С. Қ. Мемешов. Топырақтану практикумы



жүктеу 2.07 Mb.
бет9/10
Дата04.03.2018
өлшемі2.07 Mb.
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Қоныр шөлейт топырақтар қандай жағдайларда түзіледі?

2. Қоңыр шөлейт топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?



3. Қоңыр шөлейт топырақтардың классификациясы қандай?

4. Қоңыр шөлейт топырақтар Қазақстанның кай облысында кең таралған?



СҰР-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАР МЕН ТАҚЫРЛАР
Сабақтын мақсаты: Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлардың классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып сұр-коңыр мен тақырлардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Сұр-қоңыр мен тақырлардың классификациясымен танысу.

3. Сұр-қоңыр мен тақырлардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлар- шөлді аймақтың басты генетикалық түзілістері.

Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлардың құрылысы мен қасиеттері қолайсыз климат жағдайында өтетін шөлді аймақтың топырак түзілу процестеріндегі ерекшеліктермен анықталады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 75-200 мм, жазы ылғалсыз ыстық, 10 градустан жоғары оң температура жиынтығы 4000 градустан астам. Өсімдік жамылғысы - жусанды-соранды, эфемерлі-эфемероидты түрлерден тұрады. Шөл топырақтары қарашірік мөлшерінің аз, қарашірікті кабаттың аз қалыңдықты болуы, құрылымының нашар түзілуімен ерекшеленеді. Шөлді аймақ топырақтарында кебірлену, беткейінен бастап карбонаттардың жиналуы, аз тереңдікте жеңіл еритін тұздар мен гипстің жиналуы анық байқалады.

Жаздағы аз ылғалдану мен күшті құрғау топырақ беткейінде шөлді аймақтың сипатты белгісі кеуекті қыртыс қалыптастырады.

79

Сұр-қоңыр топырақтарда кеуекті қыртыс К жалынды-сұр түсті, 3-5 см



қалыңдықты. Оның астында қалыңдығы 5-7 см А1 қабаты орналасады. Одан кейін күңгірт-күрең түсті, призмалы-кесекті құрылымды, карбонат кездері бар тығыз иллювийлі В кабаты орналасады, оның төменгі бөлігінде 20-30 см тереңдікте гипс бөлінуі байқалады. 30-40 см терендікте жеңіл еритін тұздар болады. Бұл топырактар қолайсыз физикалық қасиеттерімен ерекшеленеді. Сұр -қоңыр топырақтар 29-кестеде көрсетілген типшелер мен тегтерге бөлінеді.

Сұр-қоңыр карбонатты (тұрандық) топырақтар сұр-қоңыр аз карбонатты топырақтардан кескін бойы карбонаттардың жоғары мөлшерде болуымен ерекшеленеді. Карбонаттардың ең жоғары мөлшері кескіннің орта және жоғарғы бөліктерінде байқалады.

Сұр-қоңыр аз карбонатты (қазақстандық) топырақтар сұр-қоңыр карбонатты (тұрандық) топырақтармен салыстырғанда генетикалық қабаттарға анық бөлінеді.

Сұр-қоңыр қалыпты (кебірленбеген) топырақтар бос жыныстарда калыптасады. Олардың кескіні нашар жіктелген.

29-кесте - Сұр-қоңыр топырақтар классификациясы


Типше

Тегі

Сұр-қоңыр карбонатты (тұрандық)

Қалыпты (кебірленбеген)

Кебірленген






Сортанданған

Сұр-қоңыр аз карбонатты (қазақстандық)

Гипсті (гипс төселімді)

Тығыз жыныстарда шала дамыған


Кебірленген топырақтар тығыз қалыптасу, жарықшақтық, кесекті-тоңкесекті немесе призмалы құрылымды болуымен сипатталады.

Сортанданған топырақтар жеңіл еритін тұздардың жоғары мөлшерде болуымен ерекшеленеді.

Гипсті топырақтарда 40-50 см тереңдікте 50%-ке дейін гипс болады.

Сұр-қоңыр топырақтар түрлерге тұздану, кебірлену дәрежесі және кескін қалыңдығы бойынша бөлінеді. Тығыз жыныстарда шала дамыған топырақтар жеке тегке белінеді.

Сұр-қоңыр топырақтар арасында шалғындық-сұр-қоңыр шөл топырақтары кездеседі – шөлейт шалғынды-қоңыр топырақтарға ұқсас. Ойпаңдау жерлерде астық тұқымдас-жусанды өсімдіктер астында калыптасады. Төселуші жыныс қасиеттері мен жер бедерінде орналасу жағдайына тәуелді, әртүрлі сілтісіздену және тұздану дәрежесімен сипатталады.



Тақырлар - шөлді аймақтың ойпаң балшықты жерлерінде кездеседі. Олардың беті кеуіп жарылып кеткен ойдым тығыз, қызгылт немесе жалын-сұр түсті. Беткейі балшықты 2-3 см қалыңдықты тығыз қыртыспен жабылған, тығыздығы аздау қабаттанған немесе қабыршақты қабатқа ауысады. Қыртыс пен қабыршақты қабаттың қалыңдығы 3-7 см. Одан төмен кесекті, жеңіл

80

еритін тұздары бар қабат орналасады. Тақырлар Іле, Шу, Сырдария, Жайык өзендерінің төменгі жағында таралған.



Тақырларға кескінінің жоғары карбонаттылығы тән. Олардың ең көп мөлшері үстіңгі қабатта болады.

Тақырлар екі типшеге бөлінеді: типті тақырлар (балдырлы) және құмданған тақырлар (қыналы). Типті тақырлар мынадай тегтерге бөлінеді: қалыпты (сортанданған) - аз терендікте жеңіл еритін тұздар болады; сорланған қыртыстың астында тұздар болады; кебірленген - тұздар төмен қарай шайылған, қыртыс және кыртыс астындағы қабат тығызданған, су ерітіндісі күшті сілтілі; кебірлі құйма - су көп тұрған жерлерде калыптасады, терең жарықшақты тығыз қыртысты, ірі тоңкесекті құрылымды және тұздардан шайылу дәрежесі бойынша бөлінеді; құмданған - құмдардың жиналуымен калыптасады, басқа тақырларда болмайтын өсімдіктер өсуімен сипатталады.

Құмданған тақырлар (қыналы) беткейінің алма-кезек сумен жабылуы нәтижесінде қалыптасады. Бұл тақырларда жұмсақтау қабыршақты кеуекті қабат болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Сұр-коңыр топырақтар мен тақырлар кандай жағдайларда түзіледі?

2. Сұр-қоңыр топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?



3. Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлардың классификациясы кандай?

4. Сұр-қоңыр топырақтар мен тақырлар Қазакстанның қай облысында кең таралған?


ТАУ ЕТЕГІНДЕГІ ШӨЛДІ ДАЛАЛАР ТОПЫРАҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты: Сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтардың классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтардың морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтардың классификациясымен танысу.

3. Сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтардың таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.

Тапсырмаға түсініктеме.

Сұр топырақтар мен шалғындық-сұр топырақтар субтропиктердің тау етегіндегі- шөлді далаларда таралған.

Сұр топырақтарға мынадай белгілер тән: кескінінің генетикалық қабаттарға нашар жіктелінуі; қарашірік мөлшерінің төмен болуы; сұрғылт-жалынды немесе жалынды түсті боялу; нашар қалыптасқан макроқұрылым;

81

бүкіл кескінінің карбонаттылығы; топырақ фаунасының тіршілік әрекетінен пайда болған кеуектілік пен қазылған жолдардың болуы.



Бұл топырақтардың кескіні мынадай қабаттарға бөлінеді: А, В1, Вк, С Сұр топырақтардың классификациясы 30- кестеде берілген.
30-кесте - Сұр топырақтардың классификациясы


Тип

Типше

Тегі

Сұр топырақтар

Ашық

Типті (кәдімгі)

Күңгірт


Тұзданбаған

Сортанданған

Шала дамыған

Сұр топырақтарды тұздану дәрежесі мен жеңіл еритін тұздардың орналасу тереңдігі бойынша және қарашірікті қабат қалындығы бойынша (аз қалыңдықты А+В <40 см, орташа қалыңдықты - 40-80 см және қалың >80 см) түрлерге бөледі.



Ашық сұр топырақтардың гумус мөлшері төмен. Қарашірікті қабаттын жалпы қалыңдығы (А+В1) - 40-50 см. Ашық сұр түсті болуына байланысты қарашірікті қабат А аналық жыныстан қиын ажыратылады. Оның қалыңдығы 6-12 см. Тың жерде қабаттың жоғарғы бөлігі тақталанған-қабыршақты құрылымды, төменгі бөлігі - нашар байқалатын кесекті. Ауыспалы қабат B1 өте аз гумусты, қоңыр-жалын ренді ашық-сұр түсті. Тығыздалған, құрттар мен жер қазушылар тіршілік әрекетінің іздері байқалады. Иллювиальды карбонатты қабат Вк анық байқалмайды, карбонаттардың жиналуына байланысты ашықтау жалынды түспен бөлінеді. С кабатында 100-120 см тереңдікте жиі дақтар. кристалдар түріндегі гипс кездеседі.

Типті (кәдімгі) сұр топырақтардың гумус мөлшері жоғарырақ. Қарашірікті қабат қалыңдығы (А+В1) - 55- 80 см. А кабаты ашық-сұр немесе сұр түсті, жоғарғы бөлігінде жақсы шымданған, кесек құрылымды. В1 қабаты сұрғылт-жалынды түсті, бос, ірі тесікті кеуек. Карбонатты қабат сұрғыл-жалынды түс және ақ көзше таңбаларымен бөлінеді. Гипс кристалдары 130-200 см тереңдіктен бастап кездеседі.

Күңгір сұр топырақтар қалың қарашірікті кескінді, жиі 80 см -дейін және жоғары. Қарашірікті қабат күңгірт-сұр түсті, кесек құрылымды Ауыспалы В1 қабаты қоңыр-жалынды реңді сұр түсті, тоң кесекті-кесекті: құрылымды, кеуекті. Карбонатты иллювиальды қабат анық байқалады карбонаттар ақ көзшелер түрінде болады. Гипс кристалдары 200 см терендікте жыныста кездеседі.

Бұл аймақта сұртопырақтармен қатар жеке тип шалғындық сұр топырақтар кездеседі.

Шалғынды-сұр топырақтар қарашірікті қабаттардың (А және В1) сұр немесе күңгірт-сұр түспен айқын бөлінуімен сипатталады, оларда таттанған дақ тар түріндегі артық ылғалдану белгілері жақсы байқалады. Гипс пен жеңіл еритін тұздардың бөлінуі жиі кездеседі.

82

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:


1. Тау етегіндегі- шөлді далаларда таралған топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері?

2. Тау етегіндегі- шөлді далалар таралған топырақтардың классификациясы қандай?

3. Тау етегіндегі- шөлді далалар топырақтарының таралу аймағы?

ҚҰРҒАҚ ЖӘНЕ ЫЛҒАЛДЫ СУБТРОПИК ТОПЫРАҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты: Сұр күрең, күрең, қызыл, сары топырақтардың классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтарының морфологиялық белгілері мен қасиеттерін қарастыру.

2. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтарының классификация-сымен танысу.

3. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтарының таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Құрғақ субтропикалық дала аймағының негізгі топырақтары сұр күрең топырақтар мен күрең топырақтар, ал ылғалды субтропиктік аймактың негізгі топырақтары кызыл және сары топырақтар.



Сұр күрең топырақтар ксерофитті шөптесін және бұталы өсімдіктер астында субтропиктік құрғак климат жағдайында, карбонатты борпылдақ жыныста қалыптасады. Батыс Кавказ бен Батыс Тянь-Шань тауларының биіктеу бөктерлерінде таралған. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: А-В1К-ВСКК. А- қарашірікті қабат қалыңдығы 20-25 см, күрең-сұр түсті, кесек құрылымды. Метаморфты қабат Bt тығыздау, жаңғак-кесекті құрылымды, карбонаттардың жаңа түзілістері байқалады. Вк- карбонатты метаморфтық қабат. ВСК- аналық жынысқа алмасу қабаты, карбонатты.

Сұр күрең топырақтар НСІ-дан беткейінен бастап қайнайды және жақсы қалыптасқан иллювиальды карбонатты Вк қабаты болады.

Сұр күрең топырақтардың топырақ типі үш тип тармағына бөлінеді: күңгірт сұр күрең топырақтар, кәдімгі сұр күрең топырақтар, ашық сұр күрең топырақтар.

Күрең топырақтар құргақ субтропиктік ормандар мен бұталар астында қалыптасады. Сұр күрең топырақтардан айырмашылығы күзгі-қысқы-көктемгі ылғалдану мөлшері жоғарырақ. Грузияда, Әзірбайжанның кейбір аудандарында, Орта Азиялық таулы өлкелерде және Қырымның оңтүстік жағасында орналасқан.

Күрең топырақтарда кескіннің ортаңғы бөлігінде балшықтану процесі

83

анық байқалады. Топырақ кескіні мынадай қабаттардан құралған: А-ВКt-ВС (ВСК)-СК. А- қарашірікті қабат күрең немесе сұрғылт-күрең түсті, кесекті қалындығы 15-30 см. Вкt- метаморфты, тығыз, күрең, кесекті-жаңғақты, кейде карбонатты, калыңдығы 20-30 см. ВС (ВСК)- метаморфты, аналық жынысқа алмасу қабаты, біркелкі боялмаған, тығыздығы аздау, жиі карбонатты. Біртіндеп С аналық жынысқа өтеді.



Күрең топырақтардың топырақ типі үш тип тармағына бөлінеді: сілтісізденген күрең топырақтар, типті күрең топырақтар, карбонатты күрең топырақтар.

Қызыл топырақтар субтропиктік ылғалды және жылы климат жағдайында тау етегіндегі ағашты өсімдіктер астында қалыптасады. Типті күлгінденбеген қызыл топырақтардың кескіні мынадай қабаттардан құралған: А0 - шым, немесе орман төсеніші, папортниктер мен ағаш жапырақтарының жартылай ыдыраған қалдықтарынан құралған, қалындығы 3-4 см; А қарашірікті қабат, сұрғылт-күңгірт-қоңыр, кесекті-дәнді, ауыр құмбалшықты немесе балшықты, қалыңдығы 20-25 см; В - қалындығы 35-45 см және жоғары (70-80 см) алмасу кабаты В1 және В2 қабатшаларына бөлінеді; В1- сұрғылт-кызыл, кесекті, ауырқұмбалшықты немесе балшықты, тығыздалған; В2- күрең-қызыл, қара және ақшыл-сары дақтары бар, тығыз, кесекті, ауыр құмбалшықты немесе балшықты; С - топырақ түзуші жыныс, біркелкі боялмаған, қызыл, көп мөлшерде ірі қара темір-марганецті түзілістері мен ашық-сары кремнезем дактары бар, жаңгақ-кесекті, ауыр құмбалшықты, тығыз.

Қызыл топырақтардың топырақ типі екі тип тармағына бөлінеді: типті қызыл топырақтар, күлгінденген қызыл топырақтар.



Сары топырақтар субтропиктік ылғалды және жылы климат жағдайында мәңгі жасыл ағаштары басым ормандар өсетін жерде, сары түсті жер қыртысының бұзылған жыныстарында дамыған. Қара теңіздің баспалдақты жағалауы мен Батыс және Шығыс Кавказдың тау етегінде таралған. Сары түсті қыртыстың қызыл түстіден айырмашылығы кремнезем мөлшері жоғары (55 - 65%) және жартылай тотықтар мөлшері төмен (25-30%), осыған байланысты; түсі қызыл топырақтардағыдай ашық емес.

Сары топырақтардың кескіні мынадай қабаттардан құралған: А01-АВ-В-ВС -С. А0 - орман төсеніші (3-4 см); А1- қарашірікті қабат, сұр түсті, жалынды кейде сарғылт реңді, кесекті, қалыңдығы 10-15 см; АВ-қарашірікті-метаморфты алмасу қабаты, сұрғылт-сары түсті, төменгі белігінде жиі ұсақ темір-марганецті түзілістер мен татты дақтар болады, қалындығы 15-20 см; В иллювиальды-метаморфты қабат, сары түсті, тығыз, қалындығы 30-40 см; ВС -топырақ түзуші жынысқа алмасу қабаты; С - топырақ түзуші жыныс.

Сары топырақтардың топырақ типі үш тип тармағына бөлінеді: глейлі сары топырақтар, күлгінденген сары топырақтар, күлгінденген сары глейлі топырақтар.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Құрғақ және ылғалды субтропик топырақтары қандай жағдайларда қалыптасады?

84

2. Сұр күрең топырақтардың морфологиялық айырмашылық классификациясы қандай?



3. Күрең топырақтардың морфологиялык айырмашылық классификациясы қандай?

4. Қызыл топырақтардың морфологиялық айырмашылық классификациясы қандай?

5. Сары топырақтардың морфологиялык айырмашылық классификациясы қандай?
ЖАЙЫЛМА ТОПЫРАҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты: Жайылма топырақтарының классификациясы, морфологиялык белгілері, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Монолиттер мен жәшіктегі үлгілерді пайдаланып жайылма топырақтарының морфологиялық белгілерін қарастыру дәптерге осы топырақ бейнесін түсіру.

2. Жайылма топырақтарының классификациясымен танысу.

3. Жайылма топырақтарының таралу шекарасын, түзілу жағдайларын қарастыру.



Тапсырмаға түсініктеме.

Жайылма - өзен арнасы бойындағы тасқын су басатын, оның шегінділерінен (аллювий) құралатын ойпаң жер. Жайылма үш бөліктен тұрады: арна бойындағы жайылма, орта немесе өзен бойы және терраса бойы. Жайылманың негізгі топырақтары шымды катпарлы топырақтар, аллювиальды шалғындық топырақтар және аллювиальды батпақтық топырақтар.



Шымды қатпарлы топырақтардын беткейінде аз қалыңдықты шымды қабат Ад орналасады. Оның астында жеңіл механикалық құрамды нашар байқалатын кесек құрылымды калыңдығы 20 см-ге дейін қарашірікті А қабаты орналасады. Кескіннің ерекшелігі – анық байқалатын қатпарлылық. Қалындығы әртүрлі аллювийдің құмды, құмдақ және өте сирек жеңіл құмбалшықты қабаттар кезектеседі. Қарашірікті қабаттың төменгі бөлігінен жеке В ауыспалы қабатын бөледі. Кескінде тотықсыздану процестерінің белгілері болмайды. Шымды қатпарлы топырақтар арна бойы жайылмасының биіктеу бөлігінде орналасады.

Аллювиальды шалғындық топырақтар топырақ түзілуіне ықпалы болатын жер асты сулары жақын орналасқанда бірқалыпты аллювиальды режим жағдайында калыптасады. Бұл топырақтар жақсы қалыптасқан гумусты кескінді, төменгі бөлігінде (В және С қабаттары) глейлену мен заттардың гидрогенді аккумуляция белгілері болады. Шымды кабаттың (Ад) астында анық байқалатын дәнді құрылымды ауыр механикалық құрамды қарашірікті қабат орналасады. Төменде дәнді-жаңғақты құрылымды және әртүрлі дәрежедегі глейлену белгілері бар жеке алмасу қабаты (В1 немесе B1g) орналасады. B1 емесе B1g қабатынан кейін жекеленген гумус дақтары мен анық глейлену

85

белгілері бар, жаңғақты призмалы құрылымды B2g алмасу қабаты орналасады.



Аллювиальды батпақтық топырақтарда кескіннің үстіңгі бөлігінде торфты қабат немесе балшықты-шірінділі масса орналасады. Төменде глейлену жылдам дамиды. Торфты глейлі топырақтарда торфты қабат қалыңдығы 50 см-ден жұқа, торфты топырақтарда 50 см -ден қалың. Қалыпты жағдайда торфты қабат типті батпақтық төмегінгі торфты топырақтардағыдай ыдырау дәрежесінің жоғары болуымен ерекшеленеді. Бұл қабат жиі балшықтанған немесе темір, әк, кейде вивианттың аккумуляциясы байқалады. Далалы, шөлейт, шөл аймақтарда жиі батпақтық топырақтар тұзданған болады.

Балшықты- батпақтық топырақтардың кескінінде күшті ыдыраған жағылатын балшықты органикалық затпен қаныққан, ашық қызыл-сары глейлі дақтары бар шірінділі (гумусты) қабатты бөледі.

Жайылма топырақтарының кескінінде аймақтық топырақ түзілу ерекшеліктерінің белгілері сақталады – күлгіндену іздері, кебірлену, солодтану, сортандану және т.б.

Орманды далалы және далалы аймақ аллювиальды шалғынды топырақтары қарашірікті қабатының қалың болуы және гумуспен боялуының қою болуымен ерекшеленеді. Бұл топырақтарда карбонаттылық, кебірлілік пен сортаңдану байқалады.

Субаридті және аридті аймақ аллювиальды топырақтары қалыпты жағдайда карбонатты, жиі жеңіл еритін тұздар болады және қарашірікті кабаттың төменгі жағында химиялық байқалған кебірлі қабат болады немесе бүкіл кескінінің құйма қалыпты болуымен сипатталады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Жайылма топырақтары қандай жағдайларда қалыптасады?

2. Шымды катпарлы топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?

3. Аллювиальды шалғындық топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?

4. Аллювиальды батпақтық топырақтардың морфологиялық айырмашылық белгілері классификациясы қандай?


ТАУЛЫҚ АЙМАҚТАР ТОПЫРАҚТАРЫ
Сабақтың мақсаты: Тау топырақтарының классификациясы, морфологиялық белгілері, қасиеттерімен танысу.

Тапсырма:

1. Таулы аймақтарда топырақтардың орналасу ерекшеліктерімен танысу.

2. Полярлы, бореальды, суббореальды, субтропиктік топырақ белдеулерінде тау топырақтарының орналасуындағы айырмашылықтарымен танысу.

3. Қазақстанның таулы аудандарындағы топырақтардың орналасу ерекшеліктерімен танысу.

86

Тапсырмаға түсініктеме.

Таулы аудандарда топырақтардың орналасуы және қалыптасуы В.Д. Докучаев құрған тік аймақтылық заңына бағынады. Тік аймақтылық деп мекен биіктігіне тәуелді климат пен өсімдіктердің өзгеруіне байланысты топырақтардың орналасуын атайды.

Таулы елдерде топырақ зоналары жазықтықтағы сияқты белдеулер құра орналасады. Бірақ мекен биіктігінде топырақтардың кезектесіп орналасу тәртібі бұзылатын жағдайлар да кездеседі. Топырақтардың дұрыс орналаспау құбылысы топырақ зоналары инверсиясы деп аталады.

Бірқатар таулы елдерде қалыпты зоналар қатары жүйесінде жекеленген топырақ зоналары болмайды. Бұл құбылыс топырақ зоналары интерференциясы деп аталады.

Тік белдеулік сипаты таулы елдің ендік биоклиматтық орналасу белдеуімен анықталады. Мынадай белдеулік кластарын айырады: полярлы, бореальды, суббореальды, субтропиктік.

Белдеуліктің полярлық класында таулы тундра топырақтары басым. Тайгалы зона бореальды класын 2 белдеуге бөледі - таулы күлгінді және таулы-тундралы.

Бореальды белдеудің далалы және орманды далалы зоналарында таулы -қоңыр, таулы -қара топырақ және сұр орман топырақтары калыптасады. Бұл белдеуде таулы құба орман және таулы-шалғын топырақтар да байқалады.

Суббореальды класта жоғары ормансыз белдеуде таулы шалғынды топырақтар басым, орманды белдеуінде ормандық қоңыр топырақтар басым.

Субтропиктердің құрғақ зонасында таулы сұр топырақтар таралған, субтропиктердің ылғалды зонасында қызыл топырақтар мен сары топырақтар таралған.

Орталык Азия мен Қазақстан таулы топырақтары өте күрделі және ерекше жаралған. Бұл орта азия тауларының географиялық орналасуы мен мұхиттан өте алыс қашықтығына, климат құрғакшылығы, күрделі геологиялық құрылым, жиі үштік тұзданған шөгінділер кездесетін топырақ түзуші жыныстар әртүрлілігімен анықталады.

Іле Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань жотасы) 3800 м-ден жоғары мәңгі қарлар мен мұзарттар орналасқан. Содан солтүстік беткеймен төмен түскенде мынадай топырақтық өсімдік белдеулерінен өтуге болады: 3800-2800 м альпілі және субальпілі шалғындар (жазда жайлаулар) өсетін жерде таулық-шалғынды топырақтар: 2800-2000 м - орта таулы шалғынды - орман зонасы, қылқан жапырақты аралас ормандардың (Тянь-Шань шыршасы, қайың, көктерек) күңгірт түсті таулық-ормандық терең күлгіндеу топырағы және таулық-шалғынды қара топыраққа ұксастау топыраға: 2000-1200 м - бітік шалғынды түрлі шөптіген масақты өсімдіктер астында күңгір-сұр аздап күлгіндеу ормандык сүр және сілтісізденген қара топырақтар; 1400-800 м - тау етегінің дала зонасында әртүрлі шөптекті - масақты өсімдіктер астында орташа гумусты қара топырақтар мен күңгірт қара қоңыр топырақтар; 800-500 м тау етегінің шөл дала зонасында эфемерлі - масақты - жусанды

87

өсімдіктер өсетін жерде ашық қара қоңыр, кәдімгі және ашық боз топырақтар дамыған. Таулық топырақтар жазғы жайылым, орман және ауыл шаруашылығында және мал шаруашылығында пайдаланылады.


БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақтардың тік аймақтылығы дегеніміз не?

2. Топырақ аймақтарының инверсиясы, миграциясы, интерференциясы дегеніміз не?

3. Таулы елдерде топырақ түзілуінде қандай ерекшеліктер болады?

4. Қазақстан территориясындағы тауларда топырақтардың орналасуы қандай?


ТОПЫРАҚТАРДЫ АГРОНОМИЯЛЫҚ СИПАТТАУ
Сабақтың мақсаты: Топырақтарды агрономиялық сипаттау, агроөндірістік топтау жолдарын меңгеру.

Тапсырма:

1. Облыстық немесе аудандық топырақ картасынан топырақ типтері мен типшелерін атау, облыс (аудан) ішінде топырақтық аудандарды анықтау.

2. Шаруашылықтың топырақ картасын қолданып, алқаптар бойынша жер бедерін ескере топырақтарды тип және типшелерге топтап тізімін құру.

3. Көрсеткіштерін анықтап, топырақ картограммасын оқу.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет