаты орналасқан. Осыған байланысты қайнау сызығы В1 қабаты шекарасынан төмен өтеді.

А — қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, дәнді немесе дәнді-кесекті құрылымды, қалыңдығы 30-50 см. Біртіндеп В1 қабатына етеді және төменгі жағына қарай қоюланатын бурыл немесе коңыр рең байқалады. В1 қабаты кесек құрылымды, кесектену мөлшері төменге қарай ұлғаяды.

Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 80-150 см ден (жылы оңтүстік фация) 30-45 см дейін (шығыс сибир фациясы) ауытқиды.

Қара топырақтардың бұл типшесіне тән сілтісізденген В2 қабаты қоңырлау түсті, жаңғақты-призмалы немесе призмалы кұрылым қырларында гумус ақпалары мен жұғындылары бар. В3(ВС) немесе С қабатына ету анық, қабат шекарасында әк конбаларының болуынан бұл қабат үстіңгі сілтісізденген В2 қабатымен салыстырғанда ашық түсті.



Нағыз қаратопырақтар. Қарашірікті қабатының қалың болуы (80 см-ден жоғары) және қарашірікті қабатта мицелий немесе әк түтікшелері түріндегі карбонаттардың болуымен ерекшеленеді. Карбонаттар жиі 60-70 см тереңдікте байқалады.

А — қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, кесекті-дәнді немесе дәнді кұрылымды.

Нағыз қара топырақтардың карашірікті қабатының қалың болуына байланысты А қабатынан төмен түсі және құрылымына қарай екі алмасу қабатын айырады — АВ1 және B1. АВ1 — қабаты күңгірт-сұр түсті, төменгі жағында әлсіз қоңыр реңді, ал Ві қабаты анық байкалган қоңыр реңді. АВ1 қабатының төменгі жағында немесе жиі В1 қабатында мицелий түрінде карбонаттар болады. Қарашірікті қабат (А+ АВ1+ В1) қалыңдығы 100-190 см ден (жылы фация) 40-70 см дейін (суық фация) ауытқиды. В2(ВС) және аналық жыныс С қабаттарында мицелий, ақ көзшелер, әк түтікшелері түріндегі карбонаттар болады.

Нағыз қара топырақтар карбонаттардың орналасу тереңдігіне байланысты тегтерге бөлінеді. Осыған байланысты мынадай тегтерге бөледі: нағыз қаратопырақтар (қалыпты) — қайнау сызығы қарашірікті

63

қабат (АВ1 немесе В1 қабатында) ішінде болады; терең қайнайтын нағыз қаратопырақтар — қайнау сызығы қарашірікті қабаттан төмен орналасқан; карбонатты нағыз қаратопырақтар — қайнау топырақ беткейінен немесе жоғарғы 20 см қабатта байқалады. Солодталған нағыз қаратопырақтар туыстығы да бөлінеді. Солодталған нағыз қаратопырақтарда қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша қалың және өте қалың түрлер басым.



Кәдімгі қаратопырақтар. А қабаты күңгірт-сұр немесе қара түсті, анық байқалған дәнді немесе кесекті-дәнді құрылымды, қалындығы 30-40 см. Біртіндеп күңгірт-сұр түсті қоңыр ренді кесекті, кесекті-призмалы құрылымды В1, қабатына өтеді. Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) 80-140 см ден (жылы оңтүстік фация) 35-45 см дейін (суық шығыс сибир фациясы) ауытқиды.

Гумус ақпалары бар В2 қабаты жиі Вк карбонатты кабатпен бірігіп кетеді. Кәдімгі қаратопырақтарды басқа тип тармақтарынан ерекше морфологиялық белгісі — карбонаттар ақ көзшелер түрінде орналасқан. В2, Вк қабаттары призма құрылымды. Карбонатты қабат біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.

Қарбонатты кәдімгі қаратопырақтар қайнау сызығы В1 қабатының төменгі жағында немесе В1 және В2 қабаттарының шекарасында болатын қалыпты кәдімгі қаратопырақтардан айырмашылығы, бүкіл кескінінің карбонаттылығымен сипатталады, яғни НСІ беткейінен бастап қайнайды.

Кебірленген кәдімгі қаратопырақтар В1 қабатының тығыздалуы және қарашірікті қабаттың жоғарғы бетінде шандану байқалуымен сипатталады. В1 қабаты анық байқалған призма құрылымды. Бұл белгілердің байқалу дәрежесіне қарай кебірленген кәдімгі қаратопырақтар кебірлену дәрежесі бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: сәл кебірленген, кебірленген және күшті кебірленген топырақтар.

Кебірленген-сорланған кәдімгі қаратопырақтардың кебірленген қара топырактардан морфологиялық айырмашылығы аз. Кескінінде тұздар жиналуы ақ таңдақтар және басқа жаңа түзілістер түрінде байқалады. Оларда гипстін жиналуы көзше үсақ кристалл түрінде анық байқалады.

Солодтанған қаратопырақтар. Қарашірікті қабаттың төменгі жағында аморфты кремний қышқылының жиналуы және ерекшеленіп тұратын призма құрылымды иллювиальды В2 қабатының болуымен сипатталады.



Оңтүстік қара топырақтар. А қабатының қалындығы 25-40 см, күңгірт-сұр түсті, жиі қоңыр реңді, кесекті құрылымды. В1 қабаты қоңыр-бұрыл түсті. кесекті-призмалы құрылымды. Иллювиальды карбонатты горизонт Вк анық байқалған ақ көзшелер және жоғарғы жағында гумус ақпалары, дақтар болуымен сипатталады. Қайнау сызығы В1 қабатының төменгі жағында немесе қарашірікті қабат шекарасында орналасады. Оңтүстік қаратопырақтар кескінінде 1,6-2 м тереңдікте жиі гипс болады. Туыстықтар кәдімгі қара топырақтардағыдай, бірақ карбонаттылық, кебірлену және сорлану оңтүстік қара топырақтарда жиі және анық байқалады.

Шалғындық қара топырақтар. Бедердің ойпандаған жерлерінде. ылғалдану жағдайлары жақсы болып, жер асты сулары 5 м-ден жақын орналасқанда түзіледі.

64

Кесніннің құрылысы қара топырақтарағыдай, бірақ қою қпрп түсті



қарашірікті қабаты қалың, төменгі қабаттар глейленген.

Шалғындық қаратопырақтар екі тип тармағына бөлінеді: Шалғынды-каратопырақты жер асты сулары 2-5 м тереңдікте, Қаратопырақты-шалғынды жер асты сулары 1,5-3 м және одан жақын орналасқан.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қаратопырақтардың негізгі морфологиялық ерекшеліктері, түзілу жағдайлары қандай?

2. Қаратопырақтар классификациясында қандай типшелерге, тегтерге, түрлерге бөлінеді?

3. Қазақстан территориясында қаратопырақтардың қандай типшелері кең таралған?

4. Шалғындық қаратопырақтар қандай жағдайларда түзіледі?



ҚАРА-ҚОҢЫР ЖӘНЕ ШАЛҒЫНДЫ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАР
Сабақтың мақсаты: Құрғақ далалы аймақ топырақтары классификациясымен, морфологиялық белгілерімен, қасиеттерімен танысу. Тапсырма:

1. Қара-қоңыр топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Қара-қоңыр топырақтар классификациясымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан қара-қоңыр топырақтардың таралу шекарасын карастыру, алып жатқан ауданын анықтау. Тапсырмаға түсініктеме.

Қара-қоңыр топырақтар құрғақ дала зонасында кең тараған. Мұнда қоңыр топырақпен қатар шабынды - қоңыр топырақтар, кебірлер, сорлар солодтар кездеседі.

Топырақ түзілу процесінде қоңыр топырақ кескіні айқын байқалатын генетикалык қабаттар қатарына дифференцияланған АД-А-ВГВ2К-С.



Ад - шым (тың топырақтарда), қабат калыңдығы 2-3 см.

А - үстіңгі қарашірікті горизонт, күңгірт-қоңыр түсті реңці кесекті құрылымды, қалындығы 18-22 см.

Одан кейін қарашірікті аралық сұр түсті қабаты (В) келеді. Кебірлі түрлерінде кесекті - призмалы немесе жаңғақты-қүрылысты, коңыр сұр жылтыр горизонтқа күңгірт бояу және карақоңыр рең беріп тұрады.

Қарашірікті қабаттың жалпы қалыңдығы 35-50 см. Игерілген кара-қоңыр топырақтарда А қабатынан кейін қарашірік ақпа іздері бар В1 қабаты орналасады. Одан кейін карбонаттардың ең көп жиналған қоңыр-сары түсті, жаңғақ құрылысты Вк қабаты орналасады. Қабат қалыңдығы 50-60 см. лай түсті қоным түрінде кездеседі. Жеңіл еритін тұздар 1,5-2 м тереңдікте кездеседі.

Қара-қоңыр топырақ үш типшеге бөлінеді. Олар мыналар: күңгірт қара-қоңыр топырақ, қара-қоңыр топырақ, ашық қара-қоңыр топырақ (24-кесте);


24-кесте - Қара-қоңыр топырақтар классификациясы

Типше

Тег

Түр

Күңгірт қара-қоңыр

Қара-қоңыр


Ашық қара-қоңыр

Кәдімгі

Кебірленген

Кебірлі-сортанды

Кебірлі-сорлы

Қалдықты-кебірленген

Карбонатты-

кебірленген

Карбонатты

Терең қайнайтын

Құйма


Толық жетілмеген

а) Қарашірікті кабат қалыңдығы бойынша (A+B1): қалың (>50см), орташа қалыңдықты (30-50см), аз қалыңдықты (20-30см), өте аз қалыңдықты (<20см)

б) Кебірлену процесінің байқалуына қарай: әлсіз-, орташа-, күшті кебірленген

в) Кебірлі-сортанды туыстығы үшін: сорланған, терең сорланған



Күңгірт - қара-қоңыр топырақ. Күңгірт қара-қоңыр топырақ аймақтың солтүстік бөлігінде таралған. Оларға қоңыр ренді күңгірт - сұр бояу тән, тың жерлерде қарашірікті қабатқа кесекті- түйіршікті, игерілген жерлерге кесекті - шаңды құрылым тән. Қарашірікті кабаттың қалыңдығы (А + В1) 35-50 см, HC1 дан 45-50 см тереңдікте қайнайды. Гипс және жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте орналасқан.

Мынадай тегтерге бөлінеді:

1. Кәдімгі қара-қоңыр топырақ - күңгірт қара-қоңыр топырақ типшесіни: белгілерін сақтайды.

2. Кебірлі күңгірт қоңыр карашірікті В1 қабатының едәуір тығыздығы-мен сипатталады. Кебірлігі неғұрлым жоғары болса, әктелуі, солғырлым қою. Қайнауы кебір емес топырақтарға қарағанда жоғары. 1 м және одан тереңдікте тез еритін тұздар құрамы артады.

3. Күңгірт қара-қоңыр кебірлі - сорлы топырақтар өте тұзданған топырақтарға тән.

4. Күңгірт қара-қоңыр қалдық-кебірлі топырақтарда кебірлік қалдык қасиетті сипат ретінде байқалады.

5. Күңгірт қара-қоңыр кебірлі-солодтанған топырақтарда қарашірікті қабаттың жоғаргы және төменгі бөлігінде кремний тектес себінді болуымен сипатталады,

6. Күңгірт қара-қоңыр карбонатты топырақтарда карбонат құрамы жоғары.

7. Күңгірт қара-қоңыр карбонаты- кебірлі топырақтардың тығыздығы жоғары бірігуі жарықшақты.

8. Күңгірт қара-қоңыр терең қайнайтын топырақтардың гранулометриялық құрамы жеңіл, су өткізгіштігі жақсы болуына байланысты карбонаттар 1,5 м тереңдікке шайылған. Гипс қабаты жоқ.

66

9. Күңгірт кара-қоңыр құйма топырақ лай-балшықты жыныста түзілген, В1, қабатының өте жоғары тығыздығымен, нашар су өткізгіштігімен ерекшеленеді.



10. Күңгірт қара-қоңыр толық жетілмеген топырақтар тығыз жыныстарда түзілген, толық жетілмеген кескінді қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) -20 см.

Қара-қоныр топырақтар. Күңгірт қара-қоңыр - қоңыр топырақтардан айырмашылығы қарашірікті қабатының қалыңдығы (А+В1)-30-40 см, HC1 дан 40-45 см тереңдікте қайнайды. Карбонаттардың ең көп жиналуы 50-55 см тереңдікте, гипс- 150- 170 см, жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте кездеседі. Қоңыр топырақтарда туыстық белгілердің диагностикалық көрсеткіштері күңгірт - қоңыр топырақтармен бірдей.

Ашық коңыр топырақтар. Құрғақ дала зонасының оңтүстік бөлігінде жусанды - боз өсімдіктер астында түзіледі, карашірікті қабаты құрылыссыз қалыңдығы (А+В1) 25-35 см болуымен сипатталады, шайылуы нашар болғандықтан карбонатты қабат қоңыр топырақтарға қарағанда топырақ бетіне жақын орналасқан. Гипсті қабат 110-120 см тереңдікте орналасқан. Ашық қара-қоңыр топырақтар күңгірт қара-қоңыр топырақтардағыдай тегтерге бөлінеді. Жеңіл еритін тұздардың жиналуының жоғарылығына байланысты ашық қара-қоңыр топырақтарда күңгірт қара-коңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда кебірлену белгілері мол таралған. Химиялық, су, физикалық касиеттері күңгірт қара-қоңыр және қара-қоңыр топырақтармен салыстырғанда нашар.

Шалғынды кара-қоңыр топырақ. Құрғақ дала аймағында табақша тәріздес ойпатшаларда, шоқылар арасындағы аңгарларда, тау жоталарының құлама етегіндегі ойпатшаларда, ағымсыз төмен орналасқан жазықтарда кездеседі.

Қоңыр топырақпен салыстырғанда шалғынды қоңыр топырақтың карашірік қабаты - калың және оның мөлшері мол болып келеді. Бұл топырақ коректік заттарға бай болады.

Астық тұқымдас егістіктермен бау бақша егуге қолайлы
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қара-қоңыр топырақтар қандай жағдайларда түзіледі?

2. Қара-қоңыр топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?

3. Кебірлі қара-қоңыр топырақтың қайнауы терең типтегі топырақтардан айырмашылығы қандай?

4. Қазақстанның қай облысында қара-қоңыр топырақтар кең таралған?

67

Т¥ЗДАНҒАН ТОПЫРАҚТАР


Топырақ кескіні бойында ауылшаруашылығы дақылдары үшін ұлы мөлшерде жеңіл еритін тұздар болатын топырақтар тұзданған топырақтар деп аталады. Тұзданған топырақтарға сорлар, кебірлер, ылғалды сортаң топырақтар жатады. Бұл топырақтар жартылай аймақты (интрозональды) топырақтар деп аталып аймақтық топырақтармен қатар шөл, шөлейт, құрғақ далалы аймақтарда кең таралған. Далалы, орманды-далалы, тайгалы-орманды аймақтарда да кездеседі.

Тұзданған топырақтардың түзілуі құрғақ климатты аймақта жыныстар мен жер асты суларында жеңіл еритін тұздардың болуымен байланысты. Егер капиллярлармен төмен қабаттардан минералданған сулар жоғары көтерілсе, сулар буланғанда олардың құрамындағы тұздар жоғары қабаттарда қалып қояды. Тұздар, беткейге тұзданған жыныстардың шығып жатуынан да жиналады. Жеңіл еритін тұздардың көп мөлшері жанартаулар атқылауынан түзілуі мүмкін. Теңіздерден құрылыққа соғатын желдермен тұздар концентрациясы жоғары су тамшылары бірге жылжып тұздардың жиналу себебі болуы мүмкін. Сорлардың беткейіндегі тұздардың желмен орын ауыстырып басқа жерлердің тұздану себебі болуы мүмкін.

Тұздар жиналуының биологиялық жолы да бар. Кейбір есімдіктердің тамырлары тұзданған терең қабаттарға жетіп, жеңіл еритін тұздарды жоғарғы қабаттарға тартуы мүмкін.
СОРЛАР
Сабақтың мақсаты: Сорлардың түзілу себептері, морфологиялық белгілерімен, классификациясы және қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып сорлардың морфологиялық белгілерін қарастыру, дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Сорлардың классификациясы, түзілу жағдайларымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан сорлардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.



Тапсырмаға түсініктеме.

Сорлар - беткейінен бастап жеңіл еритін тұздардың көп мөлшері болатын топырақтар. Сорлардың беткі қабаттарында тұздану химизміне байланысты тұздар мөлшері 0,6-0,7% тен 2-3% дейін және жоғары болуы мүмкін. Сор топырақ кескіні қабаттарга нашар ажыратылады, гумусты қабат А, алмасу қабаты В және С аналық жыныстан тұрады. Сордың бүкіл кескін бойында ағарған тұздар байқалады, әсіресе кескін қабырғасы құрғағанда анық байқалады. Карбонаттар беткейінен бастап болады. Сорлардың классификация схемасы 25-кестеде берілген.

Гидроморфты сорлар минералданған жер асты сулары жақын жатқанда қалыптасады.

Типті гидроморфты сорлар күшті минералданған жер асты сулары жақын жатқанда қалыптасады. Олардың кескіні генетикалық қабаттарға нашар жіктелген. Суда еритін тұздар жоғары мөлшерде кескін бойымен түгел таралып, ең көп мөлшері үстіңгі қабаттарда жиналады.


25-кесте — Сорлар классификациясы

Тип

Типше

Тегі

Түр

Гидроморфты

сорлар


Автоморфты

сорлар


Типті

Шалғындық

Батпақтық

Теңіз алды

Тоңды

Қайталап сорланған



Шорлар

Сазды


Типті (құйма)

Тақырланған

Эолды-жиналған


Тұздану

химизміне

байланысты


Кескін бойында

тұздардың таралу

сипатына қарай:

беткейлік (тұздар 0-30 см қабатта) және терең-кескінді (кескін түгел тұзданған)

Беткі қабат морфо- логиясы бойынша ісінген, ағарған,


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет