С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


-класс тармағы. ҚОС ТЫНЫСТЫ БАЛЫҚТАР (ВІРNОІ)



жүктеу 4.11 Mb.
бет5/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

5-класс тармағы. ҚОС ТЫНЫСТЫ БАЛЫҚТАР (ВІРNОІ)

Қазіргі қос тынысты балықтардың үш түрі ғана белгілі. Тұ-щы суларда тіршілік ететін өзіндік ерекшеліктері бар балық-тар. Олар суда еріген оттегімен тыныс алумен қатар ауадағы оттегімен де тыныс ала алады. Әсіресе, олардың бір ерекшелігі — оттегіне тапшы суларда да тіршілік ете алатындығы. Дене мөлшері кейбір түрлерінде 2 метрдей болады. Денесі черепица тәрізді орналасқан циклоидты сүйекті қабыршақпен қапталған, Құйрық қанаттары дифицеркальды.

52

Хордалары бүкіл өмір бойы сақталады. Омыртқа желісі тіпті кетілмеген, сол сияқты жоғарғы және төменгі омыртқа доғала-рыда нұсқа түрінде ғана болады. Бас сүйектері аутостикалы болып келеді. Бас сүйегінің жамылғы сүйектен басқасы шемір-шектен тұрады. Жоғарғы жақ сүйектері болмайды. Жұп қанат-тарының скелеті шеміршекті және буын арқылы байланысқан бір қатарлы базалия элементтерінен және оған жалғаскан ра-диалиялардан тұрады. Құрылысы осындай жұп қанаттарды — бисериальды деп атайды.



Қос тынысты балықтардың прогрессивті белгілеріне алдын-ғы миының күшті дамуы жатады. Оның, үстіңгі беті эпителиальды клеткалардан емес, нерв клеткаларынан тұрады. Зәр шығару-жыныс системасы бір жағынан — шеміршекті балықтардікіне, екінші жағынан — қос мекенділердікіне ұқсайды. Шеміршекті балықтардағыдай ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы, жүрегінде жиырылып жазылатын артериальдық конусы болады. Торсылдағы болмайды. Желбезегімен қатар өкпе арқылы да тыныс алатын болғандықтан, сыртқы танау тесігі болу-мен қатар ішкі танау тесігі (хаоны) де болады.

Қан өкпеге алып кеткіш желбезек артериясының төртінші парынан кететін арнаулы қан тамырлары арқылы келеді. Ал өкпеден арнаулы кан тамырлары шығып, қанды жүрекке алып барады. Сондықтан өкпеге келетін қан тамыры — өкпе артериясына, өкпеден кететін — өкпе венасына сәйкес келеді. Жүрекшеде оны оң және сол жартыға бөліп тұратын кішкене перде болады. Сол жартысына өкпе венасынан, ал оң жартысына кювьеров ағысынан және артқы қуыс венадан келетін қан құйылады. Қуыс вена (көп қанаттылардан басқа) балықтар класс тармағында болмайтынын атап өтуге болады. Ол жер бетін мекендейтін омыртқалыларға тән. Қуыс вена кардинальдық венаның тарамдануынан пайда болған.

Қос тынысты балықтар девон дәуірінің орта кезінде, пөле-зойдың аяғында пайда болып, мезозойдын. бас кезінде кедінен таралған. Қазіргі кезде екі отрядқа жататын үш тұқымдас және үш туысы сақталған.

1-отряд. БІР ӨКПЕЛІЛЕР (МОNОРNЕUМЕS)

Nеосегаtоdіиs деп аталатын бір туысы және Сегаtойіdае деп аталатын бір тұқымдасы ғана белгілі. Өкілі неоцератод (N.fозtегі). Бұл ұзындығы 175 сантиметрге жететін осы кездегі қос тынысты балықтардың ең ірісі Солтүстік Шығыс Австралиядағы Квинсленда өзенінде тараған. Өкпесі айқын екі бөлімге бөлінбеген бір өкпе қапшығынан тұрады. Желбезектері жақсы дамыған. Неоцератод бір мезгілде өкпесімен де желбезегімен де, немесе әрқайсысымен жеке тыныс ала алады. Сондықтан олар басқа балықтар тіршілік ете алмайтын, өсімдік өте қалын, өскен

53

суларда да тіршілік ете алады. Жазда су тартылып, оның ішін-дегі өсімдіктер шіріп, судағы оттегі мейлінше азайған кезде, не-оцератодтар тек қана өкпесімен тыныс алады. Ол кезде балық судан басын жиі шығарып, ауа қабылдайды. Күзде олардың мекендеген суларына жаңа сулар қосылған кезде өкпенін, қыз-метін желбезек атқарып, қанның тотығуы желбезек арқылы орындалады. Олар құрғап қалмайтын суларда тіршілік етеді де, ұйқыға жатпайды. Су түбіне жақын қабатта, көбінесе су тубінде кездеседі. Шаян тәрізділермен, моллюскалармен және құрттармен қоректенеді. Көбінесе сентябрь мен октябрь айла-рында көбейеді. Жұмыртқасын су өсімдіктерінің арасына сала-ды. Шабақтары ешбір өзгеріссіз дамиды, олардың сыртқы желбезектері болмайды.



2-отряд. ҚОС ӨКПЕЛІЛЕР (DІРNЕUMONЕS)

Қос өкпелілердің бір-біріне өте жақын екі тұқымдасы бар. Оның бірі — тропиктік Африкаға таратн протоптерилер. (Ргоtорtегіdае), екіншісі — Оңтүстік Американың Амазонка өзенін-де тараған лепидосирендер (Lеріdоsігепidaе). Бірінші тұқымдасына — протоптерус (Ргоtорtегиз) туысының бірнше түрі, екіншісіне бір ғана туьгс лепидосирен (Ьеріdозігеп) жатады. Қос өкпелілерге тән белгілері: өкпесінің екеу болуы, желбезектерінің аздап редукцияға ұшырауы және қос қанаттарының нашар дамып, жіңішке талшық түріне айналуы. Неоцератодтарға қарағанда ұсақ келеді. Лепидосиреннің, ұзындығы —125 см, ал протоптерус — 140 см болады.

Бұлар өзендерде және тайыз суларда, кейде мүлде құрғап қалатын шалшық суларда да тіршілік етеді. Протоптерустың тіршілік еткен суы құрғаған кезде, олар су түбін казып шал-шыққа еніп, капсуламен қоршалады. Лепидосиреннің денесінің сыртына капсула пайда болмайды. Сөйтіп жазғы ұйқысы бес айға созылады. Протоптерусты қолдан ұйықтатқанда 3—4 жылға дейін тіршілігі жойылмаған. Ұйықтаған кезде тек қана өкпесімен тыныс алады. Жауын көбірек жауған мезгілде ояна-ды. Су түбіндегі омыртқасыздармен, көбінесе өсімдіктермен қоректенеді. Уылдырықтарын шұңқырларға немесе су түбіндегі індерге шашады. Дамуы метоморфозды. Личинкаларында сырткы желбезегі болады. Ол рудимент түрінде ересектерінде де сақталған.

Қос тынысты балықтардың онша кәсіптік маңызы жоқ. Оларды жергілікті халықтар пайдалану үшін ғана аулайды. Бұл балықтардың ерекшелігі жер бетінде тіршілік ететін омыртқалылардың шығу тегі болмаса да, соларға ұқсас көпте-ген белгілері бар. Қос тынысты балықтардың құрылысын және тіршілігін зерттеу, балықтардың қос мекенділерге айналуын түсіндіруде дұрыс жол көрсетеді.

54

6-класс тармағы. САУСАҚ ҚАНАТТЫ БАЛЫҚТАР

(Сгоssорtегуgіі)

Саусақ қанаттылар — өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбон дәуірінде кеңінен таралып, мезозойда олардың түрлері азайып, тараған ауданы да қысқарған. Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м терендіктен Үнді мұхитынан Африканың

оңтүстік жағалауынан, Халумна өзенінің сағасына жақын жерден ұстады. Бұл ұзындығы 150 см, салмағы 57 кг болатын ірі түрі болатын. Оны латимерия (Lаtimегіа Сһаlиmпае) деп атады. Екінші данасында 1952 ж. сол Үнді (Иидия) мұхитының Анжуан аралына жақын маңнан жағадан- 200 метрдей қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған. Кейін де осы ауданнан бірнеше рет саусақ қанатты балықтар ауланған. Саусақ қанаттылардың қос тынысты балықтар сияқты желбезек-терімен қатар өкпелері де болған, бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жоқ. Олардың мезозойда тіршілік еткен саусақ қанаттылардан айырмашылығы ауадағы оттегімен тыныс ала алмайды.

Қос қанаттарының құрылысында өздеріне сәйкес өзгешелік-тері бар. Олардың табан жағында етті жалпак қалақшасы бо-лады, соның ішінде қанат қаңқасының негізгі бөлімдері жата-ды. Аяқтарының бұлшық еттері жер бетінде тіршілік ететін омыртқалылардікі сияқты, аяқтарының қозғалып тұратын бө-лімдеріне бекіген. Кейбіреулерінің қанат қаққалары бес сау-сақты алақан сияқты болып келеді. Қанат негізінің тіреуі боза-лия болады және ол иық сүйегіне ұқсайды. Иық сүйегінен кейін базалияның екі элементтері тарайды, бұлар кәрі жілік пен шынтақ сүйектеріне ұқсайды, одан әрі қарай бірнеше саусақ сияқты қауырсындар тарайды. Сондықтан оларды саусақ қанатты балықтар деп атайды.

Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек плас-тинкаларымен — космоидты қабыршақтармен қапталған. Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген дентинмен, яғни космин-мен және жұқа эмаль қабатымен жабылған. Терісінің мұндай сүйектенуі алғашқы кездегі амфибилерді еске түсіреді. Соны-мен қатар, саусақ қанатты балықтарда висцеральдық саңылаудың қалдығы бар, ол амфибилерде ортаңғы құлақ қуысына айналады.

Саусақ қанаттылардьщ қос тынысты балықтарға жакын еке-нінде ешқандай күмән жоқ және олар бір түбірден тараған бо-луға тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі жеткіліксіз болған болу керек. Соның салдарынан қос тыныс жолы пайда болып, оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар да қос тыныстылар сияқты әлсін-әлі су бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алған. Су өсімдіктерінің және олардың қалдықтарымен ластануы

55

қанаттарыньщ жүзу қызметін атқарумен қатар денеге тірек бо-луына бейімделуіне себепші болған. Сондықтан бұл жүзу қанаттарының бес саусақты аяққа айналуына себепші болған факты болып саналады. Мезозойда саусақ қанатты балықтар теңізде тіршілік етуге көшкен. Осындай саусақ қанатты балықтар тобының қалдықтары осы кездегі латимериялар болып саналады,



БАЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ

Су — тіршіліктік орта болғандықтан тіршілік ету үшін қо-лайлы жағдайлар жасайтын өзіндік көптеген ерекшеліктері де болады. Ондай ерекшеліктеріне: 1. Судың қозғалыста болуы. 2. Су температурасының өзгергіштігі. 3. Газдарды еріту қасиет-тері. 4. Мұз қабатының пайда болуы (судың қатуы).

1. Су орталығының қозғалыста болуы. Судың үздіксіз коз-ғалуы, өзен мен теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде де өзіндік ағыстардың болуынан. Соны-мен қатар, жылудың әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай қозғалып тұрады. Су орталығының осындай ерекшелігі балықтардың тіршілігіне әр түрлі жолмен әсер етеді. Судың қозғалысы механикалық фактор ретінде ба-лықтардыд сыртқы пішініне, қанаттарының дамуына, дене жа-бындыларының сипатына әсерін тигізеді. Мысалы, ағыны қатты тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың формасы ұзынша торпеда тәрізді болады (форель балығы). Ақпайтын немесе жай ағатын суларда тіршілік ететін балықтардың тұрқы қысқа, денесі екі жағынан қысылған болады, мысалы — қарабалық, сазан тағы басқалары.

Судың қозғалғыштығы балықтардың, бір жерден екінші жер-ге ауысуына, еріксіз араласуына себепші болады. Мысалы, Норвегия майшабағының личинкалары, Скандинавияньщ батыс жағалауында уылдырықтан шығады да, Гольфстрим ағысының бір саласымен солтүстік шығысқа қарай, 3 ай ішінде жағалаумен 1000 километрдей қашықтыққа ағып келеді.

Көптеген лосось тәрізді балықтардың өмірі негізінен теңіз-дерде өткенімен уылдырығын ірі өзендердің жоғарғы, ағысы қатты жерлеріне шашады, одан шабақ шығады. Сол шабақтар өзендердің ағысымен пассивті түрде ағып теңіздерге келеді.

Сол сияқты судың қозғалысы қоректік заттардың — планк-тондардың еріксіз қозғалуына, оған байланысты балықтардың да қозғалып, еріксіз араласуына себепші болады.

Температураның өзгергіштігі. Жер бетіне қарағанда судың температурасының өзгеруі азырақ болады. Мысалы, ауаның максимальды температурасы +58° болады (Кіші Азияда), ал минимальды температура —70° (Якутияда). Сонда, ауадағы температураның амплитудасы шамамен 130 градусқа тең болады. Осымен қатар жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тек

56

ауа температурасы әсер етіп қана қоймай, өздері үстінде қозғалып жүретін топырақтың да температурасы әсер етеді. Шөл дала шағылдарының үстіңгі кабатының температурасы жазда + 78 градусқа дейін жететіні анықталған, Осыған қарағанда жер бетінде мекен ететін жануарлар температураның амплитудасы 150° шамасындай жағдайда өмір сүреді.



Судағы температураның жағдайы өзгеше болады. Сондық-тан балықтар бұл ортадан жер бетіндегі температураға қара-ғанда әлде кайда төмен температурада тіршілік етеді. Сонымен қатар температурасы +50° шамасындай ыстық бұлақтарда да тіршілік ететін балықтардың түрлері бар. Мысалы, тісті карптар (Сугріпоdопtiае) тұқымдасына жататын Сургіпоdап тасиІагіиs деп аталатын калифорния балығы. Бірақ көпшілік жағдайда балықтар кездесетін ортгдағы температураның жоғарғы шегі +30, +40 градустанәлде қайда төмен болады. Әсіресе, өте тұзды мұхит суларының төменгі қабаттарының температурасы —2 градустан төмен болмайды. Олай болса, балықтар тіршілік ететін судың, яғни ортаның нағыз амплитудасы 35—45 градусқа тең болады.

Сонымен қатар судың температурасының — тіршілік әреке-тінде үлкен маңызы бар екендігін ескерген жөн. Су орталығы-ның температурасы балық организміне тікелей және жанама жолмен әсер етумен қатар судағы газдарды еріту арқылы да әсер етеді.

Балықтар “салқын қанды'” жануарларға жатады. Сондық-тан олардың дене температурасы “жылы қанды” жануарлар-дың дене температурасындай түрақты болмай, тіршілік еткен ортасының (судың) температурасына байланысты өзгеріп оты-рады. Бұл организмдердің физиологиялық ерекшеліктеріне, анығырақ айтқанда жылу пайда болу процесіне байланысты. Балықтарда жылу пайда болу процесі өте баяу орындалады. Мысалы, салмағы 105 г болатын карптар тәулігіне 1 кг сал-мағына 10,2 килокаллория жылу шығарса, салмағы 74 г қара торғай 1 кг салмағына тәулігіне 270 килокаллория жылу шыға-рады. Балықтардың тіршілік еткен ортасының және дене тем-пературасының жоғары немесе төмен болуы, олардың жыныс продуктыларының жетілуіне, уылдырықтарының дамуына, қо ректенуіне үлкен әсер етеді. Су температурасының төмендеуі көптеген балықтарды ұйқыға кетуге мәжбүр етеді. Мысалы са-зан, қарабалық, бекіре тұқымдастары т. б.

Судың жанама әсері балықтардағы газ алмасу құбылысын-дағы ерекшеліктеріне бакылау жасау арқылы болады. Судың газдарды әсіресе оттегін еріту қабілеті оның температурасы мен тұздылығына кері пропорционал болады. Сонымен қатар судың температурасы артқан сайын балықтардың оттегіне мұқтаждығы арта түседі.



57

Қорыта келгенде түрлі балықтардың оттегіне мұқтаждығы түрліше болады. Осы ерекшеліктеріне қарай, оларды төрт топ-қа бөлуге болады.

а) Оттегін өте көп керек ететін балықтар. Олардың тіршілік етуіне қалыпты жағдай болу үшін, бір литр суда 7—11 см3 оттегі болу керек, мысалы, құмжа (Sаlmо tгиttа), гольян (Рһохіnіз рһохіnus), голец (Nеmасһіlиs ЪагbаtuІиs) балықтары.

б) Оттегін көп керек етуші балықтар. Бұлар балықтар тірші-лік ету ушін бір литр суда 5—7 см3 оттегінің ертіндісі болу ке-рек: хариус (Тһуmаllиs tһуmаllиs), голавль (Lеисіsсиs серһа-Іиз), аққайран (GаЬіо gаbіо) т. б.

в) Оттегін басқалардан гөрі азырақ мөлшерде қажет ететін яғни 1 л суда 4 см3 оттегінің ертіндісі жеткілікті болатын балық-тарға: плотва (Rиtilиз rutilиз), алабұға (Регса Паvіаtilіз), тау-тан балықтары (Асегіпа сегпио) жатады.

г) Су ішіндегі оттегінің ертіндісі өте аз болса да тіршілік ете алатын балықтар да бар. Мысалы, сазан, қарабалық, карась. Бұлар 1 л суда 0,5 см? оттегі болса да тіршілік ете береді.



Суда мұз қабатының пайда болуы. Сулардың бетінде мұздың пайда болуы балықтардың тіршілігі үшін үлкен маңызы бар. Мұз қабаты балықтардың тіршілігіне қажеті жоқ, төменгі температураны жібермейді. Соның салдарынан су түбіне дейін қатпайды. Бұл балықтардың қыс кезінде температурасы өте төмен болатын облыстарға таралуына мүмкіндік береді.

Мұз қабатының балықтардың тіршілігіне зиян келтіретін әсері де жоқ емес. Мұз су бетін түгелдей жауып, қараңғылап, балықтарға қорек болатын организмдердің өсуін баяулатып, тіпті тоқтатып тастауы мүмкін. Оларға көбінесе жасыл балдырлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктер, әсіресе балықтар қорек ететіп омыртқасыздар жатады.

Мұз қабаты судағы оттегінің ауадағы оттегімен толығуына (қанығуына) үлкен кедергі жасайды. Қыс кезінде көптеген су қоймаларында шіру процесінің салдарынан су ішіндегі оттегі-нің мөлшерлері өте азайып кетеді де, балықтар қырылып қалады. Мұндай құбылыс балықтардың тұншығуы (замор) деп аталады. Сондықтан да, қолда балық өсіретін шаруашылықтарда, балықтарды тұншығудан сақтау үшін, мұзды бірнеше жерден тесіп, суаттар жасайды. Жоғары техникамен қаруланған су бөгеттері бар шаруашылықтарда, арнаулы насостармен (компрессормен) су ішіне ауа үрлейді. Балықтарды тұншығудан сақтайтын биологиялық тәсілдер де бар. Мысалы, балықтар тұншығуға жиірек ұшырайтын Обь өзеніне құндыздар жібереді. Құндыз өзен жағалауынан ін қазады. Олардың індерінің бір аузы құрлықта, екінші аузы суда болады. Сөйтіп су сыртқы ортамен (ауамен) қатысып, оттегіне қанығуына жағдай туады. Обь өзенінің суында гумин қышқылы мен темірдің шала тотығы шамадан көп болғандықтан балықтар жиі түншығуға үшырайды. Те-

58

мірдің шала тотығы — тотыққа айналу үшін суда еріген оттегін өзіне қосып алады. Ондай оттегінің орнын толтыруға судың бетін тегісгеп жауып жатқан мұз кедергі жасап, балықтарға оттегі жетіспей қырғынға ұшырайды.



Балықтардың негізгі экологиялық топтары. Балықтарды экологиялық жөнінен топтастыруда белгілі көзқарас жоқ. Бірақ көптеген орыс оқымыстылары : Қ. Ф. Кисслер (1877), Н. А. Смирнов (1912—1924), А. А. Браунер (1923), В. И. Майснер (1933) зерттеулеріне сүйене отырып бірнеше' экологиялық топтарға топтастырған.

1. Т е ң і з б а л ы қ т а р ы. Өзінің барлық өмірін тұзды теңіз суында өткізетін балықтардың көптеген түрлері жатады. Әр түрлі горизонттарда тіршілік етеді, осы белгісіне қарай мынандай топтарға бөлуге болады.



1. Пелагикалық балықтар. Судың терең қабатында тіршілік етеді. Көбеюіне қолайлы орын немесе қоректерін іздеуде өз ара араласып жататын балыктар. Денесі ұзынша, ұршық тәрізді болып келеді де, көбінесе актив жүзеді. Оларга акулалар, сардиналар, макрелдер жатады. Кейбір түрлері мысалы айбалык судың қозғалысына байланысты пассив қозғалады.

2. Литоральдық — су түбі балықтары. Су түбіне жақын ка-батта немесе су түбінде тіршілік етеді. Осы жерде кебейеді, жауларынан қорғанады және коректерін табады. Әр түрлі те-реңцікте таралған (скаттар, кейбір камбалалар, тана балық-тар) өте тайыз жерлерде, (химералар) бірсыпыра тереңдікте кездеседі.

Алдағы топтың өкілдеріне қарағанда нашар жүзеді. Пассив қорғануына байланысты тікен” қылқан тәрізді (скаттар, тана балықтар) өсінділер пайда болған, кейбіреуінде (кузовкалар) қалың сауыт негізделген.



3. Абиссиальдық балықтар. Теңіздер мен мұхиттардың терең қабаттарын (200 метрден төмен) мекендейтін балықтардың аз ғана топтары. Олардың тіршілігі жалпы қолайсыз, әрі өте ерекше. Ол үлкен тереңдікте жарықтың болмауы, температураның төмендігі, күшті қысым, өте тұздылық, өсімдіктердің болмауы-мен сипатталады. Абиссиальдық балықтарда көз болмайды, болса өте үлкен, кейбір түрлерінде жарық шығаратын қабілеті болады. Жыртқыштықпен немесе өлексемен қоректенеді.

II. Т ұ щ ы с у б а л ы қ т а р ы. Тек қана тұщы суларда тір-шілік ететін, тіпті теңіздің тұзсызданған өзен сағасына шықпай-тын балықтар жатады. Су қоймаларының типтеріне қарай тұ-щы су балықтарын төмендегідей топтарға бөлуге болады.

1. Ақпайтын көлдер мен тоспа суларда тіршілік ететін ба-лықтар (табан, қарабалық, кейбір сигалар).

2. Жалпы тұщы, ақпайтын және ағын су балықтары (шор-тан, алабұға).

3. Ағынды су балықтары (форель^ аққайран).

59

III. Өткінші балықтар. Тіршілік стадияларының циклдеріне байланысты бір мезгілінде теңізде, екінші мезгілінде өзенде тіршілік етеді. Барлық өткінші балықтар өсу, жыныс продуктыларының жетілу кезеңін теңізде өткізеді де, уылды-рық шашу үшін өзенге шығады. Бұған лосось тәрізділер (кета, горбуша, семга), бекіре балықтар (бекіре, құртпа балық), кей-бір майшабақтар мысал болады. Керісінше өзен угрларының көбеюі теңізде болады да, уылдырық шашуға дайындалу мерзімі өзенде өтеді.



IV. Жартылай өткінші балықтар. Теңіздердің езен құятын, тұщы бөліктерінде тіршілік етеді. Көбею, кейде қыстап шығу үшін өзенге шығады. Бірақ, нағыз өткінші балықтардан айыр-машылығы, олар өзен бойлап жоғары көтерілмейді. Мұндай балықтарға: қаракөз, табан, сазан, жайын жатады. Бұл балықтар кейбір жерлерде миграция жасамай тұщы суларда тұрақты тіршілік ете береді.

Балықтардың қоректенуі. Балықтардың қоректік заттары алуан түрлі болады. Олар суда тіршілік ететін барлық тіршілік иелерін қорек етеді. Кейбір түрлері тек қана өсімдік тектес, кейбір түрлері жануар тектес, үшінші тобы аралас қоректік заттар-мен қоректенеді. Балықтарды жыртқыштар және жыртқыш еместер деп бөлу шартты емес. Өйткені олардың корегінін, түрі жыл маусымына, су қоймасының жағдайына байланысты өзгеріп отырады.

Қорегінің дені өсімдік тектес заттар болатын балықтарға қы-зыл қанаттар (Sсагdіnius), маринка (Sсһіzоtһогах) және храм-лалар (Vагісогһіnus) жатады. Балықтардың көпшілігі аралас азықпен қоректенеді. Әйткенмен, барлық балықтардың шабақ-тары планктондармен қоректенеді де, даму стадиясының белгілі бір кезінде қоректік заттардын, өзіне тән түріне ауысады (бентос, нектон, планктон) т. б. Жыртқыш балықтардың шабақтары өзінің даму стадиясының белгілі бір мезгілінде балықтармен қоректенуге көшеді. Мысалы, шортан шабақтарының денесінің ұзындығы 25—33 миллиметрге, ал көксерке шабағынық ұзындығы 33—35 миллиметрге жеткенде балықтардың шабақтарына шабуыл жасап, жыртқыштыққа ауысады.

Балықтардың қоректерінің алуан түрлі болуына байланысты олардың ауыз аппаратының кұрылысы да түрліше болады. Жыртқыштықпен тіршілік ететін балықтардың ауызында ұшта-ры артына қарай иілген өткір тістері болады. Скаттар мен химералар су түбіндегі сырты сауытпен немесе қабықпен қапталған омыртқасыздармен қоректенетіндіктен, олардың тістері жалпақ пластинка тәрізді болады. Маржан полиптермен қоректенетін кейбір балықтардың тістері күрек тіс сияқты болады. Кейде олар бірімен-бірі бірігіп кетіп, өткір кескіш тұмсыққа айналып кетеді.

Кәдімгі жак тістерінен баска, кейбір балықтарда жүтқын-

60

шақ тістері де болады. Ол тістері желбезек доғаларының іш жағына орналасады. Мұндай тістер карп тұқымдас балықтарда түрі өзгерген төменгі артқы желбезек доғаларына орналасқан. Оларды төменгі жұтқыншақ тістері деп атайды. Бұл тістер ауызға түскен қоректерін бас сүйегінің ми бөлімінін астыңғы жағына орналасқан мүйіз тәрізді алаңға салып үйкеп ұсақтайды, оны тиірмен тас деп атайды. Губан (LаЪгісdае) балықтарының аузында төменгі және жоғарғы жұтқыншақ тістері болады, олар қорегін екі тістің арасына салып ұсатады. Жұтқыншақ тістері бар балықтардың кәдімгі жақ тістері нашар дамыған, немесе мүлдем болмайды. Егер жақ тістері болған түрлерінде тек кана қоректерін қармауға және ұстап тұруға көмектеседі.



Қоректерінің сипатына қарай, балықтардың тістерінің құ-рылысы ғана өзгеріп қоймай, бүкіл ауыз аппаратының құрылы-сы да өзгеріп отырады. Балықтардың ауыз аппараттарының көптеген типтері белгілі. Олардың негізгілері:

1. Қ а р м а л а ғ ы ш ( х в а т а те л ь н ы й) а у ы з. Қоректерін аузымен ұстайтын балықтардың жақ сүйектерінде, көбінесе желбезек пен таңдай сүйектерінде өткір тістері болумен қатар аузы кең болады. Аузының құрылысы осындай болатын балықтарға: шортан, көксерке, жайын т. б. жатады.

2. П л а н к т о н д ы ж е у г е и к е м д е л г е н а у ы з. Үлкендігі орташа, тістері аз немесе тіпті болмайды. Желбезектерінің жапырақтары ұзын, сүзгінің қызметін атқарады. Оларға сигам және майшабақтар т. б. жатады.

3. С о р ғ ы ш а у ы з. Бұлардың аузы түтік сияқты болады. Ұсақ планктондармен, су түбіндегі омыртқасыздармен қоректенгенде сорғыш түтіктің қызметін атқарады. Бұған тыран, теңіз инесі сияқты балықтардың аузы мысал бола алады.

4. Б е н т о с ж е у г е и к е м д е л г е н а у ы з. Скаттың, камбаланың, бекіре балықтарының аузының құрылысы мысал болады. Ауыздары су түбінен қоректерін алуға ыңғайланып, басының астыңғы жағына орналасқан. Кейбір түрлерінің аузында, қатты сауыттар мен қабыршақтарды ұсатуға бейімделген, тиірменнің тасы тәрізді күшті тістері болады.

5. С е м с е р т ә р і з д і ж а қ т ы а у ы з. Ауыздың мұндай түріне саргандар, аратұмсықтылар және ара тұмсықты аку-лалардың ауыздары жатады (Веіопdіае, Ргізtіз, Ргізtіорһогиs). Ауыздың басқа көптеген типтері бар. Бірақ олардың барлығын айтудың кажеті жоқ. Тіпті систематикалық жағынан өте жақын балықтардың қоректену тәсіліне, қорегінің сипатына қарай ауыз аппараты түрліше болып келеді.

Ішектерінің ұзындығы қоректік заттарының түріне қарай ор түрлі болады. Жыртқыш балықтардың ішектері қысқа, қарыны үлкен әрі жақсы жетілген болады. Аралас қоректермен неме-се өсімдік тектес азықпен қоректенетін балықтардың ішегі кері-сінше ұзын, қарыны нашар жетілген, немесе тіпті болмайды.

61

Балықтардың қоректерін ұстау тәсілдері де түрліше болады. Көпшілік жыртқыштар басқа балықтарды немесе тірі организм-дерді ашық су айдынынан қуып жүріп ұстайды. Оларға акула-лар, көксерке, аққайрандар жатады. Ал кейбір жыртқыш балықтар тасалау жерде андып тұрып, қасынан өтіп бара жатқан организмдерді тап беріп ұстайды. Егер алғашқы ұмтылғанында ұстай алмаса соңынан қуаламайды. Ондай жыртқыштарға — шортандар, Жайындар мысал болады. Насекомдармен қоректе-нетін брызгун (Тохоtіез jасиlаtог) жағалаудағы шөптерге қонып отырған насекомдарға, аузы арқылы күшті екпінмен шығатын суды бүркіп жіберіп, оларды суға кұлатып түсіріп қоректенеді.



Су түбінде тіршілік ететін кейбір балықтар — су түбіндегі корыстарды, ылайды қазып, арасынан қоректерін теріп жейді. Мысалы, карптар су түбінің топырағының 15 см, ал тыран 5 см тереңдігінен қоректерін қазып алып жейді, ал алабұға топырақтың үстінде жатқан жемді алуға әдеттенбеген. Электрлі угрлардың қорегін аулауынын, өзіндік ерекшелігі бар. Олар қорегін ұстамас бұрын организмінен бөлінетін электр зарядтарымен әлсіретіп алады. Өйткені ірі формалары денесінен 300 вольтқа дейін электр тоғын бөледі.

Балықтардың коректену қарқыны жыл маусымдарының жә-не тіршілік циклдерінің ішінде түрліше болады. Көпшілік ба-лықтар уылдырық шашу кезінде қоректенбей күшті арықтайды. Мысалы, атлантика лососының салмағы 30 процентке дейін кеміп кетеді. Сондықтан уылдырық шашу процесі аяқталғаннан кейін балықтар қомағайланып, өте қарқынды қоректенеді. Оны организмнің жоғалтқан салмағын қалпына келтіру кезеңі дейді.



Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет