Сабақ № Сыныбы Күні



Дата04.01.2019
өлшемі51.5 Kb.
#59597
түріСабақ

Бекітемін: Сыныбы:8 Күні:


Сабақтың тақырыбы: Элементтердің валенттілігі бойынша қосылыстардың

формуласын құру


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «валенттілік» ұғымын игеру және химиялық формула арқылы биэлементті қосылыстардың валенттілігін және валенттілік бойынша формула құру біліктігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Элементтердің таңбаларын,валенттілікті қолданып, химиялық формула жазу және есептер шығару дағдысын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өзгені тындап,өз ойын еркін айтуға, өзара көмегін қалыптастыра отырып өз біліміне ғана емес,өзге оқушының да біліміне жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру,өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру және дағдыларды бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі:  сұрақ жауап, Әңгіме,сұхбаттасу.

Көрнекі құралдар: Дидактикалық карточкалар, периодтық кесте

Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақ

ІV. Жаңа сабақты бекіту

V. Үйге тапсырма

VІ. Бағалау



Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Саламатсыздар ма оқушылар?

  • Сыныпта кім жоқ? Кім кезекші?

  • Сабаққа дайындаламыз

  • Сабақты бастаймыз

ІІ. Үй тапсырмасы

  • Валенттілік дегеніміз не?

  • Валенттілік мәндері қалай жазылады?

  • Валенттік мәндері неше бөлінеді?

  • Тұрақты және ауыспалы валенттілікті қалай түсінесіңдер


ІІІ. Жаңа сабақ

Екі элемент бірігіп көбіне биэлементті қосылыстар түзеді. Олардың формулаларын дұрыс жазу үшін құрамына кіретін элементтердің валенттік мәндерін білу қажет. Биэлементті қосылыстың формуласын құрған кезде оның құрамына валенттігі тұрақты атом кірсе, екіншісінен валенттігін білу арқылы заттың молекуласын табиға болады. Мысалы, V валентті фосфор мен оттектің қосылысының формуласын құуды кесте түрінде бейнелейік:



Химиялық қосылыстың формуласын құру



Орындалу реті

Формула құру

1

Элементтердің таңбаларын жазу

P

O

2

Әрбір элемент белгісінің үстіне валенттігін қою

V

II

3

Валенттік мәндерінің ең кіші ортақ еселігін табу

5·2=10

4

Қосылыстағы элементтер атомдарының қатынастарын табу

10:5=2

10:2=5

5

Элементтердің индекстерін жазу

P2

O2

6

Қосылыстың формуласын жазу

P2O5


ІV. Жаңа сабақты бекіту:

  • Төмендегі формулалардан бір,екі,үш,төрт,бес, валентті элементтерді бөліп жазыңдар:

Na2O, HCI, CI2O5, PH3, Fe2O3; CrO3, MgO, ZnO, SiO2, As2O5

  • Натрийдің, магнийдің оттегімен, сутегінің хлормен (І), азотпен (ІІІ), қосылыстарының формулаларын жазыңдар.

  • Мына металдардың хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар: алюминий; калий; мыс;

  • Натрийдің: күкіртпен (ІІ); азотпен (ІІІ), хлормен (І) қосылыстарының формулаларын жазыңдар.

  • Рим саны арқылы элементтердің валенттігің көрсетіңдер.

а) хлоридтерде, егер хлор бір валентті болса:   AICI3,   BaCI2,    KCI;

  ә) сульфидтерде, егер күкірт екі валентті болса:  Na2S,  ZnS,  Cr2O3;



б) иодидтерде, егер иод бір валентті болса:   AIJ3,  CaJ2,    KJ,

  • Хлор оттегімен мынадай қосылыстар түзеді: СІО3, СІ2О, СІ2О7, СІО2. Әрбір қосылыстағы хлордың валенттігің есептеңдер және ең жоғары валенттігін анықтаңдар.

  • Темір – ауыспалы валенттілік көрсететін химиялық элемент. Темірдің (ІІ),(ІІІ) оттегімен, күкіртпен (ІІ), хлормен (І) қосылыстарының формуласын жазыңдар.

V. Үйге тапсырма: §11-§12. 37-бет 3,4,5 – есеп

VІ.Бағалау.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет