С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


Сүт қоректілердің тіршілігіндегі жылдық циклі



жүктеу 4.11 Mb.
бет23/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Сүт қоректілердің тіршілігіндегі жылдық циклі. Сүт қоректілердегі биологиялық құбылыс, олардын, организмінің күйі, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы маусымдық заңдылыққа бағынады. Басқа жануарлар сияқты бұлардың да тіршілік циклі бірнеше периодтардан немесе фазалардан тұрады. Осыған сәйкес тіршіліктің жылдық циклінің өте қарапайым схемасын ұсынуға болады.

1. Көбеюге дайындық—сүт қоректілердің көбейер алдында мінез-құлқында елеулі өзгерістер болады. Бұл мезгілде полигамдар “үйір” немесе, “гарема” құрады. “Үйір” құрады. “Үйір” құру үшін еркектері бірімен-бірі таласып, маңына ұрғашыларын көбірек жинауға тырысады (бұғылар, теңіз мысығы, жылқылар т. б.)

Болашақта балалауына қолайлы жағдай тандауына байла-нысты шағылыс кезінде мекен еткен жерін тез ауыстырады. Мысалы, теңіз мысықтары құрғақ аралдарға кетеді. Ашық жерлерді мекендейтін қара бурыл түлкілер, түлкілер бұл кезде қалың шөпті, бұталы немесе тасты жерлерге ауысып, ін қазып, тиіндер, саршұнақтар, ондатраларда ескі індерін жаңартып, немесе жаңадан ін қазады.

2. Балалау және төлдерін тэрбиелеу — мерзімінде аңдар көбінесе тасалы жерде болып, жасырын тіршілік етеді. Мұндай жағдай әсіресе балаларын ашық немесе шұңқыр жерге туатын жануарларға тән (тұяқтылар, мысықтардын, ірі түрлері, қаскырлар және т. б.). Осы кезде аңдар індерінін, маңайынан ешқайда алыстап кетпейді. Тіпті мекенін жиі ауыстыратын жануарлардың өзі де отырықшы болып қалады. Балалары жетіліп тамақтық зат көбірек қажет болғанда, қоректік зат мол жерге ауыса-

271


ды. Тиіндер мен түлкілер сияқты көбею үшін уақытша ін казған сүт коректілердің түрлері балалары ержеткен соң інін тастап, қорегі мол жерге кетеді. Тұрақты індерінде болатын суыр, сар-шұнақтар мекенін ауыстырмайды.

Сүт қоректілердің балаларын сүтімен асырау мерзімінде бір-дей болмайды. Қасқырлар күшіктерін 4—6 жұмадай емізеді, қара бурыл түлкілер 6—8 жұмадай, ондатралар 4 жұмадай, қоңыр аюлар 5 айдай, ақ аюлар 1 жылдай, солтүстік бұғылары 4—5 ай, тау қойлары 5—7 ай емізеді. Жоғарыдағы өзгешелік әр түрлі жағдайларға: тамақтың сипатына, оны табу жағдайына, ата-анасы мен баласының мінез-құлқына, сүтінің химиялық құрамына байланысты жас особьтың өсу жылдамдығы да әр түрлі болады. Мысалы, Гренландия тюленьдерінің сүтінің құрамындағы су — 44%, белок—12%, май — 43 процентке жетеді, ал қант болмайды, минералдық заттар 1%, жасыл киттердін. сүтінің құрамында 47% су, 14% белок, 1% минералдық заттар, 38% май, солтұстік бұғыларының сүтінде — 65% су, 11% белок, 20% май, 1 % минералдық зат, 3% қант болады.

Жануарларда ата-енелерінің ұрпақтарымен бірігіп тұруы бір жылдан аспайды. Саршұнақтың балалары бір айдан соң ажырап кетеді, тиіндердің және қояндардың көжектері де осы шамадан аспайды. Түлкінің күшіктері 3—4 айлық, қасқырдікі 9—11 айлық кезінде, жолбарыстікі 2—3 жылдан соң ата-енесінен бөлініп, өз бетінше тіршілік етеді.

3. Қысқа дайындалу — мерзімінде аңдар түлеп, ескі жүнін тастап жақсы семіреді.

Тұрақты мекені жоқ жануарлар бір жерден екінші жерге қо-ректік зат іздеп, мекен ауыстырады. Жануарлардың семіруі — қысқы табиғат жағдайына байланысты өзіндік бейімделушілігі. Мысалы, саршұнақ көктемде 90—120 г болоа, ал жаз ортасында олаодың салмағы 400—500 г жетеді.

Қысқа дайындық әрқашанда миграциямен байланысты. Күз-де тіршілік жағдайы нашарлай бастағанда қара бурыл түлкі-лердің көпшілігі оңтүстікке орманды тундраға және орманды зонаның солтүстік бөлігіне ауысады. Солтүстік бұғылары күзде оңтүстікке барады, ал көктемде қайтып тундраға келеді. Бұғы-лармен бірге қасқырлар және росомахалар миграция жас-айды. Тундраның солтүстік бөлігінде тіршілік ететін ақ қоян-дардың кұзде оңтүстікке өріс аударып, ал көктемде қайтадан тундраға оралатыны анықталған. Тау жануарларының көптеген түрі жазда шөбі бітік, қансорғыш насекомдары аз, биік тау жайылымдарына шығып кетеді, ал қыста қары жұқа және шөбі мол тау етегіне ауысады (жабайы шошқалар, бұғылар, жабайы қойлар, ешкілер, маралдар т. б.). Шөлді жерді мекендейтін тұяқтылар күзде жайылымы жақсы тау етегіне келеді де, ал көктемде қайтадан шөлге оралады. Құстармен, балықтармен салыстырғанда сүт қоректілердің миграциясы айтарлықтай емес. Миграция процесі

272

айқын байқалатындарға теңіз сүт қоректілері, жарқанаттар жә-не тұяқтылар жатады.



4. Қыстап шығу — кезіндегі негізгі қиыншылық — тамақ та-бу жағдайының қиындап кетуі, тамақтың азаюы, тамақтың са-пасының нашарлауы. Мұндай қиыншылықтан құтылудын, ең қарапайым жолы тамақ іздеуде қозғалыс жылдамдығын арттырып, көп аймақты аралау. Осындай ерекшелікті көптеген жануарлардан — қасқырлар, түлкілер, жолбарыстар, барыс-тар; кемірушілерден — тиіндер, қояндар және түяқтылардың бірнеше түрлерінен байқауға болады. Сүт қоректілердін, кейбір түрлері қоректік азық іздеп, миграция жасамайды, олар қыстың қиыншылығын ұйқыда жатып өткізеді немесе қысқа қажетті тамақ қорын жинап алады.

Қысқы ұйқы сүт қоректілерде кең таралған құбылыс, бірақ ол кейбір отрядтардың өкіліне ғана тән ерекшелік. Қысқы ұйқыға клоакалылар, қалталылар, насеком жемділер, қол қа-наттылар, мүкі тістілер, жыртқыштар, кемірушілер' отрядының өкілдері жатады.

Қыскы ұйқы ұйықтау дәрежесіне қарай үшке бөлінеді.

1. Қысқы немесе факультативті ұйқы. Қысқы ұйқы кезінде жануарлардың организміндегі зат алмасуы, температурасы, тыныс алу құбылыстары төмендейді. Аюлар, жанаттар, жанат тәрізді иттер, борсықтар ұйқысынан мезгілі болмай-ақ оянады. Қоңыр аюлар қыста жер апандарда немесе құлап жатқан ағаштардың астында немесе шырша түбірлерінің астында ұйықтайды. Қара аюлар, жанаттар — ағаш үңгірінде, жанат тәрізді иттер — саяз індерде немесе жиылған шөптің ішінде ұйықтайды, ал борсықтардың індері терең және күрделі құ-рылысты болады. Ұйқыға жату немесе одан ояну мерзімі андар-дың тіршілік еткен жағдайларына тікелей байланысты, мысалы, қоңыр аю Сибирьдің солтүстігінде октябрьден бастап май айына дейін ұйқыда болса, Европаның солтүстігінде олар ноябрьден апрель айына дейін, Кавказ тауларының оңтүстік беткейінде декабрьден февральға дейін ұйықтайды, ал Закавказьеде кейбір жылдары аюлар тіпті ұйқыға жатпайды.

2. Н а ғ ы з ұ й к ы — кезінде температура төмендеп, тыныс алу жиілігі бәсеңдейді. Алайда кыс ортасында күн жылы болған күндері қысқа мерзімге мезгіл-мезгіл ояна алатын қабілеті бар жануарлар жарқанаттар, шұбар тышқандар, аламандар жатады.

3-Нағыз маусымдық үздіксіз ұйқыға жататындар — кірпілер, жарқанаттардың кейбір түрлері, сар-шұнақтар, суырлар, қосаяқтар болып саналады. Бұлар терең ұйқыға кетеді де, температурасы бірден төмендеп, тыныс алуы баяулап, өлі организмге көбірек ұқсайтын болады.

Үйқыға жатқан организмде зат алмасуы өте төмендегенмен де бүтіндей тоқтап қалмайды. Бұл кезде олар өзінің денесіндегі

273

тканьдері мен май корларын пайдаланады. Нағыз ұйқы қыста ғана емес жазда да болады. Ол — әсіресе саршұнақтарға тән құбылыс. Мысалы, солтүстіктегі теңбіл саршұнақ (С. sиslіса), август айында ұйқыға кетеді. Жартылай шөлді облыстарда тіршілік ететін кіші саршұнақ (С. руgmаеиs) июль айында ұйқыға кетсе, ал Орта Азиядағы саршунақтар (С. fиlvиs) июнь мен июль айларында ұйқыға кетеді. Жазғы ұйқының себебі; өсімдіктердің қурап кетіп, организмнің қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті суды ала алмауынан болады.

Қысқы ұйқы, сол сияқты нағыз ұйқы да тіршілікке қолайсыз жағдайларды өтеудегі организмнің бейімделуі болып саналады. Бұл көрсетілген екі түрлі құбылыстарда тіршілік жағдайының нашарлау дәрежесі жануарлардың түрліше бейімделуіне себепші болады.

Тамақ қорын жинау. Жыл мерзімдерінде қоректік азықтар-дың болмай қалуынан сақтанудағы жануарлардың бейімделуі. Бұл әсіресе кемірушілерге тән ерекшелік.

Біздің оңтүстік далалы жерді мекендейтін қорған салушы тышқандар (Миs mиsсиlиs һогtuгаnas) жерден үйіп, құмырс-қаның илеуі сияқты биіктігі 10—80 см, аумағы 50—200 см (ірге жағынан) етіп қорған салады. Сыртынан қарағанда ол төбешік секілді болып көрінеді. Оның ішінен күрделі торапталған жол-дар қазып, ішін бірнеше бөлікке бөледі де, олардың ішіне мәдени дақылдардың және жабайы өсімдіктердің дәнін жинайды. Әдетте мұндай қорғандардың ішіне жиылған дән 5—7 кг болады. Ал кейде 15—16 килограмға дейін дән табылғаны туралы мәлімет бар. Олар азықты 20—25 күннің ішшде август — октябрь айларында жинайды. Жиылған азық — қорларын тышқандар күзде, кыста және көктемнің басында пайдаланады.

Даланың кішкене экономка деп аталатын — сұр тышқаны (Місгоtиs оесопотиs), өзінің ініне дақылды азықтың дәндерін, ағаштың, шөптің тұқымдарын, құрғақ шөптерді және өсімдік тамырларын жинайды, оның ініне жинаған азық қорының мөл-шері 10 килограмнан астам болады. Осы сияқты азық қор-ларын цокорларда (Муозраіах туозраіах), соқырларда (Sраlах mісгорһаlmиs) індеріне жинайды. Орта Азияда кездесетін кемірушілердің көпшілігі өсімдіктің вегетативтік органдарынан қор жинайды. Мысалы, үлкен құм тышқаны (RһоmЪоmуs аріmиs) және кепкен шөпті індеріне жиятын ысқырғыш, немесе шөптергіш тышқандар (Осһоtопа). Дала тышқандарының көпшілік түрлері шөптің биіктігін 35—45 см етіп, ал көлемі — іргесінен өлшегенде 40—50 см болатын шөмеле етіп жинайды. Қыста ұйқыға жататын Шығыс Сибирьдің ұзын құйрық саршұнақтары (Сіtеlus ипdиlаtиз), шұбар тышқандары, аламандары да қор жияды. Тиіндер санырауқұлақты ағашқа іліп, кептіріп қояды.

Жыртқыштардьщ да біразы қорек қорын көп жинаса (қоңыр

274


күзендер, гіоркалар), ал аю, түлкі және сусар сияқтылары кор-ды аз жасайды.

Сандарының ауытқып тұруы. Сүт қоректілердің көптеген түрлерінің саны жыл сайын өзгеріп отырады. Оның ішінде әсі-ресе кемірушілердін. және кейбір жыртқыштардың (тиіндердің, кояндардың, ондатралардың, су тышқандарының, күзендердің, қарсактардың, түлкілердін т. б.) саны миі ауытқиды. Тұяқтылардың кейбір түрлерінің (солтүстік бүғыларының, киіктердің, жабайы шошқалардың) саны да жылма-жыл өзгеріп түрады. Жеке жүретін баяу көбейетін ірі жыртқыштардың санының ауытқуы шамалы болады.

Жануарлардың санының жыл сайын ауытқып түруы көбею кабілетіне, тіршілік жағдайына және тарауы, жыртқыштардың санының өсуі, қоректік азықтың мөлшері және ауа райының тұрақсыздығы т. б.

Барлық жануарлар түрлерінің ауытқып тұруы негізінен — қоректік затқа байланысты. Алайда қояндар санының жыл са-йын өзгеріп отыруы басқа себептерге байланысты. Өйткені олардың тамақтық қоры жыл сайын өзгермей бір қалыпты болады. Сол сияқты басқа жануарлардың (ондатралар, бұғылар, бұландар) .саны да жыл сайын өзгеріп отырады.

Жануарлардың санының өзгеруіне екінші себеп олардың арасында жиі жұқпалы аурулардың таралуынан. Бұл аурулар қоректік заттары (мысалы, ақ кояндардың, қосаяқтардың, он-датралардың, су тышқандарының) арасында жиі кездеседі.

Жүқпалы аурулардың табиғаты әр түрлі. Жануарларда ке-ңінен таралған аурулар — туляремия, кокцидиоз т. б. Жұкпалы аурулардың бірнеше түрді бірден камтитыны табиғатта жиі кездеседі.

Кейбір түрлердің санының өзгеруіне себепші болатын ауа райының қолайсыздығы. Қар калың түскен жылы жабайы шошқалар, киіктер, жабайы қойлар, ешкілер, қояндар және тағы солар сияқты дала аңдары мүлдем қырылып қалады. 1942 жылы Қазақстанда кар қалың түскенде акбөкендер Каспий теңізінің жағасына ауып барғаны байқалған (Ф о р м о з о в, 1946 ж.).

Қар қалың түскен жылдары түлкі, қарсақтар да (Vиlреs сог-sас) қырылып калады.

Жануарлардың санының өзгеруіне жыртқыштардың да әсері болады. Өте көп болатын түрлер үшін, олардың санын өзгертуде жыртқыштардың әсері байкалмайды. Олар ондай популацияның басқа себептерден болған өлімін ғана тездетеді. Ал, өте баяу көбейетін тұяқтылар үшін, жыртқыштардың келтіретін әсерінің үлкен маңызы бар.

Кәсіптік аңдар саны өзгеруінің үлкен практикалық маңызы бар. Ол кәсіптік жануарларды аулауды жоспарлауға, одан өнім даярлауға, дер кезінде оларды ұйымдастыру шараларын іске асыруға нұқсан келтіреді. Кейбір зиянкес жануарлардың шама-

275


дан тыс көбейіп кетуі ауыл шаруашылрына және денсаулық үшін үлкен зиянын тигізеді. Өйткені кемірушілердің көптеген түрі жұқпалы ауруларды таратушы болып саналады.

СҮТ ҚОРЕКТІЛЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Сүт қоректілердін, экономикалык, маңызы өте зор және алуан түрлі. Егер олардың түрге өте бай екенін және кеңінен таралғанын ескерсек өзінен-өзі түсінікті болады. Көптеген түрі орман, қойма, ауыл шаруашылығының, зиянкестері. Кейбір түрлері жұқпалы ауру таратып, адамның денсаулығына үлкен зиян келтіреді. Сүт қоректілердің көпшілігі кәсіптік объектілер, олардан әр түрлі бағалы өнімдер: ет, май, бағалы тері, тері алынады. Сонымен қатар адам баласы ерте кезде көптеген жануарлардың түрлерін қолға үйретіп, қазіргі ауыл шаруашылық малдарының жаңа тұқымдарын шығарған. Жабайы аңдарды үй малына айналдыру әлі де тоқталған жоқ. Өнімі мол жақа тұқымдаршығаруда үлкен табысқа жетіп отыр.

Зиянды сүт қоректілер. Көбінесе кемірушілер отрядына жататын зиянкес болып саналады. Әр түрлі дала тышқан-дары, саршұнақтар т. б. ауыл шаруашылық өсімдіктеріне үлкен зиян келтіреді. Олар егістік дақылдардың барлық стадиясына зиянын тигізеді. Себілген тұқымды тасиды, өскінді құртады, дәнін жейді, қойманы, үюлі тұрған шөпті мекендеп бүлдіреді.

Свириденко мен Калабухованың мәліметі бойынша Солтүстік Кавказдың кейбір жерлерінде бір гектар жерде саршұнақтың 80—100 дейін іні, ал кейбір жерлерінде бір гек-тарда — 1450-ге дейін болған. Бір гектар жерде 20—50 саршұ-нақтың болатындығы жиі кездеседі. Сибирьдің ұзын құйрық ірі саршұнағы жылына 16/кг-ға дейін дәнді азық жеңді. Агротехни-калық шараларды нашар қолданған жерлерде саршұнақтар егістің жартысын құртып жібереді. Орта Азияның және Қазақ-станның шөл даласында мекендейтін сары (СitеІІиs fulvиs) және жіңішке саусақты саршұнақтардың (Sрегmорһіlорsіs ІерtоdіасtуІиs) ғана шаруашылыққа келтіретін зияны жоқ, өйткені олар көбінесе егіні жоқ далалы жерді мекендейді.

Тышқандардан басқа шаруашылықка зиян келтіретін кемір-гіштер де аз емес. Колесникованың зерттеуі бойынша, Орта Азияда мекендейтін қызыл құйрық қосаяқ (Мегіопеs еvегз-mаппі) дәнді дақыл немесе мақта егісін мекендеп, егіннің түсімділігін 10 процентке дейін тәмендетеді. Күзде оның інінен 12 кг-ға дейін астық қоры табылған. Осы сияқты шаруашылықка соқырлар да, қосаяқтар да, сусарлар да үлкен зиян келтіреді. Бау-бақша өсімдіктеріне көбінесе карақас өте зиянды. Ол жемісті түгел жемегенімен тістеп бүлдіреді. Қарақастардың жүзім жемісінің 30 проценттейін жойып жіберген кездері болған. Олар отырғызған ағаштарды да зияндайтыны белгілі, мы-

276


салы, тышқандар далалы жерге еккен ағаштын, 50 процентке дейін тұқымын ініне тасып құртқанын байқаған.

Кемірушілер шабындық пен жайылымға да үлкен зиянын ти-гізеді.А. Н. Формозовтын, мәліметі бойынша, кейбір жылдары Дағыстанның тау етегіндегі аудандарында үй тышқандары өте көбейіп кетіп, олардың 1 га жердегі саньі 1000-ға дейін жет-кен, яғни бұлар майдан сентябрьге дейінгі аралықта бір гектар шабындықтың 10—30 центнерге дейін өсімдігін жеп, құртады. А. Г. Вороновтын, байқауы бойынша Ақтөбе облысында дала теңбіл тышқандары бір жаздың ішінде барлық шөптін, 50 про-центін жойып жібереді.

Соқырлар, цокорлар, саршұнақтар және жалпақ тісті тышқандар (Nезokіа) жерді қазып үңгірлеп, жерден жасалган, құрылысты, каналды, жолды істен шығарады. Жер бетіне топырақ үйіп, шөп шабатын машиналарға кедергі келтіреді. Ін қазып, топырақты қопсыту арқылы арам шөптердің таралуына себепші болады.

Жыртқыштардың ішінде зияндылары көп емес. Адамға пай-далы жануарларды жеп, ауыл шаруашылығына көбірек зиянын тигізетін қасқырлар. Бұлар әсіресе қой шаруашылығы-на үлкен зиян келтіреді, өйткені жеген малдарының 55 проценті қой, 20 проценті сиыр, 15 проценті жылқы, ал 10 проценті басқа жануарлар болады. Қасқырлар тундра жақта көбінесе бұғылармен қоректенеді, жеген азығының 50—60 проценті бұғының еті. Сонымен қатар бұлар кәсіптік маңызы бар жабайы аңдарды да (бұғылар, киіктер, жабайы қояндар, ешкілер, шошқалар) жеп азайтады. Америкада қасқырлардың жылма-жыл келтіретін зияны 25 млн долларға жеткен. Қасқыр құтыру сияқты жұқпалы ауырудың табиғаттағы таралу ошағы болып саналады. Сондықтан оларды құрту жөнінде қазіргі кезде көпгеген шаралар қолданылады.

Жыртқыш аңдардың басқа түрлерін зиянды емес деуге бо-лады. Кейбір жерлерде жабайы мысықтар мен шиебөрілер, түлкілер және ұсақ күзендер құстарды жеп, құс өсіретін ша-руашылыққа зиянын тигізеді. Бірақ бұл андар ауыл шаруашы-лығына зиян келтіретін кеміргіштерді құртып, пайда да келті-реді. Кавказдың орман мысығының жеген азығынын, құрамын зерттегенде, оның 94 проценті тышқан тәрізділер болып, ал ,8 проценттейі-ақ құстар болып шыққан. Түлкінің қиын, қарнын-дағы тамақты тексергенде тышқан тәрізділер 60—100%, құ-стың қалдығы 8—35% болған.

Сүт қоректілердщ жұқпалы ауру тарататын түрлері де бар. Бұларға саршұнақтар, қосаяқтар, үй тышқандары т. б. жатады. Олар жұқпалы ауруларды бойына сақтаушы, әрі таратушылар болып есептеледі. Жұкпалы аурудың қоздырғыш бактериялары адамға да және жануарларға да бірдей жұғады. Мұндай ауруларды — антропозооноз деп атайды. Антропозооноз аурулары

277

на — сүзек, шешек, оба, карасан, туляремия т. б. жұқпалы аурулар жатады. Оба ауруын қоздырғыш бактерия (Васtегіun резtіз) — жоғарыда көрсетілген аңдарды аулап, ұстағанда адамды тістесе немесе оның эктопаразиті бүрге арқылы адамға жұғады. Маса, шыбын, бүрге, бит және кене, ішетін су арқылы немесе тікелей жанасу кезінде туляремия ауруының қоздырғыштары (Васtегіum tиlагепзе) адамға жұғады. Микроб тасушылардың көпшілігі кемірушілер деуге болады. Әсіресе, су тышқандары (Агvісоlа аmрһіЪіиs), кәдімгі дала тышқан-дары, үй тышқандары, саршұнақтар және қояндар жатады.



Ауыл шаруашылығына зиян келтіретін және жұқпалы ауру тарататын кемірушілерді құрту үшін бізде казір көптеген ша-ралар белгіленген. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін олардың жыл сайын санының өзгеруін біліп отыру, табиғи жағдайда, адам мекендерінде орналасу ерекшеліктерін білу керек. Табиғат жағдайында кемірушілердің саны өте азайып кеткен жылдары, оларға қарсы қолданған шараның тиімді болатынын ескеру керек. Өйткені қиыншылык, жылдары олар шағын жерге жиналады, сол жерде оларды жойып жіберуге жеңіл болады.

Қазіргі кезде зиянды кемірушілермен күресудің үш түрлі әді-сі бар: биологиялық, механякалық және химиялық. Б и о л о -гиялық әдіс — кемірушілермен қоректенетін сүт коректілерді және жыртқыш құстарды корғауға негізделген. Мысалы, кейбір аудандарда жұқпалы аурулар болғандықтан бағалы терілі түлкі, күзен сияқты аңдарды аулауға тыйым салынған. Зиян-кестерге қарсы күрестің бұл әдісі оларды мүлде жойып жібер-мегенмен санының азаюына себепиіі болады. Елді мекендер-де кемірушілерге, адамға және малға зияны жоқ бактериялар-ды, мысалы Исаченко бактериясын жұқтырып, қырып жі-береді.

Механикалық әдіс — кемірушілерді әр түрлі құралмен ұстауға негізделген. Саршұнақтар мен аламандарды інінің ау-зына темірден жасалған № 0 және № 1 доға тәрізді қақпандарды кұрып ұстайды. Кейде оларды ініне су құйып та өлтіреді. Бірақ мұндай әдіс көктемде қар суы бар кезде ғана қолданылады.

Химиялық әдіс — жануарларды газ тәрізді улармен немесе азықка араластырып берген улармен ұлатып, өлтіруге не-гізделген. Оларды уландырып өлтіру үшін 1000 см3 құмға 250 г хлорпикрин косып немесе мақтаға сіңіріп ініне тастап кояды. Мақтанын, бір уысына 3 г у сіңіреді, уды індеріне енгізіп таста-ғаннан кейін, онық аузын топырақпен жауып кетеді. Уландыру ушін цианплавта қолданылады.

Кеміргіштермен күресуде кейінгі кезде кеңінен қолданылып жүрген тәсілдердің бірі —' алданыш тамақтарды: уландырған бидайды, сұлыны, қара бидайды індерінің маңайына және жүретін жерлеріне шашып тастау. Алдандыратын дәндерді уландыратын зат есебінде мырыш фосфидін және барий фтороцетатын пай-

278


даланады. Бір гектар жерге 200—300 г бидайдың уландырған дәнін қолмен сепкенде тышқандардың 70—80 проценті қырылып қалады. Бау-бақшаға зиян келтіретін кемірушілерді қыру үшін де осы әдісті қолдануға болады. Суда ерімейтін порошок тәрізді уларды індеріне шандатып шашып жіберу арқылы да оларды қыруға болатын жаңа тәсілді де қолданады.

Кәсіптік аңдар. Жабайы сүт қоректілерді кәсіп ету халқы-мыздың шаруашылық ісінің маңызды саласы болып есептеледі. Осы жолмен өнеркәсіптій. әр түрлі саласында пайдаланатын пайдалы; тамақ бағалы тері, тоқыма өнеркәсібінің т. б. өнімдерін алады. Әсіресе, жануарлар дүниесіне өте бай біздің елімізде табиғаттың осы байлығын тиімді пайдаланудың маңызы өте зор.

Бағалы тері өндіруде СССР дүние жүзі бойынша бірінші

орын алады.

Біздің фаунамызда 350-ге жуық сүт қоректілер бар. Оның 150 кәсіптік және спорттық маңызы бар жануарлар. Мұндай жануарлар қол қанаттылар мен тақ тұяқтылардан баска отрядтардың барлығында бар. Мысалы жыртқыштар отрядында — 41 түр, кемірушілерде — 35 түрі, жұп тұяқтылардың — 20, кит тәрізділердің — 20 түрі, ескек аяқтылардың— 13 түрі, кояндардың — 8 түрі, насеком жемділердің — 5 түрі кәсіптік жануарлар

болып есептеледі.

Даниловтың (1963) мәліметі бойынша бағалы тері да-йындау жөнінде СССР-дің Европалық бөлігіндегі шаруа-шылықтар барлық дайындалатын терінің 32 процентін, Шығыс Сибирь — 29 процентін, Батыс Сибирь—14 процентін, Орта Азия мен Қазақстан—11 процентін, Қиыр Шығыстан — 7 процентін, Оралдан — 4 процентін, Кавказдан — 4 процентін дайындайды.

Біздің еліміздің экономикасында теңіз жануарларының кәсіптік үлкен маңызы бар. Бізде ескек аяқтылар Қара теңізден басқа теңіздердің барлығынан ауланады. Гренландия тюленьдері (Раgорһоса gгеопlапdіса) Ақ теңізден ауланады, өйткені олар қыс ортасынан бастап топталып мұздың үстіне жиналады. Тюленьдер Ақ теңізге күшіктеу және түлеу үшін келеді. Тюленьдердің бірнеше түрін Қиыр Шығыс теңіздерінің мұзынан және Каспий теңізінің-солтүстік бөлігіндегі мұздан да көптеп ауланады. Оның ұсақ түрлері (нерп) Байкал, Ладож көлдерінен ұсталады. Терісі мен майын, жас күшіктерінің терісін бағалы тері есебінде пайдаланады.

Берингов теңізінің Командор аралдарында және Сахалиннің шығыс жағалауында Тюлень аралында теңіз мысықтарының жатағы бар. Олар мұнда күшіктейді және түлейді. Осы кезде олар жағалауда болады. Оларды аулау ғылми негізде құрылған. Жыл сайын санақ жүргізеді, қорғау шараларын белгілейді. Терісін алу үшін үш жастағы еркектері ғана ауланады.

Киттер Қиыр Шығыс теңізінен және Антарктикадагы мұхит-тардан, Тынық мұхиттың суынан ауланады. Ауланған киттерді

279


іске асыру үшін заводтарға әкеліп тапсырады. Оны майын алу үшін аулайды. Орта есеппен жасыл киттерден 20 т (киттің ұзындығы 24 м болады) май, ал ірілерінен 50 т май алынады. Дүние жүзі бойынша жылына 50—60 мың кит ұсталады. Бұлардың тісті түрлерін — дельфиндер дейді. Оны бізде Қара теңізден, Қиыр Шығыс суларынан және Солтүстік теңіздерінен аулайды. Бұлардың терісі мен майының кәсіптік маңызы зор.

Фаунаны қорғау және оны байыту. Совет Одағында жабайы аңдарды аулау халық шаруашылығының маңызды саласы болып саналады. Сондықтан келешекте оларды көбейту және қорғау жөнінде арнаулы ғылми-зерттеу институты шұғылданады. Кәсіптік тұрғыдан маңызы бар облыстарда 13 бөлімі бар.Ғылми-зерттеу жүмысына 10 мыңдай аңшылар қатысады. Қазіргі кезде жабайы аңдарды жерсіндіруде Советтер Одағында үлкен жұмыс жүргізіліп отыр. Өйткені 1925 жылмен 1960 жылдың аралығында біздің еліміздің фаунасына 36 түрге жататын 250 мыңдай сапалы өнімді жануарлар теңбіл бұғылар, маралдар, ақбөкендер, киттер, ор қояндар, ондатралар, тиіндер, камшаттар, құндыздар, жанаттар, түлкілер, шошқалар т. б. жерсіндірілді.

СҮТ ҚОРЕКТІЛЕРДІҢ ТЕГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ

ЭВОЛЮЦИЯСЫ

Қазіргі кездегі сүт қоректілердің тегі палеозой дәуірінде тір-шілік еткен қарапайым рептилилер болып есептеледі. Олар кейінірек пайда болған және жер бетінде тіршілік етуге едәуір маманданған қос мекенділерден өзінің құрылысы бойынша да ерекшелеу болған. Оған аң тәрізділер (Тһеготогрһа) класс тармағынан перм аң тістілері (Тһегіоdопtіа) жатады. Олар-дың тісі күрек, шошақ, азу тістерге жіктеліп, альвеолдарға орналасқан. Көптеген түрлерінің екінші реттегі таңдай сүйектері болған. Төменгі жақтың шаршы сүйегі мен буындық сүйегі жойылып, ал тіс сүйегі керісінше өте жақсы жетілген. Бұдыр сүйектің қалдығы мен самай сүйегінен тұратын бір ғана самай доғасы болады. Қарақұс сүйегі кейбір түрлерінде екеу болған. Мұндай рептилилердің өкілі ретінде Солтүстік Двинадан перм қабатынан проф. В. П. Амалицкий тапқан — иностранцевиялерді (Іпоstгапсеvіа аlехапсігоvi), Африкадағы триас қабатынан табылған циногнаттарды (Супоgпаtһиs) атап өтуге болады. Бұларды қазіргі кездегі сүт қоректілердің тікелей шыққан тегі деп айтуға болмайды, өйткені олардың бір қатар белгілері сүт қоректілерге ұқсас болғанымен, бірсыпыра жоғары маманданған өзіндік айырмашылықтары да бар. Сондықтан сүт қоректілердің тегін ертеректе тіршілік еткен өте қарапайым және аз мамандаған аң тістілердің ішінен іздеу керек.

280

Сүт қоректілердің прогрессивтік эволюциясы денесінің жоға-ры температурасы, оны реттеу қабілеті, тірі тууы және өзін қоршаған тіршілік жағдайларының әсеріне түрліше бейімделу-ді қамтамасыз ететін жоғары дамыған нерв әрекеттерімен байланысты. Бұл өзгешеліктерді морфологиялық тұрғыдан қарағанда олардың артерия қаны мен вена қанының бір-біріне араласып кетуден сақтайтын жүрегінің төрт камераға бөлініп, бір ғана (сол жақ) қолқа доғасының сақталганын, қоректенулерінің мерзімді болуын, дене жылуын реттеуде жабындысының күрделенгенін, екінші реттегі ми күмбезінің пайда болғанын т, б. көрсетеді.



Сүт қоректілер триаста пайда болған болу керек, өйткені олардын, ертедегі топтары жөнінде толық, сенімді мәліметтер жоқ. Мезозой дәуірінде тіршілік еткен сүт қоректілердің тістері, жақтары немесе ми сауытының сынықтары ғана табылған. Триас дәуірінің жоғары қыртысынан көп бұдыр тістілер (МиltitиЬегсиІаtа) табылған. Бұлардың көп бұдыр тістілер деп аталған себебі азу тісінің үстіңгі бетінде көптеген бұдырлары болған. Бұл күрек тістері өте жақсы жетілген, шошақ тістері жоқ, үлкендігі қаптесердей, ең ірісі суырдай ұсақ жануарлар. Көп бұдыр тістілер өсімдікпен коректенуге маманданған организмдер және оларды сүт коректілердің кейінгі топтарының тегі деп айтуға болмайды. Тек қана ертедегі формалары біртесіктілердің алғашқы түрлері сияқты деп болжауға болады. Олардың тісі үйрек тұмсықтың ұрығынын, тісіне өте ұқсайды.

Болжау бойынша қазіргі кездегі сүт қоректілердің тегіне жа-қын формалар жер бетінде юра дәуірінің ортасында пайда болған. Бұлар үш бұдырлылар (ТгіtиЬегсиІаtа) деп аталған Үш бұдырлылар көбінесе насекомдармен, мүмкін басқа ұсақ жәндіктермен және рептилилердің жұмыртқасымен қорек-тенген аңдар. Биологиялық жағынан олар жер бетінде және ағашта тіршілік ететін насеком жемділерге жақын сондай-ақ олардың миынан бұлардың миы анағұрлым үлкенірек болған. Үш бұдырлылардың негізгі тобы — пантотериялар (Рапtоtһегіа) плаценталылар мен калталылардың шыққан түрі болып саналады. Бірақ олардың қалай көбейтіні жөнінде ешқандай мәліметтер жоқ.

Бор дәуірінде қалталылар пайда болады. Олардың ертерек-тегі қалдықтары Солтүстік Америкада бор қабатында және Солтүстік Америка мен Евразияның төменгі үштік қабатында болған. Сондықтан қалталылардың отаны үштік дәуірдің басында кеңінен тараған осы екі континент болып саналады. Осы дәуірдің аяғына дейін, оларды осы кезге дейін Австралия-да, Жаңа Гвинеяда, Тасманияда, Оңтүстік Америкада, Сол-түстік Америкада (тур) және Сулавеси (целебес) аралында сақталған жоғары ұйымдасқан плаценталы жануарлар ығыстырып шығарған.

281


Қалталылардың ең ертедегі тобына көп күрек тістілер жа-тады. Олардың мекендеген жері қазіргілерінің мекендейтін же-ріне сәйкес келеді. Бұлардың кешірек пайда болған тобына Австралияда тараған екі күрек тісті қалталылар жатады. Ол екі тісті қалталылар сол жерде тараған көп күрек тістілерден пайда болған. Австралия — құрылықтың басқа бөліктерінен плаценталы жануарлар өтпей түрған кезінде бөлініп кеткен болу керек. Сондықтан бұл материкте қалталылардың көптеген түрлері, әр түрлі тіршілік жағдайында өмір сүреді. Оңтүстік Америкада үштік дәуірдің орта кезінде плаценталы тұяқтылар мен жыртқыштар болмаған кезде қалталылар өте көп болған. Миоценнен кейін Оңтүстік Америкада плаценталы-лар көбейіп, қалталыларды толық ығыстырып шығарады да, тек қана аздаған маманданған түрлері қалады.

Бор дәуірінде де қалталылардан бұрынырақ плаценталы сүтқоректілер пайда болса керек. Олар үш бұдырлылардан да бұрыныр-ақ шығуы және дербес немесе қалталылар шыққан бұтаққа параллель шыққан жануарлар болуы да мүмкін. В. О. Ковалевскийдің зерттеуі бойынша олар бор дәуірінде әр түрлі бағытта дамыған. Плаценталылардың ең ертеректегі отряды насеком жемдігер (Іпsесtіvога) болып есептеледі. Мұндай қарапайым жйнуарлар Монғолияның жоғарғы бор қабатынан табылған. Бұлардың бір тобы жер бетінде, бір тобы ағашта мекендеп, плаценталы сүт қоректілердің шығуына негіз болған. Ағашты мекендеп ұшуға бейімделген насеком жемділерден қол қанаттылар (Сһігорtега) пайда болады, ал жыртқыштыққа бейімделген бұтағынан үштік дәуірдің бас кезінде ертедегі қарапайым креодонт (Сгеоdоntа) деп аталатын жыртқыштар пайда болады. Бұлар аз уақыттың ішінде кеңінен таралған олигоценнің аяқ кезінде үштік дәуірдің жай қозғалатын тұяқтыларының орнын, тез қозғалатын тұяқтылар басқан кезде, креодонттар ығысады да, олардан анағұрлым мамандалған жыртқыштар (Сагпіvога) пайда болады. Эоценнің аяқ кезінде, олигоценның бас кезінде жыртқыштардан ескек аяқтылар (Ріппіреdіа) жеке бұтақ болып шығады. Олигоценде қазіргі жыртқыштар (мысық, ит, сусар т. б-) тұқымдасының бірнеше алғашқы тектері тіршілік еткен.

Креодонттан үлкендігі иттей, ұсақ жануарлар—ертедегі тұяқ-тылар немесе кондилартрлар (СопсІуІагthга) шыққан. Олар талғамай қоректенетін, палеоценде пайда болған организмдер. Олардың аяғы бес саусақты болған, бірақ, басқа саусақтарынан үшінші саусағы ұзынырақ, бірінші және бесінші саусақтары қысқарак болған. Аз уақыт қана тіршілік етеді. Қондилартрден эоценнің бас кезінде екі дербес бүтақ: тақ тұяқтылар (Регіsssоdасtуlа) отряды мен жұп тұяқтылар (Агtіосіасtуlа) отряды шығады. Эоценде тұмсықтылар да (РгоЬоsсіdеа) пайда болады.

282


Сонымен тұяқтылардың кейбір отрядтарын маманданған насеком жемділерден немесе олардың жақын туысы — креодонттан шықты деуге болады.

Жеке отрядтардың арасындағы сыртқы ұқсастық — ұксас тіршілік жағдайына бейімделудің нәтижесі. Бір катар отрядтар үштік дәуірде өліп біткен, мысалы оған Оңтүстік Америка тұяқтылары (Моtоungulаlа) жатады. Бірақ, олар түяқтылар-дың бірнеше жаңа бұтағын берген. Бүл бұтақтардың ішінде жылқыға, мүйіз тұмсықтыларға ұқсас аңдар болған.

Үштік дәуірдің басында насеком жемділерден басқа да біп-неше жаңа отрядтар пайда болған. Оларға мүкі тістілер (Еdепtаtа), кемірушілер (Rоdепtіа), приматтар (Ргіmаtеs) х. б. жатады.

Маймылдардың қалдықтары палеоценнен бастап белгілі болған. Төменгі олигоценде тіршілік еткен проплиопитекус (РгорІіоріthесиs) деп аталатын орманды мекендеген маймылдардан Индиядағы миоценнен белгілі гиббондар, антропоидтарға жақын рамапитекус (Rаmарitһесиs) пайда болған. Оңтүстік. Африкада төртінші дәуірдің қабатынан табылран австралопитекус (АиstгаІоріthесиs), әсіресе жоғарғы сатыдагы адам тәрізді плезиантропус (РІеsіапthгориs) және парантропус (Рагапthгориs) деп аталатын маймылдардың биологиялық ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлуге болады. Жоғарыда көрсетілген маймылдың алғашқысы ашық кеңістікті мекендеп, екі аяғымен жүрген болу керек. Бойының биіктігі 120 см, ми сауытының аумағы одан да үлкен — 600 сл3-ке дейін жеткен. Бұлар адамға жақын тұрған маймылдар болып есептеледі. Парантропусқа және плезиантропусқа жақын тұрған адам тәрізді маймылдардың түрлерінен адамның пайда болғанына ешқашанда шүбә келтіруге болмайды.

Жоғары сатыдағы адам тәрізді маймылдардың адамға айна-луы эволюциялық шұғыл қадам. Бірақ мүндай ірі өзгерістің бо-луына әсер еткен табиғи себептер емес, қоғамдық факторлар болып есептеледі.

Сүт қоректілердің филогениясы турасында ғылымда көп-теген көзқарастар болып келген, ал казіргі кезде сүт қоректі-лер класына жататын аңдар бірнеше тектен шыққан деген пікірді (полифилетикалық) қуаттайды, яғни кластың ерте замандағы тіршілік еткен бүтақтары аң тәрізді рептилилердің топтарынан пайда болған. Көп бұдырлы тістілерге (МuІtitubегсuІаtа) жақын топтардан бір тесіктілер (Мопоtгеmаtа) пайда болған деген пікірді дұрыс деуге болады. Қалталылар және плаценталылар мен пантотериялар (Рапіоіһегіа) бір түбірден шыққан, бір тектес өз алдына табиғи топ болып өсептеледі. Пантотериялар ерте заманда өліп біткен және олардан ешкандай ұрпақ калмаған. Жоғарғы жағдайды еске ала отырып, Симпсон (1959) сүт

283

қоректілердің класына жататын нағыз осы топтар деп ұйғарады. Қазірде сүт қоректілер класына жататын аңдарды систематикалық топтарға бөлгенде, жұмыртқа туатындарды оларға қоспай өз алдына қарастырады. Қазір сүт қоректілер-дің 18 отряды белгілі, 12 отряды ерте заманда жойылып кеткен. Сүт қоректілер мынандай систематикалық топтарға бөлінеді:



Сүт қоректілер класы (Маmmаlіа)

1.Қласс тармағы. Алғашқы. аңдар (Ргоtіһегіа). Отряд.

Біртесіктілер (Мопоtгеmаtа).

II. Класс тармағы. Нағыз ацдар (Тһегіа).

1. Инфра класс. Төменгі сатыдағы ацдар (Меtаtһегіа).

Отряд. Қалталылар (Магsuріаlіа).

2. Инфра класс. Жоғарғы сатыдағы аңдар (Еutһегіа).

Сергей Павлович Наумов

зоология позвоночных

(на казахском языке)

Редактор К. Амиргазиев

Тех. редактор Р. Алимбаева

Худож. редактор В. Логинов

Корректор А. Османова

Сдано в набор 23ДІІ-І969 г. Подписано к печати 14/ІІІ-1970 г.

Бумага 60Х90'/І6. Печ. л. 18,0. Уч.-нзд. л. 18,23.

Тираж 6300 экз. Цена 61 коп. Изд. № 139.

Издательство “Мектеп” г. Алма-Ата, ул. Карла Маркса, 99а.



Заказ № 2117. Полиграфкомбинат Главполиграфпрома Госкомитета Совета Минисі КазССР по печати” г, Алма-Ата, Пастера, 39.
Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет