Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру. Сабаққа психологиялық дайындық. «Наурыз көктем» Бота Бейсенованың әнін тыңдатамын



жүктеу 56.5 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі56.5 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Наурыздағы тілек

Сабақтың мақсаты: Бата туралы түсініктерін қалыптастыру,ата-анаға,ұстаз, достарға тілек айтып үйрету. Салт-дәстүрлерді құрметтеуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:Наурыз туралы түсініктері қалыптасады, ұлттық тағамдар туралы білімдері молаяды, тілек айтып үйренеді, бірлесіп жұмыс жасайды.

Қолданатын әдіс-тәсілдер: Диалогтік әңгіме,«Қалай оқу керектігін үйрену» топтық жұмыс, жұптық жұмыс,жеке жұмыс, бағалау, рефлексия

Сабақ барысы:



І.Ұйымдастыру. Сабаққа психологиялық дайындық. «Наурыз көктем» Бота Бейсенованың әнін тыңдатамын.

Топқа суреттер арқылы бөлу, топ ережесімен таныстыру (Бата, тілек, алғыс) Бағалау парақшасын таратамын.



Қызығушылықты ояту

« Семантикалық карта» стратегиясы






бесбармақ

Жаңа күн

наурыз

Ұзақ,сары күн

Наурыз сөзінің мағынасы













Ұлыстың ұлы күні













Ұзынсары













Ұлттық тағам













ІІ. Мағынаны тану.

-Наурыз туралы не білесің?

Сөзжұмбақ шешу.












 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 






















 

 

 













 

 

 

 













 

 

 

 



















 

 

 























































 

 

 

 

 










 

 

 

 













 

 

 

 

 



















 

 










-Белгіленген торкөзден қандай сөз шықты? (Наурызкөже)

- Ол туралы не білеміз? Пікірлерін тыңдау, түсінік беру



Ұлыстың ұлы күні ел дастархан жайып, бірін - бірі құшақтап, құттықтайды.
Дастарханға қазақтың дәстүрлі тағамдары қойылады.
«Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады» деген сенім бар. Дастархан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.

Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Наурыздағы тілек»

Оқушылар бір – біріне жылы тілек тілейді.

Тақтаға күн жадын, сабақ тақырыбын жазамын.

Дәптермен жұмыс: Амансыз ба? Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс. Әуелі өзім оқимын. Оқушыларға оқытамын


  1. Іштей оқу

  2. Тізбектей оқу

  3. Бөліп оқу 3 бала

Түсіндіру, сөздердің мағынасын ашу.
Бие – құлынның енесі
Алатау, Қаратау – таулар

  • Балалар, батаны кімдер береді?

  • Балалар, үлкендер сіздерге қай уақытта бата - тілек айтады?

  • Қолға су құю. Кішінің үлкенге қызметі. Келін түсу т. б.

  • Сонымен, балалар, бата - жақсы тілек екен.

  • Ал сіздер өздеріңіз қандай бата естіп жүрсіздер? Айта қойыңдар.

  • Әр топтан 1 бала жатқа айтады.

  • Мына бата кімдерге арналған?

Бата түрлері
1. Өмірлерің мәнді болсын, 
Махабаттарың мәңгі болсын. 
Шаңырақтарың биік болсын,

Босағаларың берік болсын 

2.Еліңе елеулі бол, 
Халқыңа қалаулы бол 
Еліңе бағалы бол, 
Бала-шағалы бол. 

3.Сапарың оң болсын

Басыңа бақ қонсын, 
Сәтті жол болсын, 
Жолың ақ болсын. 

4.-Бата!»десең, қарт атаң, 
Айналсын сендей ботасын! 
Оқы, құлыным, ғалым бол, 
Атаң берді батасын! 

ІІІ. Ой толғаныс.

Топтық тапсырмалар:

1-топ. Ата-анаға тілек.

2-топ.Ұстазыңа тілек

3-топ. Достарыңа тілек.

Әр топ бір-бірін бағалайды.

Рефлексия.

« +», « - », «Қызықты» әдісі

Бағалау.


Үй жұмысы Тілек-өлеңді жаттау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет