С. Қ. Мемешов. Топырақтану практикумы



жүктеу 2.07 Mb.
бет8/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шалғындық гидроморфты сорлар да жер асты сулары жақын жатқанда түзіледі, бірақ минералдану сәл төмен. Олардың кескіні генетикалық қабаттарға анық бөлінеді: қарашірікті А қабаты күңгірт-сұр немесе сұр түсті, кесек құрылымды, ақтаңдак тұздар ұнтақ себінді түрінде; ауыспалы В қабаты сұрғылт-қоңыр, біртекті боялмаған, кесекті-тоң кесекті құрылымды. Төменде аналық жыныс С қабаты орналасады. НСІ дан қайнау кескін бойы түгел башсалады.

Батпақтық гидроморфты сорлар жер асты сулары өте жақын жатқанда түзіледі. Кескін бойы глейлену мен күшті тұздану байқалады, кейде жоғарғы қабаттың торфтануы байқалады.

Шорлы гидроморфты сорлар аз сулы тұзды көлдер мен ескі өзен арналарының кебуінен пайда болады.

Теңіз алды гидроморфты сорлар теңіз шегінділерінің ең жас түзілістері. ЬІлғалды тұзцы қыртыспен жабылған, оның астында құмды немесе құмбалшықты қабат орналасады. Қабатта хлоридті күшті тұздану бар.

Тоңды гидроморфты сорлар аз тереңдікте тоңданып қатқан қабат орналасады. Бұл сорлар күшті тұзданған. Тұздар құрамы әртүрлі. Хлорид-сульфатты немесе сульфат-хлоридті тұздану типі жиі кездеседі.

Қайталап сорланған гидроморфты сорлар топырақты суару дұрыс жүргізілмеген жағдайда түзіледі.

Сазды гидроморфты сорлар тау алдындағы жазықтыктарда сәл

69

минералданған жер асты сулары сыналана орналасқан аймақтарда түзіледі.


26-кесте- Топырақтардың тұздану химизмі (Н.И. Базилевич және Е.П. Панкова бойынша)


Аниондық

құрамы


бойынша

Аниондар қатынасы, м.-экв.

Катиондар мен

аниондар


қатынасы,

м.-экв


Катиондық

құрамы


бойынша

Катиондар

қатынасы, м.-

экв.


СІ

/SO42



НС03

/СІ


НС03/

S042



Na/

Mg


Na

/Са



Mg

/Са



Хлоридті

>2,5

-

-




Натрийлі

>1

>1

-

Сульфатты-хлоридті

2,5-1

-

-




Магний-натрийлі

>1

>1

>1

Сульфатты

<0,2

-

-




Кальций-натрийлі

>1

>1

<1

Содалы-хлоридті

>1

<1

>1

HC03>Ca+ Mg

Кальций-магнийлі

<1

<1

>1

Содалы-сульфатты

<1

>1

<1

Na>Mg

Натрий-магнийлі

<1

>1

>1

Хлоридті-содалы

>1

>1

>1

Na>Ca

Натрий-кальцийлі

>1

<1

<1

Сульфатты содалы

<1

>1

>1




Магний-кальцийлі

<1

<1

<1

Сульфатты

немесе


хлоридті-

гидрокар-бон атты



Кез Кел- гені

>1


>1

>1

Na>Ca Na3> Na

Магнийлі

<1

-

>1


Автоморфты сорлар жер асты сулары терең орналасқанда тұзданған аналық жыныстарда түзіледі.

Тақырланған автоморфты сорлар шөл аймақтың ерекше гидротермиялық жағдайларымен байланысты беткейінің жарықшақты болуымен сипатталады.

Автоморфты қалдықты сорлар алдыңғы гидроморфты кезеңдегі шөгінділерде түзіледі.

Эолды-жиналған автоморфты сорлар тұздардың желмен орын ауыстыруынан түзіледі.

Сорларды тегтерге бөлу тұздардың сапалық құрамы мен орналасу тереңдігіне байланысты жүргізіледі. Тұздану химизмі су ерітіндісіндегі аниондар мен катиондардың қатынасы бойынша анықталады (26-кесте). Хлорид-сульфатты, натрийлі тұзданулар кең таралған.

Сорлар кескін бойында тұздардың таралуына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: беткейлік- тұздар 0-30см қабатта жиналған; терең кескінді-

70

топырақ кескіні түгел тұзданған. Беткі қабат морфологиясы боиынша ісінген, түссізденген, қабыршақты, ылғалды, қара болып бөлінеді.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қандай топырақтар тұзданған топырактар деп аталады?

2. Сорлардың негізгі морфологиялық айыру белгілері қандай?

3. Сорлардың кескіні қандай генетикалық қабаттарға бөлінеді?

4. Сорларды тегтерге, түрлерге бөлу қандай принциптерге негізделген?

5. Сорларды қандай жолдармен жақсартуға болады?
КЕБІРЛЕР
Сабақтың мақсаты: Кебірлердің морфологиялық белгілері физико-химиялық қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып кебірлердің морфологиялық белгілерін қарастыру, дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Кебірлердің классификациясы, түзілу жағдайларымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан кебірлердің таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау.



Тапсырмаға түсініктеме.

Кебір топырақтар дегеніміз иллювиальды қабаты құрамында сіңірулі күйде көп мөлшердегі алмасулы натрий, кейде магний бар топырақтар. Кебірлер кескіні бірден дифференцияланады және қолайсыз агрономиялық қасиеттерімен сипатталады. Кебірлер сорлар сияқты тұзданған топырақтар категориясына жатады айырмашылығы суда еритін тұздар топырақтың беткі қабатында емес тереңірек орналаскан.

Кебір кескіні анық байқалатын кабаттарға бөлінеді қарашірікті -элювиальды (кебір үсті А1), кебірлі немесе иллювиалдық (В1), кебір асты (В2) және ВС алмасу қабаты С топырақ түзуші жынысқа жалғасып кетеді.

Қарашірікті - элювиальды қабат кесектеу, тақталана біткен құрылысты, қабатты, кеуекті, лайлы фракция азайған осыған байланысты төмен орналасқан кебірлі қабатпен салыстырғанда жеңіл механикалық құрамды. Дала және Құрғақ-дала аймағының кебірлерінде бұл қабат түсі ашық қоңыр, қара-қоңыр, ал дала және орманды - дала кебірлерінде күңгірт сұр түсті. А-қабатының, қалыңдығы 2- см ден 20-25 см-ге дейін.

Кебірлі қабат В1 кебір үсті қабатымен салыстырғанда күңгірт бояулы бағаналы құрылысты, сирек призмалы, жаңғақ тәрізді немесе тоң кесекті. Құрғақ күйінде бұл қабат өте тығыз, жарықшақты, ылғалды кезінде құрылыссыз, езілгіш жабысқақ. Кебірлі қабат қалыңцығы 7 см ден 25 см-ге дейін, жиі 10-15 см.

71

Кейбір асты қабаты ашық бояулы, призма немесе жаңғақ құрылысты, құрамында гипс және карбонаттар бар.



Бұл қабаттан соң суда тез еритін тұздар өте көп жиналған қабат байқалады.

Кебірлердің физика химиялық қасиеттері. Кебірлер гранулометриялық құрамына тән ерекшелік, кабаттарында лай фракциясының бірден дифференциялануы. Қарашірікті - элювиалды қабат механикалық құрамының жеңілірек болуымен ерекшеленеді. Ал иллювиалды қабат керісінше лай мөлшерінің көп болуына байланысты әрқашан ауырырақ болады.

Лай фракциясы минералдарының басым тобы монтмориллинит— гидрослюдалы минералдар—тобы болып табылады.

В.И. Кирюшин, Солтүстік Қазақстанның дала және шабынды—дала кебірлерінің А1 қабатында қарашірік 2,3—4%, ал В1 қабатында 2,0—3,0%—деп көрсетеді. В1 кабатында сіңірілген натрий сіңіру сиымдылығының 13% тен— 60% ке дейінгі аралығында ауытқиды. Бейтарап тұздармен ащыланған кебірлер баяу сілтілік реакциялы, ал құрамында сода бар кебірлерде сілтілік реакция жогары (рН 8—10). Жылжымалы (жеңіл еритін) фосфор мөлшерінің аз болуы кебірлерге тән.

Кебірлер физикалық қасиеттерінің ерекшелігі, құралуының өте тығыз болуы, және тереңдеген сайын арта түседі. Ең аз көлемдік салмақ кебір үсті қабатында 1,2—1,3 г/см3, ал кебірлі қабатта 1,4—1,5 г/см3—ге ұлғаяды, аналық жыныста 1,6—1,7г/см3 болуы жиі кездеседі. Жалпы алғанда кебірлер қолайсыз су—физикалық және физика—механикалық қасиеттерге ие. Құрғақ күйінде тығыз құралған, ылғалды күйінде қатты ісінеді, созылма, жабысқақ. Су өткізгіштігі төмен, өсімдіктер үшін сіңімсіз ылгал мөлшері жоғары.

Қазіргі кезде кебірлерді су режиміне және оған байланысты қасиеттер комплексіне қарай үш типке бөледі: Автоморфты, жартылай гидроморфты. гидроморфты кебірлер. Типшелерге бөлу аймақтық жағдайларға қарай жүргізіледі, кебірлердің морфологиялық ерекшеліктерін және генетикалық қабаттардың қасиеттерін анықтайтын тегтерге бөлу химизм мен тұздану дәрежесіне негізделген. Түрлерге кебірлер былай бөлінеді: кебір үсті қарашірікті-элювиальды қабат қалыңдығына қарай, қабаттағы алмаса сіңген натрий мөлшеріне қарай (27-кесте).



Автоморфтық кебірлер (далалық). Автоморфты кебірлер жер асты сулары терең жатқан (6 м-ден терең) жағдайда қалыптасады. Олардың қалыптасуы негізінен тұзды топырақ түзуші немесе төселу жыныстарының шығуына байланысты.

Топырақ кескіні дала кебірлерінде анық дифференциаланған. Карбонатты кабат 35—50 см терендікте орналасады, карбонаттар ақ көзше түрінде анық байқалады. Олардан кейін гипс қабаты орналасады, төменірек тұздар жиналу қабаты орналасады, тұзданудың хлорид-сульфатты типі басым.



Жартылай гидроморфты кебірлер (шабынды—далалық). Жайылмадан жоғары бірінші және екінші террасада қалыптасады, қырат аралық және көл алды ойпаңдарында қосымша жер асты немесе аралас (жер беті мен асты) ылғалдану жағдайында. Жер асты сулары 3—6м тереңцікте жатады.

72

27- кесте - Кебірлерді классификациялау




Гидроморфты кебірлер (шабынды және шабынды—батпақты) өзен жайылымдарында қалыптасады, көл алды және қырат аралық ойпаңдарда және басқа дисперсияларда шабынды кебір өсімдіктері астында жер асты суларының жақын жату—жағдайында (З м дейін) тұзды—су ерітінділерінің тұракты немесе кезеңді әсері болып тұрады. Кебір асты қабатында тұздар көп мөлшерде болады, генетикалық және агрономиялық ерекшеліктері сипаттамасының маңызды көрсеткіштері мынадай:

-карбонатты және гипсті қабаттардың орналасу тереңдігі;

-кебір қабаты В1 құрамыңца сіңірілген күйіндегі натрий мөлшері;

-кебір үсті қабатындағы қарашірік мөлшері (жоғары қарашірікті А қабатында қарашірік 6%, орта қарашірікті 3—6%, аз қарашірікті 3%);

-жер асты суларының орналасу тереңдігі және минерализациялануы;
Кебірледі мелиорациялау (қайта жақсарту) жолдары, ауыл шаруашылығында танаптардың өнімділігін арттырудың тиімді жолы химиялық мелиорация гипстеу. Бұл кебірлердің—су физикалық және химиялық қасиеттерін бірден арттырады. Мелиорациялау заттары ретінде гипс, фосфо-гипс, хлорлы калий, күкірт қышқыл темір және т.б. қолданылады.

73

Сіңірулі күйіндегі натрийдің артық мөлшерін кальциймен алмастыру үшін қажетті гипс мөлшері төмендегі формуламен анықталады:



Мөлшер (т/га) СаС0420 0,086 (ИА -0,55хТ) хНнх аУ

мұндағы:


ИА—сіңірулі натрий мөлшері, мг—экв. ІООг топыраққа; Т—сіңіру сиымдылығы, мг—экв. 100г топыраққа;

Нн—жыртылатын (айдау) қабат тереңдігі, см;

аУ—кебір қабаты тығыздығы, г/см3;

0,086—мг-экв гипс көрсеткіші, г.

Кебірлерді игерудің басқа жолдары да қарастырылған, мәселен төменгі қабаттардағы кальций карбонаттарын немесе гипсті кебірлерде өзіндік мелиорация арқылы қолдану.

Жалпы кебірлерді игеру агрошаралары, карбонатты, гипсті, тұзды кабаттардың қалыңдығына және жер асты суларының терендігіне қарай дифференцияланған. Қазақ астық-шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында кебір жерлерді агромелиоративтік топтау және әр топ үшін агротехникалық мелиоративтік шаралар қарастырылған.

І-топ- аймақтық кебірленбеген және сәл кебірленген топырақтар— комплексті кебірлігі 10—30%. Аймақтық агротехника негізінде кебір дақтарын іріктеп көң төгу 30т/га немесе гипстеу арқылы игеру. Барлық ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге болады.

II топ дала және шабынды дала кебірлері, кебір қабатындағы алмасулы натрий сіңіру сиымдылығының 10% нен төмен, кебір үсті қабатында қалдықты: тұзданған немесе сәл тұзданған.

Негізгі өндеуді бұл топтағы кебірлерде аударма плугтармен ПН-8-35 30-33 см тереңдікке жүргізген дұрыс.

Бұл топтағы кебірлерде алғашқы игеру жылдарында парлы-дакылды ауыспалы егіс, негізінен арпа ұсынылады. Бұл жерлер бірінші кезекте игеріледі

III топ. Бұл топ екі топшаға бөлінеді.

I топша дала және шабындық дала кебірлері.

Натрий мөлшері аз, 0—40 см қабатта гипс пен карбонаттар бар қарашірін 1—5% -тен аз.

Бұл топшадағы кебірлерді 40—45 см тереңдікке плантажды және үш ярусты плугтармен жырту ұсынылады. Алдымен қабатын ауыр-дискілі тырмалармен бөлшектеп алу қажет. Игеру—дақылы ретінде пардан кейін-бірінші жылы арпа ұсынынады, келесі жылдары көп жылдық шөптер себу қажет.

II топша дала, шабынды-дала кебірлері натрий мөлшері аз, гипс пен карбонаттар 40см тереңдікте кездеседі.
Бұл кебірлерді негізгі өңдеу жолы терең жырту, шым қабатын алдымен бөлшектеп алады. Игерудің бірінші жылдары бұл топтагы кебірлерде парлы-дәнді дақылды ауысымды егісте арпа еккен дұрыс.

74

IV-топ. Дала кебірлі қабатта сіңіру сиымдылығының 20% артығы алмасулы—натрий 0—40 см қабаттағы тұздану орташадан жоғары емес, қарашірік құрамы 1—5%-тен кем емес.



Бұл топтағы кебірлерді игеру өздік-мелиорация жолымен жүргізіледі. Бұл топырақтарда плантажды немее үш ярусты плугтармен 40—50 см тереңдікке қырту ұсынылады, алдымен 2/3 рет шым қабатын бөлшектеп өтеді.

V-топ. Дала мен шабынды—дала, орташа және ұсақ кебірлері. Кебір қабаты құрамындағы натрий сіңіру сиымдылығының 20% нен жоғары 0—40 см тереңдікте тұзданған, тұздану ортадан жоғары емес. Бұл кебірлерді мелиорациялау химиялық жолмен жүргізіледі.

VI-топ. Шабындық—дала және шабындық, орта және ұсақ кебірлері. 0—40 см қабатында өте сортаңдаган, натрий мөлшері көп немесе орташа және әртүрлі дәрежеде сорланған топырақтармен комплексті.

Алтыншы мелиоративтик топтағы кебірлерді игеру жолы топырақты— аудармай терең қопсыту ПН—8-35 плугтарымен 30—33 см тереңдікке, алдымен дискілі тырмалармен 2—3 рет бөлшектеу қажет. VI-топ кебірлерінде тұзға төзімді тамырсабақсыз идайық егу ұсынылады.

VII-топ. Дала, шабынды—дала, шабынды—қыртысты өте күшті сорланған кебірлер жатады.

Олар мал жайылымы ретінде қолданылуы мүмкін.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қандай топырақтар кебірлер деп аталады?

2. Кебірлердің негізгі морфологиялық айыру белгілерін атап беріңіздер.

3. Кебір топырақтар кескіні қандай генетикалық қабаттарға бөлінеді?

4. Физико-химиялық қасиеттердің кебірлерге тән белгілерін атап беріңіздер.

5. Кебірлер қандай қолайсыз касиеттерге ие?

6. Кебірлерді қандай мелиорациялау әдістерімен жақсартады?

75
СОЛОДТАР
Сабақтын мақсаты: Солодтардың, морфологиялық белгілері физико-химиялық қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып солодтардың морфологиялық белгілерін қарастыру, дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Солодтардың классификациясы, түзілу жағдайларымен танысу.

3. Қазақстан және Солтүстік Қазақстан топырақ картасынан солодтардың таралу шекарасын қарастыру, алып жатқан ауданын анықтау. Тапсырмаға түсініктеме.

Солодтар орманды және далалы аймақтарда таралған, құрғақ далалы және шөлейт топырақтарының арасында да кездеседі. Артық мөлшерде ылғалдану болып тұратын ойпандау жерлерде қалыптасады. Солод кескіні жеке қабаттарға айқын бөлінеді: А0, А1 А2, А2В, В(В1В2), С.

А0 -орман төсеніші немесе шым; А1- қарашірікті элювиальды қабат; А2-солодты, ақшыл, тақталанған немесе қатпарлы-қабыршақты құрылымды, татты дақтар түріндегі темір-марганец жаңа түзілістері байқалады. Солодты қабаттан кейін біркелкі боялмаған күңгірт-қоңыр түсті ақшыл дақтары мен ақпалары бар, тақталы-жаңғақты құрылымды, тығыздалған А2В қабаты орналасады. В-иллювиальды қабат екі немесе үш қабатшаға бөлініп кетеді күңгірт-қоңыр немесе қоңыр түсті, жаңғақты-призмалы құрылымды, құрылым бөлшектері қырларында анық байқалған жылтырлық бар, тығыз.

Иллювиальды В2 қабатының төменгі жағы, ашық түсті құрылым бөлшектері ұлғайып, жылтырлық азайған. С-аналық жыныс сарғылт-қоңыр түсті, құрылымы анық байқалмаған, тығыз қалыптасқан, жиі созылыңқы дақтар түріндегі карбонаттар болады.

Солодтар үш типшеге бөлінеді: ормандық (типті), шалғындық (шымды) және шалғынды-батпақтық (торфты).



Ормандық солодтар (типті) - шөптесін өсімдіктер нашар дамыған қайынды және қайыңды-көктеректі шоқ ағаштар астында қалыптасады. Мұндай солодтар кескінінде А0 орман төсеніші астында А2 солодты қабат анық байқалады. Қарашірікті элювиальды А1 қабаты қалыптаспаған немесе нашар жетілген, оның қалыңдығы 5 см-ден аспайды. Орман солодтарының кескіні күлгін топырақтарға ұқсас.

Шалғындық солодтар (шымды)- селдір шоқ ағаштар астында немесе шөптесін өсімдіктері жақсы дамыған ойпаңдарда қалыптасады. Шалғындық солодтар кескінінде шымды қарашірікті-элювиальды А1 қабаты жақсы қалыптасқан, оның астында солодты А2 қабаты орналасады. Кескіннің төменгі жағында глейлену байқалады.

Шалғынды-батпақтық солодтар (торфты) - жер асты сулары жақын жатқан бұта аралас шалғынды-батпақтық өсімдіктер астындағы ойпандарда қалыптасады.

Шалғынды-батпақтық солодтар кескінінде торфтанған шым А0, торфты қабат Ат0, қарашірікті-элювиальды А1 және солодты А2 қабаты анық байқалады.

76

Кескін бойында глейдену күшті дамыған.



Солодтарды кебірлену мен тұзданудың қалдық белгілері бойынша туыстықтарға бөледі. Солодтарды карбонатсыз, тұзданбаған және кебірленбеген, кебірленген және сортанданған деп бөледі.

Шалғындық солодтарды (шымды) сонымен қатар шымды қабат калыңдығы бойынша аз шымдалған- А1 қабаты қалыңдығы-5-10 см, орташа шымдалған- А1 -10-20 см және терең шымдалған А1 қабаты - >20 см. Шымды кабаттағы қарашірік мөлшері бойынша: аз қарашірікті- 3% -тен аз, орташа қарашірікті-3-6%, жоғары карашірікті- 6%-тен жоғары.


БАҚЫЛАУ С¥РАҚТАРЫ:
1. Қандай топырақтар солодтар деп аталады?

2. Солодтардың негізгі морфологиялық айыру белгілерін атап беріндер.

3. Солодтар кескіні қандай генетикалық қабаттарға бөлінеді?

4. Солодтар қандай тип тармақтарына бөлінеді?



ҚОҢЫР ШӨЛЕЙТ ТОПЫРАҚ
Сабақтың мақсаты: Қоңыр шөлейт топырақ классификациясымен, морфологиялық белгілерімен, касиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып қоңыр шөлейт топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Қоңыр шелейт топырақ классификациясымен танысу.

3. Қоңыр шөлейт топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Шөлейт аймақ Қазақстанда дала мен шөл аралығында орналасып республика территориясының 23%-ін алып жатыр. Климаты қуаң және тым континентальды, жылдық жауын-шашын мөлшері 200-250 мм. Өсімдік жамылғысы сиректеу- боз, бетеге, жусан, бұйырғын, изен, қаңбақ, т.б. шөптерден құралған. Аймақтың негізгі топырақ типі қоңыр шөлейт топырақ.

Қоңыр шөлейт топырақта органикалық қалдықтардың аз мөлшері және олардың жылдам минералдануы, гумус мөлшері аз, аз қалыңдықты генетикалық қабаттарға анық бөлінген кескін қалыптастырады. Қоңыр шөлейт топырақтар кескінінің жоғарғы бөлігінде қабатты құрылымды, сұр-қоңыр немесе жалынды-сұр түсті қарашірікті-элювиальды А1 қабаты орналасады. Қарашірікті қабат қалыңдығы 10-15 см. Одан төмен қоңыр-сұр түсті, тығыз калыптасқан, жарықшақты, ірі кесекті немесе тоң кесекті құрылымды қарашірікті-иллювиальды В1 қабаты орналасады. Омыру беткейінде сирек призмалық пен жылтырлық байқалады. А1+ В1 қабатының қалыңдығы 30-35 см. Қарашірікті-иллювиальды қабаттың астында иллювиальды карбонатты кабат Вк орналасады, біркелкі боялмаған, саргылт-қоңыр, карбонат ақтаңдақтары бар.

78

Карбонатты қабат тығыз қалыптасқан, тоң кесекті немесе жаңғақты құрылымды. 80-100 см тереңдікте гипсті қабат бөлінеді, одан томен жеңіл еритін тұздар кездеседі. Тұздар, соның ішінде натрий тұздары органикалық қалдықтардың минерализациясы және бұзылу кезінде түзіледі, терең шайылмайды, осыған байланысты натрийдің сіңіру комплексіне енуіне жағдай туады, нәтижесінде шөлейт қоңыр топырақтарда кебірлену процесі жүреді. Бүл топырақтарда кебірлену кең таралған (28-кесте).


28-кесте - Қоңыр шөлейт топырақтардың классификациясы


Типше

Тегі

Типті қоңыр шөлейт топырақтар

(Каспий алды)


Ашық коңыр шөлейт топырақтар

(Қазақстандық)

Гипссіз қоңыр шөлейт топырақтар

(Орталық азиялық)



Қалыпты (кебірленбеген)

Кебірлі


Қалдық-кебірлі солодтанған

Сортаңданған

Карбонатты

Босқұмды

Гипсті

Шала дамыған (тығыз жыныстарда)



Гипссіз

Қоңыр шөлейт топырақтарды типшелерге бөлу негізіне гумус мөлшері мен топырақ кескінінің жеңіл еритін тұздардан сілтісіздену дәрежесі алынады, бұл көрсеткіштер жергілікті жағдайлар (топырақтардың механика-лық құрамы, жыныс сипаты, орналасу тереңдігі) және олардың даму ерекшеліктерімеи анықталады.

Қоңыр шөлейт топырақтарды тегтерге бөлу негізіне кебірлену, сортаңдану және карбонаттылық алынған.

Қалыпты шөлейт топырақтарда топырақ типінің белгілері түгел сақталады.

Кебірленген топырақтардың сіңіру комплексінде 3 - 15% натрий болады Қарашірікті В1 қабатының төменгі белігі тығыздалған, құрылымы кесекті-призмалы немесе тоң кесекті. Кебірленбеген қоңыр топырақтармен салыстырғанда карбонаттар мен жеңіл еритін тұздар топырақ беткейіне жақын орналасқан.

Қоңыр шөлейт қалдық-кебірлі солодтанған топырақтарда солодтану белгілері қарашірікті-элювиальды қабатта болады. Оларға Si02 себіндісі. жапырақты құрылым, кеуекті қалыптасу тән. Қарашірікті қабаттың төменгі бөлігінде кебірлену мен аз мөлшерде сіңірілген натрий болады.

Қоңыр шөлейт сортаңданған топырақтар 1 метрлік қабатта жоғары мөлшерде жеңіл еритін тұздар болуымен ерекшеленеді.

Қоңыр шөлейт карбонаттық топырақтардың сипатты белгісі- беткейінен бастап қайнау және аз тереңдікте көп мөлшерде карбонаттардың болуы.

Қоңыр шөлейт босқұмды топырақтар қүмды жыныстарда дамыған,

78

кескінің нашар жіктелуі, карбонаттар мен жеңіл еритін тұздардан сілтісізденуімен ерекшеленеді.



Қоңыр шөлейт гипсті топырақтар қалдық гипсті жыныстарда калыптасады.

Қоңыр шөлейт шала дамыған топырақтар тығыз жыныстардың аз калыңдықты элювийінде калыптасады, қиыршық тасты, кейде тастанған.

Қоңыр шөлейт гипссіз топырақтар жеңіл жыныстарда калыптасады, оларда кебірлену белгілері жоқ, тұзданбаған, аз карбонатты, олардың кескіні жиі киыршық тасты.

Қоңыр шөлейт топырақтар кебірлену, сортаңдану, карбонаттылық және тастану дәрежесіне қарай түрлерге бөлінеді.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет