Сабақ Қадыр Мырза Әли Кәрі қыран Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



жүктеу 70.8 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі70.8 Kb.
түріСабақ

Бөкей Ордасы ауданы Мұратсай ауылы

А.Құсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы

Ашық сабақ

Қадыр Мырза Әли


Кәрі қыран


Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Н.С.Амиргалиева


Сыныбы




Күні




Пәні

Әдебиет

Сағаты

1

Тақырыбы

Қадыр Мырза Әли «Кәрі қыран»

Мақсаты:

білімділік- Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылық қызметіне шолу,өлеңнің көркемдік мазмұнын ашу, бүркіттің өзіндік қасиетін таныту ,рәміз туралы ұғымдарын кеңейту;

дамытушылық-оқушылардың еркін, тиянақты, білімді сөйлеуін, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, мәтінмен жұмыс жүргізу, тақырыбы бір-бірімен үндес шығармалардың оқиғаларын салыстыра пайымдау алуға дағдыландыру;

тәрбиелік-оқушылардың рухани дүниесін байыту, елжандылыққа, қыран құстың бойындағы тектілік қасиеттерден үлгі алуға тәрбиелеу;

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

дәріс сабақ, жаңа білімді меңгерту

Көрнекілігі

Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған слайдтар

Әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап, ой қозғау ,сөздік, салыстыру, талдау, пікірлесу, сындық ойлау;

Күтілетін нәтиже

Жаңа сабақты меңгереді, өз беттерінше жұмыстана біледі, ой қорытады, пікір айта біледі;

Сабақтың барысы




Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.


Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту.

1. Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Бүгін біз балалық шағы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, жоқшылықпен тұспа-тұс келген Қадыр Ғинаятұлының өмірімен, шығапмашылығымен, «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз.

Қадыр Ғинаятұлы - ақын, жазушы. Ол 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданындағы Жымпиты аулында дүниеге келген. Елуден аса кітаптың авторы. 200-дей өлеңіне ән жазылған. «Қыз Жібек» фильміне арнап жазылған «Ақ Жайық», туған жерге, ата қонысқа деген сүйіспеншілікті білдіретін «Атамекен», асыл әжелерімізге арналған «Әже туралы ән» т.б.

Қадыр Ғинаятұлы- В.Гюго, Г.Гейне, М.Лермонтов, С.Есенин, Р.Ғамзатов, А.Ахматова, О.Сүлейменов өлеңдерін, жыр жинақтарын қазақ тіліне аударған аудармашы. Қадыр Мырза Әли Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың, Махамбет атындағы сыйлықтың, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері.Талантты ақын 2011 жылы қаңтардың 22-сінде көз жұмды.

Қадыр Мырза Әлидің ойнақы жаңылтпаштары мен жұмбақтары, мысалдары мен санамақтарыү ертегілері мен балладалары қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосып келеді.




2. ББҮ стратегиясы

Қыран туралы білімдерін байқау.





Бұрыннан білемін

Білгім келеді

Үйрендім























3. Қыран туралы мәлімет.
Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті,түс өзгешелігі жағынан төрт-төрттен 16-ға бөлінеді екен.
овал 5

прямая со стрелкой 10прямая со стрелкой 13


прямая со стрелкой 11прямая со стрелкой 12

Бүркіт тобы

Қаршыға тобы

Ителгі тобы

Лашын тобы


прямая соединительная линия 14прямая соединительная линия 15прямая соединительная линия 16прямая соединительная линия 17

скругленный прямоугольник 1скругленный прямоугольник 2скругленный прямоугольник 3скругленный прямоугольник 4

ІІ. Мағынаны тану.

  1. Электрондық оқулықтан «Кәрі қыран» өлеңін тыңдау.

Өлеңнің тақырыбы: Қыран бейнесі арқылы астарлы ойды көрсету

Идеясы: Ұрпағына жақсы із қалдыру
2. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу, мәтінді талдау, идеясын ашу.

1. Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?

2. Қарт қыран қандай халге душар болды?

3. Неге намыстанды?

4. «Найзағайдай жарқылдап ғүмыры өтті» деген жолдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Одан қыранның өткен ғұмыры қандай болғаны байқалады?

5. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?

6. «Қәрі қыран» өлеңін баллада жанрына жатқызуға болатын белгілерін анықтап, мысалдармен дәлелдеңдер.

7. «Қыранша өмір сүргенің-қандай бақыт! Қандай бақыт қыранша өле білген!» деген жолдардағы тұспалды ойды анықтаңдар. Ақынның ойын әңгімелеңдер.



3.Сөздік жұмысы.
Зәбірі артты- азап көрді, жапа шекті.

Албасты басқыр (қарғыс)-біреуге ренжігенде, кейігенде жамандық келсін деген мағынада айтылады.

Тәрк ету- дүниеден безу.
4.Символ туралы түсінік беру.

Мысалы, гүл-жастықтың, ақ көгершін -бейбітшіліктің, аққу -адалдық,махаббаттың, ал қыран еркіндіктің, ерліктің рәмізі. Оның дәлелі туымыздағы қыранның бейнесі. Бұл біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуын айқындайды.


5. Өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу.

Теңеулер: қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай, т.б.

Эпитеттер: ақ кебінді, ақ алмас шеңгелі, қырағы көз, қырдың қызыл түлкісі, құрыш тырнақ,т.б.

Кейіптеу: күрсінді тау ақ қарлы.

Психологиялық параллелизм: көк аспанын мұң қаптаған кезде.

Синоним: шау- кәрі, найзағай -жасын, ғұмыр- тірлік-өмір.

Антонимдер: қарттық-жастық, кәрі-жас, өмір-өлім.

Фразеологизм: тәрк етіп, зәбірі артты.

Аллитерация:

Қанатынан қаңтардың қары бүркіп,

Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп,

Қырағы көз бүгінде қарауытып,

Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
6. Өлеңді композициялық құрылымына талдау.

Кіріспе, шығарманың экспозициясы: Қияда қалғып отырған кәрі бүркіт.

Байланыс: Кәрі қыранның халі.

Дамуы: Шау бүркіттің ойы.

Шарықтау шегі: Көк тасқа қойып кеткен кәрі бүркіт.

Шешімі: «Қандай бақыт қыранша өмір сүрген!»
7. Ой толғау стратегиясы

Тірек сөздерді қатыстырып, «Өлеңнен кейінгі ой» тақырыбында мәтін құрау.



Тірек сөздер: Туған өлке, таулы, Қазақстан Республикасы, халық, ыстық, кең, Отан, болашақ, ақын, ұланымын, қыранмын, елімнің.
ІІІ. Ой толғаныс
1. Қырандар туралы жазылған қандай шығармаларды білесіңдер?

А) Мұхтар Шаханов «Отырар» өлеңінде алты ай бойы Отырарды құтқарам деп арпалысқан Қайыр атты ханды қыранға теңейді.

Ә) Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романының үзіндісінен Саятшы Ораздың құс алу тәсілдерін оқып білдік.

Б) Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінде тастан қашқан түз тағысын сегіз найзалы қыранның құтқармауы сөз болады.


Тапсырма. Осы шығармалардың «Кәрі қыран» өлеңімен ұқсастығы, айырмашылығы бар ма екен дәлелдеңдер. Қыранға тән басты ерекшелік, негізгі қасиетті көрсетіңдер.

2. Еркін жазу стратегиясы

Қыранша өмір сүргенің –

Қандай бақыт!

Қандай бақыт –

Қыранша өле білгенің!

Өлең жолдары бойынша өз ойы мен пікірін жазу.


3. Сабақты бекіту.

Сабақты «Не білдік? не үйрендік? » деген сауалдармен бекіту.


4. Бағалау. 5 жолды өлең

1. 1 Зат есім

2. 2 сын есім

3. 3 етістік

4. 4 сөзден тұратын сөйлем

5. Синоним
5. Үйге тапсырма.

1. «Кәрі қыран» өлеңін мәнерлеп оқу, ұнаған шумақтарын жаттау.



2. «Қырандай қалықтау - арманым» тақырыбына шығарма жазу.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет