Сабақ №11 Күні: Сабақ тақырыбы: Файлдар, бумалар және жарлықтар. Сілтеме



жүктеу 69.42 Kb.
Дата17.04.2019
өлшемі69.42 Kb.
түріСабақ

Сабақ жоспары № 11 сабак

Сыныбы: 5 сынып

Сабақ № 11

Күні:

Сабақ тақырыбы:

Файлдар , бумалар және жарлықтар.

Сілтеме:

Жоспар бойынша

Жалпы мақсаттар:

Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен және файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет ұғымдарымен таныстыру;

Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.


Оқыту нәтижелері:

Зерттеу арқылы оқушылардың арасындағы қарым-қатынасын жақсарту, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.

Компьютерлік құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен таныстырып, жұмыс істеткізу.

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас мәдениетін дамытуының басымдықтарын айқындау.


Түйінді идеялар:

Дамыту жөніндегі жұмыс оқушының білімін ғана емес, АКТ-ны пайдлану біліктілігін дамытуына, жаңа идеялар мен көзқарастардың қалыптасуына бағыт бағдар беру.

Сабақтың типі:

Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі

Ұжымдық, топтық оқыту. 7 модуль технологиясын пайдаланып, сабақ барысында 7 модуль элементтерін қолдану.

Көрнекілігі:

компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, электронды оқулық

Орындалатын іс-әрекеттер:

Мұғалімнің орындалатын іс-әрекеттері

Оқушының орындалатын іс-әрекеттері

1.Ұйымдастыру. 3 (мин)

1.Сыныптағы тәртіп, оқушылардың топтасуы.

2. Үй тапсырмасын тексеру:

А) Оқушылардың өткен тақырыпты меңгергенін тексеру.



Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • «Менің компьютерім» қапшығының терезесі арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз?

  • Бағыттауыш бағдарламасы арқылы бағдарламаларды қалай іске қосамыз

  • «Пуск» батырмасын пайдаланып бағдарламаларды қалай іске қосамыз

  • Осы үш әрекет арқылы құжаттарды қалай ашуға болады?

  • Осы үш әрекеттің ерекшеліктері қандай?

3. Білімді жан-жақты тексеру:

А) Оқушылардың білім деңгейін анықтау:



3. Білімдерін жан-жақты тексеру:

Оқушылардың білімдерін суреттер топтамасының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін талдау арқылы дүниетанымын анықтап, толықтыру. (суреттер: терезелердің түрлері, папкалық терезелер, программалық терезелер)



4. Жаңа материалды меңгеруге дайындық кезеңі:

А) Оқушыларға жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру.



4. Жаңа материалды меңгеруге дайындық кезеңінде:

А) Оқушыларға жаңа сабақтың мақсатын түсіндіру:

Оқушыларды бағдарламаларды іске қосу және құжаттарды ашу тәсілдерімен және файлдар, қапшықтар, таңбашалар, себет ұғымдарымен таныстыру;


5. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

А) Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру



5. Оқушыларға жаңа сабақты түсіндіру:

ФАЙЛДАР МЕН ҚАПШЫҚТАР

Файл дегеніміз не? Файл — аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows-та бағдарламалардың басқа атауы — қолданба да қолданылады.

Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-255 символға дейін болады.

Файл типтерінің кейбір негізгі "құжат ретінде" белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген:

*.bmp Paint графикалық қолданбасының суреті

*.doc Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары

*.txt Блокнот қолданбасының құжаты

*.wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы.

*.avi Бейне-клип

*.xls Excel кестелік процессорының құжаты

*.ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері



Қапшықтар - бұл кандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыптық белгісі бойынша: бір ғана ойынға немесе редакторға жататын файлдар. Басқа сөзбен айтқаңда, қапшық - бұл аты аталған файлдар тобы. Windows'98-дің қапшықтары каталог рөлін атқарады. Тұрмыстық денгейде қапшықты кәдімгі ішіне қағаз беттерін — файлдарды салатын қапшықпен салыстыруға болады. Windows'98-дегі барлық файлдар, құжаттар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Қапшықтың аты, файлдың аты сияқты оның мазмұнын көрсете алады.

Қапшықтың пиктограммасы болуы мүмкін. Қапшықтарда таңбашалар, файлдар және басқа қапшықтар да болуы мүмкін. Қапшық бос болуы да мүмкін. Қапшықта аты бірдей объектілер болмауы керек. Қапшықтың ішіндегісін қарап шығу үшін, маустың батырмасын онда екі рет басу жеткіпікті.

Қапшықтар екі түрде болады:


  • кәдімгі қапшық-каталогтар;

  • арнайы қапшыктар (Менін компьютерім, принтерлер және т.б.).
    Қапшықтарды құру және оның кұрылымы:

Қапшық элементтері:тақырып, меню, терезені басқару батырмалары, айналдыру жолағы, құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы. Қажет элементтер жиынын мына жолмен тандауға болады: Түр - Құрал-саймандар тақтасы және Түр => Қалып-күй жолы.

Терезеде жана қапшық құру.

Қапшықты Файл => Создать => Папка командасымен құрады. Мұны орындағаннан кейін осы терезенің қапшықтары мен файлдарының тізімінің соңында жаңа қапшық белгішесі пайда болады. Қапшықтың атын оны құрғаннан кейін бірден енгізуге болады. Файлға ат берілмеген жағдайда оған автоматгы түрде "Жаңа файл" аты меншіктеледі.



Жұмыс үстелінде жаңа қапшық құру

Жұмыс үстелінің жаңа қапшықты орналастырмақшы болған жерінде маустың оң жақ батырмасын басу — контексті меню пайда болады.

Создать => Папка командасын орындау. Жұмыс үстелінде қапшық белгішесі пайда болады.

Қапшықтың атын енгізіп, енгізу пернесін басу



Таңбаша — бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объекгіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windows'98-дегі қандай да бір объектіге: файлға, қапшыққа, дискіге, компьютерге, принтерге т. б. сәйкес келеді.

Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.Тадбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшыктың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады.)



Ағымдағы терезеде таңбаша құру.

Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл => Создать => Ярлык, Файл => Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать - Ярлык командасының көмегімен жасауға болады. Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға, орналастыруға болады.



6. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру: а) Оқушыларға жаңа сабақ бойынша тапсырмалар орындату

6. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру мақсатында тапсырмалар орындату:

Тапсырмалар:

Жұмыс үстелінде таңбаша құру.

  1. Жүмыс үстелінің бос жеріне меңзерді орналастырып, маустың оң жақ батырмасын басса, контексті меню пайда болады.

  2. Создать => Ярлык опциясын тандағанда, "Создание ярлыка"("Таңбашаны құру") диалог терезесі пайда болады.

  3. "Шолу" (Обзор) батырмасын басу, "Шолу" диалог терезесін ашады. Файлдар мен қапшықтар арасынан объект табу.

  4. "Ашу" батырмасын басу арқылы "Таңбаша жасау терезесі" ашылады. Онда, файлға жол толық көрсетілген.

  5. "Далее" ("Одан әрі") батырмасын басу - "Таңбашаның атын таңдау" (Выбор названия ярлыка) диалог терезесін ашады. Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.

  6. "Дайын" (Готово) батырмасын басу - Жұмыс үстелінде жаңа таңбаша пайда болады.

Тапсырмалар:

1. Жұмыс үстелінде өз есіміңізбен аталатын қапшық құрыңыз. Сол қапшықтың ішінде

текстік құжат құрып, оның ішіне өзің туралы мәлімет жаз. Қапшықтың атын өзгертіңіз.



2. Жұмыс үстелінде бірнеше таңбашалар құрыңдар және оларды ашып көрсетіңдер

3. Жұмыс дәптеріндегі 3.4.1, 2, 3, 4 тапсырмаларды орындау

7. Жаңа сабақты бекіту:

А) Оқушыларға жаңа сабақ бойынша сұрақтар арқылы бекіту



Сабақты бекіту сұрақтары:

      • Бағдарламаларды іске қосу және қапшықтарды ашудың неше жолы бар?

      • Файл дегеніміз не? Толық сипаттама бер.

      • Қапшық дегеніміз не? Қапшық құру жолдары қандай?

  • Таңбаша дегеніміз не? Таңбаша құру жолдары қандай

8. Үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау, бағалау.

8. Сабақты қорытындылау:

а) 17 - тақырыпты оқу, практикалық тапсырмаларды талқылау.



ә) Оқушылардың тапсырмаларды орындағанын қорытындылап, оқушыларды бағалау.



Каталог: uploads -> doc -> 072d
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
072d -> Дисциплина: Психология детей с нарушением интеллекта (олигофренопсихология) Модуль I. «Психолого-педагогическая характеристика детей с нарушением интеллекта» Практическое задание 1 слушатель Кибирева И. А


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет