Сабақ: 1 Күні: Тақырыбы: Кіріспе



жүктеу 145.58 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі145.58 Kb.
түріСабақ

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 1

Күні:



Тақырыбы: Кіріспе

Сабақтың мақсаты: Жаңа пәнмен оқушыларды таныстыру, маңыздылығын атап өту.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушыларды «Адам.Қоғам.Құқық» оқулығымен таныстырып, қазіргі Қазақстанда және дүниежүзілік адамзат қауымдастығында болып жатқан үдерістер мен жеке адам өмірінің мәні туралы түсіндіру

Дамытушылық: Адамзат тарихы басынан өткерген өркениеттерге шолу жасалып, соңғы ғасырларда олардың кейбіреулерінің суырылып алға шығуының, енді біреулерінің ілгерілеушілік қарқынына ілесе алмай, артта қалып қоюының сырларын ашу.

Тәрбиелік: Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: кіріспе.

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау, әңгімелеу

Көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Адам және қоғам туралы төменгі сынып материалдарын қайталау

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

      1. «Адам.Қоғам.Құқық» оқулығының авторлары К.Жүкешев, Ғ.Сапарғалиев, Г.Асанбеков 2013 жылы «Мектеп» баспасынан шыққан.

      2. Оқулық ІІІ тараудан, 32 тақырыптан тұрады.

  1. Әлемдегі адам

    • Адам мәселесі, өмірінің ерекшеліктері, мәдениетпен және табиғатпен байланысы, өзара қарым-қатынасы, ұжым түріндегі айрықшылығы туралы.

  2. Қоғам: оның қызмет етуінің негізгі салалары мен заңдылықтары

    • Қоғам жайлы жалпы түсінік, негізгі салалары: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани; мемлекет және оның қоғамдағы рөлі, азаматтық қоғам, діннің қоғамда алатын орны.

  3. Адамның өміріндегі құқық

    • Құқық ұғымы, құқықбұзушылық пен жауапкершілік, конституция, мемлекеттік биліктің конституциялық органдары, құқық салалары: азаматтық, әкімшілік, қылмыстық.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. «Қоғам» дегенде ойымызға не оралады?

  2. Адамның қоғамда алатын орны қандай?

  3. Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз?

  4. Құқық адамдарға не үшін қажет?

V. Үй тапсырмасын беру: кіріспе

VI. Бағалау.

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9А

Сабақ: 2

Күні:



Тақырыбы: Адам мәселесі

Сабақтың мақсаты: Адам үғымы, табиғи жаратылсы, тірі жандардан ерекшелігі жайлы мағлұмат беру, түсінік қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Оқушыларға Адамның проблемасы, адамның сипаты туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгеру; біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау.

Сабақты ұйымдастыру әдісі: сыныптық

Көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Адам мәселесі

  2. Адам ұғымы

  3. Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар

Аданың даму сатысы

Өмір сүрген уақыты

Табылған жері

Епті адам

1 млн 750 мың жыл бұрын

Африка Кения жеріндегі Олдувайда

Питекантроп адам

1 млн жыл бұрын

Ява аралы

Синантроп адам

500-200 мың жыл бұрын

Қытайда

Неандерталь адам

100-35 мың жыл бұрын

Германияда

Саналы адам

40-35 мың жыл бұрын

Европада

Адам мәселесі. Ғалымдардың жорамалдауынша, бұдан 40 мың жыл бұрын Жер бетінде алғашқы адамзат өкілі Homo sapiens ("Саналы адам") пайда болған. Сол дәуірден қазірге дейінгі аралықта адамның Адам туралы, оның тегі, қызметі, өмірінің мәні, келешегі туралы ойланбаған кезі болмаған шығар. Кез келген саналы, зиялы қауым өкілінің де адам, қоғам және қоршаған орта туралы ой сараламайтыны кемде-кем. Сонау ежелгі дәуірден бергі ғүламалардың арасында да адам мен қоғам хақында азды-көпті өз тұжырымын айтпай кеткені жоқ деуге болады.

Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология, психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері — қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.



Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.

"Адам" үғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен — жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен жөне саналылығымен ерекшеленеді.

АдамЖерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған тірі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.

Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар. Адам ғасырлар бойы адамзаттың жинақтаган ілімінің бәрін өз бойына дарыта алады. Бұл дарыту мәдени дәстүрлермен қауышу және биологиялық тегіне тарту тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Бала генетикалық ақпарат қорларын ми құрылымы, жүйке жүйесі және ата тегінен берілген қасиеттер арқылы иеленеді.

Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары — көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.



Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол — әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш — қоғам ғана.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Адамның және жануарлардың бойындағы биологиялық нышандарды салыстырыңдар.

  2. Адамның бойындағы әлеуметтік нышандарға сипаттама беріңдер.

V. Үй тапсырмасын беру: § 1. Адам

VI. Бағалау.



Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 10

Сабақ: 1

Күні:


Тақырыбы: Дүниетаным

Сабақтың мақсаты:Дүниетаным ұғымына анықтама беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Оқушыларға дүниетанымның мәнін, маңызын аша отырып, түсіндіру.

Дамытушылық: Дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымның ерекшелігін көрсету.

Тәрбиелік: Дүниетанымдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сыныптық.

Сабақты ұйымдастыру әдісі: баяндау, әңгімелеу

Көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2)Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Адам, қоғам, құқық туралы 9 сынып материалдарын қайталау

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

      1. Дүниетаным ұғымы

      2. Дүниетаным мәні, маңызы, қалыптастыру




        1. Дүниетаным - жеке адамның, әлеуметтік топтың, таптың немесе тұтас қоғам қызметінің бағытын және шындыққа деген қатынасын айқындайтын принциптердің, көзқарастардың мақсат-мұраттар мен сенімдердің жүйесі. Дүниетаным қалыптасуына саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар көп әсер етеді. Дүниетаным - адамдар мен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық ережелерге жеке тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем. Ол - адамның дүниені ақиқатпен теориялық және тәжірибелік жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-тәжірибелік әдіс. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемінің үлгісі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан.



        1. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.

  • Дүниетанымның ақпаратты-бейнелі кызметтері қоршаған ортадағы оқиғалар мен құбылыстарды қабылдау тәсіліне және оның адам санасында бейнеленуіне байланысты. Дүниетаным призма рөлін атқарады, яғни барлық сыртқы әсерлер сыну арқылы өтеді.

  • Дүниетанымның бағдарлы-реттеуші қызметі адамның тәртібі мен іс-әрекеті арқылы онын санасымен, көзқарасын және сенімін анықтауға байланысты болып келеді. Егер адамда сол және одан басқа да дүниетаным қалыптасса, онда ол адамда тұрақты көзқарас пен сенім жинақталады, яғни ол олардын іс-әрекеттері мен қылықтарын анықтайды.

  • Дүниетанымның бағалау кызметі адамды қоршаған орта құбылыстарын, оның өз көзқарастары мен сенімдерін бағалаудан шығады немесе басқаша айтқанда өз дүниетанымы болады.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Дүниетаным ұғымын қалай түсінесің?

  2. Адамның дүниеге көзқарасын қалай қалыптастыра аламыз?

  3. «Дүниені тану үшін бірінші өзіңнен баста» дегенді қалай түсінесің?

V. Үй тапсырмасын беру:эссе «Мен - адам»

VI. Бағалау.


Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 10

Сабақ: 2

Күні:


Тақырыбы: Дүниетанымның тарихи үлгілері

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дүниетанымның тарихи үлгілерімен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік:Адам өмірінде маңызды орын алатын дүниетанымның типтері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Дүниетанымдықбілімдерін, ойлау қабілеттерін, белсенділігін дамыту.

Тәрбиелік: Негізгі мәселелерге талдау жасай отырып, шығармашылыққа, танымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық.

Сабақты ұйымдастыру әдісі:дәріс

Көрнекілігі: схемалар
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2)Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

      1. Дүниетаным ұғымы

      2. Дүниетаным мәні, маңызы, қалыптастыру

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

  1. Мифология

  2. Дін

  3. Философия


Д
үниетанымның тарихи типтерi:
мифология, дiн және философия.

        1. Мифология –адамзаттың рухани мәдениетiнiң ең көне формасы. Мифтiң негiзгi қызметi- дүние қайдан пайда болғанын түсiндiру,этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттың құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi). Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар.Мифтердiң дiннен айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақыл –ойғада,парасаттылыққа да сүйену.

        2. Дiн-рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер - индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi.

        3. Философия(б.д.д.6-5ғғ) Үндiстанда,Қытайда,Мысырда,Грек елiнде пайда болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор,ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шығады: философия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Мына сөздерді сәйкесінше кестеге толтырып жаз:


Буддизм, ғылым, ислам, «даналыққа құштарлық», амон-ра, кентавр, тотемизм, Арес, метафизика, Геракл, Пифагор, анимизм, математика, индуизм, Аристотель, Марс, Зевс, христиан, Ромул мен Рем, фетишизм.


Мифология

Дін

Философия












V. Үй тапсырмасын беру:Дүниетанымның тарихи үлгілері

VI. Бағалау.
11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 1. Философия ұғымы

Сабақтың мақсаты: Философия сөзіне анықтама беру.

Сабақтың міндеттері:



  • «Әлем эволюциясы» ұғымына қысқаша түсінік бере отырып, философиялық танымның ерекшелігіне, негізгі мәселелеріне, материализм мен идеализмнің айырмашылықтарын анықтау.

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, белсенділігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.

  • Оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: пікір алмасу

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: /Адам мәселесі/

  • Адамның жануарлардан мәнді айырмашылығы неде?

  • Қазіргі кезеңдегі экологиялық дағдарыстың себебі адамның табиғатқа қатысты менмендік көзқараспен өктемдік жүргізуде тырысуынан болып жатыр деген пікірлерді жиі естуге болады. Бұған қалай қарайсыңдар?

  • Адам өмірінің мән-мағынасы туралы не ойлайсыңдар?

  • Адам мәселесіне қатысты түрлі көзқарастарға қысқаша сипаттама беріңдер

  • Адамның шығу тегіне қатысты материалистік және идеалистік көзқарастардың қайсысын жақтайтындарыңды айтыңдар.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Табиғат», «Әлем», «Дүние» ұғымдары

  2. Дүниеніңғылыми және философиялық суреттемесі

  3. Философияның негізгі суреттемесі. Материализм және иеализм. Монизм және дуализм.

  4. Философия пәні және оның салалары

Сабақты бекіту:

  • «Әлем эволюциясы» ұғымына қысқаша сипаттама беріңдер

  • Философиялық танымның ерекшелігі неде?

  • Философияның негізгі мәселесін атаңдар

  • «Материализм» және «идеализм» ұғымдырын салыстыра отырып, олардың қарама-қарсы мазмұндарын анықтаңдар

  • Төмендегі кестені толтырыңдар

Философияның негізгі салалары

Зерделейтін пәндері





Бағалау:


Үйге тапсырма: конспектіні оқу. Кестені толтыру.

11-сынып. Адам. Қоғам. Құқық

Сабақтың тақырыбы: 2. Философия ой-сапа мектебі

Сабақтың мақсаты: философия мектептеріне өз үлестерін қосқан ғұламалар жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:



  • Философиядағы «материя», қозғалыстың философиялық мәніқозғалыс және оның мәні, шексіз және мәңгілік дүние ұғымдары туралы түсінік беру.

  • Оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін шыңдау.

  • Қоғамдық көзқарасы дұрыс қалыптасқан, көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сыныптық

Әдісі: әңгіме

Көрнекілік: кітап, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. «Табиғат», «Әлем», «Дүние» ұғымдары

  2. Дүниеніңғылыми және философиялық суреттемесі

  3. Философияның негізгі суреттемесі. Материализм және иеализм. Монизм және дуализм.

  4. Философия пәні және оның салалары

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Философиядағы «материя» ұғымы

    • Левкипп

    • Демокрит

    • Ленин

  1. Қозғалыстың философиялық мәніҚозғалыс және оның түрлері

  2. Шексіз және мәңгілік дүние

  • Кеңістік-материяның объектівтік, яғни адам сана-сезіміне тәуелсіз өмір сүру формасы

Кеңістіктің екі тұғырнамасы мен оның сипаттамалары



Тұғырнама

Сипаттамалар







Сабақты бекіту:

  • «Қозғалыс» ұғымының философиялық мәні неде?

  • Қозғалыстың түрлерін атай отырып, оны белгілі ұстанымдар бойынша топқа бөліңдер

  • А.Эйнштейннің салыстырмалық теориясының қағидаларына қалай қарайсыңдар, олар сендердің көкейлеріңе қона ма?

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма: конспектіні оқу


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет