С. Сейфуллин атындағы Қазату спортшылары белбеу күресінен Әлем чемпионатынан абыроймен оралды



Дата05.01.2018
өлшемі9.84 Kb.
#13176

http://www.inform.kz/kaz/article/2416164
02.11.2011 / 09:26

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ спортшылары белбеу күресінен Әлем чемпионатынан абыроймен оралды
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев әлемдік деңгейдегі бәсекелерден Қазақстан намысын абыроймен қорғап қайтқан оқу орнының студент-спортшыларымен кездесіп, жеңістерімен құттықтады.

Атап айтар болсақ, үстіміздегі жылғы 13-16 қазан аралығында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында өткен белбеу күресінен Әлем чемпионатында 100 келі салмақ бойынша сынға түскен техникалық факультеттің 3 курс студенті Эскархан Осканов қола медальді иеленді. Аталмыш чемпионаттың қола жүлдесін 76 келі салмақта өнер көрсеткен ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің 4 курс студенті Наталья Шарафудинова да қанжығасына байлады.



А.Күрішбаев сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 19 қыркүйек пен 19 қазан аралығында жоғары оқу орнында өткен 1 курс студенттерінің дәстүрлі спартакиадасының жеңімпаздарын құттықтады. Спорттың 11 түрін қамтыған сайыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі 1-інші орынды ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті, 2-інші орынды техникалық және 3-інші орынды энергетикалық факультеттер иеленді.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет