Scat әуе компнаиясының ұшағы “Алматы-Ақтөбе” бағытында ұшып бара жатқанда, борттағы жолаушының жағдайы нашарлап, есінен танып қалды. Сол сәтте ұшақтағы бірнеше медицина қызметкерлері қызға алғашқы көмек көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Ұшақта болған жағдайды акушер-гинеколог дәрігер Әлия Шангараева өзінің Instagram парақшасында жазды. Оқыс жағдай ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң болған.

“Медицина қызметкерлерінің көмегі керегін естідім, ойланбастан орнымнан тұрдым. Соңғы қатарда отырған қыз есінен танып қалыпты. Қан қысымы 80-нен 50-ге дейін түсіп кеткен. Тамыр соғысы әлсін-әлсін сезілді. Ұшақта көмек көрсету өте қиын. Біз ине арқылы дәрі егіп, оттегі пакетін бердік. Қыз есін жиды, оның ұстамасы бар екен. Сөйтсем осыдан үш жыл бұрын науқаста ишемиялық инсульт болған екен”, – дейді дәрігер.

Ұшақ капитаны қажет болған жағдайда ұшақты жедел түрде қондыра алатынын айтқан. Бірақ оның қажеті болмады.

“Ұшақ капитаны Таразға шұғыл қонуды ұсынды. Ал бортта 200 адам отыр. Шешім қабылдау қиынға соқты. Құдайға шүкір, бізбен бірге анестезиология және реанимация бөлімінің меңгерушісі Жансая Сарқұлова болды. Біз бір ауыздан Ақтөбеге дейін жетеміз деп шештік. Жолсеріктер жарады, барлығын тез арада ұйымдастырып, қызға шай мен шоколад берді. Біз діттеген жерімізге дейін жеттік, қыздың жағдайы жақсы. Кетер сәтте ол мені құшақтап, алғысын айтты”, – дейді Әлия Шангараева.

Дәрігердің айтуынша, оның тәжірибесінде мұндай жағдай бірінші рет емес. 

“Мұндай жағдай менің басымнан кем дегенде бес рет өтті. Әр әуе компанияларында алғашқы көмек жинақтары әртүрлі және олардың дайындық деңгейлері бір-біріне ұқсамайды. Жолсеріктердің мүлдем абдырап қалған кездері де болды. Сондықтан мен Skat әуе компаниясының 711 рейсіне алғыс айтқым келеді. Олар сондай тиянақты, тез әрі бірлесе жұмыс істеді”, – деді дәрігер. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от врач акушер-гинеколог Актобе/врач УЗИ (@aliya_shang)

 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.