С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



жүктеу 4.11 Mb.
бет17/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

196

жіңішке бұтағына ілініп түрады, сондықтан оған ағаш бойымен өрмелеп жүретін жыртқыштар жете алмайды.

Көптеген құстар ағаштың діңіндеғі қуыстарға ұялайды. То-қылдақтар өзегі шіріген ағаштардың ортасын қуыстап, ұя салады. Қараторғайлар, дүпілдектер, шымшықтар, жапалақтың кейбір түрлері, тотылар және көгершіндер — ағаштардың табиғи қуыс жерлеріне немесе тоқылдақтардың жасаған шұңқырларына ұялайды. Азияның оңтүстігін мекен ететін мүйіз тұмсықты құстар ағаштың қуысына ұясын салып, мекиенін ұя басқан күйінде қалдырып, одан мекиенінің тұмсығы сиғандай тесік қалдырып, басқа жерін сылап, бекітеді. Енді бір құстар тұмсығы-мен немесе аяқтарымен жерді қазып ін жасап, ұяларын сол індерге салады. Інде ұялайтын құстар: жаға қарлығаштары, щуркалар, зимородкалар және балта тұмсықтар т. б.

Жаңа Гвинейдің қорс тауығының ұясының өзіндік ерекшелі-гі бар. Олар құмды топырақтан үлкен етіп шұңқыр қазып, оны шіри бастаған өсімдіктермен толтырады. Оның маңында көп уақытқа дейін болып, қазып температурасын байқайды. Температура 29 градусқа жетсе, ортасын шұңқырлап, сол жерге жұмыртқалап болғасын, үстін шіріген шөпке құмды араластырып, жауып тастайды. Жұмыртқалары күннің қызуының және шөптесін заттардың шірігенде шығаратын жылуының әсерінен дамиды.

Көпшілік құстардың жұмыртқаларының түсі, жұмыртқа сал-ған жердің түсі түстес келеді. Осының салдарынан жыртқыш-тар, ондай жұмыртқаларды аңғармаңды. Мысалы, ешкіемер-дің, шілдердің, кейбір балшықшылардың жұмыртқаларын 1—2 м жерден байқауға болмайды. Торғай тәрізділердің бір қатары, ұясының сыртына мүктерді, қыналарды өсімдіктің жапырағын іліп қояды. Сондықтан да мүндай ұялар бұтақ-тардың жуан буынтығы сияқты көрінеді де, жауына байқалмайды.

Казаркалар әдетте лашындардың ұяларының маңайына ұя-лайды. Лашындар өз ұяларын актив қорғаумен қатар, басқа жыртқыштарды ұясының маңайына келтірмейді. Міне сондық-тан казаркалардың да ұялары аман сақталады.

Шөлдегі торғайлар ұясын дала бүркітінің ағаш бұтағынан жасаған ұясының арасына салады. Сөйтіп, олардың да ұясы аман сақталатын болады.

Құстар амфибилер мен рептилилерге қарағанда жұмыртқа-ны аз салады. Құстар түрлеріне қарай 1—25-ке дейін жұмыртқа салады. Қайрлардың, чистиктердің көпшілігі, кейбір ірі шағалалар және ірі күндізгі жыртқыштар бір ғана жұмыртқа туады. Көгершіндер, колибрилер, тырналар, гагарлар, кейбір ешкіемерлер мен чистиктер көбінесе екі жұмыртқа салады. Шағалалардың көпшілігі үш жұмыртқа, ал балшықшылардың жұмыртқасы төртеу болады. Ұсақ жыртқыштар, кейбір торғай тәрізділер 5—6 жұмыртқа салады. Қаз тәрізділер, тауық тәрізділер

197

және кейбір торғай тәрізділер, бұдан да көбірек жұмыртқа са-лады. Мысалы, барылдауық үйрек 6—14 жұмыртқа, сұр үйрек-тер 7—13 жұмыртқа, сұр кекілік 12—26-ға дейін жұмыртқа са-лады.



Қызылшақа балапан шығарушы құстардың жұмыртқасы-ның санынан, ширақ балапан шығаратын құстардың жұмырт-қасы көбірек болады, Ол ширақ балапанның қиындықсыз тез өсуіне байланысты. Әйткенмен мұндай заңдылық әрқашанда сақтала бермейді. Мысалы, ширақ балапан шығаратын шаға-лалар мен балшықшылар 3—4 жұмыртқа туса, қызылшақа ба-лапан шығаратын торғай тәрізділер 10-нан артық жұмыртқа салады. Тағы бір ескеретін жағдай, бір түрге жататын құстар-дың ішінде көп жұмыртқа туу солтүстік ендікте ұялайтын құс-тарға тән. Ол солтүстікте күн ұзақ, 'Сондықтан балапандары көп болса да, азық тауып бере алады; екіншіден, солтүстікте күзде күн салқындаранда және оңтүстікке қарай ұшқанда бір-нешеуі өліп шығын болуы мүмкін.

Жұмыртқаны ата-анасыньгң біреуі немесе мекиені мен әтеші кезектесіп басып, балапан шығарады. Тауық тәрізділердің көпішлігі, торғай тәрізділер, қаз тәрізділер, жапалақтар, кей-бір күндізгі жыртқыштар мен балшықшыларда балапандарын тек қана мекиендері басып шығарады. Австралияның* және Американын, түйеқұстары, тинаму, кейбір балшықшылар, мы-салы, біздің солтүстіктегі плавунчиктерде жұмыртқаларын әтештері басып, балапан шығарады. Қалған құстардын, әтеші мен мекиені кезектесіп басады.

Құстардын жұмыртқаларын басу мерзімі, олардың түр өз-гешелігіне және жұмыртқанын мөлшеріне байланысты бола-ды. Балапандары ширақ болатын құстар, әлсіз, қызылшақа балапан шығаратын құстарға қарағанда ұзағырақ басады. Ұсақ торғай тәрізді қүстардың жұмыртқаларының дамып, балапан шығару мерзімі 9—14 күн; кара тоқылдақтың жұмыртқасы — 14 күн, қарғалардікі—17—20, қырғи — 31—35 күн, бүркіт — 44 күнде балапан басып шығарады. Балапандары ширак болатын құстарда: тауқұдірет—17—18 күн, кекіліктер — 21 күн, қырғауыл — 21—25 күн, құр — 23 күн, жабайы үйректер— 24—28 күнде жұмыртқасын басып, балапан шығарады.

Жұмыртқадан шыққан балапандардың ширақтық дәрежесі түрлі құстарда түрліше болады. Осыған сәйкес ширақ балапан шығарушылар және әлсіз, қызылшақа балапан шығаратындар болып екіге бөлінеді. Ширақ балапан шығарушы құстардың балапаны — жұмыртқадан шыққанда көзі ашык, денесі ма-мықпен жабылған, өзі жүріп жемді шоқи бастайды. Құстардың бүл түріне көбінесе жерде және суда мекендейтін: тауық тәріз-ділер, дуадақтар, жылқышылар, қаз тәрізділер жатады. Әлсіз, қызылшақа балапан шығарушылардың балапандары — жала-ңаш, кейде аздап та болса қауырсыны болады, көпшілігінің кө-198

зі жұмулы, әлсіз болады. Ата-аналары ғана қоректендіреді. Балапандары әлсіз, қызылшақа болатын құстарға: торғай тә-різділер, тоқылдақтар, сұр қарлығаштар, көгершіндер, колибрилер, көк қарғалар, зимородкилер, ескек аяқтылар жатады. Жапалақ және күндізгі жыртқыштарда әлсіз қызылшақа балапан шығарады. Бірақ, бұлардың балапаны біршама жетіліп, денесінде мамық болып туады; ал күндізгі жыртқыштардың балапанының көзі ашық болады.

Құстар тіршілігінің жыл маусымдық циклы және ұшып кетуі. Құстардың тіршілігі, басқа жануарлардікі сияқты, белгілі биологиялық ритмге байланысты. Биологиялық ритмі — тіршілік жағдайының маусымды өзгеруіне және түрдің ортаға бейімделуіндегі тұқым қуалаушылық сипатына байланысты. Қорыта келгенде құстардың жылдық тіршілік циклі көптеген биологиялық фазадан құралады, сол кезде қандай болмасын бір биологиялық қүбылыс басымырақ болады. Мысалы, шағылы-су, жұмыртқа басу, түлеу т. б.

Құстардың жылдық биологиялық циклінің негізгілері мы-налар:



Көбеюге дайындық — құстардың тіршілік жардайларының күрделі жиынтығының заңды әсерлерінің нәтижесінде байқалатын, туа пайда болған инстинкт. Бұл көпшілік жағдайда “сигналдық” (И. П. Павловтың айтуынша) сипатта болады. Жыныстық инстинкті қоздырушы факторлар: тәулік ішіндегі күн жарығыньщ заңды өзгеруі және климаттық басқа ерекшеліктері, әтештерінің болуы және олардың мінез-құлқындағы өзгерістер (“күй ойнақ”), ұя салған ландшафтаның ерекшелігі, ұяның өзі т. б. факторлар.

Бұл күрделі құбылысты түсіндіруде жоғарғы нерв система-

сының әрекеті шешуші роль атқарады. И. П. Павлов оны; “фи-

зиологияның үлкен бөлімі — нерв системасы, негізінен орга-

низмнің жеке органымен емес бүтін организммен ортаның арасындағы қарым-қатынасын қалыптастырады” деп жазған болатын. Көбеюге дайындық жасау, жұп құрау, ұя салу үшін белгілі территорияға ие болудан басталады. Бұл дайын-дық мерзімінің ұзақтығы түрлі құстарда түрліше болады. Торғай тәрізділердің көпшілігі ұя салмаған уақытта бірнешеуі бірігіп,топтанып жүреді де, көбею алдында, көктемде жұп құрайды.Бұл жағдайда ұялайтын жеріне алғаш әтештері ғана ие болады да, оған кейлн мекиендері қосылады. Қаз тәрізді-лер мен жыртқыш құстар қыс ішінде жұп құрап, ұя салатын жеріне қалыптасқан қосақ түрінде келеді. Жыртқыш құстарда ұялайтын жеріне әтеші мен мекиені бірге ие болып, балапан-дары ұшқанша жұбын жазбайды. Мұндай жағдайды қаз тәрізділерде де кездестіруге болады.

Балапан шығару кезеңі — құстардың шағылысу, ұя жасау, жұмыртқа салу, жұмыртқа басу және балапандарын

199

қоректендіру сияқты бірінен сон, бірі келіп отыратын өте ма-ңызды биологиялық құбылыстарды қамтиды. Бұл уақытта құс-тар ұясының маңында болады, тек қана балапандарына жем іздеген кезінде ғана ұясынан қашықтап кетеді.



Құстардың түлеу кезеңі — түрлі кұстарда түрліше болады. Көпшілігінде құстар көбейгеннен кейін ғана түлейді. Балапандарын жұмыртқадан тек қана мекиендері, немесе көпшілік жағдайда мекиендері басып шығаратын құстарда әтештері ерте түлейді. Бірқатар құстар біртіндеп ұзақ уақыт түлейді, ол кезде олардын, активтігі аздап та болса да бәсеңдейді. Мекен еткен жерін өзгертпей, тасалау жерді тауып, сол жерде болады. Оған торғай тәрізділер мысал болады. Ал тауық тәрізділердің түлеуі өте тез орындалады, сондықтан олар түлеу кезінде таса жерде жасырынып тіршілік етеді. Қаз тәрізділердің де түлеуі өте тез орындалғандықтан, олар уақытша үшу қабілетін жояды, соған сәйкес су жағасының меңіреу түкпірлеріне ауысады.

Құстардың түлейтін орны қоректік заттарының шамасымен емес, құстардың қорғану, жасырына алу ерекшелігіне сәйкес таңдалып алынады. Құстар түлеу кезінде өте арықтап ке-

теді.

Қысқа дайындық өте актив қоректенумен сипатталады. Бұл кезде қүстардың арнаулы, тұрақты орны болмайды. Олардың бірнешеуі бірігіп, жем іздеп, орын ауыстырып отырады. Мысалы, үйректер, қаздар топтанып егістік далалар-ға ұшып барады. Қара торғайлар мен көгершіндер ұя салған ағашты жерлерінен далаларға ұшып барады. Бұл кезде құстар тамақтық зат көп жерлерді мекен етіп, актив қоректеніп, семіреді. Құстардың майлануы қыстан аман шығуына, ал жыл құстары үшін қыстайтын жерлеріне ұшып баруына жағдай жасайды.

Кейбір құстар қысқа қарай тамақтық қор жинайды. Мыса-лы, самырсын құс — самырсын ағашының, жаңғағын жинап, оларды ауыз қалтасына толтырып, ұшып барып топыракқа кө-міп қояды. Осы тәсілмен жорға торғай да емен жаңғарынан қор жинайды. Бірақ, осы қорынын тек қана 20—30 проценттейін ғана пайдаланады. Қалғаны пайдаланылмай топырақтың астында қалып қойып, өсіп шығады.



Қыстау. Қыс кезінде қүстардың тіршілік жағдайы, кенет қиындайды да, керекті заттардың мөлшері азайып, қажет та-мақты табу ауырлайды. Құстарға жем болатын насекомдар, өсімдіктердің дәндері, жемістер қыста қалағанынша табыла бермейді. Тәулік ішіндегі күннің жарық болатын уақыты қыс-қарады, жердің бетін қар, судың бетін мұз жауып — құстарға қорек табу қиыншылыққа түседі.

Бұл қиыншылыққа бейімделу үшін, құстар қорек іздеп бір жерден екінші жерге орын ауыстырады. Орын ауыстырудың ең қарапайым түрі ұя маңынан жем іздеуден басталып, ең күрде-

200

лі түріне, ұялаған жерінен мыңдаған км қашық облыстарға ұшып кетуімен алмасады.



Дәнмен қоректенетін орман құстары: мысалы, свиристел-дер мен боз шымшықтар қыс кезінде қоректік зат іздеп, тіршілік еткен ортасын жиі алмастырып отырады. Оның белгілі географиялық бағыты болмайды. Отырықшы орман құстары—ақ кекілік, бұлдырықтар және “меңіреу құрлар” жазда тіршілік еткен ауданынық территориясында қоректік заттың шамасына қарай мекен еткен орындарын ғана өзгертеді. Мысалы, ақ кекі-лік жазда ағашты, батпақты және мүкті жерлерде болып, насе-комдармен, өсімдіктердің жемістерімен, дәндермен қоректенсе, қыста жердің бетін кар басып қалған кезде, олар осы аудандағы өзендердің жағалауына барып, негізінен үйеңкі ағашының бүршіктерін, жас бұтақтарын қорек етеді. “Меңіреу кұрлар” жазда қылқан жапырақты ормандарда болып қорегін жерден тапса, қыс кезінде жапырақты ормандарға ауысып, қайыңның бүршіктерімен қоректенеді.

Тундрада және орта Азияда лашын — жыл құсы болып

есептелсе, Қырымда, Кавказда отырықшы, немесе мекенін жиі ауыстыратын құс болып саналады,

Кейбір құстар ауа райы жылырақ болған жылдары солтүс-тікте қыстап та қалады. Мысалы, үйректер мекен еткен жерін-дегі судың бетін мұз баспаған жылдары сол жерге қыстап қа-лады. Олай болса, құстарды отырықшы, жыл құстары деп бө-лудің өзінің арасына аса шек қоятын нәрсе емес. Оның барлығы сыртқы орта жағдайының өзгеруіне байланысты болатын әрекет.

Нағыз жыл құсы дегеніміз — қысқа қарай жазғы ұя салған

жерлерін тастап, одан қашық жерлерге барып қыстап шыға-тын құстарды айтады. Мысалы, қасқа қаздар ұясын тундраға салады, ал Жер Орта теңізіне, Каспий теңізіне, сол сияқты Қы-тайға, Индияға барып қыстайды. Каспий теңізінін, оңтүстігіне көпшілігінде суда және батпақта тіршілік ететін құстар қыс-

тап шығады.

Жыл құстары ұшып кеткенде өздерінің тіршілік еткен орта-сының ыңғайына қарай ұшады. Мысалы, су құстары қайтқан кезде үлкен өзендердің бойын жағалай ұшады, сондықтан да олардың ұшатын жолы жіңішке болады. Теңіз құстары теңіз жағалауын қуалай ұшады. Құрлықтағы құстар қайтқанда кең бағытта ұшады. Әйткенмен олардың да арнаулы “жолы” бо-

лады.

Жыл құстарының ұшып келуі және қайтып кетуі, ұя сала-



тын жеріндегі тіршілік жағдайларына байланысты. Жыл құс-тарының барлығы да, ұя салған жерінде қорек азайған кезде қыстайтын жеріне қайтып кетеді. Ауа райынын. өзгеруі, темпе-ратуранын, төмендеуі, күннің қысқаруы сияқты сыртқы факторлардың әсерінен қоректік заттары азаяды. Бірақ, кейбір құстар,

201


мысалы, сұр қарлығаштар қоректік затының мөлшері жеткілік-ті болғанына қарамастан ерте ұшып кетеді. Өйткені, температура төмендегенде ұшатын насекомдардың да актив-тігі төмендейді. Ал, сүр қарлығаштардың көзінің құрылысын-дағы ерекшелік тек қана ұшып жүрген насекомдарды ұстауға бейімделген. Ең соңынан қайтатын қарлығаштар. Себебі олар ұшып жүрген насекомдарды қағып жеумен қатар, шөптегі және ағаштағы қонып отырған насекомдарды үркітіп, үшырып, қа-ғып жеп қоректенеді.

Жыл құстарының ұшып келу мерзімі де, олардың туған же-ріндегі, керекті қоректердің жеткілікті болуына байланысты. Мысалы, орманда болатын бұлбұлдар, мысық торғайлар — ағаштарға жапырақтар шыққан кезде, қамыс торғайлары—жа-ғалаудағы өсімдіктер өскенде, ал қарлығаштар ауада ұшып жүретін насекомдар шыққанда келеді.

Жыл құстары күзде қыстауға қайтқанда, ыңғайлы жерлерге кідіріп, жайлап үшады. Ұя салатын жерлеріне келерде, өте тез ұшып келуге әрекет етеді. Мысалы, балшықшы — веретен-никтер күзде — қыстауға қайтқанда, 12.000 км жерді 2—3 ай-да ұшып өтсе, ал сол жолды көктемде — келерде 1—1,5 айда ұшып үлгіріп келеді.

Жыл құстарының миграциялық инстинкті тарихи қалыптас-қан, жоғарғы нерв системаларының әрекеттері болып санала-ды. Басқа туа пайда болған инстинктер сияқты, бұл да өзін қоршаған ортаның сигналдарының күрделі әеерлерінің себебі-нен пайда болатын қалыпты сезім.

Жыл құстарының ұшып келу және ұшып кетуінің тарихи се-бептерін жалпы ұғым бойынша түсіндіруге болады. Біздің ға-лымдардың (М. А. Мензбир, А. Я. Тугаринов, Г. П. Деметьев, А. В. Михеев) еңбектеріне сүйеніп, жыл құстарының мекен аударуының тарихи себептерін мына төмендегіше түсіндіруге болады. Құстардыа мекен ауыстыруы жыл мезгілдерінің бірінде тіршілік жағдайы нашарлағанда тіршілігін сақтап қалатын мұз дәуірінен бастап қалыптасқан биологиялық бейімделушілік. Төрттік дәуірдегі мұз басу солтүстік жарты шарда жыл кұстарының осы кездегі ұшуының қалыптасуына әсер еткен. Жердің бетін мұз басуы құстардың кеңінен тара-луына мүмкіндік бермеді. Бұл жағдай жердің белгілі бір бөлі-гінде ұялауына мүмкіндік бергенімен, сол жерде отырықшы тіршілік етуіне мүмкіндік болмаған. Мұздың шегінуі көптеген жерлердің құстардың мекендеуіне жарап, ұялауына үлкен мүмкіндік туғызды. Бірақ, бұл жерде жаз кездерінде, яғни ұя-лайтын кезінде ғана тіршілікке қолайлы жағдай болған. Біраз құстар бұл жерлерде жыл бойы тіршілік етуге бейімделіп, тұрақты тіршілік етуге ауысқан. Көпшілігі бүкіл жерді тастап, күзде өздерінің келген жағына қайтып кетуге мәжбүр болған.

202


Осы уақыттағы жыл құстарының ұшатын жолдарының, ол-ардың тарихи мекеніне сәйкес келетін көптеген жағдайлар бар. Мысалы, Үндіқытайда Қыстайтын емен сары торғайы (ЕmЬегіzа аигеоlа), Үндіқытайға Батыс Европадан тура ұшып бармай, Шығыс Европа және Сибирь арқылы ұшады, олардың батысқа таралуы да осы жолына сәйкес келеді. Сол сияқты теңіз құстарының көпшілігі (гагар, қайр) қыстауына қайтқанда Евразиялық материктің жағалауымен, алдымен батысқа, немесе шығысқа қарай ұшады, ал одан кейін оңтүстікке қарай ұшады. Бұл құстардың, мұз дәуірі аяқталған соң Евразияның солтүстік жағалауына таралуының нақты бағытын көрсетеді.

ҚҰСТАРДЫҢ ТЕГІ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Құстардың арғы шығу тегі және эволюциясы туралы мәселе тек қана жалпы түрде шешілген. Құстардын. арғы тегі репти-лилер болғаны сөзсіз. Рептилилердің бір бұтағы болып бөлі-ніп, одан ең соңында кұстардың шығуы мезозойдың (триас) бас кезі деп саналады. Диназаврлардың, крокодилдердің бас-қа рептилилердің топтарының арғы ата-тегі болып саналатын құстарға жақын тұрған псевдозухилер (Рsеudоsисһіа) болып саналады. Псевдозухилердің ішінде құстарға морфологиялық жағынан өте ұқсас орнитозухилер (Огпіtһоsисһиs) болған. Олар құстар сияқты артқы аяқтарымен қозғалып жүріп ал-дыңғы қолаяқтарымен қоректерін қармап ұстаған. Құйрығы ұзын, сол сияқты жамбас белдеуінде де, құстардың жамбас белдеуіне ұқсас белгілері болған. Денесінін, сыртын ұзынша қабыршақтар қаптаған. Қабыршақтарының көлденең өсі болады, оның бүйірінен қысқа құстардың қауырсындарына ұқсас қабыршақ кетеді.

Псевдозухилер рептилилердің маманданған бір бұтағы бо-лып саналады. Бірақ, олар құстардың тура шыққан ата-тегі “мес. Құстардың арғы ататектерінің шығу тегін және псевдо-зухилердің шығу тегін ертедегі рептилилерден қарастыру керек. Бұл топтардың эволюциясы алғашқы кезде, ағаштарға өрмелеп жүруден басталуы мүмкін, соның салдарынан, артқы аяқтары қатты заттың бетімен жүргенде денесіне тірек болып, ал алдыңғы аяқтары бұтақтардан ұстап қозғалуға мамандан-ған. Бұдан кейін оларға бір бұтақтан екінші бұтаққа секіретін қабілет пайда бола бастаған. Алдыңғы аяқтарының, артқы жиегіндегі қабыршақтары ұзарып қанаттың қауырсынының алғашқы нұсқасын құраған. Осыған байланысты қазіргі кездегі гоациндардың балапандарының саусақ қанаттарының жәрдемімен ағаштарға өрмелеп шығуын еске түсіруге болады. Ағаштарға өрмелеп жүрудің нәтижесінде, артқы аяқтарының бірінші саусағы, басқа саусақтарына қарама-қарсы арт жағына қарай

203

бағытталып орналасқан. Бұдан әрі қарай даму кезеңінде қа-быршақтарының жиегі кеңейіп, қауырсынға айналған. Бұл да-му процесі алдымен қанаттары мен құйрық қауырсындарынан басталып, бүкіл дене қауырсындарының дамуымен аяқталады. Қауырсынның пайда болуы, олардың ұшуына мүмкіндік беріп қана қоймай, дене жылуының реттелуіне, яғни құстардың “жылы қанды” болуына себепші болған.



Құстардың нағыз тегінід қалдығы әлі табылмаған. Полеон-тологиялық қазбалардың ішінде, рептилилер мен құстардың аралық формасы болатын үш факты бар. Өткен ғасырда юра дәуіріндегі жер қабатынан алдымен қауырсынның таңбасы, соңынан толық екі скелет табылған. Оның біреуін археоптерикс, ал екіншісін соған жақын археорнис деп сипаттаған.

Бұл жануарлардың кұстарға ұқсас белгілері; денесі қауыр-сынмен қапталған, алдыдғы аяқтары өзгеріп, қанатқа айналған, жауырыны қылыш пішінді, бұғаналарының басы бірігіп, екі айрық бір сүйекке айналған, жамбас сүйегінің кұрылысы, артқы аяқтарындағы сирақ пен табан сүйегі және бір саусағы басқа саусақтарына қарама-қарсы аяғының арт жағына орналасқан. Сонымен қатар, бұлардың рептилилерге ұқсас бірсыпыра белгілері: мүйізді тұмсығының, тістерінің болуы, құйрық бөлімінің ұзын 20 шақты омыртқадан тұруы және оның жіңішке болуы, қырлы төс сүйегінің болмауы, бүйір қабырғаларыныд болуы т. б. Алдыңғы үш саусағында жетілген тырнақтары болған, жамбас сүйегі құстардікі сияқты төрт-алты омыртқа арқылы қозғалмалы болып байланысқан.

Археоптерикс пен археорнистің дене құрылысына жасалған талдау, олардың тіршілік әрекеттерінің қандай болғанына бол-жау жасауға мүмкіндік береді. Бұлар ағаштарға өрмелеп,, ағаштан ағашқа секіріп тіршілік еткен, бірақ ұша алмаған ор-ганизмдер. Бұған олардың алдыңғы аяқтарының нашар болуы, төсінде қырлы сүйектің болмауы, сонымен қатар қанат сүйектерінің бетінід тегіс болуы, ұшуға мүмкіндік беретін күшті бұлшық еттід болмағанын көрсетеді. Жамбас сүйектерінің құрылысына қарағанда, олар ұсақ жұмыртқалар салған болу керек. Әлсіз тістері насекомдармен немесе жемістермен қоректенгенін адғартады. Артқы аяқтарыныд және жамбас белдеуінід құрылысына қарағанда жер бетінед гөрі, ағаш-тарда өрмелеп жүріп тіршілік еткен жануар екенін көрсетеді.

Бор дәуіріндегі қалдықтардың ішінен құстардың екі ерекше топтарының: ихтиорнистер (Ісhtуогпіs) мен гесперорнистер-діц (Неsрегогпіs) қалдықтары табылған. Гесперордистер ұшу-ға қабілеті жоқ, су құстары болған. Қанаттары болмаған, ал-дыдғы аяқтары иығының рудименті түрінде ғана болғад. Төс сүйегідід қыры болмаған. Суда жақсы жетілген екі артқы ая-ғының жәрдемімен жүзген. Сырт көрінісі гагарларға ұқсаған. Ихтиорнистер жақсы ұшатын жануарлар болуы мүмкіy, өйтке-

204

ні бұлардың қанат скелеттері жақсы жетілген және кеудесінде



биік қырлы сүйегі, жақтарында тістері болған.

Жоғарыдағы келтірілген фактілерге сүйене отырып құстар-дың арғы тегі, систематикалық жағынан псевдозухиларға жа-қын, ерте мезозойлық рептилилер болуы мүмкін деген қоры-тындыға келеміз. Алғаш олар жер бетінде тіршілік еткен, артқы аяғымен қозғалатын жануарлар болған. Алдыңғы аяқ-тары қармап ұстау қызметін атқарған. Одан кейінгі тіршілігін ағаштарда өрмелеп жүріп өткізген. Ағаштан ағашқа секіру, қалықтап ұшу сияқты әрекеттердің барлығы қанат қабыр-шағының ұзарып жетілуімен байланысты. Бұл қабілетінін, жетілуі ұшуға төселуге әкеліп соққан. Құстардың тіршілігіне қолайлы орта — орман болып саналады.

Ұшуға бейімделумен қатар, құрылысындағы көптеген белгі-лері де жетіле бастаған. Денесін қауырсынның жауып тұруы жылы қанды болуына себепші болған.

Құстар класы (Аvеs)

1-класс тармағы. Алғашқы құстар (Агсһаеогпіthеs) немесе (Sаигигае). Бұған жататын археоптерикс.

ІІ-класс тармағы. Нагыз құстар (Nеогпіtһеs немесе Огпіtһи-

гае).


1.Отряд үсті. Тісті құстар (Ргоtһогпіtһеs).

Бұл отряд үстіне бор дәуірінде тіршілік еткен ихтиорнистер (Ісhуогпіs) мен гесперорнистер (Неsрегогпіs) жатады.

2. Отряд үсті. Қырсыз төстілер (Rаtіtае).

3. Отряд үсті. Пингвиндер (Іmреппеs).

4. Отряд үсті. Қырлы төстілер (Сагіпаtае).

ҚҰСТАРДЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Адамның шаруашылық әрекеттерінде құстардың алуан түр-лі және үлкен маңызы бар. Көптеген түрлерін үйретіп, үй құ-сына айналдырған, бұл әрекетті осы кезге дейін жетілдіріп ке-леді. Ет, жұмыртқа, мамық алу, байланыс мақсатына, әсемдік үшін құстардың жаңа тұқымдарын шығарады. Жабайы құстар-дың — ауыл, орман, балық шаруашылығында, аң аулау кәсібінде және денсаулық сақтауда зор маңызы бар. Құстар-дың экономикалық маңызы өте күрделі, оны механикалық шеше салатын мәселе емес, Бір түрге жататын құстың өзі бір жағдайда пайдалы болса, екінші бір жағдайда зиянды болып саналады. Шаруашылықтың бір түріне пайдалы болған құс, шаруашылықтың екінші саласына зиянын тигізуі мүмкін. Көп-шілік кұстар егін, бау-бақша, тоғайлы және далалы жердегі өсімдіктердің зиянкестері — омыртқасыз организмдерді қырып, пайдасын

205


тигізеді. Орман зиянкестерімен қоректенетін құстарға: сары шымшық, пищухалар, түрлі славкалар, шыбын қаққыштар, түрлі сары шымшықтар, қызыл құйрықтар, малионовкалар, көкектер, жағалтайлар, ешкіемерлер, тоқылдақтар, кішкене торғайлар, жорға торғайлар т. б. жатады. Дала мен шабындық жерлердегі зиянкестермен қоректенетін құстарға- кәдімгі қара торғай, түрлі қаратамақ торғай, боз торғайлар, ақсарылар, көк қарғалар, айдарлы көкектер, кәдімгі және дала бөктергісі, қыр-ғилар, ақ тұмсық қарғалар, ұзақтар, кейбір жерлерде шағала-лар т. б. жатады.

Күлгін қара торғай (Раstог гоsеиs) Орта Азияға, Қазақстанға, Кавказда Төменгі Еділде тараған. Кейбір жылдары Украинада да болады. Ересегі бір тәулікте көптеген жүз насекомдарды жояды. Р. Н. Мекленбурцевтің мәліметі бойынша, Орта Азиядағы қара торғайдың әрбір үйірі, ұялаған кезінде (бір ай-да) 100 мыңдай шегірткелерді құртады. Сонымен қатар жас балапандары жүзім мен шиені жеп зиянын тигізеді. А. Н. Фор-мозов Қазақстанда дала бөктергісінің шегірткелерді жейтінін бақылаған. Оның айтуынша, безгелдек (Місгоtіs tеtгах) таң-ертеңгі уақытта 250 шегірткені жегенін байқаған. Батыс Си-бирьде және Қазақстанда мыңдаран шағалалар, үйректер, қызғыштар және ақ тұмсық қара қарғалар далалық жерлерге шығып, шегірткелермен қоректенеді.

Самырсын құстар (Nисіfгаgа сагуосаtасtеs) самырсын ағаш-тарының көптеген жаңғақтарын жеп, өндірістік маңызы бар жаңғақтың қорын кемітеді. Сонымен қатар бұл құстар көпте-ген самырсын жаңғақтарын мүктердің арасына, топыраққа апарып көміп, самырсын ағашының тұқымының тарауына се-бепші болады.

Құстар ұсақ кемірушілерді жеп, ауыл шаруашылығына үл-кен пайда келтіреді. Көптеген күндізгі жыртқыш құстар және жапалақтар көпшілігінде ұсақ кемірушілермен қоректеніп, оларды қырады. Ұсақ кемірушілермен қоректенетін құстарға кэдімгі жамансары (Виtео bиtео), қорған жамансарысы (Виtео fогах), қыстақ жамансарысы (АгсһіЬиtео lаgориs), құладындар (батпақ жердің құладынынан басқалары), қорган бүркіті (Аqиіlа һеlаіса), дала бүркіті (А. піраlепsіs), кәдімгі бөктергі, дала бөктергігі, күйкентайлар, ителгілер, батпақты жердің жапалағы, құлақты жапалақ және сұр неясыттар т. б. жатады.

Кемірушілер аз болған жылы, бұлардың бірқатары насеком-дармен, рептилилермен, құстармен коректенеді. Кемірушілер көбейіп кеткен жылы ұсақ кемірушілермен тек қана жыртқыш құстар емес, құзгын, сауысқан, құтандар, дегелектер де қоректенеді. Олар кемірушілер көбейіп кеткен жерге топтанып ұшып барып, қырады.

Құстардың зиянды жануарларды құртып, адамның шаруа-шылық әрекетіне пайда келтіретін фактыларды көптеп келтіру-

206

Іге болады. Сондықтан құстарды қорғау және егістік бау-бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштар\ды көбірек егу керек. Бұл жұмысты бүкіл еліміздегі мектеп оқушылары жүзеге асырып, халық шаруашылығына үлкен пайда тигізіп отыр.



Кейбір құстардың пайдасымен қатар зияны да айтарлықтай. Мысалы, ақ тұмсық қара қарғалар көктемде себілген тұқым-ды қазып жесе, жазда қиярды, қарбыз, қауынды, картопты шоқып бүлдіреді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығының зиянкес насекомдарында жеп көп пайда келтіреді. Сол сияқты суық торгайларда балапаны ұшқанша насекомдармен олар-дың личинкаларымен, жұлдыз құрттармен қоректендірсе, олар ұшқасын, күзде дәнді дақылдармен қоректендіріп зиянын тигізеді. Сонымен қатар кейбір түрлері ементұмсықтар мен қара торғайлар шие жемісін жеп үлкен зиян келтіреді.

КӘСІПТІК ҚҰСТАР

Құстардың көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы соншалық-ты үлкен. Жабайы құстарды пайдалану шаруашылығымызға қосымша ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын, немесе қауырсыны бар құс елтірісін береді. Бұл азық-түліктердің ішінде көбірек маңызы бары құс еті болып саналады. Бізде жыл сайын жа-байы құстардың 150 түріне жататын ондаған миллионы ұсталады. Кәсіптік құстардың негізгісі тауық тәрізділер (20-дан артық түрі) мен қаз тәрізділер (50-дей түрі).

Құс аулау кәсібінде тауық тәрізділер бірінші орын алады. Өйткені, олар барлык жерлерге кеңінен тараған, өте көп және олардың еті дәмді болады. Тауық тәрізділердің күзде және қыста бір жерге топтанып жиналуы, оларды көбірек ұстауға мүмкіндік туғызады. Бұл құстар (бөденеден басқасы) барлығы дерлік отырықшы құстар. Сондықтан бүкіл жыл бойы аулауға мүмкіндік болады.

Жабайы құстарды аулауда, қарағайлы және аралас ағашты жерде болатын шілдің маңызы үлкен. Оларды тұзақ құрып үс-тайды, немесе мылтықпен атып алады. Екінші орын алатын, ағашты және ағашты далалы жерде кездесетін шұбар құрлар. Шұбар құрлардың күзде бірнешеуі бір жерге топтанып жүреді. Бұларды тұзақпен және мылтықпен атып, тор және ау құрып ұстайды. Құс аулау кәсібінде үшінші орында тұрған тетерев-косач. “Меңіреу құр” ірі құс болғанымен құс аулау кәсібінде үлкен орын алмайды. Себебі, “меңіреу құрлар” тоғайдың адам бара алмайтын қалың ағашты жерлерінде мекендейді, сондықтан оларды аулау қиынырақ. Құс аулауда ақ кекіліктің маңызы үлкен. Бұларды ағашты — тундралы және ағашты далалы жерлерден тор құрып ұстайды немесе мылтықпен атып алады.

207


СССР-дің орта және оңтүстік аудандарындағы кәсіптік ма-ңызы бар құстар: шіл, қырғауыл және бөдене.

Құс аулау кәсібінде қаз тәрізділер екінші орын алады. Олар- дың ішінде көбірек ауланатын өзен үйректері: қоңыр үйрек, бізқұйрық, сұр үйрек, шөрегей, сүңгуірлер, теңіз чернеті, айдарлы чернеттер, гогольдер, тұрпандар. Басқа түрлерінің етінің дәп нашар болғандықтан сирек ауланады. Тундрада көп ауланатын түрлері — гуменник қаздары, казаркалар, ал Сибирьдің батыстағы ағашты далаларынан сұр қаздар ауланады. Аққуды аулауға тыйым салынған. Қаз тәрізділерді мылтықпен және тормен аулайды. Су құстарын аулау өз мәнінде жүргізілмей келеді. Сибирьдің оңтүстігіндегі, Орта Азиядағы және Қазақстандағы құстардың өте көп болуы болашақта кеңінен аулауға мүмкіндік береді. Шүрегей үйректің мамығы өте бағалы. Ондай мамық жеңіл, жылу өткізуі нашар, әрі серпімді болады. Сондықтан ұйыспайды. Бағалы мамықты бізде Солтүстік Европаның кейбір аудандарынан жинайды. Сонымен қатар Балтық жағалауын, Оңтүстік Украинаны, Еділ өзенінің төменгі ағысын, оңтүстік Сибирьде және Орта Азияда ұялайтын ала үйректің де мамығы жиналады. Ала үйректер адамға тез үйір болады да, жерге қолдан жасалған ұяларға жұмыртқалай береді.

Кейбір құстардың терісі қалың болады. Ондай құстардың қауырсыны мен терісін сылып алып, илеп, түрлі киімдер — бас киім, муфта тігеді. Олар әрі жеңіл, әрі жылы болады. Аққулар-дың терісінен ұзын қанаттарын жұлып тастайды, ал шүрегей, ала үйректердің қанат қауырсындарымен илеп, бұйымдар жа-сайды. Бұл теріні “құс елтірісі” деп атайды.

Жабайы құстардың жұмыртқасын (әсіресе қаздар мен үйректердің) пайдалану ертеден келе жатыр. Бірақ, бұл кәсіптік құстардың азайып кетуіне себеп болады. Тек қана қайрлардың жұмыртқасын пайдалануға болады. Өйткені олар топтанып бір жерге — “құс базарында” жұмыртқалайды. Қайрлардың жұмыртқасын алғаш туа бастағанда, яғни алын-ған жұмыртқаны қалыптастыра алатын кезде ғана жинап алады. Кейінірек ондай қабілет қайрларда болмайды.

Құс аулау кәсібін өркендету үшін, құстарды аулау ғана емес көбейту шаралары да қолданылады. Сондықтан да, құстарды жыл маусымының белгілі бір уақытында ғана аулап, көбею ке-зінде жылдың басқа маусымдарында аулауға тыйым салынады. Құстардың көбірек ұялайтын және қыстайтын жерінен қорықтар ұйымдастырылады. Кейбір құстардың тарауына жағдайлар туғызылады. Мысалы, ағаш отырғызылған далаларға қырғауылдарды жерсіндірген т. б.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет