«Ұсақ және жалпы моториканы дамыту, баланың жан-жақты дамуының әсері»



жүктеу 73.18 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі73.18 Kb.
түріҚұрамы

«Ұсақ және жалпы моториканы дамыту, баланың жан-жақты дамуының әсері»


Адам баласының тілдік қарым-қатынасы өмірінің алғашқы кезеңінен басталады. Сәби, бала үлкендердің еркелете сөйлеген сөзіне құлақ түріп, әлдиіне бұрыла қарайды да естіген сөздерді жадында ұстап түсінуге ынталанады. Баланың осы алған мағлұмат әрі қарай дамыту үшін сәби ке-зінен әр түрлі ойындар қолданып білім деңгейін, сөздік құрамын молайту қажет. Ұлы педагог В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе істетті, ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып,өзі қоршаған орта туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты».

Ойынның  қандай түрі болмасын,ол баланың ойлау,есте сақтау,есіту және де белсенді,енжар сөздік құрамның дамуына тигізер пайдасы мол.

Балаланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы,ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты.Ақыл-ойы кем дамыған балалармен ұсақ моторикасын дамыту мақсатымен күнделікті саусаққа арналған ойындарын ойнап тұрған жөн.Бұл жөнінде ең алғаш Қытайда ІХ-Х ғасырларда анықтап,қолөнерді дамытуға,оның адамға пайдасы жайында кеңінен таратылды,саусақпен істейтін жұмыстарға көп көңіл бөлген.
Осы жағдайларды ескере отырып мен өз жұмысыма «Су Джок» терапиясын енгіздім.

Жеке және топпен жұмыс жүргізгенде балаларға ұшы бар жаңғақты ұсынамын:

1.оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз:

2.жаңғақтың ұшы бар жағына,әр саусақтың ұшымен басып шығамыз.

Сонымен қатар:

1.Бұдыр-бұдыр шармен жұмыс жасаймыз.

(оны екі алақанның ортасына салып айналдырамыз).

2.Қыры бар қарындашпен жұмыс.

(екі алақанның ортасына салып айналдырамыз).

3.Балаларды өз бетінше саусақтарына массаж жасауға дағдыландырамын.

Осы жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз.Балалар сабаққа қызығушылығымен қатысады,қимыл іс-әрекетін қадағалап,берген нұсқауларды мұқият орындауға тырысады.

Ата-аналар мен педагогтың ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн:ойындар, жаттығулар,түрлі тапсырмалар беруі керек,ұсақ моториканы жетілдіруде және қол бұлшық еттерінің дұрыс дамытуда екі міндеттерін шешеді:

1.жалпы баланың интеллектуалды дамуына әсер етеді;

2.жазуға жаттығады;

Қарапайым жаттығулар арқылы, баланы естуге және де,көргенін,естігенін жадында сақтап қалуға пайдасы орасан зор.

Ойынмен таныстыру жұмысын үш кезеңге бөлеміз:

1.Балаларға ең алдымен орындайтын жаттығуларды көрсетіп,содан-соң оның орындау тәсілін мұқият түсіндіріп көрсетуіміз қажет.

2.Ұсынған жаттығуды баламен бірге орындаймыз,қимыл іс-әрекетті сөзбен түсіндіріп отырамыз.

3.Балаға өз бетімен жұмыс жасауға ұсыныс жасаймыз.

Ұсақ және жалпы моториканы дамыта отырып,біз баланы мұқияттылыққа  тәрбиелейміз.Ең алдымен қарапайым жаттығулардан бастаймыз:

«Тіке үстелден бастап,есікке дейін жүр»;

«Орындықты айналып шық»;

«Жердегі іздерді басып жүр» және т.б.

Баланың тапсырманы бұлжытпай орындағанын қадағалап,дұрыс нұсқау берген маңызды.

Мысалы:

-Бөлме ішін айналып шық,ал мен алақан соғып тұрамын.



(Бала ритм бойынша қимылдау қажет)

-Менің тапсырмамды орында:

Қолыңды алға,жоғары,төмен.

Оң қолыңды-белге,сол қолыңды-басыңа.

Оң аяқты-алға,сол аяқты-қасына.

Бала өзінің қимыл әрекеттерін бақылап отырады.Берілген тапсырмаларды жай жаттығулардан бастаймыз,сосын оны біртіндеп күрделендіре түсеміз.

Мысалы:

Жеңіл жаттығулар:



«Гимнастика»-ені 20 см тақтайдын үстімен жүру; «Қасқыр»-ені 20 см тақтайдың үстімен төрт аяқтап өту;

«Тасты аттап өтеміз»; «Таспен жүреміз».

Күрделі жаттығулар:

-Саусаққа арналған жаттығулар: «Сәлем саусақ, қал қалай!»; «Қайық»; «Гүл»…

-Елес бейне бойынша: «Аю», «Бақа», «Қоңыз», «Жануарлар»…

Балалар көз алдына жануарларды елестетіп,олардың қимыл іс-әрекеттерін салады.Содан-соң біздер,өмірден алған бейнелерді көрсетеміз.

Мысалы:

Доппен ойын: «Жерге лақтыр да, ұстап ал»



Кубикпен ойнайтын ойын: «Орындық», «Үстел», «Жол»…

Жіппен ойнайтын ойындар: «Жыланды бейнеле», «Баспалдақпен жүреміз»…

Таяқшамен ойнайтын ойын: «Үй», «Тал», «Қайық», «Көзәйнек», «Көбелек», «Шана»(бұл ойынды үстел басында сіріңкемен ойнауға болады,алдын-ала күкіртін алып тастау қажет)

Содан-соң ұсақ моторикаға арналған ойындарды қосып, баланың қызығушылығын одан ары көрсету керек. Бала саусақтарымен ойнап әр-түрлі бейнелерді көрсетуге  тырысып, қызықтаап ойынға деген құштарлығы үдейе түседі.

Мысалы:

  «Түлкі», «Піл», «Мысық», «Тышқан»,  «Әтеш»,



«Көзәйнек»- оң және сол қолдың үлкен саусағына барлық саусақтарды қосып, дөңгелек жасаймыз да, көзімізге тақап, дөңгелектен қараймыз.

Саусақпен жұмыс жүргізгенде балаларға көмек көрсетіп отыру қажет, себебі саусақтары икемсіз болады .Жұмыс барысында балаларды мадақтап отырған жөн.Ұсақ моториканы дамыту барысында біз осы нәтижеге жетеміз:

 1.Сөйлеу  тілі жетіледі.

2.Қимыл қозғалыс қабілеті артады.

3.Икемділігі арта түседі

4.Логикалық ойлау қабілеті артады.

5.Танымдылық деңгейі артады.

Ойындар арқылы, біздер баламен қарым-қатынасты нығайтып, баланың өз-өзіне деген көз қарасын өзгертіп, ойынға, оқуға деген ынтасын көтереміз.Бала ыммен, ишаратпен сабақтан алған әсерін, көргенін, естігенін айтып беруге дамытқанның нәтижесі,- деп ойлаймын.


Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.


Сәби сөйлейді.Сәби нашар сөйлейді.Әр жанұяның бұл құбылысқа көзқарастары әр түрлі болады.Кейбіреулері балаларының сөздік қорының 2-3сөзден аспауына қорқынышпен қарайды.Ал кейбір жайбарақат жанұялар 3жастағы балаларының қарапайым сөздердің басын құрап айта алмайтындығына немқұрайлы қарайды.Ондай ата-аналар балаларының сөйлеу дағдысын өсе келе жөнделіп кетеді деп ойлайды.Бұл үлкен қателік.Тіл дамыту тежелісі баланың жалпы дамуына,қоршаған ортаға ,адамдармен,қатарларымен ойын үстінде дұрыс қарым-қатынас жасауына қиыншылық туғызып оларды эмоцияналды-психикалық жағдайына кері әсерін тигізеді.Балалардың дұрыс сөйлеу тазалығы ата-аналармен педогогтарға жүктелетін ең күрделі де негізгі тапсырма.

  1. Балабақшадағы бала тәрбиесінің ең бір тұғырлы бағдарлы-бала тілін жетілдіру,баланы дұрыс сөйлеуге баулу.

  2. Бала тілінде жиі кездесетін кемістіктің бірі баланың дыбысты дұрыс айтпауы,бұның себебі әр түрлі.Бала дыбысты қалай естуін тексергеннен кейін дыбыстың артикуляциясының дұрыстығын тексеру керек.

  3. Логопед маман біріншіден әрбір дауысты дыбыстардың айтылу артикуляциясынан кейін дауыссыз дыбыстардың айтуын көрсетеді,сөз,сөйлем ішінде енгізеді баланы жаттықтырады, жеке дыбыстарды дұрыс айтып үйрету,дыбыстарды айтып үйренгеннен кейін,есту қабілетін,тілін жетілдіру үшін,дыбыстарды буын,сөз,сөйлем,тақпақ,мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаштар дыбыстарды дұрыс айтуға ажыратуға байланысты жұмыстар жүргізеді.

Логопед  кеңесі


Логопедтің  жүргізетін негізгі міндеті – тіл бұзылысы бар балаларды анықтап, баланың жеке – дара  ерекшеліктерін, тіл бұзылысының  түрін ескере отырып жағымды  психофизикалық жағдайда жан –жақты түзету жұмысын жүргізу.

Балаларды логопедиялық тексеріс өткізудің негізгі мақсаты —  тілінің даму деңгейі жас ерекшелігіне сай келе ме, тілінің дамуы деңгейін, кемшіліктерін анықтау.

Логопедиялық тексеріс жүйелі түрде әр түрлі көрнекі-  құралдардың көмегімен логопедтің басшылық етуімен жүзеге асады. Әр бала жеке -дара  тексеріледі. Логопедиялық тексерісте оқушының артикулияциялық аппараты, сөздік  қоры, дыбысты дұрыс айтуы мен ажыратуы, фонематикалық есту қабілеті, тілінің грамматикалық құрылысын сөйлеу тілін түсіну , жалпы тіл байлығы тексеріледі. Тексеріс барысында баланың мінез — құлқына, тіл байлығына, тілінің дамуына ерекше назар аударылып, логопедиялық қорытынды жасалады.

Логопедиялық тексеріс – логопедиялық жұмыстың негізгі бастауы, көзі болып табылады.

                                        «Инеше»

Мақсаты: тілді жіңішкертіп, осы қалыпта ұстауды үйрену.

Сиптамасы: ауызды ашып, тілді шығарып, тілді жіңішкеткен қалыпта 1-ден  5-10  дейін ұстап тұру.

Назар аударыңыз : тіл ерінде жатпайды, ерінге тимейді, алға қарай созылады.

                                        «Кеме»

Мақсаты: тілді үстіңгі тістердің артына қоюды үйрену. Тілдің  бұлшықеттерін бекіту.

Сипаттамсы: күлімсіреу, ауызды кең ашып, тілдің тістердің артына тіреп қою. 5-10 секунд ұстап тұру.

Назар аударыңыз: тілдің екі жақ шеттері « кесе» жаттығуын дағыдай үстіңгі шеткі тістерге тимеуі мүмкін. Егер сіз балаға «ы, ы,ы» дыбысын тілдің ұшын үстіңгі тістер аздап батырып әндедіп айтқызсаңыз «л» дыбысы шығуы мүмкін.

                               «Гармошка»

Мақсаты: тілдің бұлшықеттерін бекіту, ал тіл асты байланысын созу. Сипаттамасы: күлімсіреп, ауызды сәл ашу, тілді таңдайға жапсырып, ауызды ашып жабу. Бұл арқылы тіл асты байланысы дамытылады.

              Логопедтің ата-аналарға арналған кеңесі.

Балалардың дұрыс сөйлеуін тәрбиелеуде ата- аналардың отбасының ролі өте үлкен. Логопед ата- аналарға отбасындағы қызметті дұрыс ұйымдастыруға көмек береді. Ата- ана логопед берген тапсырмаларды күнделікті қайталап отыру қажет. Бес жастағы және одан жоғары жас аралығындағы балалармен сабақты айна алдында өткізген дұрыс. Себебі балалар  артикуляциялық аппарат мүшелерінің қозғалысының дұрыстығын бақылай алады. Түзету жұмысының басталу кезінде сөйлем мүшелерінің қимыл қозғалысын дамыту. Дағдыланған тез рет қайталату қажет . Ата-аналар баланың артекулярлық аппаратарын бала дұрыс айтпайтын дыбыстарды дұрыс айтуды дайындауға көмектеседі.  Басты дыбыстар тобына арналған жаттығулар жинағы және де ысқырық ыздың дыбыстардың  дифференсациялануы, қатаң , ұяң және мұрын жолды үнді дыбыстар (р,л) мектепке даярлық топтарының балаларына  өте қажет . Баламен үйде жұмыс жасағанда ата –ана мына ережелерді есте сақтауы қажет:

—  Жасайтын  жаттығу туралы логопедтің түсіндіру ойын түрінде әңгімелеуі:

— Айнаның алдында баланың жаттыгуды жасауы;

— Жаттығуды қалай жасағанын тексеріп, қателерін түзетіп отыруы;

— Жаттығуларды орындауға баланы күштеп жұмылдырмау;

— Қолдың ұсақ моторикасына арналған ойындар ойнату ( кубик, фазыл, конструктор, және т.б.):

— Жылдам сөйлеуге жол бермеу ( өйткені бала жас кензінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның  ақыры тұтығуға әкеліп соғуы мүмкін):



Жаттығуларды әдетте айнаның алдында отырып жасайды. Балаларға қызықты болуы үшін ойын түрінде өткізу тиімді. Бала барлық жаттығуларды бірден істей алмауы мүмкін. Бұл оның  алдыңғы жұмыстан  бас тартудан әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ата- аналар баланың назарын істей алмаған нәрсесіне аудармай оны жігерлендіріп, бұдан гөрі оңайырақ  өтіліп  қойған  материалдарды  көрсетіп, бұны да кезінде орындау оңай болмаған дегені дұрыс. Келесі жаттығуларға тек алдыңғы жаттығу ұғындырылып болған соң көшкен дұрыс. Дыбысты дұрыс айтуды тәрбиелеудегі барлық жұмысты ата аналар тәрбиешілермен және логопедпен ақылдасады. Олармен барлық қиын жағдайлар  туғанда ақылдасып кеңес алып тұрады.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет