С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



жүктеу 4.11 Mb.
бет4/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

40

Д ә м с е з у о р г а н ы. Алабұғалардың дәм сезу органдары микроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ, дәм айыратын бүршікшелерден құралады. Жеке дәм айыратын бүршікшелер — бір-біріне жақын жатқан дәм айыратын клеткалардан және олардың арасындағы тірек клеткалардан құралады. Әрбір сезгіш клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады. Сүйекті балықтардың бәрінде де дәм айыру бүршікшелері тек ауызда ғана орналасып қоймай, сонымен қатар бүкіл сыртқы тері қабатында да болады.

И і с о р г а н д а р ы — екі тесікті (танау) жұп қапшықшадан кұралады.

А с қ о р ы т у о р г а н д а р ы. Ауыз қуысы мен жұтқыншақ айқын бөлінбеген. Сондықтан да ауыз бен жұтқыншақ қуысын бірге қосып, ауыз жұтқыншақ қуысы деп атайды. Алабұғаның аузында бірнеше ұсақ тістері бар. Тістері жоғарғы жақ, жақа- ралық тіс сүйектеріне орналасумен қатар, таңдай сүйектеріне, өре сүйекке және тіл асты шеңберінде де орналасады. Тістердің барлығының формасы бірдей болады. Ұш жағы сүйір, конус тәрізді. Тістерімен керекті затын ұстайды, бірақ оны майдалап, ұсақтай аламайды. Алабұғалар басқа жыртқыш балықтар сияқты қоректік затын бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқыншақ қысқа өңешке келіп жалғасады. Өңеш үлкен және өте созылмалы қарынға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Одан кейін ішек ешқандай шумақталмастан денесінің арт жағына карай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Бірақ ішектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық деп аталатын өсінділер пайда болады. Бұл өсінділер шеміршекті балықтардағы спираль тәрізді қақпақшалар сияқты ішектен тамақтың жүруін баяулатады және ішектің ас қорыту бетін арттырады. Тұйық өсіндінің саны түрлі балықтарда турліше болады. Мәеелен алабұғада — 3, ласосьта — 40, скумбрияда — 200 жуық (12-сурет).

Бірнеше бөліктен тұратын бауырында өті болады. Өт—өт жолы арқылы ішектің баулық тәрізді алдыңғы бөліміне ашы-лады.

Ұйқы безі айқын байқалмай ұсақ түйір түрінде шажырқай-да шашырап жатады.

Жүзу торсылдағы құрсақ қуысының арқа жақ бөліміне ор-наласады. Торсылдақты іші газға (көмір қышқыл газына, отте-гіне және негізінен азотқа) толған жұқа қабықты қапшық деуге болады. Торсылдақ негізінде гидростатикалық аппарат болып есептеледі. Ол кеңейген кезде балықтың меншікті салмағы азаяды, қысылған кезде меншікті салмағы артады. Торсылдақтың ішіндегі газ қысымының артып немесе кеміп отыруы — торсылдақтың қабырғаларында көптеген ұсақ қан тамырларының болуына байланысты. Кейбір жерлерінде қан тамырлары ұсақ ка-

41

12 - с у р е т. Алабұғаның ішкі құрылысы:

I — желбезектер; 2 —жүрек; 3 —бауыр; 4 — жүзу торсылдаш; 5 —талақ; 6 —аналық безі; 7 —қарын; 8 —ішектің пилорикалық өсіндісі; 9“”ішек; 10 — қуық; 11- артқы тесік; 12 — несеп-жыныс тесігі,

пиллярға тарамдалады. Осы ұсақ қан тамыршалары арқылы, торсылдақ ішіндегі оттегін қабылдап, немесе газ алмасу нәти-жесінде пайда болған керексіз заттарды сыртқа шығарып оты-рады. Осындай процестін, нәтижесінде балық торсылдақтары-ның көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отырады. Бұған қа-рағанда торсылдақ кейбір балықтарда аздап та болса тыныс алу процесіне қатысады.

Алабұралардьщ, сол сияқты сүйекті балықтардың көпшілігі-нің торсылдағы сегіздік цифр тәрізді кёйеді. Судың түбіне тереңірек сүңгуде, немесе тереңдіктен тез. судың үстінгі қабатына көтерілуде торсылдақтың маңызы үлкен. Суға төмен сүңгігенде денесінің бас бөлімінің меншікті салмағын арттыру үшін, торсылдағының алдыңғы бөліміндегі ауаны қысып, арткы бөліміне ырыстырады. Жоғары көтерілгенде керісінше — торсылдақтың алдыңғы бөліміне ауаны көбірек ауыстырады.

Тыныс алу органдары. Алабұғалардың басқа балықтардікі сияқты, төрт пар жетілген желбезектері болады. Сонымен қатар желбезек қақпағының ішкі жағында жалған желбезек деп аталатын жетілмеген желбезегі болады. Сүйекті балықтар-дың желбезек аралық перделері болмайды, желбезек талшық-тары желбезек шеңберлеріне ғана бекиді. Желбезек қуысын сыртқы жағынан желбезек кақпағы жауып тұрады.

Сүйекті балықтар — желбезек қақпақшаларын қозғалту ар-қылы тыныс алады. Балық желбезек қақпағын ептеп көтере

.42

бастағанда, желбезек қақпақшасының жиегіндегі жұқа тері перде сыртындағы судың қысымының әсерінен желбезек саңылауларына жабысады. Мұның нәтижесінде желбезек қақпағының астында бос қуыс пайда болады және ауыз-жұтқыншақ қуысына қарай су өтеді. Желбезек қақпағы төмен орнына түскенде, су қысылып барып, желбезек саңылауларынан сыртқа шығады. Балықтардың тыныс алуы суды ауыз арқылы жұту салдарынан емес, желбезек қақпақтарының қимылы арқылы орындалатынын мына тәжірибеден байқауға болады. Ыдыста (аквариумда) жүзіп жүрген балықты алып, аузының ішіне кергіш салып керіп қойса да, олардың тыныс алып, тіршілік ететіндігін көруге болады.



Қан айналу органдары. Алабұғалардың жүрегі үш камера-дан тұрады: вена қолтығы, жүрекше және қарынша. Сөйтіп, алабұғаның акуладан айырмасы, алабұғада артерия конусы болмайды. Оның орнына алабұғада қолқа түйіні болады. Бұл құрсақ қолқасының басталған жері. Мұның артерия конусынан өзгешелігі — қабырғасы тура ет тканьдерінен құралған. Сондықтан да ол жүрек секілді өз бетінше қызмет ете алмайды.

Тіл асты жартылай желбезектің шала дамуының салдары-нан, оған қан әкелетін артерия жойылып кеткен. Сөйтіп, қан әкелуші желбезек артерияларының төрт пары ғана сақталған. Осыған сәйкес сүйекті балықтарда қан әкететін желбезек арте-рияларының төрт-ақ пары болады. Бұлар арқа қолқасының тү-біне келіп кұяды. Арқа қолқасы алдынан және арт жағынан са-бақталып бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Осының нәтижесінде артериялық бас шеңбері пайда болады. Бұл сүйекті балықтардың басқа балықтардан ерекшелігі болып есептелінеді.

Алдыңғы қолқасы бас бөлімін қанмен қамтамасыз етсе, ар-қа қолқасы денесінің артына қарай барып басқа органдарды қанмен қамтамасыз етеді.

В е н а. Акуланың вена жүйесімен салыстырғанда бұлардың мынадай өзгешелігі бар:

1) бүйір веналары болмайды; 2) сүйекті балықтардың көп-шілігінде, тек кана сол жағындағы артқы кардиналь венасы ті-келей келіп кювьер өзегіне жалғасады. 3) кұйрық венасы бауыр қақпа вёнасымен бірігіп кетеді.

Зәр шығару органдары. Омыртқа жотасының екі жағында торсылдақтарының үстіңгі жағына орналасқан лента тэрізді мезонефрикалық бүйректерден тұрады. Бүйрёктерінің ішкі жи-ектерін қуалай орналасқан вольфов қаналшаларына ұқсас, зәр түтікшелері болады. Зәр түтікшелері сыртқа ашылатын жерде бір-бірімен қосылып, бір ғана каналға айналады. Қейбір түрлерінде қуығы болады, оған зәр шығару каналы арқа жағынан келіп ашылады.

43"


Ж ы н ы с о р г а н д а р ы н ы ң қ ұ р ы л ы с ы — шеміршек-ті балықтардан гөрі өзгеше болады. Қос аталық және аналық жыныс бездерінің ішінде қуысы болады да, олар ерекше каналдар арқылы зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр-жыныс каналына келіп ашылады, Сөйтіп, шеміршекті балықтардай, ұрғашыларында жұмыртқа жолының қызметін атқаратын — мюллеров каналдары болмайды. Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрек-пен байланысы жоқ, ал вольфов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.

Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық организмнен тыс, су ішінде болады. Тек қана аздаған түрлерінде ұрықтану іште және “тірі жұмырт-қа” туушылық байқалады. Мысалы, Американың субтропиктік суларында мекендейтін тісті карп тэрізділері (Сургіпоdіопtіdіае) және аквариумдарда өсіретін — гамбузия балығы тірі шабақ туып, көбейеді.

Балықтарда гермафродиттік өте сирек кездеседі. Бірақ та теңіз алабұғасы нағыз гермафродит болып саналады.

ҚАУЫРСЫН ҚАНАТТЫ БАЛЫҚТАРДЫҢ СИСТЕМАТИКАСЫ

Қауыреын қанатты балықтар үш отряд үстіне бөлінеді: 1-от-ряд үсті — сүйекті ганоидалар (Ноіоsіеі), 2-отряд үсті — көп ка-натты балықтар (Роіурtегі), 3-отряд үсті — сүйекті балықтар (Теіеоstіеі).

1-отряд үсті. Сүйекті ганоидалар (Ноlоstеі)

Қауырсын қанаттылар өте қарапайым құрылысты, өткен мезазой дәуірінде кең тараған балықтар. Осы кезде әр түрлі отрядқа жататын екі түрі ғана тіршілік етеді.Өзіне тән ерекше-лігі ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы және жүрегінде арте-рияльдық конусы болады. Қабыршақтары ганоидалы немесе сүйекті (циклоидты) болып келеді. Скелеті шеміршек тектес сү-йектерден пайда болған. Бірақ та жоғарғы шүйде сүйегі бол-майды. Жүзу торсылдағы болады. Осы кездегі өкілдері Солтүстік Американың тұщы суларында тіршілік ететін — кайманов, немесе сауытты шортан (Lеріdіоsіеиs) мен амия (Аmіа саlvа) балығы. Бұлардың омыртқаларының арт жағы ойыс, алдыңғы жағы дөңес, болып келеді. Мұндай омыртқаны опистоцельді омыртқа деп атайды. Қабыршақтары ганоидалы болады. Денесінің ұзындығы 2,5—3 м, ал кейбір түрлері 6 м-ге дейін жетеді.

44

2-отряд үсті. Көп қанаттылар (Роlурtегі)



Бұл сан жағынан аз болса да құрылысында өздеріне тән ерекше белгілері бар тұщы су балықтары. Денесі ромб тәрізді Ірі, өз ара қозғалмалы болып байланысқан қабыршақтармен хабылған. Арқа қанаты көптеген ұсақ қанаттардан тұрады, со-ған байланысты бұларды көп қанатты балықтар деп атаған. Көкірек қанаттарының түбінде етті алақаншасы болады. Жүзу торсылдағы ерекше құрылысты болады. Оның оң жақ бөлімі үлкен, ал керісінше сол жақ бөлімі кішірек болып келеді.Екі бөлімі де жалпы канал арқылы ішекпен жалғасып, қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Әйткенмен, қос тыныстылар мен саусақ қанаттылардан ерекшелігі — көп қанаттылардың ішкі танау тесігі болмайды.

Көп қанатты балықтар тропиктік Африкада таралған. Олар өзендердің түбінде, ылайлы (илистый) бөлімінде тіршілік етеді. Негізінен жануар текті қоректермен қоректенеді. Дамуы — өзгеру арқылы орындалады. Личинкаларында өте жақсы дамыған сыртқы желбезектері болады. Кәсіптік маңызы жоқ. Қазір көп қанаттылардың он шақты түрі белгілі. Қазба қалдықтары түрінде әлі анықталмаған.

3-отряд үсті. Сүйекті балықтар (Теlеоstеі)

Сүйекті балықтар барлық жер шарындағы мұхиттарда, те-ңіздерде және тұщы суларда кездеседі. Түрлі тіршілік жағдай-лары мен тіршілік ету тәсіліне байланысты, бұл балықтардың. сыртқы пішіні де алуан түрлі болып келеді. Құрылысындағы жалпы ортақ белгілері: қабыршақтары (бола қалса) сүйекті циклоидты, немесе ктеноидты болады. Құйрық қанаты гомоцер-калды. Қөкірек қанаттарының скелетінде базалиялары болмай-ды, ол тек қана радиалия мен тері қауырсындардан тұрады. Құрсақ қанаттарының скелеті тек қана тері қауырсындарынан құралады.

Бұлардың кейбір қарапайым түрлерінің болмаса, көпшілігі-нің ішектерінде спираль тәрізді қақпақшасы және жүрегінде артерия конусы болмайды, бірақ қолқа түйіні жақсы дамыған. Көпшілігінің ішегінде тұйық, пилорикалық деп аталатын өсінді-лері болады. Өсінді түрінде дамыған торсылдағы бар. Бұлар-дың қарапайым құрылысты формаларының торсылдағының өңешпен байланысы бүкіл тіршілігі аяқталғанша сақталады да, ал көпшілігінде торсылдағының өңешпен байланысы балықтардың дамуы барысында жойылып кетеді. Бұл отряд үсті бірнеше отрядқа бөлінеді.

45

1-отряд. МАЙШАБАҚ ТӘРІЗДІЛЕР (CLUРЕІҒОRMЕS)

Осы кезде тіршілІк ететін сүйекті балықтардын, ішіндегі өте қарапайым құрылысты, басқа балықтармен салыстырғанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өмір бойьі өңешпен байланысты болатын балықтардың тобы майшабақ тәрізділер. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты болады. Қабыршағы циклоидты. Негізгі тұқымдастары: майшабақтар және лосось тәрізділер. -

Майшабақтар тұқымдасына (СІиреeidае) — негізінен теңіз-дерде тіршілік ететін балықтардың көптеген түрлері жатады, олардың кейбір түрлері көбею үшін өзендерге шығады. Біздің суларымызда көбінесе мына түрлері кездеседі. Мұхит майша-бағы — Ақ теңіз бен Баренцово теңізінде, шығыста Жаңа жерге дейін және Қиыр Шығыс теңіздеріне дейін таралған. Бұл майшабақтар уылдырық шашу үшін үлкен үйір құрып теңіздердің жиегіне келеді. Уылдырықтарын тайыз жерлерге шашады. Уылдырықтары ауыр, сондықтан су түбіне шөгіп, оның түбіндегі заттарға, көбінесе балдырларға бекінеді. Әрқайсысы 40 мыңнан 280 мыңға дейін уылдырық шашады. Скандинавияның оңтүстік батыс жағалауынан шыққан шабақтар атлантикалық ағыспен ағып, шығысқа келеді. Ересектері уылдырық шашып болған соң, солтүстікке ауысады.

Майшабақтар — Каспий мен Қара теңізде өте көп болады. Бұл теңіздердегі майшабақтардьщ тіршілік ету тәсілі де түрлі-ше. Мысалы, Еділ майшабагы (Саsріоlоsа vоlgепsіs) және қа-ражонды майшабақ (С. kсеsslеri жыныс органдарының жетілу және семіру кезінде теңізде болады да, ал көбею үшін өзенге шығып, өзен бойымен бірнеше жүздеген километр жоғары көтеріледі. Қаражонды майшабақтардың көпшілігі уылдырық шашқан соң қырылып кетеді, ал Еділ майшабақтарының өлімі оған қарағанда азырақ болады. Алдыңғы екі түрден ерекше барлық өмірін теңізде өткізетін Қаспий пузанкасы (С. саsріа) дейтін түрі бар. Бірақ бұл да мұхит майшабағы сияқты кең өрістейді (миграциялайды).

Қиыр Шығыс суларында, жоғарыда айтылған мұхит майша-бағынан басқа майшабақтарға жақын сардинка ивасы (Sагdі-порs теіапозіісиз) деген балық тіршілік етеді. Бұл кәдімгі те-ңіздік, кеңінен миграциялайтын, Советтік Приморья жағалау-ларына көктемде ерте келетін балық. Сардинка ивасы теңіз жағалауына қоректенуге келеді де, қысты теңіздің оңтүстігінде өткізеді.

Балтық теңізі мен Қара теңізде килька (Sргаtеltа sргаttus), ал Каспий теңізі мен Қара теңізде соған жақын тюлька (Сlире-опеllа dеlсаtиlа) деген шабақтар тіршілік етеді. Бұл ұсақ ша-бақтар нағыз майшабақтарға туыстық жағынан жақын ба-лықтар.

46

СССР-де балық аулау кәсібінде майшабақтар бірінші орын алады.



Лососъ (Sаlmопіdае) тұқымдасына — майшабақтар отряды-ның үлкенді-кішілі бірнеше түрлері жатады. Оларға тән ерек-

шелік арқасында жұмсақ тері қатпары болады, бұл қатпарды мойлы қанат деп атайды. Балықтардың бұл төбы қоңыржай және солтүстік ендікте тараған. Лососьтар көбінесе өсіп-жетілуі, теңізде өтіп, ал уылдырық шашу үшін өзендерге шығатын өткінші балықтар. Лосось балықтарына Қиыр Шығыс теңіздері ерекше бай келеді. Мұнда лосось тәрізділерден: кета (Опсогһупсһиs kеtа), горбушка (О, gогЬиsсһа), нерка (О, пегkа) және тағы басқалары мекен етеді. Бұл балықтар өзендердің бас жағына уылдырық шашады. Ал оның ішіндегі нерка деген түрі уылдырык шашу үшін көлдерге барады. Уылдырық шашу кезіндегі миграциясы бірнеше мың километрге дейін жетеді. Мысалы, кета Амур бойымен екі мың км жоғары көтеріледі. Уылдырықтарын өздері қазған арнаулы су түбіндегі шұқырға шашып, оның бетін уақ тастармен, немесе ірі құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзенде қыстап шығады да, көктемде теңізге келеді. Ересек балықтар уылдырық шашып болған соң қырылып қалады. Сөйтіп, олар бүкіл өмірінің ішіндё бір-ақ рет көбейеді. Кеталар 3— 4 мың, горбушкалар 1—2 мың уылдырық шашады.

Нағыз лосось балықтарының бір түрі — семга (Sаlmа sаlаг). Бұл Атлантика мұхитының теңіздерінің солтүстік бөлігінде, Ба-ренцово, Ақ теңізде кездеседі. Семга СССР-дің Европалық бөлігіндегі солтүстік өзендеріне уылдырық шашу үшін келеді. Жазда және күзде уылдырық шашу миграциясын жасайды. Қи-ыр Шығыс лососьтарының бір ерекшелігі уылдырық шашқаннан кейін бәрі бірдей қырылып қалмай, кейбір особьтары өмірінің ішінде төрт ретке дейін көбейеді. Семгалар да Қиыр Шығыс лососьтарындай уылдырықтарын су түбіндегі топырақпен жауып қояды. Солтүстік теңіздерінде, сондай-ақ Қара теңіз бен Қаспий теңіздерінде семгаға жақын кумжа (Sаlmо tгиttа) деген түрі тіршілік етеді. Бұлар өзендерде көбейеді де, семіру үшін теңіздердің терең, қашық жерлеріне барады. Кейбір түрлерінің тіршілігі тек қана өзендерде өтеді. Кумжаның ұсақ түрі — форель (Sаlmо tгиttа fагіо) өзендерде және тау көлдерінде тіршілік етеді.

Лососьтардың ішінде тұщы суды тұрақты мекен ететін түр-лері де болады. Оларға: сигалар, кейбір омулдар мен таймен-дер жатады.

Лосось тәрізділердің кәсіптік маңызы өте зор. Бұлардың еті дәмді болумен қатар, “қызыл уылдырық” деген атпен сатыла-тын уылдырығын пайдаланады. Лосось тәрізділердің. нашар көбеюі және олардың қымбат өнімдер беруі, оларды қолдан көбейту шараларын қолдануды қажет етеді.

47

2-отряд. КАРП ТӘРІЗДІЛЕР НЕМЕСЕ СҮЙЕКТІ

ТОРСЫЛДАҚТЫЛАР (СУРRINҒОRМЕS) ,

Майшабақтар сияқты карп тәрізділерде қарапайым құры -лысты сүйекті балықтар тобы болып есептеледі. Бірақ та бұлардың бас сүйектерінің сүйектенуі майшабақтардан гөрі жақсырақ дамыған. Жүзу торсылдағы ішекпен жалғасып жатады. Қанаттары әдетте жұмсақ болады. Ішкі кұлақтың жарғақты иірімдері мен торсылдақтың алдыңғы бөлімін жалғастырып тұратын сүйектер системасы веберов аппараты болады. Бұлар көбіне тұщы суды мекендейді. Олардың өткінші түрлері өте сирек кездеседі. Тау суынан бастап, батпақты тоспа суларына дейінгі алуан түрлі су қоймаларында тіршілік етеді. Көпшілігі (плотва, язь, линь, карас, табан балық) мекенін ауыстырмайды. Кейбір түрлері (вобла, таран, кутум) көбею кезінде миграциялайды. Карп тәрізділер екі тұқымдасқа бөлінеді: карп (Сургіпіdае), жайын (Sіlигіdае).

Карптердің жақ сүйектерінде тістері болмайды, жұтқыншақ тістері деп аталатын тістері артқы желбезек доғаларына орна-ласқан. Ол тістерімен азықтық заттарды майдалайды. Бұлар біздің тұщы суларымызда көп мөлшерде, жиі кездесетін балықтар тобы. Оларға өзен мен көлдерді мекендейтін плотва (RutіІиз гиtiиs), өткінші Қара теңіздің тарандар (R. г. һаесkеlі), өзенді мекендейтін қоқын балық (Lеисіsсиs idиs), өткінші Еділ-Касний трандары (АЬгаmіз Ьгаmа), сазан (Сиргіпиs сагріо), табан-балық (Сагаssіиз сагаssiuз), қарабалықтар (Тіпса tіпса) және тағы басқа түрлері жатады.

Карп балықтарының етінің дәмі лосось балықтарының етінің дәмінен нашар болса да, көп мөлшерде болып кенінен таралуы оларды кәсіптік маңызы бар балықтар қатарына жатқызады.

Жайын (Sііигіdіае) тұқымдасы — тісі жоқ, нағыз қабыршағы болмайтын жыртқыш балықтар. Бізде теңіз жағалауларын және Отанымыздың оңтүстік өзендерін мекендейтін екі түрі белгілі. Ең ірілерінің салмағы 250—300 кг болады.

З-отряд. УГРЛАР (АNGUlLLlҒОRМЕS)

Угрлар — денесі ұзын, жылан тәрізді болып келеді. Кейбір түрлерінде құрсақ, көкірек қанаттары болмайды. Арқа және құйрық канаттары бір-бірімен қосылып кеткен. Жүзу торсыл-дағы ішегімен байланысып жатады. Олардың біраз топтары көбінесе субтропиктік және тропиктік зоналарда тараған. Угрлардың ішінде теңізде және өзенде тіршілік ететін түрлері де бар. Бізде өзен угры (Апgиіllа апguillа) —Балтық теңізінде кездеседі. Бұлар уылдырық шашу үшін өзеннен Атлант мұхитына, Вест-Индияға барып, ең терең жерінде көбейеді. Личинкалары қайтадан өзенге шығып, шама-мен төрт жыл ішінде Балтық теңізіне қайта оралады.

48

4-отряд. ШОРТАН ТӘРІЗДІЛЕР (ЕSОСІҒОRМЕS)



Жақтарында өткір тістері бар жыртқыш балықтардың тобына жатады. Алдында қарастырған отрядтардың өкілдері сияқты жүзу торсылдағы ішегімен байланысып жатады. Бірақ та Веберов аппараты жоқ және иық белдеуінде жауырын бөлімдері болмайды. Біздің өзендерімізде, көлдерімізде және оңтүстік теңіздердің тұщырақ жерлерінде кәдімгі шортан (Еsох Іисіиs)

мекен етеді. Олар мекен еткен орнын ауыстырмай тіршілік ете-ді. Әдетте су өсімдіктерінің арасында болады. Балықтармен, құс балапандарымен, бақалармен қоректенеді. Балық өсіру шаруашылығына өте зиянды. Кәсіптік маңызы жоқ. Ірілерінің денесінің ұзындығы 1,5 м салмағы 35 кг болады. Уылдырығын көктемде тайыз, су жағалауларына шашады.

5-отряд. АЛАБҰҒА-ШОРТАН ТӘРІЗДІЛЕР

(МUGІLlFОRМЕS НЕМЕСЕ РЕRСЕSОСЕS)

Бұларға жүзу торсылдағы тұйық біткен және бүйір сызық-тары жоқ, көбіне оңтүстік теңіздерде мекен етуші балықтардың ғана тобы жатады. Бізде Қара теңіз бен Азов теңізінде к е -фальдар тұқымдасы (Миgіlіdае) кездеседі. Олардың ішіндегі кәсіптік маңызы бар түрлері — лобан, немесе кәдімгі кефаль (Мugіl серһаlиs) және сингиль (М. аигаtиз). Кефальдар топтанып жүріп, өріс аударатын балықтар. Кефальдардың үл-кен топтары қорек іздеп теңіз қолтықтарына, тұзы аз көлдерге және өзен сағаларына барады. Кейінгі кезде кефаль балығы Каспий теңізіне жерсіндірілді.

Бұл отрядқа өздеріне тән ерекшеліктері бар — ползун неме-се анабас (АпаЬаз sсапdіепs) балығы жатады. Бұл балықтар-дың бір ерекшелігі, тіршілік еткен суында оттегі жеткіліксіз болған кезде екінші суға бара алады, тіпті олар өрмелеп ағаш бұтағына шығып, жармасып отырады. Бұлар Индия, Бирма суларында, Зонд және Филиппин аралдарында тіршілік етеді.

6-отряд. САРГАНДАР НЕМЕСЕ ҰШҚЫШ БАЛЫҚТАР

BELONLFORMES

Бұлар көбінесе теңіздерде болатын балықтар. Олардың ішінде айрықша ерекшелігі бар түрі — ұзын қанаттылар (Ехососtиs). Бұлардың көкірек қанаттары өте үлкен және осы үлкен қанаттарының жәрдемімен, судан секіріп шығып калықтап ұшып, 150 — 200 метрдей жерге барады. Олар көбінесе тропиктік теңіздерге көп тараған. Бізде Владивосток маңайында кездеседі.

49

7-отряд. ТІКЕН ТӘРІЗДІЛЕР

(САSТЕR0SТЕІҒОRМЕS)

Тікен тәрізділерге — солтүстік жарты шардағы тұзды және, тұщы суларды мекен ететін ұсақ балықтар жатады. Бұлардың арқа қанаттарынын алдыңғы бөлімі мен қанаттары тікен сияқ- ты болады. Қабыршақтары сүйекті. Ұрғашысы шөптен ұя жа- сап, 100 шақты уылдырық шашады. Бізде тікен тәрізділердің бірнеше түрлері Балтық, Баренцево, Азов, Каспий теңіздерінен кездестіруге болады.



8-отряд. ШОҚ ЖЕЛБЕЗЕКТІЛЕР (LОРНОВRАСНll)

Шоқ желбезектілер өзіндік ерекшеліктері бар ұсак, теңіз ба-лықтары. Желбезектері шөжіп, ұсақ шоқ-шоқ болып желбезек шеңберінің жұрнағына бекінген. Денесі сақиналы сүйекті плас-тинкалармен жабылған. Басында ұзын түтік тәрізді тұмсығы болады, аузы кішкене, тістері болмайды. Ал еркектерінің құр-сағында арнаулы ұрықтанған жұмыртқаларын сақтайтын қап-шығы болады. Көбінесе жылы және тропиктік теңіздерде таралған. Олардың теқіз аты (Нірросаmриs) және теңіз инесі (Sупgпаthиs) деген түрлері бар. Бізде Қара теңіз, Каспий, Бал-тық және Жапон теңіздерінде кездеседі. Кәсіптік маңызы жоқ.

9-отряд. ТІКЕН ҚАНАТТЫЛАР (АСАNТНОРТЕRУGН)

Бұлардың қанаттарының бөліктері жеке-жеке ажыратылма-ған үшкір тікен сияқты. Теңіздерде және тұщы суларда тірші-лік етеді. Жүзу торсылдағы ішекпен қатыспайды.

Алабұға тәрізділер (Регсіdае) Алабұғалардың көпшілігінің кәсіптік үлкен маңызы бар. Мысалы, көксеркенің (Luсіорегса) бірнеше түрі Қара теңіз бен Каспий теңіздерінде мекен етеді. Кейбір түрлері өмір бойы өзендерде, ал екінші біреулері теңіздерде, үшінші түрлері өзендерден теңіздерге өрістеп шығатын жартылай өткінші балықтар болып есептеледі. Іріле-рінің салмағы 10—12 кг болатын кәсіптік маңызы үлкен балык-тар. Алабұға (Регса) — біздің еліміздің өзендерімен көлдерінде кең тараған отырықшы организмдер. Бұлар ұсақ балықтармен, омыртқасыздармен қоректенеді. Орта есеппен алабұғалар 10— 12 жыл жасайды. Салмағы 1 кг, дене мөлшері 50 см болады. Кейбір жерлерде кәсіптік маңызды объект болып саналады. Таутан (Асегіпа) балығының кәсіптік маңызы жоқ.

Скумбрия тәрізділер (SсоmЬгіdае). Бұлар теңіздің қалың қабатында, негізінен тропиктік теңіздерді мекендейтін балық-тар. Бізде Балтық теңізі мен Қара теңізде бірнеше түрі кездеседі. Кеңінен миграциялайтын балықтар. Кәсіптік маңызды объект (әсіресе Кара теңізде).

50

Тана балық тәрізділер (Gоhіісdае). Бұларға ұсақ, көбінесе теңіз жағалауларында, тұщы суда сирек кездеседі. Су түбінде тіршілік етіп, сол жердегі омыртқасыздармен қоректенеді. Кейбір түрлерінің еркектері көбею кезінде уылдырықтарын салатын ұя жасайды да оны қорғап тұрады. Бізде көбінесе оңтүстік теңіздер мен өзендерде кездеседі. Қара теңізде, Азов және Каспий теңіздерінде кәсіптік объект болып саналады.



10-отряд. ТРЕСКА ТӘРІЗДІЛЕР (GАDІРОRМЕS)

Бұларға кәсіптік маңызы зор балықтар жатады. Әдетте ірі, қанат қауырсындары жұмсақ болатын балықтар. Олар қоңыр-жай және Арктика теңіздерінде тараған, тек қана налим (Lоlа Іоtа) деген түрі тұщы суда кездеседі. Көптеген түрлері теңіздің өзен сағасына жақын жерлеріне және өзендерге шығады, ондай түрлеріне навага, сайка, полярлық треска т. б. жатады. Көбінесе су түбінде тіршілік етеді.



Треска (Gаdиз тогһиа) өзінің кәсіптік маңызы жөнінен дүние жүзінде майшабақтардан кейінгі орынды алады. Етін пай-даланумен қатар бауырынан емдік қасиеті бар “балық майла-ры” жасалады. Бізде Балтық, Баренцево, Ақ теңізде және Қи-ыр Шығыстың солтүстік теңіздерінде таралған. Трескалар кең миграциялап, уылдырықтарын көбінесе Лофотен аралдарының, Кольск түбегінің жағалауларына шашады. Трескалар уылдырығын шашқан соң Баренцево теңізінің шығыс бөліміне кетеді. Міне, осы жерлерде трескаларды арнаулы трал деп аталатын су түбін мекендейтін балықтарды аулайтын аулармен ұстайды. Трескалар 2,5—10 миллиондай уылдырық салады. Трескадан басқа солтүстік теңіздерде тралмен ауланатын балықтарға: пикша (G. аеgІеfіnus), саида (Роllасһіиs үігепз), сайка (Вогеаgаdus saida) жатады.

Солтүстік теңіздерде және Қиыр Шығыс суларында навага Еlеgіmиs паvаdа) деп аталатын түрі кездеседі. Қыста бұлар те-ңізден өзен сағасына шығатын болғандықтан, оларды өзен са-ғаларынан аулайды.

П-отряд. КАМБАЛА ТӘРІЗДІЛЕР (РLЕURОNЕСТІҒОRМЕS)

Камбала тәрізділердің денесі екі бүйірінен өте қысыңқы сү-йір болады. Көзі басының екі бүйіріне немесе оның бір бүйіріне ғана орналасқан. Торсылдағы болмайды. Су түбінде тіршілік ететін балық, сондықтан бір бүйірімен жайлап жүзеді. Денесі-нің үстіңгі беті әр түсті пигментті болады да, ал астыңғы жақ беті әрқашанда ақ түсті болады. Камбаланың шабақтары ал-ғаш судың қабатында жүзіп жүріп, кейін су түбіне ауысқанда, денесі бүйірінен қысылып, көз денесінің үстіңгі жағына қарай ығысады. Бізде Каспий мен Арал теңіздерінен басқа теңіздер-

51

дің бәрінде де кездеседі. Қамбалалар әдетте уылдырық шашу- ға, қыстап шығуға, қоректерін тауып жеуге қолайлы жер іздеп қана миграция жасайды. Бірақ өте баяу қозғалатын болран дықтан тіршілік еткен жерінен 100—200 километрден ұзап кете алмайды. Уылдырықтарын әдетте жағалауға шашады. Бірнеше миллионға дейін уылдырық шашатын өсімтал балық. Олар су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенеді. Камбалалар трал-мен аулау кәсібінің негізгі объектісі.



12-отряд. БІРІККЕН ЖАҚТЫЛАР (РLЕСТОGNАТНІ)

Бұларға көбінесе теңіздерде, әсіресе тропикгік теңіздерде жиі кездесетін балықтардың азғана тобы жатады. Олардың жақаралық және жоғарғы жақ сүйектері өсіп, соның нәтижесінде жақты “тұмсық” қалыптасқан. Тістері қашау, немесе пластинка тәрізді болады. Бұлардың тістері шаян тәрізділердің, моллюскалардың бақалшақтарын ұстауға бейімделген. Денесі ірі қабыршақтармен немесе сүйекті пластинкалармен қапталған. Мұндай сүйекті сауыт олардың денесін сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтайды. Кейбір түрлері жағалауға жақын жерлерде тіршілік етеді. Нағыз өкілдері: ине кұрсақтылар (Теtгоdіоп һіsріdіиs) мен кузовкалар (Оstтасіоп gиаdгісогnis)

13-отряд. АЯҚ ҚАНАТТЫЛАР (RЕDІСULАТІ;

Бұлардың денесі арқасынан қүрсағына қарай сүйірленіп, кеуде қанаттары ескек сияқты су түбінде қозғалуға мүмкіндік беретін органға айналған. Сондықтан да, бұл балықтарды аяқ қанатты. балықтар деп атайды. Бізде Қара теңіз бен Баренцево теңіздерінде теңіз шайтаны (Lорһіиs ріsсаtогіиs) деген түрі тіршілік етеді. Арқа қанаттарының алдыңғы шоқтары ұзын, қозғалғыш қармағышқа айналған. Теңіз шайтандары теңіз түбіндегі балдырлардың арасында жасырынып тұрып, қармағыштарының жәрдемімен ұсақ балықтарды, балық шабақтарын ұстап қоректенеді.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет