С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет15/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
#1533
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Құтан тұқымдасы (Агdеidае). Құтандар туысына тұмсығы тік, әрі ұзын болатын біршама ірі құстар жатады. Тұмсығы екі жағынан қысыңқы және жиегінде ұсақ тісшелері болады. Көпшілігі топталып жүреді. Бұлар ұяларын ірі ағаштарға немесе қалың қамыстарра салады. Қоректері көбінесе балық-тар, амфибилер, шаян төрізділер және насекомдар. Оларды судан аулайды. Кэдімгі көк құтан (Агdеа сіпегеа) біздің фаунамызда орта және оңтүстік облыстарда көбірек кездеседі.

Үлкен ащ құтан (Еgгеtt аІhа) біршама назар аударарлық. Оның түсі жынысына, жасына және жыл маусымына қарамас-тан үнемі ақ түсті болады. Күй салтанаты кезінде арқасын қуа-лай құйрық қанатының үстіне дейін жалданып ұзын қауырсын-дар “эгретка” немесе “эспри” пайда болады. Бізде Европа-лық бөлімнің оңтүстігінде, Кавказда, оатүстік-батыс Сибирьде, бүкіл Орта Азия мен Қиыр Шығыстың қолайлы жерлерінде ұялайды.

Зиянды насекомдарды құртып, ауыл шаруашылығына аздап пайдасын тигізеді. '

165

5. Отряд. ҚАЗ ТӘРІЗДІЛЕР (АNSIRІFОRМЕS)



Бұл отрядқа ірі және орта үлкендікте болатын, ұзын мойын-ды, қысқа аяқты құстар жатады. Олардың саусақтары төртеу, оның үш саусағы денесінің алдына бағытталып, аралары тері жарғақтармен қосылған, Әдетте олардың тұмсығы жалпақ, үстіңгі жарынан төмен қарай қысыңқы келеді. Тұмсығының сырты жұқа терімен қапталран, тұмсығының ұшында мүйізді бөлімі болады, оны “тырнақша” деп атайды. Тұмсығының үстіңгі бөлімінің ішкі жағында мүйізді пластинкалары бар. Кейбір түрлерінде (крохалдарда) жақтарының жиектерінде мүйізді тісшелері болады. Жамылғы қауырсыны тығыз, қатты, шеткі қауырсындары болады. Құймышақ безі жақсы дамыған.

Еркектерінің шағылыс органы болады. Жылына бір рет жұ-мыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан балапандары ширақ болады. Қаз тәрізділердің бүкіл дүние жүзінде 200-дей түрі бар. Бізде олардың елуге тарта түрі кездеседі. Кәсіптік құстардың көпшілігі осы отрядқа жатады. Бұлардан үй құстарының көптеген түрлері шығарылған.



Аққулар тұқымдас тармағы (Суgпіпае). Бұл тұқымдас тар-мағына қаз тәрізділер отрядынын, ішіндегі ірі құстар жатады. Олардың мойындары 20—25 омыртқадан тұрады. Түсінде жы-ныстық диморфизмі жоқ. Бізде аққулардың үш түрі кездеседі, оның ішінде көбірек кездесетіндері: 1. Үншіл ақщулар (Суgпиз суgnus). Олардың тұмсығының үсті бүтіндей қара, тек қана ас-тыңғы бөлімі сарғылттау келеді. Мойынын әр уақытта тік ұстайды. Шиқылдауық аққу (Суgпиз оlог) түмсығы қызғылт, оның түп жағында қатты дөңесі бар; мойнын “5” тәрізді қалыпта ұстайды.

Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түк-пірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Еркектері ұяларының маңайларында жүреді, бірақ баладан басып шыға-руға катыспайды. Әрбір ұрғашысы жылына 3—5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 30—40 күн басады, Аққулар судың тайыз жерлершен қоректерін аулайды. Олар су өсімдіктерінің тамырын және жұмсақ түйіндерімен қоректенеді. Түлеу кезінде бірнешеуі бір жерге жиналады. Ол кезде олар ұша алмайды.

Бұлардың терісінен “қүс ішіктерін” жасайды.

Қаздар тұқымдас тармағы (Апsегіпае). Бүл тұқымдас тармағына нағыз қаздар жатады. Олардьщ мойыны денесімен салыстырғанда қысқарақ келеді, ал мойын омыртқаларының саны 21-ден артпайды. Жыныстық айырымы болмай-ды. Қаздар, әсіресе тундраға көбірек тараған. Бізде 11 түрі бар. Көбірек тараған түрі сұрқаз (Апsег апsег). Осы Кездегі қолда өсірілетін қаздардың көпшілігі, сұрқаздан келіп шыққан. Қы-тайда және шығыс Сибирьдің оңтүстігін мекендейтін құрғақ мұрын (Суgпорsіs суgпоіdез) деген түрі кездеседі. Осы кездегі

166

Қытайдың қазы деп аталатын үй қаздарының тегі осы кұрғақ мұрын қаздардан шыққан. Арктикада қараша қаздар (Вгаntа) және гуменниктер (Апsег fаЬаІіs) көп тараған.



Біздің қаздардың барлығы да — жыл құстар, ұяларын адам сирек кездесетін су қоймалары көп, батбақты және тоғайлы жерлерге салады. Қаздар суға қарағанда, құрғақ жерді көбірек мекендейтінін естен шығармау керек. Қаздар қоректерін жерден теріп жейді, ал су олар үшін ішуге, түлеу кезеңін өткізуге және тынығуға қажет. Қаздардың барлығы да жақсы жүзеді, нашар сүңгиді.

Ұяларын салуға еркегі де, ұрғашысы да қатысады, ал жұ-мыртқасын тек қана ұрғашысы басуы мүмкін. Еркегі ұяның маңайында жайылып жүреді немесе ішінде жұмыртқасы жоқ бос ұяда отырады. Қаздардың барлық түрі де 4—6 шамасын-дай жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 25—28 күн басады. Балапандары ұяларында бір тәуліктен артық болмайды, Жүндері құрғаған соң ата-аналарының соңынан еріп кетеді.

Қаздар тоғайлы жердің өсімдіктерінің жапырағымен, тамы-рымен, сабағымен және тұқымымен қоректенеді. Түлеген кезде бұлардың бірнеше жүздегені бір жерге жиналады. Түлегенде қанаттарының қауырсындары бір мезгілде түгелдей түсіп, жетіледі. Соның нәтижесінде, бұл уақытта қаздар ұшу қабілетінен мүлдем айрылады.

Қаздардың кәсіптік маңызы өте үлкен. Бұларды бізде Кас-пий теңізінің жағалауынан (қыста көбірек) аулайды. Еті дәмді, мамығы сапалы болады.

Ө з е н ү й р е к т е р і т ұ қ ы м д а с т а р м а ғ ы н а (Апаtі-пае) 80-ге жақын түрлер топтасады. Көпшілік түрінің жыныс-тық айырмасы бар. Еркегінің қанатының сыртында металдың жарқырауық түсіндей жалт-жұлт еткен түсі, артқы саусағының жіңішке тері жалпыншағы болады. Тұмсығы жіңішке және үсті көтеріңкі келеді.

Бұл тұқымдас тармағына: қоңыр үйрек (Апаз рlatуrhyпсһа), сұр үйрек (А. stерега), біз құйрық (А. асиfа), ұсақ шәрегейлер (Qиегgиеdиlа) т. б. жатады.

Бұл үйректер шөптесін, өсімдіктері мол суларды мекендейді. Қолайлы батпақты жерлерге де ұяларын салады. Шөбі жоқ те-рең суларға ұяламайды. Тайыз шөптесінді суларды мекен етіп, өсімдіктермен және су түбінің жануарларымен қоректенеді. Қорегінің көпшілігі өсімдік.

Ұяларын көбінде жерге және кейбір кезде ағаштарға, онда-ғьі басқа құстардың ұяларына немесе ағаштың қуыстарына да салады. Қоңыр үйрек 6—14, сұр үйрек 7—13, бізтұмсық 6—12 жұмыртқа салады, жұмыртқа басу мерзімі 24—28 күн. Көбінесе бізде Каспий теңізінде қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы үлкен.

167

С ү ңг у і р ү й р е к т е р т ұ қ ы м д а с т а р м а ғ ы (ҒиІі-



guligae.

Сүңгуірлер дене мөлшері әр түрлі болатын тұмсығы жалпақ, тұмсығының ұшында жіңішке қатты тырнақшасы бар құстар. Артқы саусағының тері қатпары басқа үйректерден гөрі жалпағырақ. Бұлардың түсі кәдімгі үйректерге қарағанда сол-ғындау келеді. Бұл тұқымдас тармағына түрлі сүңгуір үйрек-тер: қызылбасты сүңгуір (Nугоса fегіпа), айдарлы чернеть (Nугоса fulіgиlа, гоголь (Висерһаlа сіапgиlа), түрпан (Оіdеmіа fизса), гаганың (Sоmаtегіа) бірнеше түрлері жатады.

Бұл үйректердің көпшілік түрлері солтүстік ендікте тараған. Өзен үйректерінен бұлардың өзгешелігі суы терең, өсімдігі азырақ суларда, теңіздерде көбірек кездеседі. Бұлардың барлығы да жақсы сүңгіп, күндіз коректенеді. Қоректерін судың терең жерінен іздейді. Су ішінде тез қоғалып жүретін ұсақ жануарларды ұстап жейді.

Ұяларын салғанда сүңгуірлердің бірнешеуі бірігіп жерге, кейбір түрлері (гогольдер) ағаштардың қуысына салады. Қыс-таған және түлеген кезде бірнешеуі бірігіп топталып жүреді. Еті кәдімгі үйректердің етінен қатты, нашар исі болса да, олардың көпшілігінін, кәсіптік маңызы бар.

Гагалар орташа үйрекпен, майда қаздың үлкендігіндей. Ер-кектері шағылысу кезінде ашық түсті келеді. Ұрғашыларының түсі біркелкі қоңыр-бурыл түсті болады. Жыл маусымына бай-ланысты және ересек болған сайын жыныс диморфизмінің өзгергенін де жақсы байқауға болады. Барлық түрі де солтүстікте мекен етеді. Біздің елімізде гагалардың төрт түрі кездеседі. Бұлардың ішінде кэдімгі гага (Sотаtегіа тоllіssіmа) назар аударарлық. Олар поляр шеңберіндегі тундра кеңістігінде, негізінен теңіздердің жиегінде көбірек кездеседі, ал ағашты тундраны сирек мекендейді.

Гагалардың басқа түрлері, Арктика теңіздерінің немесе Ты-нық мұхиттың солтүстік бөлімдерінде мекен етеді. Гагалар қысқа қарай ұя салатын жерлерінен тым алыс емес жерлерге, теңіздің батыс, немесе шығыс жағалауын жағалап отырып, суы қатпайтын жерлерге қарай ұшады. Кәдімгі гагалар ұяларын судың тасты жағалауларына салады. Басқа гагалар тундра батпақтарына да ұялайды. Ұяларында 3 — 8 жұмыртқасы болады, жұмыртқаларын басу мерзімі 28 күн. Тек қана кәдімгі гагалар ұялайтын кезінде ғана бірнешеуі бірігіп топтанып жүреді, ал басқа гагалар ұя салатын кезінде де жеке-жеке жүреді. Гагалардың барлығыда ұяларының түбіне, өзінің бауырындағы мамығынан жұлып жұмсақ төсеніш жасайды. Ұрғашылары ұясынан басқа жаққа кеткенде мамықтарымен жұмыртқалардың бетін жауып кетеді. Бұл мамық өте бағалы болып саналады. Ол жылы, жеңіл және ұзаққа шыдайды, ұйысып қалмайды. Мұндай мамық бір ұяда 18 — 21 г шамасында болады.

168

Гагалар адамға тез үйір болатын сенгіш құс. Гагалар сол жуас мінезді болуының себебінен, адам мекен еткен жерлерге ұяларын салады, ал адам олардың мамығын сол маңнан жинап алып пайдаланады.



Крохалдер (Мегgіпае) тұқымдас тармағы жіңішке қармақ тәрізді тұмсығының болуымен сипатталады. Олардың тұмсығының жиегінде мүйізді тісшелері болады. Крохалдер балықтар-мен қоректенеді.

6. Отряд. КҮНДІЗП ЖЫРГҚЫШТАР (ҒАLСОNNІҒОRMЕS)

Бұлардың үлкендіктері мен жалпы тұлғасы әр түрлі болып, тұмсықтарының ұшы төмен қарай қармақ тәрізді иілген, оның түп жағында сарғылттау түсті сағызсымақ деп аталатын жала-ңаш терілі бөлімі болатын кұстар. Тырнақтары түрліше иілген. Қауырсындары тығыз. Жемсаулары жақсы дамыған. Бұлар-дың етті қарны нашар айқындалған. Балапандары жұмыртқа-дан шыққанда көздері ашық, денесі мамық қауырсынмен қапталып тұрады. Олар баяу жетіледі, сондықтан көп уақытқа дейін ұясында болады, яғни әлсіз, қызыл шақа балапан шығаратын құстарға жақын организмдер. Екі отряд тармағына бөлінеді.

А м е р и к а қ ұ м а й л а р ы о т р я д т а р м а ғ ы (Саtһаг-tае) Бұлар Оңтүстік Америкаға және Солтүстік Американың оң-түстігіне тараған, өз алдына ерекшеліктері бар азғана жырт-қыш құстар болып табылады. Олар жер бетінде жақсы жүгіреді, қорегін көбінесе иіс мүшелерінін, жәрдемімен іздеп табады. Төменгі көмекейінің дыбыс бұлшық еттері болмайды, сондықтан да бұл құстар мылқау үнсіз, кеңсірік перделері болмайтын құстар. Тіршілік етуіне қарағанда біздің таз қараларға ұқсайды, көпшілігінде бұлар өлекселермен және майда омыртқалылармен қоректенеді. Олардың мойны жалаңаш, қауырсыны болмайды. Өлекселермен қоректенудің салдарынан бірнеше түрлері тауларда және далаларда, кейде тоғайларда да мекендейді. Бұлардың бір түрі кондор (Sигсогаmрһиз gрурһиs) деп аталады.

Қ а л ы п т ы ж ы р т қ ы ш қ ұ с т а р о т р я д т а р м а ғ ы (Ғаlсопеs). Осы отряд тармағына жататын жыртқыш құстардың барлығын қосып келгенде екі тұқымдасқа бөлінеді: сұнқарлар және қырғи тәрізділер.

С ұ ң қ а р л а р т ұ қ ы м д а с ы н а (Ғаlсопіdае) — орташа және ұсақ құстар жатады. Астыңғы жағының езуіне жақын же-рінде өткір қайшы сияқты тісшелері болады. Бұлардың қанаттары ұзын және ұшты келеді.

Ірі сұңқарлардың түрлері: лашын (Fаlсо регеgгіпиs), шұбар сұңқар (Ғаісо gиrfаtсо) сирек кездесетін құстар. Негізінен бұлар

169


құстарды ауада ұшып бара жатқанда кағып жейді, бұл сұңқар-лар шапшаң ұшады. Олар ұяларын ағаштың басына, жарларға, жыраларға салады. Пайдалы кұстарды қырып, кейбір жерлерде зиянын тигізеді. Ірі сұңқарларды адам қолға үйретіп, басқа құстарды аулайды.

Ұ с а қ с ұ ң қ а р л а р д ы ң т ү р л е р і: күйкентай (Ғаісо vеsреrіпеs), тұрымтай (Ғаlсо соІumЬагіиs), бөктергі (Ғаісо tіnсиlиs). Бұлар негізінен ашық жерлерді мекен етеді. Ұяларын ағаштың басына, тастардың арасына, жартастарға, жыраларға салады. Ұшу шапшаңдықтары жоғарыда көрсет-ілген түрлерден бәсең. Жемдерін ұшып жүріп те, жерден де ұстап жейді. Тышқан сияқты кемірушілермен, насекомдармен, кейде құстармен де қоректенеді. Ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына пайдалы құстар.

Қ ы рғ и т ә р і з д і л е р тұқымдасы (Апgиіlіdае). Бұлардың тұмсығының езуінде қайшы сияқты өткір тісшесі болмайтын қанаттары қыскарақ және моқалдау келетін жыртқыштар. Біздегі бүркіттер тұқымдасы мына топтарға жіктеледі: оларға қырғи (Ассіріtег gепitаІіs), қаршыға (Ассіріtег піsиs) жатады. Олардың да қанаттары қысқарақ және моқалдау келеді. Құйрығы денесімен салыстырғанда ұзын болады. Олар орман құстары. Ағаш арасында шапшаң ұшуға икемделген. Бұлар құстармен, оның ішінде үй кұстарымен қоректеніп, шаруашы-лыққа зиянын тигізеді.

Қ ұ л а д ы н д а р (Сігсиs суапеиs). Бұлардың құйрықтары және аяқтары ұзын болады. Құладындар үш топқа бөлінеді: беткей құладыны (Сігсиs суапеиs), дала құладыны (С. тасгои-гиs) және саз құладыны (С. аегиgіпоsиs). Олар тундрадан бас-қа жердің барлығында да болады және ашық жерлерді мекен етеді. Бұлар жемін жер бауырлап қалықтап ұшып жүріп, жер-дегі шөптердің арасындағы ұсақ омыртқалыларды қағып ұстап, қоректенеді. Көпшілік түрі пайдалы.



Кезқұйрықтардың (Міlvиs kогsсһип, М.mіlvиs) құйрығы екі айыр болады. Әдетге өзен, көлдердің маңайында мекен етеді. Бұлар қалықтап ұшады. Жалпы алғанда кезқұйрықтар пайда-лы қүстар болып есептеледі. Олар кемірушілермен, саршұнақ-тармен, құстармен, балықтармен және насекомдармен қоректенеді.

Бүркіттердің басқа құстардан бір ерекшеліктері, саусақта-рына дейін қауырсынмен қапталған. Қанаттары жалпақ және моқал келеді. Олар шапшаң, бірақ салмақты үшады. Бізде бестен артығырақ түрі бар. Олардың ішінде көбірек тараған түрлері орманда мекен ететін бүркіт (Аgиіlа сһгузаеtоs), оңтүстіктегі далалы жерді мекен ететін қыран — қара бүркіт (Апgиіlа піраІепsіs) және орманды ендікте мекен етуші шаңқылдауық бүркіт (Апgиіlа сlапgа) немесе тау қыраны т. б.

170

Қыран — қарадан басқасы ағаштарға, немесе жарлардың қуысына ұяларын салады. Қыран-қара ұясын жерге, немесе бұталарға салады. Ұяларында 1—3 жұмыртқа болады. Инкубация мерзімі 40—45 күнге созылады. Жемдерін қалықтап үшып жүріп көріп, кенеттен шабуыл жасап ұстайды. Кейде өлекселермен де қоректенеді. Олар негізінен тышқан тәрізді кемірушілермен, саршұнақтармен, құстармен, насекомдармен қоректенеді.



Әсіресе қыран-қара пайдалы, олар ауыл шаруашылығына зиянын тигізетін насекомдар мен кемірушілерді жейді. Бүркіт-терді адам қолға үйретіп түлкі, қасқыр, ақбөкендерді және дуадақтарды аулауға пайдаланады.

Ж а м а н с а р ы н е м е с е а қ с а р ы (Виtео), Олар бүркіттерге жақын, бірақ кішірек және қауырсыны саусақ-тарына дейін қаптап тұрмайды. Бізде кэдімгі жамансары (Вutео Ьutео) кездеседі. Олар ұяларын ағаштарға салады. Басқа түрлері жер үстіне, әдетте өзендердің жағалауларына, тастың қуыстарына салады. Ұясында 2—4 жұмыртқа болады. Жұмыртқаны басу мерзімі бір айға жуық.

Ақсарылар жемдерін аңдығанда ауада қалықтап ұшып, не-месе биігірек жерге шығып отырып, жасырынып барып ұстайды.

Ақсары өте пайдалы құс. Олар ауыл шаруашылығына зиян-ды кемірушілермен, насекомдармен қоректенеді. Пайдасын жете білмей жыртқыш құстарды атқанда ақсарыларды да атып жіберушілер кездеседі.

Қ ұ м а й л а р д ы ң барлығы — ірі құстар. Басында және мойнында қауырсындары болмайтындығы арқылы айыруға болады. Тырнақтары моқал, тұмсығы төмен қарай иілген. Биологиялық ерекшелігі, олар бірыңғай өлекселермен қоректенеді. Негізгі түрлері: сип (Gурs fulvиs), қозықұмай (Gираёtиs ЬагЬаtиs) және қара құмайлар (Аеgуріиsтопасһиs) болып есептеледі. Бұлар көбінде таулы жерлерді мекендейді. Ұяларын ағаштарға және жартастарға салады. Қейбір түрлері (сип) топталып жүріп ұялайды. Ұяларында 1—2 жұмыртқа болады, ал жұмыртқасын басу 55 күнге созылады.Сөздерінің өте жақсы көруі нәтижесінде, ауада қалықтап ұшып жүріп жемдерін тауып жейді. Пайдалы құстар. Қозықұмайлар тұяқты жануарларды жеп зиянын тигізеді. Бірақ бұлар өте сирек кездесетін құстар, сондықтан олардың зияны оншама көп емес.

7. Отряд. ТАУЫҚ ТӘРІЗДІЛЕР (GАLLIРОRМЕS)

Тауық тәрізділер барлық жерлерге тараған. Олардың дене-лері тығыз, қанаттары қысқарақ, ұштары дөңгеленіп біткен. Бұлардың табандары күшті, төрт саусақты, тырнақтары жуан және ұзын, аздап ішіне қарай иілген, тырнақтары жерді қазуға бейімделген. Көпшілік түлері — полигамдар, ұрпақтарына камқорлықты ұрғашылары ғана атқарады. Балапандары жұ-

171


мыртқадан шығысымен ата-анасына еріп кетеді. Бұлар өзге отрядтармен салыстырғанда жұмыртқаны көп салады. Көпшілігінің кәсіптік, экономикалық маңызы үлкен. Олардан қолда асырайтын көптеген үй құстарының түрлері шырарылған.

Ш ө п ш е к т а у ы қ т а р т ұ қ ы м д а с ы (Меgіипіdае). Тынық мұхиттың аралдарында, Австралияда тіршілік етеді. Бұлардың жұмыртқасы ірі болады, оны шіріген шөптесіндердің арасына қазып салады. Жұмыртқаларынан күннің жылуымен, шіріген көннің қызуының әсерінен балапан шығады.

Қ ы р ғ а у ы л д а р т ұ қ ы м д а с ы (Рһаsіапіdае). Бұлар оңтүстік және қоңыржай ендіктерге көбірек тараған. Аяқтарының саусақтары қауырсынсыз, еркектерінің аяғында үлкен тепкілері болады. Саусақтарында мүйізденген ірі қабыршақтары болмайды. Бұларға жататындар: Солтүстік Америка күрке тауығы (Меlеаgгіs gаIIораvо) ол осы кездегі үйде асыралатын күрке тауықтардың арғы тегі, африка цесаркасы (Міmida mеlеаgгіs), үнді павлиндары (Раvо сгіstatиз), Индияның жабайы тауықтары. Олардың ішіндегі айрықша маңызы бары банкив немесе бута қызыл тауықтары (Gаlиs gаlиs). Бұта тауығынан үй тауықтары шыққан. Бұл тұқымдасқа қырғауылдар, бөденелер, кекіліктер т. б. жатады.

Б ө д е н е (Соtигпіх соtигпіх) тауық тәрізділер отрядының ішіндегі — ең кішісі, салмағы 100—120 г болады. Бұлар — жыл құсы. Біздін, бөдене Индияда, Африкада, ал бір азғанасы оңтүстік Европада және Закавказьеде қыстап шығады. Олар көбінесе ашық жерде, далада, тоғайлықта мекендейді. 12—15 кейде 20-ға дейін жұмыртка туады. Жұмыртқасынан шамамен 21 күннен кейін балапан шығады. Олар түрлі ұсақ омыртқасыздармен, өсімдіктермен, олардың жемістерімен және дәндерімен қоректенеді. Күзге қарай өте қатты семіреді, Қырым, Кавказ жерлеріне қайта ұшқан уақытта оларды көп аулап ұстайды.

Ш і л (Реrdіх регdіх). Бұлардың салмағы 400—500 г болатын кішірек құс, түсі қоңыр-сұр, еркегі де, ұрғашысы да бір түсті болады. Біздін, елімізде терістік тайгаға дейін кең тараған. Соңғы жүз жылдың ішінде, ағаштарды кесу және жерді жырту-дың салдарынан, шілдер солтүстікке қарай ауысқан. Кәсіптік маңызы бар құстардан кекіліктің ерекшелігі, бұлар адамның өңдеген, жерлерінде жақсы мекен ете алады. Таза жер бетінің құсы. Ұяларын шұңқырларға жасап, түбіне жұмсақ, құрғақшөп және қауырсындарын төсейді, 12—26 'жұмыртқа туады да, оны 21 күн басады. Етінің дәмді болуы, өсімталдығы, қыстақтардың маңайына мекендеуі құс аулау шаруашылығы үшін өте тиімді болады.

Кекілік (Аlесtогіs gгаеса) шілдерден көрі ірірек, салмағы 450—700 г болады. Бізде Қавказдың, Орта Азияның, Алтай-дың таулы аймақтарында бір түрі кездеседі. Жақында бұлар Қырымда жерсіндірілген.

172

Кавказдың, Қазақстанның, Орта Азияның, Алтайдың таула-рында тау күрке тауығы деп қате аталатын ұларлар (Теtгао gаllиs) мекен етеді. Еркегінің салмағы 3 кг, ұрғашысы 2 кг бо-ады. Еркегі мен ұрғашысын түсіне қарап ажыратып болмайды.



Қырғауылдар негізінен оңтүстік Азияға тараған. Бізде кәдімгі қырғауыл (Рһаsіапиs соlсһісиs) деген түрі мекендейді. Ер-кегінің түсі айқын ашық, ал ұрғашысы сұрғылт түсті болады.

Советтер Одағында Еділдің құйылысында, Кавказда, Орта Азияда, Қазақстанда, Қиыр Шығыста, Приморье өлкесінің он,-түстік бөліміне тараған. Қырғауыл негізінен жер бетінің құсы. Қалың қамыста, бұталы тоғайда, қалың орманда мекендейді. Олар ұясын жерге салады, негізінен қорегін жерден теріп жей-ді. Сондықтан да қары қалың жерлерде, тіршілік ете алмайды. Өсімдік дәндерімен, жемістермен және насекомдармен қоректенеді.

Қырғауылдар жерге төгілген астықтардың дәндерін теріп жейтін, болғандықтан егін шаруашылығына зиянсыз. Бұл пай-далы құсты ағаш еккен далаларымызға көп етіп жерсіндірудің маңызы үлкен.

Б ұ лд ы р ы қ т ұ қ ы м д а с ы (Теtгаопіdае). Бұлар солтүс-тік және қоңыржай аймақтарда кездеседі. Қары көп және суық жерлерде мекендеулеріне байланысты, олар көпшілігінде ағаштарда тіршілік етеді. Қысты күні қатып тұрған бұтақтардан мықтап ұстайтын саусақтарында мүйізді қатты тісшелері болады. Балақтары азды-көпті қауырсынды. Тепкілері жоқ. Танауы қауырсындармен жабылған.

Тундрада, тайгада және Сибирьдің ағашты даласында ақ кекілік'(Lаgориs Іаdориs) деген түрі тіршілік етеді. Оның үлкендігі көгершіндей (салмағы 500—850 г), жазда қоңыр-қызғылт, ал қыста ақ түсті болады. Олар мүкті батбақтарда, қалың бұталарда мекендейді. Жемістермен, дәндермен, насекомдармен, ал қыста тек қана тал және қайыңның бүрлерімен қоректенеді. Қатты қоректерін ұсақтау үшін майда тастарды жұтады. Ұяларын жерге салады. Ұяларында 6—16 жұмыртқа болады. Инкубация мерзімі 23 күнге созылады. Кәсіптік құс. Арктикалық тундрада — тундра кекілігі (Lаgориs тиtиs) деген түрі кезде-

седі.


Бұлдырық (Lигигиs tеtгіх) үй тауығының үлкендігіндей бо-лады. Еркегі қара түсті, ұрғашысы қоңыр-қызғылт болады. Бізде бұлар ағашты және ағашты далалы жерлерде мекендейді. Бұлдырықтар — бұталы, маңайында ашық жерлері бар тоғайларда көбірек кездеседі. Бұлдырық қыста жерге қонақтап, күндіз ағаштың арасында болады. Жазда жерде тіршілік етеді.

Ұясын жерге салады. Ұясында 4—12-ге дейін жұмыртқасы болады. Оны 23 күн басып, балапан шығарады. Балапанына тек қана ұрғашысы қамқорлық етеді. Күзге қарай топтанып жайылады.



173

Жазда көк өсімдіктермен, жемістермен және насекомдар-мен қоректенеді. Бұлдырықтар күзде ағашы жоқ далада да кездеседі. Қоректік затпен бірге ұсақ тастарды да жұтады. Бұлдырық қар түскен соң негізінен қайыңның және басқа өсімдіктердің жемісімен, бүршіктерімен қоректенеді. '

Бұлдырықтардың жұтқан ұсақ тастарының маңызы үлкен. Жас бұлдырықтар ұсақ тастарды, өзінің бірінші тіршілік ете бастаған күнінен бастап, теріп жей бастайды. Жыл мерзімінің өзгеруіне байланысты, бұлдырықтардың қарнындағы тастардың саны да өзгеріп отырады (15 г). Қыстың аяғында қарнындағы ұсақ тастардың да саны азаяды. Қыстың аяқ кезінде тастар үйкеліп мүжілудің, қимен бірге түсіп қалудың нәтижесінде ол азайып кетеді. Бұлдырықтардың құс аулау кәсібіндегі маңызы үлкен.

Меңіреу құрлар бұл тұқымдастың ішіндегі ең ірісі. Бізде кә-дімгі меңіреу құр (Теtгао игоgаllиs) көбірек тараған. Еркегінің салмағы 3—5,5 кг, ұрғашысының салмағы — 2—3,5 кг болады.

Меңіреу құр — құс аулау кәсібінде маңызды орын алады.

Шұбар құр (Теігаstеs Ьопаsіа) — құр тұқымдастарының ең ұсағы, салмағы 400 е болады. СССР-де батыс шекарадан, Қолыма өзеніне және Сахалинге дейін, орманды ендіктерде кең тараған. Бұлар Кавказдың, және Камчатканың ормандарында болмайды. Шұбар құр — ағашты жердің тұрақты құсы.

Шұбар құрлар ұяларын бұталардың түбінде шұңқырлап са-лып, құрғақ шөптер, жапырақтар төсейді. Ұяларында 6—14 жұмыртқалары болады, оны басу мерзімі үш аптаға созылады. Балапандары жұмыртқадан шыққаннан соң бірнеше.сағаттан кейін анасының артынан ілесіп кетеді. Еркектері ұя салу, балапандарын тәрбиелеуге қатыспайды.

Шұбар құр негізінен өсімдік тектес заттармен қоректенеді. Жазда өсімдіктің жас сабақтарымен, жемістерімен және насе-комдармен қоректенеді. Бұл кезде қоректерін жерден теріп жейді, ал қыста емен мен қайыңның бүрлерін жейді.

СССР-де құс аулау кәсібінде шұбар құрлар бірінші орын алады. Оларды түрлі тұзақ арқылы ұстап, мылтықпен атып ау-лайды.

8. Отряд. ТЫРНАЛАР (GRUIFОRКМЕS)

Тырналар — ірі, мойны, аяқтары және тұмсығы ұзын, ал құйрығы қысқа, жақсы жүгіретін құстар. Көпшілік түрлерінің ұзын кеңірдегі, төс қырының маңайында бірнеше түйін құрайды. Осы кеңірдегіндегі түйіндердің әсерінен, олар күшті дыбыстар шығарады.

Бұлар далалы және батпақты жердің барлығында да кезде-седі. Бізде тырналар (Gгuіdае) деген тұқымдасының бірнеше түрі белгілі. Оның ішінде жиірек кездесетіні сұр тырна (Gгиs dгиs). Бұл ұзындыры 120 см салмағы 6 кг-дай ірі құс. Тундра мен биік

174

таулардан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. ¥я-яарын тоғайлы батпақтарға, өзен жағалауларына, кейде дала-ларға, адам бара алмайтын жерлерге салады. Ұясын жерге салады. Ұясында 2—3 жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын еркегі мен ұрғашысы кезектесіп басады. Жұмыртқадан балапандары щирақ болып шығады. Тырналар өсімдік тамырларымен, құрттармен, насекомдармен, бақалармен, рептилермен, тышқандармен қоректенеді. Жаздың соңғы кездерінде топтанып астық далаларына барып, шаруа-шылыққа аздап зиянын тигізеді. Оңтүстіктің далалы аудандарында кіші тырна, немесе ақбас тырна (Grus virgo) дейтін түрі ұялайды. Мұның салмағы 2,5 кг болады. Сибирьде, Қазақстанда ақ тырна немесе стрех (G. Іеисоgегапиs) деген түрі мекен етеді. Тырналардың барлығы да жыл құстары, Оңтүстік Азияда және Африкада қыстап шығады. Бұлардың кәсіптік маңызы шамалы.



9. Отряд. СУТАРТАРЛЫҚТАР (RАLLIFОRМЕS)

Батпақты тоғайлы, кейде сулы жерлерді мекен ететін кіші және орта үлкендікте болатын құстар. Олардың тұмсықтары сүйір, өтпелі танау тесіктері болады. Қанаттары кысқа, моқал келеді. Бұл құстар нашар ұшады, өсімдігі қалың жерлерде жақсы қозғалады. Ұяларын жерге немесе жапырылған қалың шөптердің үстіне салады. Ұясында 3—12 жұмыртқа болады. Балапандары ширақ, оларды асырауға ата-анасы бірдей қызмет етеді. Олар омыртқасыздармен, өсімдіктің жұмсақ жапырақтарымен, тұқымдармен қоректенеді. Кейбір түрлері қорегін кешке, түнге қарай іздейді Бұлар өте көп тараған құстар, біздін, фаунамызда он шақты түрі кездеседі. Қалың шөптің арасында жасырынып жүретін салмағы 200 г болатын тартар (Сгех сгех) деген түрі болады. Шөпті батпақта жүретін, батпақты жердің тауықтары деп аталатын түрлері кездеседі: су тауығы (Рогzапа рогzапа, сутартар, немесе цамыс тауыгы (Gаllіпиlа сһlогриs) т. б. Көлдердің жағасында, қалың шөптің арасында, салмағы 1 кг-дай қасқалдақ (Ғиlіса аtга) деген түрі кездеседі. Қасқалдақтар жақсы жүзеді, қауіп төне қалса сүңгіп кетеді. Осы қасқалдақтардың ғана кәсіптік маңызы бар.

10. Отряд. ДУАДАҚТАР (ОТІDІРОRМЕS)

Пішіні тауықтарға ұқсас, ірі құстар. Бұлардың мойыны мен саусақтарының ұзындығы орташа. Үш саусақты, қысқа тұмсықты құстар. Жер шарыньщ шығыс бөлімінің далалы және шөлді жерлерін мекен етеді. Құрғақ ортада тіршілік ететін болғандықтан, құймышақ безі болмайды. Еркектерінде жұтқыншарымен жалғасатын тері қалташығы болады, ол дыбысты күшейтіп шығаруға қатысады. Біздің фаунада үш түрі кездеседі. Көбірек та-

175

раған түрі дуадақ (Otis tагdа). Салмағы 16 кг-дай болатын ірі құс. Ашық даланы мекен етеді. Ұяларын бозды, түрлі шөпті далаға, кейде егіндікке де салады. Жазғытұрым қосарланып жүреді. Жұмыртқаларын тек қана ұрғашысы басады, Ұясында 2-6 жұмыртқа болады. Инкубация 30 күнге жетеді. Жұмыртқада шыққан балапандары ширақ келеді. Жұмыртқа салмайтын уйқытта топтанып жүреді. Жыл құстарын топтанып жүрген кезінде аулайды.



Жыртылмаған тың жерлерде үлкендігі тауықтай безгелдек (Оtіз tеtгах) деген дуадақтардың бір түрі мекендейді. Биологиясы жөнінен дуадақтарға жақын, бірақ жыртылған жерде кездеспейді. Закавказьеде, Индияда, Африкада қыстайды. Аз болғандықтан кәсіптік маңызы шамалы.

ll Отряд. БАЛШЫҚШЫЛАР (СНАRАDРІFОRМЕS)

Бұлардын, көпшілігінің аяғы және тұмсығы ұзын келеді. Қа-наттары үшкір, құйрығы қысқа болады. Дене мөлшерлері орташа және кіші болатын құстар деуге болады. Бұлар әдетте су жағасында батпақты жерде, кейде далада кездеседі. Балшықшылар ұясын жерге салады. Балшықшы деген түрі ұясын ағашқа салады. Ұясында 4 жұмыртқа болады, балапандары жүмыртқадан шыққанда ширақ келеді. Отрядтың 200-ге жуық түрі бел-гілі, бізде оның 50-ден аса түрі кездеседі.

Р ж а н к ы л а р т ұ қ ы м д а с ы (Сһагаdrііdае). Бұларға дене мөлшері орташа балшықшылар жатады. Олардың тұмсығы түзу, бірақ қысқа ұшы катты мүйізді болады. Аяғы ұзындау келеді, артқы саусағы кішкене немесе тіпті болмайды. Кейбір түрлері тундраны және солүстік ағашты аудандарды мекен етеді. Мысалы, түлес (Sqиаtагоlа sqиаtагоlа), алтын түсті ржанка (Сһагаdгius аргісагіиs) т. б. Олар батбақты мүкті тундраларда, өзен және көлдердің тайыз жерлерінде сирек кездеседі. Ұясын саларда жұп құрап, ал балапандарын шығарған соң бірнешеуі бірігіп жүреді.

Қызғыштар бізде кең тараған. Желкесінде айдары бар, денесінің сырты қара, кеудесі және екі бүйірі ақ кәдімгі қызғыш (Vапеllиs сгіstаtus) жиі көзге түседі. Бұлардың үлкендігі кішігірім көгершіндей болады. Олар СССР-де тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұясын топтанып жүріп батбақты және сазды көгал жерлерге салады.

Т а у қ ұ д р е т т е р т ұ қ ы м д а с ы (SсоІорасіdае). Бұл балшықшылардың ұзын және көпшілігінде жұмсақ терілі тұмсығы болады. Аяқтары әдетте ұзын және төрт саусақты келеді. Отрядтың көпшілік түрі осы туысқа жатады. Төменде бұлардың кейбіреулеріне тоқталамыз.

Кәсіптік маңызы бар ірі, к р о н ш н е п деген балшықшылар-дың тұмсығы орақ тәрізді иілген аяғында ұзын төрт саусағы бо-

176


лады. Біздің жерімізде бұлардың 4 түрі ұялайды. Далалы жер-лерге өзен жағалауларына, батпақты жерлерге ұялайтын үлкен ! кроншнеп (Nиmепius агqиаtа) жui кездеседі. Олар Закавказьеде, Индияда және Африкада қыстайды.

Веретенник (Limоsа fіmоsа) деген түрінің тұмсығы ұзын, тү-зу, ұшы қатты мүйізденген, аздап жалпақтау болады. Бұлар ірі балшықшы деп есептеледі. СССР-дің Европалық бөлімі мен Сибирьде көбірек тараған. Шөпті, батпақты жерге ұя салады. Балапан басып шығаруға еркегі мен ұрғашысы да қатысады.

Турухтан (Рһіlотасһиs риgпах) деген балшықшының еркегі-нің мойнында, жазғытұрым “күй салтанаты” кезінде ашық түсті “жаға” пайда болады. Басқа балшықшылардан тағы бір ерекшелігі — бұлардың еркектері бүкіл шағылысу кезінде бір-нешеуі бір жерде топтанып жүреді. Ұясын батпақгы жерлерге жеке жүріп немесе бірнешеуі бірігіп бір жерге салады. СССР-дің барлық жеріне де тараған Күзде және қыста ауланады.

Песочниктер (Егоlіа) деген балшықшы кішірек келген, тұм-сығының ұзындығы орташа, көбінесе тузу, аяқтары аса ұзын болмайтын, төрт саусақты, саусағының арасында тері жарғағы болмайтын құстар. Ұрғашылары еркектерінен үлкенірек келеді. Тайганың солтүстік батпақты бөлімі мен тундраға көбірек тараған. Ұя салатын кезде топтанбайды, қыста және қайту кезінде топтанып жүреді.

Бұларды қыстағында және өрісіне ұшқанда аулауға болады. Бізде кездесетін түрлері: қаражемсаулы балшықшы (Егоlіа аl-ріпа), балшықшы торғайлар (Е. mіпиtа).



Жылқышы (Sсоlорах rиstісоlа) біздегі балшықшылардың ең ірісі, салмағы 300—400 г СССР-дің солтүстік ендігінен басқа, орманды жерлердің барлығында ұялайды. Оңтүстік Азияда және Оңтүстік Европаның біраз жерінде қыстап шығады. Бізде Қавказда, Қырымда, Түркменияда кездеседі. Жылқышылар жазғытұрым шағылысар алдында “күй ойнақ” жасайды. Олардың “күй ойнағын” “тяга” деп атайды. Жылқышының еркектері күн батқан соң ағашты жердің ашық аландарында ерекше дыбыс шығарып ұшады. Кейбір кезде ұрғашылары да еркектері сияқты ұшады, бірақ даусы шықпайды немесе еркектерінің дауысынан өзгеше дыбыс шығарады. Жылқышыларға жататын дупел мен тауқұдыреттер туыстық жағынан жақын, бірақ бұлар ормандарда болмайды. Сазды шабындықта немесе шөптесін батбақты жерлерде болады. Оларда жылқышылардың қыстаған жерлеріне қыстайды.

12. Отряд. ШАҒАЛАЛАР (LАRІFОRMЕS)

Шағалалардың денесі тұрықты, қанаты ұзын сүйір келеді. Тұмсығының ұшы ептеп төмен қарай иілген немесе түзу болады. Суда жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды. Олардың, аяғы қысқа көбінесе төрт саусақты болады. Алдыңғы үш саусағының арасы тері жарғақпен жалғасқан. Шағалалардың қауырсыны қалың,

177


майда мамықтары көп болады. Дене мөлшері түрліше: ең кішісі қара торғайдай, ал үлкені кішігірім қаздай болады.

Шағала тәрізділердің барлығы да қорегін ауада ұшып жүріп аулайды. Олар жақсы ұшады, бірақ сүңги алмайды. Көпшілігі қорегін судан табады, ал енді біреулері қорегін іздеп бірнеше шақырым жерге ұшып кетеді. Олар бүкіл жер шарына таралған құстар.

П о м о р н и к т е р т ұ қ ы м д а с ы (Stегсогагііdае) шағалалар отрядының ішіндегі орташа үлкендіктегі құс. Түсі жалпы қара-қоңыр немесе қара түсті болады. Тұмсығының үстіңгі бөлімі төмен қарай иілген. Тырнақтары күшті иілген ілмек сияқты келеді. Құйрық қауырсынының екі шеткісі қысқарақ, керісінше ортаңғы бір пары ұзынырақ болады.

Бұлар жер шарына кеңінен таралған теңіз құстары болып есептеледі. Бізде тундрада, мұзды мұхиттың теңіздерінің жағалауларына және Тынық мұхиттың солтүстік жағалауларына ұялайды. Ұясын жерге салады, қосарланып жүреді. Жыртқыш құс. Олар шағалалар мен құзғын қарғалардың аузындағы балықтарын тартып жеуге әрекет етеді. Жазда үйректер мен қаздардың ұяларын талқандап бұзады, ұсақ торғай тәрізді құстарды және балшықшыларды ұстап жейді'. Бізде үш түрі ұялайды.

Ш а ғ а л а л а р т ұ қ ы м д а с ы (Lагіdае). Шағалалар тұ-қымдасына осы отрядтың орта және ірі құстары жатады. Олардың түсі ақшыл, жалпы ақ сүр, ал балапандары қара қоңыр түсті болып келеді. Тырнақтары оншама иілмеген, тұмсығы күшті, бірақ поморниктерден өзгешелігі, тұмсығының ұшында ілмегі жоқ, тек қана ұшы төмен қарай иілген. Ұясын әр түрлі жағдайда түрліше орналастырады: солтүстікте көбінесе теңіз жағалауларының тастарының арасына, орталық орманды ендікте — батпақтарға немесе айналасы қалың шөпті өзен жағалауларына, ал оңтүстікте — өзен, көл және теңіздердің құмды жағалауларына салады. Ұясында 2—3 жүмыртқа болады. Одан ширақ балапан шығады.

Қоректері алуан түрлі. Шағалалар балықтарды, ұсақ шаян тәрізділерді, насекомдарды, құрттарды теріп жейді. Өлекселер-мен де қоректенеді. Шағалалардың ірі түрлері кемірушілерді және құстарды ұстап жейді. Кейбір жерлерде көптеген зиянды насекомдарды қырады. Шағалалардың балық шаруашылығына тигізетін зиянын көбінде асырып бағалайды. Шынында шағалалар ауру және өлген балықтармен қорекгенеді. Сөйтіп олар судағы балық өлекселерін жеп, су қоймасын тазартып, пайдасын тигізеді. Шағалалардың терісін “кұс елтірісі” деген атпен қолданады.

СССР-де шағалалардың 10 түрі бар. Соның ішінде: ұсақ өзен шағаласы (Lагиз гіdіdипdиs), солтүстіктегі — сұр шагала (L. агgепtаtиs) және ұсағырақ үш саусақты — маевка Rissa ігуdасtуlа) деген шағалалар бізде мекендейді.

178


Құзғындар тұқымдасы (Stегпіdае). Бұлардың тұмсығы әлсіз, ілмегі болмайды. Құйрығы терең екі айыр, қанаттары ұзын, әрі жіңішке болады. Денелері жеңіл, ауада ұшып жүргенде қарлығаштарға ұқсайды. СССР-де бүлардың он (шақты түрі мекен етеді. Көбінде топтанып ұялайды. Көбірек кездесетін бір түрі — өзен құзғындары. (Stегпа һіrundо).

12. Отряд. ЧИСТИКТЕР (АLСІҒОRМЕS)

Чистиктер — жақсы жүзіп және сүңги алатын, солтүстік те-ңіздердің, мұхит құстары. Үлкендігі үйректей, одан кішірек те түрлері кездеседі. Бұлардың денесі үзынша, мойны қысқарақ әрі айқындалмаған. Саусақтары үнемі үшеу. Олар құйрығына қарай кейін орналасқан. Олардың қанаттары қысқа, денесіне тығыз жабысып жатады. Тұмсығының формасы түрліше болады. Қауырсыны өте тығыз орналасқан. Бір ғана тұқымдасы бар (Аlсіdае). Бізде төменде көрсетілген түрлері кездеседі.

Балта тұмсықтылар (Ғгаtегсиlа). Бұлардың түмсығының үсті көтеріңкі және екі жақ бүйірінен қысыңқы келеді. Көбінесе Тынық мұхиттың солтүстік жағалауын (Ғг. согпісulа) мекен етеді. Кейде Жана Жердің және Мурманскінің жағалауында (Ғг. агtіса) да кездеседі. Биік тасты немесе түбі жүмсақ жағалауларда мекен етеді. Ұяларын індерден өздері қазып жасайды немесе тас арасындағы үңгірге салады.

Чистиктер (Серрһиs) — үлкендігі кіші-гірім үйректердей болады, тұмсығы үзынша, бірақ екі бүйірінен қысыңқы бол-майды. Берингов, Охот, Жапон теңіздерінің және Арктика те-ңіздерінің аралдарын, жағалауларын чистиктердің төрт түрі мекен етеді. Ұяларын биік тасты жағалауларға, көбінесе үңгірлерге және індерге салады.

Қайрлар (Uгіа). Бұл отрядтың ішіндегі үлкендері ірі үй-ректердей, тұмсығы ұзынша, үшкір болады. Денесінің үсті және басы қара-қоңыр, құрсақ жағы ақшыл түсті келеді. Тынық мұхиттың солтүстігіндегі теңіздердің жағалауында және солтүстік теңіздердің аралдарында, Мурманск жағалауында, Жаңа Жер, Франц-Иосиф жерінде қайрлардың екі түрі ұялайды. Ұяларын саларда жартасты жағалауларда топтанып жүреді. Жардың тақыр қуысына бір ғана жұмыртқа салады.

Бұл отрядқа жататын құстар жыл маусымының барлық ке-зеңінде де колониялы түрде тірішлік етеді. Әсіресе олар ұяларын саларда бірнеше жүздегені бір жерде мекендейді. Құстардың мұндай топтанған жерін “құс базары” деп атайды. Ұясын тік құздарға салады. Көпшілігінде қайрлар, балта тұмсықтылар, чистиктер, шағалалар ұяларын бір жерге салады. Бірақ “базардағы” құстардың көпшілігі қайрлар болады. Құстардың ең үлкен базарлары Жаңа Жердің батыс жағалауында және Франц-Иосиф жерінде кездеседі.

179

Қайрлар Жаңа Жердегі “базарларына” майдың аяғы, июнь-нің бас кезінде келеді. Балапандары мамыққа оралып шығады. Олар ұзақ уақыт ұяларында болады. Ата-аналары балапандарын балықтармен (август айына дейін) қоректендіреді, одан кейін олар теңізге туседі. Қайрлар ұя салған жерінен сентябрьдің басында ұшып кетеді.



Ертеден-ақ қайрларды аулау және олардың жұмыртқасын жинау кәсібі іске асырылып келген. Жұмыртқалары ірі, ұзын-дығы 78 мм, сыйымдылығы 86 см3 болады. Олардың екі жұмыртқасының ішіндегі затына бір шай стақаны толады. Қайрлар адамнан оншама қорықпайды. Соңымен бірге олардың баспаған жұмыртқасын жинап алса, олар қайтадан жұмыртка салады.

13. Отряд. ҚӨГЕРШІНДЕР (СОLUMВІFORМЕS)

Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік ететін, адам жайларына үйір, денесі тығыз, тұмсығы қысқа және балауызсымақтары бар құстар. Олардың танау тесіктері терілі каппен бүркелген. Моногамды. Қөгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған. Олардың өте көбірек тараған жерлері Малай архипелагы мен Австралия. Жалпы үш жүздей түрі белгілі. СССР-де 11 түрі кездеседі. Мысалы: клинтух (СоІumЬа оепаs), вяхирь (СоlumЬа раІambиs) иығында және мойнының бүйір бөлімінде ақ дақтары болады, бұлар СССР-дің солтүстігіне таман тараған, жабайы көгершіндер немесе көк көгершін (Columbа Ііvіа), зікірлі көгершін (StrерtореІіа) Мадагаскарға таяу жердегі Маврсекия, Бурбон, Родригец аралдарында кездеседі. XVII ғасырға дейін жойылып біткен ірі дронт көгершіні — деген түрлері тіршілік еткен.

Осы кездегі көгершіндердің жабайы түрлері — ағашты, тау-лы жерлерде тіршілік етеді. Олар ағаштардың үстіне, қуысына немесе жарлардың қуысына қалай болса солай шөптесін заттардан салады. Ұясында 1—2 жұмыртқасы болады. Жұмыртқаларын еркегі де, үрғашысы да кезектесіп басады. Жүмыртқадан 14-тен 30 күннің ішінде балапан шығады. Қорегінің көпшілігі мәдени және жабайы өсімдіктердің дәндері, жемістері мен түқымдары. Бұлар аздап қүрттарды және жұлдыз құрттарды да жейді. Кейбір түрлері күзге қарай бірнешеуі бір жерге топтанып, астық дәндерін жеп шаруашылыққа зыяндарын тигізеді.

Көгершіндерді қолға үйрету біздің заманымыздан бірнеше мыңдаған жыл бұрын басталған.

14. Отряд. КӨКЕКТЕР (СUСULІFОРМЕS)

Бұл отрядқа көкектердің 200-ге жуық түрі жатады. Негізінен тропик өңірде кездесетін ағаштъі және бұталы жердің құстары. Аздаған турлері өздеріне ұя салады және жұмыртқаларын баса-

180


ды. Көпшілігі ұя салып, жұмыртқа басу инстинктің жоғалтқан. Мысалы,қаршыға көкек (Неігососсух sрагvегоіdеs) деген шы-ғыс Азияда мекендейтін түрі кейде жұмыртқасын өзі басып, балапан шығарады, көпшілігінде жұмыртқасын басқа құстардың ұясына салып кетеді. Теңбіл көкек (Соссуstеs glandагіus)жұмыртқаларын тек қарға тәрізділердің ұяларына салады. Бұлардың балапандары, ұяның иесі болып саналатын құстың балапандарын, ұядан итеріп құлатпайды.

Көкектердің жұмыртқасының түсі түрліше, әдетте, жұмырт-қасының түсі үядағы басқа қүстың жұмыртқасына түстес болып келетіні анықталған. Көкек жұмыртқасын басқа құстың ұясына, ата-анасының жоқ кезінде, не жерге салып,оны тұмсығымен басқа қүстың ұясына апарады. Жұмыртқадан шыққан көкектің балапандары ептеп иесінің балапанының астына кіріп, оны я жұмыртқаны ұядан итеріп шығарып тастайды. Көкектер басқа құстар жей алмайтын зиянкес түкті жұлдыз құрттарды жеп пайдасын тигізеді.

15. Отряд. ТОТЫЛАР (РSІТТАСІFОRМЕS)

Тотылар екі жарты шардың субтропик және тропик ендігінің ормандарында тіршілік ететін құс.

Тұмсықтарының құрылысы өзгеше. Жоғарғы жағы ми сауы-тымен қозғалмалы түрде байланысқан. Ал төменгі жақ сүйегі тек жоғары-төмен қозғалып қана қоймай, екі жағына қарай да қозғала алады. Көпшілігі топтанып тіршілік етеді. Олар ұясын ағаштың қуысына кейде інге және жартастың қуысына салады. Балапандары нашар жетіліп шығады.

Айқын түсті ара (Ага) деген түрі оңтүстік Америкада, айдар-лы какаду (Сасаtuіпае), Австралияда, Африкада — сұр жако (Рsittacus), Жаңа Зеландияда — жапалак, тоты (Stгіngорs) мекендейді. Олар ұша алмайды, тіршілігі жерде өтеді. Жапалақтар сияқты күндіз жасырынып, тасада қонақтап отырады. Нестор (Nеstог) деген тоты құс бұрын насекомдармен қоректенетін, ал 1875 жылдан бастап Жаңа Зеландияға қой өсіре бастағаннан бері, бұлар жыртқыш бола бастады. Ең алдымен қойлардың үстіне қонып, жүнінің арасынан насекомдар теріп жеген, ал одан кейін терісін және етін шұқып жейтін болған.

16. Отряд. ЕШКІЕМЕРЛЕР (САРRNULGIfОRMES)

Ешкіемерлер сырт жағынан сұр қарлығаштарға ұқсайды, үл-кендіктері орташа, насеком қоректі, түн қүстары. Аузының көлемі өте үлкен және аузының жиегінде орналасқан қатты қылтандары бар. Тұмсығы керісінше кішірек келеді. Қанаты ұзын және үшкір болады. Қауырсындары сирек, жапалақтардікі сияқты жұмсақ, түсі тіршілік еткен ортасына сай сүр-қоңыр болады.

181


Қонақтап немесе жерде отырған ешкіемерді байқау қиын, өйт-кені түсі ағаштың немесе жердің түсіне ұқсас болады.

Ешкіемерлер — түн, я іңір құсы. Ұшып жүрген насекомдар-дың дыбысынан байқап, ұстап қоректенеді. Қорегін ұстауға кең аузынын, және оның, жиегіндегі қатты қылтандарының маңызы үлкен. Бұлар суық жақта ғана болмайды. Бізде құрғақ орманды жерлерде — кәдімгі ешкіемер (Саргіmulgіs europaeus) кездеседі. Бұлардың топырақ шұңқырына салған ұясында 1—2 жұмыртқа болады.Балапандарын атасы да, анасы да бірдей күтеді. Ешкіемерлер өте пайдалы құс.

17. Отряд. ҰЗЫН ҚАНАТТЫЛАР (АРОDІҒОRMЕS)

Бұл отрядқа сұр қарлығаштар және колибрилер жатады. Олардың қанаттары ұзын және сүйір болады, сондықтан тез бұрыла, ұша алады. Қаңқасы мен ішкі органдарының құрылысында өзіндік өзгешеліктері болады.

Сұр қарлығаштар сыртқы пішіні және тіршілік ету тәсілі жа-ғынан қарлығаштарға ұқсайды. Бұл ұқсастығы систематикалық жақындығынан емес, конвергенцияның нәтижесі екендігін салыстырмалы анатомия көрсетіп отыр. Олар ұшып бара жатып ұсақ насекомдарды қағып жейді. Өйткені, аяқтары қысқа, төрт саусағының барлығы да алдына қарай бағытталрандықтан жер бетімен жүре алмайды. Бұлар ұяларын ағаштардың қуысына, жартастардың жарығына, үйлердің жапсарларына салады. Бізде кәдімгі сұр қарлығаш (Сурsеlus арus) кең тараған. Малай архипелаг аралдарында сұр қарлығаштардың ерекше түрі салангандар (Соllосаlіа)мекен етеді. Ұяларын сілекей бездерінен шыққан, жабысқақ және тез қататын шырындарымен салады, Бұны жергілікті халық “қарлығаш ұясы” деген атпен тамақ есе-бінде пайдаланады.

Колибрилер — ұсақ және өте ұсақ, ерекше құстардың тобы. Ірі колибрилер қарлығаштай, ал ұсағы түкті араның үлкендігін-дей болады. Түсі ашық, жарқырауық келеді. Олар өте тез ұша-ды, қанатын өте жиі қағатын болғандықтан тіпті оның пішінін байқау мүмкін емес. Барлық түрлері де ағашты, бұталы жерлерді мекендейді. Олар гүлдердің нектарымен және гүлдегі ұсақ насекомдармен қоректенеді. Бұлардың көпшілігінің тұмсығы ұзын, аздап төмен қарай иілген, нектарды соруға бейімделген болады. Бұтақтарға ұялайды. Ұясында 2 жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз, аналары өздерінің аузынан нектарларын кейін шығарып, балапанының аузы арқылы өңешіне құяды. Колибрилердің көпшілігі өсімдіктерді тозаңдандырады. Жалпы 600-дей түрі белгілі. Оңтүстік және Солтүсті к Америкада мекендейді. Солтүстік Американың батыс жағалауынан, солтүстікке — Алясканың оңтүстігіне дейін тараған.

182


18. Отряд. ТОҚЫЛДАҚ ТӘРІЗДІЛЕР (РІСІҒОMЕS)

Тоқылдақ тәрізділердің. көлемі ұсақ және орташа болады, өздері ағашта тіршілік етуге ерекше бейімделген құстар. Бұлар үяларын ағаштарға салады. Ағаштардың дәндерімен, жемістерімен немесе ағаш қабығындағы насекомдармен қоректенеді. Тоқылдақ тәрізділер қорегін мықты, мүйізденген тұмсығынын, жәрдемімен алады, оның формасы түрліше болады. Олар ағаш бойларымен тез козғалады. Тырнақтары иілген. Арқа омыртқалары бір-біріне бірікпегендіктен денесі өте қозғалымды. Тоқылдақтар негізінен тропикада көп тараған. Балапандары көп уақытқа дейін ұяларында болады.

Т у к а н д а р н е м е с е б ұ р ы ш ж е у ш і л е р (Rһаmр-һаstedае) — Оңтүстік және орталық Американың тропикалык ормандарын мекендейді. Бұлар өте ашық түсті, тұмсығы өте үлкен, жиегінде тісшелері болатын организмдер. Жеміспен, кейде құстармен және олардьң жұмыртқаларымен қоректенеді. Тукандар ағаштың қуысына ұялайды.

Тоқылдақтар (Рісedае) — тұмсығы қашау сияқты, ағашқа өрмелегіш құстар. Табандары қысқа, тырнақтары ішіне қарай иіліп, ал сыртқы саусағы арт жағына қарай қайырылып тұрады. Бағыттаушы қауырсындарының сабақтары қатты және үшкір келеді. Тоқылдақтар ағаш бойымен өрмелеп қозғалғанда, қатты құйрық қанаттары денесіне тіреу болады. Қашау сияқты тұмсығының жәрдемімен олар ағаштардың қабықтарын сындырып, онын, арасындағы насекомдармен және олардың личинкаларымен қоректенеді. Олардың тілі ұзын да, ұшында түктері болады. Тоқылдақтар насекомдардан басқа қарағайдың тұқымдарымен де қоректенеді.

Қоректерін іздеу кезінде жасаған қуыстарға ұяларын сала-ды. Ұясында 3—5 жұмыртқа болады. Жұмыртқасын атасы да, анасы да басады. Балапандары жұмыртқадан шыққанда әлсіз келеді.

Біздің фауналарда тоқылдақтардың оннан аса түрі белгілі. Олардың негізгілері: қара тоқылдақ (Dгуосорus mаrtіus), үлкен ала тоқылдақ (Dепdгосорus mаjог), кіші ала тоқылдақ (D. mіпог), жасыл тоқылдақ (Рісus vігіdis), үш саусақты тоқылдак, (Рісоіdеs tгіdасtуlus) т. б.

Орман шаруашылығында тоқылдақтардың пайдасы үлкен. Олар күн сайын бірнеше жүз зиянды насекомдарды қырады. Тоқылдақтар әсіресе жаз айларында пайдалы, өйткені, олар бұл кезде насекомдармен қоректенеді. Қыста тоқылдақтар көпшілігінде кылқанды ағаштардың дәндерімен қоректенеді. Үзіп алған жаңғақтарын өздері шоқып жасаған ағаш қуыстарына бекітіп қойып, оны қаты тұмсығымен жарып, ішінен дәнін алып жейді. Пайдаланылып болған бүршік қабығын жерге түсіреді. Тоқылдақтардың жаңғақтарды апарып бекітіп қойып, ішінен дәнін

183

алып жейтін жерін “дүкен” деп атайды. Мұндай “дүкендердің” астында қарағайдын, бірнеше мыңдаған тұқымы алынған бүрлері үйіліп қалады. Тоқылдақтардың келтіретін аздаған осындай зияндарынан, олардың пайдасы аздаған көп. Сондықтан да халык “тоқылдақ — тоғай дәрігері” деп атайды.



19. Отряд. ЖАПАЛАҚТАР (PASSERFОRМЕS)

Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жырт-қыш кұстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағүрлым алыстау тұрады. Олардың арасындағы кейбір ұқсастықтар тіршілік жардайларының үқсас болуының нәтижесінен келіп шыққан.

Жапалақтың қауырсындары қалың және жұмсақ, қопсып тұ-рады. Сондықтан да ұшқанда дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының көмегімен іздеп табады. Құлағының қалқаны біршама жақсы жетілген. Құлақ қуысының алдыңғы жағында, дыбыс толқындарын күшейтетін тері қатпары орналасқан. Бұлардың көзі үлкен, сондықтан жапалақтар түнде де жақсы көреді. Басын өте тез қозғап, 270 градусқа бұра алады. Қорегін ұзын саусақты табанымен қармап ұстайды.

Күндізгі жыртқыш құстардан айырмашылығы, жапалақтың жемсауы болмайды. Бұлар көп жерге тараған құс, 200-ге жуык, түрлері бар. Ал бізде соның 20-дай түрі кездеседі. Балапанда-ры әлсіз, көп уақытқа дейін ұяларында болады.

Ақ жапалақ (Nусtеа sсаndіаса) ірілігімен және ақ түсімен ажыратылады. Тундрада ұялайды. Қыста оңтүстікке ұшып келеді. Ақ жапалақ күндіз қорегін жақсы аулай алады.

Үкі (ВиЬо ЬиЬо) жапалақтардың ішіндегі ең ірісі. Ол бізде тундрадан басқа жердің барлығында да кездеседі. Ұяларын жерге, жартастарға, кейде ағаштарға салады. Ұяларында 2— 3 жүмыртқа болады. Жемін түнде аулайды. Жер жағдайына және жыл маусымына қарай, қоректерінің түрлері өзгеріп тұрады. Орта Азияда қыста негізінен 'құстармен қоректенеді (үйректер, қасқалдақтар т. б.). Оңтүстікте жаз кезінде қояндармен, қосаяқтармен және кірпілермен қоректенеді.

Құлақты. жапалақ (Аsіо оtus) аса ірі болмайтын, жақсы да-мыған “құлағы” бар құс. СССР-дің оңтүстігінде және қоңыржай өңірде кеңінен тараған. Бұлар көбінесе аралда және орманның ашық жерлерінде болады. Ұяларын ағаштардың қуысына, басқа қүстардың ескі ұяларына немесе жерге салады. Ұясында 3— 7 жұмыртқа болады. Қорегін түнде аулайды. Негізгі қорегі тышқан тәрізді кемірушілер, кұстар, кейде насекомдар болып есептеледі.

Байғыз (Аthеnе, GІаисidium)—ұсақ жапалақтар. Басы үлкен, “құлағы” болмайды.

184


Сұр неясыть (Sігіх аlисо) — кәдімгі біздің жапалақтардың бірі.Үлкендігі қарғадай, құлақ айналасындағы қауырсындары болмайды. Олар Европаның, Сибирьдід, Кавказдың және Орта Азияның орманды жерлеріне тараған. Отырықшы, баяу қозғалатын құс. Олар ұяларын ағаштарға, ағаш қуыстарына салады. Жемін түнде аулайды. Тышқан сияқты кемірушілер, насекомдар, құстармен қоректенеді. Жапалақтардың тағы бір пайдасы, басқа жыртқыш құстар түнде ұйқыда болған кезде жемін аулайды.

20. Отряд. ТОРҒАЙ ТӘРІЗДІЛЕР (РАSSЕRІРОRМЕS)

Торғай тәрізділерге қазір тіршілік ететін құстардың жарты-сынан көбі жатады. Оныд 5000-ға тарта түрі белгілі. Сыртқы пішіні мен дене мөлшері алуан түрлі болады. Ең ұсағы королек, оныңсалмағы5—6 г болады, ал ірісі қарға салмағы 1100—1500 г болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі бұталы, орманды жерлерді мекендейді. Торғай тәрізділердің ішінде нағыз су құстары болмайды. Барлығы да болжыр балапанды құстар. Ұясын өте ұқыпты жасайды. Кейбір түрлері жылына екі рет балапандайды. Торғай тәрізділер үш отряд тармағына бөлінеді.

1. Үншіл торғай тәрізділердің (Сіатоtогеs) дыбыс еттері симметриясыз орналасқан қарапайым құстар. Тропиктік ұсақ орман құстары. 1000-ға тарта түрі белгілі, 11 тұқымдасқа топ- тасады.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> -
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет