С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


Сүт қоректілердің экологиялық топтары



жүктеу 4.11 Mb.
бет22/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Сүт қоректілердің экологиялық топтары. Омыртқалы-лардың ішіндегі сүт қоректілер алуан түрлі болып кездеседі. Өйткені ұзақ уақыт дамудың нәтижесінде сүт қоректілерге жататын организмдер жер бетіне кең таралып, әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген.

Алғашқы сүт қоректілер жерде — орманда тіршілік еткен болу керек, бірақ эволюциялық бейімделушілік төмендегідей зкологиялық топтардың шығуына себепші болған: 1) жер бетін, 2) жер астын, 3) суды мекендейтіндер, 4) ұшатын жануарлар. Өзі тіршілік еткен ортасына қатысына қарай жоғарыда көрсетілген әрбір топ өзінен де ұсақ топтарға бөлінеді.



1. Жер бетін мекендейтіндер. Жер шарындағы құрлықтың барлығында кездесетін сүт қоректілердің үлкен тобы. Олардың алуан түрлі болуы кеңінен таралып, түрліше тіршілік жағдайларына бейімделуіне байланысты. Бұл топқа жататын жануарларды орманды мекендейтін және ашық кеңістікті мекендейтін деп екіге бөледі.

Орманды және ірі бүталы жерді мекендейтін жануарлардың тіршілік жағдайына байланысты формасы да түрліше болады. Бұл жерлер өсімдігінің қалыңдығы, жануарлар мекендерінің түрақты және түрлерінін, көп болуына әсер етеді. Өрісінің кеңдігі мен өсімдігінің бітік болуы қорегінің де алуан түрлі болуына әсерін тигізбей қоймайды.

а) Нағыз маманданған тобына ағашқа өрмелеп шығатын жануарлар жатады. Олар өмірінің көпшілігін ағашта өткізеді. Қорегін ағаш басынан табады, көбею және дем алу үшін ұя жасайды, жауларынан қорғанады. Бұл топтың өкілде-

260


рі — әр түрлі систематикалық отрядқа жататын жануарлар. Мысалы, насеком жемділерден — оңтүстік азиялық тупайлар; кемірушілерден — тиіндер, ұшарлар (летяга); жыртқыштардан — кейбір аюлар мен сусарлар; мүкі тістілерден — жалқаулар, кейбір құмырсқа жегіштер, одан басқа лемурлар, маймылдардың көптеген түрлері т. б. жатады.

Ағашта тіршілік етуге әр түрлі икемделген көтеген жануар-лар ағашқа шыққанда өткір тырнағын пайдаланады. Оған тиін-дер, аюлар, сусарлар, құмырсқа жегіштер жатады. Лемурлар мен маймылдар ұзын, жақсы жетілген саусақтарының көмегі-мен шығады. Оңтүстік Американың көптеген маймылдарында, орман құмырсқа жегіштерінде, қалталылардан — опоссумда қармалағыш құйрық болады.

Көптеген түрлері — гиббондар мен өрмекші тәрізді маймыл-дар ағаштан-ағашқа секіруге икемделген. Кейбір түрлері — ұшарлар мен жүн қанаттылар бірсыпыра жерге қалықтап ұшып бара алады.

Бұл топқа жататын жануарлар өсімдікпен қоректенеді. Кей-бір түрі өсімдіктің белгілі бір түрімен ғана қоректенеді, мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың тұқымын ғана пайдаланады, кейбір маймылдар көбінесе жемістермен қоректенеді. Орман аюлары әр түрлі тамақты: етті, жемісті, бүлдіргенді, өсімдіктің вегетативтік органдарын пайдаланады. Жыртқыш түрлері өсімдікпен (дәні, жемісі) катар, құстарды және ұсақ жануарларды да жейді. Мұндай жануарлар (тиіндер, үшарлар) балалау немесе дем алу үшін ағашқа бұтақтан ұя жасайды немесе ағаш қуысын мекендейді.

б) Орман жануарларыньщ ішінде жартылай ағашта, жартылай жер бетінде тіршілік ететін көптеген түрлері бар. Олар тамағынын, бірсыпырасын ағаштан тауып, үясын кезкелген жерге салады. Мысалы, бүлғын тамағының көпшілігі тышқан тәрізді кемірушілерді (20—50%) жерден тапса, 30—60 процентке дейін жаңғақ пен бүлдірген, оған қосымша 5—10% құстарды, 1—15% тиіндерді ұстап қоректенеді. Бұлғын биік ағаштардың қуысында, құлаған ағаштың шіріген қуысында, та-мырының астына ұялайды. Біздің Қиыр Шығыстық қара аюлар жемістермен, кемірушілермен, насекомдармен және араның балымен қорейтенеді. Бұлар ағашқа өрмелеп шығуға жақсы бейімделген, сондықтан да өзінің үясын ағаштың жоғарғы бұтақтарының арасына салады. Қысқы ұйқысын ағаштың түбіндегі үңгірлерінде өткізеді.

Кемірушілерден бұл айтылған топқа шұбар тышқан жатады. Шұбар тышқан уақытынық көбін жерде өткізеді. Бүлдіргенмен, дәнді дақылдармен, бұршақтың тұқымымен және санырауқұ-лакпен қоректенеді. Ағашқа жақсы өрмелеп шыға алады, бірақ тиіндер сияқты ағаштан-ағашқа секіре алмайды. Құйрығы қыс-



261

қа, аса жүндесінді болмайды. Ұясын ағаштардың тамырының астына, құлаған ағаштың қуысына салады.

Жоғарыда көрсетілген жануарлар нағыз орман жануарлары болып саналады, Сонымен қатар көп уақытын жерде де өткі-

зеді.


в) Орманда тараған көптеген түрлер бар, алайда олар жер бетінде тіршілік етеді. Оларға қоңыр аюлар, росомахалар, бү-ландар, күзендер, бұғылар, еліктер тағы басқа түрлері жатады. Қоректі заттарын жер бетінен табады. Ағашқа шықпайды. Балаларын інде (күзендер, жанаттар т. б.) немесе жер бетінде (бұғылар, бөкендер, еліктер т. б.) балалайды. Бүл жануарлар үшін орман — паналайтын ағашты алқап және корек ретінде пайдаланатын табиғат байлығы.

2. Ашық кеқістікті мекендейтін — сүт қоректілердің түрлері де сан жағынан көп деуге болады. Бүлардың тіршілік ету жағдайларының мынандай өзгешеліктері бар. Біріншіден — мекендейтін жерлерінде паналайтын табиғи бекіністер аз,. ол жануарларды олардың жауларына — жыртқыштарға алыстан байқауына мүмкіндік береді; екіншіден — өсімдік тектес та-мақтық заттар жеткілікті болады. Бүл экологиялық топқа әр түрлі отрядтың өкілдері калталылар, насеком жемділер, кемірушілер, жыртқыштар және түяқтылар жатады. Осының негізіиде олар өсімдікпен қоректенетін — кемірушілер мен тұяқтыларды құрайды.

а) Түяқтыларға өсімдікпен қоректенетін сүт қоректілердің ірі түрлері жатады. Сондықтан олар көп уақытын жайылуға жібереді де, ұзап жайылым қуып кетеді. Жайылым кезінде тез және ұзақ уақытқа өріс ауыстыруы далалы және шөл жер-лерде өте сирек кездөсетін су көздерін іздеуге және жауларынан қашып құтылу қажеттігіне байланыстыу

Кейбір түрлерінің максимальдық жылдамдығы, мысалы, би-зондарда бір сағатта 40 — 45 км, жирафтар — 45 — 50, жабайы есектер — 50 — 55, құландар — 65, томсон газелдері — 80 км жер жүгіреді. Ал жыртқыштардың кейбір түрлері мысалы қасқыр бір сағатта 45 — 60 км, жолбарыс — 80, леопардтар — 112 км жер жүреді.

Басқа сүт қоректілерден айырмашылығы тұяқтылар тұ-рақты немесе тынығу үшін мекендейтін бекіністер салмайды. Тез жүгіруден басқа, көзі өткір, бойы биік, ұзын мойыны арқы- лы басы жоғары көтеріледі. Көптеген түрі (суға) шөлге өте шы-

дамды келеді.

б) Қосаяқтарға (Dіроdіdае) — аз кездесетін және өсімдігі сирек тақырлау жерді мекендейтін ұсақ жануарлар жатады. Өзіне қоректік зат іздеп, олар тез және көп уақыт жүгіреді. Бұ-лардың жылдам қозғалуына өте ұзын болатын артқы аяғы се-бепші болады. Артқы аяғының көмегімен секіріп, өте тез қозға-лады. Осы тәсілмен құм тышқандары да (Gегhillіпае), солтү-стік

262


Американың кенгуру тәрізділері де (Неtегоmуіdае), Африканың үзын сирақтылары да (Реdеtігіае), Африканың насеком жемді секіргіш қосаяқтарымен (МасгоsсеІісelididае), Австралияның ұсақ қалталылары да (Апtесһіпоmуs ) осылай жүреді.

Алдыңғы топтарға жататын жануарлардан айырмашылығы тек қана шөппен қоректеніп қана қоймай, шырынды тамыр тү-йіндерімен, түйнек тамырмен, ал кейбір түрлері — насекомдар-мен қоректенеді. Олар ешқашанда суды пайдаланбай-ақ қорегінің құрамындағы сумен қанағаттанады.

Екінші бір ерекшелігі бұлардын паналайтын тұрақты және уақытша іні болады. Осындай сенімді паналайтын орындары болғандықтан аз көтеріп, өте нәзік бала туады.

в) Саршұнақтарға — далалы, шөлейт және өсімдігі қалың таулы жерді мекендейтін дене мөлшері кішілеу және орташа кемірушілер жатады. Олар шөппен және оның тұқымымен қоректенеді. Қалың өсімдікті жерді мекендеуіне байланысты, олар өзі тұрған мекенінен ұзамайды. Тұрақты іні болады, сол жерде дем алып, көбейеді. Көпшілігі жазғы және қысқы ұйқыға жатады. Жайылып шыққанында тасалайтын уақытша іні болады. Жай жүгіреді, сопақша денесі іннін, ішінде қозғалуына жақсы икемделген. Бұлардың баласы да әлсіз, көзі соқыр болып туады.

Бұл топқа саршұнақтардан басқа суырлар, аламандар және дала сеноставкалары жатады.

г) Жоғарыда айтылған топтардың ешқайсысына жатқызуға болмайтын түрлері де бар. Бұл кедінен таралған, әр түрлі тіршілік жағдайында тіршілік ететін жануарлар. Оларға көптеген жыртқыштар (қасқыр, түлкі, борсық), жабайы шошкалар жатады. Мысалы, қасқыр, түлкі тундрада, тоғайлы, далалы жерде, шөлде және таулы-тасты жерде мекендейді. Жыртқыштардың көбеюі, қоректік азықтарының құрамы және оларды іздеп табу , тәсілдері тұрған орталығының жағдайларына байланысты. Мысалы, тоғайлы жерде қасқыр жер бетіндегі шұңқырға күшіктейді, ал шөлде және тундрада кейде ін қазады.



II. Жер астында мекендейтін сүт қоректілерге — көртышқан-дар, сокырлар, цокорлар жатады. Көртышқандар насеком жеуші-лердің отрядьша, соқырлар, цокорлар кемірушілердің отрядына, қалталы көртышқан көп тістілер отрядына жатады. Бұлардың бәрі де жер астында тіршілік етуге бейімделген, өмір бойы жер қыртысының астыңғы қабатында мекендейтін организмдер. Сүт қоректілердің бұл түрлері жердің әр түрлі бөліктеріне тараған, мысалы көртышқандар, цокорлар, соқырлар Евразияда, көртыш-қандар Солтүстік Америкада, қалталы көртышқандар Австра-лияда тараған.

Бұлар жер астында тіршілік етуге маманданғанымен де, олар жеке топ құра алмайды, өйткені сүт қоректілердің ішінде де жер бетінде тіршілік етуге көшкендерін табуға болады. Мысалы, саршұнақтардың іні — тұратын мекені ғана, ал қоректік затын жер

263

бетінен табады. Көптеген тышкандар, дала тышқандары жерден күрделі ін қазып, бірсыпыра қорегін сол жерден алады. Қыстақ маңында мекендейтін кішкентай сұр тышқан (Місгоtus sосіаlіs) тереңдігі 10—20 см және әрбір 10 м2 жерде 40-қа жететін ауызы бар иректелген күрделі індер қазып, соған азығын жинап тұрақты түрде мекендейді. Орта Азияның оңтүстігінде тараған жалпақ тісті егеуқұйрықтар (Nезоkia іпdiса) тіршілігінің көпшілігін жер астында өткізеді және олар өсімдіктің тамырларымен қоректенеді. Жалпақ тістілер кейде түрлі кезеңде жер бетіне шығып, тамақтық зат іздейді. Жоғарыда келтірілген түрлердің барлығының да інінде сыртқа ашылатын тұрақты аузы болады.



Жер астында тіршілік етуге толық көшкен — көртышқандар цокорлар және соқырлар болып есептеледі. Олар күндіз ешқа-шанда жер бетіне шықпайды. Іні тұрақты мекені емес, жер астымен жүріп өткенде қалған ізі сияқты. Көртышқан бос топырақты жерді қазбай, онын. ішінде топырақты жан-жаққа ысырып” жүзіп бара жатқан сияқты болады. Сондықтан жер астын мекендейтін аңдар індерінің біраз ғана бөлігін (0,01%) мекен етіп, дем алады және балалайды.

Нағыз жер астын мекендейтін жануарлардың құрылысында — ерекше белгілері болады. Денесі жұмыр, мойын айқын бө-лінбеген. Аяғы қысқа, бірақ күшті. Түгі барқыт сияқты қысқа болады. Көздері кішкентай, кейде соқырлардікі тері қатпарлармен жабылып, құлақ қалқаны болмайды. Кейбіреулерінің құйрығының жұрнағы ғана болады. Осындай ерекшеліктердің барлығы олардың жер астындағы інінде де жүруге бейімделушілігі болып саналады.

Әр түрлі жануарлардың жерді қазып, ін жасау тәсілдері түр-ліше болады, мысалы, көртышқандар — өзінін қалақша тәрізді алдыңғы аяқтарының мықты тырнағымен топырақты казып босаған топырақты жан-жақка және артқа қарай ысырып оты-рады. Вертикаль індерде топырақты денесінің алдыңғы жағы-мен итеріп шығарады. Цокорларда алдыңғы аяқтарының табандарымен қазады. Соқырлардың алдыңғы аяқтарының табандары мен тырнақтары нашар жетілген, сондықтан олар жерді өте жақсы жетілген күрек тістерімен қазады. Босаған топырақты-көртышқандар мен цокорлар сияқты иығымен сыртқа ысырып. шығарады.

III. Су аңдары. Алдыңғы группадағыдай жер бетінде тірші-лік ететін жануардан бүтіндей су жануарларына айналуға көп-теген аралық, жағдайлар бар. Ол филогенетикалық жағынан суда тіршілік ететін сүт қоректілерге — ескек аяқтыларға жақын жыртқыштарда айқын байқалады. Су орталығымен алғашқы байланыс, жануарлардың тамақтық затты тек қана құрлықтан тауып қана коймай, су жағасынан немесе судың өзінен табудан басталады. Мысалы, сасық күзеннің бір түрі — норка тұщы сулардың жағалауында мекендейді. Ол су жағалауынан қазған

264


інінің аузын әрқашан құрлықтан шығарады. Өзі су маңындағы кемірушілермен (әсіресе су тышқандарымен 15—30%), амфибилермен (10—30%) және балықпен (30—70%) қоректенеді. Суда жақсы жүзеді, бірақ оның аяғының құрылысында және жүнінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сумен тығыз байланысты — камшат. Іні судың жағасында болады да аузын судың астынан шығарады. Камшаттар су жағасынан 100—200 метрден артық қашық кетпейді. Негізінен судағы балықтармен (50—80%), амфибилермен (10—20%) қоректенеді. Камшаттардың аяқтары қысқа, саусақтарыньщ арасында тері жарғақтары болады. Құлақ қалқандары өте кішкене келеді. Терісінің жүні ірі, сирек қылшықтан және қалың түбіттен тұрады. Теңіз камшаттарының (Епһуdга Іиtгіз) бір түрі — Солтүстік Тынық мұхитты мекендейтін, систематикалық жөнінен ірі теңіз камшаттарына жақын жануарлар. Олар тіршілігінің көпшілігін суда өткізеді де тыныстау үшін жер бетіне шығады, сөйтіп судағы кірпілермен, моллюскалармен, краптармен, кейде балықтармен қоректенеді. Бұлар түнгі ұйқысын су жағасында өткізеді. Суда жақсы жүзеді, ауа ты-нық уақытта жүзіп су жағасынан алыстап та кетеді. Олар су жағасьша ешқандай бекіністер жасамайды. Аяғы қысқа, саусақтары бірімен-бірі тері жарғақ арқылы қосылған, тырнағының нұсқасы ғана бар, құлақ қалқаны болмайды. Терісінің жүні өте сирек ірі қылшықтан және қалың түбіттен тұрады.

Басқа отрядтың өкілдерінен аздап та болса сумен бай-ланысты түрлерді кездестіруге болады Насеком жемділердің ішшде су жертесері (Nеоmуs fоdіепs) судан тамағының біразын алады, кейде қауіптен кұтылады.

Кемірушілердің ішінде тіршілігін жартылай суда өткізетін көптеген түрлері бар. Бұларға ондатралар, нутриялар жатады. Осы аталған кемірушілер негізгі қоректік заттарын судан, аздап та болса құрлықтан алады. Жауларынан қорғанады, олар су жағасынан ін қазып немесе су бетінде жүзіп жүрген өсімдік қалдықтарынан үйшік жасап, мекен етеді. Құлақ қалқаны болмайды. Саусақтарынын, арасында тері жарғағы болады. Терісі жоғарыда айтылған жартылай су аңдарынікі сияқты болады. Ондатралар мен құндыздардың май бездері жақсы жетілген, бұл құстың безі сияқты қызмет атқарады.

Ескек аяқтылар барлық тіршілігін суда өткізеді, су ішіндегі заттармен қоректенеді, су бетінде тынығады. Тек қана шағылысу, күшіктеу, түлеу үшін жағаға немесе мұзға шығады. Құрылысында өзіндік ерекшеліктері бар. Аяғы ескекке айналған, денесі ұршық тәрізді жұмыр болады. Артқы ескектері жүзген және сүңгіген кезде негізінен локомоторлық құралдың қызметін атқарады. Тері түгі болмайды, жылуды реттеу қызметін тері астындағы май қабаты аткарады.

Ешқашанда құрлыққа шықпайтын нағыз су жануарлары — кит тәрізділер мен сирендер болып саналады. Тері жабындысы

265


(түгі) артқы аяғы болмайды. Локомоторлық органның қызметін құйрық қанаты атқарады.

Су — сүт қоректілер үшін екінші тіршіліктік орта болып есеп-теледі. Алғаш құрлықта тіршілік еткен жануарлар қайтадан су-да тіршілік етуге әр түрлі дәрежеде бейімделген. Жартылай, кейін толығынан су жануары болуының себебі: судан қорек іздеу мен жауларынан жасырынатын болған. Осы жолмен жануарлардың әр түрлі систематикалық топтары шыққан.



IV. Үшатын жануарларға — қол қанаттылар немесе жарқа-наттар жатады. Бұлар орманды жерді мекендеп, ағаштан-ағашқа секіру, кейін қалықтап барып түсу, соңында ұшуға бейімделген. Мысалы, тиін секіргенде аяқтарын жан-жағына кең жайып жіберін, денесі керіліп, ауа кедергісін күшейтеді. Австралияның қалталы тиіндерінің (Реtаіігоіdеs) алдыңғы аяғының басына дейін жететін кішкене ұшу жарғағы болады. Біздің ұшарлардың (Рtегоmуs ұоіапз) және оңтүстік азиялық жүн қанаттының (Gаlеоріtһесиs) алдыңғы және артқы аяғының арасында екі бүйірінде үшу жарғағы бар. Бұл жануарлар он шақты метр жерге ұшып бара алады.

Нағыз ұшатын жануарларға — қол қанаттылар немесе жар-қанаттар жатады. Өйткені, бұларда құстарға ұқсас бірнеше жаңа белгілер пайда болған. Мысалы, ұшуға әсер ететін еттері бекінетін, төс қыры болады. Оның кейбір элементгерінің бірігіп кетуіне байланысты көкірек клеткасы мықты болып құрылған. Ми сауытының сүйектері де кірігіп кеткен. Түн жануарлары болғандықтан есіту және сезім органдары өте жақсы жетілген.



Қоректену. Сүт қоректілердің тамағының құрамы алуан түрлі болады. Олар тамақтану үшін алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктерді пайдаланады. Оны жануарлар әр түрлі тіршілік орталықтарынан табады. Осы жағдай сүт қоректі-лердің түрінің көп болуына және кеңінен таралуына себепші болған. Қоректенетін тамағының түріне байланысты сүт қоректілерді — өсімдікпен қоректенетіндер және жануарлармен қоректенетіндер деп екі топқа бөлуге болады. Бұлай бөлу шартты түрде алынбаған, өйткені бірыңғай жануармен немесе өсімдікпен қоректенетін сүт қоректілердің түрлері өте аз. Жалпы сүт қоректілердің көпшілігі аралас тамақпен яғни өсімдік тектес тамақпен де, жануар тек-тес тамақпен де қоректенеді. Тамақтың қандай түрінің басым болатыны тіршілік еткен жерінің жағдайына, жыл маусымына тағы басқа себептерге байланысты.

Мезозой дәуіріндегі құрылысы қарапайым сүт қоректілер кө-бінесе құрлықта, аздап та болса насекомдармен, моллюска-лармен, құрттармен, ұсақ амфибилёрмен және рептилилермен қоректенген. Осындай қоректену тәсілі қазіргі құрылысы өте қарапайым топтарда: насеком жемділердің көптеген түрлерінде (жер тесерлерде, тенректерде, кірпілерде) және көп күрек тісті қалта-

266

-лылардың кейбір түрінде сақталған. Олар қорегін жер бетінен іздеп тауып, таяз індерге жияды.



Жоғарыда айтылған топтармен қатар қоректенуі бойынша, насеком жемділердің өте маманданған бұтағы пайда болған. Бұған насекомдарды ауадан ұстайтын жарқанаттар, құмырсқалармен, термиттермен және олардың личинка-лармен қоректенетін — құмырсқа жеушілер, ящерлер, түтік тістілер, ал біртесіктілерден — ехидналар жатады. Құрт-құмырсқаны ұстауға бейімделген тұмсығы ұзын, желімді тілі, мықты тырнақтары болады. Мұндай маманданған насеком жемділерге көртышқандар жатады, өйткені олар өзінің қоректік затын топырақтың қалың қабатынан тауып жейді. Оның қорегі көбінесе жауын құрттары, қоңыздар, моллюска-лар, көп аяқтылар болып саналады.

Биологиялық жыртқыштарка — жыртқыштар, ескек аяқтылар және кит тәрізділер отрядына топтасатын жануарлардың түрлері жатады. Филогенетикалық жағынан олар насеком жемділерге жақын, жылы қанды омыртқалылар сияқты ірі жануарлармен қоректенуге көшкен бір жалпы түбірдің бұтағы болып саналады. Талдау жасалып отырған топтың аздаған түрлері ғана тек жануарлармен қоректенёді. Оларға; мысықтар, ақ аюлар жатады. Көпшілігі азды-көпті болса да өсімдікпен, ал жыртқыштар көбінесе тышқан тәрізді кеміргіштермен, қояндармен, насеком жемділермен, өлекселермен, құстармен, насекомдармен жә-не өсшдіктермен қоректенеді.

Су жануарларьшың көпшілігі жануар тектес тамақпен, мы-салы тісті киттер тек қана балықтармен және теңіз сүт қоректі-лерімен (тюленьдермен, ұсақ мұртты киттермен), қоректенеді. Мұртты киттер шаян тәрізділермен, аздап та болса балықтар-мен қоректенеді. Су аңдарының. бір азғана түрі су түбіндегі омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Оған ескек аяқтылар-дан — теңіз қояндары, тісті киттерден — кашалоттар жатады

Өсімдік пен қоректенетін жануарлар өте көп. Бұған маймыл-дардың, жартылай маймылдардың көпшілігі, мүкі тістілерден — жалқаулар, кемірушілердің көпшілігі, тұяқтылар, екі күрек тістілер, қалталылар, кейбір жарқанаттар, ал теңіз аңдарынан — сирендер жатады. Тамағының сипатына қарай бұларды шөп жеушілер, дән жеушілер және жеміс жеушілер деп бөлуге болады. Бұл шартты бөлу емес, өйткені орта жағдайына байланысты олар қайсысымен болса да коректене береді. Нағыз шөп жеушілерге — жылқылар, сиырлар, ешкілер, қойлар, кейбір бұғылар және көптеген кемірушілер жатады. Шөппен қоректенетін тұяқтылардың жақтары мен тілдері өте жақсы жетілген және қозғалмалы болады. Ас қорыту органы да күрделенген. Жұмсақ шөппен қоректенуіне байланысты жұп тұяқтылардын, күрек тістері жойылып кеткен. Далалы және шөлді жерде жайылатын, барынша қатты шөппен қоректенетін жылқылардың жоғарғы күрек тістері сақталған. Кемірушілер, тұяқтылар секілді, шөпгі

267

ерінімен қамтымай, күрек тістерімен жұлады (ондатралар, сұр тышқандар т. б.). Сондықтан олардың күрек тістері ерекше жетілген. Шөп жеушілердің бәріне тән бір ерекшелік ішектері ұзын — күйіс қайыратындарында қарнының күрделі болуында. Кемірушілердің бүйені өте жаксы жетілген.



Бұғылар, пілдер, кояндар, жалқау аңдар, құндыздар, жираф-тар, бөкендер, бұландар — ағаштың бұтағымен, қабығымен, жапырағымен қоректенеді. Қыста ағаштың бұтағы мен жапырағын жиі пайдаланады да жазда шөпті пайдаланады.

Өсімдік жеуші жануарлардың көпшілігі тек қана өсімдік тү-қымымен қоректенеді. Мысалы, тиіндер қылқан жапырақты ағаштардың тұқымымен, ал шұбар тышқан осымен қатар, дәнді дақылдың және бұршақтың тұқымын да пайдаланады. Түқыммен қоректенетін жануарлардың тіршілігі тұқым беретін өсімдіктердің өніміне байланысты. Егер олардың өнімі болмаса жануарлардың жер аударуына немесе қырылып қалуына себепші болады. Мысалы, біздің тиіндер қылқан жапырақтыларда дәні болмай қалған жылдары смоласы көп түйіндерімен қоректенеді.

Жеміспен ғана қоректенуге маманданған сүт қоректілер. Оған маймылдар, жартылай маймылдар, итбас жарғанаттар крыландар, кемірушілерден — найза құйрықтылар (Glіs gІіs) жатады. Өсімдіктердің нектарымен тропиктегі кейбір жарқа-наттар қоректенеді.

Солтүстік бұғылары, ақ қояндар және жанат тәрізді иттер сияқты аңдардың көптеген түрлері жыл мерзімінің, климат жағдайының және азық қорының өзгеруіне сәйкес бейім-деледі. Мысалы, жанат тәрізді иттер біздің Қиыр Шығыста жазда амфибилермен, моллюскалармен, насекомдармен қоректенсе, қыста балықты, тышқан тәрізділерді, жемісті және өсімдік тектес басқа азықтарды көбірек пайдаланады.



Көбеюі. Сүт қоректілердің көбею кезіндегі жалпы белгілері: 1) іште ұрықтану, 2) тірі туу (бірлі жарым түрлерінен басқасы), 3) оларды сақтау үшін арнаулы ұя-үйшік жасау, 4) жаңа туған жас балаларын сүтімен қоректендіріп, көп уақытқа дейін қамқорлық жасау. Көрсетілген белгілердің ішінде екінші мен төртінші нағыз сүт қоректілерге тән белгі, ал бірінші мен үшінші басқа да жер бетінде тіршілік ететін омыртқалыларда да кездесе береді.

Көбею биологиясының көрсетілген белгілері қазіргі кездегі сүт коректілердің бәріне бірдей тән бола бермейді. Сондықтан сүт қоректілерді төрт биологиялық топқа бөлуге болады.

1. Ұрықтанған жұмыртқа туып, оны басып бала шығаратын-дар мысалы, үйректұмсықтар.

2. Ұрықтанған жұмыртқа туатын кезінде аналығының құрсақ бөлімінде пайда болатын тері қалтаға салып алатындар. Осы қалтада жұмыртқадан шыққан жас особь сүт безінен бөлі-

268

нетін сүтпен қоректеніп, ересек организмге айналады. Бұл ехидналарға тән көбею болып саналады.



3. Шала тірі туатындар. Олардын, баласы жатында, нағыз плацента пайда болмай-ақ жетіледі. Жаңа туған өте әлсіз ба-ласын, көбею кезінде анасының құрсағында пайда болатын қалтаға салып, аузынан емшек шығып кетпейтіндей етіп қысып қояды. Ол өз бетінше еме алмайды, анасы аузына қарай шашыратқан сүтті жұтып, осы қалтада жетіледі. Мұндай тәсілмен қалталылар көбейеді.

4. Өз бетінше қозғалып, еміп кете алатын толық жетілген бала туатындар. Толық жетілген бала туу плацентаның пайда болуымен байланысты. Сондықтан бүл топқа жататын жануарларды — плаценталы сүт қоректілер деп атайды.

Жануарлардын. бұл группаларының көбеюінде айырмашы-лық болумен қатар, жұмыртқаларының сипатында да айырма-шылық болады. Жұмыртқа туатындарының жұмыртқасы ірі (10—20 мм), сары уызға бай, жақсы жетілген белокты қабаты, сыртында тығыз пергамент тәрізді қабы болады.

Қалталылардың жұмыртқасы ұсақ (0,2—0,4 мм), ал плацен-талылардікі оданда ұсақ (0,05—0,2 мм) болады.

Сүт қоректілердін, буаз болу мерзімі де, соған байланысты баласының жетілу дәрежесі де түрліше болады. Бұл бала туа-тын жағдайға байланысты. Кемірушілердің көптеген түрлері балаларын арнаулы етіп жасаған ұяларда, немесе індерде туады. Олардың балалары азды-көпті болса да климаттың, зиянды факторларынан және жыртқыштардан қорғалады. Бұлар баласын аз уақыт көтереді, сондықтан олар дәрменсіз, қызылшақа және соқыр болып туады. Мысалы, сұр аламан (Сгісеtиlиs mіgгаtогus) 11—13 күн, үй тышқандары (Миз mиsсиlиs) 18—24 күн, сұр дала тышқаны (Місгоtиs агvаlіs) 16—23 күн, ірі ондатралар (Оndtіга zіЬеtһіса) 25—26 күн, тиіндер 35—40 күн, қара бурыл түлкілер 52—53 күн көтереді.

Қарапайым ұяларда немесе жай үңгірлерде балалайтындар-дын буаз болу уақыты ұзағырақ болады. Леопардтардың, барыстардың және тағы да сол сияқты мысық тұқымдастардың буаз болу мерзімі 90—133 күнге дейін созылады. Балаларын жер бетіне туатын және туысымен енесіне ілесіп жүріп кететін сүт қоректілердін, буаз болу уақыты оданда ұзағыраққа созылады. Мысалы, бұғылардың буаз болу мерзімі 8—9 айға, ешкі мен қойлардікі 5—6, жылқылардікі, есектердікі және құландардікі 10— 11 айға созылады.

Сүт қоректілердің көбею жылдамдығы, яғни өсімталдығы олардың жыныстық жетілуіне, алғашқы баласымён соңғы баласын көтеру уақытына, соңында жануарлардың дене мөлшеріне байланысты болады. Ірі жануарлардың жыныстық жетілуі кешірек орындалады. Мысалы, пілдерде 10—15, мүйіз тұмсықтарда

269


12—20, бұғыларда 2—4, аюлар мен жолбарыстарда 3—4 жасында жыныстық жағынан толығады. Тезірек ержетіп, екі жасқа толғанда көбею дәрежесіне жететін иттердің және сусарлардың түрлері. Әсіресе тез ержететіндер — кемірушілер және қоян тәрізділер, қояндардың ірі түрлері бір жасқа жетпей-ақ көбею дәрежесіне жетеді, ал ондатралар 5 айлық кезінде күшіктей бастайды. Тіпті тез ержететін ұсақ тышқан тәрізді кеміргіштер — үй тышқандары 2—5 айлығында, дала және орман тышқандары 3 айлығында, ал кішкене сұр тышқан 2 айлығында көбейе береді.

Сүт қоректілердің баласының дене мөлшері, туу жиілігі әр түрлі болады. Пілдер, мұртты киттер, жолбарыстар 2—3 жылда бір рет балалап, бір-ақ бала туады. Қуыс мүйізділер, бұғылар, дельфиндер жылма-жыл көтеріп, бір ғана бала туады. Ит тәрізділер мен мысық тәрізділер жылына бір рет қана балалағанымен бірнеше бала туады. Мысалы, күзендер 2—8-ге дейін, қасқырлар мен түлкілер 3—10-ға дейін, қара бурыл түлкілер 4— 18-ге дейін күшік туады.

Әсіресе кемірушілер мен қоян тәрізділер өсімтал келеді. Қо-яндар бір жылда 2—3 рет көбейіп, әрбір көжектегенде 3—12-ден көжек туады. Тиіндер жылына 2—3 рет балалап, әрбір балалағанда 2—10-ға дейін, тышқандар жылына 3—7 рет балалап, әрбір балалаған сайын 2—10-дан көжек туады.

Көбею жылдамдығы сүт қоректілердің өмірінің ұзақтығына және оның түрлерінің өлу жылдамдығына байланңсіы. Жалпы ереже бойынша ұзақ жасайтындар өте баяу көбейеді. Мысалы, пілдер 70—80 жыл, аюлар мен ірі мысықтар 30—40 жыл, иттер 10—15 жыл, тышқан тәрізді кеміргіштер 1—3 жылға дейін өмір сүреді.

Тіршілік жағдайының өзгеруіне байланысты көбею жылдам-дығы да жыл сайын өзгеріп отырады. Бүл әсіресе, өсімтал түр-лерден айқын байқаладьі. Мысалы, ауа райы жақсы, тамақтық зат мол болған жылдары тиіндер үш рет балалап, әрбір бала-лаганда 6—10-ға дейін көжек туады, ал ауыр жылдары ұрғашылары ашығып, арықтап жылына 1—2 рет балалап, 2—3-ке дейін ғана көжек туады. Туатын ұрғашыларының саны азаяды, сөйтіп жылдамдығы құрт төмендегі кетеді. Бұл сияқты жағдайлар барлық аңдарда да кездеседі.

Сүт қоректілердің ішінде моногамды және полигамды түрле-рі болады. Моногамдыларында бір көбею мезгілінде еркегі мен ұрғашысы жұп құрайды. Мүндай жануарларға қаскырлар, қара бурыл түлкілер, түлкілер мен құндыздар жатады. Ал, маймылдардың жұбы көп жылға дейін ажырамайды. Моногамды түрлерде балаларың өсіруге ұрғашысы да, еркегі де қатысады. Кебір нағыз тюленьдер шағылысу кезінде ғана жұп құрайды да, кейін еркегі кетіп қалады.

270

Полигамдарға — бұғылар, есектер, жылқылар, шошқалар, ешкілер, сиырлар, қойлар жатады, Сүт қоректілердің бұл түрлері, яғни жылқылар, бұрылар, есектер бірнеше ұрғашыларынық басын қосып, “үйір” құрады. Бір үйірде бір ғана еркегі және жиырмадан отызға дейін ұрғашылары болады. Құлақты тюленьдердін, еркегі үйірге түскенде манына 15—80-ге дейін ұрғашыларын жиып, үйір құрады. Кемірушілер мен насеком жемділердің де көпшілігі полигамдарға жатады. Бірак, бұлар “үйір” құрмайды.



Сүт қоректілердін, әрбір түрінін шағылысу мерзімі түрліше уақытта орындалады. Қасқырлар мен түлкілер қыстын, аяқ шенінде, күзендер мен қояндар көктемнің басында, бұлғындар, сусарлар жаздың ортасында, ал тұяқтылардың көпшілігі күзде шағылысады. Әрбір түрдін, өзіне қолайлы және баласын сақтай алатын жыл маусымында балалауы эволюциялық дамудын, нәтижесінде пайда болған. Осы жағдайға байланысты сүт қоректілерге жататын түрлердің буаз болу мерзімі түрліше болатыны жоғарыда айтылған болатын, мысалы, қасқырлардың буаз болу мерзімі 60 күн болса, ал бұлғындардікі 230—280 күндей болады.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет