С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


-отряд тармағы ТІССІЗ НЕМЕСЕ МҰРТТЫ КИТТЕР



жүктеу 4.11 Mb.
бет21/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

2-отряд тармағы ТІССІЗ НЕМЕСЕ МҰРТТЫ КИТТЕР

(МUSТАСОСЕТІ)

Бұлардың негізгі өзгешелегі тістері болмайды. Таңдайынын, екі жағына тізіліп орналасқан мүйізді пластинкалары болады. Бұларды “кит мұрты” деп атайды. Ол сүзгі аппараттың қызметін атқарады. Бұлардың көпшілік түрлері планктонды омыртқасыздармен, сирек болса да балықтармен қоректенеді. Мұртты киттер — барлық мұхиттарға тараған, бірақ суық теніздерде көбірек кездеседі. Әрқашан миграциялап отырады. Солтүстік жарты шарда киттер қьгсты тропикалық суларда өткізеді де, жазда солтүстікке қарай ауысады, өйткені, бүл кезде солтүстік-

247


те планктондар көп болады. Күзде қайтадан оңтүстікке ауыса-ды. Оңтүстік жарты шарда да осындай миграция байқалады. Киттердің бір жарты шардағы сулардан екінші жарты шарда-ғы суларға миграция жасайтыны байқалған.

Тіссіз киттердің он шақты түрі белгілі. Олардың көпшілігі өте ірі болады. Мысалы, жасыл киттің (Ваlаепорtега тизсиіиз) ұзындығы 33 м, салмағы 160 тонна болады. М. М. Слепцовтың мәліметіне қарағанда бұл киттің салмағы 25 пілдің немесе 150 өгіздің салмағына тең. Жүрегі 600—700 кг, денесіндегі қаны 8000 л, яғни 8—9 т болады. Ішегінің ұзындығы 300 метрдей, қарнының сыйымдылығы 3000 л болады. Бала емізіп жүрген мұндай кит күніне 200—300 литрдей сүт береді. Бір тәулікте көк кит 4—5 т шаян тәрізділерді немесе балықтарды жейді.

Тіссіз киттердід кәсіптік маңызы үлкен. Бұлардың майы, мұрты және терісі пайдаланылады. Етімен ішкі органдарынан тук деп аталатын жем даярлап, малға береді. Совет Одағында кит Қиыр Шығыста және Арктикада ауланацы.

ІІ-отряд. ДАМАНДАР (НУRАСОIDЕА) А

Дамандар систематикалық жағынан тұяқтыларға жақын, ұсақ жануарлар. Алдыңғы аяғында төрт, артқы аяғында үш саусағы және тұяғының рудименті болады. Шошақ тістері бол-майды. Күрек тістері үлкен, өне бойы өсіп тұрады. Олар үйірі-мен жүретін, өсімдіктермен қоректенетін жануарлар. Бірқата-ры тау етегінде, далалық жерлерде, басқалары орманда тіршілік етеді. Дамандар Сирияға, Палестинаға, Аравияға, Орта және Оңтүстік Африкаға тараған.

12-отряд. ЕТ ТШСЫҚТЫЛАР НЕМЕСЕ ПІЛДЕР



(РRОВОSСІDАЕ)

Пілдер — үшінші дәуірде сан жағынан да көп болған және кенінен тараған сүт қоректілер. Қазір бұлардың екі түрі ғана сақталған. Бұлар жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың, ең ірісі. Негізгі ерекшелігі — үстіңгі ерніне бірігіп біткен ұзын ет тұмсығы (хобот) болады. Ет тұмсығынық түбінде тірек болар-лық шеміршегі болады, ал ет тұмсығынын, қалған бөлімі тері мен еттен құралады. Пілдер — ет тұмсықтарымен заттың иісін біледі, сезеді және орап ұстайды. Аяғында аздап тұяғы бар бес саусағы болады. Терісі қалың және осы заманда тіршілік ететіндерінің терісінде жүні болмайды. Тіс системасында ерекшелік бар. Мысалы, бивни деп аталатын күрек тісі жақсы жетілген, ұзын болып аузынан шығып тұрады.

Бивнилері өмір бойы өсіп тұрады. Азу тістер біртіндеп шы-ғады. Әрбір жақ сүйегінде тек қана бірден азу тісі болады. Мо-қалып тозған тістерінің орнын жаңа тістері басып отырады. Шошақ тістері болмайды.

248


Пілдер — 70—80 жыл жасайды, 10—16 жаста жыньгс орган-дары жетіледі. Зоопарктерде қолға үйреткен пілдердің көбеюі өте сирек кездеседі. Үнді пілдерінің Москва зоопарігінде бірне-ше рет көбейіп, тұқым бергені туралы фактілер бар.

Үнді пілдерінің (Еіерһаs mахіmиs) еркектерінде ғана бивни-лері болады. Құлақ қалқаны үш бұрышты болып, денесінің артқы жағына қарай қисайып жатады. Денесінің биіктігі 3 метр-дей болады. Бұлар Үндістанның, Цейлонның, Суматраның және Барнеоның ормандарында кездеседі. Қолға тез үйренеді, бірақ қолда үйренгендері көбеймейді.' Африка пілінің (Lохосіоп аігісаnbs) ерекшелігі, олардың биіктігі 3,5 м болады да, құлағы салбырап тұрады. Еркегіннің де, ұрғашысының да бивнилері болады. Олар Тропиктік Африкаға тараған. Қолға тез үйренбейді.

Мұз дәуірінде тіршілік еткен мамонттар (Еіерһаз ргіmідепіиs) — систематикалық жағынан үнді пілдеріне жақын жануарлар. Сибирьдің солтүстігінде өмір бойы қатып жатқан жер қабаты-ның астынан мамонттардың бивнилері мен денесінің қалдықтары табылған.

13-отряд. СИРЕНДЕР (SІRЕNIА)

Сирендер құрлыққа шықпайтъш өмір бойы суда болатын сүт қоректілер. Систематикалық жағынан тұяқтыларға жақын, те-ңіз жағасында тіршілік етуге бейімделген тұяқтылардың бір бүтағы болып саналады. Жалпы дене формасы киттерге ұқсайды, бірақ мойын денесінен айқын бөлінген. Тек қана ескек тәрізді алдьщғы аяғы болады, сол сияқты саусағынан түяқтың қалдығын байқауға болады. Азу тістері — тұяқтылардың тістері сияқты тегіс болады. Сонымен қатар қарны да бірнеше бөлімнен тұрады. Сирендер теңіздердің жиектеріне жақын жерлерді мекендеп, одан өзендерге өтеді. Су астындағы өсімдіктермен қоректенеді. Топтанып тіршілік ететін организмдер.



Ламантиндардыц (Мапаtіdае) — бірнеше түрлері Африка-ның батыс жағалауына, Оңтүстік Американың шығыс жағала-уына, Антил аралдарына тараған. Дюгондар (Наlісогіdае) — Үнді мұхитының жағалауында кездеседі.

1741 ж. орыс академигі Стеллер—Командор аралдарында сирендердің ірі бір түрінің барлығын анықтап, оны Стеллердің құрметіне — Стеллер сиыры (Rһуtіпа stеllегі) деп атаған. Олар теңіз капусталарын жеп тіршілік етеді. Адамнан қашпай-ды. Стеллер анықтағаннан кейін, оларды кәсіпшілер аулап, құртып жіберген. Ең соңғысы 1768 жылы ұсталған.



249

14-отряд. ЖҮП ТҮЯҚТЫЛАР (АКТІОDАСТУLА)

Жұп тұяқтылар — жер бетінде өсімдік тектес заттармен қо-ректеніп, тез жүгіретін жануарлар. Тек бегемоттар ғана жар-тылай суда тіршілік етеді. Осыған байланысты олардың аяғы ұзын және ең соңғы саусағында тұяғы болады. Үшінші және төртінші саусактары бірдей жетілген, осы екі саусақтың орта-сынан аяқтарының тірегі өтеді. Екінші және бесінші саусақта-ры өте нашар жетілген, немесе болмайды. Бұғаналары да же-тілмеген. Жұп тұяқтылар екі отряд тармағына бөлінеді.

1-отряд тармагы КҮЙІС ҚАЙТАРМАЙТЫНДАР



(МОNRUMINANТІА)

Бүл отряд тармағына — бегемоттар және шошқалар жата-ды. Бұлардың екінші және бесінші саусақтары жақсырақ же-тілген. Шошақ тістері үлкен болады. Азу тістерінің үсті бұдыр-лы, тамағын әбден шайнап жұтуға мүмкіндік береді. Қарны қарапайым, сондықтан күйіс қайырмайды.

Біздің оңтүстік облыстарда жабайы шошқаның — қабан

(Sus sсгоfа) деген бір-ақ түрі тараған. Сол жабайы шошқадан осы кезде қолда өсірілетін үй шошқаларының көптеген түрлері шыққан. Бұлар қамысты, тоғайлы жерлерді мекендейді. Жылына бір-ақ рет көбейеді де, бір туғанда 4—6 торай туады. Қолдан сұрыптау арқылы үй шошқаларын жақсартудың нәтижесінде, жабайы тегіне қарағанда өсімтал түрлері шығарылған. Осыған байланысты олардың емшектерінің де саны көбейген. Оңтүстік Азияда, Африкада және Америкада жабайы шошқаның басқа түрлері кездеседі.

Бегемот (Нірророtатиs атрһіЬіиs)—ірі, жалаңаш терілі, жартылай суда тіршілік ететін жануар. Олар құрлықка өте си-рек шығады да өзендер мен көлдерде болады. Су өсімдіктері-мен қоректенеді. Бегемоттар тропиктік Африкада тараған.

2-отряд тармагы КҮЙІС ҚАЙТАРУШЫЛАР

(RUМІNАNТІА)

Бұл отряд тармағына қарынының құрылысы күрделі жа-нуарлар жатады. Бұлардың қарыны шала шайналған жемінің ашуына және олардың күйіс қайырғанда қайтадан дұрыс ұса-тылып, жұтылуына бейімделген. Бұған жұп тұяқтылардың ба-сым көпшілігі жатады.

Бұлардың шошак, тістері мен II және V саусақтары нашар жетілген немесе кейбір түрлерінде тіпті болмайды. Сымбатты, көпшілігінің мүйізі болатын жануарлар.

Көн табандылар (Туlороdіа) тұқымдасына түйелер, ламалар жатады. Бұлардың II және V саусақтары болмайды, тұяғы өте нашар дамыған. II және IV саусақтары келіп тірелетін, көпшік сияқты көнді жалпақ табанына денесінің салмағын

250


салып, қозғалады. Бұларда қарыны басқа күйіс қайыратын-дармен салыстырғанда күрделі емөс. Тіс формуласы:

Осы кезде Орталық Азияның даласында жабайы түйенің бір түрі — қос өркешті (Саmеlиs Ъасігіаnus) түйе сақталған. Бір өркешті түйенің — нардың (С. dгоmеdагius) тек қана қолға үй-ретілген бір түрі белгілі, ал жабайы түрі белгісіз. Нар көбінесе — Африкада және Оңтүстік Азияда кездеседі. Түйелерде май қоры өркешіне жиналады. Мұндай май өз тарапынан артық су қоры болып есептеледі. Өйткені, ол тотыққан кезде су пайда болып, ол қанға барады. Сондықтан өркешінде майы көп түйе-лер шөлге шыдамды келеді.

Американың көн табандарының өркеші болмайды. Олар таулы жерді мекендейді, мысалы, гуанако (Lаmа һиапасһиs) және викунья (L. vісиgпа). Бұлардың қолға үйретілген екі түрі белгілі: лама және альпака. Бұларды да түйе сияқты көлік есе-бінде және жүні, еті үшін ұстайды.

Бұғы тұқымдасына (Сегуісіае) дене құрылысы сұлу, тұяқты, терінің кутис бөлімінен өсетін, бұтақты сүйекті, жыл сайын ауысып түсіп тұратын мүйізі бар жануарлар жатады.



Солтүстік бұғыларынан (Rапgifег tагапсlus) басқаларында мүйіз тек қана еркектерінде болады. Тіс формуласы:

Тропиктік Африка мен Австралиядан басқа құрлықтың бар-лығына дерлік тараған. Бізде бұлардың 7 түрі кездеседі: Сол-түстік бұғысыньщ (Rапgіfег tагапdиs) еркегінде және ұрғашы-сында да мүйіз болады. Жас бұғылар теңбіл болмайды. Евра-зияның және Солтүстік Американың орманды далаларының көпшілігіне және тундраның барлық жеріне тараған. Бұғылар-ды қолда үйрету негізінен тундрада іске асырылған. Ақ марал немесе марал (Сегvиs еlарһиs) Батыс Европада, Қырымда, Кавказда, Тянь-Шаньда, Оңтүстік Сибирьдің тауларына тара-ған Олар орманды жерлерді мекендейді.



Теңбіл марал (Сегvиs һогtulогиm) өмір бойы теңбіл түсті болады. Олар Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіндегі ормандар-да мекендейді. Бүл соңғы екі маралдың өсіп жетілмеген жас мүйіздерінен (панто) пантокрин деп аталатын бағалы дәрі жа-салады. Бұғылардың ең ірі түрі — булан немесе суын (Аlсеs аlсеs) Европаның, Сибирьдің және Оңтүстік Американың ор-манды бөліктеріне тараған. Басқа бұғылардан бір айырмашы-лығы бұлар табын құрамайды. Қыста жапырақты ағаштардың бұтағымен қоректенеді. Бізде бұландарды қолға үйрету тәжірибесі іске асуда. Елік (Саргеоllиs саргеоlиs) — мүйізі азғана бұ-

251


тақталған, бұғының ең ұсақ түрі болып есептеледі. Бұлар Ев-ропаның және Оңтүстік Сибирьдің орманды және орманды-да-лалы зоналарында, Қырымда, Кавказда, Орта Азияның тауларында кездеседі. Бұлардың бұғылардан ерекше бір түрі—құдыр (Мозсһиs тоsсһіfегиs) болып есептеледі. Оның мүйізі жоқ, ал еркектерінің жоғарғы жағындағы шошақ тістері жақсы жетілген, кейде сойдиып ауызынан шығып тұрады. Олар Шуғыс Сибирьдің таулы ормандарын мекендейді.

Бұғылардың барлығының да өнеркәсіптік маңызы зор. Олардың еті және терісі пайдаланылады. Парфюмерия өндірісінде лайдаланылатын жануар мускусының негізгі көзі — құдыр мус-кус безі болып саналады. Солтүстік бұғылары қолға үйретіліп, көлік есебінде пайдаланылады. Олардың терісі замшы (жеділ өндірісте) жасауға қажет материал және шикі зат болып саналады. Медицинада маралдардың пантасын пайдаланады.

Қуыс мүйізділер тұқымдасы (Саvісогпіа). Бұлардың маңдай сүйегі өсіндісінің сыртын қаптап тұратын қуыс мүйізі болады. Мүйізі эпидермистің малыгагий қабатынан пайда болған, ол бұтақтанбайды және жасына қарай ауысып отырады. Тек қана Американың айыр мүйізді бөкенінің (Апtilсарга) мүйізі екі айыр болады да жыл сайын түлеп отырады. Мүйіз басым көпшілігінде еркектерінде ғана болады. Жоғарғы жағында шошақ тісі болмайды. Тіс формуласы:

Бұлардың жабайы түрі Оңтүстік Америка мен Австралия-дан басқа барлық жерде кездеседі. Көптеген түрлері қолда өсіріліп, олардан үй жануарларының көптеген жаңа түрлері шығарылады. Бұл тұқымдастың негізгі жабайы түрлері мыналар.

Бөкендердің көптеген түрлері Африкада тараған. Көбінесе бізде кездесетін қарақұйрық (Gаzеllа sиЬgиttигоsа)—Закав-казьенің шығысында, Орта Азияның және Қазақстанның далалы және шөлді жерлерінде мекендейді. Ақ бөкён (Sаіgа tatгіеа)—Қазақстанның далалы жерлерінде тараған Кавказ бен Карпат тауларында мүйізінің ұшы ілмек тәрізді артына қайрылған мүйізі бар орман бөкені — серна (Кирісарга гирісарга) тіршілік етеді.

Жабайы ешкілер мен қойлардың бірнеше түрі Кавказдың, Орта Азияның және Оңтүстік Сибирьдің тауларына таралған. Мысалы, ешкілерден — Кавказдың турлары (Сарга саиеаsіса, С. суіішігісогшз), Сибирьдің ешкімүйізі (Сарга sіЬігіса). Жа-байы ешкілер жартасты биік тауларды мекендейді және олар 20—30-ы бірігіп, топтанып жайылады. Жабайы қойлардан муфлонды алуға болады. Муфлон (Оvіs орһіоп) Оңтүстік Закавказьеде кездеседі. Соңғы жылдары олар Қырым түбегіне жерсіндірілді. Орта Азиянын, тауларында жабайы қой — архар де-

252

ген ірі түрі кездеседі. Жабайы қойлардың жабайы ешкілерден бір ерекшелігі — таудың жартассыз, барынша тегіс жеріне жа-йылады. Қыста бірнешеуі (100 аса) бірігіп, топтанып жүреді. Архардан үй қойларыньщ әр түрлі жаңа тұқымдары шығарыл-ған.



Жабайы өгіздердің қазіргі түрлеріне Оңтүстік Азия мен Африкада кездесетін Азиялык, (ВиЬаІиs ЬиЪаІus) және Африкалық (В. саffег) буйволдар, Үндістанда — бантенг (ВіЬоs Ъапtеng), гаял (В. frontаlіs) және гаур (В. gаигиs) жатады. Бұлар орманды және ірі бұталы жерлерді мекендейді. Орталық Азияда өзіндік ерекшелігі бар жүндес як (қодас) (Роерһаgиs gгunпіепs), Солтүстік Америкада — бизон (Віsоп Ьіsоп), ал бізде зубр (Віsоп Ьопаsиs) деген бір ғана түрі кездеседі. Бұларды бұрын зубрлар мекендеген Солтүстік Кавказдық ормандарында, Москваның түбінде (Серпухов ауданында) табиғат жағдайында көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.

Ертеде Оңтүстік Россияның даласында ірі түрі — тур (Воs ргіmigепlus) тіршілік еткен. Оны XVII ғасырда құртып жіберген.

Жоғарыда көрсетілген түрлерден — бантенг, гаял, буйвол, қодас ертеден қолда өсіріліп келе жатқан жануарлар. Тур — осы замандағы көптеген мүйізді ірі қараның арғы ата-тегі бо-лып саналады.

Жирафтар тұқымдасы (Gігаffidае) тек қана Африкаға тән жануар. Олардың алдыңғы аяғы мен мойыны өте ұзын, басында терімен қапталған қысқа мүйізі болады. Екі түрі бел-гілі. Бірінші — окапи (Оkрtа jоһпstопі) — Орталық Африканың ормандарында тіршілік етеді. Бұл аздап та болса мойыны мен аяғы қысқарақ жануар. Екінші — жираф (Sігаffа саmеlеораг-(dаlіз) — Шығыс және Орталык Африканың саванналарында кездеседі. Мойны мен алдыңғы аяғы өте ұзын болады. Екеуі де ағаштардың, бұталардың жапырақтарымен, кейде шөппен қоректенеді.

15-отряд. ТАҚ ТҰЯҚТЫЛАР (РЕRІSS0DАСТУLА)

Бұлар — үшінші саусағы жақсы жетілген, ірі тұяқтылар. Баска — саусақтары нашар жетілген немесе редукцияланған. Бүйір саусақтарының редукцияға ұшырауы түрлі топтарында түрліше болады^Жалпы тез қозғалуға бейімделуіне байланыс-ты бұғанасы болмайды. Тіс формуласы:



Ертеде тақ тұяқтылар өте көп болғанымен, қазір олардың бі-ршен-бірін айқын ажыратуға болатын үш бұтағы ғана: тапир-

253

лар (Тарігіdіае), мүйіз тұмсықтар (Rhіпосегоtidе) және жыл-қылар (Еgиісіае) сақталған.



Тапирлар тұқымдасының (Тарігidае) алдыңғы аяғы төрт саусақты, арткы аяғы үш саусақты болатын ірі жануарлар жатады.Тапирлар тұқымдасының мұрны жоғарғы ерінімен бірігіп, қысқа тұмсыққа айналған. Терісі кысқа түбітпен жабылған, құйрығы қысқа болады.Қазір бұлардың бес түрі белгілі. Олардың төрт түрі Оңтүстік Америкада және бір түрі — Оңтүстік шығыс Азияда тіршілік етеді. Батпақты тоғайларды мекендейді. Тапирлар су жағасындағы, судағы су өсім-діктерімен қоректенеді. Іңір немесе түн жануары.

Мүйіз тұмсықтар тұқымдасы (Rһіпосегоidае) мүйіз тұмсықтылар өте сирек кездесетін жануарлар. Осы заманда тіршілік ететіндерінің алдыңғы және артқы аяқтары үш сау-сақты болады.Ерте заманда тіршілік еткендерінің бірқатары-ның аяқтары төрт саусақты болған. Терісі жалаңаш, маңдай және мұрын сүйегінің үстінде бір немесе екі эпидермис қабатынан пайда болған мүйізі болады. Шошақ тістері жойылған.

Тропиктік Африка мен Оңтүстік Азияда бірнеше түрі кезде-седі, мысалы, үнді мүйіз тұмсығы (Rһіпосегоs апtіguіtаtиз) және ерінді Африка мүйіз тұмсыгы, (Сегаtоtһегіиm зітит) шөптесін ірі бұта және орманды жерлерді мекендейді. Өсімдікпен қоректенеді.Мұз дәуірінде мүйіз тұмсықтар Европа мен Сибирьде мекендеген. Бізде мамонттармен бір заманда тіршілік еткен қалың жүнді мүйіз тұмсықтардың (Rһіпосегоs tісһогіпиs) қазба қалдықтары табылған. Мүйіз тұмсықтар үшінші дәуірч кезінде көп болған. т)

Жылқылар тұқымдасы (Еgиісіае). Бұлардьщ үшінші саусағы жақсы дамып, екінші, төртінші саусағы терінің астында жататын кішкене шаша немесе шабақ сүйекке айналған. Жылқылардың ұзын құйрығы және өскелең түгі болады. Олар-дың осы кезде үш туысы белгілі. Зебр немесе жолақты ат (Нірроіtgгіs) ол Африкадағы саваннада тараған. Оның құйрығының ұшында ғана қылы болады. Есектердің (Аsіпиs) түсі біркелкі, құйрығы зебрлердің құйрығындай болады. Жабайы есектер Солтүстік-Шығыс Африкада, Алдыңғы, Ортаңғы және Орталық Азияда тараған. Бізде Түркменияның оңтүстігінде кездеседі, ол жерде оларды өсіретін арнаулы қорық ұйымдастырылған.

Жылқ ылардың құйрығы түбінен ұшына дейін ұзын қылдар-мен жабылып тұрады. Олардың түстері көпшілігінде біркелкі болады. Атақты саяхатшы Н. М. Пржевальский ашқан жабайы жылқылардың бір ғана түрі, осы заманда Орталық Азияның батыс бөлігінін, таулы далаларын мекендейді. Оларды осы ашқан оқымыстының атымен Пржевальский жылқысы деп атайды.

XIX ғасырдың орта кезінде жабайы жылқылар орыс дала-сының оңтүстік бөлімдерінде мекен еткендігі анықталған. Ол жылқыны тарпан деп атаған. Гептнердің (1955) соңғы

254

зерттеуіне карағанда тарпандар өз алдына жеке түр емес, Пржевальский жылқысынан географиялық орны жағынан жекеленген түр тармағы болып саналады. Тарпандар Днепрдің төменгі ағысында өткен ғасырдың 70 жылдарының басында тіршілік еткен. Соңғы тарпанды осында 1876 жылы өлтірген.



Жылқылардың барлығы да үйір құрап, тіршілік етеді. Ашық далалы жерлерді мекендеуіне байланысты көптеген бейімделушіліктер пайда болған; тез қозғалу, құлынын ұзақ уақыт көтеру және құлыны туысымен анасына ілесіп жүріп кету тағы басқалар.

16-отряд. ТҮТІК ТІСТІЛЕР (TUВUIDЕNTАТА)

Түтік тістілердің Африкада 3—4 түрі бар, сирек кездесетін қысқа, ет тұмсықты жануарлар. Саусақтарында тұяқ сияқты үлкен тырнағы болады. Тіс системасы ерекше құрылған. Күрек тістері, шошақ тісі, жалған азу тістері болғанымен де олар асты ұсатуға қатыспайды. Тек қана цементті, вертикаль түтіктен тұратын нағыз азу тістері қызмет атқарады. Тісінде эмалі болмайды. Түтік тістілердің систематикалық орны белгісіз. Әдетте тұяқтыларға жақын деп болжайды. Биологиялық жағынан мүкі тістілерге жақын. Олар шөлді жерлерді мекендеп, термиттермен қорректенеді.

17-отряд. ШАЛА МАЙМЫЛДАР НЕМЕСЕ ЛЕМУРЛАР

(РКОSІМІАЕ)

Шала маймылдар систематикалық жағынан маймылдарға жақын, бірақ қарапайым кейбір белгілері оларды насеком жемділерге де жақындатады. Ормандарда тіршілік етуге бейімделген организмдер. Маймылдардан айырмашылығы бұлардың ми сауыты кіші және бас сүйегінің бет бөлімі алға қарай шығыңқы болады. Ми жарты шарлары нашар жетілген, мишықты жауып тұра алмайды, ми иректері болмайды. Иіс сезу аймағы жақсы бөлінген. Көз ұясы самай шұңқырынан бөлінбей, бүйіріне қарай бағытталған. Басбармағы басқа саусақтарына қарама-карсы орналасқан. Сөйтіп, лемурлардың саусақтары да маймылдардың саусақтары сияқты затты ұстауға ыңғайланған. Бірінші және екінші саусағында тырнақ болады, ал басқа саусақтарының біреуінде тырнақ, енді біреуінде тұяқ болады. Емшегі түрліше -орналасқан. Жатыны екі тарамды. Дене мөлшері аса ірі бол-майтын, орташа жануарлар. Көпшілігінде, түнде тіршілік етеді. Олар Оңтүстік Азияда, Африкада және Мадагаскарда ғана та-раған. Мадагаскардағы сүт қоректілердің жартысы осы лемур-лар деуге болады.

Нағыз лемурлардыц (Lеmuгоіdеа) жоғарғы күрек тістері оң және сол жағына қарай жіктеліп, екіге бөлінген. Олардың құй-рығы ұзын және жүндес болады. Денесіндегі түгі қалың, орманды мекендейтін, түн жануарлары. Жеміспен, насекомдармен, әр

255


түрлі заттармен қоректенеді. Топтанып тіршілік етеді. Нағыз өкілдері жіңішке лори (Lогіs tагdіgгаdиs), лемур вари (Lеmиг vагіиs) және қол-аяқтылар (DаиЬепtопіа mаdаgаskіагіепsіs).

Ұзын сирақтыларға (Тагsіоіdеа) —үлкендігі егеуқұйрықтың үлкендігіндей болатын, түнде тіршілік ететін, ұясынан шығыңқы үлкен көзі бар, артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы қысқа болатын жануар. Саусағында сорғыш көпіршіктері болады. Орманда тіршілік ететін, насекомдармен қоректенетін, түн жануарлары. Малай архипелагы аралына таралған. Оның өкілі — үй макиі (Тагsіиs tагsіиs).

18-отряд. МАИМЫЛДАР НЕМЕСЕ ПРИМАТТАР (SІМІАЕ



НЕМЕСЕ РRІМАТЕS)

Маймылдар сүт қоректілердін, ен, жоғарғы отряды, бұған адам да жатады. Бас миы басқа сүт қоректілердің миынан анағүрлым үлкен болады. Алдыңғы ми сыңарлары мишықты жауып тұрарлықтай үлкен, әрі оның иректері айқын байқалады. Көз ұясы самай шұңқырынан бөлінген және алға қарай шығыңқы болады. Саусақтары қармап ұстауға ыңғайлы және басбармағы барлық аяқтарында да басқа саусақтарына қарама қарсы орналасқан. Адам аяғының үлкен башбайындағы мұндай ерекшелік тік жүруіне байланысты жойылған. Саусақтарында тырнағы болады. Ойнампаздар тұқымдас маймылдарда ғана кәдімгі тырнақ тек қана бас бармағында болады. Бір пар емшегі көкірегіне орналасқан. Жатыны қарапайым, әдетте бір ғана бала туады.

Маймылдардың көпшілігі орманда тіршілік етеді. Өсімдік тектес азықтармен, көбінесе жемістермен қорекгенеді. Азық талғамай қоректенетін түрлері де бар.

Маймылдар екі отряд тармағына бөлінеді.



1-отряд тармагы. КЕҢ ТАНАУЛЫ МАЙМЫЛДАР

(РLАТУRRHІNІ)

Бұл отряд тармағына жататын маймылдардың танау тесігі-нің ортасында жалпақ, ұзынша, оны екіге бөліп тұратын пердесі болады. Сондықтан да мұрынының екі танауы делдиіп тұрады. Құйрығы ұзын және қармалағыш болады. Тіс формуласы:

Маймылдар Орталық және Оңтүстік Америкада тараған. Кө-бінесе орманда тіршілік ететін ұсақ аңдар. Әр түрлі заттармен қоректенеді. Негізгі түрлері: өрмекші тәрізді маймылдар (Аіе-Іез рапізсиз). Бұлардың аяғы да және қармалағыш құйрығы да ұзын болады, ревунныц (Музеіез пі§ег) көмекейінде дыбысты күшейтетін (резонатор) аппараты болады және ойнампаздар (Нараіе ]ассһиз) т. б. түрлері бар.

256

2-отряд тармағы ТАР ТАНАУЛЫ МАЙМЫЛДАР



(САТАRRНINІ)

Тар танаулы маймылдардың танауының пердесі жұқа және

танауы денесінің алдына қарай бағытталған. Құйрығы ешқа-

шанда кармалағыш болмайды, кейбір түрлерінде мүлдем жо-

йылып кеткен. Әдетте, ұрт қалтасы, жамбас сірісі болады. Тіс

формуласы:



Қазір олар Африкада және Оңтүстік Азияда мекендейді. Қазба түрінде Европада кездеседі.

Мартышкалар тұқымдасы (Сегсоріthесіdае) — тар танаулы маймылдардың көбірек тараған тобы Бұлардың ұрты жақсы жетілген ұрт қалтасы, ұзын құйрығы, жамбас сірісі болады. Нағыз мартышкалар (Сегсорііthесиs) негізінен ормандарда тіршілік етеді. Бұлар африкалық маймылдар, тропиктік ормандарда топтанып жүріп тіршілік етеді. Өсімдікпен қоректе-неді. Павиандар (Раріо) — көбінесе үңгірлерді мекендейтін, жартасты тауда болатын организмдер. Әр түрлі заттармен қо-ректенеді. Кейбір түрлері сүт қоректілерге де шабуыл жасайды. Африкада тараған. Макакалар (Масасиs) Оңтүстік Азияның маймылы болып есептеледі, орманда да, жерде де тіршілік етеді. Көбінесе павиандар сияқты таудың тасты жерлерін мекендейді.

Гиббондар немесе ұзынқолды маймылдар (НуІоbаtidае) тұқымдасына қолы өте үлкен болатын маймылдардың азғана түрі жатады. Тік тұрғанда қолдары аяқтарының башбайларына жетеді Құйрығы, ұрт қалтасы болмайды. Жам-бас сірісі де нашар жетілген. Адам тәрізді маймылдар сияқты алдыңғы ми сыңарлары өте жақсы жетілген. Олар Оңтүстік-Шығыс Үндістанның Суматра, Ява, Борнео аралдарына тараған. Нағыз орман жануарлары. Алдыңғы алақанымен ағаш бұтағынан ұстап, денесін ерсілі-қарсылы қозғап тұрып, екінші ағашқа секіріп барып ұстауға бейімделген организмдер. Олар көбінесе жерге түсіп, еңбектеп және ептеп тік жүре де алады. Жеміспен және кейбір ағаштың жас бұтағымен қоректенеді. Негізгі өкілі — гиббон хулок (НуІоЬаtеs Һооlосk) болып есептеледі.

Адам тәрізді маймылдар тұқымдасына (Апtгоротогрһіdае) — құйрықсыз ұрт қалтасы және жамбасында сірісі болмайтын ірі маймылдар жатады. Алдыңғы аяғы ұзын, тік тұрғанда тізесінен төмен түсіп тұрады. Жер бетімен жүргенде алдыңғы аяғы саусақтарының сырт жағына салмағын салып қозғалады. Бүйенінің құрт тәрізді тұйық өсіндісі болады. Миында өте күрделі және көптеген иректері бар. Қазір үш түрі белгілі.

257


Орангутанг (Sіmіа sаtугиs) өте ірі (1,5 метрдей), денесі жүн-десін, қызғылт-жирен түсті, жағы алдына қарай шығыңқы, ал-дыңғы аяқтары ұзын, құлақ қалқаны кішірек болатын маймыл. Олар тіршілігінің көпшілігін ағашта өткізеді, жерге өте сирек түседі. Топтанбай жеке жүреді. Балаларын ағаштан жасаған ұясында туады. Орангутангтар Суматра мен Борнео арал-дарына тараған.

Шимпанзе (Апtгороріtһесиs tгоglоdуtеs) — аздап болса да орангутангтан кішірек болады. Олардың түсі қара, беті жала-ңаш, құлақ қалқаны үлкендеу, адамның құлағына ұқсас келеді. Алдыңғы аяқтарының алақаны орангутангтардын, алақандарынан қысқарақ болады. Шимпанзелер Африканың тропикалық ормандарын мекендейді. Өмірінін, көпшілігін ағашта өткізеді. Өсімдікпен қоректенеді. Семья болып тіршілік етеді. Кейде бірнешеуі бірігіп, топтанып та жүреді.

Горилла (Gогіllа gогіllа) — адам тәрізді маймылдардың ең ірісі, биіктігі екі метрге жетеді. Алдыңғы аяқтары тым ұзын емес. Жерде жүрсенде бүкірейіп төрт аяғына да салмақ салып жүреді. Гориллалар ормандарда тіршілік етеді. Бірақ алғашқы түрлеріне қарағанда бұлардың ағашпен байланысы азырақ көпшілік уақытын жерде өткізеді. Жемістермен, жаңғақтармен және тамыр жемістермен қоректенеді. Экваторлық Африкада тараран.

Адамдар түқымдасынын, (Ноmіпіdае) қазір тіршілік ететін бір-ақ түрі бар ол — адам (Ноmо sаріепs). Адамның морфологиялық жарынан ерекшелігі — ми сыңарлары өте жақсы жетілген. Адам тәрізді маймылдардың миынан адамның миы үш есе үлкен болады. Дене түгі жойылған. Қолы қысқа, тізесіне жетпейді. Денесін тік ұстап жүретін болғандық-тан, қолы денеге тірек болудан мүлдем босаған. Артқы аяғы тізесінен түзетіліп, затты ұстау ролін жоғалтқан. Денесін тік ұстап жүруіне байланысты ішкі органдарды ұстап тұратын жамбас қуысы өте кең болады. Құрылысы күрделі үлкен тілі болуына байланысты иегі шығыңқы болады.

СҮТ ҚОРЕКТІЛЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ ТІРШІЛІК ЕТУ

ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ТАРАЛУЫ

Сүт қоректілер өте кен, тараған жануарлар, тек қана Антрак тикалық материкте ғана кездбспейді. Мұзды мұхиттың сол-түсті-гіндегі аралдарда жер бетінде тіршілік ететін сүт қоректі-лердіі бірнеше түрі кездесетіндігі байқалған. Материктен мүлдем бөлінген Мұзды мұхиттың ортасындағы арал, мысалы, Уединениенің өзінен (Қарск теңізі) Сибирь түлкісі мен сол-түстік бүғыларының тіршілік ететіндігін бірнеше рет байқаған.

Сүт қоректілердің аспанмен таласқан тауларда тіршілік ете

258

тін көптеген түрлері бар. Мысалы, Орталық Тянь-Шань тауы-ның теңіз деңгейінен 3000—4000 м биіктігінде көптеген найза құйрық сұр тышқандардың (Stепосгапіиs), суырлардың (Маг-тоіа), жабайы ешкілердің, тау текелердің және барыстың (Uпсіа ипсіа) тіршілік ететіні белгілі. Гималайдың 6000 м биік-тігіне дейін жабайы қойлар таралған.



Сүт қоректілер класының өкілдері — алуан түрлі тіршіліктік ортаға тараған. Мысалы, жер бетінде, ауада, тіпті судан өмір бойы шықпайтын нагыз су жануарлары және топырақтың ас-тыңғы қабатында тіршілік ететін түрлері аз емес. Бұл кластың өкілдерінің барлығына тән ерекшелік, басқа кластың өкілдері-не қарағанда, алуан түрлі тіршілік жағдайларына барынша бе-йімделген организмдер екендігі.

Сүт қоректілердің бірнешеуі адамның мекен еткен жерінің маңайында жүреді — мысалы, үй тышқандары, егеуқұйрықтар, сұртышқандар, кейде қасқыр, түлкі т. б.

Тек қана барынша жоғары және бір қалыпты температура жағдайында маймылдардың көптеген түрлері, әсіресе адам тәрізді маймылдар, сол сияқты бегемоттар, мүйіз тұмсықтар, тапирлар т. б. тіршілік етеді.

Сонымен қатар сүт қоректілердің көптеген түрлері әр түрлі температура жағдайында да тіршілік ете алады. Ондай жан-уарларға Европалық бөлікте тіршілік ететін ақ қоян, Якутия жағдайындағы түлкілер, Мұзды мұхиттың жағалауынан Оңтүстік Азияға дейін таралған қасқырлар мысал бола алады.

Ауа дымқылдығы сүт қоректілердің таралуына жанама фак-тор болса да әсері бар. Құрғақшылықтан тек қана жүні жоқ тақыр терілі аздаған жануарлар ғана азап шегеді. Ондай сүт қоректілер бегемоттар мен буйволдар — ылғалдығы мол тропиктік облыстарда тараған.

Ауа дымқылдығының және жауын-шашынның сүт қоректі-лердің тіршілігіне өзіндік үлкен әсері бар. Мысалы, Ф о р м о -зовтың (1946) мәліметі бойынша, 90 сантиметрден қалың қар жауған жерлерде бұландар болмайды. Еліктер қардың қалың-дығы 50 см, жабайы шошқалар 30—40 см болғанда тіршілігі қиындайды.

Сүт қоректілердің негізгі сезім органдары — есіту және иіс органдары болып саналады. Сондықтан күн сәулесінің (жарықтығы немесе қараңғылығы) олардың мінез-құлқының өзгеруіне, құстарра әсер еткендей әсері болмайды. Сүт коректілердің ішінде іңірде және түнде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Мысалы, Арктика жағдайында, түн жануарлары жаздағы “мәңгі” жарыққа тез үйреніп кетеді. Сол сияқты Арктиканың мәңгі қараңғылыры күндізгі жануарлардың тіршілігіне нүқсан келтірмейді.

Көпшілік сүт қоректілер топырақ түрін және оның қатты немөсе жүмсақтығын талғарыш келеді. Қосаяқтардың кейбір

259

түрі, мысалы (Рагасііриз сіепосіасіуіиз) тек қана сусымалы құмда тіршілік етеді, сондай жерді шанышқы құйрық, саршұнак, тышқандар да (Зрегторһііорзіз Іеріосіасіуіиз) мекендейді, ал үлкен қосаяқтар (А1асіа§а ]аси!из) топырағы қатты жерлерді ғана мекен етеді. Жер астында тіршілік ететін соқырлар мен көртышқандар қатты топырақты жерден де, топырағы жұмсақ жерлерде жиі кездеседі. Өйткені топырағы қатты жерден ін қаза алмайды. Қойдың түрлері рельефі әр түрлі горизонты кен, жайылымдарды мекендейді. Ешкілер рельеф жағдайына тіпті талап қойғыш келеді. Олар жартасты ландшафтыда таралған. Жабайы шошқаларға тамағын таба алатын жүмсақ, сазды жер керек. Керісінше, жылқылар, ақбөкендер, түйелер сазды жерлерде болмайды.



Жалпы сүт қоректілердің таралуы орта жағдайымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, бұл байланыстың төменгі сатыдағы қүрлықтық түрлеріне қарағанда жоғары сатыдағы-ларында өте күрделі екенін атап өтуге болады. Өйткені олардың климаттық факторларға байланысы шамалы. Олардың бейімделуі көбінесе жоғары дамыған орталық нерв системасының қызметіне байланысты.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет