С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



жүктеу 4.11 Mb.
бет9/23
Дата22.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Қорғану бейімділіктері. Қос мекенділердің көпшілігі дерлік-тей жауларынан активті түрде қорғана алмайды. Бұлардың жаулары көп. Қорғану бейімделушіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы — секреті ұлы болатын тері бездері болып есептеледі. Ол сілекейлі қабатқа түскенде оны ашытады, кейде улатады. Бақа мен жерлянканы бір банкаға орңаластырғанда бірнеше сағаттан соң, жерлянканың тері бездерінен бөлінген секретімен уланып, бақаның өліп қалғаны байқалған. Бұл секретті қан тамырына жіберсе одан да күшгі әсер етеді. Мысалы итке жерлянка секретінің елеулі дозасын жібергенде, ол сағатқа жетпей өліп қалған. Әсіресе улы бездер құрбақада, жерлянкада, чесночницада және саламандрада күшті дамыған.

Жауларынан қорғануда қорғаныш реңінің де маңызы зор. Саламандралар мен жерлянкалардың кейбір түрлерінің жаулары сақтандыратындай түсі ашық болады. Сұр және жасыл баканың түсін өзін қоршаған ортасынан ажырату қиын. Кейбір түрлері, мысалы, бақылдауық бақалар тіршілік еткен ортасының жағдайына сәйкес өзінің түсін өзгертеді. Ағаштың жапырағында ашық жасыл түсті, діңінде сұр түсті болады.

Бақалардың актив қорғанатын азғана түрі белгілі. Мысалы, біздегі мүйізді жасыл бақалар қуып келе жатқан жауларын тіс-темек болып, айбат шегіп, ұмтылады.

Амфибилердің регенерацияға соншалықты қабілетті екенін мына құбылыстан байқауға болады. Мысалы, саламандраның құйрығынан ұстап қалса, ол оны үзіп кетеді. Кейін осы кұйрығы қалпына келеді. Денесінің басқа бөліктері — аяқтары қалпына келетіні анықталған. Бұл қабілет личинкаларында айқын бай-қалады. Бұл ересек қос мекенділердің құйрықтарында сақталған, керісінше құйрықсыздарында мұндай қабілет болмайды.

К о р е к т е н у і. Бұлардың қоректері бір тектес болады. Жануар текті қоректерді пайдаланады, тек қана личинкалары өсімдіктермен қоректенеді. Құйрықсыздар мен құйрықтылардың

95

көпшілігі негізінен омыртқасыздармен: жауын құрттарымен, моллюскалармен, сүліктермен және түрлі насекомдармен қоректенеді. Жасыл бақалар кейде құстардың балапандары-на, ұсақ қеміргіштерге және балықтарға шабуыл жасайды. Өгіз бақа және мүйізді бақалар балапандарды, тышқандарды, кейде су жыландарын да ұстап қорек етеді. Алып салмандра-лар көбінесе балықпен және олардың уылдырықтарымен қоректенеді. Уылдырықты басқа құйрықтыларда пайдаланады. Аяқсыздар құрттармен, құмырсқалармен қоректенеді.



Құйрықсыздардың көпшілігінің личинкалары өсімдіктермен қоректенеді. Олар жүзіп жүрген ұсак балдырларды жұтады және мүйізді жағымен су өсімдіктерінің сабағын кеміріп жейді. Сонымен қатар планктондағы омыртқасыздарды, инфузорияларды, коловраткаларды, ұсақ шаян тәрізділерді де пайдаланады. Құйрықсыздардың личинкалары өсімдік тектес азықтармен қоректенгендіктен, олардың ішегі, ересектерінің ішегімен салыстырғанда ұзынырақ болады. Құйрықсыздар мен аяқсыздардың личинкалары жануар тектес организмдермен қоректенеді.

Қоректерін ұстау тәсілдері әрбір түрінде түрліше болады. Құйрықсыздар тек қана қозғалатын заттарға, желім сияқты тілін лақтырып тигізіп, жабыстырып ұстайды. Кейбір түрлері (жасыл бақа) саусағымен және жағымен ұстап коректенеді. Олар қоректік заттарын көру органдарымен рана анықтауы мүмкін. Аяқсыздар мен құйрықтылар қоректерін иіс мүшелерінің көмегімен тауып, тек қана қозғалмайтын организмдерді ұстап қоймай, қозғалатын организмдерді де жағының немесе тілінің көмегімен ұстап, қорек етеді.

К ө б е ю і. Амфибилердің еркектері мен ұрғашыларының сырт белгілеріне қарап байқау қиын. Кейбіреулерінің (әсіресе құйрықсыздардың) еркектері ұрғашыларынан әлде қайда кіші болады. Жазғытұрым қоныр бақалардың еркектерінің арқа жа-ғында жэне тамағының астында күлгін түсті теңбіл пайда болады. Тритондар мен протейлерде “күй салтанаты” кезінде ашық теңбілдер пайда болады. Морфологиялық құрылыстарында да ерекшеліктер байқалады. Мысалы жаз кезінде жалды тритондардың еркектерінің арқасында және құйрығында сүйел сияқты тері өсінділері күшті өсіп, оларда өте жиі орналасқан қан тамырының торлары пайда болады. Құйрықсыздардың еркектерінде алдыңғы аяқтарының саусақтарының ішкі бетінде сүйелденген төмпешіктер өседі, осы төмпешіктер арқылы еркектері шағылысқан кезде, ұрғашыларына бекім жабысады. Кейбір түрлерінде мұндай “күй сүйелі” денесінің басқа бөлігінде де болады.

Амфибилердің көбеюіндегі ерекшелік — олардың көбею ке-зінде суға келіп, жұмыртқасын салуы және суда личинканың дамуы өтуі. Кейінгі кезде амфибилердің бірсыпыра түрлерінде судан тыс ортада көбеюге бейімделушілік қалыптасты. Әйткен-

96

мен бұл бейімделушілік екінші сипатта болатын қос мекенділердің азғана түріне тән ерекшелік.



Құйрықсыздардың көпшілігінде ұрықтану сыртта болады Еркегі ұрғашысының үстіне шығып, алдыңғы екі аяғымен ар-қасына мықтап жабысып алып, ұрғашысының жұмыртқасын қысып шығарады. Бұл процесс ұзақ уақытқа, кейде бірнеше күнге созылады. Бұл кезде олар су ішінде болады.

Құйрықтылардың көпшілігінде және аяқсыздарда ұрықтану іште өтеді. Аяқсыздар ғана кәдімгідей шағылысады және олардың еркектерінің шағылысу органы болады. Тритондардың еркектері ұзақ уақыт ұрғашыларының артынан еріп жүріп, оларды күтеді. Бұдан кейін спермасын кішкене қапшықшаларға салып, сперматофораларын су астындағы өсімдіктердін, үстіне шашады, олар өсімдіктерге бекиді. Ұрғашысы жүзіп келіп осы қапшықшаларға клоакаларын беттестіріп, ұрық жолдарына ендіріп, ұрықтанады. Құрлықта жүретін кұйрықты саламандралар сол мекендеген жерінде шағылысады. Бұл кезде еркек сала-мандра алдыңғы аяқтарымен үрғашыларын құшақтап, екеуі клоакаларын беттестіреді. Еркегінің сперматофоры ұрғашысы-ның клоакасы арқылы ұрық жолына өтеді.

Ұрықтанған жұмыртқаларын амфибилер көпшілігінде суға салады да оның келешектегі дамуына қамқорлык жасамайды. Сонымен қатар жұмыртқалардың басқаша жағдайларда дами-тыны туралы көптеген деректер бар.

Аяқсыздар жұмыртқаларын көпшілік жағдайда індерге, тас-тардың және түбірлердің астына салады. 20 шақты жұмыртқа салып, олардан личинкалар шыққанша, денесімен орап жата-ды. Личинкаларын жұмыртқадан шыға салысымен суға көші-реді, суда метаморфозы тез аяқталып, ересек формаға айна-лады.

Қалталы бақаның (Nоtotгеmа) ұрықтанған жұмыртқалары денесінің арқа бөліміндегі тері қатпарларының терең түкпіріне орналасады. Кейбір түрлерінің осындай қатпардан шыккан итшабақтарының дамуы суда аяқталады, ал кейбір түрлерінде барлық стадиялары осы қалташада өтеді де одан метаморфоздан өткен ұсақ бақалар шығады.

Оңтүстік америкалық бақа — Дарвинның ринодермасының (Rһіпоdегmа (dаwiпі) көбеюі ерекше болады. Еркегі ұрықтанған жұмыртқаларын жұтып көкірегі мен құрсағында болатын, ұзын дыбыс қапшықшасының ішінде алып жүреді. Бұл дыбыс қапшыкшаның ішіне 20—30 шақты жұмыртқа сияды. Ұрықтар алғашқы уақытта, тек-қана жүмыртқаның ішіндегі сары затымен қоректену арқылы дамиды. Сары заттары біткен соң, арқа және кұйрық бөлімдерінің бетімен бірігіп дыбыс қапшықшаларының ішкі беттеріне бекиді, ондағы көптеген қан тамырлары арқылы зат алмасу процесі жүреді. Бұдан сыртқа метаморфоздан өткен ұсақ бақалар шығады.

97

Кейбір бақалар жұмыртқаларын өздері жасаған ұяларға са-лады. Мысалы, Оңтүстік Американың филломедуза деген бақасы жұмыртқасын иіліп тұрған өсімдік жапырақтарының үстіне салады. Ол үшін олар жапырақтық жиегін бір-біріне жақындатып, бүріп кішкене конверт жасайды. Жапырақтың жиегі жұмыртқалардың қоймалжың қабымен желімделеді. Жұмыртқадан шыққан личинкалар біраз уақыт осында болып, кейін суға түсіп, метаморфозын аяқтайды. Тропиктік ормандарда тіршілік ететін кейбір түрлері де жұмыртқаларын иіліп, суға төніп тұрған жапырақтардың қолтырына салады немесе жапырақтың бетіне желімдеп қояды.



Кейбір амфибилер тірі туады, бұл құйрықтылар мен аяқсыз-дардың азғана түріне тән. Мысалы, теңбіл саламандралар (SаІаmапdга sаlаmапdга) әдетге тірі туады. Кейде (лабораторияда ұстағанда) жұмыртқа салады. Бірақ жұмыртқадан сол сағатың Ішінде сыртқы желбезегі бар личинкалар шығады.

Тау саламандралары (Sаlатапdга аtга) личинкаларыгіың ме-таморфозы анасының ішінде аяқталады. Үцгір саламандралары-мен (Sреlегреs fиsсиs) кейбір аяқсыз қос мекенділердің түрлері толық дамып жетілген тірі бала туады.

Амфибилердің жоғарыда көрсетілген көбею тәсілдерінің әдеттегі көбеюден ерекше болуы, олардың әр түрлі тіршілік жағдайларына бейімделіп, өзінен кейінгі тұқымын сақтауға қам ету болып саналады.

Амфибилердің өсімталдығы түрліше болады. Мысалы, қара саламандра 2 бала туады, ал теңбіл саламандра мен терілі құртша бір ғана бала туады. Цейлонның жылан балығы 10—15 жұмыртқа, буылтық құртша 5—10, пипалар 50—100, Дарвин ринодермалары 20—30 жұмыртқа салады. Шөп бақасы 1500— 4000 жұмыртқа, жасыл бақа 3—8 мың, ал қүрбақалар 10 мыңға дейін уылдырық салады.

Жылдық цикл. Амфибилердің құрлықта тіршілік етуге аз бейімделуі жыл маусымында болатын өзгерістерге сәйкес өзгеруге, икемделуге мәжбүр етеді. Олардың қалыпты тіршілік етуіне экваторлық зонада ғана толық жағдай бар. Ал кейбір жауын мен құрғақшылық алмасып отыратын облыстарда, олардың тіршілік әрекетінде үлкен өзгеріс болады. Құрғақшылық кезінде балшыққа көміліп, інге, тастың, басқа заттардың астына тығылып, ұйқыға кетеді. Біздің жердегі бақалар сентябрь айында ауа темпеартурасы 8—12 градус жылылықта ұйқыға дайындалады да, 3—5 градуста ұйқыға кетеді. Москва түбінде кейбір ересек формаларын октябрьдің жартысында да кездестіруге болады. Кейбір пікірлер қоңыр бақалардың су түбіндегі балшыққа көміліп жатпай, тастың астында, балдырлардың арасында қыстап шығатынын дәлелдейді.

98

Құрбақа, бақылдауық бақалар кеміргіштердің ескі інінде ағаш тамырының, тастың астында, подвалдарда қыстап шығады.



Тритондар мен саламандралар да топтанып немесе әрқайсысы өз бетінше мүктің арасына, ағаш тамырының, тастың астына, інге еніп қыстайды. Тритондар бақаларға қарағанда суыққа шыдамды келеді. Мысалы, олар — 1,5 градусқа шыдаса, бақалар — 0,5—0,8 градусқа ғана шыдайды.

Көктемде ұйқыдан ең алгаш апрельдің бас кезінде, кейде марттың аяқ кезінде коңыр шөп бақасы оянады. Жасыл бақа майдың бас кезінде, ал тритондар апрель айының басында оянады.

ҚОС МЕКЕНДІЛЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ

Ертедегі қос мекенділер Гренландияда жоғарғы девон қаба-тынан анықталған. Әзірше ондай жануарлардың бас сүйегі ға-на табылды. Ал толық скелеті тас көмір мен перм қабаттары-нан табылған. Бұл өте ертеде тіршілік еткен амфибилердің тобы — филлоспондилер (Рһуііоsропdуlі) отрядына топтасады. Бұлардың ең ұсақтарының (Вгапсһіоsаигиs) денесінің ұзындығы бірнеше сантиметр ғана болған. Сыртқы бейнесіне қарағанда, олар тритондарға ұқсайды. Ми сауытының басым көпшілігі сүйектенбеген, бірақ оның үстіңгі жағы тері тектес сүйекпен қапталып тұрады. Кейбір түрлерінде рудиментті желбезек қақпақшалары болған. Бас сүйегшің құрылысындағы кейбір элементтеріне қарағанда, бірқатарында личинка кезінде сыртқы желбезегі болғаны байқалады. Филлоспондилер отряды — амфибилердің ертеде тіршілік етіп, кейін құрып біткен, олардан қазіргі замандағы құйрықты және кұйрықсыздар отряды пайда болған болуы керек.

Амфибилердің екінші құрып біткен отряды — лабринто-донттар (LаЬугіпthоdопtіа). Олар тас көмір мен перм қабаттарынан және полезоц мен ерте мезозой дәуірінен белгілі. Бұл алуан түрлі өте көп жануарлардың тобы еді. Ертеде болған түрлерінің ұзындығы 60 сантиметрдей, бірақ көпшілігінің дене мөлшері ірі крокодилдердей болған. Жалпы бейнесі саламандраларға ұқсас, бірақ аяқтары нашар жетілген. Ми сауыты тері тектес сүйекті сауытпен қапталған. Кейбір түрлерінде сүйекті сауыт кұрсағында да болған, ол құрсақ бөлімін жер бетіндегі әр түрлі заттардың әсерінен қорғау қызметін атқарған. Бұл отрядтың ертедегі түрі еогиринус (Еоgигіпиs) тас көмір дәуірінде батпақты жерде тіршілік еткен су жануарлары. Кейін, карбон дәуірінің аяқ кезінде жер бетін мекендейтін аяғы жақсы жетілген түрлері пайда болған. Эволюциялық дамудың нәтижесінде ондай ам-фибилерден бауырымен жорғалаушылардың шығуы мүмкін.

Қос мекенділердің үшінші отряды. Лептоспондилер (Lерtоsропdуlі) карбон мен пермнің ортаңғы және жоғарғы қабатынан

99

белгілі. Бұлар тайыз сулар мен батбақты Мекен еткён, ұсақ жануарлар. Көпшілігінің денесі ұзын, рудиментті аяқтары болған.

Амфибилердің құрып біткен осы үш отряды стегоцефалдар немесе сауытты амфибилер (Stеgосерһаlіа) класс тармағын құрайды.

Стегоцефалдардың арғы тегі сүйекті балықтар болуы сөзсіз. Олардың құрылысының қарапайым (алғашқы скелетінің нашар сүйектенуі) болуымен қатар, желбезекгеріне қосымша қапшық тәрізді өкпесі болған. Сол сияқты суды есуге және жер бетінде жүргенде тірек болатын, келешекте бес саусақты аяқ дамитын жұп органдары да болған. Қауырсын қанатты балықтардың (Асtіпорtегуgіі) мұндай белгілері болмаған. Қос тынысты балықтар (Dірпоі) өкпемен тыныс алғанмен, су түбінде тіршілік етуге бейімделген балықтар тобына жатады. Стегоцефалдарға туыстық жағынан жақынырақ саусақ қанатты балықтар (Сгоssорtегуgіі). Олар өкпемен тыныс алады және аяқтарының скелеті стегоцефалдардың аяқтарының скелетіне ұқсайды. Ертедегі саусақ қанатты балықтар мен стегоцефалдардың бастарынын, сыртқы сүйектерінің орналасуы өте ұқсас болған. Осы кездегі ғылымға белгілі саусақ қанатты балықтар жер бетіндегі омырт-қалылардың арғы тегі бола алмайды. Өйткені, бұл саусақ қанаттылар кейінірек уақытта пайда болған. Жер бетіндегі омыртқалылардың тегі полеонтология ғылымы әлі анықтамаған ертеректе тіршілік еткен саусақ қанатты балықтардан пайда болған.

Омыртқалылардң құрлыққа шығуы саусақ қанатты балық-тардың оттегі аз су қоймаларында ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесі болып есептеледі. Стегоцефалдар пайда болған девон дәуірінің маусымды кезеңдерінде құрғақшылық болу әсерінен, тұщы суларда тіршілік ететін балықтардың тыныс алуы нашарлайды. Тас көмір дәуірі кезінде батпақты жерлерде және су жиектерінде өсімдіктер өте қалың болған, су бетіне өсімдіктердін, молырақ пайда болуы балықтардың суда жүзуін қиындатты. Сонымен қатар олар қосымша өкпе қапшықтары арқылы өкпемен тыныс алуға икемделген. Оған қосымша ол суларының мүлдем құрғап қалуы, олардың тіршілік етуіне қауіпті болған. Егерде балықтар сусыз жермен қозғала алмаған болса, мүлдем қырылған болар еді. Сондықтан мұндай қауіпті жағдайдан өкпемен тыныс алуға икемделген және құрғақ жер мен аяқтары арқылы жылжи алатын су жануарлары ғана тірі қалуы мүмкін. Жүрген сулары құрғап кеткенде екінші бір су орталық-тарына қозғалып баруда денесін тұтасып қаптап жатқан қабыршақтары кедергі келтіретіні сөз жоқ. Сол сияқты денесі-нің сыртын сауыттың қаптап жатуы терісінің беті арқылы тыныс алуға кедергі болған. Осы екі себептің салдарынан олардың сыртқы сауыты шөжіген болуы мүмкін. Стегоцефалдар жер бетімен сүйретіліп қозғалатындықтан олардың құрсақ бөліміндегі

100


сауыттары бірталайында жойылмаған, ал төбе сауыттары көп-шілігінде сақталған.

Стегоцефалдар мезозойдың басына дейін өмір сүрген. Амфибидің қазіргі тіршілік ететін отрядтары мезозойдың аяқ кезінде (юра дәуірінің аяғы — бор дәуірінің басында) пайда болған. Сондықтан бұл екеуінің арасындағы байланысты анықтауға әлі мүмкіндік жоқ. Жалпы алғанда, құйрықты және құйрықсыздар отряды — филлоспондилар отрядынан шығуы мүмкін деп есептеуге болады. Аяқсыздардың тегі туралы ешбір мағлүмат жоқ.

ҚОС МЕКЕНДІЛЕРДІҢ МАҢЫЗЫ

Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділердің прак-тикалық маңызы аз. Жалпы қарағанда қос мекенділер адамға пайдалы. Қос мекенділердің көпшілігі дерлік, ауыл және тоғай шаруашылықтарына зиянын тигізетін омыртқасыздарды: буын аяқтылармен, моллюскалармен қоректеніп, пайдасын тигізеді. Суда тіршілік ететіндері судағы қауіпті аурулар тарататын зи-янкес насекомдардың личинкаларын жеп құртады. Мысалы, тритондар масалардың личинкаларымен қоректенеді, оның ішінде безгек ауруын тарататын масалардың личинкаларын құртады.Құйрықсыздардың көпшілігі түнге қарай, насеком-дармен қоректенетін құстар қонақтап отырғанда қорегін аулайды. Сондықтан бұлар пайдалы болып есептеледі. Горький облысында жүргізген бақылауында Красновидов шөптесін бақасының бір тәулікте орта есеппен 7 зиянды жәндікті (насекомдар, олардың личинкаларын, бауыр аяқты моллюскалар) жейтіні, ал 6 айдың ішінде 1200 зиянкесті жойып жіберетінін байқаған.

Амфибилердің кейбір түрлері бағалы жыртқыштардың, әсі-ресе қара күзендердің, жанат тәрізді иттердің негізгі қорегі болып есептеледі. Бақалармен көптеген пайдалы құстар: үйректер мен тырналар т. б. коректенеді. Үй құстарын (үйректерді) қоректендіру үшін итшабақтарды өсіру тәжірибесі жүргізіліп отыр. Кейбір елдерде бақаның және ірі саламандралардың етін тамаққа пайдаланады. Сонымен қатар бақаны көптеген ғылми және оқу порцесінде пайдаланады.

Қос мекенділердің аздап та болса зияны бар. Мысалы, балық өсіретін көлдерде жасыл бақалар балықтардың жеміне ортақ болады, балық шабақтарын жеп зиянын тигізеді. Балық шабақтарының көп жиналған жерінен ұстап, асқазанын жарып көрген бақаның ішінен ұзындығы 10—12 миллиметр болатын 30— 40 балық шабағы шыққан.

101

ҰРЫҚ ҚАБЫ БАР ОМЫРТҚАЛЫЛАР (АМNlОТА)

4 класс. БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР

НЕМЕСЕ РЕПТИЛИЛЕР (RЕNТІLIА)

Бауырымен жорғалаушылар жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, амфибилер көбіне тіршілігі сумен тығыз байланысты, төменгі сатыдағы омыртқалылар болса, рептилилер, кұстар және сүт қоректі жануарлар құрлықта тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы омыртқалылар. Бұлардың ішінде тіршілігінің көп уақыты суда өтетін түрлері де бар, бірақ ол су ортасында тіршілік етуге бейімделген екінші белгі болып саналады. Оны палеонтологияның, эмбриологияның, және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.

Барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалылардың ұрықтануы іште болады. Көбеюі құрылықта, кейбір тірі туатын түрлері (мысалы, кит тәрізділер) суда көбейеді. Жоғары сатыдағы омыртқалылардың эмбриональдық дамуындағы бір ерекшелігі ерекше ұрық қабының пайда болуы. Жоғарғы сатыдағы сүт қоректілер-де ұрық қабы бала жататын орынды немесе плацента құрауға қатысады. Оның өзі өсіп келе жатқан эмбрион мен аналық организмнің арасындағы органикалық байланысты түзеді.

Бір ұрық қабының амниотикалық деп аталуына сәйкес жо-ғары сатыдағы омыртқалылар амниота деп аталған. Ал төменгі сатыдағы омыртқалыларда ұрық қабы пайда болмайды, сондықтан оларды анамниялар деп атайды.

Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен арте-

102

риялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.



Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Дене жылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14— 32° градустың арасында болады.

Амфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000—5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлі-неді.



І-класс тармағы. Алғашқы кесірткелер немесе

Ящерогадылар (Ргоsаигіа)

1-отряд, Тұмсықбастылар (Rһупсһосерһаlіа).

ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар (Sqиаmаtа).

2-огряд. Қесірткелер (Lасегtilіа).

3-отряд. Хамелеондар (Сһаmаеlеопtеs).

4-отряд. Жыландар (Орһіdіа).

ІІІ-класс тармйғы. Крокодилдер (Сгосоdіlіа) .

5-отряд. Крокодилдер (Сгосоdilіа).

ІҮ-класс тармағы. Тасбақалар (Сһеlопіа).

6-отряд. Жасырьш мойындылар (Сгурtоdіга) .

7-отряд. Бүйір мойындылар (РІеигоdiга).

8-отряд. Теңіз тасбақалары (Сһеlопііdеа).

9-отряд. Жұмсақ терілілер (Тгіопусһоіdіае) .

РЕПТИЛИЛЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сыртқы көрінісі. Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептили-лер үшке бөледі.

1. К е с і р т к е т ә р і з д і л е р. Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.

2. Ж ы л а н т ә р і з д і л е р. Бүлардың денесі цилиндр пі-шінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жал-ғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар

103


бар. Мысалы, амфисбен (АmрһізЬаепіdае) тұқымдасының кей-бір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардын ба-сы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Қерісін-ше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.

3. Тасбақа тәрізділер. Тасбақа тәрізділердің денесі арқасы-нан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ .сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формала-рында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады,



Тері жабындысы. Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп огырады. Оны төменгі жатқан қа-баты қалпына келтіреді.

Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуынын үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтай-ды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжың, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анық-талмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында орналасқан. Жыландарда да тері бездерінің нұсқасы болады.



Скелеті. О м ы р т қ а ж о т а с ы. Қесірткелердің көпшілігі-нің нің омыртқа жотасы, процельдік омыртқалардан қалыптасқан Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфицельді, Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, қүйрық.

Кесірткелердің мойын омыртқасыньщ саны 8. Рептилилер-дің мойын омыртқалары амфибилердін, мойын омыртқалары-нан көп және бұлардьщ алғашқы екі омыртқасының құрылы-сында өзіндік ерекшеліктері болады. Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын (аtlаз) ауыз омыртқа, екіншісін — эпистрофея (еріsігорһеиs) деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және төменгі жартыға байланыс ткані арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның эпистрофеяның тіс тәрізді (ргосеssиs оdопtоіdеиs) өсіндісі еніп тұрады. Ауыз омыртқасы осы өсіндінің айналасында айналып тұрады. Эмбриологиялық мәліметтерге қарағанда, эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз омыртқасының денесі болып саналады. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді.

Бел — көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 бо-лады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді, бірақ ал-дыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегіне барып беки-

104


ді. Соның нәтижесінде көптеген рептилилерге тән нағыз көкірек қуысы пайда болған. Төс сүйегі болмайтын жыландарда көкірек қуысы да болмайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті болады. Ол ұрықтық даму кезінде көкірек қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған.

Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең есінділеріне жамбас сүйектері бекиді.

Құйрық бөлімі ондаған омыртқалардан тұрады. Оның ал- дыңғыларында бүйір, өсінділері және қабырғалардын, да нұсқалары болады. Құйрық омыртқаларының соңғы бөліктерінде өсінділері жойылып, таяқша тәрізді сүйекке айналған. Әрбір омыртқа денесінің ортасында жігі болады. Егер әр түрлі себептен құйрығы үзіліп қалса, онда омыртқа осы жігінен екіге бөлінеді. Анығырақ айтқанда — бір омыртқамен екінші омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлінбейді. Құйрығындағы арнаулы еттердің жирылуының нәтижесінде құйрығын үзіп, қалдырады.


Каталог: Книги
Книги -> Таќырып: Деректану пјні
Книги -> Кәсіби өсудің жоғАРҒы мектебі
Книги -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Книги -> Оразбек Нұсқабаев
Книги -> Мұхтар Әуезовтің «Абай», «Абай жолы» романдарының әдеби сында танылу және бағалану тарихы.
Книги -> Қазақстан республикасы
Книги -> Н. ТҰЯҚ баев т к. Арыстанов б. ӘБішев жалпы геология курсы
Книги -> А. Ж. Сейтембетова
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Бағдарламасы (силлабус) Пән : Педагогика тарихы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет