С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


ІІІ-тип тармағы. БАС СҮЙЕКТІЛЕР НЕМЕСЕ



жүктеу 4.11 Mb.
бет2/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

ІІІ-тип тармағы. БАС СҮЙЕКТІЛЕР НЕМЕСЕ

ОМЫРТҚАЛЫЛАР (Сгапіаtа немесе УегtеЬгаtа)

Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстырғанда омыртқа-лылардың құрылысы анағұрлым күрделі болады. Омыртқа-лылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге барып, қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге әрекет етеді. Омыртқалылардың тіршілік етуде түрлі жағдайларға бейімделуі, олардың морфологиялық және физиологиялық өзгешеліктеріне байланысты; мысалы, олардың бас миы жақсы жетілген. Соншашалықты жетілген сезім органдарының денесін қозғайтын аяқтарының, күрделі ауыз аппаратының, сүйек скелетінің, жүрегінің және бүйректерінің болуы, омыртқалылардың эволюциялық даму сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.

Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі, сезім мү-шелері, әжептәуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының болуы сияқты ерекшеліктер бір-бі-рімен тығыз байланысты дамиды. Аталған органдар дұрыс қызмет ету үшін скелет керек. Скелет сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Скелет денеге тірек болып, желбезек аппараттарын және аяқтарын бекім ұстайды. Осы қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы, ми сауыты мен висцеральдық скелеттер және аяқ скелеттері пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік ету әрекеті жоғарылай бастайды. Денесінде, зат алмасу күшейе түсуіне байланысты, денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі.

Омыртқалыларға мына төмендегі кластар жатады: дөң-гелек ауыздылар (сусlоstотаtа), балықтар (ріsсеs), қос мекенділер (аmрһіЬіа), бауырымен жорғалауіііылар (герtilіа)„ құстар (ауез), сүт қоректілер (mаmmаlіа).

16'


1-класс. ДӨҢГЕЛЕҚ АУЫЗДЫЛАР

(Сусlоstоmаtа)

Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен,тіршілік әрекетіне қарағанда, олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардың ерекше тармағына жатқызады.

Дөңгелек ауыздылардың аяктары мен жактары болмайды. Мұның өзі олардың құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараты эндодермадан пайда болған жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты, сорғыш воронка-ларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады, терісі жалаңаш, бірақ оның бездері соншалықты көп болады.

ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сыртқы көрінісі. Денесі балықтардың денесі сияқты ұзын және үш бөлімнен: бас, көкірек және құйрық бөлімдерінен тұрады, аяқтары болмайды. Құйрық қанаттары сыртқы және ішкі құрылысына сәйкес симметриялы орналасқан, оларды протоцеркальды деп атайды. Жиектері өскіншектерімен шашақталған басының алдыңғы жағында сорғыш воронкасы бар. Мүйізді тістері воронканьщ ішіндегі етті тілдің ұш жағына орналасқан. Эпидермисті, жалаңаш терісінде безді клеткалары көп болады және олар тері үстіне көп шырын шығарып тұрады. Миногаларда дара танау тесігі екі көзінің аралығына, басының үстіне таман, ал миксиндерде басынын, алдыңғы жағына орналасады. Аналь және зәр — жыныстық тесіктер кеуде мен кұйрық бөлімінің шекарасында орналасады да сыртқа ашылатын әрқайсысының жеке жолдары болады.

Денесінің арқа және құйрық жағындағы еттері карапайым құрылысты болады. Олар қабат-қабат болып жатқан миомер-лерден құралады, ал миомерлер өз ара жабын дәнекер миосепталар арқылы жіктеліп тұрады. Желбезек қапшықтары, ауыз воронкасы мен тіл сақиналы еттерден құралады. Ет системасының көпшілігі жақсы жетіліп жіктелмеген, бұл олардың құрылысының аса күрделі

17

Тұлға мен құйрық бөлімдерінің скелеті негізінен хордадаи тұрады. Хорданың сыртын және оның үстінде орналасқан нерв түтігін дәнекер тканьнен тұратын қалың кабық қаптап тұрады. Бұл дәнекер тканьдерінде омыртқаның, жоғарғы доғасының алғашқы нұсқасы болатын көптеген жұп шеміршектер орналасқан. Осы шеміршектердің хорданың жоғарғы жиегіне жалғасуы нәтижесінде қуыс пайда болады, осы қуыста жұлын жатады.



Бұларда ми сауытының құрылысы да қарапайым болады. Ол мидың астыңғы жағында төселіп жататын шеміршек плас-тинкасынан ғана тұрады. Осы пластинканың ортасындағы тесі-гінен гипофиздік өсінді өтеді. Бұл пластинканың бүйіріне шеміршекті есту капсуласы жалғасады, ал алдыңғы жағында шеміршекті иіс капсуласы жатады. Демек, дөңгелек ауыздыларда ми сауыты әлі жоқ, мидың үстіңгі беті жарғақпен қапталып тұрады.

Миногалардың висцеральдық скелеті жіктелмеген тоғыз желбезек доғасынан тұрады, олар өз ара төрт шеміршек тяжімен байланысады. Осы айтылған шеміршектер системасына арт жағынан шеміршекті жүрек қалтасы жалғасады. Желбезек коробкасының алдыңғы жағынан екі ұлтарақ тәрізді шеміршектер мен көз асты шеміршектері жалғасады, олар түрі езгерген желбезек доғалары болып саналады. Миксиндердің желбезек коробкасы жетілмеген, ол тек қана алғашқы нұсқасы түрінде ғана болады.

Ми сауыты мен висцеральдық скелеттің негізгі ерекшелікте-рі: жақтың, ми сауытының болмауы, желбезек доғасының жік-телмеуі және ауыз воронкасында күрделі шеміршекті система-сының болуы т. б. жатады.

Ас қорыту органдары — воронкадан, тілден, жұтқыншақтан және ішектен құралады. Ауыздың алдыңғы жағында ішінде мүйізді тістері бар воронка орналасқан. Етті тілінде де тістері болады. Воронканың түбінде жатқан ауыз қуысы жұтқыншақ-пен жалғасады. Жұтқыншақ екі тарамға бөлінеді: жоғарғы тарамымен қоректік заттар ішке қарай кетеді де, ал төменгі тарамы тұйықталып, желбезек қапшықтарымен байланысады. Қарыны дамымағандықтан өңеш бірден ішекке келіп жалғасады, олардың түйіскен жерінде клапаны болады. Ішек-тер бөлімдерге бөлінбегендіктен құрышталмайды. Ішектердің ішінде винт тәрізді қатпарларының, спираль тәрізді клапанда-рының болуы ішектің сіңіру бетін ұлғайтады да, тамақтың ішек қуысынан өтуін баяулатып, оның толық корытылуына себепші болады.

Ішектің алдыңғы бөлімінен бауыр дамиды, ал ұйқы безі же-тілмеген.

Желбезек аппараты. Денесінің ұзына бойына бас бөлімінің екі жағынан 7 пар желбезек тесіктері ашылады. Осы тесіктерді қуалай желбезекті ішіне қарай жарып қарағанда, онда

18

көптеген желбезек пластинкаларынын. болатынын байқауға болады. Осы пластинкаларда қан тамырының торы құралады. Желбезек қапшығынық екінші жағындағы ішкі желбезек жол-дары жұтқыншаққа барып жалғасады. Дөңгелек ауыздыларда ғана желбезек аппараты энтодермальдық қабаттан пайда бо-лады, ал басқа желбезекпен тыныс алатын омыртқалылардың желбезек аппараты эктодермадан дамиды.



Тыныс алғанда су желбезек тесіктерінен желбезек қапшық-тарына еніп, ал тыныс шығарганда осы жолмен қайта шығары-

лады.


Желбезек қапшықтары 5-тен 15-ке дейін болады.

Қан айналу органдары. Дөңгелек ауыздылардың қан жүретін органдарының құрылысы ланцетниктікіндей болады. Бірақ олардың екі камерадан (жүрекшеге, қарынша) тұратын жүрегі болады. Жүрекшеге жұқа қабырғалы веноздық синус (вена қолтығы) жалғасады, оған барлық вена тамырлары қосылады. Құрсақ қолқасынан 8 пар қан алып келгіш желбезек артериясы кетеді. Олар желбезек аралықтарына барады. Әрбір артерия бүтін желбезек қапшығын қанмен қамтамасыз етпейді, ол екі желбезек аралық қатпарға қан алып келеді, анығырақ айтканда, алдыңғы желбезек қапшығының артқы жартысына және одан кейінгі желбезектің алдықғы жарты-сына қан жеткізеді.

Қанды алып кететін желбезек артериялары қолқаның дара түбіріне келіп құйылады, одан алға карай ұйқы артериялары кетеді де ал қолқа түбірі артқа созылып, негізгі арқа қолқасы болып есептеледі. Арқа қолқасы хорданың астымен қуалай отырып, дененің артқы бөлімдеріне артерия қанын таратады. Вена қаны бастан шықшыттың қос веналарымен келіп вена қуысына құйылады. Дененің артқы бөліміндегі вена қаны артқы қос кардиналдық веналарымен келіп, осы вена қуысына құйылады. Ішектерден жиналған вена қаны ішек асты вена мен бауырға келіп, мұнда қан айналуының қақпалық системасы пайда болады. Бауырдағы қан бауыр венасымен келіп вена қуысына құйылады. Бүйректе қан тамырларының қақпалық системасы болмайды.

Нерв системасы. Дөңгелек ауыздылардың миы бес бөлімнен:алдыңғы (tеlепсерһаlоп), аралық (dіепсерһаlоп), ортаңғы (mеsепсерһаlоп), мишық (mеtепсерһаlоп), сопақша мидан (mуеlепсерһаlоп) тұрады. Әсіресе алдыңғы ми және мишық басқа омыртқалылардың миынан кішірек. Көрсетілген ми бөлімдері бір тегістікте орналасқан, ал жоғарғы дамыған омыртқалылардікі секілді олардың иректері болмайды. Ми қақпағында нервтік заттар болмайды, ол дерлік эпителиядан тұрады. Аралық мидың үстіңгі жағында көру төбешіктері мен эпифиз, ал оның төменгі жағында ми воронкасымен гипофиз орналасқан.

19

Мидан 10 пар нерв тарайды. Жұлын нервтері екі түбірлі бо-лып (арқа және құрсақ) кеткенімен, бұлар басқа омыртқалы-лардың нервтері сияқты бір-бірімен косылмайды, сондыктан ондай нерв аралас нерв болмайды.



Сезім органдары — өте қарапайым. Есіту органы ішкі құлақтан ғана тұрады. Көздері де нашар жетілген. Миногала-рының қасаң қабығы жетілмеген, ал миксиндердің паразиттік тіршілігіне байланысты көздері өте нашар жетілген. Иіс орга-ны дара болғанымен иіс нервтері жұп болады. Иіс қапшықша-сының түп жағынан іші қуыс өсінді шығып, мидын, астынан хорданың бастамасына дейін созылады. Бұл өсіндінің атқаратын қызметі толық анықталмаған. Шамалы ғана ойыстанған бүйір сызығының түбінде кезеген нервтің ұштары жатады.

Зәр шығару органдары — мезонефрикалық (теsоперһгоs) бүйректерден құралады. Бұлардың алдыңғы бөліміне пронефростың (ргоперһгоs) қалдықтары жалғасады. Зәр заттарын шығару түтігінің қызметін вольфов каналдары атқарады. Бұл каналдар зәр-жыныс қуысына барып ұштасады.

Жыныс бездері — дара, олардың арнаулы түтіктері болмайды. Жыныстық клеткалар — гонаданың қабырғасын жарып, денесінің ішіне құйылады. Одан арнаулы тесіктер арқылы зәр-жыныс қуысына құйылып, зәр-түтік өзегі арқылы сыртқа шығарылады. Миксиндер қос жынысты болады (гермафродит).

ДӨҢГЕЛЕК АУЫЗДЫЛАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ

МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ

Қазіргі тіршілік ететін дөңгелек ауыздылар екі отрядқа бө-. лінеді.



МИНОГАЛАР (РЕТКОМУZОNІҒОКМЕS)

Миногалар миксиндерге қарағанда паразиттік тіршілік етуге аз бейімделген. „

Ұрықтанған жұмыртқалардан, ересек миногаларға ұқсамай-тын құмқазғыш деп аталатын личинка шығады. Личинканың тұтасып жатқан жүзгіш қанаттары болады. Олардың арқасы-нан құрсақ бөліміне қарай қанаты бар екендігі байқалады. Ар-наулы тыныс түтігі жоқ. Желбезек қапшықшалары жұтқыншақ ішіне ашылады. Жұтқыншағының құрсақ жағындағы бөлімінде безді түктермен қапталған ойысы бар, бұл ланцетниктегі эндо-стильдің қызметін атқарады. Бауырында өті болады, көзі тері-сінің астына жасырынған. Миы басқа органдарымен салыстыр-ғанда үлкенірек деуге болады. Құмқазғыш кейбір белгілерінін, болуына қарағанда (эндостильдің болуы), тіршілік ету тәсілде-

20

рі жағынан да жалпы алғанда ланцетниктерге ұқсайды. Құм-қазғыштар көпшілік уақытта топырақты қазып, сонын, ішінде жатады. Олар әдетте ересек миногаларға 2—5 жылдың ішінде



айналады.

Бұл отряд бір тұқымдастан (реіготуzопісіае) және жеті туыстан құралады. Миногалар — барлық суларда тіршілік ете-

тін-космополиттер.

Теңіз миногасының (реtгоmуzоп maчiпиs) ұзындығы 50— 100 см. Бұлар Атлантика мүхитының теңіздерінде кездеседі. Теңізде тіршілік етеді, ал уылдырық шашу кезінде өзенге шығады. Олар теңіздің түрлі тереңдіктерінде тіршілік етеді, кейде олар-ды 500 м терендіктен де кездестіруге болады. Көпшілігінде балықтармен және су түбіндегі омыртқасыздармен (4-сурет) қоректенеді. Теңіз миногалары уылдырығын көктемде шашады. Уылдырықтарын су түбін қазып, шұңқыр жасап салады. Кәсіптік маңызы аз.



4 - с у р е т. Үстіңгі теқіз миногасы, астыңры өзен миногасы.

Өкілдері: Каспий (саsріотуzоп wаgпегі) және өзен (Іатреіга fһvіаtіlіs ) миногалары болып саналады. Каспий миногасы Каспий теңізінде тіршілік етеді де, уылдырық шашу үшін сен-тябрьден бастап декабрь айына дейін Еділ, Жайық, Кура, Терек өзендеріне шығады. Теңізден өзенге шыру кезінде үйір-үйір болып, өзен ағысына қарсы жоғары қарай, бірнеше жүз километр өрістеп көтеріледі. Уылдырық шашуы март айында басталып, июнь айында аяқталады. Уылдырықтарын су түбіндегі топырақтан жасалған арнаулы шұңқырларға салады. Уылдырық шашуға шыққан миногалар қоректенбейді, ал уылдырық шашып бол-

21

ған соқ олардың барлығы қырылып қалады. Каспий миногасы-ның кәсіптік маңызы үлкен.



Өзен миногасының (Іаmреtга flиvіаtіlis) денесінің ұзындығы 40 см-дей болады. Бұлар Европа мен Азияның солтүстігінде жә-не Солтүстік Америка теңіздерінде кездеседі. Уылдырығын өзенге барып шашады. Олардың уылдырық шашу кезіндегі пайда болған тобы май айында теңізден шығып, Нева езеніне июнь айына дейін келіп жетеді, июнь айының аяғында уылдырық шашады. Уылдырық шашуға келе жатқан миногалар қоректенбейді, сондықтан олардың ішектері шөжіп кетеді. Көктемгі уылдырық шашу процесінен басқа, күзде де уылдырық шашу процесі байқалады. Бұл жағдайда миногалар өзенде қыстап шығады да, келесі жазда уылдырығын шашады. Өзен миногаларыньщ Каспий миногасына карағанда кәсіптік маңызы аз.

Бұлақ миногасы (Іаmреtга рlапегі) ұзындығы 30 см-ге жуық, Европа өзендерін мекендейтін, ешуақытта теңізде кездеспейтін жануар. Уылдырығын май айында шашады, уылдырығын шашып болғасын қырылып қалады. Кәсіптік маңызы жоқ.

2-отряд. МИКСИНДЕР (МУХІNІFОRMЕS)

Балықтардың уақытша паразиті миксиндер болып есептеле-ді. Бұлардың паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір орган-дары нашар дамыған да, ал кейбір органдары паразиттік тірші-лікке икемделіп маманданған.

Миксиндердің арқа қанаттары болмайды, нашар дамыған көздері тері астында жатады, көз хрусталигі болмайды. Құлағының жартылай шеңбер қуысы біреу-ақ. Миы, оның алдыңғы және мишық бөлімдері жақсы жіктелмеген. Омыртқа жотасының құйрық бөлімінде ғана омыртқаның жоғарғы доғасының нұс-қасы бар.

Ауыз воронкасының жиегінде 4 пар қармалағыштары, тілі-нің үстіңгі жағында мүйізді тістері болады. Көпшілігінде жел-безектерінің сыртқы тесіктері бірден сыртқа ашылмай, желбезек қапшықшаларының арт жағынан қашығыраққа ашылатын әр-бір бүйірінде болатын каналға ашылады. Олардың мұндай ерекше құрылыста болуы, балықтың денесіне тереңірек еніп кеткеннің өзінде де тыныс алуына мүмкіндік береді, өйткені иіс сезу капсуласы ерекше қуыс арқылы жүтқыншақпен байланы-сады да, ылайға көміліп, тұмсығы ғана шығып жатқан организмнің тыныс алуына жағдай жасалады. Желбезек тесіктерінің саны 5—45-ке жетеді.

Миксиндер қос жынысты организмдер. Жүмыртқалары үлкен, 20 мм жетеді. Жұмыртқаларыйың сыртын мүйіз тәрізді капсула қаптап жатады 'да сонымен к,атар ұшы ілмекті жіпше-лері болады. Миксиндер 20—30 жұмыртқа, ал миногалар 20— 30 мыңға дейін жұмыртқа салады.

22

Миксиндер — Атлантика, Тынық және Индня мұхиттарында таралған жануарлар. Кәдімгі миксиндер көбінесе тереңдігі 20— 50 метрге жететін су жағасына жақынырақ жерде кездеседі, ал кейде 500—1000 м тереңдіктен де кездестіруге болады (5-сурет).



Миксиндер көбінесе балықтардың желбезектері арқылы іші-не кіріп, олардың терісі меи скелеттерінен басқасының барлы--ғын жеп қоректенеді. Көбінесе ауға, қармаққа түскен балықтарды жеп, зиянын тигізеді. Миксиндердің кәсіптік маңызы жоқ.

2-класс. БАЛЫҚТАР (РІSСЕS)

Дөңгелек ауыздылардан балықтардың ерекшелігі олардың аузында қозғалмалы жақтары болады. Міне, сондықтан да ба-лықтарды алғашқы жақтылар деп атайды.

Дөңгелек ауыздылармен салыстырғанда, балықтардың ерекшеліктеріне; біріншіден, балықтардың қозғалмалы жақтарының болуы; екіншіден, көкірегінде және құрсағында қозғалыс органы қос қанаттарының; үшіншіден, иіс сезімі және танау тесіктері жұп болуы; төртіншіден, желбезектерінің жапырақшаларының, эктодермадан пайда болуы; бесіншіден, балықтардың денесінің қабыршақтармен қапталуы т. б. жатады.

Балықтар қоректерін активті түрде іздеп тауып ұстайды, тез қозғалып ортаны бағдарлап әрі оған бейімделе алады.

Қазір балықтардың 20 мыңға жуық түрі белгілі.

Балықтардың түрінің көп болуы оларға жалпы сипаттама беруге қиындықтар туғызады. Сондықтан да балықтарға толық. сипаттама беру үшін оларды екі топқа бөліп қарастырамыз: бірінші — шеміршекті балықтар; екінші — сүйекті балықтар.



23

1-топ. Шеміршекті балықтар (Сһоndгісһtуеs)

Шеміршекті балықтар — осы заманда тіршілік ететін балық-тардың ішіндегі скелеті шеміршектен тұратын қарапайым құ-рылысты организмдер болып есептеледі.Желбезек тесіктерінің аралықтары жалпақ перделермен бөлінеді де, олар көпшілік жағдайда денесінің сыртқы бетіне келіп ашылады. Желбезек қақпақшалары болмайды. Сыртқы қабыршақтарының құрылысы күрделі емес. Жүзу торсылдақтары жоқ.

Шеміршекті балықтар екі класс тармағына бөлінеді. 1-тақта желбезектілер (еІаsmоЪгапсһіі) және 2-бүтін бастылар, немесе химерліктер (һоіосерһаіі).

1-класс тармағы. ТАҚТА ЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР

(ЕLАSМОВRАNСҺll)

Тақта желбезектілер екі отрядқа бөлінеді: акулалар (sе- Іасһоideі) және скаттар (Ьаtоideі).

Тақта желбезектілердің қабыршақтары плакоидты, әрбір сыртқы желбезек тесіктері денесінің •сыртқы бетіне келіп, өз алдына жеке сыртқа ашылады. Басының тұмсық жағында — рос-, трум деп аталатын өсінді болғандықтан ауыз басының астыңғы жағына көлденең саңылау .түрінде орналасқан.

Акулалардың денесі ұзынша, ұршық тәрізді болады. Басы-ның екі бүйір жағында 5—7 желбезек саңылаулары бар. Көзі-нің арт жағында жұтқыншақпен жалғасатын екі тесікті көруге болады. Оларды брызгальцелер деп атайды. Брызгальцелер жақ пен тіл асты доғасының арасындағы желбезек сақылауларының жұрнағы болып саналады. Денесінің бауыр жағында құйрығының түбінде клеткасы болады. Құйрық қанатының жапырақшалары бір келкі емес. Мысалы, үстіңгі жапырақшасы үлкен де, ал астыңғысы — одан кіші. Сондықтан оны гетероцеркалдық құйрық қанаты деп атайды.

Көкірегі мен құрсағында горизонталь орналасқан қос қанат-тары болады. Еркектерінің құрсагындағы қос қанатының ішкі жағынан саусақ тәрізді өсінділер пайда болады, олар шағылыс органдарының қызметін атқарады.

Скелеттері өмір бойы шеміршекті болады. Скелеті омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омырткаларын дене және құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Омыртқа денесі алдыңғы, артқы жағынан да ойыстанады және қатар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда болған қуысында хорда сақталады (амфицельдік омыртқалар). Сонымен катар хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де сақталған. Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір жағынан қоршап тұрады.

24


Бас сүйегі — ми сауытынан, сезім органдарының капсуласы-нан және рострумнан құралған Ми сауытының төбесі шемір-шекпен қапталған. Демек, осы шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы жарғақпен қапталған. Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз омыртканың бас сүйегімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі пайда болады.

Бас сүйегінін, алдыңры бөліміяен тараған үш шыбық тәрізді шеміршектерден рострум құралады.

Желбезек, тіл асты және жақ доғаларынан висцеральдық скелеттің негізі құрылады (6-сурет).

6 - с у р е т. Акуланың бас сүйегі



1 — мұрын капсуласы, 2 — тұмсық өсіндісі (рострум), 3 — көз ұясы, 4 —шүйде капсуласы, 5 —таңдай шаршы шеміршегі, 6— меккелев шеміршегі (төменгі жақ), 7 — ерін шеміршектері, 8 — гиомандибуляре, 8 — гионж, 19 —желбезек доғалары

Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады. Бірінші — аяқтарға ті-реу болатын белдеу, екінші — бос төменгі бөлімінің скелеттері. Алдыңғы аяқтардың яғни көкірек қанаттарының белдеуі қалың ет қабатында жатады және ол қанатгарына тірек болады. Бұл белдеу бір ғана шеміршек доғасынан тұрады. Қанаттары бір жақ ұшымен белдеу бөлімше бекісе, ал екінші ұшы денесінің сыртында болады. Белдеу доғасынын, дөңес беті құрсақ жағына қарай бағытталған, демек, белдеу қаңқасы ет қабатына берік орналасқан. Бұл доғаның әрбір жартысының (оң, сол) орта жерінде дөңесі бар. Кеуде қанаттарының ішкі ұштары осыған келіп бекиді. Көрсетілген дөңестің үстіңгі бөлімін — жауырын, астыңғысын — каракоид деп атайды.

Алдыңғы қос қанатының скелеті үш бөлімнен тұрады. Қана-тының түбінде үш шеміршек болады. Оның иық белдеуіне беки-

25

тін бөлімін — базалилар деп атайды. Базалилардың екінші ұшына шыбық тәрізді шеміршек радиалиялар бірнеше қатар болып орналасады. Радиалияларға ұзын және жіңішке, серпі-лімді тері тектес бір-біріне бірігіп жатқан жіпшелер тіркеседі.



Артқы аяқ яғни құрсақ қанаттарының белдеуі клоаканың алдыңғы жағында денесіне көлденең орналасқан дара шемір-шектен тұрады. Құрсақ қанатының скелетінде бір немесе екі базалиялар ғана болады. Олардың сыртқы жиектеріне радиалиялар орналасады.

Дара қанаттардың скелеті радиалиялардан және серпілімді жіпшелерден құралады.

А с қ о р ы ту органдары. Ауыз қуысын қоршап тұратын жақтарында ірі тістері болады. Ауыз қуысы желбезек саңы-лауларын аралап өтіп, жұтқыншаққа жалқасады. Жұтқыншақ-қа желбезектер саңылауларының жұрнақтары брызгальцелер ашылады. Қысқа өңеші доға тәрізді иілген қарынға ашылады, ал қарыннан ары қарай қысқа аш ішек кетеді. Шажырқайда ұйқы безі жатады. Тоқ ішегі жуандау ішінде спиралды қақ-пақшалары болады. Қақпақшалар ішектің ішкі ас қорыту бетін ұлғайтады, астың жайлап қозғалуына, толық қорытылуына әсер етеді. Екі бөлімнен тұратын бауырында өті болады. Өт жолы осы ішектің алдыңғы бөліміне ашылады (7-сурет). Көк бауыр қарынның иілген жағында жатады.

Т ы н ы с о р г а н д а р ы. Әрбір желбезек саңылауларының бір ұшы жұтқыншақка, ал екінші ұшы денесінің сыртына ашы-лады. Желбезек тесіктерінің әркайсысының аралықтары жалпақ желбезек перделерімен бөлінген. Желбезек перделерінің қалың қабатында шеміршекті желбезек доғалары жатады. Желбезек саңылауларының алдыңғы және артқы қабырғаларына желбезек жапырақшаларының орналасуы нәтижесінде желбезектер пайда болған. Желбезек жапырақшалары шеміршекті балықтарда эктодермадан пайда болады.

Қан айналу системасы. Шеміршекті балықтардың жүрегі екі камерадан: жүрекше мен қарыншадан тұрады. Жүрекшеге кең, қабырғасы жұқа вена қаны құйылатын веноздық қуыс (синус) жалғасады. Қарыншаға — артериалдық конус жалғасады. Артериялық конус жүрек қарыншасының бір бөлімі болып саналады. Артериялық конус сырт жағынан карағанда құрсақ қолқасының түбіріне ұқсайды.

Артериялық конустан құрсақ қолқасы басталады Құрсақ қолқасынан желбезекке бес пар желбезек артериялық доға ке-теді.

Желбезек жапырақшаларына дейін қан алып келген арте-рияларды қан алып келуші, ал желбезектен тотыққан қанды денеге алып кетуге бағытталған қан артериялары алып кетуші артериялар деп аталады. Бұл желбезек артериялары қолқа түбіріне келіп қосылады, Екі жағындағы (оң және сол) қолқа тү-

26

7 - с у р е т. Акуланың ішкі құрылысы:

/ — еркегі; // — ұрғашысы:

I — танау тесігі; 2 — қалқан без; 3 — желбезектер; 4 — желбезектің алып келуші артериясы, 5 — артериальды конус; 6 — жүрекше; 7 —қарынша; 8 — вена қолтығы; 9 —бауыр; 10 — өт; 11— бауырдың қақпа венасы; 12—• қақпа веналарының қарынға тараған бұтақтары; 13 — қарын: 14 — шарбы; 15—ұйқы безі, 16 — талақ; 17 — қарынның пилорикалық бөлімі; 18 — ішінде спиральдары көрсетілген тоқ ішек; 19 34 — тік ішек; 20, 37 —.жарып көрсетілген клоака; 21, 33—бүйрек; 22—аталық безі; 23 — тұқым жолы; 24 — тұқым қалтасы; 25 — тік ішек безі; 26 — несеп-жыныс өсіндісі; 27 — құрсақ тесігі; 28 — шағылыс органы; 29 — жұмыртқа жолы воронкасы; 30— өңеш кесіндісі; 31 — жұмыртқа жолы; 32 — аналық безі; 35 — жатын; 36 — несеп жолының тесіп; 38 — несеп түтікшесі.

бірлері қосылып — жалпы арқа қолқасын құрайды. Қолқа гү-бірінің алдыңры бөлімінен, бас бөліміне ұйқы артериялары та- райды. Арқа қолқасы денесінің артқы бөліміне қарай бағытта-лып, одан ішкі органдарға қан тамырлары таралады (8-сурет).

27

8- с у р е т. Акуланың қан айналу схемасы: (ақ сызықтармен артериялар, қара сызыкпен веналар көрсетілген):



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет