С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



жүктеу 4.11 Mb.
бет3/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

/ — күре тамыр; 2 — желбезек үсті артериясы; 3— арқа қолқасы; 4 — вена қуысы; 5 —Кювьев құйылысы; 6 — шажырқайға тарамдалған артерия; 7 — кардинальдық вена; 8 — бүйрек қақпа венасы: 9 — құйрық венасы; 10 — бауыр қақпа венасы; 11 — бүйрек қуысы, 12 — жүрекше; 13 — қолқа конусы мен жүрек қарыншасы; 14 — құрсақ қолқасы; 15—желбезек артериясы; 16 — шықшыт венасы;

Құйрық венасы дененің алдыңғы бөліміне қарай созылып келіп, қос кординал веналарына тарамдалады. Бұл веналардың бүйрекке келіп торлануының нәтижесінде бүйректе қан айналу системасының қақпасы пайда болады. Артқы және алдыңғы кардинал веналары жүректің тұсына келгенде оң жақтағылары өз ара және сол жақтағылары өз ара қосылады. Осының нәтижесінде веноздық қуысқа келіп құйылатын қос кювьеров өзектері пайда болады. Бауырдың қақпа венасы ішектерден басталады. Ол бауырдың ішіне енген соң ұсақ қан тамырларына тарамдалып барып, қайтадан бауыр венасына айналады. Келешекте бұл вена тамыры веноздық қуысқа келіп жалғасады.



Нерв системасы. Миы едәуір үлкен болады. Ол алдыңғы, ортаңғы, аралық, мишық және сопақша мидан тұрады. Нервтік заттар алдыңғы ми жарты шарларының түбінде ғана болып қоймай, оның бүйірінде және үстіңгі ми қабатында да болады. Сүйекті балықтардың құрылысы қаншама күрделі десек те, олардың миының үстіңгі жағы эпидермиспен қапталғанын байқаймыз. Шеміршекті балықтардың миының үлкендігі, оның нерв клеткаларынан құралатын сұр түсті қапшықпен қапталуынан болады. Миынан 11 жұп нерв тарайтындығы және олардың ми бөлімдерінің қалыптасу тәртібі жоғары дәрежеде дамыған омыртқалылардікі сияқты. Сүйекті балықтардың миынан 10 пар нерв тарайды, ал дөңгелек ауыздыларда *ми бөлімдері жақсы жетілмеген, әрі орналасуы да қарапайым болады.

Аралық миының үстіңгі жағына эпифиз орналасқан. Аралық мидың төменгі жағында көрініп тұрған екі дөңесі бар. Олардың аралығына воронка орналасқан. Воронканың арт жағына гипо-физ бекиді. Ортадғы миы жақсы жетілген, мишығы үлкен бо-лады.

28

Шеміршекті балықтардың алдыңғы миы екі қарыншаққа жік-телмеген. Бұл белгісі шеміршекті балықтардың төменгі сатыдағы омыртқалылар екендігін дәлелдейді (9-сурет).



Сезім органдары. Шеміршекті балықтардың түйық бітетін қос иіс қапшықтары болады. Көзінін, өзіндік

-

9 - с у р е т. Акуланың миы және мидан тарайтын нервтер арқа жағынан жарып көрсеткен бас бөлімі. Оң көзі суретке салынбаған.

1 — алдыңғы ми; 2 — аралық ми (оның қақпағы алынып көрсетілген); 3— ортаңғы ми; 4 — мишық; 5 — сопақша ми; 6 — ұшы кеңейіп барып бітетін иіс бөлімінің сабақшасы; 7 — иіс капшықшасы; 8 — көз алмасының жоғарғы қиғаш еттері; 9 ішкі ет талшығы; 10— жоғарғы ет талшығы, 11 — сыртқы түзу еттер; 12 — брызгальце;13 — бірінші желбезек саңылауы.

ерекшелігін аңғару ки

ын емес. Өйткені, көзінің қасаң қабығы (роговица) жалпақ, ал хрусталигі шар тәрізді. Жоғарғы және төменгі қабақтары болмайды. Бұлардың біраз ғана түрлерінде көз — алмасын төменгі ішкі жиегінен жоғары қарай тартып, көзін ашып және жабатын ымдау жарғағы болады. Е с і т у о р г а н ы ішкі құлақтан ғана тұрады. Оның үш жарты шеңберлі каналдары болады. Бүйір сызығы айқын байқалады.

З әр ш ы ғ а р у о р г а н ы н ы ң қызметін — мезонефрос деп аталатын алғашқы бүйрек атқарады. Бүйректерден шыққан зәр заты қос вольфов каналшалары арқылы клоакаға келіп құйылады.

Бұлардың көпшілігінде аналық жыныс бездері жұп болады. Жұп жұмыртқа жолдары аналық бездерімен жалғаспай-ақ дене қуысындағы соларға жақынырақ маңайға ашылады. Жыныс жолдарының жоғарғы бөліміне қауыз бездері орналасқан. Ұрғашыларының зәр шығару және жыныс жолдары дербес болады.

Бір пар аталық безі бүйрек каналдарымен және оның алдыңғы бөлімімен байланысқан. Бұл каналшалар бүйрек заттарынан өтіп, вольфов каналына барып құйылады. Вольфов каналшала-

29

ры еркек балықтарда зәр және жыныс жолының қызметін атқа-рады. Вольфов каналшалары клоакаға ашылатын зәр-жыныс қуысына келіп құйылады. Бүйректердің артқы бөлімдері зәр шығару органының қызметін атқарады да, ал алдыңғы бөлімі аталық жыныс бездерінің қосалқысы (сағағы) болып есепте-леді.



1-отряд. АКУЛАЛАР (SЕLАСҺОlDЕІ)

Акулалардың денесінің ұзындығы бір метрден 15 метрге де-йін (кейде оданда ұзын) болады. Осы кезде олардың он шақты тұқымдасы белгілі. Бұлар барлық мұхиттар мен теңіздерге та-раған. Каспий теңізінде ғана болмайды (10-сурет).



10 - с у р е т. Акулалардың түрлері



1- жалпақ тұмсықты акула; 2-ара тұмсықты акула; 3-майшабақ тәрізді акула; 4 — теңіз періштесі.

ЖАЛПАҚ ТҰМСЫҚТЫ АКУЛА ТҰҚЫМДАСЫ

Осы кезде тіршілік ететін бір-ақ түрі бар. Олардың дене тұр-қы ұзын болады және 6 — 7 жұп желбезек саңылаулары бар. Рострумы жоқ, арқа қанаты біреу ғана болады. Жалпақ тұм-сықтылар Атлантика мен Тынық мұхиттардың терен, жерлерін мекендейді. Кәдімгі акула тұқымдасына (сагсһагііdае) 60-қа

30

жуық түрлері жатады. Бұлардың басты өкілдері Жерорта теңі-зінің көк акуласы мен кунья акуласы болып есептеледі. Ара тұмсықты акула (ргіstіорһогиs jаропісиs) рострумы ұзын және жалпақ келеді. Рострумдарының сыртқы жиектерінде араның тісі сияқты бұдырлары бар. Мұндай құрылысты тұмсықтарының маңызы үлкен: біріншіден, жауынан қорғануда қару есебінде пайдаланады; екіншіден, өздерінің қорегі болып саналатын балықтарды екпінімен барып соғып, өлтіріп немесе әлсіретіп ұстап жейді. Кейбіреулерінің қанаттары жалпақ, скаттарға ұқсайды. Денесінің ұзындығы 1—2 м болады. Ол Жапония мен Австралия жағалауларында көбірек кездеседі.



Теңіз періштесі (sqиаtіпіdіае sqиаtіпа) — акулалар мен скат-тардың арасындағы аралық форма болып есептеледі. Денесі жалпақтау, көкірек және құрсақ қанаттары үлкен, құйрық қа-наты кішірек болады. Бір ғана түрі Атлантика мен Тынық мұ-хиттың қоңыржай және тропикалық суларында мекендейді. Тіршілігінің көпшілігін судың түбінде өткізеді деуге болады. Судың беткі және терең қабатын мекендейтін акулалардың барлығы да жақсы жүзеді. Ұрланып келіп, яки қуып жетіп балықтарды ұстап жейді. Біразы ғана омыртқасыздармен қоректенеді. Негізінен олар теңіздерді мекендейді, бір аз ғана түрі өзендерге шығады. Көпшілігінің ұрықтануы ішінде орындалады. Майшабақ акулалардың бірқатары, ноготница деген түрі — Мурманскіде, Қара теңізде, Қиыр Шығыстың суында болатын түрлері кұрсақта жұмыртқадан шабақтар шығару арқылы көбейеді. Акулалардың жұмыртқалары көп болмайды. Жұмыртқаларының сырты қатты қабықпен қапталған және су түбіндегі заттарға бекінетін жіпшелері болады.

Тірі туатын түрлерінің жұмыртқасының сыртында қатты қа-бығы болмайды. Жұмыртқалары ұрғашысының ұрық жолында дамығанда, ұрықты анасының денесімен тығыз байланыс-тыратын “сары уыз плаценттері” болады.

Акулалардың экономикалық маңызы шамалы. Кейбір жер-лерде акулаларды “балық шагрені” деген терісі және құрамында “Д” витамині болатын майын пайдалану үшін аулайды.

2-отряд. СКАТТАР (ВАТОІDЕІ).

Бұлардың денесі арқасынан құрсағына қарай қысылып ба-рып бітеді де, қанаттары өте жалпақ болып көкірек қанаттары бас бөлімімен жалғасып кетеді. Осының нәтижесінде желбезек саңылаулары мен танау тесіктері, басының құрсақ жағына орналасқан. Құйрық және арқа қанаттары кішкене болады. Скаттар — жай қозғалатын, су түбінде тіршілік етуге бейімделген шеміршекті балықтар. Акулалар мен скаттардың аралық формасы болып саналатын шеміршекті балықтардың, барлығын жоғарыда келтіргенбіз, мысалы, ара тұмсықтылар. Олардың ұзын-

31

11 - с у р е т. Скаттардық түрлері.

1 — түкті скат; 2 — мүйізді скат, 3 — электрлі скат; 4 — жарып көрсетілген электрлі скат.

дығы 4—5 м болады. Олар Жерорта теңізінде, Атлантика және Үнді мұхиттарында кездеседі. Көбінесе су түбіндегі топырақтарды тұмсықтарымен қазып сондағы омыртқасыздармен, сол сияқты балықтармен де қоректенеді.

Кәдімгі скаттардың (гаjіdае) жалпақ денесі сүйірленіп ба-рып бітеді. Құйрығы ұзын, жіңішке және құйрық қанаттары айқын байқалмайды. Бізде Қара теңізде және Мурманск тұсында кездеседі. Бұлардын, өкілдері, мысалы түкті скат (гаjа сlаvаtа) пен сәулелі скаттар (г. гаdіаtа) болып есептеледі.

Шанышқы құйрықты скатар (Тгigoпіdае) тұқымдасының қанаттары дөңгелектеу болып, тұмсығымен жалғасып кеткен. Ұзын құйрығының үстіңгі жағында шанышқы сияқты органы болады. Жауынан қорғанғанда осы құйрығымен ұрып сақтана-ды. Бізде Азов және Қара теңіздерде кездеседі.

32

Электрлі скаттар (Тогреdіnіdае) тұқымдасының денесі дөңгелектеу келеді, рострумы болмайды (11-сурет). Терісі жылтыр, біртегіс болады. Көкірек қанаттары мен басының арасында орналасқан электр қуатын шығаратын органдары болады. Бұлар электр қуатының күшімен өздерінен үлкен жануарларды жарақаттандыра алады. Олар негізінде оңтүстік теңіздерінде, солтүстікте Жерорта теңізіне дейін мекендейді.

Скаттар су түбіндегі омыртқасыздармен және ұсақ балық-тармен қоректенеді. Ұрықтанған жұмыртқа салу арқылы, ал біраз түрі тірі туу арқылы көбейеді. Скаттардың етін тамаққа пайдаланады. Оларды арнайы ауламайды, бірақ су түбінде тіршілік ететін балықтарды аулағанда ауға олармен бірге ілінеді. Бауырында “Д” витаминіне бай май болады.

2-класс тармағы. БҮТІНБАСТЫЛАР НЕМЕСЕ

ХИМЕРЛІКТЕР (НОLОСЕРҺАLІ)

Бүтінбастылар терең су түбіне бейімделген балықтар. Денесі ұзын және ұршық тәрізді болады, ол құйрығына карай сүйірленеді. Кейбір түрлерінің рострумы болмайды. Терісі жалаңаш және қабыршақсыз деуге болады. Бүйір сызығы айқын көрінеді, брызгальцесі болмайды. Желбезек саңылаулары тері қатпарларымен жабылып тұрғандықтан сырттан қарағанда желбезек қуысына жалғасатын бір ғана саңылау көрінеді. Скелеттерінің құрылысы қарапайым, яғни ол негізінен хордадан тұрады. Таңдайдың шаршы шеміршегі бас сүйегінің ми сауытымен бірігіл кеткен. Жалпақ тақташа тістері аз болады. Ас қорыту жолы айқын жіктелмеген.

Ұрықтану іште болады. Жұмыртқасының сыртында қалың, күрделі қабығы бар. Олар көбінесе екі жұмыртқадан салады.

Осы кезде тіршілік ететіндерін үш тұқымдасқа топтауға бо-лады. Олар Атлантика мен Тынық мұхиттардың солтүстік және оңтүстік жарты шардағы теңіздерінде тараған.

Бізде батыс Мурманск тұсында химера, немесе теңіз мысығы деген түрі кездеседі. Ұзындығы 1 м. Көпшілігі 1000 м тереңдікте мекендеп, теңіз түбіндегі омырткасыздармен қоректенеді. Қәсіптік маңызы жоқ

Сүйекті балықтар тобы (Оstеісһthуеs)

Балықтар класының көпшілігі сүйекті балықтар тобына жа- тады. Сүйекті балықтар барлық су қоймаларында дерлік тара-ған. Сондықтан да, тіршілік жағдайларының алуан түрлі болуы, олардың түрге бай, көп түрлі болуына себепші болған. Балық-тардың бұл тобының негізгі белгілері мен құрылысындағы ерекшеліктері мыналар. Скелеті қандай дәрежеде болса да сүйекті болады. Скелетінің сүйектенуі екі жолмен орындалады. 33

нің алғашқы сүйектенуін жамылғы, немесе тері сүйектену деп атайды. Эмбриональдық дәуірде, сүйектенудін, бұл түрі скелеттің шеміршекті элементтерінен дамымай, терінің дәнекер тканьдерінен дамиды. Тек қана, ол скелет шеміршектеріне жабысып жатады. Сондықтан да, жамылғы сүйектің бұл түрі теріге жабысып жатқан тақташа сияқты болады.

Балықтар скелетінің құрамында жабын сүйектен басқа ше-міршекті сүйектер де кездеседі. Сүйектің бұл түрі эмбриональ-дық дәуірде, шеміршектің біртіндеп сүйектенуінен пайда бола-ды. Гистологиялық қалыптасқан шеміршекті сүйектердің, жоға-рыда көрсетілген жамылығы сүйектерден елеулі айырма-шылығы болмайды.

Сүйекті балықтар тобына тән екінші бір жалпы ортақ белгісі желбезек аралық перделері болмайды, сондықтан желбезек жапырақшалары бірден желбезектер шеңберіне орналасады, желбезек аппаратын сыртынан жауып тұратын сүйекті қакпағы

болады,


Сүекті балықтардың көптеген түрлерінде жүзу торсылдағы болады. Торсылдақтық ішіндегі газдың көлемінің өзгеруі ба-лықтың меншікті салмағынын, өзгеруіне әсер етеді. Жүзу тор-сылдағындағы газдың мөлшерін ұлғайту, немесе азайту арқылы судың терең қабатынан көтерілуге, немесе су түбіне батып кетуіне мүмкіндік алады.

Ұрықтанулары әдетте сыртта болады. Уылдырықтары ұсақ, мүйіз тәрізді қабығы болмайды. Біразы тірі туады.

Осы кездегі сүйекті балықтар төрт класс тармағына бөліне-ді: шеміршекті сүйектілер, қауырсын қанаттылар, қос тынысты-лар және саусақ қанаттылар.

3-класс тармағы. ШЕМІРШЕК-СҮЙЕҚТІЛЕР

(Сһопdгоstеі)

Бұл класс тармағына сүйекті балықтар тобының ертедегі және қарапайым құрылысты түрлері жатады. Шеміршекті сү-йектілердің көп белгілері шеміршекті балықтарға ұқсайды және скелеттерінің сүйекті жерлері көп емес. Ол скелет сүйектері терінің жамылғы сүйектерінен пайда болған. Шеміршекті сүйекті балықтар көбінесе су түбінде тіршілік етуге бейімделген.

Шеміршекті сүйекті балықтарда, шеміршекті балыктардың мына белгілері сақталған: рострумының, болуы, сондықтан ауыз тесігі көлденең саңылау секілденіп басының астыңғы бетінде орналасқан. Құйрық қанаты гетероцеркальды, жұп қанаттары горизонтальды орналасқан, ішегінде қатпарлы қақпақшалары және жүрегінің, артериялды конусы болады: Сонымен қатар кей-бір сүйекті балықтарға тән белгілері де бар: қаңқасының сүйекті бөлімі және желбезек қақпақшаларының болуы, желбезек

34

аралық перделерінің жойылуы, торсылдақтарының болуы, уылдырықтың ұсақ қатты қабығы болмауы және ұрықтанудың сыртта болуы т. б.



ШЕМІРШЕКТІ-СҮЙЕКТІ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ

МЕН ЭКОЛОГИЯСЫ

Қазір тіршілік ететін шеміршекті сүйекті балықтардың бекі-ре тәрізділер деп аталатын бір ғана отряды бар. Соның екі тұ-қымдасына тоқтап кетейік.

Бекірелер тұқымдасының (Асірепsегісіае) рострумы үшкір, аузы кішкене, ересектерінің тісі болмайды.

Орыс бекіресі (Аsірепsег guldепstаdti) — Қара теңізбен Кас-пий теңіздеріне тараған. Біздің солтүстік өзендерде және мұзды мұхиттың өзен сағасында — сибирь бекіресі (А. Ьаегі) кездеседі, амур бекіресі (А. sсһгепki) Амур өзенінде тіршілік етеді. Қызыл балық (А. stеlіаtиs) — Азов теңізінде, Қара теңізде және Каспий теңізінде тіршілік етеді.

Бекірелерге ұқсас стерлядь (А. гиtһепиs) деген балық, Кас-нийдің, Қара теңіздің және Солтүстік мұзды мұхиттың өзенде-ріне тараған.

Бекірелердің ерекше бір туысы-қортпа (Ниsо һиsо) балық-тың екі түрі бар. Онын, біреуі — европалық қортпа Каспий теңі-зінде, Қара теңізде, Адриатика теңізінде мекендейді. Ұзындығы 9 м, салмағы 1400 кг-ға дейін жетеді. Екінші бір түрін калуга (Н. dаигісиs) немесе Қиыр Шығыс белугасы деп атайды. Ұзындығы 4 метрдей, салмағы бір тоннадан асатын, 100 жылдан аса тіршілік ететін балық. Бұлар Амур өзенін мекендейді.

Сырдария мен Амударияны ғана мекендейтін жалған қалақ-ша тұмсықтылар (Рsеиdозсарһігһупсһиs) деген ерекше түрі кездеседі. Олардың тұмсықтары жалпақ, ұзын болады. Ұсақ, салмағы бір килограмдай болатын, кәсіптік маңызы жоқ организм-



Экологиясы. Шеміршекті сүйектілердің бірқатары тұщы суда тіршілік етеді де, кейбір түрлері өткінші балықтар болып саналады. Стерлядь пен америкалық көл бекірелері көп миграция жасамай өздерінің барлық өмірін тұщы суда өткізеді. Қортпа, орыс, сибирьлік бекірелер және қызыл балықтар теңіз жағалауына жақын жерлерінде тіршілік етеді де уылдырық шашу үшін өзендерге шығады. Мысалы, қортпа балық Еділ өзені мен жүзіп отырып, Куйбышев қаласының тұсына дейін -келеді, ал Жайық өзені мен жүзетіндері Чкалов қаласының тұсына дейін жүзіп жетеді. Сол сияқты түкті бекіре деген түрі Арал теңізінде семіріп, ал көбейер кезінде тұқым шашу үшін Амурдария мен Ходжейлі қаласының тұсына, Сырдария мен чиназдың тұсына дейін жоғары көтеріледі. Стерлядьтердің жыныс бездері 4 — 5 жасында, орыс бекірелерінікі 8 — 15 жасында жетіледі. Уылдырықта-

35

рьшың мөлшері сүйекті балықтармен салыстырғанда әлде қайда аз болады. Мысалы, стерлядьтер 10—70 мың уылдырық, сибирь бекіресі 50—500 мың, орыс бекіресі 70—400 мың, калуға 500— 4 500 мың уылдырық шашады.



Көпшілігі жануарлар тектес азықпен қоректенеді. Қортпа балық-жыртқыш, олар басқа балықтарды, кейде жас тюлень-дермен де қоректенеді. Бекірелер моллюскалармен, стерлядьтер насекомдармен қоректенеді.

Бекіре тұқымдас балықтардың кәсіптік маңызы өте зор. Кас-пий теңізі мен Қара теңізде ауланады.

4-класс тармағы. ҚАУЫРСЫН ҚАНАТТЫЛАР

(Асtiорtегуgіі)

Осы уақытта тіршілік ететін балықтардың, түрінің 90 про-центінен астамы осы класс тармағына жатады.

Бұлар барлық суларға тараған, барлық теңіздер мен мұхит суларының әр түрлі қабаттарын мекендейді. Сонымен қатар көптеген түрлерін әр алуан тұщы сулардан — өзендерден, бұ-лақтардан, көлдерден, бөгеттерден кездестіруге болады. Қауырсын қанаттылардын, барлық түрлеріне тән дене құрылысында мынандай белгілері бар. Дене скелеті .толығынан сүйектен тұрады, ал шеміршек кейбір жерінде ғана сақталған. Көкірек қанаттарының, әдетте базалиялары болмайды, қауырсындары бірден иық белдеуіне бекиді. Сондыктан балықтың, бұл класс тармағын қауырсын қанатты балықтар деп атайды. Қауырсын қанаттылардың өкілі ретінде алабұға балығының, құрылысын қарастырамыз.



Алабұға сүйекті балықтар өкілі. Алабұға (Регса fluviаtilis) тез жүзетін, көбінесе ұсак. шабақтармен қоректенетін жыртқыш балық.

Алабұғаның денесі екі бүйірінен қысыңқы келген, ұршық тәрізді болады. Басы сүйірленіп тұтасып келіп, кеудеге жалға-сады, ал кеудесі арт жағына қарай бірте-бірте сүйірлене келе құйрық бөліміне айналады. Құйрық пен құрсактың шекарасын-да артқы аналь тесігі, ал оның арт жағында жыныс және зәр шығаратын тесіктер болады. Кеуде қанаттары басқа балықтардың кеуде қанаттары сияқты екі бүйірінде желбезек саңылауларының артқы жағына өте жақын жерге орналасады. Құрсақ қанаттары денесінің алдыңғы жағына жақынырақ орналасқан. Дара қанаттары арқасындағы екі қанаттан, құйрық және аналь тесігінің тұсындағы қанаттардан түрады. Барлық қанаттарының. да сүйекті қауырсындары болады. Олардын, кейбіреулері — жұмсақ және бунақты (арқаның, артқы қанаты және құйрық қанаты), екіншілері — қатты және бунақталмаған (алдыңғы арқа қауырсындары) түрде болады. Алабұғалардың, құйрық қанаттары кең,, ашалы келеді. Құрылысы осындай құйрыкты гомо-церкальды құйрық қанаты деп атайды Басының тұмсык жағына

36

сүйекті жақтары мен қоршалған аузы орналасады. Көздері кіш-кентай болады, ал олардың алдыңғы жағында, басының үстіңгі бетінде, танау тесіктері тұрады. Әрбір танау тесігі тері тектес көлденең тұрған пердемен екі (алдыңғы және артқы) бөлімге бөлінеді. Басының артқы және бүйір жағында жалпақ желбезек қақпақтары болады. Желбезектер осы кақпақтардың астында орналасқан.



Балықтардьщ жүзу кезіндегі түрлі қимылдары, олардың қа-наттарының түрліше қозғалуына байланысты. Балықтардың ілгері қарай қозғалуында құйрық қанаты басты органы болып есептеледі және ол денесін басқару қызметінде атқарады. Қос қанаттарының жәрдемімен балықтар су ішінде денесін бұрып отырады. Сонымен бірге қос қанаттары денесін су ішінде табиғи қалыпта ұстауға жәрдемдеседі. Егер де қос қанаттарын денесіне таяп байласақ, олар бауырын судың бетіне қаратып қалқып су бетіне шығады. Арқа жэне құрсақ қанаттары активті қозғалыстарға қатыспағанмен балық денесінің орнықты болуына олардың үлкен әсері тиеді.

Алабұғаның басынан басқа денесін жұқа пластинка тәрізді көптеген сүйекті қабыршақтар жауып тұрады. Пластинканың бір шеті терісіне бекініп, екінші шеті сыртқа шығып жатады. Сол, сыртқа шығып жатқан бөлімінің сыртында ұсақ тіс сияқты бұдырлары болады. Мұндай қабыршақтарды ктеноидты қабыршақ деп атайды. Сүйекті балықтардың көптеген түрлерінде — карп, сазан, тағы басқаларының қабыршақтарының сырты тегіс болады. Мұндай қабыршақтарды циклоидты қабыршақ деп атайды. Басынан құйрығына дейін, бүкіл дене бойына созылып жатқан бүйір сызығы бар. Бұл бүйір сызығы дененің екі жақ бүйірінен тартылған өзек секілді. Бүйір сызығының өткен жерін сыртқы қабыршағына қарап білуге болады. Өйткені, бүйір сызығы өткен жердің тұсындағы қабыршақтарында қатарласып орналасқан тесіктері қалады. Осы тесіктер арқылы бүйір сызы-ғы сыртқы ортамен қатысады. Сырттан қабылданған әсерлер осы сызық арқылы миға жеткізіледі. Бүйір сызығы есіту орган-дарының қызметін атқарады. Балықтардың көру органдары жақсы дамымаған. Сондықтан судың ішіндегі қатты заттарға соқтықпауына бүйір сызығы себепкер болады. Сол сияқты су-дың терең немесе тайыз қабаттарында жүргенін осы бүйір сы-зығы арқылы сезеді. Бүйір сызығы түрлі балықтарда түрліше орналасқан. Мысалы, алабұғаның бүйір сызығы бүйірін куалай түзу орналасса, ал “семсер балықтардың” бүйір сызығы ирек-теліп орналасады. Терісінде болатын көптеген бір клеткалы бездер үздіксіз шырын шығарып тұрады. Сол шырындардың әсерінен балықтың денесі су ішінде майлап қойған секілді кедергісіз, тез қозғалады.

О м ы р т қ а ж е л і с і. Амфицельді сүйекті рмыртқалардан тұрады. Ол кеуде, құйрық болып екі бөлімге бөлінеді. Кеуде бө-

37

лімінің жоғарғы доғасы қосылып, жұлын каналын құрайды, құй-рық бөлімінде ондай құбылыс байқалмайды.

Бас сүйегі. Алабұғаның бас сүйегінің өзіне тән ерекше-ліктері бар. Сондықтан да біз ең алдымен жалпы сүйекті балықтардың бас сүйегінін, құрылысына тоқталамыз. Сүйекті балықтардың бас сүйегінің едәуір бөлімдері сүйектерден құралған. Бас сүйегі тері (dіегmосгапіиm) және шеміршек (сһопdгосгапіиm) тектес сүйектерден пайда болған.

Ми сауыты шеміршекті сүйектерден тұрады. Ми сауытының артқы бөлімі, қарақұс тесігін көмкере орналасқан төрт шүйде сүйектерінен құралған. Қарақүс тесігінің төменгі жағында не-гізгі шүйде сүйегі, осы тесіктің екі бүйірінде, парлы бүйір сүйегі, ал жоғарғы жағынан жоғарш шүйде сүйегі қоршап жатады. Есіту капсуласының маңында бас сүйегінің екі жағына бес-бес-тен орналасқан құлақ сүйегі болады.

Көз маңайында дара сына тәрізді негізгі сүйек көз ұясының төменгі артқы бұрышын құрайды. Қос қанат сына тәрізді және көз сынасы тәрізді сүйектер бар. Бұл сүйектер көз қуысының жоғарғы артқы және орта бөлімдерін қалыптастырады.

Иіс бөлімін дара аралық иіс сүйегі және жұп бүйір иіс сү-йектері құрайды. Сөйтіп, шеміршек арқылы сүйектену ми сауы-тынын, артқы, бүйір бөлімдерін аздап та болса оның астыңғы бөлімін құрайды. Ми қақпағын құрауға қатыспайды.

Бас сүйегінің қақпақ жағы, оның бүйір, астыңғы бөлімінің сүйектері тері тектес сүйектерден пайда болған. Бас сүйегінің қақпағының алдыңғы бөлімдері жұп мұрын сүйектерінен, маң-дай сүйектерінен және одан әрірек шүйде жағына таман жұп төбе сүйектерінен құралады. Оның төменгі жағында — барлық бас сүйегінің түбін — парасфеноид және оның алдыңғы жағьш-да жатқан өре сүйегі (сошник) құрайды.

Тіл асты сүйектер мен желбезек доғаларынан висцераль-дық скелет құрылады. Акулаларда болмайтын желбезектер қақпағы сүйекті балықтарда болады. Сүйекті балықтардың алғашқы ретте пайда болған жақтары қоректі азықтарын ұстау қызметін атқармайды. Қоректі қабылдау әрекетін және басқа да болатын күрделі қозғалыстарды жақ аралық сүйегімен жоғарғы жақтан құралған екінші ретте дамыған жақтары атқарады. Төменгі жақ құрамы шаршы сүйекпен үштасатын шеміршекті буындасу сүйегінен, екі үлкен тіс сүйегінен және кішкене бұрыш сүйегінен тұрады.

Тіл асты сүйегі мен желбезек шеңберлері тек қана шемір-шекті сүйектерден қүралған. Тіл асты доғасының жоғарғы бөлі-мі, акулалардікі тәрізді үлкен гиомандибуляре — деген сүйектен пайда болған. Гиомандибуляреге бір жағынан шаршы сүйекпен буындасып түратын симплектикум келіп ұштасады да, ал екінші жағынан жақ асты шеңберінін, төменгі бөлімінің элементтері жалғасып жатады. Сөйтіп, гиомандибуляре симплектикуммен

38

бірігіп жағы ілініп тұратын, арқалық тірек болып есептелінеді. Жоғарғы жақ бас сауытына тікелей бекиді. Тек қана бас сүйегі-нің есіту бөлімінде гиомандибуляре сүйегі арқылы жалғасқан түрін гиостилия деп атаймыз. Симплектикум — дегеніміз сүйекті балықтарға тән айрықша сүйек. Бес пар желбезек доғалары болады, бірақ соқғы бір пары (бесіншісі) нашар дамыған.

Желбезек қақпағы гиомандибуляре сүйегіне бекіп тұрады. Желбезек шатыры жалпақ келген үстірт төрт (қақпак, қақпақ алды, қақпақ асты және қақпақ аралық) сүйектен құралған.

Қауырсын қанатты балықтарға ғана тән, тіл асты доғасынын төменгі бөлімінің артқы жиектеріне бекіген бірнеше ұзын сүйек-шелер — желбезек торсылдағының қауырсындары болады. Ала-бұға бас сүйегінің бұл схемадан ерекшелігі — біріншіден, ми сауытының үстіңгі және шеміршек сүйектері бірігіп кеткен, екіншіден, көз аралық пердесі болмайды.

Аяқ скелеті: Кеуде қанаттарының скелетінде базалиялар болмайды, ол тек қана сүйекті радиалиядан және қанаттың сүйекті қауырсындарынан құралады. Радиалиялар бірден ба-рып иық белдеуіне жалғасады. Алдыңғы аяқ белдеуі басқа сү-йекті балықтардікі сияқты нашар дамыған және ол кішірек “жауырын” мен коракоид деген сүйекшелерден тұрады. Бұл алғашқы ретте пайда болған шеміршек тектес сүйектерден қалыптасқан белдеуге тері тектес сүйектерден тұратын екінші рет пайда болған белдеукеліп бекиді. Бұл белдеудің сүйектерінің ішіндегі ең ірісі, орақ тәрізді — клейтрум деп аталатын сүйек. Ол сүйек ұсақ сүйектер арқылы бас сүйегінің сауытымен жалғасады.

Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері тектес сүйектер-ден қалыптасады. Артқы аяқ белдеуі қалың еттің арасына еніп жатқан екі ұзындау пластинкадан тұрады.

Сүйекті балықтардын. алдыңғы жұп қанаттарының базалия-сы, ал артқы парында радиалиясы да болмайды. Бұл сүйекті балықтардың аяқ скелеттерінің шеміршекті балықтардан ерек-шелігі болып есептеледі.

Ет системасы. Кеудесі мен кұйрық бөлімінің ет системасы, минога мен акулалардікі сияқты миосепталармен бөлініп бұнақталған миомерлерден құралады. Жеке миомерлер воронка тәрізді болып бір-біріне еніп тұрады. Қанаттарының еттері жекеленіп, жіктелген.

Нерв системасы. Миы кейбір қарапайым белгілері бо-йынша, шеміршекті, шеміршекті-сүйекті балықтардың миына қарағанда әлде қайда қарапайым- болады. Біріншіден, сүйекті, балықтардың миынын. көлемі кішірек келеді. Екіншіден, олар-дың алдыңғы миы кішірек және сүйекті балықтардың көпшілі-гінде ол үстіңгі жарынан нерв заттары жоқ эпителиймен капталған. Жарты шарлардың қуыстары перде арқылы бөлінбеген. Керісінше ортаңғы ми мен мишық басқаларына қарағанда көлемді болады. Алдыңғы мидан кішірек иіс бөлімдері тарайды.

39

Бұларға алдыңғы мидың жұп өсінділері келіп енеді. Аралық ми өте кішкене және алдыңғы мидан айқын бөлінбеген. Аралық мидың қақпағынан эпифиз бөлінеді. Ортаңғы миы басқа сүйекті балықтардікі сияқты, басқа ми бөлімдерімен салыстырғанда өте үлкен болады. Ал мишығы да өте үлкен және сүйекті балықтардағыдай бір сызықтың бойында және ортаңғы миға жанасып жатады.



Бас миынан 10 пар нерв тарайды (I—X). ХІІ-пары бас сауы-тынан тысқары жерден шығады.

К ө р у о р г а н д а р ы. Көздерінің құрылысы, балықтардың көпшілігінікі сияқты дөңгелек, хрусталигі және жалпақ қасаң (роговица) қабығы болады, сондықтан да көздің алдыңғы камерасы кішкене келеді. Бұл қабықтың екі жағы көз ұясында болып, ал алдыңғы жағының ортасы ашық қалады. Осы қалпында ол хрусталикке екі жағынан тиер-тимес болып тұрады. Көздің белокты қабығы шеміршекті болады. Балықтардың көз алмасының қан тамырлы қабатынан оның қуысына орақ тәрізді өсінді келеді. Бұл жіңішке дәнекер тканьнен қалыптасқан қатпар деуге болады. Мұның өзі көздің тамырлы қабатының көру нерві енетін жерінен басталып, көздің торлы қабатын басып өтіп, көз хрусталигіне барып бекиді. Көз алмасының күміс түсті қабығы белокты қабықтың астыңғы жағында орналасқан. Көз ұясының қабырғаларынан келіп, көздің белокты қабығына алты бөлек ет бекиді. Еттердің жиырылып-жазылуы нәтижесінде, көз алмасы қозғалып отырады. Орақ тәрізді өсіндінің жиырылып-жазылуы хрусталиктің қозғалуына әсер етеді, сонымен қатар көруге бе-йімделуіне себепші болады. Көз қабақтары болмайды.

Е с і т у о р г а н д а р ы. Сүйек капсуласының ішіне орналасқан бір ғана ішкі құлақтан тұрады. Басқа омыртқалылардікі сияқты, бұларда да иірімді жарғақтар скелеттің иірімді қуысының ішінде жатады. Бұл екеуінің ортасындағы қуыста сұйық зат (перилимфа) болады. Сөйтіп, иірімді жарғақтар сұйық заттың ішінде тұрады. Мүйіз тәрізді әрбір жартылай шеңбер каналдың бір ұшы кеңейіп барып, тұйықталып бітеді. Бұл тұйықты ампула деп атайды. Дөңгелек қапшықтан тұйық болып бітетін— эндолимфа жолы және қуыс өскін (улитка) шығады. Иірімді жарғақтардың ішіндегі эндолимфада бірнеше ұсақ отолиттер-мен бірге сүйекті балықтарда есіту тастары, яғни ірі отолиттер де болады. Алабұғаларда және сүйекті балықтардың көпішлігін-де мұндай ірі отолиттер үшеу. Ең үлкен есіту тасы дөңгелек қапшықша-ның ішіне еніп және оның ішкі қуысын толтырып тұрады. Қалған екі есіту тастары бұдан анағұрлым кіші. Оның біреуі қуыс өскін ішінде тұрады, ал екіншісі — сопақ қапшықшаның. арнаулы, кеңірек тұйықтамасында жатады. Бұл тұйықтама ал-дыңғы және сыртқы жартылай шеңбер каналдардың ампуласының, манайында орналасқан.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет