Ресейдің танымал әншісі Валерий Меладзенің Алматыдағы бірнеше концерті кейінге қалды. Оның қаңтар айындағы гастролдік сапары ақпан айына ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ашық дереккөз

Әртістің отбасында қайғылы жағдай болған. 

“"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Отбасылық жағдайға байланысты Валерий Меладзенің қаңтар айына жоспарланған концерттері: 20 қаңтардан 2 ақпанға, 23 қаңтардан 4 ақпанға және 25 қаңтардан 6 ақпанға ауыстырылды. Концерт ұйымдастырушылары мен концерт залы атынан кешірім сұраймыз. Бұрын сатып алынған барлық билет жаңа датаға жарамды болады. Билеттерді қайтару үшін билет сатқан сайт өкілдеріне хабарласу керек", – деді ұйымдастырушылар. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от VALERY MELADZE (@vvmmeladze)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.