Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің әкесі Марат Елеусінов Meta-ratings.kz берген сұхбатында ұлының бокстан Қазақстан құрамасына оралатынын мәлім етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sports.kz

"Данияр ұлттық құрамаға оралу туралы шешімді өзі қабылдайды. Ол әлі ешқандай келісім берген жоқ. Кім лицензия алса, сол Олимпиадаға барады. Қазіргі таңда бұл мәселені журналистер арасында қызу талқыланып жатыр", – деді боксшының әкесі.

  • "Көк тиынына дейін қайтарып бердім": Боксшы Данияр Елеусінов жалақысына қатысты дауға нүкте қойды

  • "Ақшасы Палестинаға қайырымдылыққа жіберіледі": Боксшы Данияр Елеусінов жеңіс әкелген қолғабын аукционға қойды

Еске сала кетейік, жақында бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Данияр Елеусіновтың ұлттық құрамаға оралуына қарсы емес екенін айтқан еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.