С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



жүктеу 4.11 Mb.
бет11/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

116

ерекшелік болады. Қабақтары қалың, сақина тәрізді, ұсақ қа-быршақтармен қапталған және көз карашықтарының тесігі бо-лады. Оң және сол көзінін, қозғалуы бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл көру кеңістігін ұлғайтып, насекомдарды тез ұстауға мүмкіндік береді. Өкпесіндегі ауа қапшықшаларына ауа толғанда, хамелеондардың денесі ісініп ұлғаяды. Тері пигменттерінің өзгеруінен хамелеондардың түсі де өзгереді. Бұған әр түрлі жағдайлар (жарық, температура, жануардың қорқуы т. б.) себепші болады. Бұлардың Мадагаскарға, Африкаға, кіші Азияға, Индияға, Оңтүстік Испанияға тараған бір тұқымдасы белгілі. Бұлардың көпшілігі ормандарда тіршілік етеді. Ағаштың арасында болатын насекомдармен қоректенеді. Насекомдарды ұзын, аузынан тез атылып шығатын, ұшында желім тәрізді сұйық заты бар тілінің көмегімен ұстайды. Кейде хамелеондар насекомдарды өте баяу қозғалып, жасырынып барып та ұстап жейді. Жұмыртқа салу арқылы көбейеді.

3-отряд. ЖЫЛАНДАР (ОРНIDIА)

Жыландар шөптесін жерлерде бауырымен жылжып қозғалу-ға, көлемді заттарды тұтасымен жұтуға бейімделген жануарлар.

Сыртқы пішініне қарағанда жыландар аяқсыз кесірткелерге ұқсайды. Аяқсыз кесірткелерден айырмашылығы жыландардың жақ аппаратының оң және сол жақ бөлімі жылжымалы болып байланысқан қозғалмалы қабағы, дабыл жарғағы болмайды. Сол сияқты жыландардың иық белдеуі де болмайды.

Жыландардың бірқатарында ғана мойын бөлімі байқалады. Көпшілігінің денесі — бас, дене және құйрық бөлімдеріне бөлі-неді. Жыландардың аяқтары және олардың скелеттері жүруге жарамайды. Тек қана айдаһарларда ғана артқы аяқтың қалдығы, мықын сүйегі мен ортан жіліктің қалдығы сақталған. Соқыр (ТурһІорidае) жыланында да жамбас сүйегінің қалдығы болады.

Жыландардың денесі мүйізді қабыршақтармен қапталған. Сарбас жыланның кейбір түрлерінде ғана тері безі болады. Басқа түрлерінде тері безі болмайды. Түлеген кезде алдымен терінің үстіңгі қабатының жаққа бекіген жері ажырайды да, дененің артқы бөліміне қарай қолғап сияқты сыпырылып түсіп қалады. Бұл кезде көздерінің үстін жауып тұрған қабыршақ-тары да түсіп, бұрынғысынан да мөлдір болып көрінеді.

Қозғалу ерекшеліктеріне байланысты жыландардың омырт-қа жотасы біркелкі, көптеген (200—450) омыртқадан тұрады. Омыртқаларында әдетте болатын өсінділерінен басқа жоғарғы доғаның ортасында кішкене өсіндісі болады. Омыртқаның мұндай құрылысы, омыртқа тізбегіне ерекше мықтылық беріп, ирелеңдеп қозғалғанда, оның тез қозғалуын қамтамасыз етеді.

Жақ аппараттарының сүйектері және онымен байланысатын тандай, қанат тәрізді және бұдыр бетті сүйектер бірімен-бірі

117


қозғалмалы болып орналасқан. Мұндай ерекшелік ірі жануар-ларды түгелімен жұтып қоюына мүмкіндік береді. Ірі қоректе-рін жұту механизмі төменгі жағының оң және сол бөлімінің ке-зектесіп қозғалуы арқылы орындалады. Осындай ірі заттардың жұтылуын сілекей безінен бөлінетін сөл жеңілдетіп отырады. Жыландардың көпшілігі улы болмайды, сондықтан олар жануарларды тістелеп немесе оны денесімен орап алып, қысып өлтіреді. Улы жыландардың алдыңғы бірнеше тістері ірі болады да онда у құйылатын сайша немесе канал болады.

Оң жақ өкпесі жақсы жетілген, сол жақ бөлімі болса руди-мент түрінде ғана болады. Қуығы болмайды. Бүйректері мен гонадылары күшті созылған. Жыныс бездері бүйректерінің ал-дыңғы жарында орналасқан.

Жыландардың қазір 2300—2500-ге жуық түрі белгілі. Олар жер бөліктерінің барлығына тараған, әсіресе ыстық жерлерде көптеп кездеседі. Солтүстікте полярлық шеңберге дейін еніп жатады. Оңтүстікте — Оңтүстік Америкаға дейін тараған. От-ты жерде, Жаңа Зеландияда және Полинезияның көптеген аралында жыландар болмайды. Жыландар ағашты, далалы, таулы жерлерге, кейбір түрлері суда, жер астында тіршілік етеді.

Олар жұмыртқа немесе тірі жұмыртқа салып көбейеді. Тек қана жануар тектес заттармен қоректенеді. Жыландар ұсақ насекомдар мен кемірушілерден бастап, бұғының бұзауына дейінгі әр түрлі организмдермен қоректенеді. Жануарларды сескендіріп барып, тез шабуыл жасап, ұстайды. Бұған қосымша* улы жылан адамды тек қана мазалағанда шағатынын айтуға болады.

Жыландарды бірнеше систематикалық топтарға бөлуге бо-лады.

Соқырлар (Турһlоріdае) тұқымдасына жер астында тіршілік ететін, жер құрттарына ұқсас, залалсыз ұсақ жыландардың 150-ге тарта түрі жатады. Денесі цилиндр пішінді, басымен құйрығы денесінен бөлінбеген және денесі балық қабыршақ-тарына ұқсас тегіс қабыршақпен қапталған организм. Көзі әдетте терісінің астына орналасқан. Ауыз аппараты кең ашылмайды. Жамбас белдерінің. қалдығы ғана сақталмаған.

Бұлар негізінде Африканың, Азияның және Австралияның тропикалық бөлімдеріне тараған. Бізде Закавказьеде, Түрікме-нияның оңтүстігінде, Өзбекстанда, Тәжікстанның онтүстік батысында бір ғана түрі (Турһіорs vегmісиlагіs) тараған. Олар бақшақ, жүзім еккен жерлерде мекендейді. Насекомдармен қоректенеді, Ересегінін. ұзындығы 30 см болады.



Айдаһарлар, немесе жалған аяқтылар (Воіdае). Бұл тұқымдасқа ең ірі түрлері жатады. Сонымен катар ұзындығы 1 м болатын ұсақ түрлері де кездеседі. Айдаһарлардың бас бөлімін, басқа жыландарға қарағанда, мойнынан айқын ажыратуға болады. Клоаканың екі жағында екі өсінді түрінде орналасқан, артқы аяқтарының нұсқасы болады. Түсі көбінесе шұбар бола-

118


ды. Айдаһарлардың барлығы дерлік шығыс және батыс жарты шардың тропикалық облыстарында кездеседі. Біраз ғана түрлері Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда кездеседі. Тропиктік өзені мен көлі көп дымқыл ормандңрды мекендейді. Әсіресе ашық жерлерде тіршілік ететіндері, түнде активті әрекет етеді. Қалың орманда тіршілік ететіндері күндіз де қорегін аулай береді. Жануарларды өте баяу, сақтықпен жасырынып келіп,, жақын жерден атылып барып ұстайды. Ұстаған жануарының денесіне бірнеше оралып, қысып, тұншықтырып өлтіреді.

Бұлардың ішіндегі өте белгілі түрлері: торлы питон (Руtһоп геtисиlаtиs) ұзындығы 5—6 метрден 10 метрге дейін жетеді. Олар Азияның оңтүстігіне және Үнді-Малай архипелагасына тараған. Кәдімгі айдаһар (Воа сопstrісtог) үзындығы 5—6 метр-ге жетеді. Оңтүстік Американы мекендейді. Бізде Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанда бұл тұқымдастың ең кіші түрі — дала айдаһары (Егух jасиlиs) кездеседі. Денесінің ұзындығы 1 метрден аспайды. Бұл құмды шөлдерді, далалы жерлерді ме-кендейді. Түнде тіршілік етеді. Күндіз кемірушілердің ініне, не-месе құмға еніп жасырынып жатады. Ұсақ рептилилермен, саршұнақтармен, қосаяқтармен қоректенеді.

С а р б а с ж ы л а н т ә р і з д і л е р (СаІиЬгіdае) тұқымда-сына жыландардың 1000-ға жуық түрі жатады. Бұлардың ішін-де залалсыздары да, өте улы түрлері де болады. Бұл тұқымдастың сұр жыландардан ерекшелігі улы тістері және оның каналы болмайды, улы тісінің алдыңғы жақ бетіндегі сайшалар арқылы құйылады.

Көбірек тараған түріне кәдімгі сарбас жылан (Nаtгіх паtгіх) жатады. Түсі қоңыр, тіпті қара деуге де болады. Самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылт жолағы бо-лады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолақ болмайды. СССР-дің Европалық бөліміне Сибирьге, шығыста Забайкальеге дейін және Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған. Батпақтың, өзеннің және тоспанын, жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса насекомдармен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жүмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқаларын шірінділердің арасына салады (21-сурет).

Біздің елдің оңтүстігінде су сарбас жыланы (N. tеssеlаta) мекендейді. Кәдімгі сарбас жыланнан айырмашылығы түсі ашық сүр, қара дақты болады. Көбінесе суда тіршілік етеді. Балықтармен қоректенеді.

Полоздар (СоІиЬег, Еіарһе) сарбас жыландарға жақын, үзындыры 2 м болатын жыландар. Улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістуге ұмтылады, өте қатты тістейді.

Медянка (Согопеllа аиstridса) ұсақ, ұзындығы 75 сантиметр-дей болатын жыландар. Түсі қызыл бурыл денесінде қара сұр дақтары болады. СССР-дің Европалық бөлімінің орталык жә-119

21- с у р е т. Жыландардың түрлері



1 — көзілдірікті жылан, 2 — ысқырғыш жылан, 3 — коралл аспид, 4 — торлы питон: 5-сұр жылан, 6 — сарыбас жылан.

не оңтүстік бөлігінде кездеседі. Ағашты немесе бұталы жерлерді мекендейді. Дымқыл жерлерде болмайды, уы жоқ. Негізінен кесірткелермен қоректенеді.

Орта Азияның шөл далаларында оқ жыландар (Тарһгоmеtороп linеоlаtиm) көп кездеседі. Денесі жіңішке, ұзындығы 1 метр

120


ден аспайды. Түсі сары, сұр түсті, денесінің ұзына бойына со-зылған бірнеше дағы, немесе жолағы болады. Өте тез қозғалады. Қауіп төнгенде мүмкіндік болса ағаштың бұтағына шығып, немесе бұтаның түбіне тығылып құтылады. Негізінен кесірткелермен қоректенеді. Қесірткені тістеп, денесімен орап, қысып өлтіреді.

Көзілдірікті сарбас жыландар тұқымдасына жалпы халыққа белгілі улы жыландар да жатады. Бізде Түрікменияның оң-түстігінде сұр кобра (Маjа охіапа) деген түрі кездеседі. Денері біркелкі сұр түсті, дағы болмайды. Аңғарларда және адам мекеніне жақын жерлерде тіршілік етеді. Шаққаны өте қауіпті. Қөзілдірікті жыланның (Маjа паjа) мойынының желке жағында көзілдірік сияқты екі дағы болады. Олар Оңтүстік Азияны ме-кендейді. Кобраларға тән бір ерекшелік айбат шеккен кезде мойын омыртқаларындағы қозғалмалы қабырраларының көмегімен мойынын кеңейте алады.



Сұр жыландар (Vірегidае) улы аппараттары жақсы дамыған улы жыландар. Улы тістерінің, ішінде каналдары болады. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тістері алға қарай бағытталады.

Кәдімгі сұр жылан (Vірега Ьегиs) біздің еліміздін, Европалық бөлігінде және Сибирьде тараған. Түсі сұр, қара жолақты, немесе мүлдем қара болады. Олар көбінесе тоғайлы жерде болады, ал батпақты жерлерден кездеспейді. Бұларды күндіз үйінділердің, ағаш түбірінін, үстінен, таулы жерлердің күңгей жағынан көруге болады, қорегін аулауға түнде шығады. Негізінен тышқандармен, дала тышқандарымен, сирек болса да құстармен, кесірткелермен, бақалармен және насекомдармен қоректенеді. Тірі жұмыртқа туып көбейеді. Қысқа қарай бірнешеуі бірігіп, ағаш тамырынын, астында, терең індерде қыстап шығады. Сұр жыланның шаққанынан денсаулығы нашар ауру адамдар, балалар өліп кетеді. Денсаулығы жақсы адамдар үшін аса қауіпті болмағанмен көп азап шегеді.

Орта Азия мен Кавказда сұр жыланға жақын қара жылан гюрза (Vірега ІеЬеtіпа) кездеседі. Оның ұзындығы 2 м болады. Олар шөл даланы және аласа таулы жерлерді мекендейді. Шаққаны өте қауіпті. Орта Азияның оңтүстік бөлігінде, Африкада және Аравияда қүм эфасы. (Есһіs сагіпаtиs) тараған. Оның ұзындығы 70 сантиметрдей болады, түсі жалпы сарғылт құм түсті. Бұлардың да шаққаны өте қауыпты. Қалқантұмсық (Апсіstгоdоп һаlуз) — улы жылан, өзіне тән ерекшеліктері — құйрығы қысқа. Көзі мен танау тесігінің ортасында шұндыры болады. Денесінің жалпы ұзындығы 75 сантиметрдей. Еділ өзенінін, бойынан Қазақстан арқылы Орта Азияға, оңтүстік Сибирьге, Қиыр Шығысқа дейін тараған және Закавказьеде де кездеседі.

Сұр жыландарға Американың сылдырмақты жыланы да (Сгоtаlиз һоггіdиз) жатады. Бұл жыландарды сылдырмақты

121


жыландар деп атауының себебі, олардың құйрығында дыбыс шығаратын қозғалмалы байланысқан мүйізді бунақтардық бо-луына байланысты. Айбат шеккен кезде, құйрығын қозғалтып сылдырлаған дыбыс шығарады. Аса қауіпті улы жылан.

3-класс тармағы. КРОКОДИЛДЕР (Сгосоdilіа)

Осы кезде тіршілік ететін рептилилердің ішіндегі ең құрылы-сы күрделі жануарлар тобы — крокодилдер.

Бұлардың денесі ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келеді. Құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, жүзу қыз-метан атқарады. Алдыңғы аяғының бес саусағының арасында жарғақ болмайды, ал артқы аяғында төрт саусағы болады да олар өз ара жарғақпен жалғасады. Денесі мүйізденген қабыр-шақтармен қапталған, олардың астыңғы жағынан сүйекті пластинкалар дамиды. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі — төменгі жағының астында, иығының үстінде және клоаканың маңайында тері бездері болады. Олардың маңызы әлі анықталмаған.

Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ және тіс сүйектеріне сүт қо-ректілердің тістері сияқты, альвеолға орналасқан. Сондай-ақ сүт қоректілердікі сияқты, крокодилдерде сүйекті таңдай бола-ды. Сондықтан ауыз қуысы екіге: оның жоғарғы бөлімі — мұрын жұтқыншақ жолы, ал теменгісі — нағыз ауыз қуысы болып бөлінеді. Тамақты жұтқан кезде ғана аз уақытқа тыныс жолы жабылады.

Омыртқа бөлімдері айқын байқалады. Мойын бөлімінде 9 омыртқа, кеуде — 12 — 13, бел омыртқа — 2 — 4, сегізкөз омыртқасы — 2 — 3, құйрық омыртқалары — 30 — 40 болады. Омыртқалары процельді. Иық белдеуінде бұғана болмайды, ол тек қана жауырыннан және коракоидтан тұрады.

Суда тіршілік етуіне байланысты қоректенуі мен тыныс алуында өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, таңдайдың артқы жиегінен төмен қарай түсіп тұратын ет қатпары болады Оны таңдай шымылдығы деп атайды. Оның төменгі жиегі тілдің көмекей жағына тиіп, ауызды жұтқыншақтан бөліп тұрады. Мұндай ерекшелік крокодилге судың ішінде аузын ашып, танауы ғана судан шығып тұрса да тыныс алуына мүмкіндік береді. Үйткені танауының жиегінде болатын клапандары крокодилдің басы суға батқан кезде танау тесігін жауып қалады.

Крокодилдер су түбінде үзақ уақыт болуына байланысты, өкпесі үлкен және күрделі үяшықтары болады.

Жүрек қарыншағы дербес екі бөлімнен тұрады, яғни кроко-дилдердің жүрегі төрт камералы болады. Бірақ сол жақ қарын-шадан шығатын оң қолқа доғасымен қатар, оң қарыншадан (ве

122


налық қан) сол қолқа доғасы шығады. Сол қолқа доғасы арқа қолқасымен байланысқан, бірақ онымен таза артерия қаны жүрмей аралас қан жүреді (22-сурет).

Крокодилдер триас дәуірінде кеңінен тараған. Қазір бір тұқымдасқа жататын 25-ке жуық түрі бар. Тропикалық субтропикалық облыстарда ғана кездеседі.

Гавиалдың (Gаvіаlіз gепgеtісиs) тұмсығыІ ұзын болады. Денесінің ұзындығы 6 метрдей, Индияның оңтүстігін мекейдейді. Нағыз крокодилдер Африкада, Азияда, Солтүстік Австралияда және тропиктік Америкаға тараған. Олардың бір түрі иль крокодилі (Сгосоdilиз піlotiсиs) ұзындығы 8—10 м болады және Қытай аллигаторы (Аllіgаtог sіпепsіs) ұзындығы 2 метрдей болатын үсақ крокодилдер.

Крокодил құрғаққа сирек шығатын, көбінесе суда болатын организмдер. Құрғақка дем алуға, көбеюге, немесе мекенін ауыстыруға ғана шығады. Құрғақшылық болып, тіршілігіне қолайлы су қоймасы табылмаса су түбіндегі балшыққа еніп, ұйқыға кетеді.

Олар жүмыртқа салып көбейеді. Ж9мыртқасының үлкендігі қаз жұмыртқасындай болады да сырты қатты известі қабық-пен қапталады. Жұмырткаларын жиекке жақын құмдарға, немесе қорыстардан жасалған шұңқырларға салады. Жұмыртқасының саны бірнеше ондыққа жетеді. Крокодилдің кейбір түрінің ұрғашылары ұяларының маңында болып, жұмыртқаларын жауларынан қорғайды. Инкубация мерзімі 1,5—2 айға созылады.

Крокодилдер моллюскаларды, шаяндарды, құстарды және кейбір сүт қоректілерді жеп қоректенеді. Адамға да шабуыл жа-



22 - с у р е т Крокодилдің құрсақ жағынан көрсетшлген жүрепнің және артериалдық доғасының құрылысының схемасы



1 —ішкі ұйқы артериясы, 2 —сыртқы ұйқы артериясы (он жақ бөлімі шөжіп кеткен), 3 — қолқаның оң жақ доғасы, 4 — сол жақ доға, 5 — арқа қолқасы, 6 — өкпе артериясы, 7—атсыз артерия, 8 — ішек қарын артериясы.

123


саған кездері болған. Сумен жасырынып барып қорегін ұстай-ды. Оны көзінің және есіту органдарының көмегімен іздеп та-бады.

Крокодилдердің еті мен терісін пайдалану үшін жергілікті халық кәсіп етеді.

4-класс тармағы. ТАСБАҚАЛАР (СһеІопіа)

Қазіргі рептилилерден ерекшелігі — тасбақалардың денесі-нің сүйекті сауытпен қапталуы. Басын, мойнын, аяқтарын, құй-рығын қауіп төнгенде осы сауытының ішіне жиырып алады. Сауыты; а) жоғарғы жартысы — карапаксадан тұрады. Ол тері тектес пластинкалық сүйектерден пайда болған, оған қабырға-лар және омыртқалардың көпшілігі қосылып, бірігіп кеткен; б) төменгі жартысы — пластрона, бұлда тері тектес сүйектен тү-рады, бірақ мұнымен төс сүйегі мен бұғана қосылып кеткен. Көпшілігінің сүйекті сауытының сыртын мүйізді қабыршақ қап-тап жатады.

Тасбақаның мойын және құйрық омыртқаларынан басқала-ры карапакспен бірігіп кеткен. Сол сияқты жауырын мен кара-коидта бос болады. Жамбас сүйектері карапаксқа сіңір арқылы бекиді, немесе жіктер қосылып бірігіп кетеді.

Оның, бас сүйегіне тән ерекшелік — екінші реттегі сүйекті таңдайдың жетілуі, тістін. болмауы. Тістін, қызметін жақ сүйек-терін қаптап тұратын мүйізді өсінділер атқарады.

Сүйекті сауыттың болуымен байланысты тасбақалардың тұлға еттері нашар жетілген. Керісінше мойын, аяқ, құйрық еттері өте күшті болады. .

Тыныс алу механизмінің де өзіндік ерекшелігі бар. Ауыз қуы-сының түп жағы біресе көтеріліп, біресе төмен түсіп, насостың қызметін атқарады. Осы кезде танау тесіктері арқылы ауыз қуысына ауа еніп, одан өкпеге өтеді. Сонымен қатар тыныс алуға мойын мен иықтың қозғалысы да әсер етеді. Тасбақаның өкпесі күрделі, губка тәрізді болады.

Тасбақалар дымқыл тропикалық және ыстық шөлді жер-лерде тіршілік етеді. Қазір тасбақалардын, 183-ке жуық түрі белгілі.

1-отряд. ЖАСЫРЫН МОЙЫН ТАСБАҚАЛАР (СКУРТОDIRА)

Бұл отрядқа жататын тасбақалар мойынын “S” тәрізді етіп сауытының ішіне жиырып алады. Осыған байланысты олардың мойын омыртқаларының көлденең қанаттары жойылып кеткен, немесе нұсқасы ғана сақталған. Жамбас сүйектері дене сауыты-мен бірігіп кетпеген.

Құрлықта тіршілік ететін түрлерінің арқа жағы дөңес бола-

124

ды. Тасбақалар жер шарынык барлык, ыстық және қоңыржай ендіктеріне тараған. Шамамен 150-дей түрі бар.



Нағыз құрлықта тіршілік ететін түріне Орта Азия мен Қа-зақстанда кездесетін — дала тасбақасы (Теstudо һогsfiеldі) жатады. Бұл тасбақа құмды және далалы, аласа таулы жерлерде және оазистерде кездеседі. Еркектері кішірек болады да ұрғашылары ірі, олардың сауытының ұзындғы 25 сантиметрге'дейін жетеді. Тасбақалар қысқы ұйқыдан апрель айының бас кезінде оянады. Ұрғашылары апрель — май айларында құмды шұқырлап 2-ден 5-ке дейін жұмыртқа салады да үстін құммен жауып тастайды. Жұмыртқаның дамуы 70—80 күнге созылады. Пайда болған жас тасбақалардың бірқатары осы орнында қалып қыстап шығады. Ересек тасбақалар шөлдегі өсімдіктер күйіп кетіп, қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік болмағандықтан июнь айын-да кұмға еніп, қысқы ұйқыға кетеді. Көпшілік жағдайда жазғы ұйқы қысқы ұйқымен ұласып кетеді де құмды шөлдердегі тас-бақалар 7—8 ай ұйықтайтын болады.

СССР-дің Европалық бөлімінде, Қырымда және Кавказда батпақ тасбақасы (Еmуs огЬісиІагіs) тіршілік етеді. Батпақ тасбақасы ақпайтын, немесе жай ағатын суларда болады. Негізінен құрлықта тіршілік ететін омыртқасыздармен қоректенеді. Дем алуға ғана су жағалауларына шығады. Жұмыртқасын су жағалауларындағы құмға салады. Қысқы ұйқыға кетеді.

Өткен ғасырда Үнді және Тынық мұхиттың аралдарында, әсіресе Галапагосс аралында исполин тасбақалары тіршілік еткен.

1835 жылы осы аралдарда болған кезінде Ч. Дарвин бұл

гасбақаларды толық сипаттап жазған. Олар систематикалык

жағынан құрлықта тіршілік ететін тасбақаларға (Тезtиdо) жа-

қын болған. Көпшілікке белгілі піл тасбақасының (Теstиdо

рlорһапtориs) оның ұзындығы 2 м болады да салмағы 200 кило.грамға жетеді.

2-отряд. БҮЙІР МОИЫН ТАСБАҚАЛАР (РLЕURОDIRА)

Мойынын сауытының ішіне жиырғанда, ол оң немесе сол бү-йіріне қарай қисайып, басы қолтығына барып енеді. Сондықтан мойын омыртқаларының көлденең өсінділері және оған байланысты еттер жақсы дамыған. Екінші бір ерекшелігі — жамбасы құрсақ және арқа сауытымен қозғалмайтын болып бірігіп кеткен. Барлық түрлері Африкада, Австралияда және Оңтүстік Америкада суда тіршілік етеді.

Ориноко мен Амазонка өзендерінде сауытының, ұзындығы 80 см болатын — аррау (Роdоспоmіз ехрапsа) тіршілік етеді.

Мойыны ұзын, кейбір түрлерінде ол сауытының ішіне симай-

тын — жылан мойын (Сһеlуdіdае) тасбақаларда кездеседі. Олар Оңтүстік Американың тұщы суларында, Австралияда және Жаңа Гвинейде кездеседі. Ірі формаларының ұзындығы 1 метрге жететін, жануар текті тамақпен қоректенетін организмдер.

125


3-отряд. ТЕҢІЗ ТАСБАҚАЛАРЫ (СНЕLОNIIDАЕ)

Теңіз тасбақаларының аяқтары ескекке айналған. Саусак, және башпай сүйектері бірігіп қосылып, ұзын ескекке айналып кеткен. Буын болмайды. Басқа тасбақаларға қарағанда нашар дамыған. Кейбір түрлерінде ол жеке сүйек пластинкаларынан тұрады да омыртқамен, қабырғамен бірігіп кетпейді. Сауыты-ның нашар дамуымен байланысты басы мен аяғын онын, астына толық жасыра алмайды.

Нағыз өкілі—жасыл тасбақа (Сһеlопіа mуdаз), ірі, ұзынды-ғы бірнеше метр, салмағы 450 кг болатын жануар. Бұлар тропикалық теңіздерді мекендейді. Көбінесе жағалауларда, өзен сағасында тіршілік етеді. Балдырлармен және түрлі жануарлармен қоректенеді. Аралдардын, құмды жағалау-ларына жұмыртқа салады. Бір ұрғашысы 200-ге дейін жұмыртқа туады. Етінің қоректік сапасы жоғары болғандықтан жергілікті халық тамаққа пайдаланады.

Тропиктік теңіздердің жағалауларында бисса немесе каретта (Сһеlопіа іmЬгісаtа) деген түрі кездеседі. Оның сауытының ұзындығы 60—80 сантиметрге жетеді. Тек қана су жануарларымен қоректенеді. Каретталардың етін тамаққа сирек пайдаланады, бірақ сауытының әдемі мүйізді қабаты үшін аулайды. Мүйізді қабаттан әр түрлі бұйымдар (тарақ, пышақтың сабы) жасалады.

4-отряд ЖҰМСАҚ ТЕРІЛІ ТАСБАҚАЛАР (ТRIОNУСНОIDЕА)

Жұмсак, терілі тасбақалардың сауытында мүйізді пластинка-лар болмайды. Дене жабындысы жұмсақ, қыртысты, немесе бұдырлы тері тәрізді болады. Тері астындағы сүйекті сауыты нашар жетілген. Тек қана арқасындағы сауытының ортаңғы бөлімінде шеті шеміршекпен көмкерілген сүйекті пластинкасы болады. Олардың ұзын қозғалғыш тұмсығының ұшынан танау тесігі ашылады. Аяқтарында жүзу жарғақтары болады.

Жұмсақ терілі тасбакалар Африканың, Оңтүстік Азияның және солтүстік Американың тұщы суларын мекендейді. Қытай-да және Қиыр Шығыста уссуридің жұмсак, терілі тасбақасы (Аmуdо sіпепsіs) кездеседі.

РЕПТИЛИЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Алғашқы омыртқалы жануарлар девон дәуірінде пайда бол-ған. Олар саусақ қанатты балықтардың жақын тегі стегоцефалдар, немесе сауытты амфибилер еді. Олар көпшілік уақытын су қоймасында өткізген. Бірақ тіршілік еткен су қоймасы құрғап калған жағдайда жақын жердегі басқа су қоймасына жылжып

126


бара алатын және құрлықта бірсыпыра уақыт бола алатын қа-білеті болған. Олардың бір мезгіл құрлықта болуына тас көмір дәуірінің біркелкі' жылы, дымқыл ауа райы әсер еткен. Тас кө-мір дәуірінің соңғы кездерінде құрлықта ауа райы өзгерген. Тау пайда болу процестерінің көп болуы климаттың, сонымен қатар өсімдіктердің алмасуына себепші болған. Көпшілік жер-лерде климат құрғақшылық, континентальды болды. Өсімдік сабағындағы жылдық сақинаға қарағанда, қыс салқын болған. Осы кезде өзендермен, балшықтарда өсетін қырықбуын мен папортниктер жойылып, шөл далалар пайда болған. Сөйтіп, құрғақшылыққа төзімді қылқан жапырақты өсімдіктер мен саговниктер көбейе бастаған.

Стегоцефалдардың тіршілік етуіне бұл жағдай қолайсыз бо-ла бастайды. Құрғақшылық олардың денесін құрғатып, тері арқылы тыныс алуға кедергі жасайды және денесін құрғап ке-туден сақтап қала алмайды. Өйткені өкпесі нашар дамыған, ол “организмдегі газ алмасуды толық атқара алмайтын болған. Стегоцефалдардың көпшілігі Перм дәуіріне жетпей-ақ кұрып біткен. Жер бетіндегі тіршілік жағдайларының өзгеруі құрғақшылыққа әлде қайда төзімді жаңа белгілердің пайда болуына себепші болған. Сөйтіп, жануарлар құрлықта тіршілік етіп, көбеюге мүмкіндік алды.



Алғашқы рептилилер. Котилозаврлар — тас көмір дәуірінің үстіңгі қабатынан белгілі болған ертеде тіршілік еткен репти-лилер.

Мұның көптеген белгілері стегоцефалдарға жақын екенін көрсетеді. Мысалы, көпшілігінде сегізкөз омыртқасы біреу ғана,



23-сурет. Қотилозаврлар (1, 2, 3) және псевдозухи (4):



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет